Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау



жүктеу 72.8 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі72.8 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ
СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
4-СЫНЫП

9020-НҰСҚА

Сектор 3

9


0

2

0





























Аты жөні ___________________________________________________________________
Қала (облыс) _______________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________________
Мектеп _______________________________________Сынып ______________________
Оқушының қолы____________________

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Математика пәндерінің тест нұсқаларынан тұрады.

  2. Тест сынағына берілетін уақыт – 60 минут (1 сағат).

  3. Жауап беру кезінде кез келген пәннен бастауға болады.

  4. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.

  5. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.

  6. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.

  7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ-кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.

Сынақ кезінде:

  • аудиториядан рұқсатсыз шығуға;

  • орын ауыстыруға;

  • сұрақ кітапшасын ауыстыруға, көшіруге;

  • тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кілттерін табатын мәліметті пайдалануға;

  • ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькулятор, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға

қатаң тыйым салынады.
Қазақ тілі


1. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша

A) ұяң


B) жуан

C) жіңішке

D) үнді

E) қатаң






2. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуы

A) дыбыс үндестігі

B) қосымша

C) тасымал

D) буын

E) буын үндестігі







3. Зат, құбылыстың белгісіне қарап, қандай? сұрағына жауап беретін мәтін түрі

A) әңгімелеу

B) хабарлау

C) пайымдау

D) анықтау

E) сипаттау







4. Сөйлем құрастыру үшін төменде берілген сөздердің орналасу реті:

су

бөлмедегі

құйды

гүлдерге

Айым

1

2

3

4

5

A) 1, 3, 2, 4, 5

B) 5, 4, 2, 1, 3

C) 2, 4, 3, 1, 5

D) 5, 2, 4, 1, 3

E) 3, 5, 2, 4, 1







5. Леп белгісі қойылатын сөйлем

A) Күн жарқырап шықты

B) Күн жарқырап шығып тұр ма

C) Күн жарқырап шығып тұр

D) Күннің жарқырап шыққаны қандай тамаша

E) Күн жарқырап шықты ма







6. Сөйлемнің ережесі

A) заттың атын білдіреді

B) заттың сынын білдіреді

C) заттың санын білдіреді

D) заттың іс-қимылын білдіреді

E) аяқталған ойды білдіреді







7. Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөз

A) қысқарған сөз

B) қыстырма сөз

C) біріккен сөз

D) қаратпа сөз

E) қос сөз







8. Бір ғана тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем

A) Құрылысшылар жаңа үйлер салды.

B) Қаламызда жаңа үйлер тұрғызды.

C) Құрылысшылар үйлер салды.

D) Құрылысшылар Астанада үйлер салды.

E) Қаламызда жаңа үйлер көп.







9. Сөйлемдегі күрделі мүше: Жанар екеуіміз үлкендердің кеңесін тыңдадық.

A) Жанар екеуіміз

B) кеңесін тыңдадық

C) Жанар кеңесін

D) екеуіміз тыңдадық

E) үлкендердің кеңесін







10. Күрделі сөздер қатарын белгіле

A) топ-топ, бозторғай, отыз үш

B) елу, балықшы, аңдар

C) биенің, білімпаз, сағат

D) аспаз, емші, жұмыскер

E) таулы, сүйікті, бағаға







11. Дыбыс үндестігі сақталмай жызылған біріккен сөз

A) Қазанғап

B) Амангелді

C) Айғыз


D) Ботакөз

E) Нұрғожа







12. Құрамында күрделі сөзі бар сөйлем

A) Анар мыңды онға бөлді.

B) Ағам мен әпкем үйге кірді.

C) Анам әдемі шұлық тоқыды.

D) Әжем торы ала биені сауды.

E) Үш ақ лақ өріске шықты.







13. Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін септік атауы

A) барыс

B) жатыс

C) ілік


D) табыс

E) шығыс







14. Ілік жалғаулы сөзді тап

A) Көршісіңдер

B) Көршісіне

C) Көршіме

D) Көршілерің

E) Көршіңнің







15. Табыс септігіндегі сөз

A) халқын

B) халықпен

C) халықта

D) халыққа

E) халықтан





Қазақ тілі пәнінен сынақ аяқталды

Математика


1. 4 029 санының разрядтық қосылғыштарға жіктелуі

A) 4 000 + 2 + 9

B) 400 + 20 + 9

C) 40 + 20 + 9

D) 4 + 0 + 2 + 9

E) 4 000 + 20 + 9







2. Ауданның өлшем бірліктері

A) мм3, см3, дм3, м3

B) мм2, см2, дм2, м2

C) мм, см, дм, м

D) кг, ц, т, г

E) секунд, сағат, тәулік







3. Шаршының қабырғасы 6 см. Барлық қабырғаларының қосындысы

A) 24 см2

B) 18 см

C) 24 см

D) 12 см

E) 12 см2







4. 10 000 шығу үшін 9 618-ге қосылатын сан

A) 492


B) 618

C) 382


D) 1 618

E) 1 382






5. 415 пен 399 сандарының қосындысы

A) 914


B) 814

C) 904


D) 804

E) 714






6. Ауылдан 60 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрген мотоциклшінің жолы

A) 180 км

B) 62 км

C) 160 км

D) 30 км

E) 120 км







7. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 90 км/сағ, ал екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп

3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың ара-қашықтығы:

A) 402 км

B) 510 км

C) 270 км

D) 240 км

E) 532 км





8. Берілген теңдеудің түбірін тап: (х – 380) · 50 = 2 000

A) 650


B) 560

C) 420


D) 1 390

E) 786






9. 40 км/сағ жылдамдықпен жүрген теплоходтың 5 сағатта жүрген жолы

A) 200 км

B) 8 км

C) 50 км


D) 45 км

E) 25 км






10. Уақыттың өлшем бірліктері:

A) ғасыр, жыл, апта, тәулік, сағат, минут, секунд

B) ғасыр, тонна, секунд, минут

C) тонна, центнер, килограмм, грамм

D) километр, метр, дециметр, сантиметр, миллиметр

E) жыл, апта, метр, сантиметр







11. Бірдей бағамен екі бөлік мата сатып алынды. Бірінші бөлікте 2 м, ал екіншісінде 3 м мата бар. Егер барлық сатып алынған матаға 1 500 теңге төленген болса, онда матаның әр бөлігі неше теңге тұрады?

A) 1 500 тг

B) 300 тг және 900 тг

C) 600 тг және 900 тг

D) 5 м және 300 тг

E) 300 тг және 600 тг







12. Бір мезгілде бір - бірінен кері бағытта шыққан екі теплоходтың біріншісінің жылдамдығы 40 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 30 км/сағ болса, 2 сағаттан кейінгі олардың арақашықтығы

A) 70 км


B) 12 км

C) 72 км


D) 140 км

E) 10 км






13. Шаршының ауданы 36 см2. Ал тік төртбұрыштың ауданы шаршының ауданымен бірдей. Тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын тап:

A) 13 см және 2 см

B) 6 см және 6 см

C) 11 см және 4 см

D) 12 см және 3 см

E) 13 см және 3 см







14. 75 ∙ 5 ∙ 2 ∙ 20 өрнегінің мәнін тап

A) 14 000

B) 16 000

C) 19 000

D) 18 000

E) 15 000






15. Астана қаласынан бір уақытта шыққан екі пойыздың арасы 5 сағаттан кейін 950 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 90 км/сағ болса, екінші пойыздың жылдамдығы

A) 100 км/сағ

B) 280 км/сағ

C) 172 км/сағ

D) 400 км/сағ

E) 80 км/сағ



Математика пәнінен сынақ аяқталды




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет