Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Омыртқалы жануарлар. Балықтар



жүктеу 1.16 Mb.
бет6/7
Дата15.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Омыртқалы жануарлар. Балықтар. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының көлдік бөлігіндегі қазіргі кездегі ихтиофаунасына 17 түр, 6 тұқымдас кіреді. Кестеде көрсетілген түрлердің ішінде қазіргі кезде бастылары: ашық кеңістік үшін – табан балық, ну (қопа) биотоптары үшін – алабұға болып табылады. Тентек өзенінің атырауындағы балықтардың қоғамдастығының түрлік құрамы.

Тентек өзені атырауының ихтиофаунасы алты тұқымдасқа жататын 12 түрден тұрады. 2001-2004 жылдарғы зерттеулерге сай торта (балық) және балқаштық шармайдың тағы екі түрі белгілі болған [4 ,64], 1-қосымша.

Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар.Алакөл ойысында қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 24 түрі кездеседі. Оның ішінде 2-10 түрлері қорықта байқалған.

АМТҚ аумағында мекендейтін қосмекенділердің 2 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген, солардың бірі – даната құрбақа. 1999-2004 жылдар аралығында құрбақа Тентек өзені атырабында кездеспеген, анықтау бойынша ондағы көлдік бақалардың көп болуы себеп болған. Алайда құрбақа сол жылдары өзен аңғарының батыс бөлігінде кездескен. Жеке кезеңдерде бұл құрбақа Алакөлдегі Кішкене Аралтөбе аралының ойпаттық бөліктерінде байқалған.



Құстар.Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі аумағында құстардың 269 түрі, оның ішінде 263 түрі (119 түрі ұялайды) Тентек өзенінде, 88 түрі (48 түрі ұялайды) Алакөл аралдарында мекендейді. АМТҚ-ның аумағында қазіргі кезде Қызыл Кітапқа енгізілген 16 түр ұялайды. Және 8 түр (қызғылт бірқазан, дала қыраны, қыран-қарақұс, бүркіт, қарақұс, сұңқар-ителгі, қылаңтөс немесе қылқұйрық бұлдырық және т.б.) қорықтың шекарасынан тыс жерде ұялайды [5,74] Алакөл қорығы аумағында ұя салатын негізгі құстардың таралуының картасы 2-суретте және 2-қосымшада көрсетілген.

Сүтқоректілер. Алакөл ойысының жазықты бөлігінде сүтқоректің 68 түрі кездеседі. Оның ішінде қорық аумағында қазіргі кезде 33 түрі мекендейді.Қорық аумағында мекендейтін сүтқоректілер тізіміне американдық қаракүзен енгізілмеген, бұл жануар 1980 жылдары тентек өзенінің төменгі ағысынан бірнеше рет табылған. Кейінгі жылдары ол бұл аймақтарға бейімделе алмаған соң, мұнда енді байқалмаған. Және де тізімге Жоңғар Алатауында кездескен манул кірмеген. Ол тек күз-қыс айларында ғана және өте сирек байқалады. Текелі Жалғыз жағдай, манул тек ғана Текелі тауында ұсталып, тіркелген. Жоғалып кеткен аборигендік түрге тұрандық жолбарыс жатады. Ол ХІХ ғасырда Алакөл-Сасықкөл көл жүйесінің қамыстар арасында мекендеген. Өкінішке орай бұл жолбарыс түрінің Алакөл қорығы аумағында соңғы рет қашан байқалғандығы туралы мәлімет жоқ. Алайда 1948 жылға дейін ол Балқаш маңының оңтүстігінде мекендеген [4, 108].
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Алакөл табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Алакөл табиғи қорығының флорасы.

  3. Алакөл табиғи қорығының фаунасы.

  4. Алакөл табиғи қорығының маңызы



Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

13 Дәріс.. Қаратау табиғи қорығы.


Сұрақ атауы 1 Қаратау табиғи қорығы

Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Баялдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорықтың солтүстік шекарасында Бессаз тауы (теңіз деңгейінен 2176 м) орналсқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі - өзіндік қатпарлары болуы. Девон дәуіріндегі әктастың сирек, ал палеозойда тас көмір кезеңіндегі шөгінді жыныстардың көп болуы тән. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер (Түйетас, Хантағы, Кемпіртас, т.б) ерекше көз тартады.

Ауа райы континенттік климат, құрғақ. Жылдық орташа температурасы 8-12°С (қаңтардағы орташа температура -5°С, шілдедегі орташа температура 27°С).
Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400 мм шамасында, таудың жоғары бөлігінде 500 мм, жекелеген жерлерде 700 мм.
Қардың қалыңдығы 20-30 см, желдің орташа жылдамдығы 3-4 м/с.

Қаратау қорығының аласа таулы бөлігі таулы-жусанды белдеуді, ал орта таулы бөлігі дала белдеуін алып жатыр. Жусанды белдеуде кәдімгі сұр топырақ, дала белдеуінде таудың қоңыр және қара топырағы қалыптасқан. Тек Бессаз тауында ғана түрлі субальпі шөптері өскен таудың өзіндік шалғынды-далалы топырағы, ал өзен жағалауы жайылмасында орманды-шалғынды топырақ кездеседі.

Сұрақ атауы 2



Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Қаратау табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Қаратау табиғи қорығының флорасы.

  3. Қаратау табиғи қорығының фаунасы.

  4. Қаратау табиғи қорығының маңызы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

14 Дәріс. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштері. Мемлекеттік қорық өңірлері мен Мемлекеттік ұлттық заказниктер.

Сұрақ атауы 1 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштері.

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер республикалық маңызы бар санатқа ие.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға

бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi:

1) қорық режимiндегi;

2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi:



  • рекреациялық пайдалану;

  • әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы;

  • келушiлер мен туристерге қызмет көрсету;

  • шектеулi шаруашылық қызмет.

2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттiк табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады.

Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi.

3. Шектеулi және дәстүрлi шаруашылық қызмет өңiрлерiнде мемлекеттiк ұлттық парктердiң тұрақты пайдаланылуына берiлген жер учаскелерi сияқты, бұл жер учаскелерiн меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардан алып қоймай, соларға бекiтiлген жер учаскелерi де енгiзiлуi мүмкiн.

4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу шаралары мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.


Сұрақ атауы 2 Мемлекеттік қорық өңірлері мен Мемлекеттік ұлттық заказниктер

Мемлекеттiк табиғи резерваттар

Мемлекеттiк табиғи резерват ұғымы

1. Мемлекеттiк табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады.

Мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын

аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң

ерекшелiктерi

Мемлекеттiк табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:

1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;

2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;

3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;

4) мемлекеттiк табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.



Мемлекеттiк табиғи резерваттарды ұйымдастыру және

басқару ерекшелiктерi

Мемлекеттiк табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.


Мемлекеттiк табиғи парктер

Мемлекеттiк табиғи парк ұғымы

Мемлекеттiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нақ сондай мiндеттер қойылатын және нақ сондай қызмет атқаратын, бiрақ жергiлiктi маңызы бар табиғат қорғау мекемесi мәртебесiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына жататын түрi болып табылады.

Сұрақ атауы 3

Мемлекеттiк табиғи парктердi өңiрлерге

бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи парктерде өңiрлер мемлекеттiк ұттық табиғи парктер сияқты бөлiнедi.

2. Мемлекеттiк табиғи парктер мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер сияқты тәртiппен және нақ сондай жағдайларда пайдаланылады.

3. Қарамағында Мемлекеттiк табиғи парктер бар атқарушы органдар нақты табиғи және әлеуметтiк-экономикалық факторларды, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiнiң жеке ерекшелiктерiн белгiлеуге қақылы.

Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi ұғымы

1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жекелеген объектiлерiн табиғи қалпында сақтауға арналған, қорық режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешендi болуы мүмкiн.

3. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.


Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру

ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi жер учаскелерiнде оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен оны пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.

2. Қарамағында мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi бар атқарушы органдар оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау жөнiнде мiндеттеме жүктеп бередi.

3. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландырудың белгiленген көздерi есебiнен өтеледi.


Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн қорғау

мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң табиғи жай-күй мен сақталуын бұзатын қызметтiң қандайына болса да тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер.

  2. Мемлекеттік ұлттық табиғи ескерткіштері.

  3. Мемлекеттік қорық өңірлері

  4. Мемлекеттік ұлттық заказниктер.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 

15 Дәріс. Мемлекеттік зоологиялық парктер. Мемлекеттік ботаникалық бақтар, Мемлекеттік дендрололгиялық парктер.

Сұрақ атауы 1 Мемлекеттік зоологиялық парктер

Мемлекеттiк зоологиялық парктер

Мемлекеттiк зоологиялық парк ұғымы

1. Мемлекеттiк зоологиялық парк- жануарлар дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми зерттеу мекемелерi мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк зоологиялық парктердi өңiрлерге

бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктерге әдетте елдi мекендердi жерiнен белгiленген тәртiппен тұрақты пайдалануға жер учаскелерi берiледi.

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер мынадай:

1) экспозициялық - жануарларды ұстау мен өсiруге, сондай-ақ жануарларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;

4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде оның мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда ұсталатын жануарлардың жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.



Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарларды өсiру

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүние жүзiлiк фаунадағы жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуы қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер белгiленген тәртiп бойынша жануарлармен импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде малдәрiгерлiк және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарларға арналған питомниктер құрылады.


Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердегi ғылыми зерттеулер жануарларды қамап немесе жартылай еркiндiк жағдайында ұстау мен өсiру саласында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиет шығара алады.

3. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.

Сұрақ атауы 2 Мемлекеттік ботаникалық бақтар



Мемлекеттiк ботаникалық бақтар

Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы

1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге

бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.

2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай

1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;

4) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;

5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер егу

1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.



Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдалану

ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиеттер шығара алады.

3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгiзу мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құра алады.

4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.

Сұрақ атауы 3. Мемлекеттік дендрололгиялық парктер

Мемлекеттiк дендрологиялық парктер

Мемлекеттiк дендрологиялық парк ұғымы

1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесiнiң мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi өңiрлерге

бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып бөлiнедi.

2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Мемлекеттік зоологиялық парктер.

  2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

  3. Мемлекеттік дендрололгиялық парктер.

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. 




  1. Тәжірибелік сабақтар.

Тәжірибелік сабақ №1



Тақырып 1. Табиғат жылнамасының мәні және оған қойылатын талаптар Табиғат жылнамасын жүргізу.

№1 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар



Сабақтың мақсаты: Табиғат жылнамасының мәні және оған қойылатын талаптармен танысу. Табиғат жылнамасын жүргізу әдістерін зерттеу.

№1 сабақта орындайтын тапсырмалар



    1. Табиғат жылнамасының мәні және оған қойылатын талаптармен танысу.

    2. Табиғат жылнамасын жүргізу әдістерін зерттеу

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат жылнамасының мәні және оған қойылатын талаптар.

  2. Табиғат жылнамасын жүргізу әдістерін зерттеу

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №2

Жыл мезгілдерінің метерологиялық сипаттамасы. Қыс. Көктем.Жаз.Күз. Сулары.

№2 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінің метерологиялық сипаттамасын беру. Қыс. Көктем.Жаз.Күз. Суларына сипаттама беру.

№2 сабақта орындайтын тапсырмалар



  1. Жыл мезгілдерінің метерологиялық сипаттамасын беру.

  2. Қыс. Көктем.Жаз.Күз.

  3. Суларына сипаттама беру

Бақылау сұрақтары:

  1. 1 Жыл мезгілдерінің метерологиялық сипаттамасы.

  2. Қыс. Көктем.Жаз.Күз.

  3. Сулары.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №3

Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу Журналы, бланктерді сақтау, беру және есептеу тәртібі.

№3 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу Журналы, бланктерді сақтау, беру және есептеу тәртібімен танысу.

№3 сабақта орындайтын тапсырмалар



  1. Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу журналын құру.

  2. Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу бланктерді сақтау, беру және есептеу тәртібімен танысу.

Бақылау сұрақтары.

1. Бұзушылықтарды, заң бұзушылардан алынып қойылған заңсыз табиғатты пайдалану құрал саймандары және өнімдерді тіркеу Журналы, бланктерді сақтау, беру және есептеу тәртібіне жалпы сипаттама берініз.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №4

Ақсу-Жабағалы қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№4 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Ақсу-Жабағалы қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№4 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Ақсу-Жабағалы қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Ақсу-Жабағалы қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Ақсу-Жабағалы қорығының фаунасына сипаттама берініз



Бақылау сұрақтары.

  1. Ақсу-Жабағалы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Ақсу-Жабағалы табиғи қорығының флорасы.

  3. Ақсу-Жабағалы табиғи қорығының фаунасы.

  4. Ақсу-Жабағалы табиғи қорығының маңызы.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №5

Алматы қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№5 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Алматы қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.
№5 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Алматы қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Алматы қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Алматы қорығының фаунасына сипаттама берініз



Бақылау сұрақтары.

  1. Алматы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Алматы табиғи қорығының флорасы.

  3. Алматы табиғи қорығының фаунасы.

  4. Алматы табиғи қорығының маңызы.

Тәжірибелік тақырыбы №6

Наурызым қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№6 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Наурызым қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№6 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Наурызым қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Наурызым қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Наурызым қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары.



  1. Наурызым табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Наурызым табиғи қорығының флорасы.

  3. Наурызым табиғи қорығының фаунасы.

  4. Наурызым табиғи қорығының маңызы.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №7

Барсакельмес қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№7 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Барсакельмес қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№7 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Барсакельмес қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Барсакельмес қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Барсакельмес қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары.



  1. Барсакельмес табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Барсакельмес табиғи қорығының флорасы.

  3. Барсакельмес табиғи қорығының фаунасы.

  4. Барсакельмес табиғи қорығының маңызы

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №8

Қорғалжын қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№8 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Қорғалжын қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№8 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Қорғалжын қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Қорғалжын қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Қорғалжын қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары.



  1. Қорғалжын табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Қорғалжын табиғи қорығының флорасы.

  3. Қорғалжын табиғи қорығының фаунасы.

  4. Қорғалжын табиғи қорығының маңызы.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №9

Марқакөл қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы

№9 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Марқакөл қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№9 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Марқакөл қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Марқакөл қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Марқакөл қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары:


  1. Марқакөл табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Марқакөл табиғи қорығының флорасы.

  3. Марқакөл табиғи қорығының фаунасы.

  4. Марқакөл табиғи қорығының маңызы

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №10

Үстірт қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№10 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Үстірт қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№10 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Үстірт қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Үстірт қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Үстірт қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары:


  1. Үстірт табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Үстірт табиғи қорығының флорасы.

  3. Үстірт табиғи қорығының фаунасы.

  4. Үстірт табиғи қорығының маңызы

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №11

Батыс- Алтай қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№11 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Батыс- Алтай қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№11 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Батыс- Алтай қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Батыс- Алтай қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Батыс- Алтай қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары:



  1. Батыс- Алтай табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Батыс- Алтай табиғи қорығының флорасы.

  3. Батыс- Алтай табиғи қорығының фаунасы.

  4. Батыс- Алтай табиғи қорығының маңызы.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №12

Алакөл қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№12 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Алакөл қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№12 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Алакөл қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Алакөл қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Алакөл қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары:



  1. Алакөл табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Алакөл табиғи қорығының флорасы.

  3. Алакөл табиғи қорығының фаунасы.

  4. Алакөл табиғи қорығының маңызы

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №13

Қаратау қорығының жалпы сипаттамасы. Флора және фаунасы.

№13 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Қаратау қорығына жалпы сипаттама беру. Флора және фаунасын зерттеу.

№13 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Қаратау қорығына жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Қаратау қорығының флорасына сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Қаратау қорығының фаунасына сипаттама берініз

Бақылау сұрақтары:



  1. Қаратау табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

  2. Қаратау табиғи қорығының флорасы.

  3. Қаратау табиғи қорығының фаунасы.

  4. Қаратау табиғи қорығының маңызы

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №14

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштердің, қорық өңірлері мен ұлттық заказниктердің жалпы сипаттамасы

№14 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштер, қорық өңірлері мен ұлттық заказниктеріне жалпы сипаттама беру.

№14 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Мемлекеттік ұлттық табиғи ескерткіштерге жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Қорық өңірлеріне сипаттама берініз.

Тапсырма 4. Ұлттық заказниктерге жалпы сипаттама берініз.

Бақылау сұрақтар:


    1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер.

    2. Мемлекеттік ұлттық табиғи ескерткіштер.

    3. Қорық өңірлер.

    4. Ұлттық заказниктер.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №15

Мемлекеттік зоологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың, дендрололгиялық парктердің жалпы сипаттамасы.

№15 Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Мемлекеттік зоологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, дендрололгиялық парктеріне жалпы сипаттама беру.

№15 сабақта орындайтын тапсырмалар

Тапсырма 1. Мемлекеттік зоологиялық парктерге сипаттама берініз.

Тапсырма 2. Мемлекеттік ботаникалық бақтарға жалпы сипаттама берініз.

Тапсырма 3. Мемлекеттік дендрологиялық парктерге сипаттама берініз.



Бақылау сұрақтар:



    1. Мемлекеттік зоологиялық парктер.

    2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

    3. Мемлекеттік дендрологиялық парктер.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Кіріспе
Өздік жұмысы бұл білім алушылардың барлық өздігінен жүзеге асыратын қызметтерінің жиынтығы, ол аудиториялық сабақтар (дәрістер, практикалық және семинарлық сабақтар, зертханалық жұмыстар) барысында да, сонымен қатар сабақ кестесінен тыс (білім алушылардың оқытушымен бірге өздік жұмысы, білім алушылардың өздік жұмысы) орындалады. Білім алушылардың өздік жұмысының мақсаты:

- теориялық білімді тереңдеті, бекіту, жүйелеу, кеңейту, практикалық біліктілігін кәсіби қызметі шеңберінде ұштау;

- нормативті құжаттарды, анықтамалық және арнайы әдебиеттерді қолдануға қажетті іскерлігін қалыптастыру;

- білім алушылардың белсенділігін, олардың шығармашылық және дербестігін жетілдіру;

- дербес ойлау және өзін өзі жетілдіру қабілеттіліктерін қалыптастыру;

- ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттіліктерін жетілдіру.

«Қорық ісі» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысы дербестікті, жауапкершілікті, ұйымдастырушылықты дамытуға, оқу және кәсіби дәрежедегі мәселелерді шығармашылық тұрғыда шешуге жағдай жасайды, білім алушылардың келешектегі кәсібіне қажетті білімдері мен ауылшаруашылық ғылымы саласындағы білімдерді өздігінен игеруіне көмектеседі.

Пәнді оқыту мақсаты студенттерге ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, ұлттық табиғи бақтар, қорықтар туралы және оларды басқарудың әдістері туралы біліммен қаруландырады. СӨЖ электронды формада, мерзімінен қалмай жасалу,а міндетті. Кешігіп жасалған жұмыстар автоматты түрде төмен бағаланады.

Өздңк жұмыстарды бақылау өздік жұмыстарды қорғау, рефераттарды талқылау және сұхбаттасу түрінде жүзеге асуы мүмкін.

2 Өздік жұмыстың тақырыптары

Өздік жұмысына келесі қызмет түрлерін жатқызады:

- дәріс материалдарын пысықтау;

- дәрісте айтылмаған материалдарды программалық оқулықтар арқылы зерделеу;

- зертханалық және тәжірибелік сабақтарға дайындалу;

- пәннің жеке тақырыптары бойынша презентациялар;

- рефераттар;

- пәннің бөлімдерін өздігінен зерделеу.

Өздігінен пысықтауға арналған өздік жұмыс тақырыбының тізімі


  1. Қорықтардағы жыртқыш аңдарды есепке алу

  2. Қорықтардағы кеміргіштерді есепке алу

  3. Қорықтардағы жүптұяқтыларды есепке алу

  4. Қорықтардағы тақтұяқтыларды есепке алу.


3 Өздік жұмыстың орындау бойынша ұсынымдар мен тапсыру мерзімі

· қажет әдебиетті таңдау, өздік жұмысын орындау нұсқаулықтары мен курстың мазмұнын оқып білу;

· өздік жұмысының толық жоспарын құрастыру;

· сұрақтың теориялық бөлімін баяндау;

· нақты материалды қолданып практикалық мысалдар келтіру (материалды алынған дереккөздерімен бірге қосымша енгізу);

· рефератты немесе презентацияны рәсімдеу;

· оны оқытушыға тексеруге жіберу.

Жұмыс тиянақты әрі сауатты, нақты және анық жасалуы керек, сөздерді өз бетімен қысқартуға (жалпыға ортақ қысқартулардан басқа) тиым салынады.

Тексеруге қабылданбайтын жұмыстар:

· тақырыпқа сай емес жасалған;

· сауатсыз әрі анық емес жазылған.

Өздік жұмысы электронды түрде өткізіледі, міндетті әрі белгіленген мерзімде салынуы тиіс (4 және 6 апта, 12 мен 14 апа). Кеш өткізілген жұмыстар автоматты түрде төмен бағаланады.



4 Өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар.

Өздік жұмысы А4 форматты қағазда басылған түрінде жасалады. Негізгі беті кафедраның жалпы талаптарына сай рәсімделеді. Онда оқу орнының атауы, кафедра атауы, жұмыс жазылған пәннің атауы, оқытушының аты-жөні, студенттің аты-жөні, топтың номері, рефераттың тақырыбы, оқу орны орналасқан қала атауы, жұмыстың жазылған жылы көрсетіледі.

Жұмысты рәсімдегенде, беттерді номерлеу керек, беттің номері үстінгі оң жақ бұрышта араб сандарымен беріледі. Ені: сол жағы З0 мм; оң жағы 15 мм; жоғарғы – 20 мм; төменгі – 20 мм.

Қажет болса, қосымша сызбалар, схемалар, суреттермен нақты және тиянақты толықтыруға болады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиетті көрсету.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет