Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу тәртібі



жүктеу 1.04 Mb.
бет6/9
Дата28.04.2019
өлшемі1.04 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.6.3 Білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу тәртібі


4.1 Білім алушының пән бойынша академиялық рейтингісі (ҚБ) білім алушының рұқсат рейтингісі бойынша, сол сияқты қорытынды бақылау бойынша бағасы оң болған жағдайда санап шығарылады. ҚБ-ны емтихан қабылдаушы мына формула бойынша есептейді

ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
4.2 Қорытынды бақылау 2 кезеңде жүргізілген жағдайда 1 және 2- кезеңнің емтихан бағалары ведомостың тиісті бағанасына жеке қойылады және ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:

ҚБ= РРБ* 0,6 +( ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4
4.3 Интернатура пәндері бойынша ҚБ-ны есептеу қорытынды бақылаудың әр кезеңі бойынша оң баға (ҚББ≥50 балл) алған жағдайда есептеледі. Қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда аттестаттаудың бір кезеңінде қорытынды бағаны есептеу жүргізілмейді.

4.4 Интернатура бойынша қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлға бір жылдан кейін келесі оқу жылында қорытынды аттестаттау басталардан екі апта бұрын ЖОО басшысының атына қорытынды аттестаттаудан қайтадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

4.5 Қорытынды аттестаттауға қайта қатысуға рұқсат беру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді. Қорытынды бақылау кешенді емтихан түрінде өткізілетін болса, әр пән бойынша қойылған бағалар бөлек ведомостарға қойылады. ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:
ҚБд = РРБд*0,6 + ҚББд*0,4
мұнда: РРБд – пән бойынша РРБ

ҚББд – үлес салмағы есептелген, пән бойынша қойылған емтихан бағасы
4.6 Қорытынды бақылау дифференциялық сынақ түрінде өткізілген болса, ҚБ есептеуді осы Ереженің 7.1-тармағына сәйкес жүргізеді.

4.7 Практиканың барлық түрлері бойынша ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:
ҚБ = Ркаф*0,6 + Рбаз*0,4
Мұнда : Ркаф (ОИКкаф) – кафедрадан практика жетекшісінің бағасы;

Рбаз(ОИКбаз) – клиникалық базадан практика жетекшісінің бағасы.
4.8 Практика бойынша бір жетекші (кафедрадан) тағайындалатын болса, қорытынды бағаны есептеу келесі формулаға сәйкес жүргізіледі:
ҚБ = ҚББкаф
4.9 ҚБ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифры бірлікке көбейеді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифры өзгермейді.

4.10. Пән бойынша қорытынды баға әріптік, сандық және дәстүрлі эквивалентке аударылады. Балдарды аудару 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

4.11. Оң қорытынды баға (білім алушының академиялық рейтингісі) оқу пәні бойынша емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жинаған кредиттері және/немесе сағат саны (бакалавриат мамандықтары үшін) көрсетіле отырып жазылады.

4.12. Білім алушылардың үлгерімін есепке алу бойынша толтырылған ведомосты емтихан қабылдаушы емтихан тапсырылған күні офис-тіркеуші бөліміне тапсырады. ҚББ мен ҚБ кафедра журналына жазылады.
4.13. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен сол аралық аттестация кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді

4.14. Академиялық рейтингіні жоғарылату үшін білім алушы ақылы негізде келесі академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу сабақтарына қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

4.15 Өтемсабақтарда алған балл педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналына жазылады. Сабақтан қалу себебі дәлелді болған жағдайда ғана (өтемсабақтарда алған балл санына қарамастан 0 - 100 балға дейін), өтемсабақтарда алған балл есепке алынып рұқсат рейтингі бағасы қайта есептеледі (5-қосымша).

4.16 Өтемсабақтарды тапсырғанда, сабақтан қалу себебі дәлелсіз болған жағдайда, педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналында өтеу нәтижесіне қарамастан оқу тәртібін бұзғаны үшін 0 балл қойылады.

4.17 Студент сабаққа уәжсіз себеппен қатыспаған болса, онда оны 2 күнтізбелік апта ішінде өтейді. Егер білім алушы уәжсіз себеппен қатыспаған сабақты белгілеген уақытта өтемеген болса, педагогикалық журналға 0 балл қойылады.Сонымен қатар кафедра ОПҚ деканатқа әкімшілік шараларды қолдану мақсатында қатыспаған сағаттары туралы ақпаратты береді.

4.18. Уәжсіз себеппен қатыспаған сабақты өтеу барысында «қанағаттанарлықсыз» баға (0-49 балл) алған кезде білім алушыға педагогикалық журналға 0 балл қойылады

4.19. Бағдарламадағы диф.сынақ/емтихан формасымен пән айырмашылықтары бойынша үлгерімді есепке алу айырмашылықты жоюды есепке алу бойынша жеке ведомосқа жазылады (6-қосымша).
3.6.4 Білім алушылардың рейтингісін есепке алу
5.1 Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттер санымен белгіленген меңгерген кредиттерді қосуға негіз болады және білім алушының транскриптісіне жазылады.

5.2 Офис-тіркеуші бөлімі жазғы семестрдің нәтижелерін ескеріп, оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушының оқу жетістіктері деңгейін орташа баға ретінде үлгерімнің орташа балын (GPA) есептейді.

5.3 Дифференциялық сынақ бағалары курстан курсқа көшу балын (GPA) есептегенде осы жұмыс түрлеріне тиісті кредиттер санын бөлген кезде есепке алынады. Дене шынықтыру және әскери дайындық бойынша қорытынды баға GPA-ны есептегенде есепке алынбайды.
3.6.5 Апелляция

6.1.1 Егер білім алушы емтихан сессиясының (аралық аттестаттау, Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан), қорытынды аттестаттау (мемлекеттік аттестаттау) қорытындысымен келіспесе, нәтижелерді хабарлаған күні комиссияның қарауын талап ететін пәнді көрсетіп және сауалды сипаттап, Университеттің апелляциялық комиссиясының төрағасы – білім беру қызметі жөніндегі проректордың атына апелляция беруге құқылы

6.1.2 Өтінішке:

- пән комиссиясы төрағасы (факультет деканы);

- кафедра меңгерушісі қолдарын қоюы қажет .

6.1.3 Сұрақ оң шешілген жағдайда, пәннің апелляциялық комиссиясының құрамы және апелляцияға жіберілген білім алушылар туралы өкім шығарылады. Өкімде апелляцияны өткізу мерзімі көрсетіледі.

6.1.4 Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен (2-қосымша) ресімделеді. Апелляция нәтижелері бойынша алынған баға білім алушының жеке емтихан ведомосына толтырылады..
6.1.5 Пәндік апелляциялық комиссияның хаттамасы деканатта, оның көшірмелері кафедрада сақталады. Жеке емтихан ведомосы офис-тіркеуші бөліміне тапсырылады.

6.1.6 Қорытынды аттестаттау болған және Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсырған жағдайда апелляция нәтижелері МЕК және МАК мәжілісі хаттамаларымен ресімделеді. Бұндай жағдайда бірінші хаттаманың нәтижелері «Баға 2012 жылғы _ № _хаттамамен «____» бетте қайта қаралды» деген жазумен түзетіледі және МЕК пен МАК-тың барлық қатысып отырған мүшелері қолдарын қояды.

6.2 Апелляцияға қойылатын критерийлер:

6.2.1 Егер емтихан тест түрінде өткізілсе:

- тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары болмаған жағдайда;

- тест тапсырмаларына берілген жауаптардың бірнешеуі дұрыс;

- тест тапсырмалары оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптардан тыс;

- тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден басқа тілге).

6.2.2 Егер емтихан ауызша түрде өткізілсе:

- сауалдар оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптардан тыс.


3.6.6 Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

7.1. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын білім беру деңгейіне сай қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында жүргізілетін процедура.

7.2. Мемлекеттік қорытынды аттестацияға оқу жұмыс жоспары мен жеке оқу жоспарын және оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі

7.3. Білім беру процесін толық аяқтаудың негізгі критерийі – жоғары білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқытудың теориялық курсының қажетті көлемін және кәсіптік практиканы меңгеруі.

7.4. Оқу жұмыс жоспары мен жеке оқу жоспарын және оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрден өткізілмей қайта оқу курсына қалдырылады.

7.5. ЖОО басшылары білім беру саласындағы өкілетті органга ағымдағы жылы оқуды бітіретін білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға тапсырысты ағымдағы оқу жылының 1 қазанына дейін ұсынады.

7.6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауын өткізу үшін оқытудың барлық түріне арналған барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.

7.7 ЖОО-дағы білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі.

7.8 Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО құрастырған бағдарлама бойынша өткізіледі. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО ғылыми кеңесінің (факультеттің) шешімімен бекітіледі.

7.9. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейіндеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) төмендегі формаларда жүргізіледі: кәсіптік оқу бағдарламалары көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) түрінде.

7.10 Дәлелді себеппен бекітілген кестеге сәйкес қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы емтиханға қатыспауының себебін дәлелдейтін құжатты көрсетіп, Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) төрағасының атына өтініш жазады және МАК төрағасының рұқсатымен осы комиссияның келесі мәжілісі болатын күні емтиханды тапсырады немесе дипломдық жұмысын қорғайды.

7.11 Бағаны көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру немесе қорғалынған дипломдық жобаны (жұмыс) қайта қорғау рұқсат етілмейді.

7.12 Мемлекеттік емтиханда және⁄немесе дипломдық жұмысты қорғауда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыға осы болып жатқан қорытынды аттестаттау кезінде мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және⁄немесе дипломдық жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

7.13 Білім алушыны қайтадан қорытынды аттестаттаудан өткізу тек өткен қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған формалары (пәндері) бойынша келесі қорытынды аттестаттау кезінде қайтадан өткізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік емтиханды тапсырмаған білім алушылар үшін мемлекеттік емтихан тізбесіне енгізілетін пәндер білім алушының теориялық курсты бітірген жылы қолданыста болған оқу жоспарына сай анықталады.

7.14 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент (докторант, магистрант) қайтадан аттестациядан өту үшін бір жылдан кейін қорытынды аттестаттауға екі апта уақыт қалған мерзімнен кешіктірмей ректордың атына «қанағаттанарлықсыз» баға алған формаға (пәнге) қатысуға рұқсат беруі жөнінде өтініш жазады.

7.15 Егер білім алушы қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алса, онда оған белгіленген үлгідегі анықтама беріліп, ЖОО жетекшісінің бұйрығымен оқудан шығарылады

7.16 Егер білім алушы қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алғаннан кейін МАК-қа денсаулық жағдайы жөнінде анықтама өткізсе, онда ол анықтама қаралмайды.

7.17 Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студенттерге МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, транскрипт/қосымша қоса беріледі.

7.18 Дипломның транскрипт/қосымшасында әрбір оқу пәні бойынша балдық рейтингілік әріптік жүйемен берілген соңғы бағалары жазылады, кредит көлемі мен академиялық сағаттар көрсетіледі.

7.19 Оқыту кезінде емтихандарды қайта тапсырған студент үздік дипломды алмайды.




3.7 Сабаққа қайта қатысуды ұйымдастыру
1.1 Оқытудың тиісті жылындағы пәндер бойынша академиялық қарызы бар білім алушылар ол қарыздарды тиісті пәндерді қайта оқу арқылы жоюға міндетті:

  • Егер қорытынды бақылауға (емтихан, дифференциялық сынақ) жіберілмеген болса;

  • аралық аттестация кезінде ««қанағаттанарлықсыз»» баға алғандар;

  • уәжсіз себеп бойынша қорытынды бақылауға келмегендер (емтихан, дифференциялық сынақ);

  • курстан курсқа көшу балының ең төменгі деңгейін жинай алмаған білім алушылар.

1.2 Үлгерімнің орташа балын (GPA) жоғарылатуды қалайтын білім алушылар тиісті пәндер бойынша сабақтарға қайта қатысуға құқылы. Бірақ мемлекеттік емтихан болып есептелетін «Қазақстан тарихы» пәні қайта тапсырылмайды.

1.3 Білім алушы 5 (бес) пәннен немесе көлемі 450 сағаттан асатын пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмеген болса, ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.

1.4 Академиялық қарыздары бар түлек Мемлекеттік қорытынды аттестацияға жіберілмейді және Университеттен шығарылмай ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.

1.5 Қайта оқыту курсына қалдырылған түлек жазғы семестр мерзімінде академиялық қарыздарды жоюға тиіс.

1.6 Тиісті пәндер бойынша сабақтарға қайта қатысу қысқы немесе жазғы семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Сабақтарға қайта қатысу құны пән бойынша аудиториялық сағаттар санына байланысты анықталады.

1.7 Білім алушы тиісті пәндер бойынша сабаққа қайта қатысу ақысын төлеуі тиіс. Осыдан кейін сабақтарды қайта оқи алады.


1.8 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысуға қалдырылған білім алушы факультет деканы атына өтініш жазуы тиіс. Өтінішке мыналар қол қояды:

  • факультет деканы (деканның орынбасары);

  • оқу процесін жоспарлау бөлімінің бастығы қайта қатысатын сабақтардың пәндері бойынша аудиторлық сағаттар санын көрсетеді;

  • сабаққа қайта қатысу ақысын анықтайтын бухгалтер.

1.9 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысу үшін төлемақы төленеді. Түбіртек көшірмелерін түпнұсқасын көрсете отырып деканатқа, тиісті кафедраға өткізу керек.

    1. Білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған барлық сабақтарға, соның ішінде СӨЖ-ге қатысуы тиіс

1.11 Академиялық қарызды жойған білім алушы офис-тіркеуші бөлімінің бастығы атына жеке емтихан ведомосын беру туралы өтініш береді және өтініште оқытушының «сабақтарға қайта қатысты, қорытынды бақылауға жіберілді» деген және деканның «Қолдаймын» деген бұрыштамалары болуы тиіс. Офис-тіркеуші бөлімі жеке емтихан ведомосын бергеннен кейін өтінішті студенттерді есепке алу және өндірістік практика бөліміне тапсырып, білім алушының жеке ісіне тіркейді.

1.12 Қысқы/жазғы семестрдегі осы пәннің қайту оқыту курсының оқу сағаттарынан кемінде 75% көлемін меңгерген білім алушы келесі семестрдің бірінші айында пәнді меңгеріп болуы тиіс.

1.13 Бір пәнге бір реттен артық қатысуға рұқсат етілмейді.

1.14 Қайта қатысуға қалдырылған білім алушы жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындамайтын болса (¼ және одан да көп сабаққа қатыспаған, білімнің ағымдағы деңгейі 50% кем), онда пән бойынша қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмейді.

1.15 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысқаннан кейін қорытынды бақылауды тапсыра алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.

1.16 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысқаннан кейін қорытынды бақылауды тапсыра алмаған білім грантының иегері қайта оқыту курсына қалдырылады. Бірақ білім грантынан айырылады.

1.17 Қайта қатысу сабақтарына қалдырылған және жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспарының сабақтарына уәжді себеппен (деканаттан тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін) қатыспаған білім алушы қатыспаған сабақтарды өтеп болғаннан кейін сабақтарға қайта қатысуды жалғастырады.

1.18 Егер білім алушы алдыңғы жылдары қайта қатысатын сабақтарға төлемақы төлеп, бірақ уәжді себеппен (құжатпен дәлелденген) қатыспаған немесе сабақтарға қайта қатысуды бастамаған болса, онда ол ағымдағы оқу жылының тарифі бойынша қосымша төлемақы төлеуі тиіс.

1.19 Егер білім алушы қайта қатысатын сабақтарға төлемақы төлеп, бірақ уәжсіз себеппен қатыспаған не қорытынды бақылауға жіберілмеген болса, төленген ақшасы қайтарылмайды.
3.8 Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру, оқуға қайта қабылдау ережелері
3.8.1. Жалпы ережелер

1.1 Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру, оқуға қайта қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 4-бабы 26-тармағына сәйкес әзірленген.

1.2 Ережелер меншіктік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру, оқуға қайта қабылдау тәртібін белгілейді.

1.3 Білім алушылардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына, бір курстан келесі курсқа, бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына, білім алу формасының бір түрінен екінші түріне, бір тіл бөлімінен басқа тіл бөліміне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы жүзеге асырылады.

1.4 Студенттердің құқық сақтау және арнайы органдарға бағынысты жоғары оқу орындарына ауысуы аталған өкілетті органдармен бекітілген ережелерімен реттеледі.

1.5 Білім алушылардың ауысу және оқуды қайтадан жалғастыру туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс мерзімінде кезекті академиялық кезеңнің басталуына дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

1.6. Білім алушының оқуын қайтадан жалғастырған немесе бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысқан кезде оның өткен академиялық кезеңдегі пәндеріне байланысты оқу-жұмыс жоспарындағы айырмашылықтар анықталынады.

1.7. Оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары білім беру ұйымының басшысы оқытылған пәндер тізбесі, оқу карточкасында немесе транскрипте немесе білімін аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі –анықтама ) белгіленген академиялық сағаттар немесе кредиттер арқылы берілген олардың бағдарламалары мен көлемі негізінде анықтайды.

1.8 Білім алушының оқуын қайтадан жалғастырған немесе шетелдік ЖОО-дан ауысқан кезде ол өзінің меңгерген оқу бағдарламалары жөнінде құжат (академиялық анықтама, транскрипт) өткізеді, сонымен қатар бұдан бұрын алған білімінің деңгейін аяқтағаны жөніндегі құжатты өткізеді және бұл құжат белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында мойындалу процедурасынан немесе нострификациялаудан өтуі қажет.

1.9. Оқу-жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтарын тапсыру үшін білім алушы академиялық кезең кезінде оқу жоспарында көрсетілген сабақтың барлық түріне қатысып, ағымдық бақылаудың барлық түрін тапсырады және қорытынды бақылауға қатысуға рұқсат алады.

1.10 Оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары белгіленген мерзімде тапсырылмаса бұдан әрі академиялық қарыз болып саналады.


3.8.2 Университетте білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау

1.1 Тиісті курсқа ауыстыру және оқуға қайта қабылдау бакалавриатқа арналған оқу жоспарларында айырмашылық міндетті компонент үшін 5 пәннен артық болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

1.2 Білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты - білім алушы жинаған үлгерімнің орташа балы (GPA) жоғары оқу орнында белгіленген курстан курсқа көшіру балынан төмен болмауға тиіс.

1.3 Білім алушыны ЖОО-ларға ауыстыру және оқуды қайта жалғастырудың міндетті шарты – жеке оқу жоспарына сәйкес 15 кредиттен кем емес көлемдегі бірінші академиялық кезеңді толық аяқтауы.



1.4 Білім алушы оқуын қайта жалғастырған кезде оқудан шығару мерзімдеріне қарамастан білім алушылардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына, білім алу формасының бір түрінен екінші түріне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы немесе оқуды қайта жалғастыруы жүзеге асырылады.
Студенттерді курстан курсқа көшіру критерийлері
«Жалпы медицина», «Стоматология», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша 1-5 курс студенттері үшін көшіру балы:


Курс

Басқа ЖОО-лардан білім алушыларды ауыстыру критерийлері


% мазмұны

Дәстүрлі баға

1-курстан 2-курсқа

2,0

65-69

3

2-курстан 3-курсқа

2,33

70-74

3

3-курстан 4-курсқа

2,67

75-79

4

4-курстан 5-курсқа

3,0

80-84

4


Студенттерді интернатураға көшіру критерийлері

Мамандықтар бойынша 5-7 курс студенттері үшін көшіру балы:

(МЖМБС - 2006):


Интернатураның бағыты

Ауысу балы

% мазмұны

Дәстүрлі баға

Жалпы дәрігерлік практика

3,2

80-84

4

Гигиена және эпидемиология

3,2

80-84

4

Ішкі аурулар

3,33

85-89

4

Педиатрия

3,33

85-89

4

Хирургия

3,67

90-94

5

Акушерия және гинекология

3,67

90-94

5

Стоматология

3,0

80-84

4

1.5 Білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау кезінде пререквизиттерді есептегеннен кейін оқыту курсы анықталады. Меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім траекториясына сәйкес жасалады.

1.6 Пәндер бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау формаларындағы айырмашылық ескерілмейді.

1.7 Сынақ білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесінде минималдық D (1,0; 50-54%) диапазонынан максималдық А (4,0; 95-100%) диапазонына дейін теңеледі.

1.8 Білім алушыларды курстан курсқа көшіру үшін жазғы семестр нәтижелері және жинаған көшіру балы есепке алынып, жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жүзеге асырылады.

1.9 Білім алушыны курстан курсқа көшіру ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

1.10 Курстан курсқа көшірудің белгіленген балын жинаған және оқытудың келесі курсына көшкен, бірақ академиялық қарыздары бар білім грантының иегері академиялық қарызды ақылы негізде жояды, оның білім беру гранты сақталады.

1.11 Курсты қайта оқуға қалдырылған білім грантының иегері осы білім грантынан айырылады және бұдан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.

1.12 Білім грантында оқып жатқан білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысқан кезде білім гранты сақталады.

1.13 Жекелеген ЖОО-лар үшін бөлінген, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға бекітілген квота шеңберінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша мақсатты орындарға оқуға түскен білім алушыларды басқа ЖОО-ға білім грантын сақтап ауыстыруға рұқсат етілмейді.

1.14 Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алып жатқан докторанттар мен магистранттарды бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру білім беру саласындағы өкілетті орган мемлекеттік білім тапсырысын қайта алмастырған кезде жүзеге асады.

1.15 Білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асады:

1) Басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы өзі білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауыстыру туралы өтініш жазып, жазбаша түрде жазылған және мөр басылған басқа ЖОО-ға ауыстыру келісімін алып, өзіне керекті ЖОО ректорына барады;

2) Қабылдаушы ЖОО ректорының атына ауыстыру туралы жазған өтінішіне қосымша мыналар беріледі:

–білім беру қызметі жөніндегі проректордың және офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөр басылған транскрипт көшірмесі;

– ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) немесе кешенді тестілеуді тапсырғаны жөніндегі сертификат;

– білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер білім беру грантының иегері болса);

– білім алушының білім алған ЖОО ректорының атына жазған өтініші (басшының қолы қойылған және мөр басылған);

3) факультет деканы (институт директоры) өткізілген құжаттар негізінде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарындағы айырмашылықтарды анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқыту курсын белгілейді. Білім бағдарламасына сәйкес меңгерген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және офис-тіркеуші бөлімімен келісіп білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

4) факультет деканының (институт директорының), оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының, ЖОО жетекшісінің білім беру қызметі жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО басшысы бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

1.16 Білім алушы ауысып жатқан ЖОО жетекшісі бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұранымды білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға жібереді.

1.17 Білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі жазбаша сұранымды алғаннан кейін оқудан шығару туралы бұйрықты шығарады. Бұйрықта «басқа ЖОО-ға (ЖОО-ның атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деп жазылады және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін қабылдайтын ЖОО-ға жібереді.

1.18 Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберген құжаттардың тізімдемесі қалады.

1.19 Білім грантында оқып жатқан білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстырған кезде қабылдайтын ЖОО жетекшісі білім беру саласындағы өкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ЖОО-ларды қаржыландыру көлемін түзету үшін оның атына берілген білім беру грантының иегері куәлігімен бірге білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрығын ұсынады.

1.20 Білім грантында оқып жатқан білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға бір курсқа төмен ауыстыру ақылы түрде ғана жүзеге асады.

1.21 Білім алушыларды ақылы негізде оқыту үшін бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру білім алушылар және қабылдайтын ЖОО арасында бұйрық жасасуымен жүзеге асады.

1.22 Білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе білім алу формасының бір түрінен екінші түріне ауыстыру тек ақылы түрде ғана жүзеге асады.

1.23 Білім алушыны бір ЖОО ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе білім алу формасының бір түрінен екінші түріне ақылы негізде ауыстыру шартқа тиісті өзгерістерді енгізуімен жүзеге асады және ЖОО жетекшісі бұйрығымен ресімделеді.


1.24 Оқу-жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары академиялық қарыздарын жою тәртібі мен мерзімдері факультет деканы (институт директоры) бұйрығымен ресімделеді және ағымдағы оқу жылы білім алушының жеке оқу жоспарында белгіленеді.

1.25 Егер ақылы негізде білім алушылар семестр кезінде алып жатқан біліміне ақы төлемегені үшін оқудан шығарылса, онда ол оқу ақысын төлеп, оқудан шығарылғаннан кейін төрт апта ішінде оқуын қайтадан жалғастыра алады.

1.26 Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу-жұмыс жоспарында міндетті компонент ретінде берілген пәндер бойынша айырмашылықтарды тапсыру тек ақылы түрде ғана жүзеге асады.

1.27 Оқуға қайта қабылдау процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:

1) білім алушы оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті ректордың атына жазып, өзінің оқуды жалғастырғысы келетінін білдіреді. Білім алушының оқуға қайта қабылдау туралы туралы өтінішіне анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі;

2) факультет деканы (институт директоры) өткізілген құжаттар негізінде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарында айырмашылықтарды анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқыту курсын белгілейді. Білім бағдарламасына сәйкес меңгерген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және офис-тіркеуші бөлімімен келісіп, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

3) факультет деканы (институт директоры) берілген анықтама негізінде оқу-жұмыс жоспарында міндетті компонент ретінде берілген пәндер мен курс бойынша айырмашылықтарды анықтайды;

4) факультет деканының (институт директорының), оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының, ЖОО жетекшісінің білім беру қызметі жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО жетекшісі білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

1.28 Білім алушы оқуға қайта қабылданғанда өзі білім алған ЖОО-дан басқа ЖОО-ға оқуға қабылдау процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады: білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі анықтаманың, оқу карточкасының, сынақ кітапшысының, студенттік билеттің көшірмесін және жіберген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырып, қабылдаушы ЖОО-ның жіберген жазбаша сұранысы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді.

1.29 Дәрігерлік-консультациялық комиссияның оқыған кезде жүре пайда болған ауру кесірінен осы мамандықта білім алуға тыйым салынғаны туралы қорытындысы бар білім грантында оқып жатқан білім алушы бір мамандықтан келесі мамандыққа білім гранты бойынша бар бос орынға ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет