Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


- Дəріс. Сырғанау мойынтiректердің түйіндерін жинақтау



жүктеу 1.46 Mb.
бет7/9
Дата01.10.2017
өлшемі1.46 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

11- Дəріс. Сырғанау мойынтiректердің түйіндерін жинақтау

Жабдықтарды құрастыру кезінде мойынтректі түйiндердi құрастырумен кездеседi:

а) iрi мойынтректерді құрастыру кезінде;

ə) жабдықтарды жөндеу кезде мойынтректі түйіндерді іске қосқанда

ақаулықтармен пайда болумен байланысты ;

б) мойынтректі түйiндерiн реттеу кезінде;

в) жабдықтың жөндеу кезінде;

Мойынтректі түйiндерді құрастыру келесi операциялардан тұрады: а) үйiндердi жинақтауға дайындық;

ə) бiлiктерi бар iшкi сақиналардың түйiндесi немесе цапфалармен;

б) конустары бар сыртқы сақиналардың түйiндесi немесе күпшектермен;

в) мойынтректі түйiндерді реттеу. Дайындау операциялары


  1. Мойынтректердің бөлшектерiн тексеру. Сақиналардың жұмыс беттерінің жəне денелердің домалау, сызаттардың жоқтығына, бурттардың сынықтарына, жұмыс беттерінде коррозия, сепараторда жəне домалау денелерiне сапасына көңіл бөлу өте қажет.

  2. Радиальды мойынтiректердi жетiлудi жеңiлдiктiгін тексеру. Қолдан сыртқы немесе iшкi сақинаның айналуларымен жүзеге асыру.

  3. Мойынтректердің сақиналарында (мойынтректердің нөмiрi, жасау зауыт жəне жылы) таңбаның бар болуын тексеру.

  4. Домалау мойынтiректерi тек қана құрастырудың алдында бумадан алуға ұсынылады. Бумадан шешiлген мойынтрек жанармай жəне ыстық минерал май немесе тек қана минерал майда араластырғышта жуулу керек.

  5. Мойынтiректердi жуу.

Мойынтiректердi таза шелекте немесе бөшкеде, оған жеткілікті 6-8% мөлшерлі жанар майды құяды, жеңiл минерал майды, мысалы индустриалды «12» немесе «20», содан соң мойынтiректердi (орташа жəне кіші өлшемді) қоспаларға батырады, iшкi сақинаны ұстап тұрумен, ақырын сыртқы сақинаны айналдырады сепараторды, жолдарын жəне мойынтiректің дене тербелісін майлардан толығымен тазартқанша.

Егер мойынтiректер қатты ластаса, онда бұзылған жерлерін қатты бөлшектермен ластарды жылтыранған жұмыс беттерін оларды айналдырмай, жанармайда алдын ала үлкен бөліктен ластарды мұқият жуу керек.

Бiр уақытта жуылатын мойынтiректерді екi жуу ваннасы қолдануға ұсынылады: алдын ала жəне соңғы жуу үшiн. Жуылған мойынтiрек-терді ванналардан шығарып алады, жанармайлардан ағызып верстақта кептiру үшін жайып, жабулы таза қағазбен жинақтайды.

Мойынтiректерді ыстық майда металлдық ванналарда электр немесе буқыздырумен жууды жүргізеді. Мойынтiректерді жумауға да болады, егер олардың орамасы бұзылмаса, ал майы қатпаған.

6. Отырғызылатын орындарын дайындау. Домалау мойынтiректердi бiлiкке жəне корпусқа отырғызылатын орындарын дайындау жəне тексеруден кейін құрастыруға болады. Мойынтiректерге отырғызылатын орындар таза өңдеулi болу керек. Тексерудi корпусқа жəне бiлiкке отырғызылатын орындарын мұқият байқауларымен жүзеге асырады, шет (беттi, керу жəне дистанциялық төлкелерді т. б.) бөлшектердi мойынтректермен бүйірлерін мұқият тексереді. Мойынтiректердің беттерінде айқындалған забоин жəне коррозионды дақтар міндетті түрде жойылу керек.

Забоиндарды жəне қабыршақтарды егеумен № 000 зiмпаралы терiсiмен егеуiнен сөзсiз тазалаумен дербес егеулермен алып тастайды. Бiлiкте жəне корпуста барлық майлаушы арналарын тексеру керек, қысылған ауамен үрленген жəне таза болу керек.

Отырғызылатын орындардың ақауларын түзетуден кейiн механикалық өңдеумен жəне бөлшектердің оларымен жанасатын, жоңқалардан, құмнан, үзінділерден-(опилок) керосинмен жуады, құрғақ таза майлықтармен құрғатып сүртеді жəне біліктің түзу сызықтығын тексереді, сопақтық жəне конустық біліктің отығызу орнын, корпуста отырғызу тесіктерін (штихмаспен немесе калибрмен) беттердің перпендикулярлығын, оске айналдыру треуіш иығын жəне радиусын иықты біліктің қайсысы мойынтректің радиусынан кіші болу керек. Мойынтіректер, отырғызылатын орындар жəне түйiндестiрiлетiн бөлшектің дұрыс өңделмегені, конустықтығы жəне сопақтықтығы болуынан, шеттен тыс шығатындардан мойынтректерді жинақтауға рұқсат етiлмейдi. 7 . Отырғызылатын орындардың біліктің жəне корпустың жұқа қабатпен жабылған майларды, сонымен бірге түйiндестiрiлетiн мойынтректермен бөлшектер. Күмiсті графитпен немесе минерал майды қоспамен майлау.


  1. Мойынтректердi нығыздаумен.

Мойынтректердiң iшкi сақиналары бiлiктiң иықтарына тығыз нығыздалып тiрелу керек. Ныздалынбаған мойынтректердi мыс жалғамасы арқылы балғашықтың соғумен суық күйде нығыздалынады.

7 кесте


Мойынтрек бiлiктiң иықтарына ішкi сақинаның тiрелуiнің

шақтамалы ауытқулары



Біліктің диаметрі, мм

Максималды шақтамалы саңылау, мм

Шақтамалы соғу, мм

Радиалды жəне радиалды-треуішті

Треуішті мойынтректер

50 дейін

100 дейін

250 дейін

600 дейін



0,03

0,04


0,05

0,07


0,01

0,016 0,02

0,035


0,004

0,006


0,01

0,012


Дұрыс отырғызылған мойынтрек жақсы бекiтілу керек осьтік бағытта. Осьтік бекітпенің сенiмдiлiгiн ең жұқа сүңгiмен тексередi - саңылау болу тиiстi емес.

  1. Домалау мойынтiректерiнiң түйiнiндегi мүшелену корпуста керiлiспен iске асады, керiлiспен бiлiкке жəне корпусқа.

Монтаждың жеңiлдiк мақсаттарында бiлiкке қоюды алдында жəне бұзудан аман болу үшiн отырғызатын орындардың бiлiкке, барлық майда жəне орташа мойынтректер тiкелей отырғызуларда жəне барлық iрi мойынтректер қандай да болмасын отырғызуда минералды майда қыздырады, температурасы 100°С аспау керек.

Білікке мойынтіректерді отырғызу əдiстерi

1 . Мойынтректерді бiлiкке отырғызудың ең жақсы тəсілі өте дəл оларды отырғызу қамтамасыз ететiн баспақтың көмегімен нығыздау болып табылады. Бiлiктің аса үлкен емес габариттi өлшемдерiнде мойынтректерді баспақтың көмегімен келесі тəсілдермен жинақтайды:

1) бiлiкті қозғалмайтынға орнатады жəне оған мойынтректі баспақтайды; 2 ) мойынтректі қозғалмайтынға орнатады жəне оған білікті баспақтайды (33,а сурет).

Баспақтау кезде мойынтректің жəне біліктің орналасу остестігін қамтамасыз ету қажет, өткені iшкi сақинаның қиғаштанулары білікті отырғызу-ды қиындатады, отырғызу мойынының формасына қажамаларды-(задиров) алып келедi, ал кейде мойынтректердің iшкi сақиналарын үзiлуiне алып келеді.



33 сурет. Бiлiкке домалау мойынтiректердi отырғызу əдiстерi

2 . Бiлiкке мойынтректерді арнайы монтаждық құбыр көмегiмен баспақтайды (33ə, сурет).

Сақиналардың қиғаштанудан сақтау үшiн, сынған шариктерді немесе арналардың қирауы мойынтректерді соғумен баспақтауға рұқсат етілмейді. 3 . Баспақтың жоқтығы жағдайда немесе оны қолдану мүмкiн еместiгiнiң жағдайында (33 б, сурет) арнайы монтаждық құбырдың бекітпесімен (33,в сурет) жəне балғашықпен мойынтректерді құрастыруға болады.

Бiлiкке мойынтректерді жинақтау кезінде қағу талдың арқасында қадағалау керек, iшкi сақинаның бүйіріне тығыз, шетi сепаратор немесе сыртқы сақинаға тимеу керек. Балғашықпен соққылары iшкi сақинаның шетiнiң дөңгелегiнiң қарама-қарсы нүктемен бiр қалыпты жəне кезекпен келтiру керек.

Егер мойынтрек корпусқа жылжымайтын отырғызумен құрастырылады (бiлiкте жылжымалы отырғызуда), онда монтаждың барлық əдiстерi болуы мүмкін. Мойынтректерді корпусқа отырғызу үшiн көпшілік жағдайларда арнайы монтаждық құбырларды немесе құралбіліктерді, сəйкесiнше өзгертiлген өлшемдермен бiлiкке құрастырылады.

Мойынтректі жинақтауда қажетті кезде керіліспен бiлiкке жəне корпусқа монтаждық құбырдан күштердi беру үшiн бiр уақытта мойынтректің екі сақинасына құбырдың бүйіріне фланецті (33 в, сурет) пiсiредi.

Бiлiкке мойынтректің жанасуы қалыңдығымен 0,03 мм-ге дейiн сүңгі көмегімен тексередi. Дұрыс баспақтау кезінде сүңгiш мойынтректердің жəне біліктің иықтарын немесе корпусын жазықтықтарымен арасында өтпеу керек. Егер мойынтрек аяғына дейін баспақталмаса, онда оны суық күйінде балғашықтың соққыларымен мыс жалғамасы арқылы баспақтау керек.

Білікті мойынтректерімен корпусқа орнатудан кейін жəне құрастыруларды бөлшекпен жанасқандарды, айналмалы бөлшектер жылжымайтын бөлікке жанаса ма жəне мойынтректеге майлардың қамтамасыз етілгенін тексеру керек.

Нығыздағыш құрылғыларды құрастыруды жəне əсіресе саңылауларды лабиринтты нығыздағышты мұқият тексеру керек. Мойынтіректің жұмысын тексеру

Дұрыс құрастырылған мойынтрек тегiс, ерекше шусыз жəне түрткiлерсіз жұмыс iстеу керек.

Бəсең естілетін үзiлмелi дыбыс мойынтректің ластануына көрсетедi, ал ысқырықты дыбыс мойынтрек жеткіліксіз майланған, немесе мойынтрек түйiнiнiң қандай да бір бөлшектердің арасында үйкеліс пайда болады, құрғақ үйкеліс жəне жиі соққы сепаратордың қирауы немесе дене тербелісі пайда болады.

Мойынтректі ақаулы жинақтауа жұмысы кезінде көпшілікті жағдайда температураның жоғарылауымен болады. Мойынтректің температурасы қоршаған ортаның температурасын 60°С жəне температураның 90°С. шамадан жоғары болмау керек. Температураның аса жоғары əдетте мойынтректі босандатуды шақырады жəне оның шапшаң қызмет мерзiмi күрт кiшiреуi. Əдебиет: 2 нег.[287-298 ], қос.[148-153 ] Бақылау сұрақтары

1. Барлық сырғанау мойынтiректерi қандай типтерге бөлінеді ?



  1. . Ажыранғысыз сырғанау мойынтiректерiн құрастыруда маңызы немен қорытындыланады?

  2. . Негізгі талаптарды келтіріңіз, ажыранғысыз сырғанау мойынтiректерiн құрастыруға ?

  3. . Сырғанау мойынтiректердің жұмыс істеуінде қандай кемшіліктер болуы мүмкін ?

  1. Қандай жағдайда домалау мойынтiректердi шаюға болмайды?

  2. Домалау мойынтiректерi қандай бейнемен қайтадан баспақталынады ?

12- Дəріс. Құбыр жүйелерді жинақтау

Құбыржолдарды жоғарғы жəне төменгі қысымды деп бөледі. Құбыржолдардың барлык түрлеріне қойылатын жалпы талаптар: өтетін санылаудың тазалығы, толық өткізбеушілік қабілеті, қызмет көрсету ұзактығы жəне қарапайымды-лығы. Құбыржол жүйесінің тағайындалуына байланысты шойын, болат, мыс, жез жəне алюминийден жасалған құбырларды колданады. Болатты құбырларды қолдану кең тараған.

Құбырларды дайындау əдістеріне байланысты тұтас созылған (тігіссіз) жəне пісіру құбырлары болып екіге бөлінеді. Құбыржолдарды жалғау жылжымайтын ажырымалы жəне жылжымайтын ажырамайтын болады (бірақ кейбір жағдайда жылжымалы жалғау құбыр элементі қолданылады). Жылжымайтын ажырамалы жалғау түрлеріне фитинг (34, а...е сурет) жəне фландықтардың (34, з...и сурет) көмегімен орындалатын бұрандалық жалғау, ал жылжымайтын ажырамайтын жалғаулар- пісіру, шырқыайналдырумен, кемкерумен (отбортовкой) жəне шырқыайналдырумен көмегімен іске асады.



а - бұрыштық; ə - үш тармақ; б- айқасты өтпелік; в - өтпелі муфта; г, д, - қосалқы сомын; е- футорка; ж–и- фланецпен баспақтаумен жəне кемкерумен (отбортовкой) қосылыс

34 сурет. Фитинглер жəне фланецтер құбырды қосылыстар

Құбыржолдық арматура қосу, өшіру үшін жəне бу, газ жəне сұйық ағындарын реттеу үшін арналған. Құбыржолды арматуралар тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:


  • тиекті, бу, газ жəне сұйық ағынын косу жəне өшіруге арналған (шүмектер (краны), шүралар (вентили) жəне ысырмалар (задвижки);

  • сақтағыш, қысым қатты жоғарылаған жағдайда құбыржолдарды қорғау қызметін қақпашалар (клапаны) атқарады;

  • берілетін сұйық пен газдың мөлшерін жəне қысымын реттеуші;

  • сұйық мөлшерін көрсеткіштер;

Құбыржолдардың жүйелерін жинастыру

Құбыржолдарды құрастыруда орындалатын барлық операциялар жинаушы жəне құрастырушы болып бөлінеді. Жинау операцияларына жататындар: белгілеу, кесу, тазарту, құбырды ию, кемкерумен (отбортовкой) шырқыайналдырумен, пісіру жəне жиынтық элемен-ттерін құрастыру, өлшемдерін, пішіні мен сырткы түрін тексеру жəне бақылау, гидравликалық сынау жəне таңбалау. Өте күрделі жəне сығымды операция құбырды ию операциясы болып табылады, құбырды қолмен, толтырғышпен жəне толтырғышсыз механикалық əдістермен июге болады. Құбырды ию радиусын дұрыс таңдау өте маңызды, себебі ол құбырдың жұмысына едəуір əсер етеді. Ию радиусын құбырдың диаметрі мен қабырғаларының қалыңдығына байланысты тағайындайды. Процесті механизацияландыру үшін кұбырды июде электрлік, пневматикалық жəне гидравликалық құбыр игіш станоктар қолданылады. Жинақтау операциялары

Құбыржолды жүйелерді құрастыруының технологиялық процесстері тағайындалуына байланысты өзгереді. Фитингтерде құрастыру - құрылымдары стандартталған фасонды құрастыру бөлшектері, əр түрлі бұрышты құбырларды жалғауға мүмкіндік беретін, тарамды орындау мүмкіндігі жəне бір диаметрден баска диаметрлі құбырларға жалғану мүмкіндігі жəне т.б. Бұранда жібінің жинаушы бөлшектерді бір біріне тығыздап қысуы арқылы фитингтерде жалғаудың беріктігі мен сенімділігі оның созылуы анықталады. Құрастыру алдында құрастырушы бұрандалық бөліктерді қорғасынды қызыл бояу немесе ағартқылармен майлау арқылы жалғау тығыз бекітіледі. Герметикалық жалғауды берік ұстайтын май ол зығыр жəне жоса майлары. Магистралды құбырларды тікелей жалғау муфтасы арқылы жалғайды. Құбыр кілтін басып алу үшін муфтаның сыртқы жағында қабырға орналасқан. Құбырлар қыска жəне ұзын бұрандалы бола алады. Қысқа бұрандамен жалғағанда (35, а сурет) құбыр соңында бұранданы 2 муфтаның 1 ұзындығының жатрысынан 2-3 орамға кіші болатындай қылып қиылады. Бұранданың соңындағы тістері құрастырылғанда муфтаға тығыз бекітіледі. Қысқа бұранданы тек ажырамайтын құбырларды құастыруда қолданады, себебі мұндай құрастырудан соң оларды ажырату мүмкін емес. Егер пайдалану кезінде құбыр жүйелерін жұмыс жағдайына байланысты қайта ажырату керек болса, онда сгоном (жалғастырғышпен) деп аталатын құрастырғышты қолданады (35,ə сурет). Бұл жағдайда құрастырылатын құбырлардың біреуі қысқа бұрандалы, ал екіншісі-ұзын бұрандалы болады. Құбырдың ұзын бұрандалы бөлігі сгон (жалғастырғыш) деп аталады. Оның ұзындығы муфта мен сомын сиятындай жəне бұранданың екі тісінен кем емес орын қалатындай етіп тағайындайды.

Жалғастырғыштағы құбырларды құрастыру реті мынадай:



  • ұзын бұрандаға қосалқы сомын 3 мен муфтаны 1 тығындаусыз жəне жоса мен ақ сырларсыз бұрап кигізеді;

  • қысқа бұрандаға жоса мен ақ сырларды жағып тығындайды;

  • муфтаны 1 ұзын бұрандамен бұрап жəне қысқа бұранданың соңына тірелгенше бұрайды;

  • ұзын бұрандаға муфта 1 мен косалкы сомынның 3 ортасына жоса майы сіңірілген зығыр жібін орналастырады;

  • қосалқы сомынды 3 қысады;



а - қысқа бұрандамамен; ə - сгон (жалғастырғыш); 1 - жалғастырғыш;

2 - құбыр; 3 - қосалқы сомын

35 сурет. Құбырларды муфталармен қосу

Фланецтегі құрастыру кезінде соңғысы пісіру (36, а сурет), шырықайналдырумен (36,ə сурет) немесе бұрандада (36,б сурет) арқылы құбырға бекітеді. Шырықайналдырумен арқылы құрастыру келесідей іске асады. Фланецті құбырға киілгеннен кейін арнайы құрылғы - айналмасумен - фланецті ойыққа нығыздай отырып құбырдың кабырғысына ішкі жағынан басады. Фланецтердің арасына төсеніш қойып, фланецтерді бұрандамалармен немесе ұстастырмалар арқылы жалғайды (37 сурет). Фланецті құбырларды құрастыру кезіндегі негізгі киындығы жалғанатын кұбыр жүйелерінің сəйкестігі жəне фланецтік құрастырулардың кесік беттігінің параллель орналасуы болып табылады.



а – пісіру арқылы; ə - шырқыайналдыру; б- бұрандада 36 сурет. Фланецтермен құбырларды қосу



1- тұрқы; 2- фланец; 3- тығырық; 4- құбыр; 5- сомын

37 сурет Фланецтерде құбырларды қосу



Құрастырылған құбыржолдарды сынау

Құбыржолдарды құрастырып болғаннан соң оны беріктігі мен тығыздығына тексереді. Тексеру кезінде құбырға су толтырып, су аққан жерлерді белгілеп алады. Содан соң суды ағызып, белгіленген жердерді қайта нығыздайды. Құбырларды гидравликалық сынау кезінде барлық элементтердің беріктігін жəне қысымдағы герметикалық қосылыстардың беріктігін тексереді. Əдебиет: 4 нег. [88-96], 1 қос. [185-188] Бақылау сұрақтары:



  1. Барлық құбыржолдар түрлеріне жалпы не болып табылады?

  2. Құбыржолдарды жалғаудыең қандай түрлері болуы мүмкін?

  3. Дайындалған операциялардың қайсысы өте күрделі болып келеді?

  4. Фитингте біріктірудің қиындығы неде?

  5. Магистралды құбыржолдарды қандай элементтер арқылы біріктіреді?

  6. Құбыржолдарды қалай бейнемен сынайды?

13-дəріс. Технологиялық машиналарды пайдалану шарттары жəне тиімділігі

Қазіргі уақытта өнеркəсіп өндірістерде шет елдер өндірістерде əр түрлі технологиялық жабдықтарды қолданады. Технологиялық жабдықтар өзімен бірге комплексті операцияларды жұмысқа икемді немесе технологиялық машиналардың бұзылуы тағайындау бойынша оларды қолдану кезінде, сонымен бірге тасымалдау процесінде, сақтау, жинақтауды жəне тосу болып табылады. Техникалық қызмет көрсетуге сонымен қатар мынадай операциялар жуу, технологиялық машиналардың жəне электржетектің техникалық жағдайын бақылау, тазарту, майлау, кейбір құрама бөліктерін ауыстыру жəне т.б.

Технологиялық машиналарды пайдалану процесінде бөлшектердің тозуынан жөндеуге қажет етіледі. Жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету тар өзара байланыста жəне жүйеге бірігуде болады, сапасын көрсету мақсатымен қамтамасыз ету пайдалануға берілген шарттар үшін жұмыстың ретін ұйымдастыру жабдықты жөндеуге жəне техникалық қызмет көрсету.

Ұйымдастыру жүйелері жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету келесілерге бөлінеді:



  • тексеруден кейін;

  • периодты;

  • стандартты;

  • жоспарлы-ескертуге.

Жүйелерді тексеруден кейін техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу алдын ала периодты қадағалау жабдықты қажетті мерзімдерді жүргізу керек. Стандартты жүйе техникалық қызмет көрсету жəне жөндеуде периодты жабдықты жаңарту біруақытты жолмен бөлшектердің бөліктерін ауыстыру жəне құрастыру бірліктерін қарастырады. Əрі бір жөндеу түрдің ауыстыратын бөлшектерді жəне құрастыру бірліктерін күйлеріне қарамастан алдын ала жұмыс көлемін қояды.

Жоспарлы ескерту жұмыстары жүйесі өзіне бес жүйені қосады: жоспарлау, ұйымдастыру, технология, материал техникалық қамтасыз ету жəне орындаушыларды.

Негізгі ұйымдастыру жоспары ескерту жұмыс жүйелері аралық жөндеу техникалық қызмет көрсету болып табылады:

а) ауысым сайын;

ə) ауысым сотке сайын;

б) ауысым ай сайын;

в) мезгілді;

г) жоспарлы жөндеу: ағымды (А); күрделі (К).

Ай сайынғы техникалық қызмет көрсету қызметі жұмыстың қарқынды жүруін толық жұмыс кезеңі бойынша қамтамасыз етуі керек. Техникалық қызмет көрсету қызметі жұмыс бастар алдында, жұмыс уақытысында немесе жұмыс кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Техникалық қызметті белгілі бір эксплуатациялық құжаттама, жұмыс немесе аралығында жүргізіледі. Техникалақ қызметтер жүргізу арқылы жабдықтардың жəне тетіктердің ескіруінен сақтаймыз. Техникалық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерге: сыртқы күтім; диагностика; қондыру жəне қозғалту жұмыстары жəне де жабдықтарды майлау жатады.

Мезгілді техникалақ қызметті əдетте күзгі-қысқы жəне көктемгі- жазғы мезгілдерге дайындық ретінде, сонымен қатар сақтау алдында жасайды. Сонымен бірге керекті майларды, отынды жəне суытқыш сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Əр техникалық машиналардың өзіне тəн техникалық қызметтері, жөндеу жұмыстары, режимдері, қосылғыш механизмдері, операцияларды орындау реті болады.

Жөндулердің, техникалық қызметтердің белгілі бір ретпен жəне уақытпен кезектелуін жөндеудің циклі деп қарастыруға болады. Жөндеу циклі: машина сағатында, кубтық метрлерде, тоннада, погондық метрлерде көрсетілуі мүмкін.

Техникалық қызмет жəне жабдықтардың жөнделуі график бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жұмыс ауқымдылығымен, жұмыс аралығындағы интервалмен, техникалық қызметтің мінезі, сонымен қатар экслуатация жағдайымен жəне жабдық түрі мен конструкциясымен анықталады.

ЖЕЖ жүйесінің жұмыстары өте күрделі құрастырылған. Оның əрбір жоғары жəне төменгі жұмыстары аралығында алмастырулар жиі жүргізіліп жаңа жүйеге енгізіледі.



Технологияқ машиналарды арнайы жағдайларда қолдану

Технологиялық машиналарды қолдану жағдайын ең ауырларына жатқызуға болады. Тау кен, металлургия, мұнай газ саласында қолданылатын технологиялық машиналар: өте шаңды, температуралық ауытқулары көп, кенеттен механикалық салмақтану, зиянды сулары бар, жоғары ылғалды жағдайларда қолданылады. Осы жағдайлардың салдарынан технологиялық машиналардың, тетіктердің істен шығуы немесе ескіруі байқалады. Жоғарыда қарастырылған жағдайлар техникалық қызметтерге жəе технологиялық машиналарды жөндеуге жоғары сапалы жөндеу жұмыстары талап етіледі.

Талаптар:

· Технологиялық машиналардың жоғары сенімділігі, себебі сапта тұрған басқа жұмыс жасайтын техникалық машиналар жұмыссыз тұрып қалуы өте тиімсіз. Технологиялық машиналардың жоғары сапада жасалуы үшін сапасы жоғары шикізаттан, конструкциялардан легірленген шойыннан жаслып, химико-термиялық жəне деформациялық шынықтыру жүргізілуі керек, сонымен қатар гидравликалық механизмдерге өте маңызды жоғары нақтылықпен ерекшеленуі керек.

· Қолдану кезіндегі конструкциялардың технологиялық машиналарға жəне техникалық қызметтерге ыңғайлылығы. Бұл, тетіктерді оңай алмастыруға, машиналарға қондыруға жəне оларды жақсартуға өте қажет.

Технологиялық машиналарды жасағанда, дайындағанда жəне қолданғанда, олардың құрамдарының ұқсастығын сипаттайтын сапасы тексеріледі. Олар берілген машинаның қолдануына қарай қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын жарамдылықты шарттайды. Сапа көрсеткіштерін шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлуге болады:



  • белгілеу көрсеткіштері ( жұмыс істейтін жабдықтардың, ауырлық жəне жылдамдықтың, үнемділіктің параметрлері);

  • технологиялық (материал өнімділігі, дайындау еңбек өнімділігі, технологиялық деңгей);

  • эргономикалық (физиологиялық, психологиялық, антропометриялық, гигиеналық);

  • сенімділікті (ұзақ жасау, жөндеу жарамдылықты, сақталатын); - эстетикалық (көрнекілікті, ортаға сай болу), патентті құқықты; - стандарттау.

Технологиялық машиналарды қолдану жағынан қарағанда сапаны айқындайтын құрамның бөлігімен шектелуге болады. Олар қолдану құрамы атын алды. Қолдану құрамы комплексі – бұл құрамның қажетті жəне жеткілікті саны, жəне олардың көрсеткіштерін технологиялық машиналардың қолдану стадиясындағы пайдалану тиімділігін барлық жағынан бағалау. Жүйелік жақындау факторлардың жəне олардың деңгейін жүйенің функциялану тиімділігіне əсерін бағалауға мүмкіндік береді, біздің жағдайымызда – технологиялық машиналар.

Жеке эксплуатационды құрам кешенді жүйе көрсеткіштерімен бірегетін бірлік көрсеткіштермен айқындалады. Кешенді көрсеткіштер машинаның пайдалану тиімділігінің интегралды көрсеткіш-теріне міндетті түрде əсер етеді. Технологиялық машиналардың пайдалану тиімділігінің барлық көрсеткіштерін негізгі үш топқа жүйелеуге болады:



  • машина мен комплекс жасау этаптарында тиімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • белгіленген бағыт бойынша пайдалану этаптарында техникалық қызмет көрсету жүйелері, жөндеу (ТҚ жəне Ж) жəне жинақтау сапасымен қамтамасыз ету;

  • пайдалану жəне жасау этаптарында қауіпсіздік жəне санитарлы-гигиеналық еңбек шарттарын қамтамасыз ету. Қандай да бір технологиялық машиналардың пайдалану шарттары мен белгіленген бағыттары спецификасынан шығарылған, олар жобалау мен дайындау кезінде салынады жəне пайдалану процестерінде өткізіленеді. Осының салдарынан əрбір топтың міндеттемелері көрсеткіштері саны кеңейтілуі мүмкін. Жəне де бұл барлық көрсеткіштер пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігіне біршама əсер етеді, бірақ олардың барлығы, үздіксіз жұмыс жасау мүмкіндігі, бүтіндей технологиялық машиналардың өнімділігі жəне т.б. сияқты жалпылау көрсеткіштері, жанама ескіріледі.

Əдебиет: 2 нег. [143-153], 5 қос.

Бақылау сұрақтары.



  1. Техникалық қызмет көрсету өз алдына нені білдіреді?

  2. Сізге қандай техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу түрлері белгілі?

  3. ЖЕЖ жүйесіне қандай ішкі жүйелер кіреді?

  4. Өндіріске, қызмет көрсетуге жəне жөндеуге технологиялық машиналарды пайдалану спецификалық шарттары қандай міндеттемелер жүктеледі?

  5. Технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының арасында қандай қатынас бар?

  6. Аралық жөндеу техникалық қызмет көрсету дегеніміз не?

14 -Дəріс. Таспалы конвейерлерді, қоректендiргiштердi жинақтау

Таспалы конвейерлер үздiксiз қозғалыстың көтермелі-көлiктер механизміне жатады. қарапайым арқасында конструкциялар, жылдамдықтардың айтарлықтай диапазонына (0,1÷4м/с), қалыпты жүрiске, жұмыста сенімділігі жəне қолайлы қызмет етуінің арқасында таспалы конвейерлер, көмірді, коксты, жыныстарды жəне басқа материалдарды тасымалдауға кең қолданысқа ие алды. Көбінесе жиі көмір, кокс жəне т.б. материалдарды бір бөлімнен (цехтан) басқасына материалдарды тасымалдайды. Бір қатарда орналасқан бiрнеше бункер үстінде орналасқан рельсті жолмен қозғалады. Таспалы қоректендіргіштерді олардан конвейрлерге əр түрлі өнімдерді біркелкі беру үшін бункерлердiң астына орнатады. Қоректендіргіштер таспалы тасымалдауыштардың таспаның көлденең орналасумен тек бұрамалы кермемен жəне оның азды қозғалыс жылдам-дығымен (0,1÷0,4м/с) əр түрлі болып саналады. Стационарлы таспалы конвейер (38 сурет) келесі негізгі бөліктерден тұрады:

- металды треуіш конструкциясы (станина) тұғырдан, жетекті станциядан жетекші атанақтан, редуктор жəне электрқозғалтқыштан, кермелі атанақтан жəне кермелі құрылғысымен аунақшаларды ұстап тұру үшін кермелі қондырғы.



1 - тұрқы; 2 - қоршау; 3 - кермелі станцияның металлоконструкциясы;

4 - кермелі атанақ; 5 – ауытқыланатын атанақтар; 6 - жетекшi атанақ;

7 - жетекші станцияның металлоконструкциясы; 8 - редуктор; 9 - электр қозғалтқыш; 10 - науаланатын аунақшалармен шығыршық тiреу;

11 - резеңкеленген таспа; 12 - аунақшалары бар тармақтың төте бойындағы шығыршық тiреу


  1. сурет. Стационарлы таспалы конвейер

Өндіріс жұмыстарды генмердігелікпен жобаларды келісіммен жəне жобада көрсетілген жүк көтергіш механизмдерін қолданып конвейер жабдықтарын беру үшін ойықтарды (проемы) жүк көтеру механизмдерін, сонымен қатар жүк көтергіш генмердігелікті қарастыру керек. Сонымен қатар секция аралықтары астына төсейтін жабуға бірінші кезекте жүктелген станция жəне галерея осіне іргетас осінің бекітілуін тексеру керек. Бастамастан бұрын, конвейер жинағы кермелі жəне келтірмелі станциялар жəне техникалық дайындық акт бойынша тапсырылу тиісті. Бұл монорельс-терге жинақтау кезінде жетекші жəне кермелі станцияларды жобамен қарастырылған жүк көтеру механизмдерін орнатады жəне қолданады.

Жүктелген станция жəне галерея жабындысында ойықтар сенімді жабылғанына немесе қоршалғанына назар аудару керек. Өндіріс жұмыстары кезінде осы жабындылар мен қоршауларды күнделікті тексеріп тұру керек. Конвейердi жинақтаудан бұрын бірнеше дайындық жұмыстарын орындау қажет. Жабдықтың тексерісін оның жобамен сəйкестігі жəне сыртқы тексерулермен мүмкін ақауларды анықтау, атанақ жəне электрқозғалтқышпен редукторды біріктіру үшін муфталарды дұрыс қойылуын, атанқ резеңкесінің футеровкасымен қатар өзі жұмыс істейтін ортаға электрқозғалтқыш маркасының сай келуі керек. Шеберхана жағдайларында конвейер келтіруін келген жабдық өлшемнің есебінен дайындалған шекте агрегаттанады. Сонымен қатар шеберханаларда орындайды. Бұл секцияның галереяға берілуі жəне орналастыру кезінде аунақ треуіштер кедергі келтірмес үшін жасалған секцияның ұзындығы белгілі бір шарттарға сай болуы керек. Ең тиімді ұзындық 6 м-ден көп емес, өйткені əдетте мұндай қзындыққа қойылатын илемдеу оларды дайындау үшін ие болады. Секция жинағы ыңғайлы болу үшін өзара мыналар ауыстырылуы керек: секция ауысқанда немесе 180°-қа бұрылған кезінде аунақ тірегі арасындағы ара қашықтық секция бірігетін орында жобаға тең болуы тиіс. Конвейер жабдықтарын жинақтауға автотасымалдағышпен тасиды. Жүктеу станцияларына келтірмелі станция (əкелу жəне əкету атанағы, сегррегірленген жетек, атанақ астындағы металконструкциялар) жəне кермелі станция (кермелі жəне итермелі атанақтар, жетек қондырғысы, кермелі станцияның металлконструкциясы ) қондырғыларын, жобалық жинақтаудың ойықтар арқылы, жүк көтергіш, жобалық жүк көтергіш механизмдер немесе жинақтауда электрлік лебедкалар көмегімен беріледі.

Жетекті станцияларды жинақтауды металлконструкциялы рамаларды атанақтың жетекті астында орнатуды бастайды. Атанақтың жетегін орнату алдында төменгі бөлігін құрастыру қажет жəне рамаларды треуіштерге немесе төбесіне бекіту керек. Содан кейін рамаға атанақты жетекті орнатады жəне оны дəлдейді, оны дəлдеу үшін деңгейді қолданады (көлденеңгі деңгей) жəне отвес(тіктегіш) конвейердің осі бойынша атанақтың осін конвейердің осіне перпендикулярлығын тексеру қондырғы). Атанақтың жетегін дəлдеуден кейін металлконструкциялы рамаларды бекітеді (пісіреді) жоба бойынша, ал іргетасқа орнатылған жетек (редуктор электрқозғалтқышпен рамада) атанақтың жетегіне центрлейді. Бұл үшін жартылай муфтаны редуктордың білігін атанақтың білігіне жартылай муфтамен центрлейді. Өлшемдерін центрлеу кезінде қапсырмалар немесе индикаторлар көмегімен орындайды. Центрлеуді домкраттармен жүргізеді (реечными-төрткілдегішпен, сыналылармен) жəне сыналармен. Центрлеу кезде шақтамалы ауытқу қосатын біліктерді жəне муфталар конструкциялары айналу жылдамдығына байланысты (39 сурет).



  1. сурет Таспалы конвейерге формуляр

Бұл операцияны аяқтаудан кейін раманың жетегін уақытша босатады, анкерлі бұрандамаларды орнатады жəне жетекші станцияға құйманы орындайды. Құйманы бетонмен ұстап алудан кейін орталықтандыруды тағыда тексереді қосылысын жəне сомынды анкерлiк бұрандамаларды жетекті рамаға бекітпеге орындайды. Жетекті станцияны байқауын жүргізі керек, ереже бойынша, таспаны керiлiсiне дейiн, жетекті атанақтың жəне редуктордың мойынтректерін тексеруiн орындап алдын ала, паспорт бойынша оған майды құйып жүргізеді. Электрқозғалтқышты ревизия жəне тексеру тапсырысшымен оны жинақтауға беруге дейін орындалу керек. Параллельді жинақтаумен жетекті станцияны (тұғырларды-станины) аралық секцияларды металлконструкцияларды орнатуды жүргізеді. Оларды дəлдеу үшін тірктеуіштерді жəне деңгейін бойлық осьтерін керілістен жəне алғашқыда биік белгілерді көмегімен орындайды. Таспаларды керілістен бұрын жетекті атанақпен жəне редуктордан муфтаны ажырату керек, өйткені атанақ еркін бұралу керек таспаны керу уақытында. Сонымен қатар, конвейрдің жұмыс істеуі кезінде таспаның жұмыс беті керілістен кейін өзімен бірге тасымалдауыш материалды алып жүру керек. Таспаның жұмысшы беті қорғалған өлшемі бойынша үлкен (қалыңдығы бойынша) резеңке қабатты болып есептеледі. Жинақтаудың дұрыстығын, байқауын таспанығ қоректендіргішін реттеу, стационарлы таспалы конвейрлер сияқты жинақтау. Ерекше көңіл бөлу аунақшалардың дұрыс орнатылуына назар аудару керек. Аунақшалардың осьтері перпендикулярлы болу керек таспалы ковейрлер сияқты

Əдебиет: 4нег. [28-37 ] Бақылау сұрақтары

1. Таспалы конвейер қандай негізгі түйіндерден тұрады?

2 . Нені ең алдымен жинақтауға іргетастарды қабылдау кезінде тарқышты жəне жетекті станцияларды тексеру керек ?



  1. Қандай мерзімде, ереже бойынша, жетекті станцияларды байқауға жүргізу?

  2. Таспалы конвейердiң қандай түйiнің ұсталық жағдайларда агрегаттайды?

5.Таспалы конвейердi үстелдiң секцияларының өте қолайлы ұзындығы неткен болуы керек?

15- Дəріс. Технологиялық жабдықты пайдалануға əзірлеу

Пайдалануға дайындық технологиялық машинаны зауыт-дайындаушыдан немесе аймақтық зауыт (дилер) өкілден алу мен оны кейіннен пайдалануға беруден тұрады. Технологиялық машиналар олардың габариттері мен массаларына байла-нысты кəсіпорынға жиналған күйінде немесе тиеу, жүктеу жəне сақтау үшін ыңғайлы жеке буындар түрінде жеткізіледі. Технологиялық машинаны тасымалдау жүк автокөлігімен, автокөліктік тіркемеде, теміржол вагондарын-да, сондай-ақ жеке жағдайларда су жəне ауа жолдарында жүргізілуі мүмкін. Машинаны алу кезінде зауыт-дайындаушы (дилер) болашақ иесіне берілетін үлгі паспортындағы ретке сəйкес пайдалану-техникалық құжаттаманы жеткізу-ге жəне алушымен бірге берілетін машинаның құжаттарының құралын паспорттағы зауыт нөмірі бойынша жəне сыртына бекітілетін фирмалық тақтайшада тексеруге; алушымен бірге жинақ бірлігінің толықтығын жəне пломбаның болуын, зақымдардың жоқтығын тексеруге міндетті. «Пайдалану құжаттарына» МЕСТ 21601-68 сəйкес жабдықтармен бірге келесі техникалық құжаттама жіберілуі қажет:

· Жабдық жұмысының құрастырылымы мен принципінің техникалық мазмұны;

· Жабдықты пайдалану бойынша инструкция;

· Жөндеуаралық техникалық қызмет көрсету бойынша инструкция;

· Монтаж, іске қосу, реттеу жəне жабдықты қолдану жеріндегі аунату бойынша инструкция;

· Жабдық формуляры жəне жеке бөлшектер мен буындар паспорты;

· ЗИП ведомостьттары, олар жабдықты пайдалану жерінде қолданылатын қор бөлшектері (Қ), əбзелдер (Ə), құралдар жəне материалдар жиынымен бірге берілетін жабдықтарға құралады;

· Арналудың каталогтары (мысалы, сызбалар мен сұлбалар каталогтары) жəне спецификациясы.Арналуы бойынша қолдану–технологиялық машиналарды таңдалуы жүргізілетін машинаны пайдалану түрі, əр ауысымды қолдануға дайындау, машинаны басқару, қолдану объектісінде машинаны орнату, жұмыс қозғалысы мен операциясын орындау, ауысымды жұмыс жабдығын монтаждау мен демонтаждау болып табылады.

Қолдануды дұрыс ұйымдастыру деп келесілерді түсінеміз: жабдықты оны пайдалану ортасына сəйкес жағдайларда тікелей арналуы бойынша қолдану; оның пайдаланылуын жүргізетін нақты тұлғалармен жабдықты бекіту; жабдықты дұрыс күтуді ұйымдастыру; жабдықтың жұмысын дұрыс есептеуді ұйымдастыру. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың көпшілігі белгілі бір қызметтерді орындауға арналған, сондықтан түрлі өндірістік үрдісті орындау үшін машина типін таңдауда қиындықтар туындамайды. Берілген пайдаланудың нақты жағдайларында машинаны қолданудан максималды əсер алу үшін оның типтік өлшемін (үлгі) дұрыс таңдау керек.

Жабдықты сақтау орнынан технологиялық кешендерде орнату орнына тасымалдау еңбек сыйымдылықты жəне едəуір жауапты операция болып табылады. Дұрыс тасымалдау жөндеу персоналымен кездейсоқ жағдайларды жəне жабдықтың зақымдалуын ескертуге мүмкіндік береді, монтаж жұмыстарының ұзақтылығы мен бағасын азайтады. Тасымалдау алдында ірі габаритті машиналарды бөлек тасымалдауды буындарға шашады. Жабдықты немесе оның құрама бөліктерін жеткізуді жүк платформасында жəне арнайы дайындалған көлік құралдарында жүргізеді. Бұл кезде тасымалданатын буындар жылжымалы құрамның қалыпты габаритіне сай келуі жəне сым, шынжыр жəне басқа да айлабұйымдар көмегімен сенімді бекітілуі қажет. Жабдық буындарын тасымалдау осы жабдықтың жинақ-тауының кезектілігіне сай ұйымдастырылуы керек. Жұмыстың басында жинақталатын буындар бірінші кезекте тасымалданады, ал жинақтау соңында талап етілетін бөлшектер мен буындар–соңғы кезекте. Іргетастыы бұранда-малары мен машина жəне жабдықтың буындарының бекіту бөлшектерін тасымалдау кезінде механикалық зардаптар болмайтындай жинайды.



Технологиялық машиналар мен электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету түрлері

Технология деп машинаны жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жүйесі бойынша жұмыстарды орындау əдістері мен қабылдаулар жиынтығын түсінеміз: ТҚ пен жөндеу жүргізу орындарын таңдау, жұмыс жүргізудің ең рационалды формасын анықтау, орындаушыларды таңдап алу, операцияның орындалу кезектілігін анықтау, ТҚ пен жөндеу жүргізу орындарын жабдықтау құралдарын таңдау, сапа мен жұмыс орындау мерзімін бақылау.

Технологиялық машиналардың жөндеуге жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттігін қолдау бойынша жұмыстар кешені арналуы, сақталуы жəне тасымалдануы бойынша пайдалану кезінде келесі негізгі жұмыс түрлерінен құралады: сыртқы күтім жəне бекіту жұмыстары; майлау-толтыру жұмыстары; техникалық диагностика. Сыртқы күтім жəне бекіту жұмыстары техникалық қызмет көрсетудің міндетті шаралары болып табылады. Технологиялық машиналардың жұмыс операцияларын орындау кезінде жоғарғы ластану жəне шаңдану жағдайында болады. Жүріс жабдығы, жұмыс органдары тау жыныстарымен, цемент-бетонды қоспалармен, түрлі сусымалы жəне тұтқыр материалдармен жанасады. Сондықтан, машинаның сыртқы беттерін күнделікті тазалау қажеттілігі туындайды. Бұдан басқа сыртқы күтім операцияларына келесілер жатады: кабинаны жəне операторлар мен жүргізушілердің жұмыс орындарын жинау, терезелерді, бақылау өлшегіш жабдығы бар саңылауларды сүрту, жүріс жабдығын, қозғалтқышты жəне басқа да агрегаттар мен машина бөліктерін жуу, бұлар кезекті техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу түрлерін жүргізу алдында орындалады. Технологиялық машинаны пайдалану барысында біріктірілген бөлшектер арасында посадкалар мен саңылаулардың бұзылуы немесе істен шыққан элементтерді периодты реттеу мен ауыстыруды талап ететін жинақталатын бұйымдардың функционалды құрамдарының нашарлауы туындайды.

Реттеу арқылы саңылауларды қалпына келтіру бірігу құрастырылымымен қарастырылған жағдайда ғана мүмкін болады. Реттеуден гөрі, əдетте, буындар немесе агрегаттар күйін бақылау асып түседі, ол кезде бірігетін бөлшектер арасындағы саңылауды өлшеуді жүргізеді, нормадан ауытқу өлшемдерін орнатады. Бір уақытта бақылау-реттеу жұмыстарымен бірге сол кезде табылған ұсақ ақауларды жояды. Реттеудің екі түрін ажыратады: машина немесе оның жүйелерінің шығу параметрлерін өзгертетін компенсациялық жəне баптап реттеу. Компенсациялық реттеуге мойынтіректердегі жəне тежеу қондырғыындағы саңылауларды реттеу, шынжырлы таспаларды керу серіппелерін реттеуді жатқызуға болады. Баптап реттеулерге гидрожүйедегі жұмыс сұйықтығының берілген қысымын, жұмыс органдарының күйін орнату жатады. Машинаның техникалық күйі едəуір түрде бақылау жəне реттеу жұмыстарын орындаудың өзіндік уақытына жəне сапасына тəуелді, олар техникалық қызмет көрсетудің жалпы көлемінің 40% құрайды. Технологиялық машиналар мен олардың құрастырылым элементтерін құраушылардың техникалық күйін бақылау əдістері мен құралдары əр түрлі болып келеді. Олар түрлі белгілермен классификацияланады:

· Машина түрлері мен бақылау объектілері бойынша (қозғалтқыштар, трансмиссиялар, берілістер, металқұрастырылымдар, гидрожүйе элементтері, жұмыс органдары);

· Бағаланатын диагностикалық белгі бойынша;

· Өлшенетін параметр бойынша (сызықтық өлшемдер, күштер, қысым, қуат, температура, жарық, газ құрамы, діріл);

· Диагностикалау əдісі жəне анықталатын параметрді өлшеудің техникалық жабдықтары бойынша (сызғыштар, тісөлшегіштер, шаблондар) динамометрлік, тахометрлік, осциллографиялық.



Технологиялық машиналарды жөндеу мен ТҚК кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету жəне жөндеудің жоспарлы жүйесін құрудың жалпы қағидалары (ЖДЖ) жаспарлы-дайындау жүйесі туралы Жағдаймен анықталған. Осы жағдайға сəйкес технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету жəне жөндеудің жаспарлы-дайындау жүйесінің болуы көлемдері жөндеу циклының құрылымына сəйкес жоспарланатын периодта жинақ бірліктері мен жабдықтың деректі техникалық күйімен анықталатын жоспарлы жөндеудің жəне техникалық қызмет көрсетудің орнатылған түрлерін орындаудан тұрады. ЖДЖ-дің мұндай жүйесі қатаң регламентті техникалық қызмет көрсету болып табылады. Осы жүйе бойынша орнатылған жабдықтың жұмысқа қабілеттігін қолдау операциялары негізінде техникалық күйге тəуелсіз орындалады. Наряд (жүктелім)рапорттарды қолдану арқылы жабдықты аралық жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру жəне бақылау үшін негізгі құжаттарға келесілер жатады: жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық карталар; техникалық қызмет көрсету бойынша инструкция-ескерту; жабдықты жоспарлы-дайындаушы жөндеудің айлық жəне жылдық графиктер (ЖДЖ графиктері); күнделікті техникалық қызмет көрсету бойынша еңбекті ұйымдастыру графиктері; жабдыққа техникалық қызмет көрсету жəне аралық жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен наряд (жүктелім)- кітабы; наряд(жүктелім)-рапорт; жұмысты қауіпсіз өндіруге жүктелімдер; жабдықтың инвентарлық сипаттамасы; аймақ (жүктелімнің) - кітабы. ехнологиялық карта жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді ұйымдас-тыру, жоспарлау жəне өндіруге алғашқы берілгендер болып табылатын мəліметтерден құралады.

Технологиялық картада мыналар келтіріледі: жабдыққа жəне оның бөлек құрам бөліктеріне техникалық қызмет көрсету бойынша операцияларды орындауды қамтамасыз ететіндайындау жұмыстарын сипаттау; жұмысты орындаудың кезектілігін сипаттау; жұмысты орындауға қажетті құралдар, əбзелдер, айлабұйымдар мен материалдар тізімі; берілген операцияны орындайтын тұлғалардың мамандандырылған құрамы; əр операцияны орындаудың еңбек сыйымдылығы; жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар. ЖДЖ (жоспарлы дайындау жүйесі) графигі ТМ-ға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауды оны қолдану периоды кезінде жоспарлау мен есептеуге арналған. Түрлі бөлімшелердің (қызмет) ЖДЖ-ның айлық жəне жылдық графиктері мен жалпы кəсіпорын бойынша жабдықтардың ЖДЖ жылдық графиктері құралады.

Инструкция-ескертулер түрлі технологиялық жабдықтар үшін құралады жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарының барлық тізімінен, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен аралық жөндеу бойынша жұмыстардан тұрады. Күнделікті техникалық қызмет көрсету бойынша еңбек ұйымдарының графиктері жөндеу ауысымындағы жұмыстарды рационалды ұйымдастыруға арналған жəне планограммалар түрінде орындалады. Қазіргі уақытта Қазақстанда таралған техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу бойынша жұмыстарды арнайыландырудың үш негізгі деңгейін белгі-леуге болады:

· Гидрожетектерді басқару құралдарын, электрлік аппараттарды, автоматика мен жабдықтың басқа түрлерінің құралдарын жөндеу бойынша электрслесарьдың арнайыландырылған бригадаларын (аймақты) құру жолымен кəсіпорын ішінде арнайыландыру;

· Жабдықтаудың негізгі типтерінің осы ұйымдарын балансқа жайлап қабылдаумен жəне оларды кəсіпорындарға жалға берумен жабдықты жинақтау, бөлшектеу жəне жөндеу бойынша арнайыландырылған ұйымдарды құру жолымен АҚ, ААҚ жəне т.б өндірістік бірігулер ішінде арнайыландыру;

· Түрлі фирмалар мен зауыт-дайындаушылармен бірге жабдықты жөндеу мен фирмалық техникалық қызмет көрсетудің əр түрлі формаларын дамыту жолымен кəсіпорын ішінде салаларды арнайыландыру;

Технологиялық жабдықтауға орталықтандырылған техникалық қызмет көрсетуді ендіру келесілерге себеп болады:

· Əрдайым жəне сапалы қызмет көрсету мен жоғары квалификациялы персоналдың бас тартуын жоюға қатысу нəтижесінде жабдықты қалпына келтіруді жəне істен шықпайтын пайдалану жұмыстарын жоғарылатуға;

· Істен шығу сипаты туралы толық жəне объективті ақпарат негізінде құрастырылым кемшіліктерін жедел жою есебінде жабдықтардың сенімділігін жоғарылатуға;

· зауыт-дайындаушы персоналы жүргізетін жұмысшыларды оқыту арқасында қызмет көрсететін персонал квалификациясының өсуіне. Əдебиет: 2 нег. [143-153 ], 5 қос. Бақылау сұрақтары.


  1. Технологиялық машинаның техникалық қызмет көрсетуi деген не ?

  2. Қандай техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру жүйенi бiлесiз?.

3.ТМ-дың ТҚК қандай түрлерi өнеркəсiптерде қолданылады?

4.Технологиялық машиналарды техникалық қызмет көрсетуiнiң жұмыстарының (наряд) жүктелім жүйесi неден тұрады ?

5. Технологиялық машиналарды техникалық қызмет көрсету ұйымдастыруы неден тұрады ?

2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары

1 Лабораториялық жұмыс «Технологиялық машиналарды жинақтау»

1.Жиналатын бұйымға сызбалармен жəне техникалық шарттармен танысу.

2.Құрастырушы өлшемдi тізбектерін буындарын анықтау жəне олардың бiр жылжымайтын компенсаторлардың өлшемдерiн есептеу.

3.Құрастырудың технологиялық сұлбасын құрау.

4.Құрастыруға бөлшектердi дайындау. Егер қажет болса, үйлестiру жұмыстарды жасауда, ластануды, татты, жанар майда- (керосин) жуу керек.

5.Технологиялық сұлбасымен сəйкес редукторды жинау, (редуктордың қақпағынан басқа)

6.Нақты орта аралық қашықтық штихмас арқылы өлшесiн жəне есептiк мəнмен салыстыру. Бiлiктердiң параллелдiгiн анықтау.

7.Бiлiктердiң шамасын индикаторы арқылы бiлiктi орын ауыстыруын, тiстi доңғалақтардың радиал жəне кесiк соғуын өлшеу.

8.Радиал жəне бүйiр саңылаулардың шамасын қорғасын сыммен анықтау.



  1. Доңғалақ тістерінің бетіне бояуды жүргізу (ультрамарин) қолмен берілісін бұру, байланықан дақтын ауданың анықтау жəне шақтамалы нормалармен салыстыруға.

  2. Барлық талаптарды орындаудан кейін редукторды жинау.

  3. Есептеу нəтижесiн құру.

Əдебиет 6 нег. [34-198 ], 1-4 қосымша.

Бақылау сұрақтары 1.Құрастыру дегеніміз не ?

2.Компенсаторлардың бөлшектерін номиналды өлшемдерін жəне шектi ауытқулармен қалай анықталады ?

3. Қандай тəсілдерді білесіз тісті іліністің радиалды жəне бүйiрлі саңылауларды анықтауда ?

2 Лабораториялық жұмыс «Технологиялық машиналардың тісті беріліс-терін жинақтауда сапасын бақылау» 1.Бiлiк аралық қашықтықты тексеру.

2.Бiлiктердiң өстерiнiң параллелдiгiн тексеру.

3.Радиустық соғу тiстi тəждерді жəне тістегерішті жəне доңғалақтарды анықтау.

4.Радиалды jr жəне саңылау бүйiрлерді jn анықтау.

5.Дақ бойынша байлыстың ілінуін тексеру.

6.Жұмыс бойынша нəтижелердi талдау жəне қорытындылар.

Əдебиет 6 нег. [120-125, 218-243]

Бақылау сұрақтары

1.Қандай бейнемен осьаралық қашықтықты жəне біліктердің осьтік параллельдігін тексеруге болады?

2.Тісті берiлiсте байланысында дақ қандай болу керек?

3.Қандай аспаппен тiстi доңғалақтардың жəне тістегеріштердің негiзгi параметрлерiн өлшеу жүргізіледі ?

3 Лабораториялық жұмыс «Технологиялық машиналардың бұрамдықты берiлiстердiң сапасын бақылау əдістері» 1.Осьаралық қашықтықты тексеру.

2.Бұрамдықты жəне бұрамдықты доңғалақты тiстерінің байланысу ұзындық тарын тексеру.

3.Бiлiктердің осьтерін жəне корпуста тесіктерін сəйкес келуiн тексеру.



  1. Бұрамдықты жəне бұрамдықты доңғалақты осьтерінің перпендикулярлығын тексеру.

  2. Бұрамдықты доңғалақтың бүйірден соғу радиалдығын тексеру.

  3. Бұрамдықты өлі жүрiсiн анықтау.

Əдебиет 6 нег. [123-127, 218-243], 1-4 қосымша. Бақылау сұрақтары

1.Бұрамдықты берiлiстердi құрастырудың реті қандай ?

2.Бұрамдық қандай материалдардан жасалады ?

3.Бұрамдықты беріліске ұсынылатын негізгі талаптар.

4.Бұрамдықты берiлiстердiң негiзгi параметрлерiн тексерудің əдiстемесі.

4 Лабораториялық жұмыс «Технологиялық машиналардың мойынтіректі түйiндерiн реттеу жəне бəсеңдеткішті жинақтау»

1.Мойынтректердің бiлiктерін төсемдерсiз бүйір қақпақтарын орнату.

2.Төсемдердiң жиынын орнату жəне бүйір қақпақтарды бұрандамамен бекіту.Осьтік жұмысын индикатор көмегімен тексеру.



  1. Бояу бойынша тістердің тiрелуін тексеру.

  2. Редукторды жинау, айналуды жеңiлдiкке тексеру.

7. Iстелiнген жұмыс бойынша есептеу нəтижесiн құрау.

Əдебиет 6 нег. [86-98, 123-128], қос. 2-4

Бақылау сұрақтары


  1. Осьтіерді өлшемiнiң əдiстемесi

  2. Дақтың жанасуы: өлшемдері, редуктордың басқа параметрлерiнен тəуелдiлiк.

  3. Мойынтректі түйiндерді реттеу əдiстемесі.

  4. Редуктордың құрастыруда тiзбек.

5 Лабораториялық жұмыс «Бəсеңдеткішті жинақтау» 1. Бəсеңдеткіштің корпусын іргетасты макетiне орнату.

2. Бəсеңдеткіштің біліктерін бəсеңдеткіш корпусының ұяларына орнату.

4.Ортааралық қашықтықты өлшеу, біліктердің осьтерінің параллельдігін жəне қиғаштығының жоқтығын тексеру.

5.Доңғалақтардың радиал жəне бүйірлі соғуын, iлiктiруде радиал жəне бүйір саңылауларын өлшеу.

6. Бəсеңдеткіштің ақырғы жинақтауын жүргізу.

8.Қорытынды.

Əдебиет 6 нег. [112-125, 194-198], қос. 2-4 . Бақылау сұрақтары

1.Жабулы беріліс ашықтың алдында артықшылығы қандай ?

2.Төсемдер тағайындалу бойынша қандай екі түрге бөлінеді ?

3.Базалық болып қандай бөлшектерді атайды?

4.Радиалды соғу қандай себеппен болып табылады?

№ 6 Лабораториялық жұмыс «Бiлiктердi орталықтандыру»

1.Отырғызу жəне біліктерге қосылған түйiндерді жəне жартылай муфталарды отырғызуларды тексеру.



  1. Бəсеңдеткішті жəне қозғалтқышты дəл орталықтандыру үшiн арнайы қапсырмалар көмегімен орындалады.

  2. Ортаға дəл келтiрудiң сұлбаларын құру, қателiктерiн есептеу .

  3. Жартылай муфталарды қосу.

  4. Қозғалтқыштың көмегімен қолдан жəне бос жүрiсте жүйелерін айналдыру. Əдебиет 5 нег. [146-224 ], қос. 2-4

Бақылау сұрақтары

  1. Параллельдiкке жəне перпендикулярлыққа бiлiктердi тексеру тəсілдері.

  2. Бiлiктердiң өстестiгін анықтау əдiстеме.

3.Ортаға келтiруде тiк жəне көлденең жазықтықтарда бiлiктiң тiректерiнiң орын ауыстыру шамасын анықтау.

7 Лабораториялық жұмыс «Бəсеңдеткішті дұрыстау»

1.Бəсеңдеткіш корпусының жинақтау сұлбасын талқылау. Іргетаста (рамаға) негiзгi жұмыс өстерiн (ұзына бойы жəне көлденеңді) жəне негiзгi биiкті репер табу.

2.Ұзына бойы жəне көлденеңді өстерді редуктордың корпусында белгілеу.



  1. Бəсеңдеткіштің корпусын іргетас макетiне орнату, iшектер көмегімен жəне тіктегіштерді негiзгi жəне қосалқы осьөориенирлерді белгілеу. Тiк жəне көлденең жазықтықтарға бəсеңдеткіштің корпусының жағдайының реттеуiн жасау.

  2. Бəсеңдеткішті іргетасқа бекіту (рамаға) жобалық жағдайда жəне нақты ауытқуларын берілгендерден (рұқсат етілетін) өлшемдерін тексеру.

5.Жиналған бəсеңдеткіштің көлденеңдiгін жəне тiктiгiн тексеруiн жүргізу.

6.Қорытындылар.

Əдебиет 6 нег. [112-125, 194-198], қос. 2-4.

Бақылау сұрақтары



  1. Төсемдер тағайындалу бойынша қандай екі түрге бөлінеді ?

  2. Репер жəне бұрандакескіш не үшін қызмет көрсетедi ?

  3. Қандай бөлшектер базалық деп атайды?

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет