Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет3/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.72 Mb.
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5

8-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

Қазақтың аса көрнекті жазушысы, ақын, философ. Шәкәрім шығармалары XX ғасыр басында баспа арқылы таралып, оқырмандарын жақсы таныс болды. (XIX ғасыр соңында жазылған біраз өлеңдерінен басқа шығармалары XX ғасыр басында ғана жарық көрген). Шәкәрім –Абайдың немере інісі, дәстүрін жалғаушысы, ізбасары. Ол Абай мектебі мен үлкен өмір жолынан өткен. Ірі кітапханалардағы бағалы кітаптар мен сирек қолжазбаларды оықаған. Ірі оқымыстылар мен қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасқан ғұлама. Философ, тарихшы, жазушы, композитор артына ұшан-теңіз рухани мол мұра қалдырған. Тарихшы –философтың «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» 1911 жылы Орынборда жарық көрді. Бұл кітаптар кезінде қоғамдық санада үлкен қозғалыс туғызды. «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» семейде жарияланды. Шәкәрімнің көптеген шығармалары бізге қолжазба арқылы жетті: «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Үш анық», «Ләйлі-Мәжнүн», т.б.

Шәкәрім шығармашылығының негізгі тақырыптары мен идеялық бағыттары Абай дәстүрінен табылады. Абай қозғаған әлеуметтік, философиялық тақырыптарды Шәкәрім өзінше жалғастырады, тереңдетеді. Оның шығармаларының олар сан-алуан. Онда көңіл-күй, табиғат лирикаларынан басқа азаматтық, философиялық шығармалардың да өзге түрі кездеседі. Қаламгер көңіл аударатын атқырыптар да сан-қилы. Ақын поэзиясының ірі саласы – поэма, дастандары. Прозалық шығармалары да аз емес. Шығыстық дәстүрде жазылған мөлтек әңгімелермен қатар «Әділ мен Мария» романы бар.

Шәкәрім аудармалары – оның шығармашылығының ірі саласы. Көркемдігі, еркіндігімен көзге түседі. Ақын негізінен нәзиралық тәсілдерді басшылыққа алады. А.Пушкиннің «Дубровский» повесін, «Боран» атты әңгімесін өлеңмен аударған, Физулидің «Ләйлі-Мәжүнінің» жаңа вариантын жасаған.



9-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ахмет Байтұрсынов –ірі қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы. Творчестволық мұрасының ұзақ жылдар бойы жөнсіз жоққа шығарылып келгені, қаламегрдің саяси-идеялық көзқарасына ғана қатысты емес, қазақ елінің бостандығы үшін күрес, іс-әрекетіне де байланысты.

А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми-әдеби қызметі туралы тарихи шындық. Москвада, 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасыан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» Қ томында (305-306-беттер) жарияланған. Оның творчествосы туралы М.Әуезов ойларынның тарихи және ғылыми маңызы («Ақ жол», 1923, 4 ақпан) бар. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Аудармашылық, журналистік творчествосы. «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911), кітаптары мен мақалары («Қазақтың бас ақыны»). Жиырмасыншы жылдардағы отандық тюркология, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы мен теориясы саласында жасалған еңбектер. А.Байтұрсынов – талантты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларынң көрнекті аудармашысы.

Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) – кітабында әдебиеттаундың ғылыми негізі мен методологиялық принциптері қарасытырлағн, басты категориялары мен ұғымдары айқындалған, олардың атаулары термин ретінде негізделген. Фольклор, көркем әдебиеттің тілі, өлеңтану, сондай-ақ көркем әдебиеттің тегі мен түрі саласында ұсынағн, пайдаланған терминдері, оларға берген сипаттамалары мен түсініктері, маңызы мен мәнін жоймай келеді.



10-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)

Көрнекті қазақ жазушысы, ірі қоғам қайраткері М.Дулатовтың шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда өтіп жатқан түрлі мақсатты саяси күрес, шайқастармен тығыз байланысты.

Қоғамдық қызметінмұғалімдіктен бастаған М.Дулатов 1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция жаузға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне көтерілді.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатов арасындағы достық қазақстан ммелекетінің егемендігін қалпына келтіру жолындағы идеялардан бастап, нақты іс-әрекет, күрес кезеңінде шыңдалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде М.Дулатов, А.Байтұрсынов көп қозғаған тақырыптар. Олар шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі.

М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдықс анада алатын оны қаншалықты зор болса, қаламгер шығармашылғындағы алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой-сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелйтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.

М.Дулатов алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» атлған өлеңдер жинағындағы батыл ой Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың, надандық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс-әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді, автор қудаланды.

1910 жылы М.Дулатовтың екінші кітабы «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ қызы басындағы қайғылы жайды баяндайтын шығарма оқырманын тапты. Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді.

М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінң егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет үкіметін де үрейлендірді. Қуғын көру, түрмеге қамалу, қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын жазу және аудармамен айналысты (қуғыннан оралғаннан кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан аударған шығармалары бар.

М.Дулатов драматургия саласында да шамасына қарай еңбектенген. 1922 жылы «Балқия» атты 4 бөлімді пьеса жазған. Сол жылы Орынборда көркемөнерпаздар күшімен қойылып, үлкен табысқа жеткен.

11-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, прозашы, қазақ романының негізін салушылардың бірі, аудармашы, драматург, ғалым. Оның психология саласындағы еңбектері де аз емес, ірі монографиясы бар. Қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жөнсіз бұрмаланды. Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы жөнінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті комиссиясының қорытындысы (январь, 1989), Жүсіпбек Аймауытовтың қоғамдық- саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жөннідегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі. Тақырыбы мен идеясы, жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романдардың материалы және оның тарихи шындыққа қатнасы, жазушының өмір шындығын бейнлеу жолдары.

«Елес», «Әнші» (1925) т.б.әңгімелерінің тақырыб мен проблематикасы. «Қанапия мен Шәрбану», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» пьесаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы.

Аудармашылық қызметі. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын аударуы.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



12-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев – қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі. Мағжан Жұмабаев –лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлеңдері: «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, атқан таңның жыры», «Айрылғанда», «Сен-сұлу», «Жұлдыз-жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы. Ақын лирикасындағы ел мен жер, дала мен қала, өмір мен өлім тақырыптары ақындық ізденістері. Көркемдік дәстүрге қатынасы, жаңашылдығы, өлеңді күйге (музыкаға) бөлеу мен дыбыстан сурет жасаудағы суреткерлік даралығы, лирикаға тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез дарыту шеберлігі.

Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желісі, образдылығы, ақынның ауыз әдебиеті дәстүрлерін творчестволықпен пайдаланудағы жетістіктері. Әдебиеттану мен әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері «Ақан сері», «Ақан сері сөздері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б. Ақынынң әдеби шығарманы, ақындық өнерді тану, талдау шеберлігі. Жзау, баяндау мәнеріндегі ғылыми нақтылық пен суреттілік.

Көркем аударма саласындағы еңбектері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы ұстанған творчестволық принципі, аудармашылық тапқырлығы мен шеберлігі.

Мағжан Жұмабаев творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.

13-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

С.Торайғыров есімі, шығармашылығы. «Айқап» журанлындағы қызметі кезінде қаламгер қазақ қоғамы алдында тұрған келелі мәселелерге үн қосып, өткір тілді, ойлы мақалалар жазды. Шығармалары жиырмасыншы жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады.

С.Торайғыров дәстүрлі қазақ мектептерінде (молда, медресе) ғана оқыған. Өмір бойы жоғары оқуды армандап өткен. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси білімді өз бетімен алған қаламгер. Ол араб-парсы әдебиетін жақсы білген. Ауыз әдебиеті мен шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген алғашқы шығармаларынан-ақ С.Торайғыровтың дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.

Қаламгер ағартушы-демократтық идеяларды басшылыққа алған. Қазақ халқының ілгері дамуына бөгет болып отырған құбылыстарды сынайды. Оқу, білім, мәдениетке шақырады. 1917 жылға дейінгі шығармаларының басты бағыты осы. 1917 жылғы Октябрь Революциясынан кейін С.Торайғыров қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған, елдігі үшін күрескен «Алаш» қозғалысын қолдап өлеңдер жазады. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары терең ойларға толы. «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары қазақ әдебиетіндегі күрделі жанрдағы көркем шығармалардың алды. Ақынынң «Айтыс» аталған шығармасы қазақ қоғамдық санасының ірі қайраткерлеріне арналған.

С.Торайғыров негізінен сыршыл лирик ақын. Абай поэзиясымен дәстүрлі байланысы айқын. С.Торайғыров поэзиясындағы насихат, үгіт, арнау өлеңдері де сырлы сөз, терең мазмұнмен араласып келеді. Идеяны юмор, сатираға бөлей жеткізетін, бейнелейтін шығармалары да бар.

Жазушы шығармаларында қазақ тілінің бар байлығын, мақал-мәтел, шешен сөз тіркестерін шебер қолданады. Әдеби тілге ене бастаған жаңа сөздерді де батыл пайдаланады. Ақын тіліндегі татар, діни кітап, парсы-араб тілнен енген сөздерді зерттеу қажет. С.Торайғыров - қазақ өлеңі құрылысына да көптеген жаңалықтар енгізген, дәстүрлі қазақ өлеңін жаңарта қолданған талантты ақын.



14-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938). Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Бейімбет Майлин. Творчестволық өмірбаяны. Бейімбеттің алғашқы өлеңдері. Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б).

Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі («Шұғаның белгісі», 1926). Повестің тақырыбы мен идеясы., тіл көркемдігі. Шұғаның, Әбдірахманның образы. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының үлкен ойды қысқа әңгіме арқылы сурететуге шеберлігі («Талақ», «Күлпаш», «Күлтай болыс» (1925 ), «Сары ала тон» (1928), «Көк теректің баурында» (1929), «Қара шелек», «Айранбай», т.б.).

Жазушының повестері («Он бес үй», «Қырманда» (1933), әңгімелерінде («Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы» , т.б) көрініс тапқан өмір құбылыстары.

Жазушының «Раушан-коммунист» (1920) повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы («Жалбыр»), «Біздің жігіттері» (1936), («Майдан»), («Талтаңбайдың тәртібі»), («Аманкелді»).

Бейімбеттің бір-екі актылы пьесалары («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс»)

«Майдан» (1931) Бейімбет творчествосында ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының күрделі де көлемді шығармасы. Тақырыбы мен идеялық мазмұны. Пьесаның оқиғасы, тартыс сипаты. Досан, Орынбай, Махмұдовтардың образы. Пьесадағы сөз бен іс. Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған «Аманкелді» (1936), және «Жалбыр» пьесаларында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрінісі, қазақ халқының өз бостандығы үшін күресі.

«Талтаңбайдың тәртібі» (1934) –қазақ драматургиясындағы тұңғыш сатиралық шығармаларының бірі.

Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануда бағалануы.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда» ,т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік» ,т.б.). Ақын поэмаларындағы, өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы.

«Біздің тұрмыс», «Жемістер», «Жер қазғандар» т.б. повестері. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», 1917), («Қызыл сұңқарлар», 1920).

Сәкен –қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттну ғылымында бағалануы.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938). Өмірі мен творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақынның поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі. Ақынның образ жасау, мінез даралау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары («Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет»» атты пьесалары). Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған бір актілі пьесалары («Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де, шап» т.б.).

Ілияс өлеңдерінде жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге мәдениет пен жаңа өмірге шақырады. «Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілдеде», «Күзде» т.б.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ».

«Исатай-Махамбет» – жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Гаврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалаған.

Әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақыдарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы.



15-тақырып. Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов (1897-1961). М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы.

Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», « Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер» т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.

Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», « Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», т.б. Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.

«Абай» пьесасы, «Абай жырлары» кинофильмнің сценарийі, «Абай» операсының либреттосы. Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940).

Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-Қараш» оқиғасы (1927). Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры. Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.

«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму заңдылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі: Зере, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары. Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық, лирикалық, эпикалық) Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.

М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары, қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы. Аудармалары: Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Оттелосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», К.Треневтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұсы» т.б. Жазушы творчестовсының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдің дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.



16-тақырып. Сәбит Мұқанов

С.Мұқанов (1900-1973). Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары. «Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік Армия», «Поэзия маршалы», т.б. Олардағы ақындық ізденістері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.

Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау»(1938), «Ботакөз». Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.

«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

«Сырдария» романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.

«Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.

Драмалық шығармалары: «Күрес күндерінде»(1938), «Сәкен Сейфуллин»( 1964), «Қашқар қызы»(1972), «Шоқан Уәлиханов» (1953). «Аққан жұлдыз»(1967,1970).Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.

Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

17-тақырып. Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов ( 1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау, «Үздіксіз өсу», «Бір адам ілгері, екі адым кейін» т.б.).

Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы»(1935), «Ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйелі – Қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтика мен реализмнің ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосында ана тақырыбының алатын орны.

Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы «Қыз жібек», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Аманкелді»,т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек»(1934) атты музыкалы драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.

«Кездеспей кеткен бір бейне» («1967») повесі. «Ұлпан» (1974) романы. Ұлы отан соғысы тақырыбына арнап жазған «Қазақ батыры» (1945) повесі. Автордың оны «Қазақ солдаты» (1950) романына айналдыруы. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімінің суреттелуі.

Жауынгер өмірінің суреттері. Басты образдар. Қайырғали Сарталиев, Петр Ушаков, Владимир Толстов, Самед Абдуллаев т.б. Романның көркемдік ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі.

«Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары.

Қазақстанда алғаш өндіріс орындары ашылып, қазақ кедейлерінің өндіріс жұмысшыларына айналуы. Халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс, қазақ жұмысшыларының тұрмысы. Қарағанды шахталарындағы Успен, Ақбұйрат мыс заводындағы жұмысшылардың өмірі, капиталистердің өзара тартысы. «Оянған өлкенің» саяси-әлеуметтік табиғаты. «Жат қолынданың» әлеуметтік-психологиялық сипаты. Сол кездегі қазақ аулының өмірі, әлеуметтік қарым-қатыстары, тұрмыс-салтының суреттелуі, ерекшеліктері. Басты образдары: Бұланбай, Байжан, Байшегір, Жабай, Сейіт, Назыкеш, Быковтар, Шило, т.б. Роман-дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың әдеби тілінің, көркем ойының соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суретері мен адамның ой толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.



18-тақырып. Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин (1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушының 1927-1929 жылдарда жазған әңгімелері алғашқы қысқа әңгімелері. «Сәрсен мен Мұқаш» (1927), «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер шойын», «Шағатайдың шатағы», т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. «Ер Шойын» (1929) жинағындағы жаңа өмірдің көрінуі, ауылдағы күрес.

Жазушының үлкен эпикалық жанр саласындағы шығармалары, «Шығанақ» романы (1945). Роман тақырыбының туу тарихы. Шығанақ, Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері.

«Миллионер» романы (1948), ондағы жаңа мен ескінің арасындағы тартыс. Жомарт, Жанат, Жақып, Сатан, Есжан, Ахмет образдарының тартыс үстінде суреттелуі, олардың типтік дәрежеге көтерілуі. Жақып бойындағы психологиялық тартыс. Ахметтің жаңашылдық қасиеті. Романның жазылу тарихы. Жазушының шығармашылық ой өзегі, оның игерілу жолдары.

«Қарағанды» романы (1952). Роман тақырыбының туу тарихы. Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шындығынан өнер шындығын жасау жолдары. Романның басты кейіпкерлері, олардың өмірлік негіздері (прототиптері). Ескі мен жаңа, әке мен бала арасындағы тартыс. «Өмір мен өлім» (1939) және «Қарағанды» романдарының сюжеттік желісіндегі , оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықтар.

«Дауылдан кейін» романы ( 1959). Романда суреттелетін оқиғалар тобы. Басты тұлғалар Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының жетістігі. Аманға ере шыққан жаңа, жас қауым: Ізбасар, Сыздық, Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып және Шегел, т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты. Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрылысы. Жазушы шеберлігінің жаңа қырлары.

«Көз көрген» (1963). Романда суреттелетін оқиғалар. Шығарманың 1900-1925 жылдар арасындағы қазақ қоғамы бастан кешкен дәуір шындығына құрылған сюжеттік желілері. Ғ.Мұстафиннің жазушылық өнер туралы толғамдары («Ой әуендері). Жазушы творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет