Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 2.98 Mb.
бет6/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

99. Гидроагрегаттар монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орта деңгейлі жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын техникалық қарау. Фундаменттік бұрандалар мен анкерлік плиталар, желдеткіш келтеқұбырларын және генератор торларын орнату. Дренаждау құрылғыларын, баспалдақтар, қорғағыш қаптамалар, турбиналар қоршауларын монтаждау. Ротор білдегін престеу. Барлық түрдегі белгілерге бандаждар салу. Турбинаның бағыттаушы аппаратының вакуумды суыру клапанын, қалақшаларын, подшипниктерін, тұтқаларын және сақиналарын, жұмысшы дөңгелекті асуға арналған консольдерді, өрт сөндіру жүйесін және генератордың ауа ажыратқыш қалқандарын орнату. Статор орамасының түйіспе жерлерін қалайылау. Статор мен роторда қалайылаудан кейінгі түйсіпе орындарын тазарту. Статордың ықтарына оқшаулау аратөсемдер мен қадалар орнату. Қоздыру жүйесінің щеткелік аппаратын орнату. Жабдықтар тораптарының жиектерін дәнекерлеуге дайындау. Жабдық беттерін және пісірілген жерлерді тегістеу. Пісірілген жік жерлерінің ақаулықтарын анықтау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жабдықтың құрылғысы және оны монтаждау технологиясы, монтаждалатын жабдық астына фундаменттердің мөлшерлерін тексеру тәсілдері, жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты қолдану ережесі.

100. Гидроагрегаттар монтажшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаждалатын жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын техникалық тексеру. Реттегіш сақинаны монтаждау. Саңылауларды реттей отырып, бағыттаушы аппараттың қалақшаларын асу. Май сорғыштары бар реттеу жүйесінің май қысымды қондырғысын монтаждау. Комбинатордың және регулятордың кері байланыстарын жинақтау. Генератордың, май салқындатқыштардың және ауа салқындатқыштардың тежеу жүйесін монтаждау. Подпятниктің майлы ванналарын жинақтау. Тік сорғылардың жұмыс дөңгелегін жинақтау. Орамалардың түйіспе орындарын оқшаулау және оларды лакпен сырлау. Ротор мен статордың фазалық қосқыш құрылғыларының түйіспелерін қалайылау. Қосалқы жабдықты монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және орнын ауыстыру тәсілдері, монтаждауға арналған фундаментті және жабдықты орнату орындарын тексеру және қабылдау ережесі, монтаждалатын жабдықты теңгерімдеу, центрлеу, тексеру және реттеу тәсілдері, майлау жүйесінің қолданылу принципі, агрегаттарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар және белгіленген рұқсатнамалар, күрделі жабдықты пайдалануға қосу ережесі.

101. Гидроагрегаттар монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Спиральді камераларды монтаждау. Подпятникті монтаждау, подпятник дискісінің перпендикулярлығын және білек осін дұрыстау. Генератор роторын жинау. Ротор төлкесін генератордың білдегіне тағу. Тік сорғыларды және олардың электрқозғалтқыштарын монтаждау. Фундаментті сақиналарды, бағыттаушы аппараттардың сақиналарын, подшипниктерді монтаждау. Сервомоторларды, золотник блоктарын және клапандар блоктарын монтаждау және баптау. Статор орамасын монтаждау. Капсульді агрегаттар подпятниктерінің тығыздамаларын әзірлеу. Агрегаттарды жеке сынақтарға дайындау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау, оны реттеу және баптау ережелері.

102. Гидроагрегаттар монтажшысы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Капсулаларды монтаждау. Агрегаттар білдектерін центрлеу және бір-біріне біріктіру және олардың ортақ сызығын өлшеп тексеру. Реттеу жүйесін монтаждау. Статорлар мен қоздыру жүйесін монтаждаушы. Турбиналар статорларын, жұмысшы дөңгелек камераларын, жұмысшы дөңгелектерді монтаждау. Агрегаттарды жеке сынақтан өткізу.

Білуге тиіс. Бірегей жабдықты монтаждау тәсілдері, пайдалануға қосу кезінде агрегаттар мен машиналарды пайдалануға қосу ережесі.

Арнаулы орта (кәсіби) білім талап етіледі.

Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы
103. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Реттегіш микропроцессорлық контроллерлерді, процессорларды, шығарылатын терминалдарды, модемдерді бумалардан шығару консервациядан босату. Кабельді канализацияда полиэтиленді қорғағыш түтіктерде, қораптарда және қабырға үстімен қапсырмалармен жабыстырып талшық-оптикалық кабельдер өткізу.Ұштары оптикалық қосылыстармен бітелген бірталшықты кабельді өткізу. Объектілі талшықты-оптикалық кабельдер өткізу.

Білуге тиіс. Оптикалық талшық бойынша жарық сигналының берілуінің негізгі прициптері, жобалау құжаттамамен жұмыс істеу ережесі, микропроцессорлық аппаратураны және олардың блоктарын бумасынан босату, пистолеттің монтаждау-поршеньдерінің және перфораторды пайдаланудың құрылғысы мен ережесі, талшықты-оптикалық кабельдердің үлгілері мен конструкциялық ерекшеліктері, талшықты-оптикалық және электр кабельдерін өткізу технологиясы, моментті шығыршаны және бұралуға қарсы құрылғыны қолдану ережесі, талшықты-оптикалық кабельдерді таңбалау тәсілдері, талшықтық-оптикалық кабельдерді өткізуде және таңбалауда қолданылатын бұйымдар мен материалдардың номенклатурасы.

104. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріндегі басқарушы шағынпроцессорлық контроллердерді орнату және іске қосу. Микропроцессорлық техниканы жерге қосу жүйесін монтаждау. Талшықты-оптикалық кабельдерді бөлшектеу және оптикалық талшықтарды дәнекерлеуге және өлшемдерді келтіруге дайындау. Көп модты және бір модты оптикалық талшықтарды пісіру, дәнекерленген орындарды қорғау. Талшықты-оптикалық кабельдерде түйістіру муфталарын және коммутациялық құрылғыларды монтаждау.

Білуге тиіс. Микропроцессорлық техниканы орнату және оның жүйелерінің элементтерін жинақтау ережесі, сақтандырғыш жерлендіру жүйелерін іске қосу және микропроцессорлық техниканы монтаждау кезінде қоректендіру фазаларын іріктеу тәсілдері, ақпарат берудің талшықты-оптикалық жүйелерінің жұмыс істеу принциптері, жарықтың сынуы көрсеткіші сатылы және градиентті болып келетін бір модты және көп модты жарыққұбырларының негізгі сипаттамалары, оларды түйістіруге қажетті оптикалық талшықтарды іріктеу тәсілдері, олардың жұмыс істеу принципін, құрылғыларының конструкциясын және оларды талшықтарды пісіру үшін қолдану ережесі, оптикалық талшықтарды түйістіру тәсілдері мен технологиясы, коммутациялық құрылғылардың түйістіру муфталарының құрылғысын, талшықты-оптикалық кабельдерде оларды монтаждау технологиясы.

105. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Іске қосу және микропроцессорлық техника жүйесіне кіретін ақпарат бейнелеу құрылғыларына: видеотерминалдарға, алфавиттік-цифрлік дисплейлерге және т.б. сынамалау өткізу. Оптикалық кабельдерге кірме бақылауын жүргізу. Талшықты-оптикалық кабельдер өткізуден кейін сигналдардың бәсеңсу өлшемдерін, сондай-ақ түйіспе муфталарын және тармақтандырғыш коммутациялық құрылғыларды монтаждау кезінде орындау. Оптикалық модульдер параметрлерін бақылау.

Білуге тиіс. Микропроцессорлық техника жүйелерінің жұмыс істеу принципі, микропроцессорлық техниканы іске қосу және оған сынамалау жүргізу ережесі, рефлекторлардың, оптикалық тестерлердің, оптикалық импульстар генераторларының, оптикалық қуаттылықты өлшегіштердің мақсаты, олардың жұмыс істеу принципі және қолдану ережесі, кірме бақылауын және оптикалық кабельдердің жеке талшықтарында сигналдардың бәсеңсуін монтаждау алдында өлшеу ережесі, оның бүтінділігін тексеру, оптикалық созбалардың үзілген жерлерін анықтау, оптикалық модульдер параметрлеріне бақылауды жүргізу ережесі.

Орта арнаулы (кәсіби) білім талап етіледі.

Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы


106. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Станоктарды, траншеяларды және котловандарды тазалау. Монтаждау алдында коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың құбырларын, фасонды бөліктерін және арматурасын тазарту. Тығыздамаларды орнату және босату. Материалдарды траншеялар мен котловандарға жеткізіп отыру. Түйіспе жерлерін бітеу үшін ерітінді әзірлеу.

Білуге тиіс. құбыржолдарының, жинақталатын темірбетон коллекторларының, каналдарының, камералар мен құдықтардың негізгі бөліктері, оларды тазарту ережесі мен тәсілдері, ерітінді әзірлеу технологиясы.

107. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдары, коллекторлар, каналдар, камералар және құдықтар астына әртүрлі тұғырнамалар жасау. Көтергіш-такелаждық айлабұйымдар орнату. Құбыржолдар, коллекторлар, каналдар, камералар және құдықтардың бөлшектерін ілмектеу және ілмектен босату. Болат құбырлардың ұштарын пісіруге жинақтау кезінде тегістеу және жоңқалалау. Төселген құбыржолдарын топырақпен не бетонмен қымталау. Метал емес құбырларды белгілеу, шабу, кесу. Асбестоцементті муфталар мен құбырлар арасындағы саңылауларды бітеу. Болат құбырларының түйіспе жерлерін пісіру кезінде кептіру және жылыту. Түйіспелерді пісіру кезінде болат құбырларын бұрып отыру. Құбырларды манжеталармен бір-біріне жалғастыру және оларды ерітіндімен бітеу (кабельдерді өткізу кезінде). Тығындамаларды орнату және ағыту. Механикаландырылған аспаппен камералар мен құдықтар қабырғасында құбырлар енгізу үшін саңылаулар ұрып тесу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттарымен басып тесу кезінде топырақты әзірлеу.

Білуге тиіс. Құбырлар, жинақталатын темірбетон коллекторлар, каналдар, камер алар мен құдықтар бөлшектерінің тізбесі, көтергіш-такелаждық айлабұйымдардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі, құбырлар мен бөлшектерді ілмектеу тәсілдері, траншеялар мен котловандарды бекіту ережелері, құбырлар астына табиғи және жасанды негіздер әзірлеу тәсілдері, төселген құбырларды топырақпен және бетонмен ұлтандау тәсілдері, болат құбырларын басып тесу кезінде топырақты әзірлеу ережесі мен тәсілдері, пісіру кезінде болат құбырлардың түйіспе жерлерін кептіру және қымтау тәсілдері, құбырлардың түйіспе жерлерін бітеуге арналған битумдық мастикаларды әзірлеу технологиясы.

108. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Буындарды және диаметрі 500 мм дейін жеке болат және диаметрі 800 мм дейін шойын құбырларды, бетон, темірбетон, асбестцементті, керамикалық және полимерлі материалдардан жасалған құбырларды төсеу. Диаметрі 800 мм дейін баратын қысымды құбырларды және диаметрі 1500 мм дейін қысымсыз құбырларды бітеу. Газқұбыры құбырларының түйіспелерін полиэтиленмен пісіру. Коллекторлардың, каналдардың, камералар мен құдықтардың негіздерінің және арқауларының темірбетон плиталарын төсеу. Коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың түйіспе жерлерін бітеу.Темірбетон тірек плиталарды ысырмалы тіректер астына, фасондық бөліктеріне және арматураға салу. Диаметрі 1000 мм дейін дөңгелек темірбетон құдықтардың цилиндрлерін және құдықтар мен камералардың темірбетон қылталарын монтаждау. Камералар мен құдықтарда жылжымалы тұтқаларды не сатылыр мен люктар орнату. Құдықтарда лотоктар орнату. Бетон және асбест құбырларды блоктарға төсеу. Жерде бұрғыланған ұңғымаларда құбырлар төсеу. Метал емес құбырларды жұмыс істеп тұрған канализация мен су ағызу желісіне ойып орнату. Болат құбырлардың ұштарын суық күйінде және қыздырып түзету (калибрлеу). Болат құбырлардың ұштарын әзірлеу және арнайы агрегаттар арқылы сыртқы гратты ағыту. Диаметрі 500 мм дейін болат және шойын фасонды бөліктерді және диаметрі кемінде 150 мм суырмаларды орнату. Фланец қоспаларын тұрақты бұрандалармен бұрау. Диаметрі 400 мм дейін сифондар мен гидрозатворларды және сальниктерді орнату. Жер асты құбырлары мен кабельдерді асу. Болат құбыржолдарын хлорлап жуып-шаю. Коверларды, гидранттарды, су бөлгіш колонкалар мен вантуздарды орнату. Ернемектерді құбырларға, ернемекті бөліктерге кигізу. Пісірілген жіктер астына төсеме сақиналарын орнату. Каналдарда қалқанды темірбетон тіректерін орнату. Құбырларды арнаулы жүктермен немесе таспен ауырлату.

Білуге тиіс. Құбырларды төсеу ережесі және жинақталатын темірбетон коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың құрылғысы, такелажды жұмыстарды орындау ережесі және құбырларға ауырлататын жүктерді ілу ережесі мен тәсілдері, жер асты құбырларын асу ережесі мен тәсілдері, құбырларды жуып-шаю тәсілдері.


109. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі диаметрдегі болат құбырларын буындап жинау. Диаметрі 500 мм дейін болат құбырларын сабақтар түрінде және 500 мм асатын құбырларды - буындармен төсеу. Жеке-жеке шойын, темірбетон және асбестцемент құбырларын 800-ден 1500 мм дейін төсеу. Диаметрі 800 мм асатын қысым құбырларының және диаметрі 1500 мм асатын қысымды емес құбырлардың түйіспе орындарын бітеу. Коллекторлардың, каналдардың, камералар мен құдықтардың темірбетон қабырғалық блоктарын орнату. Коллекторлар мен каналдардың көлемді секцияларын бұрандалармен бір-біріне бекітіп монтаждау. Диаметрі 1000 мм артық темірбетон құдықтардың дөңгелек цилиндрлерін монтаждау. Құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттары арқылы басып тесу. Диаметрі 500 мм дейін құбырларды футлярларға төсеу. Муфтадағы асбестцементті құбырлардың түйіспе жерлерін жинақтау. Диаметрі 350 мм құбырларды су кедергілері, монтаж және өтпелер арқылы төсеу. Понтондарды орнату және жабдықтау, құбырлар сабақтарын роликті жолдарға және вагонеткаларға домалатып жеткізу. Құбырларды катоктарда және рельсті жолдарда итеріп айдау арқылы төсеу. Диаметрі 500 мм дейін болат және шойын фасонды бөліктерді, 150-тен 400 мм дейінгі суырмалар мен компенсаторларды орнату. Диаметрі 400 мм асатын сифондар мен гидравликалық затворларды орнату. Құбырлар мен кабельдер астына арнайы тіректер мен кронштейндер орнату. Көлемі 300 м дейін оголовокты немесе бас тоғанды суға түсіру, суда жылжыту және су астындағы табанға орнату.

Білуге тиіс. Болат түтіктерді буындап жинау және оларды сабақтап төсеу ережесі, пісіруге жинақталған болат құбырлардың жиектері мен түйіспелеріне қойылатын талаптар, түйіспелерді іліп әкету тәсілдері, құбырларды және коллекторларды гидравликалық әдіспен сынақтан өткізу тәсілдері, болат құбырларын домкраттардың көмегімен басып тесу тәсілдері, дюкерлер мен құбырларды су кедергілері арқылы төсеу ережесі.

110. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Болат түтіктерді сабақтар түрінде жинақтау. Диаметрі 500 мм асатын болат құбырларын және диаметрі 1500 мм темірбетон құбырларды төсеу. Магистрлады құбырларды су кедергілері арқылы төсеу. Диаметрі 350 мм асатын дюкерлер мен өтпелерді монтаждау. Көлемі 300 м асатын оголовоктар мен бас тоғандарды орнату. Құбырларды су үстінен жылжыту және олардың су асты траншеяларының қақпаларын орнату. Құбырларды су астына жіберу және жағалауға пісіріп тіркеу үшін асып орнату. Құбыржолына түрлі сақтандырғыш және тірек арматурасын қиюластырып орнату. Диаметрі 500 мм асатын құбырларды футлярларға төсеу. Диаметрі 400 мм асатын компенсаторлар мен суырмаларды орнату. Болат қаптамаларды көлденең бұрғылау және жыныстарды гидрошнектік іріктеу әдісімен траншеясыз төсеу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттары көмегімен басып тесуге арналған жабдықты монтаждау. Оны шнур мен деңгей бойынша салыстырып тексеріп, көлденең бұрғыны орнату және бекіту. Саңылаулар тесіп оларға құбырларды тартып кіргізіп кеңейту.

Білуге тиіс. Болат құбырларын сабақтар түрінде буындарға жинау ережесі, ұзынынан пісірілген жіктері бар болат құбырларын жинақтау және төсеу тәсілдері, құбырларды әуеде сынақтан өткізу ережесі.

Атом энергетикасы қондырғылары жабдығының монтажшысы
111. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын бумадан және консервациядан алу. Қарапайым такелажды құралдардың (домкраттар, қол шығыршалары) көмегімен жабдықтардың орнын алмастыру. Шаблон бойынша бөлшектерді белгілеу. Трещотка мен бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалық және ернемекті қоспаларды жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер мен аратөсемдер жасау. Метал құрылымдарын түзеу. Түйіспе орындарын монтаждық бұрандалармен нығыздап бекіту. Құбырлардың ұштарын өңдеу.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысын және оларды қолдану ережесі, жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын бумадан, консервациясынан босату тәсілдері.

112. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтарды жинақтау және оларға қызмет көрсету алаңдарын орнату. Жабдықтардың тірек құрылымдарын, бекітпе бөлшектерін орнату. Бассейн затворларын монтаждау, закладтық бөліктерге түйісу тығыздылығын тексере отырып сынау және жүкті артығымен тиеу. Термопарларға арналған қаптамаларды орнату. Жабдықтар тораптарының жиектерін пісіруге дайындау, ақауларды анықтау және пісірілген қоспалардағы тігіс ұшын тегістеу. Жабдықтардың бетін және пісірілген тігіс жерлерін Rz=40 тазалығына дейін тегістеу.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа жабдықтар астына салынатын фундаменттердің мөлшерін тексеру тәсілдері, монтаждау үстіндегі күрделілігі орташа жабдықтың құрылғысы, монтаждау үстіндегі жабдықтың құрылғысы мен оны монтаждау технологиясы, жабдықты монтаждау тәсілдері және монтаждалған жабдықты тексеру тәсілдері, гидравликалық сынақтардың тәсілдері, механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты қолдану тәсілдері, жүктерді ілмектеу және жылжыту тәсілдері.

113. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты техникалық тексеру және монтаждауға дайындау. Реактор корпусының жылулық қорғанысын және реактор астындағы бөлмені монтаждау. Бактарды, сүзгілерді, жылуалмастырғыш жабдықты, буландыру аппараттарын монтаждау. Ионизациялық камераларды шығаруға арналған құрылғыны монтаждау. САОЗ гидросыймдылығына және қысым компенсаторына электржылытқыштарды орнату. Герметикалық проходкаларды жинақтау. Реактордың толтырылмалы шахталарын, қорғағыш құбырлардың блогын және корпус ішіндегі қондырғыларды монтаждау. Негізгі циркуляциялық сорғының май фильтрлерін монтаждау. Қорғағыш құбырлардың блогын тасымалдау үшін платформаны жинақтау. Жабдықтар беттерін және пісірілген тігіс жерлерін Rz = 20 тазалығына дейін тегістеу. Жабдықтар беттерін жоңқалау.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және орнын ауыстыру тәсілдері, фундаментті монтаждауға алу үшін тексеру және қабылдау ережесі және жабдықты орнату орны, монтаждау үстіндегі жабдықты монтаждау, теңгерімдеу, центрлеу, тексеру және реттеу тәсілдері, майлау жүйелерінің құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, жабдықты монтаждауға қойылатын техникалық талаптар және белгіленген рұқсатнамалар.

114. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Биологиялық қорғаныс құрылымдарын, бекініс фермаларын, бөлгіш сильфонды монтаждау. Универсалды ұяны, төзімдету бассейндерінің стеллаждарын монтаждау. Негізгі және авариялық герметикалық шлюздарды, герметикалық арматуралық және штендік проходкаларды монтаждау. Сыртқабаттардың герметикалылығын бақылау жүйесінің жүйелерін монтаждау. Сейсмикалық төзімділік гидроамортизаторларды монтаждау. Битумдау жүйесінің жабдықтарын монтаждау. Бірінші контурдағы жабдықты монтаждаудан бұрын жеке сынақтардан өткізуге дайындау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері, жабдықты реттеу және сынамалау тәсілдері.

Орта арнайы (кәсіби) білім талап етіледі.

115. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 7- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Реакторлар корпустарын және корпус ішіндегі құрылғыларды монтаждау. Жоғарғы блокты монтаждау. Басқару және қорғау жүйесінің жетектерін монтаждау. Бу генераторын монтаждау. Негізгі циркуляциялық құбырлар мен сорғыларды монтаждау. Қысым компенсаторын, зонаны авариялық салқындату жүйесінің гидросыймдылығын монтаждау. Барботальді бакты, қоректендіру, борлық және термикалық реттеу деаэраторын монтаждау. Авариялық салқындату жылуалмастырғыштарын, регенеративтік үрлеу, үрлеудің біржола салқындатқышын монтаждау. Асқынжүк машинасын монтаждау. Бірінші контур жабдықтарына жеке сынақтар өткізу.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері, бірінші контурлы жабдыққа жеке сынақтар өткізу ережесі.

Орта арнайы (кәсіби) білім талап етіледі.

Теміржол көлігінде блокадалау және

орталықтандыру жабдығының монтажшысы
116. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жуапты емес бөлшектерді араластыру бұрандамалау. Жабдықты бумадан босату. Аппараттар мен жабдықта нөмірлік таяқшалар жасау және орнату.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату тәсілдерін, ең қарапайым такелаждық айлабұйымдар түрлері және оларды пайдалану ережелері, жабдықтар бөлшектерін майлау тәсілдері, слесарлық аспаптың мақсаты.

117. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шаблон бойынша бөлшектерге белгі қою. Трещотка мен бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалы және фланецті қоспаларды бұрғылау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер мен аратөсемдер жасау. Метал құрылымдарын түзеу. Түйіспе жерлерін монтаждық бұрандамалармен бекіту.

Білуге тиіс. Қолданылатын матераилдардың сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі.


118. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі қосылыстардың түйіспе және бұрмаларын орнату. Еденге орнатылатын жабдықты (релей шкафтары, батареялық құдықтарды, бағдаршамдарды, семафорларды, компенсаторларды, дроссельдерді) демонтаждау. Иілгіш тартқыштарға арналған тіректер мен шкивтерді жинақтау.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа жабдықтар астына қойылатын фундаменттердің мөлшерлерін тексеру тәсілдері, монтаждау үстіндегі жабдықтың құрылғысы және оны тексерудің ең қарапайым тәсілдері, Жүкті ілмектеу және жылжыту әдістеру, механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты пайдалану ережелері.

119. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағыттамалы бұрмалар бөліктерін және бұрма электржетектерін және жетектүйістіргіштерінің гарнитурасын оқшаулау. Жол дроссельдерін орнату және іске қосу. Бағдаршамдарды жинақтау және жинау. Маневрлі колонкаларды, бұрма бақылау құлыптарын, бағдаршамдарды, релей шкафтарын, батареялық құдықтарды, семафорлар мен компенсаторларды орнату. Электрлік орталықтандыру бекетінде СЦБ жабдығын орнату. Бұрма централизаторлардың бақылау құлыптары мен тәуелділік жәшіктерін іріктеу және тазарту, семафорлар бөлшектерін, бұрма және сигналдық тетіктерді ауыстыру. Иілгіш тартқыштар желілерінің құрылғысы.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерге белгі қою, оларды орнату және орнын ауыстыру тәсілдері, фундаментті және жабдық орнатылатын орындарды тексеру және монтаждауға қабылдау ережелері, монтаждау үстіндегі жабдықты монтаждау, теңгерімдеу, салыстырып тексеру және реттеу тәсілдері, майлау жүйелерінің құрылғысы және жұмыс істеу принципі, механизмдер мен машиналарды монтаждауға қойылатын талаптар және белгіленген рұқсатнамалар, күрделі жабдықты іске қосу ережелері.

120. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гарнитураларды қиюластыру және жинақтаумен қоса бұрма электржетектерін дайындау және орнату. Бақылау электрқұлыптарын, электрілмекті және электржетекті механизмдерді орнату. Семафорлар мен дискілерді реттеу. Механикалық орталықтандыру блок-аппаратының тәуелділік жәшіктерін қайта жасау. Механикалық орталықтандыру және жартылай автоматты блокадалау аппараттарында аспаптар орнату. Блокмеханизмін және блокадалау индукторын бөлшектеу, тазарту және жинақтау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау ережелері, жабдықты реттеу және баптау тәсілдері, агрегаттар мен механизмдерді іске қосу барысында сынамалау ережелері.

Орта арнаулы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

Байланыс жабдығының монтажшысы


121. Байланыс жабдығының монтажшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген жерлерде монтаждық бұрандамалар мен бұрамаларды орнату. Дәл мөлшердің болуын талап етпейтін ұсақ бекітпе бөлшектерін жасау. Байланыстарды қалайылау. Дәнекерлеу шамына май құю және жағу. Кабельді барабаннан орап алу.

Білуге тиіс. Жабдықтар мен станциондық кабельдер бөлшектерін бекітудің ең қарапайым түрлері, жабдықты бумадан босату және металл бөлшектерді майлау тәсілдері, қолмен сырлаудың қарапайым тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет