NASA-ның Perseverance ровері Марс бетінен ежелгі көл шөгінділерін тапты. Ғарыш кемесі арнайы радар көмегімен Езеро кратеріндегі топырақты зерттеп, екі өлшемде 20 метр тереңдіктегі жер бетінің суретін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: trashbox.ru

Табылған тау жыныстарының қабаттары өзеннің арқасында кратерге түскен болуы мүмкін. Орбиталық суреттер мен басқа да деректер бұл нұсқаның орынды екенін растайды.

  • Марста топырақ астынан үлкен мұз табылды
  • Марс секілді нысан мен Жердің соқтығысуынан пайда болған: Ғалымдар Айдың нақты жасын айтты

Болжам бойынша, кен орындары шамамен 3 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар Марстың кейбір аймағы микробтар тіршілік ететін сумен жабылған болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан ровер жинаған үлгілерді алғаннан кейін ғалымдар қосымша зерттеулер жүргізеді.

2023 жылдың көктемінде америкалық SpaceX компаниясының иесі Илон Маск үш-төрт жылдан кейін Марсқа өте ауыр ғарыш кемесі ұшатынын хабарлады. 

Айта кетейік, бұған дейін аты аңызға айналған Ingenuity тікұшағы Марстағы соңғы рейсін жасағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.