Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



Дата14.03.2018
өлшемі238.99 Kb.
#20931

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18-3.1.16/01-2013



ПОӘК

Оқытушы үшін «Банктердегі бухгалтерлік есеп және есеп берушілік» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы


Басылым №3 _________




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«БАНКТЕРДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУШІЛІК»

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН

ОҚЫТУШЫ ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Семей

2013



Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші ______________ Ахунова Динара Зиятқызы, Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № ___ «____» ______ 2013 жыл.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
2.2 Қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.

Хаттама № ___ «____» ____________ 2013 жыл.


ОӘБ төрағасы ______________ С.Тойкин0
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды

Хаттама № ____ «____» ____________ 2013 жыл.
ОӘК төрағасы _____________ Г.Искакова
4 ЕНГІЗІЛДІ

Оқу-әдістемелік кешен 2012 жылғы 13 қыркүйекте шығарылған №2 басылым орнына қайта өңделіп, шығаруға ұсынылды.



МАЗМҰНЫ




1

Қолдану аясы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Жалпы ережелер

4

4

Оқытушы үшін пәннің жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны

5

5

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптар тізімі

9

6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы

10

7

Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілу картасы

12

8

Әдебиеттер

12


1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
«Банктердегі бухгалтерлік есеп және есептілік» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен университеттің 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешен студенттерді курстың мазмұнымен, оның қажеттілігі мен көкейкестілігімен, курс саясатымен, оқу процесінде студенттер алатын білімдермен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешен пәнді оқытуда негізгі жетекші болып табылады.

2 НормативТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Банктердегі бухгалтерлік есеп және есептілік» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері үшін элективті пәндер каталогына сәйкес жасалған және оқу үрдісін ұйымдастыруда мына құжаттар негізінде негіз болады:

  • 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы Шәкәрім атындағы СМУ ОӘК 30.09.2010 жылғы №1 хаттамасымен бекітілген және қолданысқа енгізілген;

  • СТУ 042-ГУ-4-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін өңдеу және рәсімдеу жалпы талаптар» університет стандарт;

  • ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұны және құрылымы» құжаттық процедура.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты

Банктердегі бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі қағидаларын, әдістері мен есептің негізгі анықтамаларын қарастырады. Бухгалтерлік шоттар, бухгалтерлік баланс және оның құрамының сұрақтарын және есеп стандарттарын, банк қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын, жұмыс күнінің және құжат айналымының ұйымдастырылуын қарастырып, банктегі қаржылық қорытынды есепті оқытады. Сонымен қатар ақшалай қаржылардың, бағалы қағаздардың, несиелік және депозиттік операциялардың, банкаралық корреспонденттік операциялардың, шетел валютасындағы операциялардың, банктегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебінің, меншікті капиталдың, сонымен қатар банктің табыстары мен шығыстарының есебін қарастырады.



3.2 Курстың мақсаты

«Банктегі бухгалтерлік есеп пен есеп берушілік» пәнін оқытудың мақсаты - студенттерге банктегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту.



Пәнді оқытудың негізгі мақсаты - студенттерге банктегі бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты меңгертіп, банктің мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді оқытып, қорытынды есеп жасауды, яғни қаржылық есеп беруді жасауды үйрету.

Сонымен қатар студенттерді «Банктегі бухгалтерлік есеп пен есеп берушілік» курсын оқытудың негізгі мақсаты теориялық және тәжірибелік білім берумен қатар келесілер болып табылады:



  • банктегі есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру;

  • бухгалтерлік есеп құжаттары мен есептік регистрлерін жүргізу;

  • банктегі кассалық және есеп айырысу операцияларының жүргізілуін үйрену;

  • банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебін ұйымдастыру;

  • несие және депозиттік операциялардың есебінің жүргізілу тәртібі;

  • банктегі шетел валютасы мен бағалы қағаздардың есебінің ұйымдастырылу реті;

  • банк кірістері мен шығыстарының және меншікті капиталының бухгалтерлік есебін жүргізуді үйрену;

  • банктегі салық салу есебін жүргізудің тәртібін білу;

  • қаржылық есептілік формаларын толтыру.


3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері

«Банктегі бухгалтерлік есеп пен есеп берушілік» пәнін оқытудың міндеттері – банктердің активтері, міндеттемелері және капиталы есептерін жүргізуде қолданылатын бухгалтерлік есептің негізгі әдістерін оқыту.


3.4 Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі керек:

  • банктердегі бухгалтерлік есептің қағидаларын білуі;

  • бухгалтерлік есеп регистрлерін жүргізу бойынша білімге ие болуы;

  • банктегі есептің ерекшеліктерін игеруі;

  • банктегі есеп-операционды жұмысты істей білуі;

  • банктегі есептің ұйымдастырылуын түсінуі;

  • қаржылық есеп беру формаларын толтыру бойынша білімі болуы;

  • банктегі жүргізілетін құжаттарды толтыруды үйренуі тиіс.




    1. Курстың пререквизиттері:

  • 3.5.1 Ақша, несие, банктер;

  • 3.5.2 Банк ісі;

  • 3.5.3 Қаржы;

  • 3.5.4 Қаржылық есеп.

.

    1. Курстың постреквизиттері: жоқ.


3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме:

Кесте 1 - Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Курс


Семестр

Кредит-

тер



Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар


ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау нормасы


3

6

3

30

15

45

45

135

Емтихан


4 ОҚЫТУШЫ ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кесте 2 – Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

Тақырып аттары және оның мазмұны

Сағат саны

Дәрістер аттары және оның мазмұны




1- модуль: Банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері




Банктегі бухгалтерлік есеп пәні мен міндеті.

Банктегі бухгалтерлік есептің пәні, мақсаты мен міндеттері. Банкте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері, есеп элементтері.



1

Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.

Банктегі есеп-операционды жұмыс мәні мен мағынасы. Банктің есеп-операционды құрылымы, оның қызметтері.


2


Банк балансы және оны құру принциптері.

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына өтуге байланысты шоттар жоспарының маңызы. Банк балансының жеделдігі және оның сипаттамасы. Баланстық шоттарды экономикалық мазмұны, бағыты және құрылымы бойынша топтастыру. Қаржы шаруашылық операциялар әсерімен банк балансының өзгерісі. Банкте синтетикалық және аналитикалық есептің ұйымдастырылуы. Ақырғы айналым операциялары.



2

Коммерциялық банктердегі құжат, құжат айналымы және бақылау.

Банктердің операциялары бойынша құжаттама. Банктерде қолданылатын құжаттардың негізгі реквизиттері және оның регламентациясы. Құжаттарды оның қалыптасу орны бойынша және банк операцияларының сипаты бойынша жіктемесі. Банк операциялары бойынша құжат айналымын ұйымдастыру. Банк ішілік бақылау міндеті және оның түрлері. Ішкі аудит мақсаты.



1

2-модуль: Банктердегі ақшалай қаржылардың және несиелік операциялардың есебі




Есеп айырысу операцияларының есебі.

Банктің есеп айырысу операциялары мазмұны. Қолма- қолсыз есеп айырысулар: чектер, аккредитивтер, төлем тапсырмасы, төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысуды жүргізу тәртібі.



2

Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі

Банкаралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру негізі. Лоро шоты. Ностро шоты. Корреспонденттік келісім-шартты жасау және шотты ашу тәртібі.



2

Кассалық операциялардың есебі

Банкте кассалық операцияны жүргізудің жалпы тәртібі. Кассаға ақшаны қабылдау және беру тәртібі. Касса ревизиясын жүргізу тәртібі және есебі.



2

Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.

Ақша ағымын жобалау қажеттілігі. Дисконтталған құн мазмұны. Жай және күрделі процент шығару тәртібі. Аннуитеттердің негізгі түрлері. Болашақтағы және ағымдағы құн.



1

Несие операцияларының есебі

Несиені алу үшін клиенттермен ұсынылатын қажетті құжаттар. Несиені беру және өтеу процедурасы. Проценттерді есептеу және өтеу тәртібі және оларды есепте бейнелеу. Несиелік қызметтен шығындарды жабуға провизия құру қажеттілігі және есептеу тәртібі. Оларды қолдану тәртібі. Басқа банктерден алынған несиелер және олар бойынша процент есептеу.



2

3-модуль: Депозиттік, бағалы қағаздар және шетелдік валюталар операцияларының есебі




Депозиттік операциялар есебі

Пассивтік операциялар түрлері және оларды есепте бейнелеу. Пассивтік операцияның синтетикалық және аналитикалық есебі. Банктің депозиттік операциялар мәні. Депозиттік операцияны ашу тәртібі. Депозиттік келісім-шарт және төлеу бойынша есепті жүргізу. Банктің проценттік шығындарын талдау.




2

Бағалы қағаздар операциялары есебі

Бағалы қағаздармен банктің активті және пассивті операциялар мәні. Банк портфеліндегі бағалы қағаздардың негізгі категориялары және оның есебін ұйымдастыру. Табысты есептеу тәртібі және акциялар бойынша дивидендтер төлеу. Баланстан тыс шоттар, есептелген дивидендтер бойынша және төлеу бойынша алғашқы құжаттар есебін жүргізу.




2

Шетел валютасымен операциялар есебі

Ағымдағы валюталық операциялар мәні және капитал қозғалысымен байланысты операциялар. СПОТ, Форвард, СПОП және Опцион операциясларын сатып алу және сату есебінің тәртібі, ұйымдастырылуы. Валюталық айырбас операциясы және есебі.




2

4-модуль: Банктердегі активтер мен міндеттемелердің және капиталдың есебін ұйымдастыру тәртібі




Банктің негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, материалдық емес активтері операцияларының есебі

Негізгі құралдар есебінің міндеттері. Негізгі құралдардың қозғалысының, тозуының, жөндеуінің есебі. Банктегі материалдық қорлар есебі. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру.



2

Банктің кірістері мен шығыстарының есебі

Коммерциялық банктердің кірісі мен шығысының құрамы және есебін жүргізу тәртібі. Банктің ақырғы қаржылық нәтижелерін қалыптастыру. Пайданы бөлу және бейнелеу.



2

Банктің меншікті капиталымен операциялар есебі

Банкпен жарғылық капиталды қалыптастыру және есебін ұйымдастыру. Банктің резервтік қорының маңызы және қалыптасу тәртібі. Бөлінбеген пайда есебінің тәртібі. Арнайы қорларды құру процедурасы және есепте бейнелеу.



2

Банктің салық салу есебі

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің құрылымы. Банкпен төленетін салықтың негізгі түрлері. Оларды есептеу және бюджетке төлеу тәртібі. Банкте салық салу ерекшелігі және оны есепте бейнелеу. Бағалы қағаздармен операцияларменбанктермен төленетін салықтар.



1

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп беруі

Жалпы қаржылық есеп беру және оны толтыру принципі. Банктің есеп беру түрлері. Есеп берудің негізгі нысандарының мазмұны, құрылымы және толтыру тәртібі.



2

Тәжірибелік сабақтар аттары және оның мазмұны




1- модуль: Банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері




Банктегі бухгалтерлік есеп пәні мен міндеті.

  1. Банктегі бухгалтерлік есептің мәні және міндеттері.

  2. Банктегі бухгалтерлік есеп элементінің негізгі әдістері.

  3. Банк мекемесіндегі бухгалтерлік есеп объектілері.

0,5

Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.

1. Банкте есеп-операционды жұмыстың АБЖ байланысы.

2. Банктегі қаржылық есеп мәліметтері мен жедел ақпараттарын қамтамасыз ету.

3. Банктегі басқару есеп мәліметтерімен жедел ақпараттарын қамтамасыз ету.

4. Есеп-операционды бөлім құрылымы және ұйымдастырудың әртүрлі баламаларын таңдаудың негізгі критерийлері.

0,5


Банк балансы және оны құру принциптері.

1. Баланс, оның баптарының мазмұны мен түсінігі

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары

3. Есеп саясаты.

4. Банкте синтетикалық және аналитикалық есептің ұйымдастырылуы.


0,5

Коммерциялық банктердегі құжат, құжат айналымы және бақылау.

1.Құжаттар және құжат айналымы

2. Банкішілік бақылау.


0,5

2-модуль: Банктердегі ақшалай қаржылардың және несиелік операциялардың есебі




Есеп айырысу операцияларының есебі.

1. Банктік есеп айырысудың мәні.

2. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен ұйымдастыру принциптері.

3. Шоттар бойынша төлем кезектілігі.

4. Банктік шотты тікелей дебеттеу жолымен есеп айырысуды жүргізу тәртібі.

5. БЕҚО, ІЖТ, және БТЖ арқылы жүретін төлемдер..



1

Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі.

1. Банкаралық қатынастарды ұйымдастыру, корреспонденттік шоттардың негізі және түрлері.

2. Өзара жабу арқылы банктер арасындағы есеп айырысулардың есебі мен рәсімделуі.

3. Коммерциялық банктердің корреспонденттік қатынастары есебінің тәртібі.

4. ЛОРО және НОСТРО шоттарын жүргізу тәртібі.

5. Клиринг арқылы банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі.



1

Кассалық операциялардың есебі

1. Коммерциялық банктің кассалық жұмысын ұйымдастыру.

2. Қолма-қол ақшамен операция бойынша құжат айналымы және есебі.

3. Кешкі касса және түсімді инкассациялау.

4. Касса ревизиясының нәтижесінің есебі мен рәсімделуі.


1

Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.

1. Ақша ағымын жобалау қажеттілігі. Дисконтталған құн мазмұны.

2. Жай және күрделі процент шығару тәртібі.

3. Аннуитеттердің негізгі түрлері. Болашақтағы және ағымдағы құн.



1

Несие операцияларының есебі

1. Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру.

2. Несиелер түрлері, банктік ссудалардың жіктелуі.

3. Несие бойынша проценттерді есептеу және алу тәртібі.

4. Несие операцияларының баланстан тыс есебі.


1

3-модуль: Депозиттік, бағалы қағаздар және шетелдік валюталар операцияларының есебі




Депозиттік операциялар есебі

1. Депозит мәні және оның негізгі түрлері.

2. Депозиттік операциялар есебінің тәртібі және ұйымдастыру.

3. Проценттерді есептеу тәртібі және есепте бейнелеу.

4. Шетел валютасындағы депозиттер есебі.


1

Бағалы қағаздар операциялары есебі

1. Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі.

2. Айналысқа бағалы қағаздарды банкпен шығару есебі.

3. Өтелгенге дейінгі, сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебі.

4. Акциялар бойынша кірістер мен бағалы қағаздар бойынша проценттерді есептеу.

5. Дивидендтерді төлеу тәртібі.



1

Шетел валютасымен операциялар есебі

1.Шетел валютасымен операцияларды жүргізуге банктер мен клиенттер арасында өзара қатынасты рәсімдеу тәртібі.

2. Халықаралық есеп айырысулар бойынша операциялар есебі.

3. Кассалық және мерзімді валюталық мәмілелер мен оның есебі.

4. Валюталық-айырбас операциялар есебі мен жүргізу тәртібі.


1

4-модуль: Банктердегі активтер мен міндеттемелердің және капиталдың есебін ұйымдастыру тәртібі




Банктің негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, материалдық емес активтері операцияларының есебі

1. Негізгі құралдарды қабылдау және шығуының есебі.

2. Тауарлық-материалдық қорлардың есебін жүргізу тәртібі.

3. Банктің материалды емес активтерінің мазмұны және оның есебін ұйымдастыру.

4. Қаржылық лизинг мәні және есеп тәртібі.


1

Банктің кірістері мен шығыстарының есебі

1. Банк кірісі және оны бухгалтерлік есепте бейнелеу.

2. Банк шығысы және оны бухгалтерлік есепте бейнелеу.

3. Банк пайдасы есебін жүргізу.



1

Банктің меншікті капиталымен операциялар есебі

1. Дивидендтер есептеу есебінің тәртібі және қатысушылармен есеп айырысу.

2. Басқа қорларды қалыптастыру тәртібі және оны есепте бейнелеу.

3. Акционерлермен сатып алынған акциялар есебі тәртібі.



1

Банктің салық салу есебі

1. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің құрылымы.

2. Банкпен төленетін салықтың негізгі түрлері. Оларды есептеу және бюджетке төлеу тәртібі.

3. Банкте салық салу ерекшелігі және оны есепте бейнелеу.

4. Бағалы қағаздармен операцияларменбанктермен төленетін салықтар.


1

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп беруі

1. Коммерциялық банкпен қаржылық есеп беруді ұсыну.

2. Банктің біріккен балансы және оның мазмұны.

3. Табыстар мен шығындар туралы есеп беру.

4. Коммерциялық банктегі қаржылық есеп беру құрамы.


1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Қолма-қолсыз есеп айырысулардың есебі.

5.2 Банктің бағалы қағаздарымен операция есебі мен талдауы.

5.3 Касса операциялары есебін ұйымдастыру және тәртібі.

5.4 Банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі мен аудиті.

5.5 Банктің шетел валютасындағы операциялар есебі мен аудиті.

5.6 Банктің негізгі құралдар операцияларының есебі.

5.7 Банк балансын талдау.

5.8 Банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

5.9 Банктің меншікті капиталының есебі.

5.10 Ипотекалық несиелеу және оның есебінің тәртібі.

5.11 Халықаралық есеп айырысу формалары.

5.12 Банктегі бухгалтерлік есептің қайта қалыптасуының негізгі бағыттары.

5.13 Банктерде қаржылық есеп беру маңызы мен түрлері.

5.14 Банктің кассалық операцияларының есебі.

5.15 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның ролі және банктік қызметті реттеудегі маңызы.


    1. Банктік тәуекелдер және оны бағалау.

5.17 Ұзақ мерзімді несиелер есебі мен талдауы.

5.18 Валюталық- айырбас операциялары есебі бойынша операциялар есебінің тәртібі.

5.19 Мәселелі несиелер және оның есебін ұйымдастыру.

5.20 Коммерциялық банктерде салық салу есебі бойынша операциялар есебінің тәртібі.

5.21 Банкаралық несиелер есебі мен талдауы.

5.22 Тауарлы-материалдық қорлар және материалды емес активтермен банктің операциялары есебі мен аудиті.



    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тауарлық-материалдық қорлар мен есебі.

5.24 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақшалай авансты беру бойынша операциялар есебі.

5.25 Қызмет алуға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі операциялар есебін ұйымдастыру.

5.26 Ұсынылатын қызметтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі операциялар есебі тәртібі.

5.27 ҚР Ұлттық банкі монетарлық қызметтің кірістері мен шығыстарының есебі.

5.28 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі монетарлық емес қызметтің кірістері мен шығыстарының есебі.

5.29 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі пайдасын бөлу есебін ұйымдастыру.

5.30 Банкте депозиттік операциялар есебінің тәртібі және ұйымдастырылуы.

5.31 Несие операцияларының есебі мен талдауы.

5.32 Коммерциялық банк қызметінің қаржылық талдауы.

5.33 Банк капиталы есебі мен аудиті.

5.34 Банк активінің есебі.

5.35 Коммерциялық банктің меншікті капиталының есебі.

5.36 Банктік қызметтер, Қазақстан Республикасында оның дамуының перспективалары.

5.37 Банктің траталық операциялары.

5.38 Банктік лизингтік операциялар есебі.

5.39 Шетел валютасы және бағалы металдар операцияларының есебі мен аудиті.



5.40 Банкаралық есеп айырысу есебі және оны талдау.

6 пӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Кесте 3 - пәннің оқу-әдістемелік картасы

Тақырыбы

Көрнекілік құралдар, ОТҚ, плакаттар

Өзіндік оқу сұрақтары

Бақылау формасы

Дәріс сабақтары

Тәжірибелік сабақтар

1

2

3

4

5

Банктегі бухгалтерлік есеп пәні мен міндеті.


Банктегі бухгалтерлік есеп пәні мен міндеті.


«ҚР Ұлттық Банкі жөніндегі» Заң

Банктегі бух. есептің қайта қалыптасуының негізгі бағыттары

Ауызша жауап

Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.


Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.


«ҚР банктер және банк қызметі жөніндегі» Заңы

Банктің есеп-операционды құрылымы, оның қызметтері

Ауызша жауап

Банк балансы және оны құру принциптері.

Банк балансы және оны құру принциптері.

Бухгалтерлік баланс

Банк балансын талдау

Ауызша жауап, есеп шығару

Коммерциялық банктердегі құжат, құжат айналымы және бақылау.


Коммерциялық банктердегі құжат, құжат айналымы және бақылау.


Алғашқы құжаттар бланкілері

Банк операциялары бойынша құжат айналымын ұйымдастыру.

Ауызша жауап, құжаттар толтыру

Есеп айырысу операцияларының есебі.


Есеп айырысу операцияларының есебі.


Ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есеп

Халықаралық есеп айырысу формалары

Ауызша жауап, есеп шығару

Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі.

Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі.

Алғашқы құжаттар бланкілері

Банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі мен аудиті

Ауызша жауап, есеп шығару

Кассалық операциялардың есебі


Кассалық операциялардың есебі


Ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есеп

Касса түгендеуі

Ауызша жауап, есеп шығару

Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.

Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.

Алғашқы құжаттар бланкілері

Болашақтағы және ағымдағы құнды анықтау тәртібі

Есептер шығару

Несие операцияларының есебі


Несие операцияларының есебі


Алғашқы құжаттар бланкілері

Ипотекалық несиелеу және оның есебінің тәртібі

Ауызша жауап, есеп шығару

Депозиттік операциялар есебі


Депозиттік операциялар есебі


Алғашқы құжаттар бланкілері

Депозиттік операциялар есебін ұйымдастыру


Ауызша жауап, есеп шығару

1

2

3

4

5

Бағалы қағаздар операциялары есебі


Бағалы қағаздар операциялары есебі


Алғашқы құжаттар бланкілері

Бағалы қағаздар операциялары есебінің тәртібі

Ауызша жауап, есеп шығару

Шетел валютасымен операциялар есебі


Шетел валютасымен операциялар есебі


ҚР «Валюталық реттеу жөніндегі» Заңы.

Шетел валютасы және бағалы металдар операциялары есебі мен аудиті

Ауызша жауап, есеп шығару

Банктің негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, материалдық емес активтері операцияларының есебі

Банктің негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, материалдық емес активтері операцияларының есебі

Алғашқы құжаттар бланкілері

Материалдық емес активтердің амортизациясы

Ауызша жауап, есеп шығару

Банктің кірістері мен шығыстарының есебі


Банктің кірістері мен шығыстарының есебі

Пайда мен зиян туралы есеп

ҚР Ұлттық банкі монетарлық емес қызметтің кірістері мен шығыстарының есебі.

Ауызша жауап, есеп шығару

Банктің меншікті капиталымен операциялар есебі

Банктің меншікті капиталымен операциялар есебі

Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп

Коммерциялық банктің меншікті капиталының есебі.

Ауызша жауап, есеп шығару

Банктің салық салу есебі

Банктің салық салу есебі




Салық салу есебі бойынша операциялар есебінің тәртібі

Ауызша жауап, есеп шығару

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп беруі

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп беруі

Қаржылық есептілік нысандары

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі

Ауызша жауап, есеп шығару



7 Оқу- әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кесте 4- Оқу- әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың аттары

Әдебиеттер саны

Студенттер саны

Қамтамасыз етілу пайызы

Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. –Алматы: Экономика, 2009 жыл.

10

6

100

Сейткасимов Т.С., Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы: «Қаржы-Қаражат», 2007 жыл

25

6

100

8 әдебиеттер
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. –Алматы: Экономика, 2009.

8.1.2 Сейткасимов Т.С. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы: «Қаржы-Қаражат», 2007.
8.2 Қосымша әдебиеттер

8.2.1 Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,2007

8.2.2 Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,2008

8.2.3 Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М., 2007

8.2.4 Полищук А.И. Банковский учет и отчетнос.. - М., 2010

8.2.5 Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2011



8.2.6 Шалашова Н.Т. Учет валютных операций. - М., 2007



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет