Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 2.98 Mb.
бет16/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.98 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың қалаушысы
304. Өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың қалаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұтасқұймалы темірбетон құбырлар, градирнялар, радио- және телемұнаралар, силос және басқа да биік тұтасқұймалы темірбетон имараттарды салған және жөндеген кезде күрделілігі орташа жұмыстарды атқару. Қарапайым арматураны орнату және байлау. Дірілдеткішпен тығыздай отырып қалыпқа бетон қоспасын қалау. Жылу оқшаулағыштың құрылысы. Имараттың ішкі бетіне қолмен сыр және тоттануға қарсы жабын жағу. Футерлеу жігін жатқызу. Жұмыстарды вертикалды көліктерге арналған жүк көтеретін тетіктерді, жартылай автоматты басқарылатын жабдықтар мен материалдарды, жүк шығырларын пайдалана отырып орындау. Жұмыс аймағында қышқылға төзімді және тоттануға қарсы қоспаларды дайындау.

Білуге тиіс. Көтеріп-қозғаушы, тайғанақ қалыптардың міндеті, жұмыс қағидаты және оларды көтеруге арналған құрылғылар, биік тұтасқұймалы темірбетон имараттарды салу және жөндеу жөніндегі жұмыстарды шахта көтергіштері мен қалыптарды көтеруге арналған тетіктерді қолдана отырып жүргізудің ерекшелігі, сигнал беру тәртібі; көтергіш қалып бөлшектерінің номенклатурасы, жұмыс орындарына материал әперіп тұру, арматура орнату және қалыпқа бетон қоспасын қалау тәсілдері, футерлеу жұмыстарының, имараттардың бетіне сыр және тоттануға қарсы жабын жағу және оларды дайындау технологиясы, қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

305. Өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың қалаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шахта көтергіштерін, жұмыс және футерлеу алаңдарын, футерлеу құрсауын, көтергіш қалпақшаларын және қалыптарды жинақтау, пайдалану және бөлшектеу. Күрделі арматураларды бетон қоспасын қалап және дірілдете отырып күрделі конструкцияларға орнату және байлау. Қалыпты орталықтандыру. Қорғаныш жабындары мен аспалы ағашты монтаждау және бөлшектеу. Металлқұрылымдарды монтаждау. Салынатын бөлшектерді олардың бекіткіштерімен қоса орнату. Жылы үйшікті монтаждау және орнын ауыстыру. Бетонның сыртқы бетіне қолмен және механикаландырылған тәсілмен сыр және тоттануға қарсы жабын жағу. Құбыр бағанының ішкі бетін кәдімгі және қышқылға төзімді кірпішпен футерлеу. Аспалы ағашта жұмыс істеу.

Білуге тиіс. Көтеріп-қозғаушы, тайғанақ қалыптардың, градиралар мен оларды көтеруге арналған құрылғыларды монтаждау, бөлшектеу және пайдалану тәсілдері, шахта көтергіштері мен тайғанақ және ауыстырғыш қалыпты көтеруге арналған тетіктердің құрылысы, жұмыс және футерлеу алаңдарын монтаждау, футерлеу құрсаулары мен көтергіш қалпақшаларының, технологиясы, күрделі конструкцияларға арматура орнату және бетон қоспасын салу тәсілдері, тоттануға қарсы, жылу сақтағыш және футерлеу материалдарының номенклатурасы мен қасиеттері, өндіру тәсілдері және орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар.

306. Өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың қалаушысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бағдаршам алаңдарын, жай тартқышты, қорғаныш қалпағын монтаждау. Монтаждалған жабдықты (шахта көтергіштері, көтергіш қалпақшалары, футерлеу құрсаулары, жерінде жұмыс атқарылатын көтеріп ауыстырғыш қалыптар) жұмыс өндіру жобасына: вертикаль, горизонталь, геометриялық өлшемдері мен көлбеулігіне сәйкес жетілдіру. Тайғанақ қалыптың жұмысын реттеу. Имараттардың бетін дайындау және сүртіп тазалау. Торкретбетон салу. Қышқылға төзімді фасонды бұйымдардан жасалған футерлеуді салу. Бөлшектерді орналастыратын орындарды белгілеу. Көтеру құрылғыларының, биіктіктегі тетіктердің едәуір негізгі тораптарын бөлшектеу. Қолданылатын жабдықтарды сынау (техникалық куәландыру).

Білуге тиіс. Тұтасқұймалы биік темірбетон имараттардың, градиралардың іргетасын құю тәртібі, жұмыстарды орындау кезінде бақылау аспаптары мен құралдарының құрылысы және оларды пайдалану тәртібі, қолданылатын көтергіш құрылғылары мен тетіктерін сынау және пайдалану тәртібі, биік темірбетон имараттарды салу жөніндегі жұмыстарды өндіру және қабылдау тәртібі – ерекше негізгі конструкцияларға қалыптарды орталықтандыру, арматураларды орнату және бетон құймасын салу тәсілдері, сыртқы металл құрылымдарын монтаждау тәсілдері, тоттануға қарсы жұмыстарды уытты және жарылғыш материалдармен өндіру тәсілдері, қолданылатын материалдардың сапасын тексеру әдістері.

307. Өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың қалаушысы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұтасқұймалы биік темірбетон құбырларды, градираларды, мұнаралар және басқа да биік жұқа қабырғалы имараттарды салу кезінде аса ауыр жұмыстарды орындау. Бағдаршам алаңдары мен жай тартқышты имараттың биіктігі 300 м болған кезде монтаждау. Шахталық көтергіштер, қозғалғыш сатылар, жұмыс алаңдары мен футерлеуге арналған алаңдарды имараттың биіктігі 300 м көп болған кезде монтаждау және бөлшектеу. Лазер сәулесінің көмегімен құбырларды орталықтандыру. Қорғаныш қалпағын монтаждау. Мұржаның диффузорларын, шатыр алаңын, таяныш арқалығын, ойықтарды жабу қалқанын және т.б. тікұшақтың көмегімен монтаждау. Платформа құрылғысына статикалық және динамикалық сынақ өткізу.

Білуге тиіс. Қолданылатын көтергіш құрылғылардың құрылысы мен оларды пайдалану тәртібі, биік имараттар конструкциясын тікұшақ және басқа да әуе құралдарының көмегімен монтаждау және бөлшектеу ерекшеліктері мен тәсілдері, биік құбырларды орталықтандыруға арналған электр-оптикалық құралдарының құрылысы және оларды пайдалану тәртібі.

Өнеркәсіптік кірпіш құбырлардың қалаушысы
308. Өнеркәсіптік кірпіш құбырлардың қалаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шұңқырларды минералды мақта маттармен және тақташалармен толтыру. Метал бөлшектерді сырлау. Кірпішті қолмен жону. Төсеме тақталарды саусақпен орналастыру және орнын ауыстыру. Кран-укосиндерді орнату және орнын ауыстыру. Құбырдың кеңейтілген бөлігіне шой тасты толтыру.

Білуге тиіс. Қалауды қайта байлау тәсілдері, дыбыстық сигнал беру тәртібі, ішкі төсеме тақталарды орналастыру тәсілі, материалдарды қоймаға орналастыру және сақтау тәсілдері, кран-укосиннің құрылысы және оны пайдалану тәртібі.

309. Өнеркәсіптік кірпіш құбырлардың қалаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбырды кірпіштен салу. Құбыр бағанының ішкі бетін футерлеу. Құрылыстың ішкі бетін арнайы қоспалар мен материалдармен оқшаулау. Кронштейндерде тас төсеу. Құбырдың ішіндегі көтергіш құрылғыларды құрастыру және бөлшектеу. Салу үдерісінде қозғалғыш қапсырма шегелерді өңдеу және оларды құбырларды жөндеу кезінде қағу. Бекітетін шығыршықтарды орнату. Шахталық көтергіштер, қозғалғыш сатылар, жұмыс алаңдары мен футерлеуге арналған алаңдарды монтаждау және бөлшектеу. Жұмыс төсемдері мен қорғаныш жабындарын орналастыру. Құбырларды бөлшектеу. Өнеркәсіптік құбырлардың құрылымдық элементтерін салу талаптарына қойылатын талаптар; өнеркәсіптік құбырларды салу, монтаждау және футерлеу жөніндегі жұмыстарды орындау тәсілдері; құбырлардың ішкі бетін оқшаулауға арналған сұйық құрамның түрлері мен қасиеттері; жерасты құрылғыларын салу және футерлеу тәсілдері.

310. Өнеркәсіптік кірпіш құбырлардың қалаушысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы қатарды қалау. Бағдаршам алаңдары мен жай тартқышты монтаждау. Құбырдың үстіңгі бөлігін қалау. Құбыр бағанының іргетасына алғашқы бес қатарды қалау.

Білуге тиіс. Өнеркәсіптік құбырлардың іргетасын қабылдау тәртібі, құбырларды орталықтандыруға арналған аспаптардың құрылысы және оларды қолдану тәртібі, көтергіш құрылғыларын сынау тәртібі.

311. Өнеркәсіптік кірпіш құбырлардың қалаушысы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сәулет сырты құбырларының жоғарғы бөлігін қалау. Сфералық беттерді шамот кірпішпен қызуға төзімді ерітіндімен футерлеу. Шахталық көтергіштердің ұстағыш кілеттерін монтаждау және реттеу. Биіктігі 60 м астам құбырларды салу кезінде жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс. Биіктікте жұмыс істеу тәртібі, сәулет сырты элементтерін қалау тәсілдері, құбырларды пайдалануға тапсырған кезде қойылатын талаптар.

Футерлеуші (қышқылға берікші)

312. Футерлеуші (қышқылға берікші) 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс құрылымдарын, имараттар мен технологиялық жабдықтарды химиялық қорғау бойынша ең қарапайым қаптау және футерлеу жұмыстарын орындау. Полиизобутиленді сабынды сумен тазалау. Қарақағазды тальктен тазарту. Беті металл щеткалармен тазалау. Бетон бетін бедерлеу. Арнайы жақпа, бетон қоспасы, битум мастикалары мен лактардың барлық түрлерін қолмен дайындау.

Білуге тиіс. Қаптау және футерлеу үшін қолданылатын негізгі материалдардың түрлері, бетті тазалау және бедерлеу тәсілдері, арнайы жақпа, мастикалар және бетон қоспасын дайындау технологиясы.

313. Футерлеуші (қышқылға берікші) 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс құрылымдарын, имараттар мен технологиялық жабдықтарды химиялық қорғау бойынша ең қарапайым қаптау және футерлеу жұмыстарын орындау. Сұйық шыныны белгілі бір тығыздыққа дейін еріту. Арнайы жақпа, бетон қоспасы, битум мастикалары мен лактарды механикаландырылған тәсілмен дайындау. Күкірт цементті пісіру. Тақташалар мен кірпішті сапасы мен көлемі бойынша сұрыптау. Бір даналық материалдарды кесу және олардың шеттерін қайрау. Тақташаларды термикалық кесу. Металл бетті химиялық тазалау. Вертикаль және горизонталь бетке орама материал жапсыру. Бетті силикат ерітіндімен бояу және сылау. Қышқылға берік блоктарды кесу. Металл және бетон беттерге битум лактарын жағу. Футеровканы бөлшектеу.

Білуге тиіс. Арнайы бетон және қышқылға берік қоспалар, мастикалар мен жақпалардың құрамы, материалдарды қаптау мен футерлеуге және бетті химиялық тазалауға ерітінді дайындау тәсілдері, қаптау, футерлеу және сырлау үшін беттерді дайындауға ұсынылатын талаптар.

314. Футерлеуші (қышқылға берікші) 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вертикаль және горизонталь беттің үстінен дайын маяктар бойынша тақташалар мен кірпішпен қаптау және футерлеу. Қышқылға берік жақпалардың жігін толтыру және әшекейлеу. Қышқылға берік кірпішті тегістеп және туралап жону. Горизонталь беттерді қышқылға берік битум мастикасын жағу. Резервуардағы, ванналардағы, сақтау қоймаларындағы, қабырғалардағы қышқылға берік бетоннан жасалған қорғаныш қабаттың құрылымы. Бетке арнайы ерітінділерді жағу. Конструкцияларға қышқылға берік бетонды қалау.

Білуге тиіс. Қышқылға берік жақпалы тегіс беттерді бір даналық материалдармен қаптау және футерлеу тәсілдері, бетке қышқылға берік битум мастикаларын жағу тәсілдері, қаптау және футерлеуде қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

315. Футерлеуші (қышқылға берікші) 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр фильтрлерді, мұнаралар мен андезит тастан жасалған басқа да аппараттарды жіктерді әшекейлеп қалау. Тегіс беттердің астыңғы жағы мен қисық беттердің барлық түрлерін тақташалар, кірпіш және көмір, графиттелген және үлгі керамикалық тастар, блоктармен қаптау және футерлеу. Аппаратураларды қышқылға берік жақпалармен футерлеу. Жіктерді қышқылға берік жақпамен және горизонталь беттердің астыңғы жағын битум мастикамен әшекейлеу. Екі тұтқырғыш материалды қолданып жасалған құрама қаптау және футерлеу. Кірпіш пен бір даналық керамиканы қолмен конструктивтік жону. Колчедан пештердің тоғыспалары мен қабырғаларына бетон қоспасын қалау.

Білуге тиіс. Андезит, көмір, графиттелген, үлгі керамикалық және басқа да қышқылға берік тастар және блоктармен қаптау және футерлеу жұмыстарын орындау тәсілдері, арнайы құрамды қисық беттерді қаптау және футерлеу тәсілдері, құрама қаптау мен футерлеу өндірісінің тәсілдері, қаптау және футерлеу жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар.

316. Футерлеуші (қышқылға берікші) 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Беттердің барлық түрін түрлі үлгідегі керамикамен және басқа да қышқылға берік жақпа, күкірт цементі, қышқылға берік битум мастикасымен және басқа да органикалық шайыр жақпалармен бір даналы қышқылға берік материалдармен қаптау және футерлеу. Мұнара аппаратуралардағы желтартқыш тор мен тоғыспаларды қышқылға берік кірпіш пен ірі көлемді керамика блоктарынан монтаждау. Қышқылға берік сыналары бар штуцер, гильза мен люктердің барлық түрлерін қышқылға берік жақпамен және қышқылға берік битум мастикамен өңдеу.

Білуге тиіс. Керамикамен әр түрлі қалыптау және футерлеу тәсілдері, қышқылға берік материалдан жасалған ерекше күрделі конструктивтік элементтерді монтаждау және қалау тәсілдері.

Цементтеуші
317. Цементтеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерітінді дайындау. Ерітінді араластырғышқа құрамдас компоненттерді салу. Жыныстар мен бетондағы жарықшақтарды сынамен және талшықпен бітеу. Бетонның бетін цементтеу кезінде қалқандарды орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Цементтеу және топырақты химиялық бекіту кезінде қолданылатын материалдардың түрлері, қолданылатын жабдықтардың түрлері, жарықшақтарды бекітуге арналған ерітіндіні дайындау тәсілдері.

318. Цементтеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бағаналы кесінді жіктерін цементтеу және топырақты химиялық бекіту кезінде коллекторлар мен айдамалаушы шлангілерді қосу. Айдамалаушыны (тампонды) құдыққа орнату, қайта орнату және одан алу. Крандарды жабу арқылы айдамалаушыға белгіленген қысымды реттеу. Цементтеу аяқталған соң құдыққа цемент-құм ерітіндісін қолмен құю. Цементтеу және топырақты химиялық бекіту кезінде айдамалау жағдайын бақылау. Сорғылар, ерітінді араластырғыш, құбырлар мен цементтелетін аймақты сумен жуу. Ерітінді араластырғыш пен құбырларды ағымдағы шағын жөндеу.

Білуге тиіс. Қолданылатын құбырлар мен шлангілердің түржиыны, цементтеу және топырақты химиялық бекіту тәсілдері, сұйық шынысы, хлорлы калций, карбидті шайыр және тұз қышқылы бар қарапайым ерітінділерді дайындау технологиясы, айдалатын ерітінділердің сапасына қойылатын негізгі талаптар, манометрмен жұмыс істеу тәртібі, айдамалағышты (тампонды) құдыққа түсіру және одан шығару тәртібі, ерітінді араластырғыштар мен дуалды бактардың құрылысы.

319. Цементтеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерітінді өткізгіш құбырды монтаждау, бөлшектеу және қайта салу. Ерітінді өткізгіш құбырдағы тығындарды алып тастау. Ерітіндінің сыртқа шығуын тоқтату. Инжекторды құдыққа қағып кіргізу және оны алып тастау. Құрылыс құрылымдарында жіктерді цементтеу кезінде олардың деформациялануын бақылау үшін индикаторлар орнату. Бетонның сыртын цементтеуге арналған аралық қалқанды тіректермен бекіту.

Білуге тиіс. Ерітінді өткізгіш құбырды монтаждау және бөлшектеу тәсілдері, ерітінді құрамы мен олардың негізгі қасиеттері, күрделі ерітінді дайындау және оларды топырақты химиялық бекіту кезінде айдамалау тәсілдері, цементтеу және топырақты химиялық бекіту жұмыстарының технологиясы, жабдықтың жұмыс істеуіндегі ақаулық себептері және оларды жою тәсілдері, цементтеу және химияландыру журналын жүргізу тәсілдері.

320. Цементтеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топырақтың салыстырмалы су сіңірушілігін айқындау үшін су айдамалау. Бетонның сыртын цементтеу кезінде цементтеуші (цемент, цемент-балшық, цемент-құм) ерітіндіні колонкалы перфораторлық құдықтар арқылы және қалқанның көмегімен айдамалау. Аралық қалқандарды көтергішпен бекіту. Жабдықты монтаждау және бөлшектеу. Бетон құрылысты және белгіленген цемент арматураны цементтеу кезінде жіктердің өтуін сынау.

Білуге тиіс. Цементтеу жұмыстарының технологиясы, тау жыныстарының қасиеті, жасалған цементтеуді гидравликалық сынау тәртібі.

321. Цементтеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фильтрлеуге қарсы бүркемені силикаттың цементтеу ерітіндісімен, цементтеу ерітіндісі және ыстық битуммен, цемент ерітіндісі мен битум эмульсиясымен айдамалаумен орнату. Бетон құрылысының құрылыс жіктерін цементтеу.

Білуге тиіс. Силикаттау, ыстық және суық битумдау және олардың құрамасының көмегімен фильтрлеуге қарсы бүркемені орнату тәсілдері, сорғы жабдығының құрылысы, бүркемені орнатудың құрама тәсілін қолдануды айқындайтын шарттар.

Сылақшы
322. Сылақшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен жасау және қиынды ағаш қалқандарын, қамыс өрмелері мен қиынды ағашты жеке-жеке қағу. Оқшаулағыш материал мен металл торды қағу. Берілген құрам бойынша құрғақ қоспаларды (гарцовка) қолмен дайындау. Гипс пен цементті пневматикалық беру арқылы қоректендіргіш шанапты материалдармен толтыру. Ерітіндіні сүзу және араластыру. Шеге қағу және оларды сыммен орау. Бетті қолмен бедерлеу. Ұяшықтарды тығын қойып қолмен ою. Сылақты күту. Жұмыс аймағы шегінде материалдарды тасымалдау.

Білуге тиіс. Сылақ жұмыстарын істеген кезде және бетті құмсыз жапқан кезде қолданатын негізгі материалдардың түрлері, сылақ пен сылақ ерітінділерінің негізгі түрлері, арнайы және декоративтік мақсаттағы сылаққа арналған ерітіндіден басқа ерітінділерді дайындау тәсілдері, қол құралдары, аспаптары мен керек-жарақтардың атаулары мен мақсаты, сылау үшін және құмсыз жабуға бетті дайындау тәсілдері.

323. Сылақшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Беттерді жабу және қарапайым сылақты жөндеу. Тұтас тегістеу және бетті механикаландырылған құралмен бедерлеу. Дайын қаңқа бойына металл торды тарту. Сым торға ерітінді жағу. Жақтау мен ернеуліктің қабырғаға қосылар тұсын майлау. Құрғақ ерітінді қоспаларынан ерітінді дайындау. Дайын маяктарға құрғақ сылақ қабаттарын жапсыру және оларды ағаш беттерге қағу. Қораптар мен ірі панельді қалқалардың қосылар тұсын тығындау. Желдеткіш қораптардың тақташалары мен блоктарын тазалау және майлау. Сылақты ысқылау.

Білуге тиіс. Негізгі материалдар мен дайын құрғақ ерітінді қоспалардың қасиеті, құрғақ қоспалардан ерітінді дайындаудың мақсаты мен тәсілдері, құрғақ сылақты бекітуге арналған мастика құрамы, желдеткіш қораптарды орнату тәсілдері.

324. Сылақшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетін маяктау. Ерітінді сорғының көмегімен бетке сылақ ерітіндісін жағу. Қабырғалардың, төбенің, тегіс бағаналардың, жауырындық қабырғалардың, еңіс қуыстардың, тұрақты қима арқалықтардың тік бетіне қолмен жақсартылған сылақ жағу және жақсартылған сылақты жөндеу. Еңістерді, тығындар мен құймаларды сылау. Шеттерін өңдеп кенередоғаларды тарту. Жоғары сапалы сырдың астындағы құмсыз жабынды жабу. Шатыр мен еденнің астына цемент-құм тартқыштарын орнату. Жиналмалы темірбетон аражабынның, қабырға панельдерінің арасындағы жіктерді өңдеу. Ішкі тік бұрыштар мен сыртқы тік бұрыштарды өңдеу. Сыланған бетке сылақты механикаландырылған жағу. Бетті полимермен қорғай отырып торкреттеу. Еңісті құрама элементтермен өңдеу. Қораптардың, арналардың, болат тор бойынша қабырға жылуоқшаулағышының камераларын сылақпен сылау. Сылақтың бетін темірлендіру. Клапандар мен пердешелерге арналған рамаларды қою және бекіту. Тұрғын-үй желдеткіші құралдарын олардың әрекет етуін тексере отырып орнату және аспалары мен кронштейндерін бекіту. Дайын рецепт бойынша декоративті ерітінді және арнайы мақсаттағы (гидрооқшаулағыш, газоқшаулағыш, дыбысоқшаулағыш, термоберік, рентгенөткізгіш және т.б.) дайындау. Өңдеу қабатын механикаландырылған тегістеу.

Білуге тиіс. Декоративті ерітінділердің, арнайы мақсаттағы сылаққа және торкреттеуге арналған бетондарға арналған ерітінділердің құрамы мен дайындау тәсілдері, жабысуды баяулатқыш және тездеткіштің түрлері мен қасиеттері, химиялық қоспалары (хлорлы ерітінділер, поташ қосылған ерітінділер, хлорлы кальций) бар ерітінділердің қасиеттері мен олармен жұмыс істеу тәртібі, жақсартылған сылақ жағу тәсілдері, бетті маяктау тәсілдері, ерітіндісорғылардың, цемент-зеңбірек пен олардың форсункаларының, тегістеу машиналарының құрылысы, бетке ерітінді жағу және торкреттеудің механикаландырылған тәсілдері, сылақ жұмыстары сапасы мен бетті құмсыз жабуға қойылатын талаптар.

325. Сылақшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты бетке ерітіндіні қолмен және механикаландырылған жағу. Бетті сеуіп өңдеу. Төбені, қабырғаларды, мұнараларды, жауырындық қабырғалар мен тегіс және каннелюрасы бар тұрақты қима бағаналарды жоғары сапалы сылау. Кез келген кескінді кессондары бар тегіс төбені сылау. Бетке декоративті ерітінді жағу және оларды қолмен және механикаландырылған құралмен өңдеу. Құйылған еден мен еден төсемінің (еденнің астына салатын негіз) құрылысы. Бұрыштарын өңдей отырып тік сызықты бетке ерітіндінің барлық түрлерімен тұрақты қима жетегін тарту. Сыланған бетте, соның ішінде қасбетте қашаутасты белгілеу және кесу. Қасбетті декоративті сылақпен өңдеу. Қасбеттің декоративті сылағын және ғимараттың ішкі бетінің жоғары сапалы сылағын жөндеу. Гидрооқшаулағыш, газоқшаулағыш, дыбыссіңіргіш, термоберік және рентгенөткізгіш ерітінділерімен сылау.

Білуге тиіс. Жоғары сапалы және арнайы мақсаттағы сылауды орындау тәсілдері, қасбетті декоративті сылақпен сылау технологиясы мен тәсілдері, қасбеттің бетін және ішті бетті белгілеу және кесу тәртібі, жетекті тартуға арналған қалыптың құрылысы.

326. Сылақшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты бетте тұрақты және ауыспалы қиманың жетегін тарту. Кез келген кескінді кессондары бар қисық сызықты төбені белгілеу және сылау. Төбені, мұнараларды, жауырындық қабырғалар мен тегіс және каннелюрасы бар ауыспалы қима арқалықты сылау. Бағаналарды, мұнараларды, жауырындық қабырғалар мен тегіс және каннелюрасы бар ауыспалы қима бағаналарды сылау. Бағаналарды, мұнараларды, жауырындық қабырғалар мен тұрақты қима арқалықты декоративті ерітіндімен сылау. Көпорталықты және сүйір күмбезді, тоғыспа мен арканы бөлу және сылау. Бірнеше орталықтан күрделі розетканы тарту. Нобай бойынша «сграфитто» сылағымен сылау. Аса күрделі және арнайы мақсаттағы сылақтарды жөндеу.

Білуге тиіс. Аса күрделі бетті сылау үшін белгілеу, көркемдік сылауды орындау әдістері.

327. Сылақшы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ескі ғимараттарды, имараттар мен сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру кезінде бетті сылақпен жөндеу және сылау.

Білуге тиіс. Негізгі сәулет стильдері, олардың интерьерлерінің ерекшеліктері, қалпына келтіру кезінде бетін жөндеу және сылау тәсілдері.

Электр монтажшы-реттеуші
328. Электр монтажшы-реттеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста кернеулігі 1 кВ дейінгі электр жабдықтау объектілерін, сондай-ақ басқарудың қарапайым тәсімімен кернеулігі 1 кВ дейінгі ауыспалы ток электр жетекті реттеу. Өлшеу және сынаудың қарапайым сұлбасын құрастыру. Амперметр, вольтметр, счетчик, оқшаулауды бақылау аспабының қосылуын тексеру. Автоматты өшіргіш пен магнитті қосқышты максималды және жылу қорғалуын тексеру. Қысқа тұйықтағыш роторы бар ауыспалы токтың электр жетегін басқару сұлбасын тексеру. Ток пен кернеудің электр магнитті релесін жөнге салу. Электр жабдықтар мен кабельдердің оқшаулағыш кедергісін өлшеу. Электр машиналары мен аппараттың орамалары мен жерге қосушы құрылғылардың тұрақты токка кедергісін өлшеу.

Білуге тиіс. Электр өлшеу аспабының, электр машиналары мен аппараттарының мақсаты мен қызмет ету қағидаты, электр сұлбалары элементтерінің шартты графикалық белгілері, максималды ток және жылу қорғаныштарының мақсаты, әрекет ету қағидаты мен құрылысы, күрделі емес электр сұлбасы мен аппараттарды тексеру әдістері мен жөнге келтіру, қосып реттеу жұмыстары өндірісі кезінде өлшеу және сынау сұлбасы, электр құрылғысының құрылысы, электротехника негіздері.

329. Электр монтажшы-реттеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста кернеулігі 10 кВ дейінгі электр жабдықтау объектілерін реттеу. Кернеулігі 10 кВ дейінгі тікелей қосудың ауыспалы ток электр жетегін реттеу. Реле қорғанышының күрделі емес аппараттарын тексеру және реттеу. Өлшеу және сынау сұлбаларын құрастыру. Реле қорғаныш сұлбаларын және қуаты 1000 кВА дейінгі және кернеулігі 10 кВ дейінгі монтаждалған трансформаторлық кіші станцияларды тексеру. Кран, тельфер, сорғы, компрессорлардың ауыспалы ток электр жетегін реттеу. Механикаландырылған құралмен дәнекерлеу орнын тесу және тазалау. Төсемдер мен төсеме тақталарды жасау. Оқшаулағыштың тірек бағаналарында дөңгелек ұстаушыларды монтаждау. Тұрғын-үйлерде, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Тіреуіш бөлшектер мен арматуралардың негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттар мен қолданылатын электрленген және пневматикалық құралдардың құрылысы, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың құрылысы мен оларды пайдалану тәсілдері, электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі.

330. Электр монтажшы - реттеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста кернеулігі 10 кВ дейінгі электр жабдықтау объектілерін реле қорғаудың күрделі түрлерімен реттеу. Кернеулігі 10 к в дейінгі ауыспалы ток электр жетегін басқару мен реттеудің автоматика элементтерімен, ал тұрақты ток электр жетектерін реле-контакторлық сұлбасымен ретке келтіру. Кернеулігі 10 кВ дейінгі фидерді бағытталған қорғанышпен, күшті трансформаторлар мен қозғалтқыштардың дифференциалды қорғанышымен ретке келтіру. Асинхронды электр қозғалтқышы бар (қысқа тұйықталған немесе фазалық роторы бар) және автоматика элементі бар электр жетегін ретке келтіру. Кабельдің зақымданған жерін тексеру және анықтау. Электр жабдықтау және ағынды көлік жүйесі объектілерін диспетчерлік басқару және сигналын ретке келтіру. Тұрақты оперативті ток (аккумуляторлы батарея) жүйесін, қуаты 500 кВТ дейінгі реттелмейтін машиналық және жартылай өткізгіш ретке келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет