?аза?Стан республикасы білім ж?Не ?Ылым министрлігі



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/5
Дата21.02.2019
өлшемі0.7 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5


«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы:

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2012 жылғы 10 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулармен)

- Жоғары білім берудің МЖББС негізінде ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 бұйрығымен (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 өзгертулерімен мен толықтырулармен),

- Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның 2016 жылғы 16 наурыздағы Ұлттық біліктілік шеңбері

- «Педагогтің» кәсіби стандарты 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша,

- ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2012 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы №90),

- №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы),

- типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.

«5В010300 – «Педагогика және психология»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны –164 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары.

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульді сипаттауға арналған формулярлар.

Модуль 1. Қоғамдық-саясаттық

Модуль 2. Жаратылыстану-гуманитарлық

Модуль 3. Кәсіби тілдік

Модуль 4. Психологиялық-педагогикалық

Модуль 5. Педагогика

Модуль 6. Педагог-психолог қызметінің теориясы мен практикасы

Модуль 7. Білім берудегі менеджмент

Модуль 8. Оқыту әдістемесі

Модуль 9. Педагог - психологтың кәсіби құзыреттілігі

Модуль 10. Білім берудегі инновациялық процестер

Модуль 11. Құжаттану

Модуль 12 Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кестесі.



1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазым тізбесі:

Бакалавриат түлегіне «5В010300 – Педагогика және психология» мамандығының «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы: білім беру ұйымдарындағы оқу - тәрбие процесін жобалауды; тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеуді, дамыту және түзету бағдарламасын өңдеуді, білім алушылардың жас және жеке ерекшіліктерін есепке ала отырып білім беру іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары:

«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:

- мектепке дейінгі ұйымның барлық түрлері (балабақша, шағын орталықтар);

- жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде мектеп-лицей, мектеп-гимназия, шағын комплектті мектеп, санаториялық мектептер, спорттық мектеп, балалар үйі;

- арнайы түзету ұйымдары (мектеп-интернаттар, ақыл ойы және дене дамуында ауытқуы бар балалармен жеткіншектерге арналған сыныптар);

- бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдары (лицей);

- орташа кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер).

- қосымша білім беруді ұйымдастыру



1.2.3 Кәсіби қызмет пәні:

«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні болып табылады:

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру жолдары;

- оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері; оқу және педагогикалық қызметтің шарттары;

- оқушылардың тұлғалық және кәсіби күш-қуаты; оқушылар мен тәрбиеленушілердің күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту мақсатында психиканың тұлғалық және когнитивті аймақтарын зерттеу; тұлғалық-бағдарламалық білім беруді жүзеге асырудың дербес және дифференциалдық жолдары.

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері:

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

– ұйымдастырушылық -технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыру);

– өндірістік – басқару («субъект-субъектінің» әрекеттесуі);

– жобалау (білім беретін ұйымдардағы педагогикалық үдерісті моделдеу);

– білім беру (оқу-тәрбие, диагностика, түзету-дамыту, кеңес беру, мәдени-ағартушылық, мамандар даярлау және қайта даярлау);

– ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу жобаларды ұйымдастыру, модельдеу және жүзеге асыру, ғылыми-әдістемелік білім беру және кеңес беру).

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары:

«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады:

- білім беру-тәрбиелеу – балалар мен ересектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне мақсатты психологиялық-педагогикалық ықпал жасалуын қамтамасыз етеді, педагогтар мен ата-аналардың психологизациясын қамтамасыз етеді, біртұтас педагогикалық үдерістің гуманизациясы бойынша кеңес береді, бала тұлғасының мүмкіндіктерін дербес даму субъектісі ретінде пайдаланады;

- диагностикалық – оқушылар мен тәрбиеленушілердің дербес-типологиялық, тұлғалық және жас ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әлеуметтік-психологиялық факторларын, шарттары мен проблемаларын зерттейді;

- ұйымдастырушылық – кәсіби қызметтің әралуан түрінде балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады (оқу үдерісі, факультативтер, үйірмелер, іскерлік ойындар, түзетуші-дамытушы топтар, әлеуметтік-психологиялық тренингілер, консилиумдер және т.б.), баланың психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешу үшін білім беру ұйымдарының мамандары мен ата-аналардың әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

- болжамдық – педагогикалық үдерісті бағдарлауға, болжауға және жобалауға қатысады, оның нәтижесінің көрсеткіштерін жасауды қамтамасыз етеді;

- ескерту-профилактикалық және психотерапевтикалық – ескерту мен теріс ықпалдардың алдын алудың психологиялық-педагогикалық механизмдерін есепке алады және әрекетке түсіреді; педагогикалық үдерісте тұлғаны психологиялық қолдау мен психологиялық көтермелеуді ұйымдастырады; өзінің кәсіби міндеті бойынша психологиялық-педагогикалық проблемалардың алдын алуға, оларды туындататын себептерді жоюға, балалардың мінез-құлқында, дамуы мен қарым-қатынасында орын алатын ауытқушылықты болдырмауға ықпал жасайды;

- ұйымдастырушы-коммуникативті – оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық пайдалы коммуникация қалыптасуына, «педагог – педагог», «педагог – оқушы», «педагог – ата-ана» жүйесінде әрекеттесудің тиімділігін көтеру мақсатымен іскерлік және тұлғалық қарым-қатынастарды реттеуге көмегін тигізеді.



1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;

- отандық және әлемдік стандарттардың талаптарына сәйкес білім берудің сапалық деңгейін көтеру;

- озық психологиялық педагогикалық технологияларды меңгеру және оны тәжірибелік іс әрекетке ендіру;



- педагогика және психология саласында ғылыми зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу .

  1. Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім берудің көп деңгейлі жүйесі жағдайында педагог-психологты даярлау; ғылыми-әдіснамалық көзқарасын дамыту; кәсіби құзыреттіліктерді дамыту негізінде бәсекеге қабілетті бітіруші түлектерді қалыптастыру.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, туған және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білімдерді, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, нақтығылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдануды үйрену, болашақ информатика мұғалімдерінің жобалық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру үшін, онлайн форумдарды және семинарларды, виртуалды оқыту түрлерін ұйымдастыру үшін Web, желілік және мультимедиялық технологияларды игеру, АКТ қолдану, білім берудің белсенді түрлерін техникалық қолдау үшін интерактивтік тақта және мультимедиялық проектор, әртүрлі ақпаратты өңдеу дағдыларын игеру, соның ішінде: цифрлық, мәтіндік, графикалық және визуалды, гипермедиялық ақпаратты және мәліметтер қорын алу, шығару және жүйелеу; мультимедиялық ресурстарды және БАҚ қолдану; Ғаламторда және мәліметтер қорында ақпаратты іздеу тәсілдерін білу: цифрлық және Ғаламтор-дереккөздерден мәліметтерді табу, іріктеу және өңдеу; модельдерді қолдану және объектілерді модельдеуді орындау, мультимедиялық көрсетілімдерді жасау тәсілдерін меңгеру; заманауи программалық платформаларда программалау дағдыларын білу, қоғамдағы ақпараттық процесстер рөлін түсінуді білім алушылардың бойында қалыптастыру, адам қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды қолдану келешегін және технологиялық мүмкіндіктерін білу; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы білім алушылардың алгоритмдік және оперативті ойлау, логикалық, зиялылық және шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтары, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

  • - кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білім негіздеріне ие болу, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикада мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.



4. Білім беру бағдарламасының мазмұны


Қалыптастырылатын құзыреттіліктер

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

Кредит көлемі

семестр

Оқыту нәтижелері

Білуі тиіс, білікті болуы тиіс, дағдылары болуы тиіс

Құзыреттілік

KZ

TS








1.Қоғамдық-саясаттық

Білуі тиіс: ХХ және XXI ғасырдың басында егемен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы ең маңызды уақиғалар мен маңызды кезеңдерді; философияның фундаменталды дүниетанымдық ұғымдарын, әлеуметтік жаңғыру аясында мемлекеттің саяси негізгі принциптерін,

әдістерін, тұжырымдамаларын, саясаттану теориясын; қоғамдық сананы жаңғыртумен байланысты бағдарламалық құжаттар.



Білікті болуы тиіс: жалпы құбылыстар мен жекелеген тарихи деректерді сәйкестендіру; қазіргі тұжырымдамаларды сыни талдау, қазіргі әлемде болып жатқан процестер мен құбылыстарды талдау және теорияларды.

Дағдылары болуы тиіс: мерзімдік басылымдар мәліметтері және тарихи мәлімет көздерімен жұмыстар; тесттік және жағдаяттық тапсырмаларды орындау, заманауи әлемнің өзекті мәселелерін философиялық тұрғыдан шешу; әлеуметтік зерттеуді өткізуге бағдарламаларды құрастыру және алынған мәліметтерді талдау және өңдеу.

- заманауи қоғамды зерттеуде теориялық және эмпирикалық білімді, Қазақстанның рухани модернизациясын жүзеге асырудың негізгі ұстанымдарын қолдану;

- маңызды тарихи құбылыстарды талдай және бағалай білу; олардың себепті, бірізділік байланыстарын түсіндіру;

- Қазақстанның модернизациялық қоғамын жүзеге асырудың тарихи әлеуметтік процестерін зерттеу барысында туған мәселелерді тиімді шешу.


ЖББ/МК

KKZT1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)

емтихан

3

5

1

-күрделі тарихи процестерді талдау;

- жаңа дүниетанымдық ойларды қалыптастыру үшін алған білімдерін қолдану;

- қазақстандық қоғамды дамыту үшін әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жобалау;

- кәсіби іс-әрекетте теориялық білім мен іскерлктерді қолдану;



ЖББ/МК

Fil2102

Философия

емтихан

3

5

4

ЖББ/ТК

Saya2103
KRZh2103
Ale2103

Саясаттану
Қазақстанның рухани жаңғырылуы
Әлеуметтану

емтихан


3

5

4

Жалпы модуль бойынша
















9

15







Каталог: file -> facultet -> ped -> obraz prog
obraz prog -> Білім беру бағдарламасы негізінде: ҚР «Білім туралы»
facultet -> «5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
facultet -> «5В020200- халықаралық қатынастар»
facultet -> Білім беру бағдарламасы «6М050400 Журналистика»
facultet -> «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс техгологиясы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған. «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
obraz prog -> «5В010500 – Дефектология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы: «Білім туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет