Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.16 Mb.
бет3/7
Дата15.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 


5 Дәріс. Алматы табиғи қорығы.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылдың 15-мамырында құрылды. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан. Қорық ауданы 73325 мың гектар жерді құрайды. Мұнда 92 мұздық бар. Мысалы, Дмитриева мұздығының ұзындығы 5,14 км және ені 18,8 шаршы км. Талғар массиві Алматы қорығына қарайды. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы, биіктігі 5017 метр. Ірі өзендері: Шілікті, Ыстық, Талғар. Өзендердің барлығы Іле Алатауынан бастау алады. Ірі көлдері - Ақкөл, Бозкөл көлдері. Қорықққа Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар, Іле өзенінің атақты "әнші тауы" Аққұм-Қалқан жатады. Қорықта шамамен отызға жуық кішігірім (0,1 га - 3,8 га) мұзды көлдер бар. Олардың барлығы уақытша ағын су арнасында жатыр. Бұл көлдер негізінен еріген сулармен қоректенеді. Бұл көлдер терең және едәуір көлемді су жинақтайды. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы жалпақ жапырақты және шыршалы ормандар, альпілік шалғындар белдеуі, шатқалдар мен көлдер бойынша өтетін экологиялық маршруттарымен келушілер мен туристерге өте қызықты болып табылады. Қорықтың өсімдіктер дүниесі өте бай. Қорықта табиғат мұражайы бар. Мұражай 1967 жылы құрылған. Мұнда 300-ден астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықтың негізгі мақсаты: Іле Алатауының орталық бөлігінің табиғи кешендерін сақтау. Соның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесінің нысандарын сақтау, бұл кешендердің табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.

Қорық климаты Солтүстік Тянь-Шаньға тән шұғыл континентті. Негізгі ерекшелігі – күн радиациясының едәуір мөлшері мен атмосфера циркуляциясының күрделі маусымдық сипаты. Таудың орта зоналарында климат қоңыржай континентті. Орташа жылдық ауа температурасы төменгі бөлігінде 6°С-8°С-тан 0,8°С-қа дейін ауытқып отырады. Минималды орташа айлық температура қаңтарда, төменгі бөлігінде -4°С, -3°С, ал жоғарғы бөлігінде -9°С-қа дейін төмен болады. Максималды ауа температурасы шілдеде 18,1°С-қа дейін жоғары. Аязсыз мезгіл ұзақтығы 145 күнді құрайды. Жауын-шашын мөлшері орташа жылына 830-870 мм, соның ішінде жылы мезгілде 570-640 мм. Ылғалдылық коэфициенті төменнен жоғарыға қарай 1,15-тен 1,95-ке дейін өзгереді. Қар жамылғысы 160-190 күн жатады, қалыңдығы 60-80 см. Жаздың басы салқын болып келеді, Күн жақсы түседі, бірақ ыстық болмайды. Шілде мен тамызда жауын-шашын аз түседі, кейде, құрғақшылық кезең болады. Қыркүйектің соңына қарай күз мезгілі айқын байқалады. Орташа тәуліктік температура шұғыл төмендей бастайды. Алғашқы қар тау етегіне қараша айының басына қарай түседі, ал 2500 м биіктіктен бастап қыс мезгілі орнығады. Қорықтың биік таулы аймақтарында жаздың өзінде салқын ауа райы орнығады. Жазы қысқа, ауа райы тұрақсыз, ауыспалы болып келеді. Орташа тәуліктік температура шілдеде 5-8°С, күндізгі ең жоғарғы температура 18-20°С. Вегетациялық мерзім қысқа: 53 күн. Қыс мезгілі қаңтардың басында орнайды. Орташа ауа температурасы қаңтарда -10,2-13,9°С, ал минималды қаңтар айының температурасы -34°С. Қар жамылғысының қалыңдығы 65-90 см.

Сұрақ атауы 2

 Қорық флорасы 930 түрден тұрады. Қорық аумағында 13 ағаш, 4 бұта, 3 лиана, 79 біржылдық, 50 екіжылдық және көпжылдық өсімдіктердің 712 түрі бар. Қорық эндемиктері: Альберт сарыгүлі, Мушкетов ақтікені, алматы кекіресі, Семенов кортузасы, алатау бөденегүлі, алматы сарыжапырағы, сарышатыр және т.б. Солтүстік Тянь-Шань эндемиктерінің 15 түрі бар: тянь-шань көкнәрі, ақбасшөп, алматы доланасы, талғар кекіресі, іле көбенқұйрығы, жоңғар үлпілдегі, іле жусаны, жаушымылдық, Островский қызғалдағы және т.б. Қорық флорасы өсімдіктерге бай: Шренк шыршасы, кавказ қаңқасы, алтын жанаргүл, қызыл қоңыр сарғыштық, Сиверс алма ағашы, жасыл құлпынай, кәдімгі өрік, Шмальгаузен ақтаспасы және т.б. Ерекше көңіл мен қорғауды қажет ететін өсімдіктерге ортаазиялық және палеарктикалық түрлер жатады. Олар: сүйелді қайың, орман құлпынайы, қызғылт радиоласы және т.б. Қорық өсімдіктерінің бес түрі әлемнің Қызыл кітабына енген: мұздық ботташық, Островский қызғалдағы, Кауфман иконниковиясы, Мушкетов ақтікені, Семенов кауфманиясы, ал 23 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Колпаковский қызғалдағы, Колпаковский иридодиктиумы, Виттрок рауғашы, сарғылт жанаргүл және т.б

Сұрақ атауы 3



Қорық фаунасы өзінше алуан түрлі. Мұнда ортаазиялық таулы түрлер тараған. Бұл жерді көптеген орман, еуропалық жазықтық және жерортатеңіздік түрлер мекендейді. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі. Қорықта құстардың шамамен 200 түрі бар. Олар: алпілік ұзақ, сақалтай, құр, қаршыға үкі, орманды байғыз, кекілік, балқарағай торғайы, үш ашалы тоқылдақ, қайшыауыз торғай, барылдақ торғай, сазан және т.б. Сирек және жойылып бара жатқан түрге гималайлық ұлар жатады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер бүркіт, сақалтай, көкқұс. Қорықта орман тышқандары өте көп. Мұнда дала тышқандарын да кездестіруге болады. Тышқан тектес кемірушілер жоғарыға көтерілген сайын сирей түседі. Альпілік шалғынында сұр суырды кездестіруге болады. Сонымен қатар мұнда қоңыр аю мекендейді. Қорықтағы аю саны тұрақты: 20-25 бас. Қар барысы негізінен альпілік белдеуде, тек қыс мезгілінде ғана кездеседі. Шыршалы ормандарда, саны шамамен онға жететін түркістан сілеусіні тіршілік етеді. Қорық аумағында сондай-ақ келесі жануарлар түрі кездеседі: қасқыр, түлкі, борсық, марал, сібір тау текесі, елік, қабан, суыр және т.б. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар: тянь-шань қоңыр аюы, тянь-шань тау арқары, тас сусары, ортаазиялық өзен кәмшаты, түркістандық сілеусін, ақ барыс. Ақырындап марал саны өсуде. Қорықта, негізінен шыршалы ормандарында саны онға дейін жететін, жайылып жүрген маралдарды көруге болады. Мұнда жалпы саны шамамен 120-ға жететін бұғылар тіршілік етеді. Жапырақты ормандарды борсық мекендейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Алматы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Алматы табиғи қорығының флорасы.

  3. Алматы табиғи қорығының фаунасы.

  4. Алматы табиғи қорығының маңызы



Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің құзіреті.

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзіреті.

  3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзіреті.

  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзіреті.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 


6 Дәріс. Наурызым табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Наурызым табиғи қорығы.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы, Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік табиғи қорық. 1934 жылы ұйымдастырылды. Жалпы көлемі – 191 381 га, оның ішінде орманды алқап көлемі – 5 772 га, сулы алқап көлемі – 22 354 га. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді.

 Қорық орналасқан аумақтың климаты шұғыл континентті. Қысы суық, ызғарлы, жазы ыстық: температура айырмашылығы үлкен. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 200 – 250 мм. Қаңтар айының орташа температурасы – 17-18°С, ең төменгі көрсеткіш – 45,7°С, шілденің орташа температурасы - 24,2°C, ең жоғарғы көрсеткіш - 41,6°C. Ауаның жылдық орташа температурасы - 2,4°C. Наурызым ауданында аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы – 131 күн (ең азы - 103 күн, ең көбі – 154 күн). Қыс айларында жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, жер қабатының жоғары бөлігінің қатты мұздануымен ерекшеленеді. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының аяғында түседі де, наурыз айының соңына қарай ери бастайды. Қатты аяздың және қар жамылғы мөлшерінің аздығынан топырақтың мұздануы 1 метр төмендіктен асады. Ол әдетте сәуірдің соңғы онкүндігінде толық еріп бітеді. Жылдың жылы кезеңінде антициклон ықпалы төмендейді. Бұл аймаққа маусымдық және жыл бойы жауатын жауын-шашын мөлшерінің қатты ауытқуы тән. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 233 мм, оның 30-40%-ы жаз айларында болады. Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы - 70%, бірақ 38-90, ал кейде 100 күнде ол 30%-ға дейін төмендейді. Күн шуағының ұзақтығы жылына 2000-2400 сағат

Сұрақ атауы 2

 Қорықтың территориясында омыртқалы жануарлардың 351 түрі кездеседі: жыртқыш аңдардың 44 түрі, құстардың 290 түрі, балықтың 11 түрі және басқа жануар түрлері кездеседі. Сирек кездесетін құстардың 44 түрі бар: 36 түрі Қазақстанның, 23 түрі Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Қызыл кітапқа енгізілген ең маңызды түрлері тырна, сұр тырна, дуадақ, безгелдек, ақсұңқар, дала бүркіті болып табылады. Наурызым қорығының эмблемасы – аққу. Алайда, қорықтың символы бүркіт де бола алар еді – мұнда олардың 30 жұбы мекен етеді. Қорықтыңың ең әсем аңдары, Наурызым орманының көркі – еліктер. Қорықтың бірегейлігі – оның су-батпақтық жерлері құстардың ең үлкен миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді. Мұнда тұяқтылардан қабан, кеміргіштерден суыр, қоян, жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, ақкіс кездеседі

Сұрақ атауы 3

Қорықтың флорасында өсімдіктердің 687 түрі тіркелген. Бореальды элементтер мен оңтүстік түрлері (бұйырғын, шеңгел, жібілген және басқалар) керемет үйлесімділік түзеді, олар қорықта таралу аймағынан алшақ кездеседі. Флораның жалпы құрамынан әр түрлі дәрежедегі сирек кездесетін 20 түрі бар. Өсімдік әлемінен Қазақстанның Қызыл кітабына 5 түрі кіреді: қырғыз қайыңы, жалпақ жапырақты шықшылдақ, Мұғалжар ақжапырағы, Шренк қызғалдағы, қатты жапырақты дұғаш. Қызыл кітаптың екінші басылымына ұсынылған тағы мынадай алты түр: қау боз, Биберштейн және жатаған қызғалдақтар, Фишер сүттігені, волга жанаргүлі, сарғылт құндызшөп бар. Бірнеше қазақстандық эндемиктер: Нина және қостанай таспасы, қазақстандық жебіршөп, ұзынжеміс сиякөк сынды өсімдіктер қызықты көрінеді. Ерекше қорғауды қажет ететіндердің барлығы флораның 125 түрі немесе флора түрлерінің 18%-ын құрайды (Иващенко, 1982). Ерекше түрі аққайыңдар – Солтүстік Қазақстан облысының эндемигі. Ол аумақтың шағын ғана бөлігінде өсіп, әлемнің ешбір жерінде кездеспейді. Сонымен қатар қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштары,тек Қиыр шығыста кездесетін малюс боката алмасының жабайы түрлері өседі. Қорықта қарағай мен тірсек ормандары да кездеседі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер


  1. Наурызым табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Наурызым табиғи қорығының флорасы.

  3. Наурызым табиғи қорығының фаунасы.

  4. Наурызым табиғи қорығының маңызы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

7 Дәріс. Барсакельмес табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Барсакельмес табиғи қорығы.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Жалпы қөлемі 160,8 мың гектар. Осы көлемі жағынан Аралдың екінші аралы Қызылорда облысының Арал ауданы аумағының құрамына кіреді. Арал бойлық бағытта 30 шақырымға созылып жатыр, оның ауданы қазіргі кезде 300 шаршы шақырымнан асады және теңіз деңгейінің төмендеуінің үдеуіне байланысты үнемі ұлғаюда. Қорық құрудағы негізгі мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болып табылады. Соңғы жылдары жүргізілген биологиялық сынақтардың салдарынан және арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдайы күрделеніп, қорықтағы біраз жануарларды Балқаш маңы жазығына көшіруге тура келді.

  Барсакелмес қорығының тарихы 1929 жылдан, аралға жайрандар, сайғақтар, сұр қояндар, сұл шілдер, сырдария қырғауылдары әкелінген уақыттан басталады. 1939 жылы қорық құрылды. Оның ашылу сәтіне қарай мұнда 50-60 бас ақбөкен болған. 1953 жылы қорыққа Бадхыздан (Түрікменстан) құландар әкелінді. Осы жердің жағдайларына неғұрлым бейімделген ақбөкендер болып шықты. 1983 жылғы есептің деректері бойынша, аралды 230 ақбөкен, 160 қарақұйрық, 242 құлан мекендеген. Тұщы судың жетіспеушілігіне және теңіз суының тұздылығының артуына байланысты, құландарды аралдан біртіндеп әкету туралы шешім қабылданды. 1990-шы жылдардың аяғында арал материкке қосылды. Қалған жануарлар ішетін су көздерін іздеп, жағалауға ауды.

Жер бедері бойынша Барсакелмес аралы екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстік бөлігі теңіз деңгейінен жоғары максималды көтерілуі 108 метрге дейін көтеріңкі үстірттен тұрады. Солтүстік бөлігі – төмендеу белесті жазық, уақытша су ағыстарының аңғарларымен тілімделген. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс жағалары құм төбешіктер жолағымен көмкерілген. Батысында жолақтың ені 2 шақырымды құрайды, шығысында 200-440 метрге дейін тарылады. Оңтүстік-батыс және оңтүстік жағаларын біртіндеп теңіз бұзуда. Барсакелмес үшін үстіртте және төмендеген жазықта кең таралған қоңыр-сұр топырақтар сипатты. Кәдімгі тақыр-сортаңды (сорлы) топырақтар ең көп таралған. Климаты шұғыл континентті, құрғақ (жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 128 мм). Шілдеде ауаның орташа температурасы +26°C (абсолютті максимум +44°C). Қаңтардағы орташа температура −13°C (абсолютті минимум −36°C).

Сұрақ атауы 2

 Барсакелмес аралының жабықтұқымды өсімдіктерінің флорасына 172 туысқа және 46 тұқымдасқа жататын 257 түр кіреді. Алабұта тұқымдасының өсімдіктері басым - 41 түр. Олардың арасында қара сексеуіл, бұйырғын, баялыш секілді қуаңшылықты сүйетін түрлер бар. Ащышөптердің, алаботаның шөптесін түрлері, сондай-ақ құм және еркек бидайық, Лессинг бозы, баданалы қоңырбас, төбелік анисанта, түкті, шоқ жыңғыл кең таралған. Қара сексеуілден тұратын шөл ормандары аралдың көркі әрі көптеген жануарлар үшін экологиялық пана болып табылады. Әдетте олар биіктігі 2,5 – 3 метрден аспайтын шағын тоғайлар. Фауна айқын көрінетін шөлді сипатқа ие. Барсакелместің фаунасында 18 туыстың 61 тұқымдасына жататын 107 өрмекші түрі, құстардың 211 түрі, сүтқоректілердің 12 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардың арасында ең әдеттегісі тақыр батбаты. Сондай-ақ шіңкілдек жармасқы, Палластың боз жыланы, жебе жылан көп кездеседі. Құмдарда жылдам кесіртке кездеседі. Аралда аққарын ақтіс, қалқанқұлақ кірпі, кешкі маймұрын, сұр қалтауыз, құм саршұнағы, қасқыр, түлкі, сайғақ, жайран мен құлан, аралдың байырғы мекендеушілері – кішкене қосаяқ пен тарбаған мекендейді. Осыдан 74 жылдай бұрын көгілдір Аралдың айдынында пайда болған қорық біртіндеп құрып бара жатқан теңіздің ауыр тағдырына ортақтасуда. Барсакелмес қорығы мәңгіге Солтүстік Арал табиғатының эталоны, оның барлық өзгерістерінің шежіресі болып қала беруге тиіс. Оның ландшафттары, флорасы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар әлмі, соның ішінде шөл тұяқтыларының бірегей кешені сақталып қалуға тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Барсакельмес табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Барсакельмес табиғи қорығының флорасы.

  3. Барсакельмес табиғи қорығының фаунасы.

  4. Барсакельмес табиғи қорығының маңызы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

8 Дәріс. Қорғалжын табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Қорғалжын табиғи қорығы.

Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусанкөкпекбоз селеуқызғылттобылғыбидайықбозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суырықоянкүзенборсықақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрекаққуқаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтанқызыл жемсаулы қарашақазтұрпанқара дегелекбірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Сұрақ атауы 2

Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.

Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.

Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия – Үндістан және Сібір – Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазантырнасавка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер


  1. Қорғалжын табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Қорғалжын табиғи қорығының флорасы.

  3. Қорғалжын табиғи қорығының фаунасы.

  4. Қорғалжын табиғи қорығының маңызы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет