Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі «мектепке дейінгі балалақ шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың Ғимараттары



жүктеу 196.04 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі196.04 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҒИМАРАТТАРЫ

ЖӘНЕ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР

_________________________________
Әдістемелік нұсқаулық


АСТАНА

2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленді

Пікір жазғандар:

А.И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Дүйсенбенова С. Д., Астана қ. №32 «Балдәурен» балабақшасының әдіскері
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары және телімдерін безендіруге қойылатын талаптар: әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. – 12 б.
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны – мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары мен жер телімдерін безендіру бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды әдістемелік материалмен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл құралдың мақсаты түрлі ұйымдастырылған оқу әрекеттерін дайындау және өткізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына практикалық көмек көрсету болып табылады.

Құрал мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, тәрбиешілері мен педагогтарына арналған.


«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы 2013
ЖАЗБА ХАТ
Біздің елімізде әрбір балаға ерте жастан бастап білім алуға қоғам кепілдік береді, және оның бір ажырамас бөлігі балалардың балалар бақшаларына баруы болып табылады.

2012 жылғы 14 желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында былай деген болатын: Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек. Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын.

Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамытудағы басты басымдықтардың бірі – 3-6 жастағы балаларды ұйымдастырылған тәрбилеу мен оқытумен қамту үшін жағдайлар жасау, балаларды оқу әрекетіне сапалы дайындау болып табылады.

Осы жерден мектепке дейінгі жастағы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету, сонымен бірге мектепте оқуға және ата-аналардың өскелең сұранымын іске асыру қажеттігі шығады.

Толық құнды тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру стандарт пен талаптар нормаларына жауап беретін ғимараттарда жүргізілуі керек. Бұл әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары мен телімдерін безендіру бойынша нақты талаптарға сәйкес бағытталған.



Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары мен жер телімдерін безендіруге қойылатын негізгі талаптарды ашатын әдістемелік құралды әзірлеу.

Міндеттері:

- балабақшаларда заманауи заттық - дамытушылық ортаны құру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың отандық және шетелдік озат тәжірибесін зерделеу және талдау;

- мектепке дейінгі ұйымдардың топтық ғимараттарын, кабинеттерін, жер телімдерін безендіруге талаптарды әзірлеу.



Күтілетін нәтиже:

- тиімді заттық - дамытушылық ортаны құру негізінде стандарт және бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті жоспарлау мен ұйымдастырудың сапасын көтеру.


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ

ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОРТАНЫҢ РӨЛІ
Педагогикада заттық-дамытушылық орта ұғымы барынша тар орта сипаттамасында, баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттаушы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол мынадай дара, белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Заттық-дамытушылық орта – баланың дене және рухани дамуы мазмұнын атқарымды тегістейтін, оның әрекетін материалдық заттық қамтитын жүйе. Заттық-дамытушылық ортаны құруда мынадай қағидалар:

  • Ашықтық;

  • Икемді аймақтандырушылық;

  • Тұрақтылық - динамикалық;

  • Көпатқарымдық ұсталады.

Заттық-дамытушылық ортаның оқу-тәрбие үдерісін байыту тәрбиелеудің мазмұнына, балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсатты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, балаға еркіндік береді, дүниені сезінуіне, көңіл-күйіне, денсаулыққа әсер етеді.

Заттық–дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұны, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның заттық – дамытушылық ортасына түрлі заттарды, әлеуметтік шынайы объектілерді қосуға болады. Мұндай орта балаларға өте қажет, өйткені бәрінен бұрын оларға ақпараттық қызмет атқарады – қоршаған ортадағы әрбір зат белгілі мәліметтерді береді, әлеуметтік тәжірибені берудің құралы болып табылады.

Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық – дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып педагогтар балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық–бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек. Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық – дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Сонымен бірге балалар белгілі оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымда болатын сол жағдайды және мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымда балалармен ойнау құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құрып, пайдалы ойындардың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру үшін оны әмбебап заттық–ойындық ортамен жабдықтап,ойын үшін қажетті барынша ыңғайлы күн тәртібіндегі уақыт емес, сонымен бірге ыңғайлы орын бөлу.

Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық–дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет. Өйткені ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тәрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.

Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушылық орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық–дамытушылық орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа әсерлер және білімдермен байытады, белсенді шығармашылық әрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дамуына мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі баланың  жекебасын және танымдық процесcтерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын, және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен әлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттық-дамытушылық орта  - бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани және физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны. Заттық-дамытушылық ортаның негізгі  элеметтері  - сәулетті-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; тәрбие мен оқытудың аудиовизуалдық және ақпараттық құралдары болып табылады. Заттық-дамытушылық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ, жер телімді заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.

Дамытушы заттық орта мынадай психологиялық - педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

·         баланың психикалық даму деңгейіне сәйкестігі;

·         жүйелілігі;

·         көп функциялылығы;

·         баланың шамасына сай болуы;

·         трансформациялануы;



·         мазмұны бойынша және функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАЛА-БАҚШАЛАРДЫҢ ІШКІ БӨЛМЕЛЕРІН БЕЗЕНДІРУДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Барлық бөлмелер таза болуы керек. Әр күн сайын барлық бөлмелер тазалыққа арналған сұйықтықпен жуылады және желдетіледі. Дәрігерлік бөлмелер, асхана, буфет және дәретхана залалсыздандыру құралдарын қолданумен күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Барлық бөлме (еден жуу мен жиһаз жылжыту, жарық арматураның, есіктердің, жиһазды арнайы жуу құралармен сүртеліді) ай сайын эпидемиологиялық көрсетулер бойынша жуып тазаланады.

Нысандарда қызмет етуші жұмысшылар (тәрбиешінің көмекшісі, техникалық жұмыскерлер) олар арнайы киіммен жабдықталған (арнайы киім), комплекте 3-киімнен кем емес, (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш) жеке шкафта тұратын ауыстыратын аяқ-киім.

Дәретханаға кірердің алдында халатты шешеді, шыққаннан кейін қолды сабындап жуады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда еден күніне екі рет жуылуы керек; жиһаз, радиаторлар, терезе алды, балалардың киім ілетін шкафтары әр күн сайын сүртіледі, аптасына бір рет жуады. Ән-күй бөлмелері, спорт залдары, гимнастикалық бөлмелерде тазалық жұмыстары әр сабақ сайын жүргізіледі. Қайта алған ойыншықтарда олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификат болуы тиіс.

Күн соңында қолданылған ойыншықтар 2% сабын ерітінілердің қолданылуымен, ағын сумен шайылып кептіріледі. Кір болған кезде қуыршақтың киімдерін жуып, үтіктейді. Ойыншықтар жуатын ыдысты, щетканы белгілеп қояды.

Жеңіл толтырылған ойыншықтарды күн соңында 25 см қашықтықта бактерия жойғыш сәулемен 30 минут залалсыздандырады.

Бөбек жастағы балалар үшін оқшауланған (изоляторда) жеңіл толтырылған және түкті ойыншықтарды қолдануға рұқсат етілмейді. Әр күн сайын жуу құралдарын қолданумен жүргізілетін тазалық жұмыстары:

1) бөлмелерді тазалау сабақ соңында топтар ауысқан кезде жасалынады;

2) дәлізді және бөлмелерді – әрбір ауысымнан, сабақ аяқталғаннан кейін;

3) ойын залы – күн соңында;

4) түскі ас бөлмесін – әр тамақ ішкеннен кейін;

5) гардеробты, ауыз үйді – топтардың әрбір ауысымынан сабақ аяқталғаннан кейін.

6) спорт залы – күніне екі рет, желдетіледі.

Ұйымның техникалық жұмыскерлері дымқыл тазалау (еден жуу) жұмыстарын жүргізеді.

Күнделікті залалсыздандыруда дәретхана, еден, есік тұтқалары, кран, қолжуғыш жуылады. Унитаз орындықтарын жылы сабын сумен жуады. Унитаздың ішкі жағын щеткамен тазалайды (квач), заласыздандыру құралдарды қолданып тазартады.

Кілемдерді шаңсорғышпен күн сайын тазартады, дымқыл щеткамен жуып тазалайды.

Жеке горшоктардың қоланылуын қызмет көрсететін қызметкерлер қадағалайды. Горшоктарды қолданғаннан кейін жуып, тазалап, заласыздандыру үшін арнайы ыдысқа салады, одан кейін шайып қояды. Таза горшоктар дәретханада арнайы жеке таңбаланған ұяшықтарда тұрады.

Жылына бір реттен кем емес объекттерде тексеріс өткізіледі және қажеттілік бойынша, инженерлік желілерді (алмастыруды) жөндеу, шатырды, жұмсақ және қатты жабдықты, жиһазды, жабдықты және санитарлық-техникалық құралдарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Объекттерде жұмыс жасау кезінде толық жөндеу жұмыстары және жөндеу жұмыстарының басқа түрлері рұқсат етілмейді, тек апат жағдайларында.


Балалардың тәрбие және білім алу объектілеріндегі жатын бөлмелерге қойылатын талаптар

Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымда жататын бөлмелерде 1 тәрбиеленушіге 2 м2 аудан болуы керек.



Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымдарда жататын бөлмелер жеке тұрақты төсектермен жабдықталып жатыр. Үш жасқа дейін балалар үшін төсектердің ұзындығы 120 см ені - 60см қоршаудан айнымалы биіктікпен –60 см; 3-7 жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені 60 см.

Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымдарда жататын бөлмелерде төсектер ұзын жағымен терезеге параллель етіп қойылады, тазалау жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болу үшін. Қатарлар арасы - 0,5м кем болмау керек, ал бас жағынан – 0,2 м.

Тұрғын бөлмелерде төсектердің орналасуы ұзын тараптар арасындағы қашықтық 0,65 м болуы керек, сырты іргеден 0,6м кем емес, жылу құбырларынан 0,2 м, екі төсектің бас жақтарының арақашықтығы 0,2 м, төсектер арасындағы орталық жолдың арасы -1,0 м.

Бір орынға төсек орын жабдықтары 3-тен кем болмауы керек. Мектепке дейінгі ұйымдардабарлық төсек орын жабдықтары (матрастар, жастықтар, одеал); жиналмалы төсек қолданған кезде (жайма, жастық тысы, көрпенің тысы).

Сол себепті ұсынылатын талаптар белгілі мектепталды ұйымдардың алаңдары мен аумақтарын рәсімдеуді қамтамасыз етеді:

Денсаулықты сақтау және нығайтуға жағдай жасау, толық қанды физикалық, зияткерлік, жеке бастық, тәрбиеленушілердің эмоционалды және әлеуметтік бар болмысымен дамытулары;

Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымдардың бөлімшенің рационалды түрде тиімді сәулеттендіруі;

Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымдардағы ұстаздардың белсенділігін және шығармашылық потенциалын дамыту;

Мектепке дейінгі қоғамдық ұйымдарда ата-ана қоғамдық жұмыстарын жетілдіру.




БАЛАБАҚШАНЫҢ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БЕЗЕНДІРУГЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ойын аймағы

Ойын аймағы өзімен қоса:

- топтық алаңдар – әр топта бөбек жасындағы 1 балаға жеке 7,2 кв.м кем емес есептеледі және мектепке дейінгі жастағы 1 балаға 9,0 кв. м кем болмайтын және топтық жекелеу қағидаларын қадағалау;

- дене шынықтыру алаңдары (бір немесе бірнеше);          


Топтық алаңдар

Топтық алаңдар әр топтар үшін бөбек жасындағы әр балаға жеке 7,2 кв. м – ден кем емес есептеледі және мектепке дейінгі жастағы 1 балаға 9,0 кв. м – ден кем болмайтын және топтық жекелеу қағидаларын қадағалау.

Топтық алаңдарды жабу шөптермен, топырағы тапталған, шаң-тозаңсыз болуы керек.

Бөбек жасындағы балалар үшін топтық алаңдар ғимараттағы осы топтар шығатын есікке жақын орналасады.

Балаларды күннен және жауын-шашыннан қорғау үшін әр топтың алаңына ауданы бір балаға 2 кв. м – ден есептеліп көлеңкелі шатырлар орналастырады. 15 адамнан тұратын топтар үшін көлеңкелі шатырдың ауданы 30кв. м –ден кем болмауы керек.

Орналастырылған топтық алаңдардағы құрал-жабдықтар, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыратындай, таза ауадағы балалардың әртүрлі жеке әрекеттері сай болуы керек.

 Ерте жастағы балалар үшін топтың алаңдарында төбешік алаңқайларын, гимнастикалық басқыш секцияларын, доппен ойнауға арналған жиынтық элементтерінің секциясын, көлбеу басқыштар, өрмелейтін құралдар, балансир, әткеншектер орналастыруға болады.

Құмсалғыштар, шатырлы үйшіктер, өзге де ойын құралдарының сырты түрлі-түсті түстермен боялған және эстетикалық талаптарға сай болуы керек.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған топтық алаңдарда шығуға арналған мұнаралар, өрмелеуге арналған қақпа, тік маңдайшалы дуалдар, әткеншектер, әртүрлі биіктіктегі кендір жіптер, әртүрлі биіктікте орналасқан маңдайшалар, өрмелеуге арналған тұтас қабырға, торларды керуге арналған бағаналар орналастыру ұсынылады.

Ойын құралдары болуы тиіс:


  • сапа куәлігі болуы керек;

- санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуы керек;

- техникалық пайдалануға ыңғайлы болуы керек;

- эстетикалық тартымды (түстерге сай боялуы керек);

- балалардың жасы мен бойына сай болуы керек;

- берік орныққан болуы керек.

Варианттылықты қамтамасыз ететін үйлесімді элементтерді модульдік құралдар-жабдықтарды қолдану ұсынылады.



Ойын құралдарының материалдарына және олардың жөнделу шарттарында   келесідей талаптарды ескеру керек:

   - ағаш құралдары арнайы өңделген ағаштың қатты түрлерінен жасалу керек, экологиялық сапалы куәлігі бар және шірімейтін, кепкен, өткір қырлары жұмырланған болуы керек;

  - көбінесе салмақ түсіретін конструкция құралдарына арналған темір қолдану керек, жөндеуге жарамды және жақсы біріктірген (ылғалға төзімді бояу, тотығуға қарсы жабындар); 

- бетонды және темір бетонды элементтер құралдары 300 ден кем болмайтын бетонды маркадан жасалуы керек, суыққа төзімділігі 150 ден кем болмауы керек, жоғарға жағы тегіс болуы керек;

Балалардың ойын алаңдарына ойын құралдарын орналастыруда ең төменгі қауыпсіздік ара қашықтығын сақтау керек:

Әткеншектердің орналасуы жанынан 1,5 м кем болмауы керек және алдыңғы жағы (артқы жағы) 2,0 м- ден кем болмауы керек;

Карусельдер жан-жағынан 2 м –ден кем орналаспауы керек және биіктігі 3 м – ден аспауы керек;

Төбешіктер екі жанынан 1 м –ден кем емес орналасуы керек және төбешіктің алдыға қарай сырғанайтын жағы соңғы шетіне дейін 2 м болуы керек.

Толық алаңдарда болатын негізгі құралдың бірі ойын үстелі, балалар отыратын орындықтар, құм салғыштар.

Жыл сайын, көктемде, ойын алаңдарында толығымен құмдардарды ауыстырады. Жаңадан әкелінген құмдар гигиеналық нормаларға сай микробиологиялық, санитарлық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштері бар болуы керек.

Балалар жоқ кезде кірлепкетпес үшін құмсалғыштардың беттерін міндетті түрде жабу керек (қақпақтармен немесе полимерлі қабықшалармен немесе өзге де қорғауға бейімді заттармен). Паразитті ауруларды туғызатын, ішектің жұқпалы аурулары және өзге де баланың денсаулығына қауіпті аурулар құмды ауыстыруға алып келеді.
 Дене шынықтыру алаңы (бір немесе бірнеше).

Мектепке дейінгі ұйымдарда 150 орынға дейінгі сыйымдылықты 250 м2 –дан кем емес бір дене шынықтыру алаңы, ал 150 орыннан артық болған жағдайда 150 м2 және 150 м2 көлеміндегі екі алаң жабдықтайды. Дене шынықтыру алаңының негізгі кеңістігі ережеге сай бос болады.

 Дене шынықтыру алаңының беті шөппен, тегістелген жермен, шаң-тозаңсыз болуы қажет.

Жалпы дене шынықтыру алаңы төмендегілерден құралады:

- қимыл-қозғалыс ойындары жабдықтарының аумағы;

- гимнастикалық жабдықтар және спорттық снарядтар аумағы;

- жүгіретін жол аумағы.

Дене шынықтыру алаңында мектепке дейінгі ұйымның барлық жас ерекшелік топтарына арналған спорттық жабдықтар орналастырылады.

Арнаулы дене шынықтыру снарядтары және тренажерлер түріндегі спорттық жабдықтар зауыт дайындаған және жарақат алмау үшін беті арнайы өңделген бөренелерден де орындалған болуы мүмкін.

 Дене шынықтыру алаңының жанына тереңдігі 0,4 м –ден 0,8 м дейін алаңы 4 х 8 м немесе 6 х 10 м ашық бассейндер жасау рұқсат етіледі.

Бассейн кезінде ені 1 метр, ұзындығы 1 метр, тереңдігі 15 см аяқ ваннасын жабдықтайды.

Шаруашылық аймағы

Шаруашылық аймағы асхана ғимаратының өндірістік есігі көшеден кіретін жеке есігі болуы керек.

Шаруашылық аймағы алаңында төсек жабдықтарын кептіретін орындар, кілемдерді тазалайтын және өзге де тұрыстық құралдарды тазартатын орындар болуы керек.

Мектепке дейінгі ұйымның шаруашылық аймағының жылыту және орталықтандырылған су құбыры істен шыққан жағдайда қазандықтарды, суайдауыш бактарымен сорғыштарды және отын сақтайтын қоймаларды, ғимараттың санитарлық аймағын күзету қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйымға қызмет ететін автокөлік болса, оны қоятын тұрақ болуы керек.

Шаруашылық аймағында көкеністерді сақтайтын қойма болуы керек.

Шаруашылық аймағының алаңы үлкен болған жағдайда оның құрамына: бақшаға арналған жер, жеміс – жидекке арналған жер кіреді.

Шаруашылық аймағында ғимараттан 20 м қашықтықта қоқыстарды жинайтын алаңқай да қарастырылады. Алаңқайда арнайы таңбаланған беті тығыз жабылатын жеке қақпақтарымен контейнерлер орналастырылады.

Мектепке дейінгі ұйымға кіретін және шығатын аймақ, жол, шаруашылық құрылысна жүретін жол, қоқыс жинайтын алаңқайға барар жолдың барлығы асфальтпен жабдықталған, бетонмен немесе өзге де қатты жабындар жабдықталуы керек.

Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратын және үлескесін сәндік – қолданбалы өнермен безендіруге (керамика, мозайка, құю және соғу, ағаштарды ою және тоқыма), бауды және бақшаны мүсіндеу болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагогикада заттық-дамытушылық орта ұғымы барынша тар орта сипаттамасында, баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттаушы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол мынадай дара, белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Заттық-дамытушылық орта – баланың дене және рухани дамуы мазмұнын атқарымды тегістейтін, оның әрекетін материалдық заттық қамтитын жүйе.

Мақсатты ұйымдастырылған заттық–дамытушылық орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық–дамытушылық орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа әсерлер және білімдермен байытады, белсенді шығармашылық әрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дамуына мүмкіндік береді.



Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамытудағы басты басымдықтардың бірі – 3-6 жастағы балаларды ұйымдастырылған тәрбилеу мен оқытумен қамту үшін жағдайлар жасау, балаларды оқу әрекетіне сапалы дайындау болып табылады.

Осы жерден мектепке дейінгі жастағы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету, сонымен бірге мектепте оқуға және ата-аналардың өскелең сұранымын іске асыру қажеттігі шығады.

Толық құнды тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру стандарт пен талаптар нормаларына жауап беретін ғимараттарда жүргізілуі керек. Бұл әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары мен телімдерін безендіру бойынша нақты талаптарға сәйкес бағытталған.




ӘДЕБИЕТ


  1. Ананьев Б.Г, Рыбалко Е.Ф. Особенности восприятия пространства у детей. – М., 2004. – 313 с.

  2. Аркин Е.А. Ребенок в дошкольные годы. – М., 2006. – 177 с.

  3. Артамонова О. Предметно-пространственная среда: ее роль в развитии личности // Дошкольное воспитание. – 2005. — №4.

  4. Бондаренко А.К., Матусик А.И. Воспитание детей в игре (пособие для воспитателя детского сада). – М.: Просвещение, 2005. – 218 с.

  5. Воспитание детей в игре / Под ред. Д.В.Менджерицкой. – М.: Просвещение, 2006. – 244 с.

  6. Валлон А. Психическое развитие ребенка. – М., 2007. – 303 с.

  7. Воронова В.Я. Творческие игры старших дошкольников. – М.: Просвещение, 2004. – 190 с.

  8. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка // Вопросы психологии. – 2006. — №6.


МАЗМҰНЫ


1

Жазба хат


3

2

Мектепке дейінгі балалардың құзіреттілігін дамытудағы

заттық-дамытушылық ортаның рөлі




4

3

Қазіргі кездегі бала-бақшалардың ішкі бөлмелерін

безендіруге қойылатын талаптар




6

4

Балабақшаның жер телімдерін безендіруге

қойылатын талаптар

8


5

Қорытынды


10




Әдебиет

11






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет