Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені «Б» корпусының төменгі болып табылатын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

жүктеу 108.08 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі108.08 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені «Б» корпусының төменгі болып табылатын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені, 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, анықтама телефоны: (872833) 32037, электрондық мекенжайы: b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-6

74 954

101 604

  1. Заң басқармасының жетекші маманы, C-О-6 санаты, (1 бірлік)

Функционалдық міндеттер: Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын кеденнің құрылымдық бөлімдеріне түсіндіру; өзге мемлекеттік органдардың және ұйымдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуіне қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

Негізгі талаптар: Жоғары: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ортадан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Теміржол» кеден бекетінің жетекші маманы C-О-6 санаты (7 бірлік) тұрақты және уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.01.2017 жылға, 12.06.2017 жылға, 16.12.2016 жылға, 13.01.2018 жылға және 19.02.2019 жылға дейін С-О-6 санаты, (5 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген ҚР заңдарын және кеден заңдарын сақтау; өз құзыреті шегінде ҚР егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді,әкелінетін тауарларды тұтынушылардың құқықтарын сақтау; кедендік бақылаудың формаларын штаттық тәртіпте қолдану; тауарларды кедендік процедураларға орналастырылғаннан шығарғанға дейінгі шараларды қоса алғандағы кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік ресімдеу жазбаша және кедендік декларацияны қолданумен кедендік құжаттардың қағаз даналарының архивын жүргізу,сонымен қатар қолданбалы программалы қамсыздандыруды мәлімдер базасын жүргізу; кеден одағы шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қосқанда кеден ісі саласында кедендік бақылау жүргізу; жеке және кедендік уәкілетті бөлімдермен Кедендік бақылау аймақтар режим тәртібін сақталуды бақылау; кедендік бақылаудың формалар мен объектілерін анықтау мақсатында, тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылау жүргізу; кедендік тексерудің, кедендік қараудың нәтижесімен тексеру актісін толтыру.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ветеринария, немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Кедендік бақылау басқармасы Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің жетекші маманы, C-О-6 санаты, 1 (бірлік)

Функционалдық міндеттер: «ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану; тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеу; тауарларды әкетуді (экспорт, кері экспорт) көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау; СЭҚ-қа қатысушыларға іс жүзінде әкету туралы белгілері бар тауарларға арналған декларацияларды беру, салық органдарына тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпаратты жіберу; сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы, соның ішінде заңнамамен белгіленген тәртіпте Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақытылы ақпараттандыруды қамтамасыз ету.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Кедендік бақылау басқармасы Бөлінетін радиоактивті материалдарды бақылау және кедендік бақылаудың техникалық құралдары бөлімі бөлімінің жетекші маманы С-О-6 санаты, 2 (бірлік)

Функционалдық міндеттер: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоактивтік заттарды, радиациялық қауіпсіздік талабына сай көлік ұйымы және аймақтың басқа ұйымының алдын – ала жабдықталған арнайы орнында (темір жол тұйықтары мен алаңдары) уақытша сақталуын қамтамасыз етеді; ұсталған радиоактивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе жаратылыстану ғылымдары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Алакөл» кеден бекетінің жетекші маманы C-О-6 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген ҚР заңдарын және кеден заңдарын сақтау; өз құзыреті шегінде ҚР егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді,әкелінетін тауарларды тұтынушылардың құқықтарын сақтау; кедендік бақылаудың формаларын штаттық тәртіпте қолдану; тауарларды кедендік процедураларға орналастырылғаннан шығарғанға дейінгі шараларды қоса алғандағы кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік ресімдеу жазбаша және кедендік декларацияны қолданумен кедендік құжаттардың қағаз даналарының архивын жүргізу,сонымен қатар қолданбалы программалы қамсыздандыруды мәлімдер базасын жүргізу; кеден одағы шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қосқанда кеден ісі саласында кедендік бақылау жүргізу; жеке және кедендік уәкілетті бөлімдермен Кедендік бақылау аймақтар режим тәртібін сақталуды бақылау; кедендік бақылаудың формалар мен объектілерін анықтау мақсатында, тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылау жүргізу; кедендік тексерудің, кедендік қараудың нәтижесімен тексеру актісін толтыру.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ветеринария, немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
      Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі 10 бөлмеге немесе B.Bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайға тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны: (872833) 32037.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жеке қасиетін бағалайтын тестілеу бағдарламасы:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.  

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (10 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған Кеденінің қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Каталог: sites -> default -> files -> uchr -> vakansii
vakansii -> Департамент государственных доходов по Восточно Казахстанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, индекс 070000, г
vakansii -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені «Б» корпусының төменгі болып табылатын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет