Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС» мамандығы бойынша



жүктеу 1.04 Mb.
бет4/9
Дата28.04.2019
өлшемі1.04 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС» мамандығы бойынша

1-курс студенттеріне арналған 2013-2014 оқу жылының

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ


Іс-шаралар, Мейрамдар

Даталар

Білім күні, Сабақ басталуы / День знаний, Начало занятий

1 қыркүйек

Күзгі семестр / Осенний семестр

02.09-15.12.13

Сессия

16.12.13-05.01.14

Тәуелсіздік күні / День независимости

16, 17 желтоқсан

Жаңа жыл / Новый год

1, 2 қаңтар

Рождество

7 қаңтар

Демалыс / Каникулы

06.01-19.01. 14

Күзгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта

Көктемгі семестр / Весенний семестр

20.01-04.05.14

Сессия

05.05-01.06.14

Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день

8 наурыз

Наурыз

21, 22, 23 наурыз

Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана

1 мамыр

Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества

7 мамыр

Жеңіс күні / День Победы

9 мамыр

Өндірістік практика / Производственная практика

02.06-08.06.14

Демалыс / Каникулы

09.06-31.08.14

Көктемгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 4 апта, ӨП – 1 апта



    1. УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


3.3.1 Білім беру бағдарламаларының мазмұны

  1. «Астана медицина университеті» АҚ келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлау қызметін жүзеге асырады:

«Жалпы медицина». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды және «Дәрігер» біліктілігі беріледі. Оқу ұзақтығы – 7 (5+2) жыл, соңғы екі жылы – интернатура. 5 жылдық базалық оқудан кейін түлектерге «медицина бакалавры» дәрежесі беріледі. Түлек-бакалавр конкурстық негізде магистратураға түсе алады. Интернатураны бітіргеннен кейін, интернатураны аяқтағаны туралы куәлікті және дипломды алғаннан кейін түлектер «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша дербес практикалық қызметке кірісе алады. «Ішкі аурулар», «Хирургия», «Педиатрия», «Акушерия және гинекология» мамандықтары бойынша интернатурада білім алып жатқан студент таңдаған мамандығына қарай резидентурада оқуын жалғастыра алады (2-4 жыл). Резидентураны бітіргеннен кейін өз бетінше дәрігерлік қызметпен айналысуға құқық беретін диплом беріледі.
«Мейірбике ісі». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 4 жыл. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады. Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша «мейірбике ісі магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
«Фармация». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «фармация бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл.
«Қоғамдық денсаулық сақтау». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады. Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша «қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.

«Стоматология». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды, «Стоматолог-дәрігер» біліктілігі беріледі. Оқу ұзақтығы – 6 (5+1) жыл, соңғы жылы – интернатура. 5 жылдық базалық оқудан кейін түлекке «стоматология бакалавры» дәрежесі беріледі. Түлек-бакалавр конкурстық негізде магистратураға түсе алады. Интернатураны бітіргеннен кейін, интернатураны аяқтағаны туралы куәлікті және дипломды алғаннан кейін түлектер дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша дербес практикалық қызметке кірісе алады немесе мамандандырудан өту үшін оқуын резидентурада жалғастыра алады (2-4 жыл). Резидентураны бітіргені туралы диплом тиісті мамандығы бойынша дербес дәрігерлік қызметпен айналысуға құқық береді.

«Медициналық-профилактикалық іс». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды, «Гигиена және эпидемиология маманы» біліктілігі және «медициналық-профилактикалық іс» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл. Бакалавриатта оқуды аяқтағаннан кейін түлек эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағамтану гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология жөніндегі маман ретінде дербес практикалық қызметке кірісе алады. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады.


  1. «Астана медицина университеті» АҚ-тың негізгі мақсаттарының бірі – студенттерді озық білім беру әдістемелері мен технологияларын қолдана отырып оқыту, білім алушыларды білімге және шеберлікке баулу, олардың жоғары кәсіптік дәрежеге ие болып, еңбектің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті деңгейге жетуін қамтамасыз ету.

Жоғары білім берудің қазіргі заманғы жүйесі адамдарды болашаққа заманауи әрі барабар бейімдеуге бағытталған, яғни тек қана білім беру деңгейін жоғарылатып қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаның тез өзгеретін экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық болмысына бейімделген жаңа типтегі зердені және қазіргі заманға сай ойлау тәсілін қалыптастырады. Кредиттік технологияны енгізу осы мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді. Оқытудың кредиттік жүйесі – кредиттер түрінде білім беру траекториясын таңдауды және білім алу көлемін есепке алуды жеке-жеке қарастыратын өзін-өзі оқыту деңгейі мен білімді шығармашылық түрде меңгеруді жоғарылатуға бағытталған жүйе.
3.3.2 Офис-тіркеуші қызметі туралы

1. Офис-тіркеуші бөлімі (ОТБ) – білім алушының оқудағы жетістіктерін толық тіркеп отыратын бөлім. Студенттің таңдаған пәндеріне жазылуды тіркейді, емтихандық-рейтингілік тізімдемені өңдеп, сақтайды. GPA (білім алушының оқудағы жетістіктері деңгейінің орташа есеппен алғандағы бағасы) көшіру балын есептейді.

Офис-тіркеуші бөлімі студенттердің білімін бақылау нәтижелерін есепке алады және академиялық рейтингіні есептейді.

2. Офис-тіркеушінің негізгі міндеттері мыналар:

- білім алушылардың оқу пәндеріне жазылу процесін ұйымдастыру және жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау;

- білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу процесін ұйымдастыру;

- білім алушыларды ағымдық және аралық аттестациядан өткізуді ұйымдастыру;

- қорытынды мемлекеттік аттестацияны ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

- ағымдағы транскриптілерді жүргізу және беру;

- GPA-ні жүргізу және есептеу;

- білім алушылардың оқу пәндері бойынша жинақталған кредиттерін/сағаттарын есепке алып, оны бірінші курстан бастап оқуды бітіргенге дейінгі кезеңде белгіленген форма бойынша жүргізу.

3.4 Пәндер бойынша тіркелу тәртібі
3.4..1 Элективті пәндерге жазылу процедурасы

1. Элективті пәндерге жазылу офис-тіркеуші бөлімінде жүзеге асырылады. Ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізу үшін эдвайзерлер, тьютерлер, деканат қызметкерлері қатыстырылады.

2. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін білім алушы таңдаған мамандықтарға жазылады.

3. Білім алушы пәндерді таңдап болған соң өзі таңдаған элективті пәндерді көрсетіп тіркеу формасын толтырады, осы форма негізінде білім алушының жеке оқу жоспары (ЖОЖ) әзірленеді.

4. Элективті пәндерге жазылу электрондық түрде жүзеге асырылады.

5. Элективті пәндерге жазылу ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрі кезінде 2 апта мерзімде жүргізіледі.

6. Егер бір пәнге тіркелген студенттер саны белгіленген саннан аз болса, онда ол пән жүргізілмейді және оқу-жұмыс жоспарына енгізілмейді.

7. Білім алушы бекітілген мерзімде элективті пәндерге жазылу және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізу тәртібін сақтауға міндетті.

8. Білім алушы білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылына белгіленген кредиттер (сағаттар) санына жазылуы тиіс.

9. Егер білім алушы белгіленген уақытта тіркелмесе, онда оны оқыту үшін сол курсқа арналып жасалған оқу жұмыс жоспары негізге алынады.

10. Офис-тіркеуші бөлімінің қызметкері білім алушының таңдаған элективті пәндері негізінде, топтардың тізімі бекітілгеннен кейін элективті пәндерді көрсете отырып, топтар бойынша ЖОЖ шаблондарын әзірлейді.

11. Білім алушы сайттан «жеке кабинеттен» өз ЖОЖ-ының электрондық нұсқасының шаблонын көшіріп немесе офис-тіркеуші бөлімінен алып, ЖОЖ шаблонын зер салып оқып алуы тиіс. Нұсқа Excel форматында берілген. Парақта міндетті компоненттің пәндері және таңдаған компоненті (элективті пәндер) көрсетілген.

12. Міндетті компоненттің пәндері – осы курста міндетті түрде оқытылатын пәндер. Олар осы мамандықтың МЖМБС үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген.

13. Элективті пәндер – белгіленген кредиттер (сағаттар) шеңберінде таңдау компонентіне кіретін оқу пәндері. Бұл пәндер білім алушының жеке траекториясын бейнелейтін оқу пәндері. Білім алушының тіркеу парағы негізінде толтырылады.

14. ЖОЖ-да студент тегін, атын, әкесінің атын және оқитын топтың нөмірін көрсетуі қажет.

15. Толтырылған ЖОЖ-ға білім алушы, эдвайзер қол қояды және оны факультет деканы бекітеді.

16. Егер студент белгіленген мерзімде офис-тіркеушіге өзінің ЖОЖ-ын тапсырмаса немесе тіркелуден бас тартқан болса, онда оны оқыту үшін сол курсқа арналып жасалған оқу жұмыс жоспары негізге алынады.

17. Факультет деканы ЖОЖ-ды екі данада бекітеді: бірінші данасы деканатта сақталады және білім алушылардың осы жоспарды меңгеруін және орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады; екінші данасы студентте сақталады. ЖОЖ-дың электрондық нұсқасы офи-тіркеуші бөлімінде сақталады.

18. Қол қойылған және бекітілген ЖОЖ-ды міндетті түрде орындау қажет. Міндетті пәндер сияқты, таңдаған пәндерге қатыспаса, академиялық қарыз болып есептеледі.

19. Офис-тіркеуші бөліміне ЖОЖ-ды тапсырудың соңғы мерзімі – оқу жылының бірінші аптасы.



  1. Студенттердің бекітілген ЖОЖ оқу жұмыс жоспарын құрастыру үшін негіз болады.


3.4.2 Оқытушының міндеттері

1. Оқытушы (педагог) функциялық міндеттеріне қарай дәріскер, тьютор, эдвайзер, куратор бола алады:

- дәріскер;

- тьютор – арнайы дайындықтан өткен, сабақтарды жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық консультанты ретінде қызмет атқаратын оқытушы;

- эдвайзер – білім алушыны мамандық бойынша оқытатын, таңдаған пәндерден жеке оқу жоспарын әзірлеуге және оқу барысында білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектесетін академиялық консультант. Деканаттарда – мамандық эдвайзері, кафедраларда – пән эдвайзері.

- куратор – оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмектесу үшін студенттер тобына бекітілген оқытушы. Куратордың негізгі міндеттерінің бірі – тату, ұйымшыл ұжымды қалыптастыру және оны тиімді басқару.

2. Оқытушының студенттермен жұмысына келесі үш негізгі функция кіреді:

Оқытушының бірінші функциясынұсқау беру (тақырыпқа кіріспе; мақсат пен міндеттер қою; практикалық тиімділікті сипаттау, мазмұндық материалдың негізгі бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын түсіндіру, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс бойынша ұсыныстар). Бұл студенттердің одан кейінгі өз бетінше орындайтын жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.

Оқытушының екінші функциясыкеңес беру-түзету. Бұл студенттердің өзіндік жұмысы барысында оқу қызметін жүзеге асыруға нұсқау беру, жеке консультациялар өткізу және тиісті түзету жұмыстарын орындау үшін консультациялық көмек көрсетеді.

Оқытушының үшінші функциясыбақылау-бағалау. Бұл тестілеуді өткізу, студенттердің білімі мен шеберлігін бағалау, олардың негізгі қиыншылықтарын анықтау үшін сұхбат ұйымдастыру, оқытушының «дұрыс» әрекеттерді көрсетуі, өзара іс-әрекеттерді, сарапшы мен бақылаушының ұстанымы бойынша жұмыстың эталон тәсілдерін көрсету.
3.5 Студенттің ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндеттері
3.5.1 Жалпы ережелер

1.1 «Астана медицина университеті» АҚ-та (бұдан әрі – Университет) білім алушылардың ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы,ҚР БҒМ 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 «Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары туралы» бұйрығы, «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 23.01.2008ж. №58 Қаулысы, «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 7.02.2008ж. №116 Қаулысы, ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациядан өткізудің типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығы, Ішкі еңбек тәртібі ережелері, Университет Жарғысы, Студенттік жатақханалар туралы ереже және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде оқу тәртібін күшейту мақсатында әзірленді.




3.5.2 Білім алушылардың құқықтары

Білім алушының:

2.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дайындықтың (мамандықтың) таңдап алынған бағыты бойынша білім алуға;

2.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа бір оқу орнына, бір мамандықтан басқа бір мамандыққа, оқудың бір формасынан басқа бір формасына қайта қабылдануға және ауысуға;

2.3. Университет қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға, оның ішінде қоғамдық ұйымдар және Университеттің басқару органдары арқылы қатысуға;

2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте студенттік өзін-өзі басқару органдарын, студенттік қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер, оның ішінде кәсіптік одақтар құруға;

2.5. Университеттің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

2.6. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Азаматтарға олар білім алған кезеңде көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері, көздері, түрлері және ережелері туралы» қаулысы және 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 «Білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережесі туралы» 7.02.2008ж. Қаулыларына сәйкес шәкіртақымен қамтамасыз етілуге және әлеуметтік көмек алуға;

2.7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түріне, конференцияларға, симпозимдарға қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Университет баспаларында жариялауға беруге;

2.8. Университеттің ақпараттық ресурстарын, оқу, ғылыми және басқа да құрылымдардың қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес пайдалануға құқығы бар.


3.5.3 Білім алушылардың міндеттері

Білім алушы:

3.1. Білім беру саласындағы оқу-ғылыми процестерді, оларды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін нормативтік актілердің талаптарын орындауға;

3.2. Таңдап алынған мамандығы бойынша теориялық білімді және практикалық машықтарды жүйелі және терең түрде игеруге;

3.3. Сабақтарға қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларда көрсетілген тапсырмалардың барлық түрін белгіленген мерзімде орындауға;

3.4. Оқытушылардың және Университеттің басқа қызметкерлерінің ар-намысын мен абыройын сыйлауға;


3.5. Қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтауға, жатақханада тұру ережесін сақтауға, жалпыға ортақ адамгершілік және этика нормаларын сақтауға, құқық бұзушылық әрекеттерге, болашақ дәрігердің моральдық бейнесіне сәйкес келмейтін әрекеттерге жол бермеуге, Университеттің іскерлік абыроайын, аты мен беделін қорғауға;

3.6. Жалпы мәдениетті жақсартуға ұмтылуға, адамгершілік жағынан және дене тәрбиесі жағынан үнемі жетілуге; оқу тәртібін сақтауға, Университет әкімшілігінің өкімдерін дер кезінде және нақты орындауға;

3.7. Университеттің мүлкін ұқыптап ұстауға, оны дұрыс пайдалануға, зиян келтірмеу үшін шараларды алдын ала орындауға; Университетке материалдық зиян келтірген жағдайда оны Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес өтеуге;

3.8. Университеттің қоғамдық өміріне, қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді түрде араласуға;

3.9. Жоспарлы медициналық тексеруден дер кезінде және үнемі өтіп тұруға;

3.10. Өздерімен бірге жеке куәлігін, студенттік билетін, болмаса Университеттің оқу корпустарына кіруге (шығуға) және онда жүруге рұқсат беретін рұқсатнаманы алып жүруге және оларды Университетке кірген кезде көрсетуге;

3.11. Студенттік жеке құжаттарды (студенттік билет, сынақ кітапшасы) ұқыптап ұстауға, оларды жоғалтқан жағдайда тез арада факультет әкімшілігіне хабарлауға;

3.12. «Ақылы білім беру қызметі туралы» шартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді орындауға;

3.13. Өзінің оқу орнын, оқу құралдарын тәртіпте және тазалықта ұстауға, оқу аудиторияларында, корпустарында, клиникалық бөлімшелерде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға;

3.14. Барлық сабақтарда студент халат пен колпакты киіп жүруі тиіс;

3.15. Кітапхананы олдану тәртібін сақтауға;

3.16. Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға;

3.17. Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі техникасын, өндірістік санитарияны, еңбек және өртке қарсы күзет гигиенасын сақтауға;

3.18. Білім алушылардың Ішкі тәртіп ережесін және Жатақханада тұру ережесін сақтауға, Университет жарғысының талаптарын, Ғылыми кеңестің шешімін, Тәртіптік кеңестің шешімін, ректордың, проректорлардың, декандардың бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;

3.19. «Ақылы білім беру қызметі туралы» шарттың талаптарын сақтауға міндетті.
3.5.4 Білім алушыларға тыйым салынған жағдайлар

Білім алушыларға:

4.1. Жалпыға ортақ этика нормаларын бұзуға;

4.2. Дөрекі сөйлеуге, балағаттауға, күш көрсетуге немесе білім алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге жол беруге;

4.3. Қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен қарамауға, олардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіруге;

4.4. Заңмен қудаланатын ақпаратты таратуға;

4.5. Университет территориясында орын алған қандай да бір тәртіпсіздіктің бастамашысы болуға, тиісті рұқсат берілмесе хабарландыру және көрнекі үгіт-насихат қағаздарын ілуге;

4.6. Оқу және дәріс аудиторияларында, зертханаларда, жатақханаларда тыныштықты және тәртіпті бұзуға;

4.7. Мас күйінде жүруге, спиртті ішімдіктер ішуге, есірткі және уытты заттарды пайдалануға және таратуға, құмар ойындар ойнауға;

4.8. Университеттің оқу корпустарында және жатақханаларында темекі тартуға;

4.9. Үй-жайларда (оқу аудиторияларында, дәріс залдарында, акт залында) бас киіммен және сыртқы киіммен жүруге;

4.10. Университеттің мүлкіне зиян келтіруге;

4.11. Университет қабырғасында ақылы қызметтер немесе тауарлар ұсынуға;

4.12. Жемқорлыққа жағдай жасайтын (сыйлық беруге, кез-келген түрдегі сыйақы беруге, сондай-ақ пара беру үшін делдал қызметін атқаруға) әрекеттер жасауға.

4.13 Университет ғимаратында шолақ шалбармен, ішкөйлекпен, спорт киіммен жүруге (дене шынықтыру, спорт сабақтарынан басқа), сонымен қатар дененің ашық жеріне пирсинг тағуға тыйым салынған.

3.5.5. Оқу процесінің ережелері

5.1. Оқу жоспарындағы пәндер бойынша жүргізілетін сабақтарға қатысу міндетті.

5.2. Білім алушы курстан курсқа көшу үшін Университет белгілеген курстан курсқа көшу балын (GPA - (Grade Point Average – оқу үлгерімінің орташа балы) жинауға міндетті.

5.3. Сынақ-емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары бар білім алушылар тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқу арқылы академиялық қарыздарды жоюға міндетті.

5.4 Сабаққа қайта қатысу арқылы пәндер бойынша академиялық қарызды жою қысқы және/немесе жазғы семестр кезінде жүзеге асырылады.

5.5. Білім алушылардың сабаққа кешігіп келу құқығы жоқ. Сабақ басталғаннан кейін аудиторияға оқытушының рұқсатымен ғана кіреді.

5.6. Сабақ барысында ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған.

5.7. Оқу тобында жақсы оқитын және тәртіпті, топ ішінде беделді студенттер арасынан староста тағайындалады. Оқу тобы старостасының функциясына:

– білім алушылардың барлық сабақтарға қатысуының жеке есебін жүргізу;

– білім алушыларды сабақ кестелеріндегі өзгерістер, хабарландырулар, деканат өкімі туралы хабардар ету;

–топтағы күн сайынғы кезекшілікті тағайындау кіреді.

5.8. Аталған функциялар аясында старостаның өкімі топтағы барлық білім алушыларға міндетті.

5.9 Нақты себептерге байланысты сабаққа қатыспаған білім алушы деканатқа немесе старостаға хабар беруге міндетті. Науқастанған жағдайда «Астана медицина университетінің медициналық орталығы» ЖШС берген белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы әкелуі тиіс. Басқа жағдайларда сабаққа қатыспау себебін растайтын құжаттарды әкелуге міндетті.

5.10. Сабақта себепсіз болмаған білім алушы факультет деканы атына түсініктеме жазады.

5.11. Білім алушылар қатыспаған сабақтарды өтеу үшін тиісті деканаттан өтеуге рұқсат алуы тиіс.

5.12. Барлық қатыспаған сабақтар (уәжді және уәжсіз себептер бойынша) ақысыз негізде өтеледі:



  • УӘЖДІ себеп бойынша қатыспаған сабақты өтеген кезде алынған баға РРБ-ны есептегенде ескеріледі;

  • УӘЖСІЗ себеп бойынша қатыспаған сабақты өтеген кезде алынған баға РРБ-ны есептегенде ескерілмейді (0 балға теңеледі);

5.13. Уәжсіз себеп бойынша қатыспаған сабақты 2 күнтізбелік апта ішінде өтеуге болады.

5.14. 108 сағат немесе 4 кредит көлемінде және одан көп уәжсіз себеп бойынша қатыспаған сабақтары бар білім алушы Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес Университеттен шығарылады.

5.15 Тест тапсыру кезінде телефон байланыс құралдарын, шпаргалка және т.б. пайдалануға.

5.16 Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауды бөгде білім алушының орнына тапсыруға.

5.17 Университеттің құжаттарын қолдан жасауға (ведомостті, сабақты өтеуге арналған рұқсатты, сынақ кітапшасын, студенттік билетті, оқырман билетін және т.б.).

5.18 Компьютерлік тестілеу бөліміне ағымдық бақылау тапсыру барысында сабақты өтеуге рұқсат алу үшін донорлық анықтамаларды қолдануға.


3.6 Аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережелері
1.1 Білім алушылар сынақтар мен емтихандарды жұмыс оқу жоспарына, пәннің бекітілген оқу бағдарламаларына, сондай-ақ университеттің бекітілген бағдарламаларына сәйкес тапсыруға міндетті.

1.2 . Білім алушы пән бойынша рұқсат беру рейтингісі кемінде 50% болса ғана емтиханға жіберіледі.

1.3 Құжатпен расталған нақты себебі болған жағдайда факультет деканы емтихандар мен сынақтар тапсыратын жеке уақытты белгілейді. Емтихан сессиясын ұзарту деканның қызметтік өкімімен ресімделеді.

1.4 Оқу жылының қорытындысы бойынша курстан курсқа көшу балының белгілі мөлшерін жинамаған білім алушы GPA-ны арттыру мақсатында жеке пәндерді ақылы негізде қайталап оқуға құқылы, кейін қорытынды бақылауды тапсырады.

1.5 Емтихан нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткен күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы.

1.6. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, курстан курсқа көшу балын жинап келесі курсқа көшкен академиялық қарызы бар білім алушының мемлекеттік гранты сақталады, бірақ оқытудың тақырыптық жеке жоспарына сәйкес тиісті пән бойынша ақылы негізде пәнді қайталап оқуға және қысқы немесе жазғы семестрде академиялық қарызын жоюға міндетті.

1.7. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, қайталап оқу курсына қалдырылған білім алушы мемлекеттік гранттан айырылады және бұдан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.

1.8 Қайталап оқу курсында оқитын білім алушы оқу жоспарына сәйкес барлық пәндер бойынша өткізілетін сабақтарға қатысуға міндетті.

1.9. Қайталап оқу курсынан кейін «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы Университеттен шығарылады.

1.10. Университеттен оқудан шығарылған білім алушыға оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін белгіленген үлгідегі академиялық анықтама және транскрипт беріледі.

1.11. Емтихан сессиясы кезінде жеке ведомостар берілмейді.

1.12 Компьютерлік тестілеу бөлімінде ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу кезінде білім алушыларда өзімен бірге жеке куәліктері немесе нотариалдық қуәландырылған көшірмесі болуы міндетті.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет