Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/3
Дата19.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 20 наурыз №231 Астана қаласы
Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

____________ А. Мамытбеков

2015 жылғы 25 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________ Ә. Исекешев

2015 жылғы 24 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Е. Досаев

2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

____________ Қ. Қасымов

2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №231 бұйрығымен бекітілген
Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Заңының 22-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу тәртібін және ұйымдастыруды айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) жылу желілері – жылу энергия көздерінен орталық жылу пунктері мен сорғы станцияларын қоса алғанда, жылуды тұтыну қондырғыларына дейін жылу энергиясын беруге және (немесе) жылуды жеткізуге арналған құрылғылардың жиынтығы;



2) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

3) электр желілері - электр энергиясын беру мен таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;

4) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.

Осы Қағидаларда пайдалынылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаларға сәйкес қолданылады.

3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын электр және жылу желілеріне, оның ішінде ұлттық электр желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

4. Электр және жылу желілерін күзету Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етіледі.

5. Электр және жылу желілерінің күзету аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер жолымен қамтамасыз етіледі.

6. Электр және жылу желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер қойнауын пайдаланушылардан жер учаскелерін иемденбей, орнатылады.

7. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері олардың аумақтары бойынша өтетін электр және жылу желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

8. Қарауында электр және жылу желілері бар ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) арасындағы даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

9. Электр және жылу желілерін күзетуді ұйымдастыру:

1) қарауында осы желілер бар ұйымдар - электр және жылу желілері;

2) қарауында осы желілер бар ұйымдар - ұлттық электр желілері үшін жүзеге асырады.
2. Электр желілерінің күзет аймағында жұмыс жүргізу тәртібі

10. Электр желілерін сақтау, пайдалануына қалыпты жағдай жасауды қамтамасыз ету және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жер учаскелері бөлінеді, күзет аймақтары орнатылады, электр желілерінен ғимаратқа, құрылысқа, жер және су бетіне дейін рұқсат етілген ең аз қашықтықтар орнатылады, орман алқаптарына және жасыл көшеттерде орман жолдары төселеді.

11. Электр желілерінен ғимараттарға, құрылысқа дейінгі, сондай-ақ электр берудің әуе желілері сымдарынан жер және су бетіне дейін рұқсат етілген ең аз қашықтықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және құрылысы, ағаштар мен көшеттерді қысқарту және қырқу кезінде сақталады.

12. Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде, шеткі сымдардың кескінінен жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) параллельді түзу қоршаулармен шектелген электр берудің әуе желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

13. Электр желілерінің күзет аймақтары кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – 1кВ) дейінгі желілер үшін:

1) әр жағынан 2 метрден (бұдан әрі-м), оның ішінде сымдары жалаң әуе желілері және өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

2) шеткі кабельден 1 м қашықта желінің екі жағы бойынша жер учаскесі түрінде тік жазықтықтармен қоршалған жерасты электр берудің кабель желілері бойымен, ал қалаларда аяқжолдан өтетін кабельді желілер үшін ғимарат пен құрылысқа қарай 0,6 м және көшенің жүргінші бөлігіне қарай 1 м;

3) шеткі кабельден 100 м қашықтықта желілердің екі жағы бойынша тұрған тік жазықтықтармен шектелген су бетінен түбіне дейінгі су кеңістігі түрінде электр берудің су астындағы кабель желілері бойымен;

4) шеткі сымдардан олардың ауытқымаған жағдайларында әр жағынан 2 м қашықтықта кеме жүзбейтін су қоймасы (өзен, арналар, көл және басқа) арқылы электр берудің әуе желілерінің өткелдері бойымен орнатылады.

14. Кернеуі 1 кВ және одан жоғары электр берудің әуе желілері үшін электр желілерінің күзет аймағы келесі шамада орнатылады:

1) 1-ден 20 кВ-ға дейін 10 м кем емес;

2) 20-дан 35 кВ-ға дейін 15 м кем емес;

3) 35-тен 110 кВ-ға дейін 20 м кем емес;

4) 110-нан 220 кВ-ға дейін 25 м кем емес;

5) 220-дан 500 кВ-ға дейін 30 м кем емес;

6) 500-ден 1150 кВ-ға дейін 55 м кем емес.

15. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда электр желілерінің күзет аймағы:

1) шеткі кабельден 1 м қашықтықта желінің екі жағы бойынша жер учаскесі түрінде тік жазықтықтармен қоршалған жерасты электр берудің кабель желілері бойымен;

2) шеткі кабельден 100 м қашықтықта желілердің екі жағы бойынша тұрған тік жазықтықтармен шектелген су бетінен түбіне дейінгі су кеңістігі түрінде электр берудің су астындағы кабель желілері бойымен;

3) электр берудің әуе желілерінің бойымен күзет аймақтарын орнату үшін қарастырылған қашықтықта кеме жүзетін су қоймасы үшін 100 м қашықтықта кеме жүзетін су қоймасы үшін олардың ауытқымаған жағдайларында шеткі сымдардан екі жағында тұрған жазықтықтармен шектелген су айдындарының су бетіндегі әуе кеңістігі түріндегі су қоймасы (өзен, арналар, көл және басқалар) арқылы электр берудің әуе желілерінің өткелдері бойымен орнатылады.

16. Жерасты байланыс кабельдері немесе қарауында кабель желілері бар ұйымдардың электр кабельдері бар түйісу немесе жақындасу орындарында электр берудің әуе желілері тіректерінде ескертуші белгілер оған дейінгі қашықтық көрсетілген кабель бағытындағы сызық түрінде ескертуші белгілер орнатылады.

17. Электр желілерінің күзету аймақтарына кіретін жер учаскелері жерді пайдаланушылардан және жер иелерінен алынбайды және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланады.

18. Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстары иелігінде осы желілер орналасқан ұйымды алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жерді пайдаланушылар жүргізеді.

19. Ауыл және қала құрылыстары шектерінде әуе және кабель желілері өткенде аудан және қала атқарушы органдары аймақтың құрылысына рұқсат беру кезінде күзет аймақтарының құрылысына тыйым салады.

20. Электр берудің әуе желілері бойымен және мемлекеттік орман қорының орман алаптарында және елді мекендер шегіндегі жас көшеттердегі шағын станциялардың, таратушы құрылғылардың және ауыстырғыш пункттердің периметрі бойынша соқпақ жолдар Қазақстан Республикасының Орман кодексі 13 бабы 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес бекітілетін Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiне сәйкес төселеді.

21. Мемлекеттік орман қоры аумағы арқылы өтетін электр берудің әуе желілері кезінде сымдарға тікелей жақын өсетін ағаштарды кесуді мемлекеттік орман иеленушілер қарауында осы желілер бар ұйымдармен шарт бойынша жүргізеді.

Олар саябақтар, бақтар және басқа көп жылдық көшеттер арқылы өтсе, ағаштарды кесуді қарауында электр берудің әуе желілері бар ұйымдар, ал екі жақты келісім болса – теңгерімінде осы көшеттер орналасқан ұйымдар немесе бақ иелері және басқа көп жылдық көшеттерге қарауында электр берудің желілері орналасқан ұйымдар анықтаған тәртіпте жүргізеді.

22. Электр желілерінің қалыпты жұмысын бұзуы немесе оларды зақымдауға немесе жазатайым жағдайға әкелетін, материалдық залал келтіруі мүмкін қандай да бір әрекетті жүргізуге тыйым салынады, атап айтқанда:

1) 500-1150 кВ әуе желілерінің күзет аймағында ауыл шаруашылығы дақылдарын қолмен өңдеуге;

2) автожанармай станцияларын және өзге жанар-жағармай материалдары қоймаларын орналастыруға;

3) бөгде адамдарға электр желілері құрылыстарының аймақтарында және үй-жайларында тұруына, электр желісі құрылыстарының есіктері мен люктерін ашуға, электр желілерінде ауыстыруды және қосуды жүргізуге;

4) электр желілері объектілерінің кіре берістеріне тосқауыл қоюға;

5) сымдарға тіреулерді лақтыруға және оған бөгде заттарды жақындатуға, тіреуіштерге шығуға, төмен орналасқан сымдарға жақындауға;

6) әртүрлі қоқыс тастауларды және қоқыс тастайтын жерлерді ұйымдастыруға;

7) жемдерді, тыңайтқыштарды, сабан, отын және басқа материалдарды жинауға, от жағуға, электр берудің әуе және кабель желілерінің күзет аймақтарында өсімдіктерді жағуға, күзету аймағында кез-келген мақсаттағы қойма ғимаратын орналастыруға;

8) ойынға арналған спорт алаңдарын, стадиондар, базарлар, қоғамдық көліктің тоқтау пункттерін, барлық машиналар мен тетіктердің тұрақтарын салуға, электр берудің әуе желілерінің күзету аймақтарындағы жұмыстардың бекітілген тәртіпте рұқсат етілген жұмыстарды орындаумен айналыспайтын адамдардың көп шоғырымен байланысты кез-келген іс-шаралар жүргізуге;

9) әуе ойыншықтарын, шарларды, ұшу аппараттарының спорттық модельдерін, оның ішінде басқарылмайтындарды ұшыруға, электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарында балықтарды қармақпен және спинингпен аулауды жүргізуге;

10) электр берудің жерасты кабель желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды соқпалы тетіктермен жүргізуге, 5 тоннадан артық салмақты ауырлықты тастауға, улы және тот басатын заттарды және жанар-жағармай материалдарды тастауды және ағызуды жүргізуге;

11) электр берудің жерасты кабель желілерінің күзет аймақтарында зәкірді тастауға, жеке зәкірлермен, шынжырлармен, лоттармен, сүйретпелермен және тралдармен өтуге;

12) электр берудің әуе және кабель желілері жүретін немесе кірме және таратушы құрылғылар орнатылған жерлерде ғимараттарды, көпірлерді, үңгіжолдарды, теміржолдарды және тасжолдарды және басқа құрылыстарды электр желілерін пайдаланушы ұйымдармен келісу бойынша көрсетілген желілерді және құрылғыларды алдын-ала шығармай көшіруге немесе қалпына келтіруге;

13) кернеуі 330 кВ және одан жоғары электр берудің әуе желілерінің күзет аймағында теміржолдан басқа көліктің барлық түрлеріне тоқтауға;

14) малды бағуға;

15) қандай да бір мәдени-бұқаралық немес басқа да іс-шаралар өткізуге, жарнамалау және насихаттау билбордтарын, плакаттар немесе басқа да бұқаралық ақпараттарды таратуға тыйым салынады.

23. Электр желілерін күзету аймақтарында қарауында осы желілер бар ұйымның жазбаша келісімінсіз:

1) жерді уақытша басумен байланысты жұмыстарды жүргізуге;

2) кез-келген ғимаратты және құрылысты салу, күрделі жөндеу жұмыстарын, қалпына келтіру немесе бұзуды жүргізуге;

3) әртүрлі тау-кендік, жүктеу-тиеу, түбін үңгу, топырақ шығару, жару, мелиориативті жұмыстарды жүзеге асыруға, ағаштар мен бұталарды егуге және шабуға, малды айдауға, сыммен қоршауға , жүзімдіктер мен бақтар үшін қатар салуға, сондай-ақ автокөлік жолына кедергі жасайтын ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруды жүргізуге;

4) балықты, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін табиғи аулау құралымен өндіруді жүзеге асыруға, суат жасауға, мұзды жаруға және дайындауға (электр берудің жерасты кабельді желілерінің күзеті аймақтарында);

5) жер бетінен немесе жерден 4,5 м астам жалпы биіктікте жүкпен немесе жүксіз машиналар мен тетіктің жүруіне (әуе электр желілерінің күзет аймақтарында);

6) 0,3 м тереңдікте, ал жыртылған жерлерде – 0,45 м тереңдікте жердегі жұмыстарды, сондай-ақ топырақты жоспарлауды жүргізуге (электр берудің жерасты кабель желілерінің күзет аймақтарында) тыйым салынады.

24. Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған заңды және жеке тұлғалар жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Күзет аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсатты осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың жару жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 тіркелді) бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында қарастырылған тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін беріледі.

25. Қарауында осы электр желілері бар ұйымның осы Қағидалардың 23-тармағында қарастырылған электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған жазбаша келісім беруден бас тартуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіпте шағымдалады.

26. Электр желілерінің үстінен және күзету аймақтарында әуе кемелерінің ұшуы, әуе кеңістігін өзге де пайдалану «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

27. Электр желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін қүнтізбелік 12 күннен кем емес мерзімде, қарауында электр желілері бар ұйымдармен электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптары және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.

28. Электр желiлерiн қайта құру немесе оларды зақымданудан қорғау қажеттiлiгiн тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен қарауында электр желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша желілерді қайта құру және қорғау бойынша жұмыстарды орындайды.

29. Суаратын және коллекторлы-дренажды каналдарды салу, жүзімдіктер мен бақтар қатарларын орнату кезінде және басқа жұмыстарды жүргізуде электр желілеріне кіреберіс жолдары сақталады.

30. Әртүрлі иелерге жататын басқа мақсаттағы кернеуі 1 кВ-ге дейінгі электр беру желілерінің тіректерінде өзара ілінісу кезінде желіге жөндеу жұмыстарын жүргізетін әр ие басқа иеге шығын әкелеуі мүмкін немесе оның өкілі қатысуы тиіс осындай жөндеу жұмыстары туралы мүдделі иеге алдын ала күнтізбелік 3 күннен кем емес мерзімде хабарлауы керек.

31. Егер тетіктегі не оның жылжымалы бөлігіндегі ауадан, сондай-ақ көтерілетін жүктің олардың кез-келген қалыбындағы (оның ішінде аса ауыр көтергенде немесе ұшқанда) жақын арадағы кернеуде тұрған сымға дейінгі қашықтық Заңның 5 бабы 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары талаптарына сәйкес келсе әртүрлі тетіктерді пайдалана отырып әуе электр беру желілерінің маңындағы жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.

32. Кабельден жер жұмыстарын жасайтын орынға дейінгі қашықтықты қарауында электр берудің желілері бар ұйым әр жеке жағдай бойынша анықтайды және жазбаша келісімде көрсетеді.

33. Қарауында орман алқабы арқылы өтетін орман жолдарында орналасқан электр желілері бар ұйымдар:

1) орман жолдарын өрт қауіпсіздігі жағдайында ұстайды;

2) орман жолдарында ағаштарды (бұталарды) кесу және өзге тәсілдермен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі талаптармен қарастырылған көлемде орман жолдарының кеңдігін қалыпты ұстайды;

3) орман жолдарынан тыс және сымға және тіреуішке құлау қаупі бар ағаштарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құлатады;

4) ағаштар мен бұталарды өсіруге пайдаланатын орман жолдарында биіктігі 4 м асатын ағаштарды құлату немесе кесуді жүргізеді.

34. Электр берудің желілерінде авариялық жағдайлар орын алған кезде, осы желілер қарауында орналасқан ұйымдарға, олардың салдарларын жою мақсатында осы желілердің трассасына жақын орналасқан орман алқаптарындағы және орманды қорғау сызықтарындағы жекелеген ағаштарды кесуге, кейіннен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10679 болып тіркелді) анықталған тәртіппен рұқсат беру құжаттарын ресімдеу арқылы рұқсат беріледі.

Бұл ретте қарауында осы желілер бар ұйымдар туындаған авариялық жағдай туралы орман иеленушілерін хабардар етеді.

35. Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер және өзге жұмыстарды жүргізеді.

36. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінен өтетін электр желілеріне жөндеу және қалпына келтірудің жоспарлы жұмыстар жерді пайдаланушылармен келісім бойынша және осы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос болғанда немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.

Қарауында электр берудің желілері бар ұйымдар егін себу жұмыстарының басталуына дейін үш ай бұрын электр берудің желілерін жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстарды жүргізуге жоспарланған мерзімдер туралы жерді пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.

37. Электр желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез-келген уақытында жерді пайдаланушылар мен жер иеленушілерінің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.

38. Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған соң жердің пайдаланылатын жерлерін мақсатты бағыты бойынша оларды пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіруге, сондай-ақ жерді пайдаланушылар жұмысты жүргізуде келтірілген шығындардың орнын толтырады. Жерді пайдаланушылардың шығындары тараптардың келісімі бойынша анықталады және орны толтырылады.

39. Жол жабындарының бұзылуын тудыратын электр берудің кабель желілерін жөндеу және қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстар қарауында автокөлік жолдары бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарымен, ал қалалар мен басқа елді мекендерде – сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен алдын ала талаптарды келіскен соң ғана жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу талаптары жұмысты бастағанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей келісіледі.

40. Күттіруді қажет етпейтін жағдайларда жол жабынының бұзылуын тудыратын электр берудің кабель желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды алдын ала келісусіз, бірақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын және иелігінде осы жолдар орналасқан ұйымдарды, ал қалалар мен басқа елді мекендер шегінде – сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды хабарландырған соң жүргізуге рұқсат етіледі.

41. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымдар жұмыстарды жүргізетін орынға айналма жолдарды және қоршауларды құрады және тиісті жол белгілерін орнатады, ал жұмысты жүргізген соң топырақты жоспарлайды және жол жабынын қалпына келтіруді жүргізеді.

42. Қарауында автокөлік жолдары орналасқан ұйымдардың келісімімен жолда келтірілген ақауларды жою жұмыстарын орындауды осы электр берудің кабель желілері орналасқан ұйымдардың қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

43. Электр желілері жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды салуға, күрделі жөндеу жұмыстарына, қайта құруға арналған жобалау-сметалық құжаттамада электр желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін осы Қағидалармен белгіленген күзет аймақтарының талаптарын сақтау бойынша іс-шаралар қарастырылады. Осы іс-шаралар иелігінде осы желілер орналасқан ұйымдармен келісуге жатады.

44. Электр желілерінің ластануына немесе тот басуының көзі болуы мүмкін объектілерді салуға, күрделі жөндеу жұмыстарына, қалпына келтіруге арналған жобалау-сметалық құжаттамада ластану аймағынан электр желілерін алып тастайтын немесе ластану мен тот басуды шектейтін іс-шаралар қарастырылады.

45. Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнамамен бекітілген тәртіпте ресімделген электр беру желілерінің нақты жағдайының материалдары оларды жерді пайдаланушылардың тиісті картасына енгізу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

46. Жергілікті атқарушы органдар электр беру желілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді мүдделі ұйымдарға береді.

47. Қарауында салынып жатқан немесе қолданыстағы электр берудің кабель желілері бар ұйымдар іс-шараларды көрсетілген желілерді селқос токтардан қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

48. Электр беру желілерінің күзет аймағы темір немесе автокөлік жолдарын бөлігінің сызығымен, су құбырының, байланыс желілерінің, өзге электр беру желілерінің және басқа объектілердің күзет аймақтарымен сәйкес келген кезде, аумақтың учаскелерімен сәйкес келетін осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу мүдделі ұйымдардың арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.

49. Қарауында электр желілері бар ұйымдардың және нарядта жұмыс жүргізуге рұқсат берілген қызметкерлерге басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан электр желілерінің объектілеріне жөндеу және технологиялық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін кедергісіз рұқсат қамтамасыз етіледі.

50. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері электр желілерінің күзет аймақтары орналасқан объектілердегі өртті сөндіруге қарауында электр желілері бар ұйымның қызметкерлері электр энергиясынан электр желілерді ағытқаннан кейін кіріседі.

51. Автокөлік жолдарындағы 330 кВ және одан жоғары электр берудің әуе желілерінің қиылысқан орындарда осы желілерді күзету аймақтарында көліктің тоқтауына тыйым салатын жол белгілері орнатылады.

52. Электр берудің кабель және әуе желілері кеме жүзетін және сал ағызатын өзендері, көлдері, су қоймалары және каналдары бар түйісу орындары Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі заңнамасының талаптарымен бекіткен сигналды белгілермен белгіленеді. Сигналды белгілер иелігінде осы желілер орналасқан ұйымдар ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша белгіленеді және кеме жүзетін жағдайлар және лоцман картасының тізбесіне ең соңғы боп енгізіледі.

53. Электр берудің теңіздегі кабель желілерінің трассалары теңіз картасына енгізіледі.

54. Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтағанда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

55. Судан кабельді зәкірмен, балық аулайтын жабдықпен немесе кеме капитандарының (жұмыстардың басшылары) басқа тәсілдерімен көтерген жағдайда бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды. Кеме капитандары осы хабарды тікелей жақын арадағы өзен порттарына береді.

56. Электр желілерінің күзету аймақтарындағы заңды және жеке тұлғалар қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіптің алдын-алғанға дейін жұмыстар тоқтатылады.

57. Қарауында электр желілері бар ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, дәлелдейтін фактілері бар материалдарын (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасалады. Қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлерін шақырады. Анықталған бұзушылықтарға қатысты материалдар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес мемлекеттік энергиялық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға қарауға жолданады.

58. Жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары қарауында электр желілері бар ұйымдарға барлық заңды (олардың филиалдары мен өкілдіктерінің) және жеке тұлғалардың осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарын орындауын қамтамасыз етуде құзыреттілігі бойынша тиісті шараларды қабылдау:

1) осы Қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәсілдер жолымен көмек көрсетеді.

59. Заңды және жеке тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдалған желілердің орнын толтыру қарауында осы желілер бар ұйыммен құрылған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет