Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


дәріс: Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері. Жоспар



бет2/7
Дата15.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
#974
1   2   3   4   5   6   7

2 дәріс: Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.

Жоспар.

аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.

  1. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласын,дағы құқықтары мен міндеттері.

  2. Қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтар мен міндеттері

Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Азаматтардың:



  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгiленген тәртiппен пайдалануға, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларға қатысуға;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бiрлестiктерi мен қоғамдық қорларын құруға;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;

  • мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiнде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.

2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға мiндеттi.

3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты мiндеттi болады.


Қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи

аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң:



  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзiрлеп, насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қорық iсi саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;

  • уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгiзуге;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру бағдарламаларын, оларды құру жөнiндегi негiздемелер әзiрлеу iсiнде ұсыныстар енгiзiп, оған қатысуға;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк сараптамалар жүргiзудi талап етуге және қоғамдық сараптама жүргiзуге;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарға белгiленген тәртiппен қатысуға;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;

  • мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен алуға;

  • айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде сотқа талап-арыз беруге;

  • өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.

2. Қоғамдық бiрлестiктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

  2. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi.

  3. Қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

.
3 дәріс: Мемлекеттік өкімет органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті.

Жоспар.

  1. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің құзіреті.

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзіреті.

  3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзіреті.

  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзіреті.

Мемлекеттiк өкiмет органдарының ерекше қорғалатын табиғи

аумақтар саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:



  • бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi;

  • мемлекеттiк бағдарламалар жасап, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

  • министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын қамтамасыз етедi;

  • республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiтедi;

  • жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын бекiтедi;

  • республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртiбiн белгiлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк қорлары туралы ереженi бекiтедi, осы аумақтарды және өздерi көрсететiн қызметтi пайдаланғаны үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау

саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы:



  • орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық iсi саласындағы қызметiн үйлестiредi және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

  • белгiленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, үлгi және жеке ережелердi әзiрлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын әзiрлейдi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;

  • республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды жүзеге асырады және оларда ғылыми зерттеулердiң, табиғатты қорғау және қалпына келтіру іс-шараларының жүргізілуiн қамтамасыз етедi;

  • табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.


Министрлiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де

орталық атқарушы органдардың құзыретi

Министрлiктер және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына табыс етедi;


  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде негiздеме әзiрлеудi ұйымдастырады, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi және негiздемеге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келiсiмiн алады;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауына берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi, олардың паспорттарын жасауды және тiркеудi қамтамасыз етедi;

  • өздерiнiң қарауына берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық етедi, оларда заңдарда көзделген барлық қажеттi шаралардың жүргiзiлуiне қамтамасыз етедi;

  • өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк есепке алуды және мемлекеттiк есеп деректерiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органға табыс етудi ұйымдастырады;

  • өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша күзет қызметiн құрады және оларға мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.


Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi

1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:



  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын қарайды және келiсiп отырады;

  • жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарына жұмсалатын шығыстарды бекiтедi;

  • атқарушы органдар басшыларының өз қарауындағы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметi туралы есептерiн тыңдайды;

  • өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимi жөнiндегi мiндеттi ережелердi қабылдайды. Ережелер олар жария етiлгеннен кейiн екi аптадан кешiктiрiлмей күшiне енедi;

  • жергіліктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлем ставкаларын белгiлейдi.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар:

  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, осы аумақтарды құру жөнiндегi негiздемелердi келiсiп отырады;

  • мемлекеттiк табиғи-қорық қорық пен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң тiзбелерiн орталық атқарушы органдармен келiсе отырып бекiтедi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жерлердiң резервiн жасауды белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез-келген қызметке осы аймақтардың шегiнде тыйым сала отырып, қорғаныш өңiрлерiн белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

  • жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

  • жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнiндегi шараларды жергiлiктi бюджеттер қаражатынан қаржыландыруды қамтамасыз етедi;

  • жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын жергiлiктi өкiлдi органдардың бекiтуiне ұсынады.


Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің құзіреті.

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзіреті.

  3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзіреті.

  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзіреті.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

Модуль 2. 30-ші жылдарда құрылған мемлекеттік табиғи қорықтар

4 Дәріс. Аксу-Жабағылы табиғи қорығы.

Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: аршарауғашитқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтергрифондаржыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан

2 Сұрақ атауы.

Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималау ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарытоғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.

Ақсу-Жабағылы – елімізде ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі. Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне білгеніне қайран қаласыз. Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ саналар Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу қайнарының бастау көзінде Тұрар Рысқұлов тұрды. Жиырма­сыншы жылдың шіліңгір шілдесінде Талас Алатауының тармақтарына Ташкент университетінен ғалымдар жіберіле бастады. “Музейлер мен ескілік ескерткіштерін, өнер және табиғат байлықтарын қорғау жөнін­дегі Түркістан комитеті” тарапынан 1922-1923 жылдары Түркістан өлкесінің ерекше ендіктері ретінде Тәңіртаудың таңғажайып тұсы жан-жақты зерттеле түсті. Жиырма бесінші жылғы ақпан айында Ақсу-Жаба­ғылы қорығын құруды жедел түрде қолға алу туралы шешім шығарылды. Жиырма ал­тыншы жылдың шілдесіне дейін тыным­сыз жұмыс жүргізілді. Көп ұзамай-ақ Қазақ АКСР басшылығы Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы қаулы қабылдады. Оны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіткен.

Сұрақ атауы 3

Ақсу-Жабағылы қорығы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің арнайы комитетіне қарайды. Елу үш адам еңбек етеді. Күзет бөлімі, экологиялық ағарту және туризм бөлімі, ғылым бөлімі, қаржы және ұйымдастыру бөлімі бар. Он бес кордонның мемлекеттік инспекторлары отбасыларымен бірге тау түкпірлерінде тұрады. “Барлық кордондар күрделі жөндеуден өткізілген, байланыс құралдары, басқа да жағдайлар жасалған, – дейді қорықтың қазіргі директоры Айтбек Меңлібеков мырза. – Қорықтың бас кеңсесін, мұражайды, тағы басқа ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізгеніміз ЮНЕСКО қамқорлығы ая­сын­да бөлінген қомақты қаржының арқасы”.

Қорық басшылығының құрамында Рашид Әбдірайымов, Вагид Мамедов, Халида Қойлыбаева сынды тәжірибелі мамандар бар. Аға ғылыми қызметкер Елена Чаликованың орны ерекше. Жиырма жылдан бері осында еңбектеніп келеді. Зертханашы Анарқұл Қарақұловтың алпыс жасқа толуы аталып өтіп жатыр екен. Біз барғанда. Қырық екі жылын қорық қарекетіне жұмсапты.

“Аңдарды жылына үш мәрте санақтан өткіземіз, — дейді ғылыми қызметкер Ера­лы Қаспақов. – Биотехникалық шаралар­дың ең маңыздысы осы. Көктемде бір күндік санақ жүргізіледі. Бағыттар бойынша. Күзде үш күндік санақ. Бүкіл аумақты атпен аралаймыз. Үшінші санақ алғашқы қардағы аңдардың іздері бойынша өткізіледі. Қанша аю, қанша арқар мен тауешкі, неше елік пен марал, қанша қабан мен қар барысы, тағысын-тағылар бар екенін айтпаймыз (Ералы жымиып қояды). Соңғы бес жылда біраз-біраз өсу байқалуда. Соған қуанамыз”. Баяғы, отыз жетінші жылы аршалы алқаптары ғана қосылған Майдантал аймағы 2005 жылы тұтастай қорыққа қаратылыпты. Ең қиырдағы өңір – осы. Оңтүстігінде Өзбекстан, шығы­сында Қырғызстан жатыр. Майданталға бару мүмкіндігі тек жазда туады. Ол жақта осы уақытқа дейін толыққанды санақ жүр­гізілмепті. Былтыр Ералылар Майданталда барыстың аналығын және аланын (күшігін) көріпті. Екі жүз елу метрдей жерден. Бұл жақтың барысына қарағанда сұрғылттау, теңбілдері жиілеу, құйрықтары қайқылау сыңайлы сезіліпті. Сол сапарда қорықшы­лар арқарды да жиі жолықтырыпты. Бұрын Майданталда арқар жоқ деп есептелетін.

Қорық қызметкерлерінің арасында атқарар жұмыстарына қарай ағылшын тілін меңгергендер баршылық. Экологиялық он бағыт бойынша үш соқпақпен саяхат жасалады. Көбінесе жаяу. Атпен жүретін арнайы бағдарлар белгіленген. Темір көлік бағыттары да тәптіштелген. Туристік бағытпен келген қанша адам болсын, тіпті жалғыз жетсе де, жанына экскурсиялық жетекші-нұсқаушы ілеседі. Шетелдік туристер, әсіресе, Ақсу каньонына көбірек қызығады. Табиғи күйінде сақталған тауды, Ақсудың арналарын, Жабағылы жықпылда­рын, көбелектер мен құстарды, арша мен қызғалдақты, гүлдер мен өзге де ағаштарды таңырқай тамашалап: “Фантастиш!” деп бастарын шайқап, қайран қалып қайтады. Жабағылы ауылындағы Евгений Белоусов­тың қонақ үйі, голландиялық күйеу бала Ламерт Бистің “Руслан” туристік тұрағы, “Бейбарыс” бірлестігінің базасы, Светлана Баскакованың үкіметтік емес ұйымы шетелдіктерге, өзге де саяхатшыларға қызмет етеді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының флорасы.

  3. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының фаунасы.

  4. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының маңызы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет