Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы


Жылу желілерінің күзет аймағында жұмыс жүргізу тәртібі



жүктеу 0.52 Mb.
бет2/3
Дата19.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3

3. Жылу желілерінің күзет аймағында жұмыс жүргізу тәртібі

60. Жылу желілерін сақтау, пайдалануына қалыпты жағдай жасауды қамтамасыз ету және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жылу желілерінен ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең төменгі рұқсат етілген қашықтықтағы күзет аймақтары белгіленеді.

61. Жылу желілерінің құрылысы мен пайдалануға арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамамен бекітілген тәртіпте бөлінеді.

62. Жылу желілерінің күзет аймақтары құрылыс құрылымының сыртқы жағынан мына диамлі құбырларының инженерлік желілеріне, ғимараттарға және құрылыстарға дейін трасса маңында жер учаскесі түрінде орнатылады:

1) жерүсті төсемі

Ду < 200 мм - 10 м;

Ду 200мм-ден до 500мм-ге дейін - 20 м;

Ду > 500 мм - 25 м;

2) ерасты төсемі

Ду < 500 мм - 5 м;

Ду > 500 мм - 8 м;

63. Тарихи ескерткіш пен мәдениеттен жылу желілеріне дейінгі қашықтық -15 м кем емес (таратушы желілер үшін – 5 м кем емес).

64. Жылу желілері трассасын таңдаған кезде техникалық үй астында, дәліздерде және үңгіжолдарда (биіктігі 1,8 м кем емес) ғимараттан шығудың төменгі нүктесіндегі дренаждау құдық құрылғысы бар желілерді төсеген жағдайда тұрғын және қоғамдық ғимараттардың диамі 300 мм және одан кіші су желілері қиылысуына рұқсат етіледі.

65. Балалардың мектепке дейінгі, мектеп және емдеу-сауықтыру мекемелерінің жылу желілерінің қиылысуына рұқсат етілмейді.

66. Каналсыз төсем кезінде құбырларды оқшаулаудың қабықтарын немесе жылу желілерінің құрылысы құрылымының сыртқы жағынан құрылымдарға және инженерлік желілерге дейінгі қашықтық осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы 1,2 және 3-кестелерде көрсетілген.

67. Жылу желілерінің қалыпты жұмысын бұзуы немесе оларды зақымдауға немесе жазатайым жағдайға әкелетін, материалдық залал келтіруі мүмкін қандай да бір әрекетті жүргізуге тыйым салынады, оның ішінде:

1) автожанармай станцияларын және өзге жанар-жағармай және химиялық агрессивті материалдарың қоймаларын орналастыруға;

2) тіреуіштерге және құбырларға бөгде заттарды қоюға және байлауға, оларға шығуға;

3) жылу желілері құбырларына және құрылыстарының үстімен жүруге;

4) жылу желілері объектілерінің кіреберістеріне тосқауыл қоюға;

5) бөгде адамдарға жылу желілері аймақтарында сорғы станцияларының, жылу пункттерінің, павильондар мен камералардың және жайларында тұруына, осы құрылыстарының есіктері мен люктерін ашуға;

6) жылу желілеріне өшіруді және қосуды жүргізуге, сондай-ақ бөгде адамдарға дренаждар мен ауа шығарғыштарды ашуға;

7) құбырлардан қорғаныс қабығын және жылу оқшаулағышты бұзуды және алып тастауға;

8) жасыл көшеттерді отырғызуға;

9) жылу оқшаулағышты ылғалдандыруға рұқсат етуге;

10) химиялық заттарды және жанар-жағармай материалдарды тастауды және ағызуды жүргізуге, жылу желілерінің трассаларында әр түрлі қоқыс тастауларды ұйымдастыруға;

11) соқпалы тетіктермен жұмыс жүргізуге, салмағы 5 тонна және одан жоғары ауыр заттарды тастауға;

12) қандай да бір мәдени-бұқаралық немес басқа да іс-шаралар өткізуге, жарнамалау және насихаттау билбордтарын, плакаттар немесе басқа да бұқаралық ақпараттарды таратуға.

68. Жылу желілерінің күзету аймақтары шектерінде иелігінде осы желілер бар ұйымдардың жазбаша келісімінсіз:

1) кез-келген объектілерді және құрылыстарды салу, монтаждау және жердегі жұмыстарын жүргізуге;

2) тиеу-жүктеу жұмыстарын жүзеге асыруға, әр түрлі алаңдарды салуға, автокөлік тұрақтарын орнатуға, әр түрлі материалдарды жинауға;

3) қоршауларды және дуалдарды салуға;

4) ұңғыма және шуфр құрылғыларымен байланысты іздеу және басқа жұмыстарды жүргізуге;

5) жолдың немесе жердің үстінен жалпы биіктігі 4,5 м артық жүкпен немесе жүксіз машиналардың және тетіктердің жүрісін жасауға (эстакадағы автокөліктің астында төселген жерасты құбырларының астында) тыйым салынады.

69. Жылу желілерінің күзет аймағы темір және автокөлік жолдары бөлігінің сызығымен, құбырлардың, байланыс желілерінің, телекоммуникациялардың, кабельдердің және басқа объектілердің күзет аймақтарымен сәйкес келген кезде, аумақтың учаскелерімен сәйкес келетін осы объектілерді сәйкес келетін осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу мүдделі ұйымдардың арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.

70. Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 күннен кем емес мерзімде, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптары және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.

71. Қарауында жылу желілері бар ұйымның жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған жазбаша келісім беруден бас тартуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіпте шағымданылады.

72. Жер жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің құжаттамасында көрсетілмеген жылу желілерін анықтағанда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы жылу желілерін пайдаланушы ұйымға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

73. Жылу желілерін қайта құру немесе олардан зақымданудан қорғау қажеттілігін тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды өз қаражаты есебінен қарауында осы жылу желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша орындайды.

74. Коллекторлы-дренажды каналдарды, дуалдарды, өзге жұмыстардың құрылыстары мен өндірісін салу кезінде жылу желілеріне кіре берістер мен жолдар сақталады.

75. Жылу желілерінің жанында орналасқан ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы, күрделі жөндеу жұмыстары, қалпына келтіруге арналған жобалау-сметалық құжаттамада жылу желілерінің сақталуын, сондай-ақ жылу желілерінің ластануын және тот басуын немесе жылу желілерін жылу желілерін орналасқан ұйымдардың тот басу аймағынан шығаруды қамтамасыз ету бойынша қарауында жылу желілері бар ұйымдармен келісуге жарамды іс-шаралар қарастырылады.

76. Жерүсті жылу желілерінің әуе электр желілерімен және электрлендірген темір жолдармен қиысу орындарында сымның әр жағына көлденеңі бойынша 5 м қашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр жүргізу элементтерінің тұйықталуына қарастырылады.

77. Автокөлік жолдарында жылу желілерімен қиылысуы орындарында жылу желілерінің күзет аймақтарында көліктің тоқтауына тыйым салатын жол белгілері, сондай-ақ жүгі бар қозғалыстағы көліктің рұқсат етілген және оның ең жоғарғы жүк көтергіштігін көрсететін жол белгілері орнатылады.

78. Жылу желілерінің трассасындағы жердің үстін жоспарлау жылу құбырларына сыртқы сулардың түсуін болдырмайды.

79. Жылу құбырлары, арматура және өтемдеуіштер жылу оқшаулағышпен жабылады.

80. Су құбырлары мен жылу желілерінің металл конструкцияларын сыртқы тот басу жабынынсыз қолдануға тыйым салынады.

81. Суды тікелей жылу желілерінің камераларына немесе жер бетіне төгуге тыйым салынады.

82. Жерасты төсемі кезінде құбырлардан суды жіберуді негізгі камералардың қасында орнатылған төгу құдықтарына, әрі қарай суды өздігінен ағатын немесе кәріз жүйелеріне жылжымалы сорғылар арқылы жүргізіледі.

83. Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1-тармағы 7-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарына сәйкес келісілген жағдайда суды төгу құдықтарынан немесе тікелей табиғи ағындыларға және жердің бедеріне бұруды қарастыру рұқсат етіледі.

84. Арық жүйелерімен жылу желілерінің қиылысқан кезде жылу желілерінің сенімді гидрооқшаулауы және олардың конструкциялары қарастырылады.

85. Жылу желілерінің қолданыстағы су құбырлары желілерімен, жылу желілері құбырларының астында орналасқан кәріздермен қиылысуы кезінде, сондай-ақ газ құбырларының қиылысуы кезінде қиылысудың екі жағы бойынша 2 м ұзындықта су құбырларының, кәріздердің және газдың құбырларында қаптамалар орнату қарастырылады. Қаптамада тот басудан қорғау жабыны қарастырылады.

86. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың қызметкерлеріне басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан жылу желілерінің объектілеріне жөндеу және технологиялық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін кедергісіз рұқсат қамтамасыз етіледі.

87. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жерді пайдаланушылардың келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлай отырып, жүргізіледі.

88. Қарауында жылу желілері орналасқан ұйымдар көрсетілген жұмыстарды орындаған жер учаскелерін мақсатты бағыты бойынша пайдаланылатын жарамды жай-күйге келтіреді.

89. Жол жабындарын бұзатын жылу кабель желілеріне жөндеу жұмыстарын және қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстар қарауында автокөлік жолдары бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала талаптарды келіскен соң жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу талаптары жұмысты бастағанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей келісіледі.

90. Авариялық жағдайларда жол жабынын бұзуды тудыратын жылу желілерін жөндеу бойынша жұмыстар алдын ала келісусіз, бірақ осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген органдар хабарландырған соң жүргізілуге рұқсат етіледі.

91. Көрсетілген жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды жүргізетін орынға айналма жолдарды және қоршауларды құрады және тиісті жол белгілерін орнатады, ал жұмысты жүргізген соң топырақты жоспарлайды және жол жабынын қалпына келтіруді жүргізеді.

92. Жылу желілерінің күзету аймақтарындағы заңды және жеке тұлғалар қарауында жылу желілері орналасқан ұйымдардың жылу желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды орындайды. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар жылу желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіптің алдын-алғанға дейін жұмыстар тоқтатылады.

93. Қарауында жылу желілері бар ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, дәлелдейтін фактілері бар материалдарын (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, ерікті нысанда акті жасалады. Қажеттілігіне қарай ішкі істер органдарының қызметкерлерін шақырады. Анықталған бұзушылықтарға қатысты материалдар Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға қарауға жолданады.

94. Жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары қарауында жылу желілері бар ұйымдарға барлық және жеке тұлғалардың осы Қағидалардың талаптарын орындауын қамтамасыз етуде құзыреттілігі бойынша тиісті шараларды қабылдау:

1) осы Қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәсілдер жолымен көмек көрсетеді.

95. Лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдалған жылу желілерінің шығынының орнын толтыру қарауында осы желілер бар ұйыммен құрылған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.
4. Электр берудің әуе желілерін орналастыруға арналған жер учаскелерінің көлемін анықтау

96. Электр берудің әуе желілері Қазақстан Республикасының Жер кодексімен бекітілген тәртіпте өнеркәсіптік және өзге де арнайы бағыттағы жерлерге немесе көрсетілген желілердің тіректерін орнатуға арналған жерлерге жатқызылатын жекеленген жер учаскелерінде орналастырылады.

97. Жердің бір санаты жатқызылатын оқшауландырған және бір класты кернеулі электр берудің әуе желілеріне тіректі орнатуға арналған (пайдаланатын) жер учаскелері мемлекеттік жер кадастрында бір кадастр нөмірі беріліп, жылжымайтын мүлік объектісі ретінде (бірыңғай жерді пайдалану) есепке алынады және бір жер актісі ресімделеді.

98. Кернеуі 10 кВ-ға дейінгі электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыруға арналған жер учаскесінің ең төменгі көлемі жер бетінің деңгейінде тіректің көлденең кесіндісіне тең ауданның контуры ретінде анықталады.

99. Кернеуі 10 кВ және жоғары электр берудің әуе желілерінің тіректерін орнатуға арналған жер учаскесінің ең төменгі көлемі:

1) жер бетіндегі тіректің кескіні контурынан 1 м тұрған контур алаңы (тартуға арналған тірек үшін – тіректерді қоса алғанда) – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін 0,8 м артық емес барлық жер санаттарының жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелеріне арналған;

2) жер бетіндегі тіректің кескіні контурынан 1,5 м тұрған контур алаңы (тартуға арналған тірек үшін – тіректерді қоса алғанда) – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін 0,8 м артық емес орналастыру тереңдігіндегі көлденең тосқауылдары бар тіректі орнату үшін анықталады.

100. 220 кВ және жоғары кернеулі электр берудің әуе желілеріне тірек орнату үшін оқшауланған жер учаскелерінің ең төменгі көлемдері жерде тіреуішке (көлденең тосқауыл) бекітілген құрылымда пайдаланылатын жер үсті деңгейінен әр тіректің (көлденең тосқауылдың) сыртқы контурларынан 1 м тұрған контур алаңдары ретінде анықтауға рұқсат етіледі – жердің барлық санатындағы жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелері үшін (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден басқа) және 1,5 м – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелері үшін.

101. Электр берудің әуе желілеріне тірек орнатуға арналған жер учаскелерінің нақты көлемдері жерге тіректі бекіту қажеттілігіне, тіректің көлемдері мен түрлеріне, топырақ мүмкіншілігіне, оның тұрақтылығы мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тірек алаңын инженерлік орнату қажеттілігіне байланысты анықталады.

102. Егер шаруашылық субъектілеріне осы учаскелерді (учаскелер бөліктері) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орнату үшін пайдалану құқығы берілсе, осы Қағидалардың 99-102-тармақтарында қарастырылған тәртіпте осы Қағидалардың 97-тармағында көрсетілмеген жер санатына жататын жер учаскелерінің көлемдері анықталады.

103. Электр берудің әуе желілерін жобалау кезінде инженерлік жүргізулерді жүргізу кезеңінде жеке және заңды тұлғалармен пайдаланылатын жер учаскелерінің (жер учаскелерінің бөліктері) көлемдері көрсетілген жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттамасында анықталады.

104. Электр берудің әуе желілерін салу, қайта құру, техникалық қайта жабдықтау және жөндеу жұмыстарында жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын жер учаскелері (жер учаскелерінің бөліктері) шеткі фазалары әр жағынан 2 м осьтер арасындағы қашықтықтан артатын электр берудің әуе желілерінің барлық ұзындығы бойынша жердің сызығын білдіреді.

105. Фазалары көлденең орналасқан 220, 500 және 1150 кВ кернеулі электр берудің әуе желілеріне қатысты көрсетілген жұмыстарды жүргізуде шаруашылық субъектілері пайдаланатын жер учаскелері (жер учаскелерінің бөліктері) әр фаза үшін кеңдігі 5 м жердің жеке алаптарды білдіреді.

106. Көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға арналған жер учаскелерінің (жер учаскелерінің бөліктерінің) нақты көлемдері жобалау құжаттамасына сәйкес монтаждау жұмыстарының өндірісі технологиясында қабылданған құрылыс талаптары мен әдістерін ескере отырып, анықталады.

107. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ге дейін секцияланған және таратушы пункттері бар шағын станцияларына бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамалардан артық болмайды.

108. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ге дейінгі электр қосылыстарының (жиынтықты қоса алғанда) әр түрлі схемалары бар шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесі бойынша орнатылады.

109. Осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген ғимараттың құрамына және шағын станциялардың құрылыстарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (оның ішінде таратушы құрылғылардың ұяшықтары) шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаға үлкейтіледі немесе азайтылады.
Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізудің қағидаларына 1-қосымша
Электр желілерден ғимараттарға, құрылыстарға дейінгі, сондай-ақ электр берудің әуе желілерінің сымдарынан жер және су бетіне дейінгі рұқсат етілген ең аз қашықтықтар:
Электр берудің әуе желілері (бұдан әрі - ӘЖ) үшін кескіннің екі жағынан шеткі сымдардағы жерге күзет аймақтары орнатылады.

Бұл аймақтар жақын арадағы тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтығын анықтайды:

1. Жақын арадағы тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейін:

1) 1-20 кВ ӘЖ үшін 2 м,

2) 35-110 кВ ӘЖ үшін 4 м,

3) 150-220 кВ ӘЖ үшін 6 м.

2. Жақын арадағы өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстардың және электр станциялары мен шағын станциялардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының шығыңқы жерінің бөлігіне дейін:

1) 330 кВ ӘЖ үшін 8 м,

2) 500 кВ ӘЖ үшін 10 м.

3. Жақын арадағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың (электр станциялары мен шағын станциялардан басқа) шығыңқы жерінің бөлігіне дейін:

1) 330 кВ ӘЖ үшін 20 м,

2) 500 кВ ӘЖ үшін 30 м.


Ескертпе:

Электр беру желілерінің стадиондар, оқу және балалар мекемелері аумақтары арқылы өтуіне рұқсат етілмейді.

20 кВ-ке дейінгі электр беру желілері үшін шеткі сымнан үй жанындағы жер учаскесіне, жеке үй, ұжымдық бақша учаскелерінің шектеріне дейін 20 м кем емес қашықтықта рұқсат етіледі.

Ғимараттар мен құрылыстардың үстінен электр берудің әуе желілерінің өтуіне рұқсат етілмейді.

Жабыны жанбайтын материалдардан жасалған ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкес өртке тұрақтылығы І-ІІ деңгейлі өндірістік ғимараттар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылыстарының үстінен электр берудің әуе желілерін жүргізуге рұқсат етіледі (330-750 кВ ӘЖ үшін тек электр станциялардың өндірістік ғимараттарының үстінен.
Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Каналсыз төсеу кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырларды оқшаулау жабынынан құрылыстар мен инженерлік желілерге дейінгі ең аз қашықтық

1-кесте
Көлденеңі бойынша қашықтық:




Ғимараттар, құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларға дейінгі қашықтық

Ең аз қашықтық, м тұрғыда

Жылу желілерінің жерасты төсемі

1

2

1. Ғимарат пен құрылыстар іргетасынан
1.1. Каналдар мен үңгіжолдар және отырғызылмайтын топырақта (каналдың, үңгіжолдардың сыртқы бетонды қабырғасынан) құбыр диаметрі, мм

Ду ˂ 500

Ду = 500 - 800

Ду = 900 және жоғары болса құбырларды төсеу кезінде


Ду ˂ 500

Ду ˃ 500 диаметрі I түріндегі отырғызатын топырақта



2,0


5,0

8,0


5,0

8,0


1.2. Отырғызылмайтын топырақта каналсыз төсем кезінде (каналсыз төсемнің жабынан) құбыр диамі, мм

Ду< 500


Ду> 500
I түріндегі отырғызылатын топырақта:

Ду< 100


Ду> 100 до 500

Ду> 500 кезінде


5,0


7,0

5,0


7,0

8,0


II түрдегі отыратын топырақ қабатының қалыңдығы 5-тен 12 мге дейін, құбырдың шартты өтуі кезінде, мм:

Ду< 100


Ду> 100 до 300

Ду> 300


Ду< 100

Ду> 100 до 300

Ду> 300 болғанда,

12 м астам отыратын топырақ қабатының қалыңдығы


5,0


7,5

10,0


7,5

10,0


15,0

2. Қоршаулардың және құбырлардың іргетастары

1,5

3. Теміржолдың жақын жолының, ізді жолдың осьтері

1520 мм
Сол сияқты, ізді жолдың 750 мм және трамвай жолының



4,0 (жылу желісінің траншеясынан үйменің жиегіне дейінгі тереңдіктен кем емес)

2,8


4. Темір жолдың жер төсемінің жақын құрылысының

3,0 (жылу желісінің траншеясынан негізгі шеткі құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)

5. Электрлендірген темір жолдың жақын арадағы жолының осьтері

10,75


6. Иірімді топырақтағы теміржолдың сызықтары мен крестовиналары

10,0

20,0


7. Темір жолдардағы көпірлердің, үңгіжолдардың және басқа құрылыстардың

30,0


8. Жақын арадағы трамвай жолының осьтері

2,8

9. Көшенің, жолдың бүйір тасының (жолдың ернеуінде бекітілген өтетін бөліктің жиегі)

1,5


10. Кюветтің сыртқы жиегіндегі немесе жол үймесінің етегіндегі

1,0


11. Сыртқы жарықтандыру және байланыс желілерінің діңгектері мен бағаналары

1,0


12. Көпірлердің, жол өтпесі тірегінің іргетастары

2,0


13.Темір жолдадың байланыс желісінің тірек іргетастары

3,0


14. 35 кВ дейінгі және май толтырылған кабельдердің (110 кВ астам) кернеулі күш және бақылау кабельдерінің

2,0


15. Телефон кәрізін оқшаулау. Түтіктердегі байланыс кабельдерін оқшаулау және радио тарататын кабельдер

1,0


16. Кернеуі:

1) 1 кВ дейінгі

2) 1-ден 35 кВ -тен артық

3) 35 кВ -ден артық кернеу кезінде электр берудің әуе желілеріне тірек іргетастары (жақындасу және қиылысу кезінде)


1,0


2,0

3,0


17. Су құбырлары

Сол сияқты I түріндегі отыратын топырақтарда



1,5

2,5


18. Тұрмыстық және өндірістік кәріздер

1,0 (жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде)

19.Дренаждар мен жаңбыр кәріздері

1,0

20. Каналдарда, үңгіжолдарда, сондай-ақ каналсыз төсемде жылу желілерін төсеу кезінде 0,6 МПа дейінгі қысымдағы газ құбырлары бағыттас дренажбен

Сол сияқты, 0,6–дан 1,2 МПа-ге дейін


2,0


4,0

21. Бағыттас емес дренажсыз жылу желілерін каналсыз төсеу кезінде 0,3 МПа-ге дейін газ құбырларының қысымымен

Сол сияқты, 0,3-тен 0,6 МПа

Сол сияқты 0.6-ден 1,2 МПа


1,0


1,5

2,0


22. Әр түрлі маңыздағы каналдар мен үңгіжолдар (оның ішінде суландыру желілері каналдарының-арықтардың жиегіне дейін)

2,0


23. Диамі 5 м артық емес ағаш діңгегі осіне дейін

2,0

24. Көшеттердің

1,0

25. Сыртқы желімдеу оқшаулағышы бар әрленетін құрылыстар мен мополитенде
Сол сияқты, желімдейтін гидрооқшаулағышы жоқ

5,0 (жылу желісінің траншеясынан негізгі құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)

8,0 (бірақ жылу желісінің траншеясынан құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)



26. Мополитеннің жер үстіндегі желілерін оқшаулау

5,0


Жылу желілерінің жер үстіндегі төселімі

27. Темір жолдың жер төсемінің жақын арадағы құрылысы

3,0


28. Аралық тіректен теміржолдің осьтері (теміржолдың қиылысуы кезінде)

МЕМСТ 9238-83 және МЕМСТ 9720-76 бойынша «С», «СП», «Су» габариттері

29. Жақын арадағы темір жолдың осьтері

2,8

1

2

30. Автокөлік жолы кюветінің сыртқы жиегіне дейін немесе бүйір тасына

0,5


31. Кернеуі:

1-ден 20-ға дейін

35-110

220


500 сымдардың аса жоғары ауытқуы бар электр берудің әуе желілері

1,0

3,0


4,0

5,0


6,5

32. Диамі 5 м көп емес ағаштың басындағы діңгектің осьтері

2,0


33. Қысымы 0,63 Мпа, конденсатты жылу желілерінің құбыр диамі

Ду = 500 – 1400

Ду от 200 до 500

Ду ˂ 200 болғанда, су жылу желілері мен су құбырларына арналған тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды


Жылумен жабдықтаудың желілеріне арналған

Сол сияқты, бу жыл желілерінің қысымдары үшін

РУ 1,0-ден 2,5 Мпа-ге дейін

Сол сияқты, 2,5-ден артық 6,3 Мпа-ге дейін



25,0


20,0

10,0


5,0

30,0


40,0

Ескертпелер:

1. Жалпы жылу траншеяларында және басқа инженерлік желілерде төсем кезінде (олар бір уақытта салынған кезде) жылу желілерінен су құбырына және кәрізге дейінгі қашықтықты 0,8 мге дейін азайтуға, барлық желілерді бір деңгейге немесе белгілердегі айырмашылығы 0,4 м артық емес орналастырған кезде рұқсат етіледі.

2. Ғимараттардың, құрылыстардың тірегі іргетасының негізінен төмен төселетін жылу желілері үшін қосымша топырақтың табиғи еңісін ескере отырып орналасқан белгілердегі айырмашылық ескеріледі немесе іргетастарды бекітуге шаралар қабылданады.

3. Кестеде келтірілген әртүрлі тереңдіктегі орналасқан инженерлік желілер мен жерасты жылу желілерінің параллельді төсеу кезінде қашықтықтар көбейтіледі және желілердің орналасу айырмашылықтары қабылданады. Төсемдер қысылған жағдайларда және қашықтықтың көбеюі мүмкін емес болған болғанда жылу желілерін жөндеу және салу уақытында бұзылудан инженерлік желілерді қорғау жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

4. Бекіткіш және реттейтін арматураны орналастыруға арналған жылу желілері павильондарынан (оларда сорғылар жоқ болғанда) тұрғын ғимараттарына дейінгі қашықтық 15 м кем емес.

5. Елді мекендерден тыс кернеуі 1-ден 500 кВ-тен артық электр берудің әуе желілері бар жерүсті жылу желілерін параллельді төсеу кезінде шеткі сымнан қашықтықты тіреу биіктігінен кем емес қабылдауы тиіс.
2-кесте
Жерасты су жылу желілерінің жылумен жабдықтаудың ашық желілерінен және ыстық сумен жабдықтау желілерінен мүмкін болар ластану көздеріне дейінгі жарықтағы көлденең бойынша аз қашықтықтар:


Ластану көздері

Көлденеңі бойынша аз қашықтықтар, м тұрғыда

1

2

1.Тұрмыстық өндірістік кәріздің құрылыстары мен құбырлары:
каналдар мен үңгіжолдарда жылу желілерін төсеу кезінде

жылу желілерін каналсыз төсеу кезінде

Ду ˂ 200 мм , сол сияқты, Ду > 200 мм

жылу желілерінің каналсыз төсем кезінде

Ду < 200 мм, сол сияқты, Ду > 200 мм

1,5
3,0



2. Зират, қоқыс орны, суландыру алаңы

жер астындағы сулар болмағанда жер астындағы сулар болғанда және сүзгілейтін жерасты суларында жер асты суларының қозғалысы бойынша жылу желілеріне қарай



10,0

50,0


3. Күрелген және қоқыс төгетін шұңқырлар:

жер астындағы сулар болмағанда жер астындағы сулар болғанда және сүзгілейтін жерасты суларында жер асты суларының қозғалысы бойынша жылу желілеріне қарай



7,0

20,0

Ескертпе




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет