Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 2.98 Mb.
бет10/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.98 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

178. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды буксирлі автомобильмен кранасты жолының рельстері арасына орнату. Кран мұнарасы астына монтаждық тірек орнату. Итермелі арбашықты бекітпеден босату және домалатып шығару немесе пневмодөңгелектерді алып тастау. Тірек-жүріс бөлігін итермелі арбашыққа немесе рельсті жолға орнату. Кран мұнарасын тік қалпына көтеру. Мұнарадағы жебені көтеріп жұмыс қалпына бекіту. Жебені жұмыс күйінен босату және төменге түсіру. Тік қалпынан инвентарлық ағаш атқа кран мұнараларын түсіру. Мұнараның телескоптық секцияларын алға шығару және түсіру кезінде электр шығырдың көмегімен секцияларды алға жылжыту (опус-канде). Монтаж ақаулықтарын сынамалау, жою, кран механизмдерін реттеу, сынақтан өткізу және пайдалануға тапсыру. Діңгектің биіктігі 10 м дейін болғанда оның өзінің шығырының көмегімен көтергіш діңгегінің секцияларын тігінен орнатып монтаждау; биіктігі 10 м артық болған кезде - қалған секцияларды монтаждық тіректің көмегімен жалғау. Жиналған қалпында оны көтеріп діңгекті монтаждау немесе қосалқы діңгектің көмегімен қосымша жалғау. Механизмдерді реттеп көтергілерді сынақтан өткізу және іске қосу. Діңгегінің биіктігі 10 м дейін болған жағдайда, өз шығырының көмегімен діңгекті көлденең қалпына түсіру, діңгегінің биіктігі 10 м асатын болғанда алып тастау. Көтергілердің тірек-бағыттаушы секцияларын демонтаждау. Қайталанбалы платформасы бар жылжымалы (арбашықты) құрылыс крандарының жүріс бөлігін орнату. Жылжымалы крандардың тростарын енгізу. Жебені платформада бекіту. Кранның жүріс бөлігін бұрылыс платформасынан алып тастау. Механизмді реттеу. Жылжымалы құрылыс крандарын сынақтан өткізу және оларды іске қосу. Электрқозғалтқыш орнатып, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптағыш барабандардың, тас уатушы қондырғылардың, дөңгелек болатты түзету, кесу және бүгуге арналған станоктарының барлық бөліктері мен тораптарын зая жүрісі кезінде дұрыстаумен, реттеумен, сынамалаумен монтаждау және жұмыс қалпына келтіру. Барлық бөліктерді, тораптарды бөлшектеу, жоғарыда аталған машиналарды демонтаждау кезінде электрқозғалтқыштарды ажырату. Штукатурлық станцияларды орнату және іске қосу. Топырақ сорғыш снарядтарды монтаждау және штукатуралық станцияларды орнату. Өнімділігі сағатына 300 м² дейін баратын жер сорғыш снарядтарды және айдау қондырғыларын монтаждау. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5-тен 1 м² дейін экскаваторлар механизмдерін монтаждау.

Білуге тиіс. Құрылыс машиналарын (сыймдылығы 5 т дейін мұнаралық крандарды, діңгекті көтергілерді, жылжымалы құрылыс крандарын, илемінің көлемі 750 л дейін бетон араластырғыштарды, еретінді араластырғыштарды, жуғыш-сұрыптағыш барабандарды, тас уатушы қондырғыларды, дірілді електерді, ұсақтағыштарды, дөңгелек болатты түзеуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды) монтаждау кезінде күрделі жұмыстарды орындау тәсілдері, монтаждалатын жабдықты және машиналар мен механизмдер бөліктерін теңгерімдеу, центрлеу, дұрыстау және реттеу тәсілдері, машиналар мен механизмдердің монтажына қойылатын техникалық талаптар, оларды іске қосуға қойылатын талаптар, түрлі жүк көтергіш механизмдер мен такелаждық құралдардың конструкциясы, оларды тасымалдау кезінде ауыр салмақты жүктерді ілмектеу ережелері мен тәсілдері, құрылыс машиналары мен механизмдерінің көтерілетін және тасымалданатын элементтері мен тораптарының салмақ түсетін центрін анықтау тәсілдері, тростарды, арқандарды, тізбектерді және арнайы айлабұйымдарды жүктің салмағына, габариттеріне және конфигурациясына қарамастан таңдау және сынамалау ережелері.

179. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 6-разряд



Жұмыс сипаттамасы. Кранның тірек-жүріс бөлігін жинау және рельс жолына орнату. Мұнараны жинау және оны тірек-жүріс бөлікпен жалғау. Мұнараны тірек-жүріс бөлігінен ағытып алып тік қалпынан инвентарлық ағаш атқа көтеру. Бастиекті мұнараға жалғау. Қарама қайшы консольдегі балластты көтеру және жалғау. Балластты қарама-қайшы консольге көтеру және бекіту. Жебені мұнараның бастиегінен ажыратып алу. Жебені жұмыс күйінен түсіру. Кранның тірек-жүріс бөлігін рельс жолдарынан бөлшектеу және ажырату. Мұнаралық крандарды буксирлік автомобильмен кран асты жолының рельстері арасынан орнату. Крандар мұнарасы астына монтаждық тірек орнату. Итермелі арбашаны ажыратып алу және домалатып шығару немесе пневмодөңгелектерді алып тастау. Кранның тірек-жүріс бөлігін итермелі арбашыққа немесе пневмодөңгелектерге орнату. Теңгерімдеу (жүріс) арбашаларын бекітпеден, шкворняларды тіркемеден босату және қақпақтарды ашу. Бұрылыс платформасынан автокран мен жүкшығыр көмегімен монтаждық тіректі арқандардың керілуіне шейін көтеру. Кранды монтаждық тірек домкраттары арқылы автомобиль-тягачтың тірегіне орнату. Сыртқа итермелеу механизмнінің жылжымалы құрсауын ажырату және алып тастау. Монтаждық подкос пен монтаждық тіректі орнату және алып тастау. Бұрылыс платформасына жүкшығыр мен жебе шығырын орнату. Бұрылыс флюгерлерін сақиналы жақтаумен қосу және оларды кран асты жолының рельстері бойынша ажыратып орнату. Жүріс арбашаларын флюгерлермен қосу. Бұрылыс платформасын жүріс бөлігінің сақиналы жақтауындағы шарикті тірек-бұрылыс шеңберімен қоса орнату және бекіту. Бұрылыс механизмін орнату және алып тастау. Портал ішіне жоғарғысымен қоса аралық секцияны орнату. Оголовокқа арқалықтар орнату және бекіту. Жебенің түбірлік секциясын орнату және оны порталға тіркеу. Распорканы жұмыс қалпына көтеру және жебелі полиспасттың слабинасын таңдау. Құрсауды порталмен жалғайтын тартқыштарды бәсеңдету. Диагоналды арқалықтардың арасын ашу және бекіту. Жиналған секцияларды түбірлі секцияның сырғалық тесіктеріне ілу және жебені мұнарадан толық түзелгенше алыстату. Жебенің түбірлік секциясын мұнарадан ағытып алу, арқанды тартқышты алып тастау. Жебелік расчалды керу және расчал ұштарын монтаждық сырғалық тесіктерге тіркеу. Монтаждық полиспастты шығыр мен блоктарға, жұмыс полиспастын - жүкшығыр мен блоктарға енгізу. Монтаждық арқанды мұнараның телескоптық секцияларын сыртқа жылжыту блогына енгізу, жебелік полиспаст арқанын енгізу. Арқандарды қайта енгізу. Ілеспе жұмыстарын атқарумен қатар, крандар мұнараларының биіктігін ұлғайту және кеміту. Арқандарды қайта енгізу. Крандар механизмдерін сынамалау, оларды монтаждаудың ақаулықтарын жою және реттеу. Крандарды сынақтау және крандар механизмдерін реттеу. Крандарды Проматомнадзордың талаптарына сәйкес сынақтан өткізу және пайдалануға қосу. Ұсату-уату қондырғысын жұмыс қалпына келтіріп орнату. Домкратта бастапқы және қайталама ұсату агрегаттарын шығару. Қондырғыны зая жүріс кезінде реттеу және сынамалау. Жұмыс аяқталысымен ұсату-сұрыптау қондырғысын алып тастау. Пневмобетоноломдарды және қадалық кескішті монтаждау. Шөмішінің сыйымдылығы 1м² артық экскаватор механизмдерін, өздігімен жүретін асфальтбетон төсеушілерін, жерсорғыш снарядтарды және өнімділігі сағатына 300 м² астам айдағыш қондырғыларды монтаждау.

Білуге тиіс. Құрылыс машиналарын (жүк көтергіштігі 5 т асатын мұнаралы крандарды, ұсату-сұрыптау қондырғыларын және т.б.) монтаждау және демонтаждау кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау тәсілдері, реттеу және баптау тәсілдері, іске қосу кезінде оларды сынамалау ережелері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы
180. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты бумадан және консервациядан босату. Жабдықты шаңнан, ластан және консервациялайтын жабындардан тазалау. Шыныдан жасалған жабдықты, шыны құбырларды және оларға қоса берілетін фасонды бөліктерді жуып-шаю. Құбырлар ұштарын консервациялау. Фундаменттердің тірек беттерін түзету, бедерлеу және тазартып сумен жуып-шаю. Нөмірлік тақтайшалар жасау және оларды аппараттар мен жабдыққа орнату. Жауапты емес жалғауларды бұрау және бұрандадан босату. Фундаментті бұрандамалардың бұрандалық бөлігін айдап өткізу.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату тәсілдері, ең қарапайым такелаждық айлабұйымдар түрлері және оларды қолдану ережелері, слесарлық аспаптың қолданылу мақсаты, жабдықтардың бөлшектерін майлау тәсілдері, қолданылатын майлар мен майламалардың сортаменті.

181. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді шаблон бойынша таңбалау. Қол және механикалық бұрғымен саңылаулар бұрғылау. Бұрандалық және ернемекті жалғауларды жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер жасау. Бөлшектер мен метал құрылымдарын түзеу. Жіктерді монтаждық бұрандалармен бекіту. Жиналатын құрылымдардың жіктерін тегістеу. Құбыр ұяларын тегістеу, құбырлар ұштарын жібіту және өңдеу. Жиектерді дәнекерлеу үшін (тегістеу) егеп кесу. Блоктардың, домкраттардың және салмағы 10 т дейін шығырлардың көмегімен жабдықтың орнын ауыстыру. Жабдықты инвентарлық ілмектермен ілмектеу, жабдықты тасымалдау, төсеу және ілмектен босату. Қоршағыш қаптамалар мен торлар, көпбұрандалы қысқыштар, жай такелаждық жабдықтар орнату. Монтажға бекітпе бөлшектерін дайындау. Шойын мен шлактың стационарлық науаларын, шиберлерді, люктарды, шойын-плиталық төсемді, бүркігіштерді, астауларды және штуцерлерді, кермелі және жетекқондырғыларын, құбырларды уыттауға және жуып-шаюға арналған ванналарды монтаждау. Жабдықтың бөлшектері мен тораптарын ерітінділермен жуып-шаю және оларды кептіріп сүрту.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қолданылатын такелаждық құралдарының құрылғысы мен оларды пайдалану ережелері, металды коррозиядан қорғау тәсілдері, жай өлшеу аспабының құрылғысы.

182. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Такелаждың әмбебап құралдарын және көтергі крандарын қолдану арқылы салмағы 25 т дейін жабдықты ілмектеу, орнын ауыстыру, төсеу және ілмектен босату. Жабдық монтаждалатын фундаменттердің күйін тексеру. Дұрыстаудың ең қарапайым әдістерін тексеру. Күрделілігі орташа бөлшектерді таңбалау. Сырт беттері бөлшектерін тегістеу. Диаметрі 100 мм дейін баратын нығыздағыш арматуралардың саңылауларын ашу, беттерін сүрту, сальниктерді қымтау. Төсемдерді фундаментке тығыздап қиюластыру, фундаменттік бұрандамаларды орнату. Құбырлар ұштарын вальцтеу. Жабдықтар жиектерін және құбырлар ұштарын дәнекерлеуге дайындау. Тұрақты бұрандамалық жалғауларды бекіту. Беріктігі жоғары бұрандамаларды орнату. Көлік таспалары мен белдеулерді бекіту. Бункерлер жапқыштарын, жай метал құрылымдарын: сатыларды, алаңшаларды, қоршауларды, тірек тұғырларын, кронштейндерді, мінбесатылар, төсемсатылар және тағы басқа, сондай-ақ салмағы 5 т дейінқұрылымдарды: арқауларды, жүгіртпелерді, байланыстарды монтаждау. салмағы 3 т дейін сыйымдылықты аппаратураны, станоктарды, престерді, дірілді електерді, вальцтерді, елеуіштерді, екі білікті араластырғыштарды және салмағы 5 т дейін басқа да жабдықты монтаждау. Араластырғыш құрылғылары бар аппараттарды монтаждау. Диаметрі 50 мм дейін ысырмалар мен шиберлерді монтаждау. Көтергіш-көліктік механизмдерді монтаждау: жүк көтергіштігі 10 т дейін тораптарды, крандарды, жылжу және көтеру механизмдерін ірілетіп жинақтау. Орталықтанған майлау жүйелерін монтаждау. Салмағы 1т дейін компрессорларды, сорғыларды және желдеткіштерді жинау және монтаждау. Диаметрі 200 мм дейін технологиялық құбыржолдарын 4 МПа дейін шартты қысымға монтаждау. Диаметрі 25-тен 40 м дейін шыны құбырларды монтаждау. Полиэтилен және винипластты құбырларды пісіру. Цемент пештерінің жеке тораптарын, камералық электрпештерін, нығыздағыш құрылғыларды, шыңжырлы шымылдықтарды және т.б. монтаждау. Салқындату қондырғыларының, парақ кесуші машиналардың, баспа шағын форматты машиналарды, бір челнокты тігін станоктарын, жапқыш, сүрткіш, қамырбөлгіш машиналар мен басқа да жабдықтарды монтаждау. Май жинағыштардың, май бөлгіштердің, аммиякты конденсаторлардың, буландырғыштардың, промсосудтардың жеке тораптарын монтаждаудан бұрын ревизиялау. Бөлшектер мен аспаптарды монтаждық поршеньдік пистолеттер арқылы бекіту. Жабдықты жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см²) дейін бола тұра гидравликалық және пневматикалық сынақтардан өткізу.

Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтың құрылғысы және оны құрастыру технологиясы, орташа күрделіліктегі жабдық іргетасының мөлшерін тексеру тәсілдері, қолданылатын бұйымдар, құрылымдар, материалдардың сұрыпталуы, жеке элементтерден құрылымдарды құрастыру және жинақтау, металл құрылымдардың элементтерін біріктіру және бекіту тәсілдері, құбыр жүйелерін жинақтау міндеті және тәсілдері, механизацияланған аспаптар мен такелажды айлабұйымдарды пайдалану құрылғысы және ережесі, ерітінділерді даярлау және бөлшектерді уыттау ережесі, гидравликалық және пневматикалық сынамаларды өткізу ережесі, жабдықтарды, тетіктерді және машиналарды жинақтауға ұсынылатын техникалық талаптар.

183. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 5-разряд



Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 25-тен 60 тоннаға дейінгі жабдықтарды әмбебап такелажды айлабұйымдар мен көтергіш крандарды қолданып ілмектеу, орнын ауыстыру, қалау және ілмектен босату. Жабдықтардың бөлшектері мен тораптарды сызбалар мен егжей-тегжейлерге сәйкес таңба бойынша жиынтықтау және сұрыптау. Күрделі іргетастардың геометриялық мөлшерін тексеру және оларды жинақтауға қабылдау. Іргетастардың жинақтау белгісі. Кез келген күрделіліктегі жабдықтардың жинақтау біліктерін белгілеу, орнату және көшіру. Бөлшектерді 0,01 мм-ге дейінгі дәлдікпен аралап кесу, қырғылау, тегістеу және қиюластыру. Бөлшектердің бетін 800 мм-ге дейін қырғылау. Жалпы салмағы 3-тен 10 тоннаға дейін және 10 МПа-ға дейінгі (100 кгс/см-ға дейін*) жұмыс қысымымен салмағы 10-нан 25 тоннаға дейін жиналғанда түйінделіп немесе блокталып түсетін технологиялық жабдықтарды жинақтау. 16 метрге дейінгі биіктіктегі жабдықтарды жинақтау. Уату-үгіту жабдықтарын: 5 тоннадан асатын електерді, 10 тоннаға дейінгі уатқыштарды, дезинтегралдағыштарды, қажалағыштарды, сырғымаларды, диірмендерді, каландрларды және т.б. жинақтау. Жинақталған түрде келетін салмағы 1-ден 20 тоннаға дейінгі темір кесетін станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарын, механикалық және гидравликалық нығыздарды, фрикциялық, бу-ауа, пневматикалық және рессорлық балғаларды жинақтау. Бөлшектелген түрінде келетін күрделі станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарын жинау. Қозғағыштарының қуаттылығы 10 кВт-тан асатын үздіксіз қимылдап тұратын көтергіш-көлік жабдықтарын, ұзындығы 80 метрге және ені 1 метрге дейінгі конвейерлердің барлық түрлерін, элеваторларды, шнектерді, аэронауаларды және басқаларды жинақтау. Жинақталған түрде келетін салмағы 1 тоннаға дейінгі компрессорлы және бұрғылау агрегаттарды, желдеткіштер мен түтінсорғыштарды, салмағы 0,72 тоннаға дейінгі сорғыларды, салмағы 0,5 тоннаға дейінгі электр қозғағыштардың сүзгіштерін жинақтау. Цемент пештердің жеке тораптарын: қаңқа блоктарды, көмекші тартпаларды, жылу алмастыру қондырғыларын жинақтау. Домна, конвертор және мартен пештері, агломерациялау фабрикалары мен темір рудаларын: үрлеуіштерді, науаларды, ауа жылытқыштарды, тұндырғыштарды, сүзінділерді, металл қалыптарға және үрлеуіштерді беруге арналған арбаларды ауыстыру үшін механизацияланған алаңшаларды кесектеу фабрикаларының жабдықтарын жинақтау. Тоңазытқыш қондырғылардың: май жинағыштардың, май айырғыштардың, реттейтін станциялардың жабдықтарын жинақтау. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі, 4-тен 9,8 МПа (40-тан асатыны 100 кгс/см-ге дейін) шартты қысымдағы құбыржолдарды, диаметрі 40 мм-ден асатын әйнек құбыржолдарды жинақтау. Теңгермелерді, штуцерлерді, үштіктерді, қадабелгілерді, арматураларды және т.б. орнату. Қою және сұйық май автоматтандырылған орталықтандырылған жүйелерін жинақтау. Жабдықтарды дұрыстау және май құюға тапсыру. Саңылаулар мен тісті іліністерді тексеру. Диаметрі 600 мм-ге дейінгі арматураларды тығыз қиюластыру. Құрастырылған жабдықтарды 20 МПа-ға дейін (200 кгс/см-ға дейін) жұмыс қысымында гидравликалық және пневматикалық сынау. Галереялар мен этажеркалар құрылымдарын монтаждау. Металл шатыр тіреуіш және шатыр тіреуіш фермалар, ұстындар, жабындарды ірілендіріп құрастыру. Салмағы 15 тоннаға дейінгі болат ұстындарды құрастыру. Жабдықтар мен коммуникацияларды жөндеуге және пайдалану.

Білуге тиіс. Құрастырылған жабдықтардың құрылғысы және қолдану принципі, жабдықтар, құбыржолдар, құрылымдар, машиналар мен тетіктерді монтаждау технологиясы, іргетастарды және жабдықтарды орнату орындарын монтаждауды тексеру және қабылдау ережесі, монтажды біліктерді таңбалау, қондыру және көшіру тәсілдері, заманауи мұқият тексергіш жабдықтарды қолдану принципі және пайдалану ережесі, майлау жүйесінің құрылғысы және қолданылу принципі, монтаждалатын жабдықты теңгеру, дұрыстау және реттеу, жабдықтар, галереялар, эстакадалар, этажеркаларға қызмет көрсетуге арналған бағана, арқалық, алаңшалардың құрылымдарын монтаждау тәсілдері, болат тіреу құрылымдарды, оның ішінде өндірістік пештердің құрылымдарын ірілендіріп құрастыру тәсілдері, жабдықтармен болат құрылымдардың жанасу тәсілдері: жабдықтар мен құрылымдарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар, жабдықтарды, желдеткіш және басқа монтаждалатын жабдықтың жүйелерін пайдалану ережесі.

184. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 6-разряд



Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 60 тоннадан жоғары жабдықтарды әмбебап такелажды айлабұйымдар мен көтергіш крандарды қолданып ілмектеу, орнын ауыстыру, қалау және ілмектен босату. Ауданы 0,5 м²-дан асатын бөлшектердің бетін қырғылау. Диаметрі 800 мм-ден асатын бөлшектерді статистикалық теңгеру. Түйіндермен немесе блоктармен салмағы 10 т-дан асатын және 10 МПа-дан жоғары (100 кгс/см-дан жоғары) жұмыс қысымында салмағы 25 т-дан жоғары жиынтықта технологиялық жабдықтарды монтаждау. Биіктігі 16 метрден жоғары бағана үлгідегі жабдықтарды монтаждау. Уатутарту жабдықтарын: 10 тоннадан жоғары салмақтағы уатқыштарды, жұмырларды, аэробильдік, өзекше диірмендерді, сыныптауыштарды, сепараторларды, флотациялық машиналарды, тозаң тұтқыш қондырғыларды және тағы сол сияқты (бұдан әрі - т. с. с.) монтаждау. Жинақталған түрде түсетін салмағы 20 тоннадан жоғары әртүрлі үлгідегі және мөлшердегі металл кесетін станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарды, сондай-ақ бөлшектенген түрде түсетін аса күрделі станоктар мен нығыздауыштарды монтаждау. Әртүрлі үлгідегі және мөлшердегі үздіксіз жұмыс істейтін көтергіш-көлік жабдықтарды, ұзындығы 80 метрден және ені 1 метрден асатын барлық үлгідегі конвейерлерді, демпферлік және бұрғылау қондырғыларын монтаждау. Барлық үлгідегі крандарды монтаждау және оларды сынамалау. Цемент пештерді, құбыр диірмендердің, шламдық қоспалауыштардың негізгі көтермелерін, подшипниктерін және барабандарын монтаждау және дұрыстау. Домна, мартен, конвертор және илемдеу цехтарының, агломерациялық кесектеу фабрикаларының жабдықтарын, бұру тетігі және алаңшасымен конверторларды, телескоптық, кептіру қондырғыларының көтергіштерін, домна пештерін, жентектеу арбаларын, горндарды, газбен жылыту және жүк түсіргіш қондырғыларды, суық және ыстық илемдеу стандарын және тағы басқа (бұдан әрі - т.б.) монтаждау. Кокс машиналарын, мұнара үлгідегі аппараттарды, дефлегматорларды, бу инжекциялары жүйесін, сатураторларды монтаждау. Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын: аммиак конденсаторларды, буландырғыштарды, реттейтін станцияларды, ресиверларды монтаждау. Аммиак жүйесін зарядтау. Ауыл шаруашылығы жабдықтарын: су ағатын қондырғыларды, бу пастеризаторларын, күрделі сүт танкілерін, барлық түрдегі және жүйедегі инкубаторларды, механикалық электр қырқатын агрегаттарды, май даярлағыштарды және т.б. монтаждау. Диаметрі 200-ден 600 мм-ге дейінгі шартты қысымы 4-тен 9,8 МПа-ға дейінгі (40-тан 100 кгс/см-ге дейін), қысымына қарамастан және диаметріне қарамастан шартты қысымы 9,8 МПа (100 кгс/см-дан жоғары) құбыржолдарды монтаждау. Қою және сұйық майлаудың орталықтандырылған жүйесін монтаждау. Сыйымдылығы 1000 м-дан асатын металл және темір бетон цилиндр резервуарларды, сыйымдылығына қарамастан өзгеше резервуарларды және газгольдерлерді монтаждау. Нивелир мен теодолит жабдықтарын мұқият тексеру. Жабдықтауға арналған металл құрылымдарды; элемент немесе блок салмағы 15 т-дан жоғары болат ұстындарды, кран астындағы арқалықтарды және басқа құрылымдарды, аралығы 24 м-ден асатын фермаларды орнату және тексеру. Панель мен блоктан пештердің құрылымдарын ірілендіріп жинақтау, құбыржолдарды ірілендірілген блоктармен монтаждау. Технологиялық жабдықтарды байқап көру және дұрыстау және оны пайдалану.

Білуге тиіс. Аса күрделі агрегаттар мен технологиялық желілерді монтаждау, реттеу және дұрыстау тәсілдері, жабдықты дұрыстау тәсілдері, трасса мен төсемдерді, құбыржолдарды сызбалар мен макеттер бойынша қашықтату, дәнекерлеу жігін термоөңдеу тәсілдері, ірілендіріп құрастыру және жабдықтарды монтаждауға байланысты кез келген құрылымдарды монтаждау тәсілдері, күрделі нобайлар мен монтаждау тәсімдерін орындау ережесі, желдеткіш жүйелерін аэродинамикалық сынамалардан өткізу ережесі, агрегаттар мен машиналарды пайдалануға берерде байқау ережесі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

185. Технологиялық жабдықты және онымен

байланысты құрылымдардың монтажшысы 7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылымды стандартталмаған жабдықты монтаждау. ДКВР қазандықтарын монтаждау. Аустенитті сыныптың плакирленген және тотқа тұрақты болаттан жасалған құбыржолдарды монтаждау. Ірі ауқымды блоктардан жасалған құбыржолдарды монтаждау. Қабырғалары әртүрлі қалыңдықтағы түйістіре жалғамаларды құрастыру. 450ºС және одан жоғары бу температурасында бу құбыржолдарын монтаждау. Сызбалар мен үлгілер бойынша басқару қалқаншасын құбыржолдармен орау. Бөлшектенген түрде келетін күрделі нығыздау жабдықтарын монтаждау. Салмағына қарамастан агрегирленбеген компрессорларды, сондай-ақ блоктай жеткізілетін желдеткіштер мен түтінсорғыштарды монтаждау. Жаңа аспаптар, құрал-саймандар мен құрылғыларды қолданып жоғары дәлдікпен орындауды талап ететін жаңа ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды, құбыржолдарды және олармен байланысты құрылымдарды монтаждау тәсілдері, плакирленген болат пен ірі ауқымды блоктардан жасалған құбыржолдарды монтаждау ережесі, құрастырылған жабдықтарды сынамадан өткізу тәсілдері, жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезінде қойылатын талаптар.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Турбоқондырғы монтажшысы
186. Турбоқондырғы монтажшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалып бойынша бөлшектерді таңбалау. Шытырлауық және бұрғылап тесу. Бұрандалы және ернемек құраманы құрастыру. Астар және төсем даярлау. Жабдықтарды босату. Консервациялаудан алу. Блоктардың, көтергіштердің, қол шығырлардың көмегімен жабдықтардың орнын ауыстыру.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сұрыптамасы, жабдықтарды босату тәсілдері, күрделі емес монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері, жай такелажды құралдарды қолдану қондырғылары, жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын расконсервациялау тәсілдері.

187. Турбоқондырғы монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыналы көтергіштерді, жұп сыналарды, ұстап тұратын болттарды орнатуға іргетаста арнайы айлабұйымдарды, жұп сыналарды, ұстап тұратын болттарды, орындарын даярлау. Конденсатор құбыржолдарын орнатуға даярлау. Ажыратқыш цилиндрлердің болттарын орнату және созу. Генератор шықпалары қорабын орнату. Турбоқондырғыларға қызмет көрсету баспалдақтары мен алаңшаларын орнату.

Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтың құрылымы, орташа күрделіліктегі жабдықтардың іргетасының мөлшерін тексеру тәсілдері мен осы жабдықты монтаждау әдістері, механизацияланған құралды пайдалану тәсілдері, құрастырылатын жабдықты дұрыстаудың жай тәсілдері, гидравликалық сынау тәсілдері, жабдықтарды ілмектеу және орнын ауыстыру, сондай-ақ механизацияланған такелажды жабдықты пайдалану тәсілдері.

188. Турбоқондырғы монтажшысы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Компрессорларын монтаждауға даярлау. Конденсат, сервомоторлар, қысым аккумуляторлары, өзгеретін диафрагманың жиынтығын монтаждау. Бақылау штифтері мен қашықтықтан болттарды орнату. Датчиктерді және ротор, тахиметрлерді бақылау жүйесінің көрсеткіштерін орнату. Май бактарын және отқа төзімді сұйықтық, май суытқыштар, су және май сүзгілері, эжекторлар бактарын монтаждау. Конденсатор түтіктерін толтыру. Траверстер мен щетка ұстағыш аппаратын орнату. Статорға қалқан орнату. Жабдықтардың бетін қырғылау.

Білуге тиіс. Монтажды біліктерді таңбалау, орнату және көшіру тәсілдері, іргетасты және жабдықты орнататын орынды монтаждауға тексеру және қабылдап алу ережесі, күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері, құрастырылатын жабдықты теңгеру, ортаға келтіру, дұрыстау және реттеу тәсілдері, майлау жүйесін қолдану құрылымы және принциптері, жабдықтарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар, оны пайдалану ережесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет