Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 2.98 Mb.
бет15/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.98 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Білуге тиіс. Радиаторлар мен жонғыш станоктарды топтастыруға арналған станоктардың құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаты, фланецтер мен құбыржолдарда тесіктерді таңбалау тәсілдері, жеке құбыржолдар мен тораптарды сынау ережесі, ақауларды жою тәсілдері, (төсемдерді, сальниктерді және басқа) тығыздағыш бөлшектерді әзірлеу тәсілдері, тангенциалды плашкаларға, бұрғылар және зенкерлерге май құю ережесі.

281. Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үштармақтар, айқастырмалар, өткізгіштер, секциялық бұрғыштар, тарататын тарақшалар, қоймалжың жинағыштар, гидравликалық жапқыштар, элеватор және су өлшейтін тораптардың, орталықтан соратын сорғылардың, редукциялық қақпақтардың, шойын секциялық қазандықтардың, лай шығарғыштардың, бактардың, араластырғыштардың және т.б. байлау түйіндерін әзірлеу. Диаметрі 200 мм-ден жоғары құбыржолдарды ию. Диаметрі 200-ден 400 мм-ге дейінгі арматураларды тексеру және сынау. Фланецтерді құбыржолдарға отырғызу және диаметрі 200-ден 1200 мм-ге дейінгі құбыржолдарды түйістіру. Құбыржолдарды (диаметріне қарамастан) жоғары жиіліктегі токтың қызуымен ию. Шойын секциялық қазандықтарды пакеттерге жинау. Қарапайым және күрделі қалыптарды әзірлеу. Нобайлар бойынша тораптар мен бөлшектерді тексеру және оларды пакеттерге байлау. Арматураларды тығыз қиюластыру, диаметрі 200-ден 400 мм-ге дейінгі тығыздағыш сақиналарды қырып тегістеу. Жылу алмастырғыштар мен жеткізгіштерді орнатуға және орап байлауға даярлау. Компенсаторлар, тұндырғыштар, бойлерлер және басқа да көлемді бөлшектерді әзірлеу. Жоғары қысымдықтағы резервуарларды құрастыру.

Білуге тиіс. Құбыржолдарды түйістіру және жиектеу, арматураны даярлау және сынау тәсілдері, санитарлық-техникалық құбыржолдар жүйесінің құрылғысы, күрделі өлшеу аспабын қолдану ережесі.

282. Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатпарлы бұрғыштар мен компенсаторларды әзірлеу. Диаметрі 400 мм-ден жоғары арматураларды тексеру және сынау. Диаметрі 1200 мм-ден жоғары құбыржолдарға фланецтер отырғызу. Табиғи өніммен және үлгілік жобалар бойынша өлшеу. Құбыржолдарға өлшеу ұзындығын қойып әзірлеу үшін нобай жасау. Диаметрі 400 мм-ден жоғары құбыржолдар мен өткізгіштерден тораптар әзірлеу. Қазандықтарды сынау. Жеке пакеттерден қазандықтар құрастыру. Диаметрі 400 мм-ден жоғары тығыздағыш сақиналарды тығыз қиюластыру, қырып тегістеу.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық жүйелерді сынау тәсілдері, бөлшектердің нобайларын өлшеу техникасы мен орындау ережесі, пісіру жіктерін термоөңдеу тәсілдері, қазандықтар, бойлерлер, калорифер қондырғылар, сорғылар мен орталық жылу пункттерін даярлау және сынау тәсілдері.

Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь


283. Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдардың сыртқы бетін металл щеткалармен тазалау. Арматураларды, бұрандамаларды және түйреуіштерді консервілеп майлаудан арылту. Құбыржолдардың ұштарын консервациялау. Құбыржолдардағы сақтандырғыш тығындар мен бітемелерді әзірлеу, орнату және шешу. Қосалқы материалдарды (зығыр иіру, қызыл бояу және т.б.) даярлау. Құбыржолдар мен үлгілік бөліктерді сұрыптау.

Білуге тиіс. Құбыржолдар, құбыр мен арматура бөлшектерінің түрлері мен міндеті, құбыржолдарды бекітуге арналған тіректердің үлгілері мен құралдары, слесарлық аспаптардың міндеті, құбыржолдардың диаметрін өлшеу тәсілдері.

284. Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарды қолмен таңбалау және кесу. Бөлшектер мен құбыржолдардың ұштарын тегістегіш машиналармен өңдеу. Төсем және астар әзірлеу. Фланец отырғызу және диаметрі 100 мм-ге дейінгі құбыржолдарды түйістіру. Диаметрі 80 мм-ге дейінгі құбыржолдарды ию. Тесіктерді бұрғылау. Құбыржолдардың бөлшектерін жинақтау.

Білуге тиіс. Құбыржолдар мен арматуралардың номенклатурасы, бөлшектер мен құбыржолдардың ішкі бетін химиялық тазалау технологиясы, құбыржолдарды ию тәсілдері, құбыржолдардың, астар материалдары мен толтырма бөлшектерінің түрлері, арматура құрылғысы, құбыржолдарды ілмектеу тәсілдері, қол аспаптарын және жай такелажды құралдардың түрлері, құрылғысы, міндеті және қолдану ережесі, газ баллондарын қолдану және оларды тасымалдау ережесі.


285. Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарды қолмен кесу және ою. Құбыржолдардың ұштарын қиынжиектерге абразивті дөңгелектеп өңдеу. Диаметрі 80-нен 200 мм-ден жоғары құбыржолдарды ию. Құбыржолдарға фланецтерді отырғызу және диаметрі 100-ден 200 мм-ге дейінгі құбыржолдарды түйістіру. Сальниктерді толтыру. 4 МПа-ға дейінгі шартты қысымдықтағы диаметрі 200 мм-ге дейін құбыржолдардың тораптарын гидравликалық сынап құрастыру. 4 МПа-ға дейін (40 кгс/см) шартты қысымдықтағы диаметрі 200 мм-ге дейін арматураны дайындау, тығыз қиюластыру, қырғылау, гидравликалық сынау және орнату. Полиэтиленнен, винипласттан, алюминийден, мыс пен латуннан жасалған құбыржолдарды пісіруге жиектеу, жиектерді шешу және түйістіру. полиэтиленнен, винипласттан, алюминийден, мыстан және т.с.с.-дан жасалған құбыржолдардың бөлшектері мен элементтерін әзірлеу. Rz = 40 бетіндегі тазалыққа дейінгі пісіру жіктерін тазалау.

Білуге тиіс. Құбыржолдар сұрыптамасы мен металлдар қасиеті; тіректер мен оларға арналған бекітпелердің үлгілері, ағынды-механизацияланған желілер құрылғысы және басқару ережесі, құбыржолдардың тура сызықты секцияларын әзірлеу технологиясы, құбыр кесетін станоктардың құрылғысы, түйісетін құбыржолдарды пісіруге құрастыруда шекті саңылаулар мен жиектердің түрлері, қышқыл өткізетін бөлшектер мен құбыржолдарды майсыздандыру тәсілдері, құбыр тораптары мен блоктарды ілмектеу ережесі, тораптар мен блоктарды құрастыру тәсілдері, гидравликалық және пневматикалық сынау жүргізу ережесі, тораптарды құрастыру тәсілдері мен 4 МПа-ға дейін (40 кгс/см-ға дейін) шартты қысымдағы құбыржолдарға қойылатын талаптар.

286. Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді таңбалау. Диаметрі 200 мм-ден жоғары құбыржолдарды ию. Құбыржолдардың ұштарын конусқа жылжыту. Диаметрі 200-ден 1200 мм-ге дейінгі құбыржолдарға фланецтер отырғызу және құбыржолдарды түйістіру. Штуцерлер, үштармақтар және секциялық бұрғыштарды әзірлеу. Құбыржолдарды жіктерінде (диаметріне қарамастан) жоғары жиіліктегі токтың қызуымен ию. Ауыстырғыштар мен секциялық бұрғыштарды әзірлеу. 4-тен 9,8 МПа-дан жоғары (40-тан 100 кгс/см-ден жоғары) шартты қысымдықтағы диаметрі 200 мм-ге дейінгі және 4 МПа-ға дейінгі (40 кгс/см-ге дейін) шартты қысымдықтағы диаметрі 200-ден 400 мм-ден жоғары арматураны дайындау, тығыз қиюластыру, қырғылау, гидравликалық сынау және орнату. Жылулық ұлғайтуларды және металдың жылжуларын қатыруға арналған реперлерді орнату. Механизацияланған желілер стендіндегі құбыржолдардың тораптарын құрастыру. Механизацияланған және жартылай автоматты желілердегі құбыржолдардың турасызықты секцияларын бір мезгілде тотқа қарсы қабатты қондырып құрастыру.

Білуге тиіс. 9,8 МПа-ға дейінгі шартты қысымдықтағы құбыржолдардың тораптарын дайындау ережесі, оларға арналған тіректер мен бекітпелердің үлгілері, құбыржолдарды жоғары жиіліктегі токтың қызуымен июге арналған станоктардың құрылғысы, құбыржолдарды гидравликалық және пневматикалық сынау өндірісінің ережесі, құбыржолдардың турасызықты секцияларын әзірлеу бойынша жартылай автоматты желілердің құрылғысы және басқару ережесі, тораптарды құрастыру ережесі мен құбыржолдарға қойылатын талаптар.

287. Технологиялық құбыржолдардың тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 1200 мм үлкен құбырларға ернемектерді орнату. Монтаждау кезінде технологиялық құбыр төсемдерінің орнын өлшеу. Құбырлардың төсемдерін дайындауға арналған нобайын жасау. Суық тартуларды орындау. Құбырлардың тораптарын блоктарға ірілендіріп құрастыру. Диаметрі 200 мм үлкен 600 мм дейінгі арматураны дайындау, тығыз қиюластыру, қырып тегістеу, гидравликалық сынау және диаметріне тәуелсіз 9,8 МПа (100 кгс/см) артық шартты қысымға орнату.

Білуге тиіс. Арнайы төсемдер (линза, металл, т.б.) мен арнайы муфта құрамаларындағы (конус бойынша шар) ернемек құрамаларының түрлері, химиялық жуу тәртібі, құбырлардың бөлшектері мен тораптарын қоспалаған болаттан жасау технологиясы, бөлшектердің орындарын өлшеу және олардың нобайын жасау тәртібінің техникасы, дәнекерлік жіктерді термоөңдеу тәсілдері, тораптарды құрастыру тәртібі мен 9,8 МПа (100 кгс/см) артық шартты қысымдағы құбырларға қойылатын талаптар.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Құрылыс слесары


288. Құрылыс слесары 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Негізгі емес бөлшектерді болттау. Бөлшектерді еркін өлшемдер бойынша слесарьлық өңдеу. Болттар мен гайкалар бұрандасының жолы. Метиздерді жүргізу. Төсемдерді жасау. Бөлшектерді жуу, тазалау және майлау. Қорғаныш қоршауларын орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Өңделетін металдардың негізгі түрлері мен қасиеттері, болттар мен олардың құрамаларының түрлері, бөлшектерді майлау тәсілдері, арқандар мен ұстау құрылғыларының түрлері, слесарьлық құралдың мақсаты және оны қолданудың тәртібі.

289. Құрылыс слесары 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гайкалар мен болттарды кесу және егеу. Шайба, жапсырма, төсемдерді қолмен жасау. Бөлшектерді қалып бойынша белгілеу. Тесіктерді қолмен бұрғылау. Болатты кесу және шабу. Бөлшектерді болттау. Жабдықтардың қарапайым тораптарын жинау және бөлшектеу. Тайғанақ болат қалыптың қалқаны мен қораптарын жинау, бөлшектеу және жөндеу.

Білуге тиіс. Өңделетін металдардың негізгі қасиеттері, бөлшектерді қалып бойынша белгілеу, неге жол беріледі және орналастыру туралы негізгі мәліметтер,бөлшектерді слесарьлық өңдеу, тетіктердің тораптары мен тайғанақ болат қалып элементтерін құрастыру және бөлшектеу тәсілдері, қарапайым такелаждау құралдарының құрылысы және оларды пайдаланудың тәртібі.

290. Құрылыс слесары 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы механикаландырылған құралды қолдана отырып жабдықтардың бөлшектерін слесарьлық өңдеу. Кесуге және бұрғылауға бөлшектерді белгілеу. Бекіткіш болттар, аспалар, кронштейндер, ернемектер, қамыт тартпалары, тура сызықты ағындар, науалар, қорғаныш қаптар мен қоршаулар, төсеме тақталарға, шанаптарға арналған құбыр тіреуіштер, терезе, баспалдақ және балкон торларын жасау. Бағана, арқалық және жабу тақташаларының ауыстырмалы металл қалыптарын орнату және бөлшектеу. Қол көтергіші бар тайғанақ болат қалыптардың көтергіш құрылғыларын орнату және бөлшектеу. Тайғанақ қалыптың конустылығын, бульдозерлердің көтергіш шығырларын реттеу. Қол көтергіштерін, арқалық және 5 т дейін жүк көтере алатын блок крандарын, арматураны бүгу және кесуге арналған станоктарды, таспалы тасымалдағыштардың кергіш және қозғалтқыш құрылғыларын, экскаваторлардың шөміші мен шығырын, бетон илегіштердің шөміші мен барабандарын, сыр пультін, көтергіштерді, механикаландырылған қалау жөніндегі агрегаттарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Іштен жану двигательдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру (поршеньді сақиналарды орнату, бұлғақты және негізгі мойынтіректерді тарту, сорғыларды, карбюраторлар мен магнетоларды құрастыру). Сызбалар мен нобайлар бойынша бөлшектерді белгілеу. Металл терезе жақтауларын және оларды ашу тетігін жасау. Ашу тетіктерін жөндеу.

Білуге тиіс. Құралды жасауда қолданылатын металдардың негізгі қасиеттері, құралды құю және шындаудың негізгі тәртібі мен тәсілдері, такелаждық жабдықтардың, жөндеуде қолданылатын механикаландырылған құралдар мен станоктардың құрылысы.

291. Құрылыс слесары 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі қалыптарды жасау және өңдеудің барлық түрлеріне арналған сызбалар бойынша бөлшектерді белгілеу. Бөлшектерді шындау, күйдіру және жұмсарту. Құрылыс және жинақтау жұмыстарына арналған аспаптарды, жабдықты жинақтауға арналған жекелеген бөлшектер мен тораптарды (шөміш, закром, жұқа қабатты металдан жасалған шанап, циклонға жасалған тұғыр, жақтау және алаң, желдеткіштер мен жылуескіштер, жылжымалы пердешелер, клапандар) жасау. Жарма есіктер мен қапсырма есіктерді, сондай-ақ жылжымалы есіктерді жасау. Гидравликалық және электр көтергіштері мен тайғанақ қалыптарды жинақтау. Механикаландырылған аппараты бар тайғанақ қалыптарға бетондау кезінде қызмет көрсету. Тозған бөлшектерді қалпына келтіру. Трактор, кран және экскаватордың тежеуіш қалыбы мен тежеуіш таспасын тойтару. Тракторлар, сырмалар, бульдозерлер, аунақтар, бетон араластырғыш пен ерітінді араластырғыштар, бетон сорғылар мен ерітінді сорғылар, 5 т артық жүк көтере алатын жетекті шығырдың блоктары, жерге енгізілген снарядтар мен өнімділігі 300 м/сағ құрылғылар, өнімділігі 6 м/мин компрессорлар, мотовоздар, бу балғалар, орталықтан тепкіш сорғылар, жаныштағыштар, қалыңдығы 13 мм дейін табақты металды кесуге арналған пресс-қайшыларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Жүк көтеретін тетіктер мен ыдыстарға қысым астында қызмет көрсету.

Білуге тиіс. Аспаптық болаттың түржиыны мен маркалары, қорытпалар туралы негізгі мәліметтер, механикаландырылған аспапты қолдана отырып күрделі бөлшектерді слесарьлық және термикалық өңдеу тәсілдері, бөлшектерді өңдеу және құрастыру кезінде неге жол беріледі және оларды орналастыру, бөлшектерді қалыптар мен калибрлер бойынша шақтау тәсілдері, қондырғыларды пайдаланудың, машиналар мен іштен жану двигательдерін бөлшектеу, құрастыру, жөндеу және реттеудің тәртібі мен тәсілдері, құралдарды шындау, жасыту және жұмсарту тәсілдері, жүк көтеретін тетіктер мен ыдыстарды қысым кезінде пайдалану тәртібі.

292. Құрылыс слесары 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі қалыптарды, калибрлер мен кондукторларды жасау. Негізгі бөлшектерді, бұйымдар мен аспаптарды жасау және жөндеу. Эксцентриктерді орнату. Штамптар мен тығыздағыш нысандарды жасау және жөндеу. Жерге енгізілген снарядтар мен өнімділігі 300 м/сағ артық тарту құрылғыларын, экскаваторлар мен мұнара крандарын, автотиегішті, қалыңдығы 13 мм артық табақты металды кесуге арналған пресс-қайшыларды, гидравликалық және пневматикалық престерді, өнімділігі 6 м/мин артық компрессорларды жөндеу, дайындау және сынау.

Білуге тиіс. Қатты құймалардың маркалары, сорттары мен қасиеттері, ерекше күрделі бөлшектерді слесарьлық және термикалық өңдеу және қиюластыру, бөлшектер жанасқан кезде неге жол беріледі және олардың құрылысы.

293. Құрылыс слесары 7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа модельді жерге енгізілетін және тартатын өнімділігі жоғары құрылғыларды жөндеу, дайындау және сынау. Күшті құрылыс экскаватор, кран, сырма машиналары және т.б. едәуір күрделі бөлшектерін жөндеу. Іштен жану двигательдерін реттеу. Ішкі диагностика әдісімен құрылыс машиналарының жұмысын бағалау.

Білуге тиіс. Қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы мен кинематикалық сұлбасы, бөлшектер мен тораптардың тозғанын бағалау тәсілдері, бөлшектердің орналасатын орнын және олардың нобайын өлшеу тәртібі, бөлшектер жанасқан кезде неге жол беріледі және құрылысы.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Әйнекші
294. Әйнекші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнек бітеуішін дайындау. Төсем дайындау. Қайырмасынан аршып әйнекті алу. Терезенің орнын полиэтилен пленкамен уақытша жабу.

Білуге тиіс. Әйнектеу үшін қолданылатын әйнектің негізгі түрлері, әйнегі бар ыдысты орап салу және ашу тәсілдері, әйнекті қоймаға орналастыру және сақтау, әйнек бітеуішінің құрамы және оны дайындау тәсілдері, терезенің орнын полиэтилен пленкасымен уақытша жабу тәсілдері.

295. Әйнекші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұқа терезе әйнектерін кесу және орнату. Бұрамасұқпаны тапаншамен қағу. Сынған жұқа терезе әйнектерін ауыстыру. Әйнек пен қайырмаларға қолмен бітеуіш пен герметик жағу. Штапиктерді орнату. Бітеу және жарма жақтауларды алу және орнату (топсасына ілу). Жармасы мен жаппасын ашылып-жабылатындай етіп қосарланған жақтаулы блоктарды әйнектеу. Резина төсемдерін кесу.

Білуге тиіс. Әйнектеу жұмыстарында қолданылатын материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері, жұқа терезе әйнектерін кесу және орнату тәсілдері, бұрамасұқпаларды қағуға арналған тапанша құрылысы, қалып үстелдің құрылысы мен әйнекті кесу үшін оны пайдалану тәсілдері, бітеу және жарма жақтауларды топсадан алу және ілу тәсілдері.

296. Әйнекші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалың терезе әйнектері мен арнайы маркалы әйнектерді (увиолды, жылу тартатын, күңгірт шыны, «Аяз», арматураланған) кесу және сыналы қысқаштармен, кляммермен, бұрандалған штапикпен, бұрамасұқпамен және бітеуішпен бекіте отырып ағаш, металл, темір бетон және пластмассалы тіктөртбұрыш түріндегі жақтауларға орнату. Металл жақтауларды шыны пакетпен әйнектеу, оларды жақтауларға бекіту. Есіктерді әйнектеу. Шприцтің көмегімен ернемектерге бітеуіш немесе герметик жағу. Әйнектерге тесік бұрғылау.

Білуге тиіс. Қалың терезе әйнектері мен арнайы маркалы әйнектерді кесу және орнату тәсілдері, вакуум-сорғының көмегімен қалың әйнектерді тасымалдау тәсілдері. Механикаландырылған құралдың құрылысы мен онымен жұмыс істеудің тәртібі.

297. Әйнекші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сөрелік, айналық және арнайы маркалы (әшекейлі, шындалған, электрмен жылынатын, толқынды) әйнектерді кесу және барлық типтегі жақтауларға орнату. Әйнектердің барлық түрлерін кесу және дөңгелек, сопақ, жартылай циркульді және қисық кескіндегі басқа да жақтауларға орнату. Призмалар мен линзаларды орнату және ауыстыру. Лифті шахтасын, баспалдақ пен балконның қоршауларын кергіш бұрандалармен бекітіп әйнектеу. Сөрелердің әйнектерін ауыстыру.

Білуге тиіс. Қиын әйнек жұмыстарын орындау тәсілдері, әйнектерді қиғаштап кесу және оларды қисық кескіндегі жақтауларға орнату тәртібі.

298. Әйнекші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көркемдік-декоративтік зерәйнектердің құрылысы. Зерәйнектердің әйнектері мен айналарын жұмырлау, ауыстыру. Үй-жайлардың қасбеттері мен ішкі бетін әр түрлі түсті стемолит, триплекспен қаптау.

Білуге тиіс. Зерәйнектердің бетін көркемдік-декоративтік әйнектеу үшін белгілеу және бөлу тәртібі, зерәйнектерді сурет және нобай бойынша жасау тәсілдері, зерәйнектегі шыны мен айнаны босату, қасбеті мен ішкі бетін қаптау тәсілдері.

Монтаждаудағы такелажшы
299. Монтаждаудағы такелажшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды ұсақ - түйек ілмектермен арнайы құрылғысынан, жинақтау ілмегінен, ілгегінен ілу. Жинақтау кезінде және орнатқанда ілмектен алу.

Білуге тиіс. Ұсақ - түйек ілмектердің, алынатын құралдардың, такелаждық жабдықтардың негізгі түрлері және оларға түсіруге жол берілетін күш нормалары, жинақтау жұмыс орындарына құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды беріп тұру тәртібі, конструкциялар мен жабдықтарды жинақтау кезінде сигнал беру тәртібі.

300. Монтаждаудағы такелажшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарында құрылыс құрылымдары мен салмағы 10 т дейін технологиялық жабдықтарды ілмектеу және ілмектен алу. Тартқыштарды реттеу. Арқандарды орау және тарқату. Такелаждық түйіндерді (тік, гайкалы және ілгекті түйіндерді, мықты және айқастырма ілмек) байлау. Болат арқанды болтты қысқаштармен бекіту. Құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды жинақтайтын жерге қолмен және тетіктермен көтеріп-түсіру. Блоктарды, тальді, полиспастерді, шығырлар мен 10 т дейін жүк көтере алатын көтергіштерді орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Қарапайым такелаждық жабдықтар пен аспаптардың құрылысы және оларды пайдалану тәртібі, құрылыс құрылымдары мен жабдықтарын ілмектеу және ілмектен алу тәсілдері, такелаждық түйіндерді байлау және болат арқанды болтты қысқышпен бекіту тәсілдері, құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды жинақтайтын жерге қолмен және тетіктермен көтеріп-түсіру тәсілдері, құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды биіктікте және ыңғайсыз жағдайда монтаждаған кезде құрастыру тәртібі мен тәсілдері, такелаждық жұмыс өндірісіне қойылатын талаптар.

301. Монтаждаудағы такелажшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 10-25 т дейінгі құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды ілмектеу және ілмектен алу. Блоктарды, таль мен 10-нан 25 т дейін жүк көтере алатын орнату және алып тастау. Құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды монтаждау кезінде уақытша кергіш пен созғышты бекіту және алып тастау. Қуаты 245 кН (25 тс дейін) дейінгі зәкірлерді жасау және орнату. 25 т дейін жүк көтере алатын полиспастердің арқандарымен қорлану. Шпалдан жасалған биіктігі 1,5 м дейін уақытша кілеттерді монтаждаудағы құрылысы. Салмағы 10-нан 25 т дейінгі құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтар: темірбетон және металл ферма, көпірлік кран, тоңазытқыш, жылу алмастырғыш, вакуум-кептіргіш, қышқыл мұнара, сепараторлар, рефрижираторлар, кристаллизаторлар, сорғылар, желдеткіштер, құбыр өткізгіштердің блоктары мен тораптары, буландырғыш, және басқа да технологиялық жабдықтарды қолмен және механикаландырылған құралдардың көмегімен көтеру, орнынан қозғау және түсіру. Түтін мұржасының + 320 м белгісінде дифуззор металлқұрылымдарды ірілендіру кезінде такелаждық жұмыстарды орындау. Конструкциялар мен құрама алаңдарды биік имараттардың ішінде қозғау.

Білуге тиіс. Такелаждық жабдықтар мен аспаптардың құрылысы, құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды көтеріп-түсіру үшін қолданатын такелаждық түйіндер, ілмектер мен қармауыштардың түрлері, бұрандалы, рейкалы және гидравликалы көтергіштердің құрылысы, сәулелі траверстерді қолдану тәртібі және олармен ілмектеу тәсілдері, биік имараттардың құрастыру алаңдарында такелаждық жұмыстарды орындау жөнінде нұсқаулықтар.

302. Монтаждаудағы такелажшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауыр салмақты құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды ілмектеу және ілмектен алу. Әмбебап ілмектерді жасау. Блоктарды, тальді, полиспастерді, айналатын жебе мен 25-60 т дейін жүк көтере алатын кран-балкаларды орнату және алып тастау. Жүк көтергіш мачта, шевр, полиспаст, және 60 т дейін жүк көтере алатын қайтарма блок жабдықтарының болат арқандарын қосу. Мачталар мен конструкциялардағы полиспастерді бекіту, қайтарма блоктарды бекіту. Такелаждық блоктарды сыннан өткізу. Қуаты 588 кН (25тен 60 тс дейін) дейінгі зәкірлерді жасау және орнату. Эстакадалар құру. Салмағы 25-нан 60 т дейінгі құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтар: темірбетон, металл және ағаш ферма, көпірлік кран, көпірлердің аралық құрылымы, металл домналық қаптама, каупер, скруббер, газгольдер, құбырлы ауа жылытқыш, газауаарна, шаңтұтқыш, контактор, компрессор және басқа да технологиялық жабдықтарды мачталар, шевр крандары, қозғалмайтын және құлама жебелердің көмегімен көтеру, орнынан қозғау және түсіру.

Білуге тиіс. Монтаждау кезінде қолданылатын жүк көтеретін құралдардың құрылысы, пайдалану тәртібі, жабдықтау және сыннан өткізу тәсілдері, әр түрлі такелаждық жұмыстарға арналған болат арқандарды таңдау тәртібі, оларды сынау әдістері, майлау және олардың қызмет ету мерзімі, аса ауыр құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды ілмектеу және ілмектен алу тәсілдері.

303. Монтаждаудағы такелажшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 60-120 т дейін жүк көтере алатын жинақтаушы мачталарды жабдықтау, орнату және орнынан қозғау. Салмағы 60-120 т дейінгі ауыр құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды ілмектеу, көтеру және ілмектен алу. Жалпы салмағы 60-120 т дейінгі технологиялық жабдықтар мен монтаждалған технологиялық құбырлармен («орама») қоса аппараттар: технологиялық бағаналар, диірмендер, күйдіру пештері, абсорция мұнаралары, деасфальтизаторлар, адсорберлер, реакциялық камералар, тоңазытқыш-крекингтер т.б. жинақтау белгісіне ілмектеу, көтеру және ілмектен алу. Құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарын қосарлама крандармен, керілген жебесі бар қайта жабдықталған крандармен, жебе тәрізді уақытша таяныш тіреумен, құлама жебе мен шеврлердің көмегімен көтеріп-түсіру. Құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды ірілендірілген блоктармен көтеру. Ауыр салмақты және үлкен жүктерді монтаждайтын жерге тасымалдау. Қуаты 588 кН (60 тс жоғары) жоғары зәкірлерді жасау және орнату.

Білуге тиіс. Күрделі такелаждық жұмыстарды орындау тәртібі мен тәсілдері, құрылыс құрылымдары мен технологиялық жабдықтарын монтаждау мачталары, қосарлама крандары, керілген жебені қолдана отырып қайта жабдықталған крандар, ригельді қосарлама крандар және т.б. көмегімен көтеріп-түсіру тәсілдері, қосарлама крандармен жұмыс істеген кезде балансты траверстерді қолдану тәртібі, ауыр салмақты және үлкен жүктерді монтаждайтын жерге тасымалдау тәсілдері, конструкциялар менқұрылымдардың кеңістік блоктарын ілмектеудің аса күрделі жеке тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет