Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет15/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Поездық және маневрлiк жұмыс жөнiнде нұсқауларды беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беру үшiн арналған екiжақты парктiк байланыс құрылғылары үнемi iске қосулы күйiнде болуы, байланыс арналарының үздiксiз жұмысын қамтамасыз етуi, iске қосылған күйiнiң бақылауының болуы.














79

Поездық диспетчерлік және бағыттамалы байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге жол бермеу.

Бағыттамалы байланыс желісіне, орындаушы орталықтандыру қосындарын, бағыттамалы қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға жол бермеу.















80

Станциялар мен диспетчерлiк учаскелердегi пойыздық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесудi құжатталған тiркеу жүйесiмен жабдықтау.













81

Аспалық әдiспен тартылған кәбiлдiк байланыс желiлерi иiлiс жебесi барынша төмен түсiңкiреген жағдайда кемінде мынадай биiктiкте болуы:

1) халық қоныстанбайтын жерлерде жер бетiнен - 5,0 метр;

2) халық қоныстанатын жерлерде жер бетiнен - 6,0 метр;

3) жолаушылар платформаларының бетiнен - 4,5 метр;

4) темiр жол өтпелерiндегi автомобиль жолдарының бетiнен - 7,0 метр.

Автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен жерге дейiнгi қашықтық иiлiс жебесiнiң барынша түсiңкiреуi кемінде:

5) аралықтарда - 2,5 метр;

6) станцияларда - 3,0 метр;

7) автомобиль жолдарымен қиылыстарда - 5,5 метр (қолданыстағы желiлерде, олардың қайта құрылуына дейiн 4,5 метр қашықтықты сақтауға рұқсат етiледi).














82

Темiр жолдың жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивтi сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтiк сигнализациясымен (бұдан әрi - АЛСН), көпмәндi АЛСН немесе борттық қауiпсiздiк жүйесiмен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлiк орталықтандыруымен, диспетчерлiк орталықтандырудың немесе диспетчерлiк бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерiмен жабдықтау, бұл ретте поездық радиобайланыс дуплекспен жабдықтау.

Поездар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелерi жоспарлы тәртiппен енгiзу.















83

Солардың көмегiмен түрлi тәуелдiлiктер жүзеге асырылатын автоматика және телемеханика аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуын және пломбылануын, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына алдын ала жаза отырып, сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкерiмен жүргiзу.













84

Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгiлiк техникалық шешiмдердi Ұлттық инфрақұрылым операторымен немесе концессия шарттары бойынша темiр жол иесiмен бекiту. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгiлік емес техникалық шешiмдердi қолдануға жол бермеу.













85

Белгiленген тәуелдiлiктердiң бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетiн автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөнiндегi жоспарлық жұмыстар оларды орындаудың ең аз мерзiмдерiн көздейтiн кестелерге сәйкес жүргiзілуi. Станцияларда мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшiнiң келiсiмiмен және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, автоматика және телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргiзу. Диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерiнiң келiсiмiмен жүргiзу.













86

Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерi арқылы айқын көрiнуiн қамтамасыз ету.













87

Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететiн қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерiнiң тұрақты қалыпты көрiнуiн қамтамасыз ету.

Бағдаршамдар көрсетулерiнiң көрiнуiн электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстырған сайын жолдан тексеруін қамтамасыз ету.


Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрiнуiн аға электр механик локомотивтен айына кемiнде бiр рет және сигнализация және байланыс шаруашылық кәсiпорындарының басшылары тоқсанына кемiнде бiр рет тексерілуін қамтамасыз ету..













88

Автоматты локомотив сигнализациясы, радиобайланыстың және қауiпсiздiк құрылғыларының жұмысы тоқсанына кемiнде бiр рет тексерілуін қамтамсыз ету.

Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттері тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеруін жүргізу.















89

Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның iшiнде арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам электрлiк рельстiк тiзбектерiнiң тұрақты сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету.













90

Станциялар бойынша кезекшiлердiң қызметтiк үй-жайларында басқару және бақылау аспаптары, оның iшiнде автоматтандырылған жұмыс орнының станция бойынша кезекшiнiң жұмысына тiкелей қатысы бар аппаратурасы, сондай-ақ жарық берудi орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтан басқару пульттерi, поезд жүрiп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйiн автоматты бақылау құралдарының тiркеушi аппаратурасы орнату.

Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған үй-жайлар, операцияларды тез орындау үшін қолайлы қолжетімді болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет көрсетуге тағайындалған үй-жайларды басқа мақсаттар үшін қолдануға жол бермеу.















91

Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшiнiң келiсiмiмен және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазумен тоқтау немесе жылдамдықты кемiту сигналдарымен қоршауды талап ететiн жұмыстар жүргiзу. Диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетiлген тәртiппен, бiрақ поезд диспетчерiнiң келiсiмi бойынша ғана орындау. Мұндай жұмыстарды түйiспе желiсiнде кернеудi ажыратып, бiрақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргiзгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөнiндегi жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшiге (диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчерiне) беретiн, сол журналда тiркелетiн телефонхатпен ауыстыру.
Жұмыстар аяқталғаннан кейiн құрылғыларды iске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшiге берiлген, кейiннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тiркелетiн телефонхаттың негiзiнде станция бойынша кезекшiсімен жүргiзу.













92

Станция бойынша кезекші жолдардың, бағыттамалық бұрмалардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (одан әрі – СОБ), байланыс құрылғыларының және түйіспелік желілердің ақаулықтарын анықтағанда (жеке немесе басқа қызметкерлердің баяндамалары бойынша) жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және түйіспелік желілерді ДУ-46 қарап тексеру журналында (бұдан әрі - ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында) бұл туралы жазба жасауды және тиісті жол, сигнал беру және байланыс дистанцияның құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерін (жол шеберін, СОБ және байланыс электр механиктерін) және кезекші инженерін (диспетчерін) тиісті жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтауды хабардар етуді жүзеге асыру.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчерді хабардар ету.

Ақаулықтарды жою туралы тиісті қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті белгі қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшінің қолымен куәландыруды жүзеге асыру.














93

Әрбір жезлдың реттік нөмірі, сериясы және аралықты шектеуші станцияның атауының болуы. Әрбір аралыққа жезлдың өз сериясы сәйкестігі. Бір сериялы жезлдық аппараттарды кемінде үш аралықтан жиіге, ал тораптарға кірулерде – аралықты шектеуші екі станцияда да екіден артық аралықта жезлдық аппараттар орнатуға, онда поездар болмаған кезде сомасында жезлдардың жұп саны болғанда жол беру.













94

Ескертулер беру:

1) жолдың, түйіспе желісі құрылғыларының, өтпелік сигнал беруінің, жасанды және басқа құрылыстардың ақаулығы кезінде, сондай-ақ жылдымдықты азайту немесе жолда тоқтауды талап ететін жол және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде;

2) қолданысқа сигнал беру және байланыстың жаңа құралдарын енгізу кезінде, сондай-ақ бағдаршамдардың жаңаларын қосу, қолданыстағыларының орнын ауыстыру немесе жою және бағдаршамды жабық жағдайға келтіру мүмкін емес ақаулығы кезінде;

3) автоматты локомотивтік сигнал беруінің жол құрылғыларының ақаулығы кезінде;

4) поездарды тиеу габаритінен тыс шығатын жүктермен жөнелту кезінде, бұл поездың жүруі кезінде жылдамдықты төмендету немесе ерекше жағдайларда сақтау қажет кезде;

5) қос жолды аралықта қар тазалағыш, балластер, жол төсегіш, көтеру краны, шағылтас тазалағыштар және басқа машиналардың жұмысы кезінде;

6) поезға осы учаске үшін белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды қойған кезде;

7) алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің нашар көріну жағдайындағы жұмысы кезінде, сондай-ақ жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде;

8) жолда поездың жылдамдығын азайту немесе тоқтату талап етілетін барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотив бригадаларын поездың жүруінің ерекше жағдайлары туралы ескерту қажет жағдайларда.














95

Орталықтандырылған бағыттамаларды, оқшауланған учаскелерді, бақылаулық бағыттамалық құлыптарды және басқа құрылғыларды сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажыратуды СОБ электрмеханигімен (кілттік тәуелділік кезінде монтер де) мына мерзімге жүргізу:

1) 8 сағатқа дейін – станция бастығының, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде – поездық диспетчердің рұқсатымен және сигнал беру және байланыс дистанциясының аға электрмеханигінің немесе кезекші инженерінің рұқсатымен;


2) 8 сағаттан артық (5 тәулікке дейін) – Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының рұқсатымен;

3) 5 тәуліктен артық - Ұлттық темір жол компаниясы рұқсатымен жүргізеді.

Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде ақаулықтарды жою үшін бағыттамаларды немесе оқшауланған учаскелерді ажырату барлық жағдайларда тек станцияны резервтік басқаруға берген соң ғана.














96

Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталу токтарынан, белгiленген нормалардан артық асқан кернеулер мен асқын жүктемеден қорғалуды қамтамасыз ету.

Тұрақты токпен электрлендiрiлген желiлер аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбыржолдар, кабельдер және т.б.), сондай-ақ металл және темiрбетон көпiрлер, жолөткелдер, түйiспе желiсiнiң тiректерi, бағдаршамдар, гидробағандар және т.б. электрлiк коррозиядан қорғалған.

Тұрақты токтағы электрлендiрiлген желiлердiң тартымдық қосалқы станциялары, сондай-ақ электрлi жылжымалы құрамның автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын түйiспе желiсi токтарының өтуiнен қорғалған.














97

Түйiспелiк сым аспасының рельс бастиегiнiң биiктiгi үстiңгi бетiнiң деңгейiнен аралықтарда және станцияларда 5750 миллиметрден төмен емес, ал өтпелерде 6000 миллиметрден төмен болмай белгілену.

Қолданыстағы желiлерде бұл қашықтық жылжымалы құрамның тұруы көзделмеген станцияларда орналасқан жолдардағы, сондай-ақ аралықтардағы жасанды құрылыстар шектерiнде, ауыспалы токтағы электрлендiрiлген желiлерде 5675 миллиметрге дейiн және тұрақты токтағы электрлендiрiлген желiлерде 5550 миллиметрге дейiн кемiтіледі.

Түйiспелiк сым аспасының биiктiгi 6800 миллиметрден аспауына жол бермеу.














98

Жасанды құрылыстар шегiнде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерiн және түйiспелiк торап бөлiктерiнен құрылыстардың және жылжымалы құрамның жерге тұйықталған бөлiктерiне дейiнгi қашықтық тұрақты токпен электрлендiрiлген желiлерде кемiнде 200 миллиметр және айнымалы токпен электрлендiрiлген желiлерде кемiнде 350 метр болады.













99

Аралықтарда және станцияларда шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде 3100 миллиметр болуы.     

Ойықтардағы тiректер кюветтердiң шегiнен тыс жерлерде орнатылуы.     

Қар тым қатты басатын ойықтарда (жартастысынан басқа) және олардан шыға берiстерде (100 метр ұзындықта) шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде 5700 миллиметр болуы.














100

Қолданыстағы желiлерде олар жаңартылғанға дейiн, сондай-ақ жаңадан электрлендiрiлiп жатқан желiлерде аса қиын жағдайларда шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде станцияларда 2450 миллиметр және аралықтарда 2750 миллиметр болуына жол беру.

Барлық белгiленген мөлшерлер жолдың түзу учаскелерi үшiн белгiленуі. Поездардың жылдамдығы сағатына 140 километрден астам айналу жол учаскелерiнде, сондай-ақ жолдың қисық учаскелерiнде бұл қашықтықтар түйiспе желiсi тiректерi үшiн белгiленген габариттiк кеңеюге сәйкес ұлғайтылуы.

Түйiспелi торабы, әуе желiлерi мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгiлер тiректерiнiң өзара орналасуы сигналдар мен белгiлердiң жақсы көрiнуiн қамтамасыз ету.














101

Түйiспелi торабының элементтерi, темiрбетон тiректердегi, темiрбетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйiспелi тораптың бекiту бөлшектерi бекiтiлетiн барлық металлды құрылыстар (көпiрлер, жолөтпелер, тiректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен кем дегенде 5 метр қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металды конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпiрлер мен жолөтпелердiң элементтерi және басқалары) жерге тұйықталуы немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуын қамтамасыз ету.

Түйiспелi тораптың және айнымалы ток әуе желiлерiнiң әсерi аймағында орналасқан, қауiптi кернеулер пайда болатын барлық металды құрылыстар да жерге тұйықталуға жатады.


Электрлендiрiлген жолдардың үстiнде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргiншiлер көпiрлерiнде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен сақтау үшiн адамдар өтетiн жерлерде жаппай төсем орнату.













102

Кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен жер бетiне дейiнгi қашықтық барынша ұзын асу жебесiнің кем дегенде болуы:

6,0 метр – аралықтарда;  5,0 метр - соның iшiнде жетуi қиын жерлерде;



7,0 метр - автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елдi мекендерде болуы тиiс темiр жол жолдары қиылысқан кезде кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен электрлендiрiлмеген жолдардың рельс бастиегiнiң жоғарғы жағының деңгейiне дейiн кем дегенде 7,5 метр.













103

Түйiспелi тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын Ұлттық инфрақұрылымдық операторымен немесе концессия бойынша темiржол иесiмен бекіту.













104

Станцияларда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарға, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсiру және маневрлiк жұмысты жүргiзу, жылжымалы құрамды жарақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолдары мен парктерiне, жүк аудандарына, контейнерлiк алаңдарға, сұрыптау платформаларына, вагондық таразыларға, қарап тексеру мұнараларына, габариттiк қақпаларға, поездар мен вагондардағы коммерциялық ақаулықтарды автоматты анықтау құрылғыларына, сондай-ақ қызметкерлер поездарды қарсы алатын жерлерге, бағыттамалы алқымдарға, қоймаларға, өтпелерге, жолдар мен пункттерге жарық берiлуді қамтамасыз ету.













105

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақтылы өткізуді және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде күтіп ұстауды қамтамасыз ету.













106

Қалпына келтiру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық кемiнде 300 километр, аз әрекеттi учаскелерде кемiнде 400 километр қашықтыққа белгіленеді. Өрт сөндiру поездарының шығатын учаскелерi өрт сөндiру поезының шығу радиусы 100 километрден артық болмайтын шектелген учаскелердiң соңғы пунктiне жеткiзу үшiн қажеттi уақыттың есебiнен (1,5 сағаттан артық болмайтын) белгiлеу.













107

Қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары тұратын жерлерi екi жаққа шығуы бар жолдарда болуы және қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының АЖҚ тұруына ғана арналуы.













108

Жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуiнiң салдарын жою, авариялардың, объектiлердегi және құрамдағы өрттердi сөндiру, сондай-ақ АЖҚ жетiспеген кезде жұмыста қиындықтардың туындауын, пойыздар қозғалысындағы iркiлiстердiң алдын алу үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторы бөлiмше бойынша бұйрықпен жедел резервтегi, жөндеудiң жоспарлы түрiнен өткен АЖҚ-ны пайдалануға тарту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет