Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики



жүктеу 131.67 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі131.67 Kb.
түріСтатья


УДК 343.137

И.У. Жусупова

Оқытушы,


«Әділет» Колледжі, Алматы

I.U. Zhusupova

College "Adilet", Almaty

E-mail: bekzat_2006@mail.ru
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері
Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики Казахстан
Theoretical and legal issues of application of the plea bargain on criminal procedure legislation of the Republic of Kazakhstan
Аңдатпа

Мақалада қылмыстық құқық бұзушылықты жасаушылардың кінәсін мойындау келісімдері мен мәселелері қарастырылған. Өз кінәсін мойындау келісімдерінің түсінігі қарастырылған. Өз кінәсін мойындау келісімі болашақта ғылыми зерттеулерді қажет етуі жайлы қорытынды келтіріледі.

Аннотация

Статья посвящена исследованию сущности правовой природы процессуальной формы реализации сделок о признании вины в совершении уголовного правонарушения. Рассмотрено понятие сделки о признании вины. Сделан вывод о том, что институт сделки о признании вины нуждается в дальнейшем научном исследовании.

Annotation

Thе article is devoted to study the essence of the legal nature of the procedural form of execution of the confession of guilt in committing a criminal offence. The article discusses the concept of transaction plea. The conclusion is that the Institute deals plea needs further research.

Кілтті сөздер: Қылмыстық сот өндірісі, кінәсін мойындау келісім шарты, қылмыстық сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органдар

Ключевые слова: Уголовное судопроизводство, соглашение о признании вины, уголовные досудебные следственные органы

Keywords: Criminal proceedings, plea agreement, criminal pre-trial investigative bodies


Қылмыстық сот төрелігі жүйесін тұрақты да тиімді жұмыс жасап ,атқарылуы үшін, мемлекет тарапынан күш салуы керек екендігі баршаға аян. Осыған байланысты қазіргі заманғы жаһандану мен интеграция жағдайында көптеген таяу және алыс шет елдермен тәжірибе бойынша бағытталған заңдарды қабылдау жеңілдету, қысқарту мен жеделдету жағдайларын ескеру маңызды.

Аталмыш кемшіліктерді ескерген жөн, қылмыстық істе міндетті түрде екі жақ қатысады, яғни айыпталушы және жәбірленуші, айыптау және қорғау.

Мынадай түзетулерді ұсына отырып, ондай олқылықтарды жою керек деп есептейміз: процестік келісім - бұл заңда көзделген жазбаша нысанда прокурор мен күдікті, айыпталушы мен сотталушы қылмыстық процестің кез келген сатысында немесе айып тағылған ретте және ҚР ҚПК көзделген жәбірленушінің пікірі міндетті түрде ескерілуімен жасалынатын келісім. (Бұдан әрі қарай жәбірленушінің процестік келісім жасасу кезіндегі құқытары түсіндіріледі).

Еліміздегі құқық саласының бағдарламалық құжаттары мен мемлекеттік саясатты айқындайтын сот істерді жүргізу барысында жеңіл түрде қарау қарастырылды. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында 2010 жылдан 2020 жыл мемлекет басшысының жарлығымен бекітілгендей, 2009 жыл 24 тамызда бұл дамытудың негізгі бағыттары қылмыстық іс жүргізу құқығы және процессуалдық келісім институтының заңнамалық дамыту жүйесі болып табылады.

ҚР ҚПК жаңа жобасында «процестік келісім, оны жасасудың ерекше тәртібі» келісім жасасудың маңызды шарттарын орындай отырып жүйелілігін анықтайды. Процестік келісім жасасу кезінде айыпталушыға келтірілген зиянның мөлшерінде сотпен тағайындалған жаза көрсетілуі тиіс. Процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу әрекеттері мен басты сот талқылауы аяқталады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар бойынша келтірілген күдікпен,айыптаумен келіскен жағдайда, қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеу әрекеттерінің және басты сот талқылауының кез келген сатысында, сот кеңесу бөлмесіне кетуге кетпей тұрып, процестік келісім жасалынады, прокурормен процестік келісім жасасу жазаны жеңілдетуге мүмкіндік береді [1].

Қылмыстық процессте келісімнің екі формасы бар: кінәсін мойындау және ынтымақтастық. Алғашқысы жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыруды тездетеді, бұл аса ауыр қылмыстарға қолданылмайды. Екіншісі қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға бағытталады.

Қазақстанның заң шығарушы органының пайымдауынша, кінәсін мойындау келісімі-заңда көзделген тәртіппен жазбаша нысанда айыпталушы мен оның қорғаушысының айыптаушымен, айыпталушының (сотталушының) кінәсін мойындауы негізінде онша ауыр емес қылмыс бойынша жәбірленуші істің толық ашылуынан, сондай-ақ аса ауыр қылмыс бойынша тағылған айыпты қолдаудан бас тартуға болады.

Процестік келісімнің классикалық түрін айыптау мен қорғау арасындағы шарт жасасу (жазбаша және ауызша) деп анықтауға болады. Прокурордың жазаны жеңілдету және тағылған айыптау бөліктерін өзгерту, сирек жағдайда екеуін де бірге, айыпталушы кінәсін мойындаған жағдайда, сот отырысын өткізбей, куәлардың айғақтары көрсетілмей айыпталушымен процестік келісімге келеді.

Бұл өз кезегінде сот әділдігіне сәйкес келмейді. Прокуратура мен қорғау тараптары арасында мұндай келісімге келгеннен кейін, келісімнің еріктілігі мен айыпталушының мұндай келісімнің заңды салдарын түсінгеніне көз жеткізуі үшін процестік келісім соттың бекітуіне жатады. Мән берерлік жайт, келісім автоматты түрде бекітілмейді, бас тартылуы да мүмкін, мұндай жағдайда сот айыпталушыға келісімнен бөлек басқа жаза тағайындауға құқылы, бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әдетте сот ондай келісімдерді бекітеді [2].

ҚР ҚПК бойынша процестік келісім - қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында ҚР ҚПК көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім. Алайда біздің ойымызша, ҚР ҚПК процестік келісімге нақты түсінік келтірілмеген. Мұндай тәжірибе басқа мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу жүйесінен алынғаны анық, нақтырақ АҚШ елінен. Бұл мәселе бойынша процестік келісім түсінігін шет ел мемлекеттердің қылмыстық іс жүргізу өндірісін негізге ала отырып толық ашу керек. Мысалы, кінәні мойындау туралы, мәміле институты АҚШ сот тәжірибесінен алынғанын айта кету орынды болып табылады. Кінәні мойындау туралы мәміленің мәні- айыпталушы өз кінәсін мойындаумен қатар ,қорғану тараптарының кейбір негіздеріне көну арқылы үкім шығарады. Қорғану тарапына көну арқылы айыптың көлемін кемітуі және жазаны жұмсартуы мүмкін. Алайда, процессуалдық келісім және американдық қылмыстық процестің негізгі мақсаты алқабилердің қатысуымен сот отырысын өткізуді болдырмау үшін жасалған ниеті.



Cаяси тұрғыдан қарастырар болсақ, қылмыстық іс жүргізуге келісімді енгізу құқық қорғау органдарының кінәні дәлелдеу немесе кінәсіздікті дәлелдеуге, істердің көптігіне төтеп беруге қабілетсіздіктерін көрсету арқылы, құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мойындау туралы келісімге келу арқылы қысқартылған әр іс сайын, құқық қорғау органдарына деген күдік арта береді. Осылайша азаматтарда жасаған қылмыс үшін жазаланбай қалудың белгілі бағасы бар деген түсінік қалыптасады. Мысалы,жаңа ҚПК бойынша келісімге келудің алғы шарты - жәбірленушінің келісімі болды делік, яғни жәбірленушінің келіспеу салдарынан келісім жасасуға болмайды. Осыдан жазаны мүмкіндігінше жеңілдету немесе қашып құтылу үшін айыпталушы жәбірленуге құн төлеуі керек, ал бұл өз кезегінде қылмыстық істі тергеу және шешумен айналысатын құзіретті органдарының жұмысын саудаға айналдырып жіберуі мүмкін.

Қорғаушылар, прокурорлар келісімге келуге, «баға жөнінде келісуге», осылай істі негізсіз қысқартуға әкелуге мүмкіндіктері бар. Қорғаушы әділ сот пен айыпталушының арасындағы делдалға айналды. Азаматтар қылмыс жасау және мүмкіндігінше жеңіл жазаны сатып салу мүмкіндігіне түсінетін болады. Қылмыс үшін санкцияны азайтуға байланысты сату-сатып алу мүмкіндігін түйсінетін болады.

Қылмыстық қудалау органдарын дәлелдемелерді толық және жеткілікті түрде іздеуден босату. Сонымен қатар басқа да сот органдарының жұмысының жеңілдеуі, яғни сот аппаратындағы істер көлемінің азаюы, сондай-ақ қылмыстық істерді шешуге кететін қаражаттың үнемделуі мен кейбір жағдайларда тараптардың өшпенділігінің азаюы. Кінәсін мойындау келісімі тергеу әрекеттері мен сот шығындарын қысқартудың ең үнемді жолы болып табылады [3].

Cондай-ақ, келісімге келу нәтижесінде, қылмыстың барлық заңи маңызды жағдайлары назарға алынбауы мүмкін. Кінәсіздік презумпция қағидасын ескере отырып келісім жүргізіледі. Яғни, айып тағылған әрекеті үшін тұлғаны, тек оны дәлелденген жағдайда кінәлі деп тану. Алайда, айыпталушы сот шешімі шықпай тұрып өз кінәсін мойындап, келісімге қол қояды. Процестік келісімге келген жағдайда сот талқылауын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік алады.

Прокурор мен айыпталушы кінәні мойындау туралы процестік келісімге келді. Бірақ прокурордың жазаның максималды мерзімін анықтауға құзіреті жоқ. ҚР Конституциясының 77 бабына сәйкес: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді». Осы нормаға сәйкес айыпталушы басты сот талқылауына дейін қандай жаза алатынын анық біле алмайды.

Бұдан келіп, прокурор жазаның жеңілдеуіне байланысты тек субъективті пікірге ғана құқылы екенін білуге болады. Сот мұндай жағдайда, сәйкесінше формалды мойындауға қанағаттана отырып, құқық бұзушылықты терең зерттемейді. Бұл концепцияның мәні сот өндірісін жеделдету және арзандату болып табылады.

Бас тарту жағдайында жасалған мәмілелерді ескерту үшін айыпталушының құқығы сақталады. Әлбетте, мұндай жағдайда әдеттегі рәсім бойынша айыпталушының жасаған мәмілелерін сот талқылауы жүргізетін болады. Өз кезегінде әдеттегі рәсім мен сот талқылауы зерттеудің барлық жағдайында жасалған қылмыстың іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді талап етеді. Дегенмен, бұл тергеу- анықтау нысанында жүргізілген болса, олар бойынша алдын-ала тергеу міндетті емес және толық зерттелген барлық қылмыстық жағдайлардың сот қосымша дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты тергеуге болады. Сонымен қатар, дәлелдемелерді уақытылы жинап әкеліп тұрып оларды жоқ қылып жіберуі де мүмкін [4].

Кінәні мойындау туралы процестік келісімнің негізгі кемшіліктерінің бірі-келісімге қол жеткізу үшін басқа күдіктілерді көндіру. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодекстің 54 және 56 тарауларында көзделген , кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істері бойынша. сондай-ақ есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істері бойынша ерекше тәртібін қамтамасыз ететін, тікелей құқық бұзушылық салдарынан олардың дене немесе психикалық мүгедектік салдарынан өздерін қорғауға өз құқығын жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толмағандар немесе адамдар жасаған болса Қылмыстық-процестік кодексінің 612-бабының 2-бөлігінде көрсетілген.

Жоғарыда айтылған процестік келісім операциялары бойынша қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың және ақыл-есі дұрыс емес адамдардың өздерін қорғауға, өз құқығын қорғауға мүмкіндіктері жоқ.

Сондықтан, келтірілген барлық күмәндерге қарамастан, басқа елдердің өндірісіне сәтті енген, бөтен заңдарды өз-өзімізге енгізу бізге тиімді ме? Сотқа дейінгі іс процесін жеңілдету үшін, прокуратура органдарының өкілдері мен күдікті арасында тікелей мәміле актісімен байланысты болып табылады.

Процестік келісім-қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы және сотталушы немесе сотталған. адам арасында ҚР ҚПК көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім. Олардың жағдайын қолдау үшін келесі аргументтерді келтіруге болады:

Біріншіден күдікті ресми айып тағылғанға дейін процестік келісмге келуге негіз болып табылады;

Екіншіден, берген айғақтарына күдіктене қарап, оның айтқан сөздері өз-өзіне қарсы айғақ бермеу құқығын тану арқылы бекітуге болады.

Үшіншіден, айыпталушының айыбын белгілегенше, оның қорғаушысы кепіл болып, оған жауапты болады. Тек сонда ғана, біз мәміле жасасу бағытындағы іс-әрекеттерін саналы және ерікті түрде айтып жеткізе аламыз.

Төртіншіден, айыпталушы, жан-жақты әр пунктің тармағы арқылы зерттелген қылмыстық қудалау органдарының дәлелдемелерін қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты айыпталушыда мәміле шарттарына байланысты ғылыми және практикалық қызығушылығы пайда болады.

Бізге көрсетілгендей айыпталушының процестік келісіміге келуге заңсыз жолмен шарт жасаспағанын, оған шектеулі мерзімдермен қысым болмағандығын көрсетеді.

Біздің сенімді пікір бойынша мойындау, процестік келісім жасасу, сот тәуелсіздік принципіне нұқсан келтіре алмайды. Сотта адамды кінәлі деп тануы және жаза қолданылуы мүмкін, өйткені прокурор, сондай-ақ сот алдын-ала барынша жоғарғы жаза мерзімін анықтау үшін өкілеттіктер беруі мүмкін емес екенін айта кетті

Осыған орай, біз прокурордың және жәбірленушінің қатысуынсыз айыптар арасындағы мәміле, оның құқықтары мен заң-тармақтарын бұзатынын ескере кеткен жөн.

Мұндай дау-жанжалдарды болдырмау үшін прокурордың айыптау келісімімен, айыптау мәміле арасындағы қамауда ұстау шарттарының бірі зардап шегушінің келісімімен болуы тиіс деп есептейміз. Олай болмаған жағдайда, жәбірленуші үшін қылмыстық ізге түсу органы ретінде шешім шығарып және сот шешіміне шағымдануға құқылы.

Қылмыстық істер бойынша күдікті мен айыпталушы немесе сотталушының жасаған қылымысы бойынша кінәні мойындау кезінде жасалынатын процестік келісімнің ерекше тәртібі қаралған.

Институттың енуі Қазақстан Республикасындағы қылмыстық юстицияның ауқымды реформация процесіне байланысты. Заң шығарушы органның басты мақсаты сотқа дейінгі тергеу әрекеттері, сонымен қатар басты сот талқылау процесін жеңілдетуді және тездетуді дамыту.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге арналған келісімдер институты ағылшындық құқықтық жүйесі бойынша елдерінде ең көп таралған болып табылады. Америкалық (ағылшындық) Қылмыстық іс жүргізу институты үздік белгілі сонымен қатар, ең отандық және шетелдік сарапшылардың арасында оқыды. «Тану туралы келісімге қол қою» біріншіден XIX ғасырда АҚШ-та іс жүргізуді ресімдеуден бастап, өтініш мәміле қатысуға келісу арқылы, жауапкерлікті осымен байланыстыра конституциялық және процессуалдық ережелерден бас тартатын болды [6].

Барлық дауларды шешу айыпталған мен айыпталушының қорғану міндеттері кез-келген айыптау ісін жүргізуде еріксіз құралы болып табылады. Америка Құрама Штаттарында автомат соттылығы білдіріледі, сондай-ақ заңды зерттеу барысында фактілер жасамайды. Сонымен қатар, айыпталушы кінәсін тану арқылы тікелей шағымдануға болады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қолданыстағы келісімдердің екі түрлері көзделген:

- шағын, орташа немесе ауыр қылмыстар үшін - бір өтініш мәмілесі түрінде айыптаулар бойынша күдіктінің келісім жағдайында;

- қылмыстық топпен жасалған қылмыстардың, аса ауыр басқа адамдар жасаған қылмыстары, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашу және тергеу артық қылмыстардың барлық санаттары үшін келісімдер түрінде болуы.

Процессуалдық тану арқылы келісіміне қол қоюмен басталады. Прокурордан кейін, төрағалық етуші судья осы процессуалдық келісімді сотталушыдан сұрауы тиіс. Судья сондай-ақ, сотталушыға процессуалдық келісім барысын және салдарын түсіндіруге және сонымен бірге оның қорытынды процессуалдық тану келісіміне мән-жайларды білу бойынша. өз адвокатына сұрақтар қоюға құқығы бар екенін түсіндіруі тиіс. Судья процесстік келісімді қарауды аяқтағаннан кейін келісімде көзделгендей, оның отбасы мен қаржылық жағдайларын. мүліктік талаптар бөлігінде сот шешімін ерікті орындауы үшін қанша уақыт қажеттігін айыпталушыда сұрауы тиіс.

Сотталушы бiрнеше қылмыс жасағаны үшін айып тағылған жағдайда, жазаның түрі мен мөлшері әр қылмысы үшін жеке, сондай-ақ соңғы жазаның түрі мен өлшемі бойынша көрсетілген. Келісім прокурордың, сотталушы және оның қорғаушысының қол қойғаннан кейін жасалған болып есептеледi. Келісім айыптаушы сотқа жатады және келісу өндіріс шеңберінде шешім қабылдауға тырысады.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімнің негізгі кемшіліктерінің бірі- келісімге қол жеткізу үшін басқа күдіктілерді көндіру. Жыл сайынғы аталмыш институттың енгізілуі процестік өндірістің созылу проблемасының шешілуіне ықпал етуде. Бірақ, бұл институт жемқорлық деңгейі аз мемлекеттерде енгізіледі. Қазақстандағы жемқорлыққа байланысты қылмыстарды ескермеу мүмкін емес. Біздің мемлекетіміздің мұндай жағдайға жылдам өтуі еліміздің құқықтық мәдениетіне сай келмейді. Басқа мемлекет тәжірбиесінде оң нәтиже бергенмен прокурордың мемлекет атынан келісімге келуі біздің еліміздің түсінігіне жат [7].

Рәсімдік өтініш шарт бір жақты емес болып талданады, және қылмыстық сот iсiн оны қолдану барлық ықтимал оң және теріс жақтарын қарастыруы тиіс.

Ол ұзақ уақыт бойы құқықтық тәжірибеде процессуалдық келісімді енгізу, тиімділігін, уақтылығын және құрылымдылық бөлігін сеніммен айтуға болады [8].

Тек шетелдік және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, белсенді шараларды қабылдау арқылы, ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша Қазақстанда қылмыстық сот істерін, сонымен қатар, жалпы мемлекет пен үкіметке ғана емес, қолданыстағы және жаңа мәселелерді шешуге болатынын көрсетеді.

Осыған дейін Қылмыстық процестік Кодекс процессуалдық іс-шаралардың оң аспектілер бойынша практикалық дәлелдемелерді былай ескереді:

- процестік келісімнің барлық нысандарын сот бекітуін қамтамасыз ету; Ал, келісімдер сотқа дейінгі сатыларында жүзеге асырылса, сот бақылауын күшейту;

- ынтымақтастық туралы келісім шарттарының бірі жәбірленушіге келтірілген зиянды реттейтін норма болуы тиіс; Салыстыру үшін, егер АҚШ-тың өтініш мәмілесін реттейтін ережелер бойынша, жауапкер мәміле шарттарын бұзуға әрекет жасаса, судья өтініштік мәмілесін бұзуға құқылы.

Сонымен, кінәсін мойындау келісімі – заңда көзделген тәртіппен жазбаша нысанда айыпталушы мен оның қорғаушысының айыптаушымен, айыпталушының (сотталушының) кінәсін мойындауы негізінде онша ауыр емес қылмыс бойынша жәбірленуші істің толық ашылуынан, сондай-ақ аса ауыр қылмыс бойынша тағылған айыпты қолдаудан бас тарту деп түсінгеніміз дұрыс сияқты.

Кінәні мойындау туралы келісімге келудің артықшылықтары.

1. Келісімнің басты артықшылықтарының бірі: қылмыстық қудалау органдарын дәлелдемелерді толық және жеткілікті түрде іздеуден босату. (әсіресе істі ашуға алғышарты жоқ істер бойынша)

2. Сонымен қатар сот органдарының жұмысының жеңілдеуі, яғни сот аппаратындағы істер көлемінің азаюы, сондай-ақ қылмыстық істерді шешуге кететін қаражаттың үнемделуі мен кейбір жағдайларда тараптардың өшпенділігінің азаюы.

3. Кінәсін мойындау келісімі тергеу әрекеттері мен сот шығындарын қысқартудың ең үнемді жолы болып табылады.





Әдебиеттер тізімі:
1 Балгынтаев А.О. Автореферат на соискание ученой степени доктора философии (PhD) по специальности 6D030100 «Юриспруденция» Особое производство по уголовным делам при заключении процессуального соглашения. – Астана, 2014. – С. 32

2 Сарсенбаев Т. Сделка о признании вины в УПК РК (электронный ресурс) // https://journal.zakon.kz

3 Михайлов П. Сделки о признании вины - не в интересах потерпевших // Российская юстиция, 2001. - № 5.

4 Рустамов Х.Ц. Уголовный процесс. Формы. – М., 1998. – С. 83; Калиновский К.Б. Уголовное судопроизводство как сфера использования положений конфликтологии // Юридическая мысль. Изд-во Юридического института (С. Петербург), 2002. - № 1. – С. 118



5 Ищанов Г.С. Сделки о признании вины - важный шаг, направленный на упрощение судебных процедур и защиту прав граждан (электронный ресурс) // http://sudreforma.samal.kz

6 Калиновский К.Б. Уголовное судопроизводство как сфера использования положений конфликтологии // Юридическая мысль. Изд-во Юридического института (С. Петербург), 2002. - № 1. – С. 118

7 Морозова И., Анненков А., Дадонов С. Сделка о признании вины как вариант мирового соглашения // Российская юстиция, 2000. - № 10

8 Смирнов А.В., Калиновский К.Б. Уголвный процесс: Учебник для вузов / Под общ. ред. А.В. Смирнова. – СПб.: Питер, 2004. – 697 с.


Каталог: pdf -> 2017 -> 1(1)
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 ->  Вопросы разрешения споров возникающих из семейно
1(1) -> Кафедра доценті, Абылай хан атындағы
2017 -> Меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері
2017 -> Ерментай султанмурат
2017 -> Қр іім макан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет