Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет11/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.98 Mb.
#1299
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Цилиндрлер мен ағатын бөліктегі желілерді монтаждауға даярлау.

189. Турбоқондырғы монтажшысы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Іргетас жақтаулары мен тақталарын орнату. Цилиндрлер, роторлар, компрессорлары мен подшипниктерді монтаждау. Жану камераларын монтаждау. Генератор статоры мен роторы, қозғауышты монтаждау. Турбина роторына генератордың роторын ортаға келтіру. Газ салқындатқыштарды орнату. Статор мен ротордың герметикалығын тексеру. Конденсаторларды, жылу алмастырғыштарды монтаждау. Вакуум жүйесінің тығыздылығын тексеру, май айдау.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері, жабдықтарды реттеу және жөндеу тәсілдері.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

190. Турбоқондырғы монтажшысы 7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы такелажды қондырғыларды қолданып екі және үш көтергіш крандармен оны көтеру және орнатумен ауыр салмақты жабдықтарды монтаждау. Генератор статорына роторды кіргізу. Бу реттейтін және бөлетін органдарды тексеру, жинау және орнату. Статордың монтажды біліктері мен генератор роторының қалпын тексеру. Турбоқондырғыларды түпкілікті дұрыстау. Жұмыс істемейтін турбиналарда реттеуді тексеру.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері, бу және газ турбина қондырғыларын пайдалануға берерде сынамалау ережесі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы
191. Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жер бетіндегі шахталық жабдықтың және олармен байланысты құрылымдарды монтаждауда қарапайым жұмыстарды орындау. Жауапты емес бөлшектерді араластыру. Жабдықтарды босату. Аппараттар мен жабдықтардың нөмірімен тақтайшаларын әзірлеу және орнату.

Білуге тиіс. Жабдықтарды босату тәсілдері, қарапайым такелажды айлабұйымдардың түрі және оларды қолдану тәсілдері, жабдықтардың бөлшектерін майлау тәсілдері, слесарлық аспаптың міндеті.

192. Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалып бойынша бөлшектерді таңбалау. Шытырлауық және бұрғылап тесу. Бұрандалы және ернемек құраманы құрастыру. Бұранданы қолмен ою. Астар және төсем даярлау. Металл құрылымдарды түзету. Жіктерді монтажды болттармен бекіту. Құбыр ұяларын тазалау, құбыржолдардың шетін күйдіру және өңдеу.

Білуге тиіс. Қолданатын материалдардың сұрыптамасы, күрделі емес монтажды жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелажды құралдарды пайдалану ережесі.

193. Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шығырларды кН (5 тс-ға дейін) ауырлық күші жиынтығымен орнату. Қарсы салмақ орнату. Машиналар мен жабдықтарға қоршаулар және қаптар құрастыру және орнату. Ауа және май жүйесін өткізбеушілікке сынаудың жеке тораптарын тексеру. Машиналар мен жабдықтардың жекелеген тораптарын тексеру кезінде босату, тазалау және майлау.

Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтардың құрылымы, орташа күрделіліктегі жабдықтарға іргетастардың мөлшерін тексеру тәсілдері және осы жабдықтарды монтаждау әдістері, механизацияланған аспапты пайдалану тәсілдері, құрастырылатын жабдықты дұрыстаудың қарапайым тәсілдері, гидравликалық сынамалардың тәсілдері, жүктерді ілмектеудің және орнын ауыстырудың тәсілдері, механизацияланған такелажды жабдықтарды пайдалану ережесі.

194. Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 50 кН (5 тс-ға дейін) ауырлық күшімен жеке тораптар мен бөлшектерден жасалған шығырларды монтаждау. 50 кН (5 тс-дан жоғары) ауырлық күшімен шығырларды және көтергіш машиналарды жиынтығымен монтаждау. Жіберетін және қоршайтын тегершіктерді монтаждау. Бір және екі ұштық көтергіш машиналардың шахталық көтергіш арқандарын іліндіру. Тежеуіш қондырғылар мен жол стопорларын құрастыру және орнату. Өтпелі қауғаларды іліндіру. Тексеру барысында машиналар мен жабдықтардың жеке тораптарын құрастыру. Аударғыштар мен итергіштерді жинақталған күйінде монтаждау.

Білуге тиіс. Монтажды біліктерді таңбалау, орнату және көшіру тәсілдері, іргетастарды және жабдықтардың орнату орындарын монтаждауға тексеру және қабылдау ережесі, күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері, құрастырылатын жабдықтарды теңгеру, ортаға келтіру, дұрыстау және реттеу тәсілдері, майлау жүйесін қолдану құрылымы және принципі, тетіктерді монтаждауға қойылатын техникалық талаптар, және белгіленген рұқсатнама, күрделі жабдықтарды пайдалану ережесі.

195. Жер бетіндегі шахта жабдықтарының монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 50 кН асатын (5 тс-дан асатын) ауырлық күшімен жеке тораптар мен бөлшектерден жасалған шығырларды монтаждау. Копер және өтпелі шкивтерді монтаждау. Тербетілетін алаңшаны монтаждау. Скиптерден жүк түсіретін қондырғыларды монтаждау. Биіктік компенсаторларын құрастыру және орнату. Шахталық көтерме мен скиптерді монтаждау. Көп арқанды көтергіш машиналардың шахталық арқандарын асу. Жеке тораптар мен бөлшектерден механикалық аударғыштар мен итергіштерді монтаждау. Парашют қондырғыларды монтаждау.

Білуге тиіс. ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері, жабдықтарды реттеу және жөндеу тәсілдері, агрегаттар мен машиналарды пайдалануға берерде сынамалау ережесі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім алап етіледі.

Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы)


196. Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы) 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты шешу. Метиздер, материалдар мен аспаптарды іріктеу. Даяр таңбалар бойынша металлды шабу және кесу. Еріткіштерді тазарту және бөлшектерді майлау. Электр аппаратурасын зарядтау және орнату. Бағыттайтын, кронштейндердің түйістіру планкаларын: бағыттайтындарды, қабаттағы ауыстырып қосқыштарды, шунттарды, датчиктерді және т.с.с. құрастыру. Мүкәммал ілмектермен жүктерді ілмектеу.

Білуге тиіс. Лифтілердің негізгі тораптарының атауы және міндеті, лифтілерді монтаждау бойынша нұсқаулықтың негізгі ережелері, бекітетін бұйымдардың негізгі түрлері және жабдықтардың бөлшектерін бекітудің қарапайым тәсілдері, қарапайым такелажды жұмыстардың орындалу ережесі, электротехника жөнінде қарапайым түсініктер.

197. Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы) 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахтада мүкәммал төсемдер орнату. Шахта есіктерін ірілендіріп құрастыру. Даяр таңбалар бойынша электр-механика жабдықтарды бекітуге арналған кронштейндерді орнату. Теспелерді орнату. Ажыратқыштарды, кнопкалы тұғырларды, ауыстырып қосқыштарды, кірмелі қондырғыларды, трансформаторларды, жарық таблоларын зарядтау және орнату. Сымдар мен кабелдерді тарату. Шахталарда клемм қораптарын қосу. Жерлендіру тораптарын монтаждау. Бағыттайтын жапсарларды тазарту. Монтаж шығырлар мен блоктарды орнату. Жабдықтарды ілмектеу.

Білуге тиіс. Электр көтергіш құрылғысы және жұмыс принципі, қысым жылдамдығы 0,71 м/сек. лифтілерді басқару электр тәсімін оқу ережесі, жай монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері, механизацияланған аспаптарды пайдалану ережесі, лифтілердің жабдықтарын жерлендіру және нөлдеу ережесі, электр тартылымының төсеу ережесі, жабдықтарды ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, лифтілердің құрылымы және қауіпсіз пайдалану ережесінің негізгі талаптары, монтаждау жұмыстары өндірісін ұйымдастыру және қабылдау ережесі, қондырғы сызбаларды оқу ережесі.

198. Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы) 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл шахталардың қаңқаларын монтаждау. Бағыттайтындарды монтаждау. Кабиналар мен қарсы күштерді құрастыру және оларды орнату. Шахта есіктерін орнату. Машинаға арналған үй-жай жабдықтарын монтаждау және қабылдау. Механикалық және электр түйіндерді, қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек-қа дейінгі жүк тиеу және жолаушылар лифтілерін реттеу және оларды пайдалану. Лифтілердің электр тартылымдарын төсеу және қосу (топтық және жұптық басқарудағы лифтілерден басқа). Кабиналар және жылдамдықты шектеу арқандарын асу және бекіту. Оқшаулама кедергілері мен жерлендіруді өлшеу. Машинаға арналған үй-жайдағы жабдықтарды көтеру. Лифтілік шахталардың ішіндегі телефондық-диспетчерлік байланысты монтаждау. Шахталар мен олардың таңбаларында геометриялық мөлшерлерді тексеру.

Білуге тиіс. Шахта ауқымының жоба және техникалық жағдай талаптарына сәйкестігін тексеру тәсілдері, технологиялық жүйелілік, жылдамдығы 1 м/сек-қа дейінгі жүк арту және жолаушылар лифтінің механикалық және электр жабдықтарын монтаждау және реттеу тәсілдері, жөндеу және оларды пайдалану ережесі, лифтілердің электр тәсімдерін оқу ережесі, оқшаулама кедергілері мен жерлендіруді өлшеу ережесі, жүк көтергіш машиналар мен алмалы-салмалы жүк қармағыш айлабұйымдардың құрылғысы және қауіпсіз пайдалану ережесі, лифт қондырғыларын құру бөлігіне қойылатын талаптар, электр қондырғылар құрылғысы ережесі (бұдан әрі - ЭҚЕ).

199. Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы) 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машинаға арналған үй-жай жабдықтарын монтаждау және айнымалы токта істейтін қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек-тен жоғары лифтілерді қабылдап алу. Электр тартылымын төсеу және қосу, барлық түйіндерді реттеу және топтық және жұптық басқарудағы лифтілерді басқару жүйесін жөндеу. Лифтілерді пайдалану.

Білуге тиіс. Айнымалы токтағы лифтілердің механикалық және электр жабдықтарын монтаждау тәсілдері, топтық және жұптық басқарудағы лифтілерді жөндеу, сынау және пайдалану ережесі.

200. Электр көтергіштердің (лифтілердің моштажшысы) 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машинаға арналған үй-жайлардың жабдықтарын монтаждау және тұрақты токта істейтін лифтілерді қабылдап алу. Машинаға арналған үй-жай жабдықтары мен арнайы көтергіштердің бағыттағыштарын монтаждау. Электр тартылымдарын төсеу және қосу. Барлық түйіндерді реттеу және айнымалы және тұрақты токта жұмыс істейтін қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек-тен жоғары лифтілерді басқару жүйесін жапсыру. көтергіштерді пайдалану.

Білуге тиіс. Электр тәсімдерді оқу ережесі, түйіспелі және түйіспесіз аппаратурамен айнымалы және тұрақты токта жұмыс істейтін лифтілерді және арнайы көтергіштерді монтаждау, реттеу, жөндеу, сынау және пайдалану ережесі, лифт құру және лифтілерді монтаждау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Жол төсеуші
201. Жол төсеуші 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тасты қаттау. Тастың ұсағын елеу және сұрыптау. Тас төселген жолдар мен төсемдерді аршу. Тегістелген шақырымдарға топырақ себу.

Білуге тиіс. Төсеніш төсеудің негізі түрлері, қолмен төселген төсенішті аршу.

202. Жол төсеуші 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тас төселген жолдар, атырауларды бекіту және түзету имараттарының құрылғысы және жөндеу кезінде қарапайым жұмыстарды орындау.

Жол жұмыстары.

Жердің бетін қашықтату және жоспарлау. Жұмыс орнында тасты тарату. Тасты сұрыптау және жару. Төселген жолдардың тас кесегін майдалау, құммен жабу. Төселген жолдың жапсарын толтыру. Құм негізді жартылай тығыздап үстемелеу.

Жағалауларды бекіту және түзету жұмыстары.

Пілтенің, кольелердің және нысаналардың көмегімен жер бетін жобалау. Платиналар бөлігінің балшық негізін жөндеу. Тас толтырылған шлюз камераларының түбіндегі шұңқырларды бітеу. Тас кесектен, мүктен немесе саздан тас үй-жай негізінің құрылғысы. Тас төселген жолдарды қиыршық тас негізінде және платина тас төсемдерінің түсіңкі бөлігін механизацияланған аспаптың көмегімен аршу.

Білуге тиіс. Жолға төсеніш төсеуге арналған тастардың түрін, оның сапасына қойылатын талаптар, жолдардың арасын қашықтатудың қарапайым тәсілдері, төсеніш сүзгілерінің жай түрлері, олардың құрылғысы және жөндеу тәсілдері, топырақтың сыныптауышына қарай құламалардың шекті еңісі.

203. Жол төсеуші 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тас төселген жолдар, атырауларды бекіту және түзету имараттарының құрылғысы мен жөндеуде орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау.

Жол жұмыстары. Ірі ұсақталған және жұмыр тастардан жолдарға, қадағалауларға және құламаларға тас төсеу. Ғимараттардың отмосткаларын монтаждау. Төселген жолдар мен жеке картамен подзорларды жөндеу. Тасты қолмен тегістеу. Жолдың жиектеріне тас орнату. Тікбұрышты және әшекейлі тротуар тақтайшаларын қалау.

Жағалауларды бекіту және түзету жұмыстары.

Тасты мұқият қалап жердің бетін өңдеу. Сүзгілерді толтыру, қазыналық төсеніш төсеу және бетон тақтайшаларды қалауға негіздерді пішіндеу. Кері сүзгілердің құрылғысы. Бетон және тас тақтайшалармен еңістер мен алаңшаларға төсеніш төсеу. Тас пен қиыршық тастан төзімді призмаларды қалыбында өңдеу. Тас және бетон тақтайшалардың еңістерін бекітуде отырған орындарды жою. Тас салу бойынша қиыршық тасты майдалап бөлек төселген жолдардың отырған жерлерін бекіту. Төсеніш төсеуге орналастырылған бетон және тас тақтайшалардың арасындағы жапсарларды бітеу. Пневматикалық тегістегіштер мен балғалардың көмегімен тас және қиыршық тастан бекіткіштерді тығыздау.

Білуге тиіс. Ірі ұсақталған және жұмыс тастардан төселген жолдардың құрылғысы және жөндеу тәсілдері, қалыптардың құрылғысы және пайдалану ережесі, кері сүзгілердің құрылғы тәсілдері, жердің бетін нығайту кезінде қолданатын материалдардың қасиеттері, пневматикалық аспаптармен жұмыс істеу құрылғысы, міндеті және ережесі, төселген жолдар мен еңістердің сапасына қойылатын талаптар.


204. Жол төсеуші 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тас төселген жолдар, атырауларды бекіту және түзету имараттарының құрылғысы мен жөндеуде күрделі жұмыстарды орындау.

Жол жұмыстары.

Төселген жолдар мен кеспелтек пен клинкерден науалардың құрылғысы және жөндеу. Өрнекті төселген жолдардың құрылғысы және жөндеу. Сорғылар құрылғысы. тротуар тақтайшаларын қалау және суретімен сәйкестігі.

Жағалауларды бекіту және түзету жұмыстары.

Бетон және тас тақтайшалармен еңістерге төсеніш төсеуде қашықтату жұмыстары. Төселген жолдарда суды бұру және ағызып әкету құрылғысы. Сорғылардың құрылғысы. Тас нобай және қиыршық тастан төзімді призмалардың құрылғысы. Қиыршық тасты шырмауық клеткаларда тас төсеу. Кеуекті бетон сүзгісінің құрылғысы. Тас және қиыршық тастан банкеттің құрылғысы. Қиыршық тас негізінде екі жақты төселген жолдың еңістерін бекіту. Сүзгіні орнына келтіріп екі қабатты тас төсеніштерді жөндеу. Тас төсеніштегі науалар мен еңістерді жөндеу. Платиналардың түсіңкі бөлігіндегі тас төсемдерді жөндеу.

Білуге тиіс. Кеспелтек пен клинкерден төселген жолдың,сондай-ақ өрнекті жолдардың құрылғы тәсілдері және жөндеу, төсеніштердің астына еңістерді, сүзгілерді, сорғыларды және науа жүйесін бөліп қою жұмыстарының орындалу тәсілдері, төзімді имараттардың түрлері, еңістер мен алаңшаларды бекіту бойынша жұмыстардың орындалу тәсілдері.

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жүйесін баптаушы
205. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматика жүйесін баптаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. І санатты күрделіліктегі автоматты бақылау, реттеу және басқару аппаратурасын монтажалды тексеру, автоматты және кешенді баптау. Жеке элементтерді, алғашқы және беретін түрлендіргіштерді (датчиктерді), КС, АСК бірыңғай кешендердің көмекші аспаптарды, конденсат жинағын, ауа жинағын және т.б. монтажалды тексеру және реттеу. Қашықтықтан басқарудың электр тәсімін автономды және кешенді баптау.

Білуге тиіс. Автоматты бақылау аппаратурасының міндеті, құрылғысы және қолданылуы, І санатты күрделіліктегі және негізгі технологиялық жабдықтарды реттеу және басқару принципі, конденсат жинағының, ауа жинағының міндеті, монтаждау және оларды баптаудың тәсілдері, өлшеу жүйесінің жұмысшыларын тексеруге арналған аспаптар мен құрылғылардың түрлері, І санатты күрделіліктегі құралдарды монтаждау және баптау тәсілдері, электр тәсімдерін оқу ережесі, электр техникасы, электроника, өлшеу техникасының негіздері.

206. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматика жүйесін баптаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ІІ санатты күрделіліктегі автоматты бақылау, реттеу және басқару аппаратурасын монтажалды тексеру, автоматты және кешенді баптау. Блоктау және қорғауды басқару ауысымдарында қолданылатын КС, АСК және т.б. бірыңғай кешендерінің функционалды және реттегіш құрылғылардың, реттеудің гидравликалық жүйесінің, құрам сигнализаторлары мен газ шоғырлануының, жергілікті функционалды және реттегіш құрылғылардың, сигнализаторлардың жеке элементтерін монтажалды тексеру және реттеу; жергілікті құралдарды бақылау жүйесін автономды және кешенді баптау.

Білуге тиіс. ІІ санатты күрделіліктегі автоматты бақылау, реттеу және басқару аппаратурасының міндеті, құрылғысы және қолдану принципі, ІІ санатты күрделіліктегі құралдарды монтаждау және баптау тәсілдері.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

207. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматика жүйесін баптаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. ІІІ санатты күрделіліктегі автоматты бақылау, реттеу және басқару аппаратурасын монтажалды тексеру, автоматты және кешенді баптау. Газ талдағыштар, рН-метрлер, тығыздық өлшеуіштер, тұтқырөлшеуіштер, хроматографтардың жеке элементтерін монтажалды тексеру және реттеу. Басқару және қорғаудың электр, пневматикалық, гидравликалық жүйесін, есептеу техникасын, реттеу заңымен «П» және «И» автоматтандырылған реттеу жүйесін автономды және кешенді баптау.

Білуге тиіс. Өндірістің процесстерді автоматтандыруға байланысты терминология және негізі ұғымдар, ІІІ санатты күрделіліктегі автоматты бақылау, реттеу және басқару аппаратурасының міндеті, құрылғысы және қолдану принципі, ІІІ санатты күрделіліктегі құралдарды монтаждау және баптау тәсілдері, автоматты реттеу жүйесі және олардың ішіндегі қарапайымдарын баптау тәсілдері туралы негізгі ұғымдар, автоматты басқарудың электр, пневматикалық және гидравликалық жүйелерінің жұмыс принципі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

208. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматика жүйесін баптаушы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты бақылау, реттеу және басқарудың аса күрделі аспаптарды және аппаратурасын монтажалды тексеру, автоматты және кешенді баптау. Құрамында радибелсенді заттар бар автореттегіштер, сұйықтық пен газдың құрамын автоматты талдағыштар, электронды аппаратура, қышқыл өлшегіштер, электронды деңгей өлшегіштер, радиациялық бақылау жүйесінің датчиктері, аппаратураны монтажалды тексеру және реттеу. Байланыссыз құрылғылар базасындағы басқару және қорғау жүйелерін автономдау және кешенді баптау.

Білуге тиіс. Байланыссыз және есеп-шешу құрылғыларымен байланысты терминологияны және негізі ұғымдарды, жылу автоматикасы аса күрделі құралдарының міндеті, құрылғысы және қолданылу принципін, іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру, аспап жасауда қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін, автоматты реттеудің қарапайым жүйесінің тәсілдерін.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Ескерту. Автоматты бақылау аспаптарын, аппаратураны және жүйесін баптау, реттеу және басқару бойынша тым күрделі жұмыстарды инженер-техникалық персонал орындайды.

Құрылыс машиналарын баптаушы
209. Құрылыс машиналарын баптаушы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық, пневматикалық, механикалық, электронды және электр түзілімдерді баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу. Құрылыс машиналарының қарапайым және орташа күрделіліктегі басқару агрегаттарын, тораптарын және жүйелерді демонтаждау, монтаждау. Машиналар элементтерінің шекті жай-күйін айқындау. Эксплуатациялық базаның жартылай стационар және жылжымалы құралдарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Тораптардың агрегаттардың және машиналарды басқару жүйелері ақауларының себептерін айқындау. Жанар-жағар май материалдарының оңтайлы шығысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс. Кинематикалық және электр тәсімдерінің құрылғысы, Баптаудың, ағымдағы жөндеудің, қызмет көрсетілетін құрылыс машиналарының агрегаттары мен тораптарын, ішкі жану және электр жабдықтары қозғағыштарының тәсілдері мен ережесі, машиналар ақауларының себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, машиналарға қызмет көрсету және тасымалдау бойынша ережесі, орындалатын жұмыс шегіндегі слесарлық жұмыс, көтергіш-көлік, дәнекерлеу және тазарту жабдықтарын пайдалану тәсілдері, отын және майды тазалау тәсілдері, пайдалану базасының жылжымалы және стационар құрылғылары, электротехника, гидравлика және механика негіздері.

Жұмыс үлгілері:

1) Өнімділігі минутына 3 м²-ға дейін автокомпрессорлар;

2) Дизельмен жылжымалы электр дәнекерлеу агрегаттары;

3) Қуаты 43 кВт-ға дейін (60 л.с.-ға дейін) бульдозерлер;

4) Салмағы 5 тоннаға дейін тегіс жаныштағыш өзі жүретін катоктар;

5) Өнімділігі минутына 10м²-ға дейін ішкі жану қозғағышымен жылжымалы компрессорлар;

6) 6,3 тоннаға дейін жүк көтеретін автомобиль крандар;

7) 10 тоннаға дейін жүк көтеретін өзі жүретін мұнара крандары;

8) 6 тоннаға дейін жүк көтеретін шынжыр табанды және қысым доңғалақты крандар;

9) Өнімділігі сағатына 2000 м² дейін жер соратын қалқымалы снарядтардың механикалық және электр жабдықтары;

10) Сырлау және сылау станцияларының жылжымалы жабдықтары;

11) Автомобиль тиегіштер;

12) Диаметрі 1200 мм-ге дейін құбыржолдарды ию үшін жылжымалы құбыр игіш құрылғы;

13) Сыйымдылығы 0,5 м²-ге дейін шөмішпен бір шөмішті экскаваторлар;

14) Қуаты 37 кВт-қа дейінгі (50 л.с.-ке дейін) қозғағышты жылжымалы электр станциялары.

210. Құрылыс машиналарын баптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық, пневматикалық, механикалық, электронды және электр жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу. Құрылыс машиналарының күрделі басқару агрегаттарын, тораптарын және жүйелерді демонтаждау, монтаждау. Олардың техникалық жай-күйін бағалау бойынша диагностикалық жұмыстарды орындау. оларды қайта пайдалану мақсатында бөлшектердің жай-күйін айқындау. Бөлшектердің бұзылу себептерін айқындау. Рекламация жасау. Машиналарды баптау және реттеу кезінде қажет техникалық есептеуді жүргізу.

Білуге тиіс. Кинематикалық, электр және электронды тәсімдердің құрылғысы, қызмет көрсетілетін құрылыс машиналарының агрегаттары мен тораптарын жөндеу аймағында баптаудың, ағымдағы жөндеудің, монтаждау, демонтаждау тәсілдері мен ережесі, электр машиналары мен электронды құрылғыларды баптау ережесі, қысымда жұмыс істейтін жүк көтеретін механизмдер мен ыдыстарын сынау және куәландыру мерзімі, бұзылған және тозған бөлшектерді бағалау тәсілдері, диагностикалық жабдықты пайдалану ережесі, сыртқы белгілеріне қарап машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Өнімділігі минутына 40 м²-ға дейін автокомпрессорлар;

2) Қозғағыш қуаты 150 кВТ-қа дейін (200 л.с.-ке дейін) автогрейдерлер;

3) Өнімділігі минутына 3 м²-ға дейін автокомпресссолар;

4) Қуаттылығы 43 кВт-ға дейін (60 л.с.-дан 100 л.с-ке дейін) бульдозерлер;

5) Тоқпақсыз дірілді жүк тиегіштер;

6) Салмағы 5 тоннадан жоғары өзі жүретін тегіс жаныштағыш катоктар;

7) Өнімділігі минутына 10м²-тан асатын ішкі жану қозғағышымен жылжымалы компрессорлар;

8) 6,3 тоннадан жоғары жүк көтеретін автомобиль крандар;

9) 10 тоннадан 25 тоннаға дейін жүк көтеретін өзі жүретін мұнара крандары;

10) 16 тоннадан 25 тоннаға дейін жүк көтеретін шынжыр табанды және қысым доңғалақты крандар;

11) Құбыржолдарды оқшауларға арналған машиналар;

12) Құбыр тазалайтын машиналар;

13) Өнімділігі сағатына 2000м² дейін жер соратын қалқымалы снарядтар мен топырақ соратын қондырғылардың механикалық және электр жабдықтары;

14) Қозғағыш қуаттылығы 147 кВТ-қа дейін (200 л.с.-ға дейін) құбыр қалағыштар;

15. Магистральді газ мұнай өнімі құбыржолдарын дәнекерлеуге арналған байланысты-дәнекерлеу қондырғылары;

16) Бұрғылау диаметрі 500 мм-ге дейін жерді басу және көлденең бұрғылау қондырғылары;

17) Диаметрі 1200 мм-ден жоғары құбыржолдарды ию үшін жылжымалы құбыр игіш қондырғылар;

18) Сыйымдылығы 0,5 м-ден 1,25-ке дейін шөмішпен бір шөмішті экскаваторлар;

19) Ор қазатын роторлы экскаваторлар;

20) Қозғағыш қуаты 37 кВт-тан жоғары (50 л.с.-тен жоғары) жылжымалы электр станциялары.

211. Құрылыс машиналарын баптаушы 7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық, пневматикалық, механикалық, электронды және электр жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, аса күрделі және қуатты құрылыс машиналарының басқару агрегаттарын, тораптарын және жүйелерді демонтаждау, монтаждау. Қызмет көрсететін машиналарды баптау және реттеу кезінде қажет техникалық есептеуді жүргізу. Бөлшектердің жай-күйін және олардың бұзылу себептерін анықтау.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет