Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.16 Mb.
бет5/7
Дата15.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

10 Дәріс. Үстірт табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Үстірт табиғи қорығы.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, КөкесемКендірліЕлшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.Үстірт шыңдарының бедері алуан түрлі. Олар Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді.

Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы желсу эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақкөкқызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.


Сұрақ атауы 2.

Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңыкәдімгі жұмсақ жемісхиуа сораңымайда қатыранберік сүттіген; құстардан – бүркітжұртшыителгіүкіжорға дуадақлашынқарабауыр бұлдырықдала қыранықарабайжылан жегіш қыранқарақұсқоқиқазсұр тырнасақалтайқылаң қарабас шағалақылқұйрық бұлдырықжалбағайкішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқарқарақұйрыққарақұлақсабаншыитаюшұбар күзеншағыл мысығыақбауыр жарқанат.

Сұрақ атауы 3

Қорық аумағында табиғи – тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар.


  • Қарамая – түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі – бұл пікірді растай түседі.

  • Алуан түсті Көкесем шатқалдары – қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар.Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.

Тарихи ескерткіштерден – Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.

  • Балуанияз - ХIХ ғасыр Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.

  • Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1 км. жердегі төбе басында орналасқан. Х ғасыр ескерткіштерінен басталатын 200 – ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер



  1. Үстірт табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Үстірт табиғи қорығының флорасы.

  3. Үстірт табиғи қорығының фаунасы.

  4. Үстірт табиғи қорығының маңызы


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

11 Дәріс. Батыс Алтай табиғи қорығы.


Сұрақ атауы 1 Батыс Алтай табиғи қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысыныңРиддер (Лениногор), ЗырянГлубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұланмаралелікқұдырқоңыр аюқұнусілеусінбұлғынсасық күзенаққалаққара күзенкәмшаттиіншұбар тышқансуыртүлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.



Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелектундра шілібүркітаққұйрық субүркіт бар

физикалық-географиялық сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Жер бедерінің формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерін картрогцирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісіШайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.

Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ – Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ УбаПалевая РазливанкаЛинейчихаҮлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).

Қорық аумағының гидрологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау - жалпы ауданның қалыпты гидрологиялық режимін қамтамасыз ететін негізгі жағдай.

Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын: күңгіот қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігіндеҚазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.

Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.

Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.

Бұл аумақта жауын-шашынның күшеюін туғызатын фронтальды бөліктердің шиеленісуі болады. Тауаралық қазаншұңқырлармен және кең тауаралық ойпаттармен ауа массасы өздерімен бірге қалың жауын-шашын ала келіп, таудың алыс түкпірлеріне енеді. Әсіресе бұл тұрақсыз атлантикалық ауа массасының енуі кезінде байқалады. Ауа массалары өз жолдарында тау беткейлерімен кезігіп, салқындайды, және бұл да жауын-шашын тудырады. Жер бетінің әртүрлі жамылғысы (шалғын, орман, шабындық және т.б.) жергілікті ылғал айналымын қалыптастыратын конвективті процестерді тудырады, бұл да өз кезегінде жауын-шашынды көбейтеді. Жыл маусымдарына қарай ауа айналымы процестері де әртүрлі. Суық кезеңдерде бұл жердің климатында азия антициклонының батыс сілемдерінің суық, бұлты аз, жауын-шашыны жоқ деуге болатын бірнеше күн бойы сақталатын ауа-райының әсері білінеді. Ылғалдылығы аз солтүстік-батыс және солтүстік арктикалық ауа массасының енуі байқалады. Жылы маусымдарда батыс және солтүстік-батыс бағыттағы циклондардың енуі басым болады, онымен атмосфералық шептердің өтуі байланысты. Ауа-райының фронтальды түрінде әдетте бұлттылық қалыңдай түседі, ал фронтальды бөлік тау жоталарына жақындаған кезде жауын- шашан болады және желдің жылдамдығы арта түседі. Жазда континенталды процестер күшейе түседі, бұл нөсер жауындар мен ақ жауындардың көбеюіне әкеп соғады. Ауаның тиімді температурадағы жоғарғы ылғалдылығы қорықта тайганың қалыптасуын қамтамасыз етіп, орман және шалғын өсімдіктерінің пәрменді дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Сұрақ атауы 2.

Қорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақтыкүңгіртқылқанды тайгасубальпілікальпілікегістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.

Алдын-ала жүргізілген бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)

Сондай-ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер.. Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы - орналасқан, бұл қорық қорғайтын және күзететін өсімдіктер әлемінің ішіндегі қорықтың негізгі байлығы

Сұрақ атауы 3

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы – бірегей табиғат туындысы және оны қорғау ұлттық және жалпымемлекеттік міндет. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы табиғатты пайдаланудан алып қойылған жерлерде орналасқан. Бұрын бұл жерлер қорғауға алынып қойылғанға дейін қатты тозып кеткен еді: осы жерлерде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесулер және аң терісін дайындау кәсіпшілігі жүргізілген болатын. Қорық аумағы арқылы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын орман тасуға арналған жол өтеді. Осы жолмен кесілген ағаш тиелген машшиналар тізбегі жүреді. ҚР Үкіметі 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Риддер - Алтай Республикасының шекарасы» жолын салу туралы шешім шығарды. Қорық жерінің 87 га алынып қойылды. Және де қорық аумағы екіге бөлініп қалды. Қорық аумағын кесіп өтетін 22 км жолды жүріп өткенше бірталай көз қызықтырып еліктіретін нәрселерді байқайсыз.

Бір кездері қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда. Қорық аумағындағы тау беткейлерінің тым тік болуы, сондай-ақ өте алмайтын бақпақты болуы, қорық ормандарын мүлдем құрып кетуден сақтап қалды.

Адамдардан жапа шеккен жаралы табиғат жарасын емдеп, бұрынғы сұлулығы мен байлығын қалпына келтіруге тырысуда. Қазіргі кезде орман жапқан жердің жалпы құрамы 12,5 мың га жерді құрайды (бұл қорық ауданының 20 %). Негізгі орман құрайтын ағаш түрлері:


  • қылқанжапырақты ағаштар: самырсын қарағайы, майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай;

  • жапырақты ағаштар: қайың, көктерек, терек, шетен.

Көлемі бойынша самырсын қарағайлы ормандар бірінші орын алады - 3184 га, майқарағайлы орман - 2353 га, шыршалы ормандар - 1169 га

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Батыс Алтай табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Батыс Алтай табиғи қорығының флорасы.

  3. Батыс Алтай табиғи қорығының фаунасы.

  4. Батыс Алтай табиғи қорығының маңызы


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

12 Дәріс. Алакөл табиғи қорығы.



Сұрақ атауы 1 Алакөл табиғи қорығы.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник}}) , Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасыҚазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ныңҚазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алакөл – Тарбағатай тауының жоталары мен Жоңғар Алатауының аралығында Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ол Балқаш-Алакөл жазығының ең төмен бөлігінде, Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында теңіз деңгейінен 343 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 2700 шаршы шақырым. Оның ұзындығы-120 шақырым, орташа ені - 52 шақырым, судың көлемі - 58,5 млрд.текше метр, судың жиналатын алабының ауданы - 47849 шаршы шақырым, орташа тереңдігі 22,1 метр, ең терең жері 45 метрге барады. Көл ағынсыз, ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Алакөл және Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл сияқты ұсақ көлдер бірігіп Алакөл алабын құрайды. Алакөл Жалаңашкөл және Сасықкөлмен жер асты сулары арқылы сабақтасып, аралары ну қамыспен тұтасып кеткен. Оның ауданы 55 мың шаршы шақырым.

Сұрақ атауы 2

Алакөл мемлекетік табиғи қорығы аумағында суда мекендейтін және жер бетінде мекендейтін омыртқалы жануарлардың 5 классы, 331 түрі мекендейді, оның ішінде балықтың 17 түрі, құстардың 269 түрі, өсімдіктердің 107 түрі, сүтқоректілердің 33 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырмен жорғалау -шылардың 10 түрі кездеседі.

Аумақтың табиғи потенциалы, экологиялық жағдайының әртүрлілігі осында мекендеушілерге әртүрлі биологиялық айналымдардың сатыларын, әсіресе көбею сатысын қарқынды жүзеге асыруғамүмкіндік береді [4, 24 б].

Омыртқасыз жануарлар. 2004 жылдың күзінде Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің құрт-құмырсқалар (бунақденелер) фаунасының жағдайына зерттеу жүргізілген болатын. 13 отрядқа жататын бунақденелердің 11048 түрлері анықталып, жиналған болатын. Тікқанатты жәндіктер - 38.1%, қатқыл - қанаттылар – 17.6%, теңқанаттылар – 12.4%, екіқанаттылар – 12.0%, қабыршақтықанаттылар – 3.4%, жартылайқатқылқанаттылар– 2.5%, шегіртке – 2.4%, дәуіт – 0.8% [4,48].



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет