Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет2/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.72 Mb.
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5

3-тақырып. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Асанқайғы Сәбитұлы. Қыдан Тайшы. Қазтуған жырау. Шәлгез жырау. Доспамбет жырау. Жиембет, Марғасқа жыраулар

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті халқымыздың жыраулары мен ақындарының шығармашылығы негізінде қалыптасқан ұлтымыздың өзіне тән төл әдебиетінің негізін құрайды. Бұл дәуірде өмір сүрген шығармашылық тұлғалардың тағдырлары да ерекше. Солардың өз уақытындағы сауатты, білімдар адамдар болғанына қарамастан, қай-қайсысының да туындылары кейінге ауызша жеткен. Бірақ, соған қарамастан олардың шығармаларынан жеке авторларға тән өз қолтаңбалары, әрбір шығармашылық жеке тұлғаларға хас авторлық мінездері барынша айқын аңғарылады. Олардың өздерінен кейінгі замандарда өмір сүрген ауызша, жазбаша үрдістегі ақындарға тигізген әсер-ықпалдары да мейлінше мол. Ол ерекшеліктер XV-XVIII ғасырлардағы атақты туындыгерлердің шығармаларымен танысқандарға бірден байқалады. Сондықтан бұл дәуірдегі қазақ әдебеитінің тарланбоз жыраулары мен ақындарының шығармашылығын зерделей оқып игерудің журналист мамандығын алып шығатын, ертеңгі қаламгер қауым үшін маңызы зор.

Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны. Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мағлұматтар беретіндігі. Жырау атанатын шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртын ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден-бір беделді өкілі болыпс аналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Тоқтамыс хан мен Едіге арасындағы жанжалды оқиға кезіндегі абыз жырау Сыпыраның елдің бірлігін сақтау мақсатында айтқан жырының мәні мен мазмұны. Жырау шығармасынан көрініс тапқан оқиғаның Сыпыраның өмр сүрген дәуірін айқындауға куәлік ететіндігі.

Асанқайғы Сәбитұлы. Асан жайлы, Жәнібек хан утралы ел аузынан жиналған деректі әңгімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет етін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Ягойлаға екі адамның бірі болып елшілікке баруы. Қазақ хандығының XV ғасырдағы хәл-жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармалрында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.

Қыдан тайшы. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен Қобылдандының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылғы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау,жылау,жылау күй» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындаларға байланысты пікірлері.

Қазтуған жырау. Шығармашылық келбеті. Автор туындыларында баяндалатын 1480-1481 ж.ж. оқиғалар. Көркем сөз иесінің ата-анасы, өзі туралы, туып-өскен атажұрты жайлы жырлары. Жыраудың Асанқайғы, Абаттармен арақатынасынан мағлұмат беретін туындысы. Толғау иесінің «Шыңғыстан туған хандарды» аңсауының түпкі себебі, бұл мәселенің Иван үшінші мен Ахмет, Меңлігерей мен Иван үшінші арасындағы қатаныстарды баян ететіндігі.

Шәлгез жырау. Шәлгез есміін ғалымдарымыздың әр түрліше оқу себептері. Шәлгездің Би Темірді жырлаған туындылары. Жыраудың өзі өмірі сүреген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй азамат, қол бастаған сардар ретінде жастай танылуы. Шәлгездің ерекше қасиеттерін күндегендердің оны Би Темірді қасынан кетуге мәжбүр еткендігі. Жыраудың «Би Темірді хажы сапарынан тоқтауға айтқан» жырының өмірге келу тарихы. Автордың «Ер Шобан», «Шағырмақ бұлт жай тастар», т.б. туындыларында суреттелетін жауынгерлік рух. «Ер Шобан» жырына байланысты Ә.Дербісәлин, М.Мағауин пікірі. Ғалымдардың Шалкиізді сахара эпосын жасаушылардың бірі деп есептейтіндігі.

Доспамбет жырау. Азаулы жұрты туралы тұңғыш жырлаған жыраудың автопортреті. Доспамбеттің әйелі, балалары туралы шығармалары. Туындыгердің «Ер Мамайдың алдында шаһит кештім өкінбен» дейтін сөзіне орай оны 1549 жылы өмірден өткен Мамайдан бұрын өлген деп білетін М.Мағауин пікірі. А.А.Новосельский зерттеуіне сүйене отырып, жыраудың 1593-1594 жылдарға дейін өмір сүргені анық деп танитын Ә.Дербісәлин тұжырымы. Жыраудың «Озушылар, озмаңыз», «Азау, Азау дегенің» туындыларында баяндалатын жайлар, оның автордың өмірбаянын анықтауға тигізер жәрдемі.

Жиембет, Марғасқа жыраулар. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихында қалуына негізгі себепкер болған – Жолымбет пен Есім хан арасындағы қалмақ ханының қызына байланысты оқиға. Жиембеттің Жолымбет оқиғасына дейінгі Есім ханмен арадағы байланысын көрсетін жыр жолдары. Жағдай ушыққаннан кейінгі Жиембет қылығын дәлелдейтін автор туындысы. Жыраудың қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсетін жыр шумақтары.

Марғасқаның Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баян ететін «Қатағанның хан Тұрсын» атты шығармасы. Бұл оқиғаның сол кезді көзімен көрген Әбілғазы хан шығармасында, бергі заман тарихшылары Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, М.Ж.Көпеев жазбаларында суреттелуі. Қырғыздың Шоңбағыш руының билеушісі Көкемнің Тұрсын ханның опат болуына байланысты оқиғаға қатынасы. Көкем мен Есім хан достығы.



4-тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Ақтамберді жырау Сарыұлы. Тәтіғара жырау, Үмбетей Тілеуұлы. Шал ақын Құлекеұлы.

Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азаматтық, шығармашылық еңбегі. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде бұқар ұстанған принцип. Жыраудың Бөгембай батыр ерлігін әспеттейтін шығармалары. Абылай ханның ерлік жолын көрсетін туындылары. Үмбетей жырудың Абылай ханға Бөгембай өлімін естіртетін шығармасында жырланатын XVIII ғасырлардағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебі. Бұқар жырау дипломатиясы. Абылайдың Ресеймен араздасқан тұсында жыраудың Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануы. Еділ бойы қалмақтарымен арадғы соғыстың жай-күйінен, Қасым абылайұлының деректілігінң тарихи жазба ескерткіштер мен фольклорлық мұралар арқылы дәйектелетіндігі.

Ақтамберді жырау Сарыұлы. Қазақ жұрытының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығынан хабардар ететін Қ.Халидовтың «Таурих Хамсаның» берер дерегі.

Дулат Бабайтайұлының «Ер Еспембет» дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен найман елдерінің арасындағы араздық кезінде туағн көркем сөз иесінің «Уа, қарт Бөгембай» туындысының әлеуметтік мазмұны. Автордың «Жағалбай деген ел бар», «Атадан тудым жалқы боп», «Жеңіме жамау түскенін» шығармаларының ағайыннан жас кезінде көрген қорлығын, жарлылығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген «Әділ жан болғым келеді», «Әкем көрген зорлықты» туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.

Тәтіғара жырау, Үмбетей Тілеуұлы. Тәтіғара шығармашылығы туралы Ш.Уәлиханов пікірі. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» , «Кебеже қарын кең құрсақ» жырларының Тәтіғараның жорық жыршысы болғандығын дәлелдейтіндігі.

Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтқандығын көрсетін туындылары. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарға, Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азаматтық-кісілік парасат мәселесі.

Шал ақын Құлекеұлы. Ел шежіресін хатқа түсіріп жырлаған Шал ақын туралы Ш.Уәлиханов мәліметі. Ақын мұрасын жазып алушылар мен зерттеушілердің еңбегі. Ақынның өлеңдерін XX ғасырдың басында хатқа түсірген Хасен Шаяхметұлының Қазақ университетінің кітапханасында сақталған материалының сонылығы. Шалдың Абылайға айтылған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келгендігін дәлелдейтін деректер. Ақынның діндар автор екендігін көрсететін туындылары. Шалдың қазақ әдебиетіндегі алғашқы айтыскер ақын болғандығын дәлелдейтін өлеңдері.

5-тақырып. XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Дулат Бабатайұлы. Махамбет Өтемісұлы. Шортанбай Қанайұлы. Мұрат Мөңкеұлы. Сал-серілер

XIX ғасырлардағы қазақ халқы өзінің елдік өмірінде 1822 жылғы хандық құрылысты ыдыратқан атышулы реформаны бастан кешу арқылы бодандық тәуелсіздіктен отарлық бағыныштылыққа түсті. Қазақстанның солтүстігін жайлаған жұрт әуелі Қасым Абылайұлының, соңынан Кенесары Қасымұлының бастауымен Ресей патшалығына қарсы қарулы қарсылықты бастан кешті. Мұның арты үлкен қанды айқастарға ұласты. 1836-1838 жылдарда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, одан кейінгі жанқожа Нұрмұхамедұлы басқаруындағы Арал бойы еңбекшілернің әлеуметтік және экономикалық қысымшылықтарға қарсы ұзақ жылдарға созылған Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына қарсы азаттық жолындағы айқастары, Жетісу еңбекшілерінің Қоқан хандығының озбырлығына қарсы қанды күресі сол дәуірдегі қазақә дебиетінің басты тақырыбы болды. Отарлық езгіге қарсы күрес, ел болу, тәуелсіз жұрт болуды арман еткен халықтың көзі қарақты қауымның атынан жыр жырлаған ауызша дәстүрдегі, сондай-ақ жазба дәстүрдегі қазақ ақындарының рухты шығармалары осы дәуірде өмірге келді. Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар бастаған халқымыздың жоғары санадағы жазба әдебиеті туып, қалыптасу кезеңдерін бастан кешті. Қысқасы, XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті – қазақ жұртының ұлт ретіндегі есею, іздену жолынан хабардар ететін қайсарлық дәуірінің әдебиеті. Осы дәуірде өмірге келген ұлттық әдебиетті игеру арқылы журналист мамандғын алушы жас маман өз халқының дүниежүзілік өркениетпен қалай қауышатындығына жауап таппақ.

Дулат Бабатайұлы (1804-1846). Өмірбаян деректері. Зерттелу, басылым жайы. Шығармашылық мұрасы. Махамбет – ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы. Махамбет өлеңдеріндегі азаматтық үн. Ақынның көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы және көтеріліс жеңілгеннен кейінгі шығармалары. «Ұлы арман»,«Ереуіл атқа ер салмай»,«Толарсақтан саз кешіп»,«Еңселігім екі елі»,«Жәңгірге айтқаны»,«Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс», т.б. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесі. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдері. Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сөз қолданыс қырлары. Өлеңүлгісі. Ақын толғауларының жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар поэзиясымен мазмұндық түр, өлең үлгісі, сөз қолданыс жөінен туыстығы.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасы. Шортанбайдың «Зар заман», «Бала зары», т.б. толғауларындағы замана күйі. Ақынның әлеуметтік, азамттық үні. Үгіт-насихат, үлгі-өнеге, тәрбие мәнді толғаулары. Шортанбай толғауларындағы дін жайы. Ақынның әдеби мұрасына күні бүгінге шейін беріліп келген түрлі баға. Оның себептері. Шортанбай шығармаларының зерттелу, басылым жайы. Текстологиялық түйткілдері. Ақын мұрасының өлең үлгісі, көркемдік қырлары.

Мұрат Мөңкеұлы (18?-1906). Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары. Батырлықты, ерлікті көтеруі. Ізгілікке үндеуі. Айттыстары. Мұрат мұрасының зерттелуі. Шығармаларының көркемдік қуат-күші. Мұраттың «Жалпыға айтқаны» толғауы. «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларындағы елден, жерден айрылу сарыны. «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсеткен», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары туралы зерттеулер. Мұрат-Махамбет шығармаларын сақтаушы, жеткізуші.

Сал-серілер. Әнші-лирик ақындар поэзиясы. Айтулы өнерпаздары. Шығармашылық мұра, өмірбаян деректерін зерттеу. Сал-серілер поэзиясының ерекшелік, өзгешеліктері. Әрі ақын, әрі сазгер, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілер, әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны.



6-тақырып. Шоқан Уәлиханов. Ыбырай Алтынсарин. Абай Құнанбаев. Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы. Мағауия Абайұлы.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865). өмірі. Шоқантану ілімінің туып, қалыптасуы. Шоқан-халқының жанын таныған, жоғын іздеген ұлы тұлға. Шоқан және шығыстанушы ғалымдар. Шоқанның жолсапар күнделіктері мен ғылыми жазбалары.

Шоқанның қазақ өлеңінің түр жағынан топтастыруы. Қырғыздың «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары. Шоқанның қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Өз қоғамына, сол дәуірдегі өз қандастарының тіршілік қалпына қатысты мәселелрге байланысты ой-пікірлері. Шоқан шығармаларының басылым жайы.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Өмірбаяны. Ағартушылық, жазушылық, тәрбиешілік қызметі. Шығармашылық мұрасы. Аудармалары. өлеңдері. Әңгімелері. Публицистикасы. Қазақ тіршілігін, тұрмыс-салтын зерттеуі. Ғылыми зерттеулері. Оқу құралдары. Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу. Басылым жайы.

Абай Құнанбаев (1845-1904). Абайдың ақындық өмірбаяны. Абайтану кеше, бүгін және келешекте. Абай мұрасының зерттелу, басылым жайы. Абадың ғашықтық, көңіл-күй, сезім жырлары. Абайдың заманға, қоғамға, ел мінезіне мін, сын айтқан шығармалары. Абай шығармаларындағы дін жайы, дүниетаным мәселесі. Абайдың қарасөздері: 2, 7, 13, 25, 27, 38. Мән-мазмұны. Зерттелуі. Ғылым, оқу, өнер жайлы шығармалары. өнер, өлең, ән туралы туындылары. Абайдың аудармалары. Поэмалары. Абайдың өлең қүрылысы. Абай поэтикасының тілі. Көркемдік шеберлігі.

Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жармах батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.

Мағауия Абайұлы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. «Медғат-Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.

XIX ғасыр әдебиетінің зерттелу, басылым жайы. Қазақ сөз мұрасын зерттеу, ғылыми жүйелеудің алдағы міндеттері.



7-тақырып. XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1900-1950). XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1950-2000). XX ғасырлардың аса көрнекті ақын-жазушылары. Жамбыл Жабаев

XX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің басты ерекшеліктері: шынайылық сипаты, халықтығы, танымдық, тәрбиелік маңызы, өмірмен байланысты. Қазақ әдебиеті тарихының әлемдік әдебиеті процесіндегі орны, мазмұндық және көркемдік жетістіктері.

Өткен мәдени мұраны пайдалану жөніндегі түрлі қағидалар. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің дамуы және өркендеуі. Басқа ұлт әдебиеттерімен шығармашылық байланысы, қарым-қатынасы, әсер ықпалдары.

Әдеби дәстүр және тақырыптық-идеялық, көркемдік-идеялық ізденістер сипаты. Әдеби заңдылықтар туралы ойлар.

Әдеби әдістер: натурализм, сентиментализм, романтизм және реализм.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңдері. Әр кезеңнің жалпы сипаттамасы. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі. Әдеби бағыттар мен ағымдардың әдеби процеске әсері, жанрлардың дамуы мен түрлі стильдер. Ұлы Отан соғысы кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет. Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңі. Қазақ әдебиетінің кемелденіп ірі беделге ие болуы, әлемдік аренаға шығуы. Әдебиетке жаңа күштердің келуі, кадрлардың өсуі. Тоқырау және қайта құру шындықтарының бейнеленуі. Шығармашылық бостандыққа, поэтикаға ұмтылуы.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1900-1950). XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі. Ресейдің отарлау саясатының күшеюі. Ағартушылық, демократтық қозғалыстар. М.Көпеев, С.Торайғыров, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, Б.Күлеев, Ш.Жәңгіров, Қ.Қарашев, Ш.Бөкеев, т.б. ақын-жазушылар шығармашылығындағы тақырыптық-идеялық- көркемдік ізденістер. XX ғасырдың басындағы түрлі төңкерістер мен Совет үкіметінің орнауы оның көркем әдебиетке әсері, Қазақстан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ жазушыларынң революцияға және қоғамдық өмірге қатынасы.

Қазақстанның саяси-әлеуметтік-экономикалық мәдени даму тарихындағы өзерістер. СССР конституциясының қабылдануы. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру. Өндірісті индустрияландыру.мәдени өмір мен қоғамдық гуманитарлық дамудағы жаңалықтардың әдебиетегі көріністері. Қаз АПП-тың құрылуы, оның әдебиетті идеология құралына айналдырмақ болуы (1925). БК (б) П Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 жылғы 23 апрельдегі арнаулы қаулысы. Совет жазушылары Одағының құрылуы.

Совет жазушыларның бүкілодақтық съезі (1934). М.Горькийдің сөзі, Совет әдебиетінің даму жолдары мен социалистік реализм әдісінң принциптерін белгілеу. Социалистік реализмнің көркем әдебиеттің басты әдісне айналуы және партиялық, таптық принциптерді методологияға негізге айналдыру.

Революция, азамат соғысы және саси әлеуметтік тақырыптардың С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов және басқада жазушылар шығармаларында игерілуі еркшеліктері. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармашылығындағы ізденістер.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер, олардың әлеуметтік сипаты. Бұл жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Халық ауыз әдебиеті дәстүрлерімен байланыс. Жаңа ізденістер. 20 жылдардың алғашқы жартысында қазақ әдебиетіне Ш.Иманбаева, И.Байзақов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, Ғ.Малдыбаев, С.Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы. С.Дөнетаев, Ә.Тәңірбергенов, М.Сералин сияқты ақын-жазушылардың шығармашылығы.

Әдебиет майданына жаңа талантты ақын-жазушылардың қосылуы: ҚӘбдіқадыров, ӨТұрманжанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, Ғ.Орманов, Қ.Жұмалиев, Ғ.Млдыбаев, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аанжолов, Қ.Бекқожин т.б. келуі. Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қйып, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халық поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсері.

Ұлы Отан соғыстың басталуы (1941-1945). Майданға шақыратын патриоттық өлеңдер. Публицистика, әңгіме, очерктер. Соғыс кезіндегі қазақ халық ақындарының өлеңдері.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орны. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялқы, көркемдік мәні.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік қуаты мол, жалынды өлеңдердің тууы. Т. Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград», Д.Әбілев «Торабында көп жолдың», Ғ.Орманов «Ел арманы», Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б.

Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесінің көрінуі және оны сомдауға бағытталған ізденістер. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдерін орныға бастауы.

Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымының өркендеу жолдары. А.Құнанбаев творчествосын зерттеуші ғалымдардың еңбегінің ерекше маңызы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметовтердің еңбектері.

XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1950-2000).

XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстеикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталуы. Проза. Қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы. Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелуі. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері. Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және интелигенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен замандас тұрғысы.

Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соығстағы адам бойындағы ерлік пен ездік, геройлық пен трагедиялық, достық пен дұшпандық. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог, диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял арақатынасы. Жағдай мен характер. Тылдағы адам тағдыры.

Проза дамуының кейбір бағыттары (тенденция): әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза. Публицистикалық проза. Лирикалық проза. Хроникалық проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі. Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы.

Психологиялық талдау мен оның түрлері мен көркемдік қызметі. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың аналитикалық (кейіпкердің ой-сезім ағыны мен толғаныстары, ішкі монологы т.б.) және синтетикалық (іс пен түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың өзара байланысы, психологиялық парарллеизм.

Поэзия. Тақырып аясы, проблематикасы. Қазіргі қазақ лирикасының басты даму сатылары мен ерекшеліктері. Лирикадағы адам мен қоршаған орта проблемасы. Лирикадағы автор мен кейіпкер арақатынасы, конфликт және характер. Ой мен сезім. Суреттеу мен сипаттау. Мезгіл мен мекен. Лирикалық шығарманың мағыналық-структуралық элементтерінің салалса және сабақтаса байланысу жолдары. Қазіргі қазақ лирикасын жанрлық топтастырудың мәселелері. Тақырыптық тұрғыдан топтастыру. Суреттеу амалдарының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру.

Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік-бейнелеуіш құралдары. Даму перспективалары.

Поэма. Тақырыптық-проблематикалық ізденістері. Патриоттық және интернационалдық пафосы. Жанрлық-стильдік көпқырлылығы. Поэмадағы тарихи өткен дәуір шындығының суртетлу ерекешлігі. Бүгінгі өмір көріністерін бейнелудегі ақындық шеберлік үлгілері. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Лирикалық поэма және оның ерекшеліктері. Эпикалық поэма және оның ерекешліктері. Поэмадағы лиризм мен драматизм. Қазіргі қазақ поэмасының даму перспективалары мен оны зерттеудің маңызды мәселелері.

Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық ізденістері. Лирикалық драма үлгілері. Эпикалық драма үлгілері. Тарихи драмалық үлгілері. Комедия, оның жанрлық ерекшеліктері. Трагедия туралы қазіргі әдеби-теориялық ойлар. Драмадағы тартыс сиапты. Драмадағы сөз бен іс. Драма және театр. Драмадағы кейіпкер мен актер шеберлігі.

Әдебиеттану мен сынының даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының алты томдығының, монографиялық зерттеу еңбектердің жарық көруі. Қазіргі заман қазақ әдебиеттау ғылымы мен әдеби көркем сынының дамуы, салалары. Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі жайы мен міндеттері. Әдеби көркем сынның ахуалы. Әдеби көркем сын және қазіргі әдеби процесс. Әдеби көркем сынның міндеттері туралы теориялық және қоғамдық-саяси ойлар. Әдеби шығарманы талдау мен әдеби процесті байыптаудағы жаңа ізденістер мен табыстар. Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны саласындағы еңбектер. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы қоғамдық ой, парасат саралығының көрінісі. Адам мен қоғам, жалқы мен жалпы арақатынасы. Ұлттық және интернационалдық сипаттардың ерекшеліктері мен бірлігі. Дәстүр мен жаңашылдық. Әдебиеттің дамуындағы жалғастық сырлары, тоқырау мен ілгерілеу (прогресс). Тарих пен этнография және қазіргі әдеби процесс. Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуындағы фольклордың атқаратын қызметі, маңызы мен мәнісі. Қазіргі қазақ әдебиетінің әлем халықтары әдебиетімен байланысы (Ш.Айтматов, Т.Қасымбеков, Т.Қайыпбергенов) дамуының басты пробелмалары.

XX ғасырлардың аса көрнекті ақын-жазушылары. Жамбыл Жабаев (1846-1945). Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары. Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға», «Бөлек қызбен, Айкүміспен қағысулары»), қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары («Кедей күйің», «Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық», т.б.).

Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағанбетпен, Шашубаймен айтыстары. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. «Замана ағымы» поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті» т.б.). Ақынынң «Москваға», «Ленингардтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні. «Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Ақынынң халықа узындағы аңызға байланысты мотивтерді алып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы. Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.

«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту. Поэамның образдық жүйесі. Ж.Жабаев творчествосын зертетудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері.

Халық поэзиясының даму ерекшеліктері, жанрлық құрамы мен поэтикалық жүйесі.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет