Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 1.79 Mb.
бет2/7
Дата04.03.2018
өлшемі1.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Халықаралық бағыттарда өнімді өткізудің төмендеуі

Металлургиялық өнімдерді ішкі нарыққа өткізу, сауда миссияларын ұйымдастыру мен өткізу

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

1) ішкі инвестициялардың өсуін қолдау;



2) БЭК елдеріне экспорттау үшін тиімді жағдайлар жасау

Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімнен ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )

Тарифтік емес кедергілерді жасау (техникалық реттеу)

Отандық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі бойынша ықпаландыру шараларын жасау

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық экспортталатын өнімге бағаның түсуі

Химия өніміне баға түскен жағдайда ішкі нарықтың сұранысына жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау

Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда энергия тиімділігін арттыру бойынша ықпаландыру шаралары іске асырылады

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанның қолайлы инвестициялық беделін жетілдіру бойынша жұмыс белсенділігі, 2014-2015 жылдарға Қазақстан Республикасына шетел және отандық инвестицияларды тарту бойынша нақты жоспарды іске асыру; инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру және іске қосу.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Шетелдік инновацияның жоғары бәсекеге қабілеттілігі

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластердің дамуы : шетелдік инновацияларды тарту

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін

жағдайлар жасау

Ел ішінде дайын өнімге сұраныстың болмауы

Импортты алмастыру өндірісін құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын өсіру.

Ұлттық компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындарымен сатып алу көлемдерін азайту.

Жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындары мен ұлттық компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту

Экономика салаларындағы энергия тиімділіктің арттыруы

Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ескірген энергия тиімділігі жоқ жабдықты қолдану салдарынан шығарылған өнімнің энергияның жұмсалуы жоғары.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділіктің арттыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларды істеу және кәсіпорындарда энергия аудитін жүргізу.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру, инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру және іске қосу.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Индустрияландыру картасының жобасын іске асыру мерзімін өзгерту ықтималдығы

Тұрақты негізде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобасына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, егер күрделі мәселе туындаған жағдайда, туындаған мәселелерді шешу бойынша тез арада шаралар қолданылады.

АЭА инфрақұрылымының аяқталмауы

Инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаржы бөлу мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынас

АЭА қатысушыларының тауарлары мен қызметтеріне (жұмыстарына) сұраныстың төмендігі

Потенциалды инвесторларды тарту үшін маркетингтік іс-шаралар өткізу, соның ішінде қазіргі қатысушылардың потенциалды тауарлары, жұмыстары және қызметтер тапсырысы.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Ұлттық инновация жүйесі элементтерінің шамалы байлыныстылығы мен шашыраңқылығы

- Индустрияландыру міндеттерінің шешімдеріне ғылыми-зерттеу қызметін қайта бағдарлау


Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру

Халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық стандарттарды пайдалануға

отандық кәсіпорындардың, сонымен қатар экспортқа бағытталған кәсіпорындардың төмен қызығушылығы




Кәсіпорындар арасында қабылданып жатқан ұлттық стандарттар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кенорындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардық кен шоғыры белгілі бір аудана болмау мүмкін

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кенорындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардық кен шоғыры белгілі бір аудана болмау мүмкін


2-Стратегиялық бағыт.

Экономика қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымның дамуы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Көлік инфрақұрылымының дамуы ел экономикасының ішкі қажеттілігімен, сондай-ақ көлік дәліздерін іртараптандыру қажеттілігімен түсіндіріледі.

2016 жылы республикада барлық көлік түрімен тасымалданған жүк көлемі 3,517 млрд. тоннаны құрады, бұл 2015 жылы 3,513 млрд. тоннаны құраған көрсеткіштен 0,1 % артық.

2016 жылы коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлермен тасымалданған көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушылар тасымалы 22 338,1 млн. адамды құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңдегі көлемнен 2 % артық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 21 843,3 млн. адамды құраған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

1) Трансазиаттық теміржол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі.

Батыс Еуропаны Ресей арқылы Қытаймен, Корея түбегімен және Жапониямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);

2) ТАТМ-ның оңтүстік дәлізі.

Аталған дәліз мынадай маршруттар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде);

3) ТРАСЕКА.

Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы Орталық Азиямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Алматы - Ақтау учаскесінде, оның ішінде перспективада тура қатынайтын Жезқазған - Бейнеу теміржол маршруты, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия);

4) Солтүстік - Оңтүстік.

Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты - Ресейдің Урал өңірлері және Ақтау - Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;

5) ТАТМ-ның орталық дәлізі.

Орталық Азия - Солтүстік - Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш - Арыс - Қандыағаш - Озинки учаскесінде).

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында алты негізгі бағыт - автокөлік дәліздері қалыптасқан:

1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас;

2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;

4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменстан шекарасы;

5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;

6) Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәліздері өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау қалаларындағы әуежайларда «EL AL» (Израиль), «KLM» (Нидерланды), «FedEx» (АҚШ) және т.б. авиакомпаниялардың Боинг-747 жүк әуе кемелеріне тұрақты түрде жанармай құяды.

2016 жылдың нәтижесі бойынша ел аумағы арқылы транзиттік тасымалдың көлемі 14,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5 % төмен. Транзиттік тасымалдан түскен кіріс 267 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 84 млрд. теңгеге артық.


Автожол саласы

2016 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 176,2 мың км құрайды. Олардың 96,5 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы жолдар (республикалық маңызы бар жолдар - 23,7 мың км, жергілікті – 72,8 мың км), 68,7 мың км елді мекендер көшелері және шамамен


11 мың км өнеркәсіптік кәсіпорындарға, кеніштерге, фермерлік және орман шаруашылықтарына, басқа өндірістерге техникалық жолдар рөлін атқаратын кіреберістер түріндегі шаруашылық жолдары.

2016 жылдың 1 қаңтарына республикалық маңызы бар автожолдар желісі келесі жағдайда: жақсы – 44%; қанағаттанарлық – 40%; қанағатсыз – 16%;

2016 жылдың 1 қаңтарына облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісі келесі жағдайда: жақсы – 18 %; қанағаттанарлық – 47%; қанағатсыз – 35%.

Автожол саласындағы ең ірі жоба іске асырылуда – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің қайта жаңартуы. Осы жобаны қаржыландыру 2 көзден қарастырылған: займ қаражаты, республикалық бюджет.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шенберінде Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Алматы-Өскемен, Көкшетау-Петропавл-РФ шек, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау-Астрахан, Орал-Тасқала жобаларының құрылысы мен реконструкциясы жалғастырылды..

Азаматтық авиация

Қазақстан Республикасында 48 авиакомпания және әуе кемелерін пайдаланушылар қызмет көрсетеді, оның ішінде 22 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын орындайды, 26-і авиациялық жұмыстарды орындайтын (авиациялық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) әуе кемелерін пайдаланушылар және 1 – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар болып табылады.

467-і әуе кемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатына ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан 26 шетелдік мемлекетпен 89 халықаралық маршрут бойынша аптасына 425 әуе қатынасын орындайды.

Қазақстан ТМД елдерімен 50 маршрут (аптасына 236 рейс), Таяу Шығыс елдерімен 15 маршрут (аптасына 92 рейс), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 14 маршрут (аптасына 69 рейс) және Еуроодақ елдерімен 9 маршрут бойынша (аптасына 28 рейс) ұшуды орындайды.

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы 13 жаңа маршрут ашылды (Алматыдан Сиань, Шарм-Эл-Шейх (маусымдық), Тегеран және Самараға, Астанадан Амстердамға, Актаудан Батумиға (маусымдық) және Сочи (маусымдық), Шымкентен Стамбулға және Худжанд, Карағандадан Стамбулға, Тараздан Нижневатовск, Сургут және Худжанд.

Ішкі авиақатынастар саласында 42 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2016 жылда кезеңінде 6,0 млн. адамды құрады.

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға және оны дамытудың жоғарғы серпінін сақтауға бағытталған шара болып табылады.

2016 жылы транзиттік авиаұшу көлемі 169,0 млн. ұшақ-километрді.


Су көлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы үш теңіз портын қамтиды – Ақтау, Құрық және Баутино.

Бұл ретте, Ақтау порты Ақтау порты экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүктерді өткізуге қатыстырылады, оның Каспий бассейінінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25 % құрайды. Құрық портында 2016 жылғы желтоқсанда паром терминалының бірінші іске қосу кешені пайдалануға енгізілді. Баутино порты теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.

2015 жылы Ақтау порты арқылы 5 896 мың тонна жүгі ауыстырып тиелді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 38% төмен.

Ақтау порты арқылы ауыстыры тиеудің 2016 жылғы көлемі 5842 мың тонна (соның ішінде солтүстік терминал арқылы – 378 мың тонна) жүгі ауыстырып тиелді, бұл 2015 жылғы деңгейге жақын болуда. Бұл ретте, автомобиль техниканың 13784 бірлігі өңделді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 7 есе артық (1886 бірлік).

Теңіз порттары арқылы жыл сайын өткізілетін жүктердің негізгі номенклатурасы мұнай, металл, бидай, паромдық және басқа да жүктер құрайды. Бұл ретте Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнай көлемі біртіндеп төмендеуде, сонымен қатар құрғақ жүктерді өңдеу бойынша порттық қуатты ұлғайтудағы қажеттілік туындайды.


2-кесте. Ақтау порты арқылы ауыстырып тиеу динамикасы

мың тонна

Жүктің номенклатурасы

2014ж.

2015ж.

2016 ж.

2015 ж. %

Барлығы

10 264

5 896

5 842

99

Мұнай

5 954

3 521

2 278

65

Құрғақ жүк

2 344

1 909

2 440

128

Паромдық жүктер

1 970

466

1 124

241

2015 жылы отандық теңіз көлігімен 2888 млн. тонна жүгі тасымалданды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 40% төмен.

Отандық теңіз көлігімен 2016 жылда 3082 мың тонна жүгі тасымалданған, бұл Түрікменстан-Махачкала бағытындағы және жаңа Махачкала-Баку жаңа қатынау желісіндегі тасымалдары арқылы 2015 жылғы көрсеткіштен 7% жоғары болды.
3-кесте. ҚР теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау динамикасы

тыс. тонн


Направление

2014ж.

2015ж.

2016ж.

7 ай

2015ж. %

Барлығы

4 745

2 888

3082

107

Ақтау–Баку (мұнай)

1 919

915

28

3

Ақтау–Махачкала (мұнай)

2 576

1 108

1611

145

Ақтау–Амирабад (құрғақ жүк)

180

171

220

129

Түрікменбашы – Баку/Махачкала (мұнай)

70

694

1064

153

Махачкала-Баку (мұнай)

-

-

159

-

Көрсеткіштер төмендеуінің негізгі себептері:

- мұнайдың құбыр көлігіне қайта бағдарлауы, 2015 жылғы шілдеден бастап ТШО мұнайды порт арқылы тиеуді тоқтатты;

- металл өнімдері бағасының төмендеуі;

- дәнді дақылдар өнімінің төмендігі;

- мұнай өнімдерінің (газойль) тасымалдау бағыты РЖД-ға ауысуы.

Тасымалдау көлемінің төмендеуі Ақтаудағы экспорттаушылардың экспорттық жүктерді таратудың FOB шарттарымен байланысты болды, өйткені FOB шарты кезінде экспорттық жүктерді ирандық сатып алушылары бірінші кезекте ирандық кемелерді тиейді.

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдау нарығында Қазақстан флоты


5 %-ды құрайды, ол 12-13 мың тонналық жүк көтеретін 8 танкерден және
2 құрғақ жүкті кемеден тұрады.

Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің


шамамен 70%-ын отандық танкерлер тасымалдайды.

Құрғақ жүктердің барлық көлемі шетелдік кеме компанияларымен тасымалданған, алайда, көрсетілген қызметтерді әртараптандыру мақсатында жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында құрғақ жүкті флотты кезең-кезеңмен ұлғайту көзделеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі шешімді талап етуде, ол үшін Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін тең жағдайлар жасауы қажет.

Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ХТҰ қабылдаған конвенциялар талаптарына сәйкес теңіз көлігінде бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, Порттың теңіз әкімшілігін құру, навигациялық қауіпсіздікті күшейту, соның ішінде, Құрық және Ақтау порттарында кемелер қозғалысын басқарудың қосымша жүйелерін орнату болжануда.

Өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле, өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4108,5 км құрайды, соның ішінде 4040,5 км-де кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады.

Өзен көлігі республиканың көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2016 жылы ішкі су көлігімен 1266,6 мың тонна жүгі тасымалданды.
Темір жол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың қашықтығының алыс болуы, ТМД және Балтық елдерімен салыстырғанда жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 16 041 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,9 мың км (30%), электрлендірілген желілер –
4,2 мың км (26%) құрады.

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Парктің тозу деңгейі 2016 жылы 52,7% құрады (2014ж. – 56,2%; 2015ж.-55%).

Республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да теміржол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.
Автомобиль көлігі

2016 жылы 3 181,1 млн. тонна жүк тасымалданды, 2015 жылмен салыстырғанда өсім 0,2 %-ды құрады.

2016 жылда жүк айналымы 160,8 млрд. ткм құрады, 2015 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 0,2%-ды құрады.

2016 жылда 22 309,7 млн. жолаушы тасымалданды, 2015 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өсті.

2016 жылда жолаушылар айналымы 235,7 млрд. ткм құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға.

Тұрақты қатынас бойынша 137 халықаралық және 254 аса облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобиль паркі жоғары тозумен сипатталады –
12 жылдан аса пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 70%-ды құрайды, оның ішінде 78%-ды автобустар және 60%-ды жүк автомобильдері құрайды.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Қазақстанның сатушы әріптестерінің халықаралық стандарттары мен жүйелері кейбір көлік инфрақұрылымының техникалық параметрлерімен үйлеспейтінінің себебі өңірлік интеграцияның жолында және сату-көлік жүйесін дамытуда едәуір кедергінің болуында.



Автожол саласында пайдаланудағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы анықталуда; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капитал қажеттілігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісін жеткіліксіз қаржыландыру және жолдар қызметінің жөндеуаралық мерзімдерінің сақталмауы, пайдаланудағы автожолдардың төмен техникалық параметрлері (білікке түсетін салмақ есебі, санаттар және т.б.), 2 жолақ қозғалысты жолдарда авариялар мен өлімнің жоғары қауіптілігі, жергілікті бюджеттерден жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі, және 1 861 ауылдық елді-мекенге қатты жамылғысы бар кіреберіс автожолдардың жоқтығы.
Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблемалар:

1) әуе кемелерін қабылдау-ұшыру үшін бірқатар өңірлік әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техникамен, жүк қоймаларымен және терминалдармен жарақтануының қажетті деңгейде болмауы;

3) авиация персоналының жетіспеушілігі болып табылады;

4) Қазақстан өңірлерінде авиакөлік қызметтерінің қол жетпеуі.

Азаматтық авиация саласы қалыптасуының бастапқы кезеңдегі әуежайлар инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік бюджеттен қаржылық қолдауды талап етеді.

Қазіргі уақытта азаматтық авиациясы үшін ұшқыш құрамы кадрларының жетіспеушілігі пайда болды. Азаматтық авиация ұшқыштардың орта жастары 40-45 жастан артады, атап айтқанда әуе көлігін басқару үшін зейнеталды жас.

Азаматтық авиация мұқтаждығы үшін қажетті ұшу-кадрлық әлеуетін дайындау.
Су көлігі саласында порттық инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, кеме қатынасы шлюздерінің техникалық қауіпсіздіктің жеке талаптарына сәйкес келмеуі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңіз порттық қуаттарын ұлғайту, теңіздегі сауда флотын дамыту, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысын салу, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Шешу жолдары:

Атап айтқанда Құрық портты дамытудың екінші фазасын іске асыруды аяқтау қажет, оны пайдалануға енгізу Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Отандық сауда флотының тоннажын арттыру мақсатында жаңа кемелерді, атап айтқанда құрғақ жүк кемелерін және паромдарды сатып алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы шараларды іске асыру сауда флотының Ақтау және Құрық порттарынан жүктерді теңізбен тасымалдауда үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кеме қатынасының қазақстандық сулардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін кеме қозғалысын координациялау навигациялық жүйелерін құру және кейін оларды Ақтау портында интеграциясы қажет етіледі. Осы жүйе мақсаттарының бірі құтқару операцияларын басқару болып табылады.

Ішкі су жолдарында мемлекеттік техникалық флотын жаңартуды жалғастыру, кеме қатынасы шлюздардың қауіпсіздігін күшейту, оның ішінде Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылысын салу және Өскемен және Бұқтырма шлюздарын күрделі жөндеу арқылы шаралар қабылдау.

Көліктік бақылау органдардын жеткілікті материалдық-техникалық жабдықталмауы бақылауды тиімді жүргізуге теріс әсерін тигізуде және су көлігінде авариялықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермеуде.

Тиесілілік табелімен көзделген 28 арнайы су көлігінің көліктік бақылаудын аумақтық органдары теңгерімінде барлығы 12 кеме бар, олардың ішінде тек 5 қызметтік кеме техникалық жарамды күйде.
Автомобиль көлігі саласында инфрақұрылым объектілері мен көліктің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, қауіпсіздік шараларына жеткіліксіз түрде тиімді бақылауды сақтау көліктегі қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын күрделі ретінде анықтайды.

Жалпы қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелердің көмегімен жүк және жолаушылар тасымалдарының мониторингін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады.

Көліктегі авариялылықтың деңгейіне себекер болатын негізгі факторлар:

1) көлік процесіне қатысушылардың біліктілігінің жеткіліксіздігі мен тәртібінің төлендігі;

2) тасымалдарды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;

3) бақылау органдарының материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтандырылуы;

4) көлік құралдарының физикалық тозуы және қанағаттанарарлық емес техникалық жай-күні мен тозуы.

Заңнамалық деңгейде тұрақты жолаушылар маршруттарындағы іске қосылған автобустарды жаңарту бойынша, сондай-ақ автокөлік саласында автоматтандыруды дамыту бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Басқа мәселе саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту болып табылады, 2016 жылда 80%-ды құрады (6 623 ауылдық елді мекенге 5 299 бірлік).

Халықтың мобильділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым мен автомобиль жолдарын дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз ету қажет.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен 5 автовокзал, 29 автостанция, 103 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 968 такси тұрақтарын салу қөзделген.

Осы шаралар тұрақты халықаралық, облысаралық және облысішілік автобус маршруттарының санының көбейуін қамтамасыз етеді, бұл саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық (100%) қамтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, тұрғындарға көрсетілетін қызметтер процесін оңтайланыру мен сапасын жақсарту мақсатында жолаушыларды электрондық билеттендіруге көшу және маршруттарды онлайн диспетчерлендіруді дамыту жүзеге асырылатын болады, ол жолаушыларға тасымалдау процестері туралы ақпарат беруді автоматтандыруды камтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Бағалық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.

Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.

Теңіз тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.


Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Осы тәукелді төмендету үшін озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттар, көлік активтерін жаңғыртуды енгізуді талап етеді;

ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Құтқару жұмыстары мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу; «Облжолзертхана» РММ техникалық қамсыздануын ең жақсы халықаралық тәжірибелер негізінде жоғарылату;

Автожол саласын қабылданған техникалық шешімдердін өмірлік циклін мониторингтеу мүмкіндігімен басқару процесінің автоматтандыру;

Мемлекеттік білім беру бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» шеңберінде автожол саласындағы инновацияларды басқару бойынша мамандарды дайындау;

Субстандарттық кемелерді пайдалануға қатысты талаптар қатандату.


Жоғарғы пайдаланушылық жүктеудің салдарынан көлік инфрақұрылымының өндірістік қуатының төмендеу қаупі

Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу;

Сауда флотын толықтыру, кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу;

ИКАО (қауіпсіздікті арттыру) санаты бар әуежайлардың санын ұлғайту.



3-стратегиялық бағыт. Құрылыс саласын және тұрғын ұй-коммуникалдық шаруашылықты дамыту

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасы қабылдады (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі міндеті ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, есептердің бірыңғай қағидаттарын (еурокодтар) қолдана отырып нормативтерді пысықтау және әзірлеумен, қатаң ұйғарылған әдістен еуропалық елдерде қабылданған икемді параметрлік әдіске өту болып табылады.

Тұжырымдама реформаның іске асырылуын 3 кезеңде қарастырады:

I кезең - 2013-2014 жылдар;

II кезең - 2015-2020 жылдар;

III кезең - 2021-2025 жылдар.

Бірінші кезең - дайындау (2013 - 2014 жылдар). ҚР ҚН EN құрылыс нормаларының жиынтығын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған қағидалар көздейді жинағын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіру және еурокодтарға ұқсас ережелер жинағын, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаны әзірлеу кіретін құрылыс саласының жаңа нормативтік базасы бекітілді.

Екінші кезең - 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің 2020 жылға дейін «қатар әрекет ету кезеңі».

«Қатар әрекет ету кезеңіне» жаңа нормативтік базаны практикалық мақұлдау, оның ішінде оларды енгізудің тұрақты және тиімді процесін құру, мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру, даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету кіреді.

2016 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінде өткен кеңес хаттамасының 3.5) тармақшасына сйкес Еурокодтарды енгізу мерзімі 2019 жылдың соңына дейін қысқартылды, құрылыс нормалары және қағидаларын (ҚНжҚЕ) жою жүзеге асырылады.


Үлгілік жобаларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

Үлгілік жобаларды көп рет қолданудың орындылығы мен экономикалық тиімділігі үлгілік жобаларды әзірлеудің басты мақсаты болып табылады.

Үлгілік жобалар мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша не бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әзірленеді және бекітілгеннен кейін оларды қолдану және тарату үшін салалық мемлекеттік органдарға (өтінім берген тапсырыс берушілерге) жіберіледі.

Үлгілік жобаларды әзірлеу және оларды енгізу жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік объектілердің үлгілік жобаларын әзірлеуге тұрақты негізде қаражат бөліп отырады (сумен жабдықтау және су бұру объектілері, ауылдық мәдениет үйі, тұрғын үйлер, балабақшалар, емханалар, мектептер, мамандандырылған түзету мекемелері, Азаматтық қорғаныс объектілері және т.б)

Айталық, 2014 жылы 103 бірлік, 2015 жылы – 183 бірлік үлгілік жоба әзірленді, 2016 жылы 45 бірлік әзірленеді.


Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық құн. Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуі тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына арналған экономикалық қатынастардың негізгі элементі.

Сметалық-нормативтік база құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады.

Сметалық есептеулердің анықтығын арттыру және құрылыс құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезінде құрылыс ресурстарының ағымдағы нарықтық бағаларына байланысты (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, механизмдерді пайдалану, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысы) құрылыстағы баға белгілеу жүйесінің реформасы жүргізіледі. Күрделі құрылыстың құнын бағалау жөніндегі жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында табысты пайдаланылатын ағымдағы бағалармен ресурстар шығындарын тікелей калькуляциялау әдісі қабылданды.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап Министрліктің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 450 бұйрығымен Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісі енгізілді.

Жаңа сметалық-нормативтік базаға өту мақсатында 2014 жылы – 36 бірлік, 2015 жылы – 48 бірлік, 2016 жылы – 42 бірлік норматив әзірленіп, оларды ғылыми-техникалық кеңес мақұлдап бекітті.

Ресурстық әдіске өту шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді, 16 нормативтік құқықтық акті және 350 сметалық-нормативтік құжат әзірленді және бекітілді.

Ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін Республиканың 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізілуде.

Жаңа нормативтік базаны енгізуге байланысты жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталар әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды өзектілендіру мен жаңарту бойынша қарқынды жүйелі жұмыс жүргізу талап етіледі. Негізгі жаңа технологиялар бойынша жаңа сметалық нормалар әзірленуі тиіс технологиялық карталар мен еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет.


Сәулет және қала құрылысы.

Сәулет және қала құрылысының саясаты Қазақстан Республикасының аумағын дамытуды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған.

2013 жылы аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдерге Қазақстан аумағын ұйымдастырудың басты жобалық шешімдері қысқаша баяндалған, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталып, бекітілді.

Бас схеманың негізгі жобалық шешімдері аумақтарды дамытудың өңіраралық схемалары мен облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары деңгейінде егжей-тегжейлі нақтыланатын болады.

2014 жылы Орталық және Оңтүстік аумақтың өңіраралық схемаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын «Қазақстан - 2050» Стратегиясын ескере отырып түзету (өзектендіру) әзірлеу басталды.

2015 жылы Орталық және Оңтүстік аумақтың өңіраралық схемаларын әзірлеу жалғасты және Қазақстан Республикасы Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу басталды, Алматы агломерациясының аумақтық даму өңіраралық схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталды және бекітілді.

2016 жылы Орталық және Оңтүстік өңірлерінің өңіраралық схемалары, Астана агломерациясының өңіраралық схемасы және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (өзектендіруді) түзету бойынша әзірлеу аяқталды. Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Ақтөбе мен Шымкент агломерацияларының аумақтық

өңіраралық дамытудың схемасын әзірлеу басталды.

2017 жылы Батыс өңірдің өңіраралық схемасы мен Ақтөбе және Шымкент агломерацияларының аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын аяқталуы көзделуде.

Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесіне кіреді және аумақтардың бұрынғы және қазіргі кездегі жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құруды және жүргізуді қамтамасыз ету үшін 2014 жылғы 30 маусымда Үкіметтің № 736 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, ол мамандандырылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр жүргізу ұйымы ретінде айқындалып отыр.

Мәліметтерді жинақтау мен өңдеу кәсіпорнын қалыптастырудың жоспарлы кезеңі шамамен 3-4 жылды құрайды


2. Негізгі проблемаларды талдау

Нормативтік базаны, бақылау және қадағалау, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жүйесін қамтитын құрылыс саласындағы техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің барлық жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қала құрылысы мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың бұрыс ақпарат ұсынуы

Ақпараттық деректердің жинақталуы мен толтырылуына бақылауды күшейту


Тұрғын үй құрылысы саласы

Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Тұрғын үй құрылыс саласы басым секторларының бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама іске асырылу кезеңінде 8 128,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға енгізілген, ол 114 мыңнан астам тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу схемалары әзірленді және қолданылуда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу қайта басталды, ЖАО мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылданды, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуына және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ-ді дамытуға және жайластыруға қолдау көрсетілді.

2016 жылы салынған инвестиция көлемі 829,6 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылы 6,7%-ға өсті.

2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2015 жылмен салыстырғанда 17,6 %-ға артып, 10 512,6 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 9 140,2 мың шаршы метрін немесе 87,0 %-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде халық 5 200,6 мың шаршы метрді пайдалануға берілді, бұл пайдалануға берудің жалпы көлемінің 49,4%-ын құрайды.

Барлығы республика бойынша 89 385 бірлік тұрғын үй, оның ішінде жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттар және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс шаралары негіз болды.

2016 жылы тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымды дамытуға 438,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан – 399,3 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 16,6 млрд. теңге және арнай резервтен 22,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға 966,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 14 мың астам пәтер берілді.

Бюджет қаражаты есебінен жоспардағы 222,3 мың шаршы метрден 256,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан басқа, 2016 жылға дейін қаржыландырылған алаңы 176,9 мың шаршы метр тұрғын үйді қосымша іске қосу қамтамасыз етілді. Осылайша, барлығы 432,9 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде: кредиттік қаражат есебінен 210,0 мың шаршы метр тұрғын үй, кезектегілер үшін 103,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, жас отбасылар үшін 63,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, «ҚИК» АҚ-ның 3,5 мың шаршы метр тұрғын үйі Қарағанды облысындағы бұзылу аумағынан тұрғындарды көшіру үшін 53,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2016 жылда тұрғын үй жағдайын жақсартты 7 мың адам.


2014-2016 жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі (млрд. теңге)




2014-2016 жылдар ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары (млн. шаршы метр)

2017 жылдан бастап жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталады, оған қолданыстағы тұрғын үй құрылысының тетіктері және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа кешенді тәсілдер интеграцияланды.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының артықшылығы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу болып табылады.

Жеке құрылыс салушылардың арзан кредиттік қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің құрылыс салушыларға беретін кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің субсидиялауы көзделіп отыр.

Халықтың төлем қабілетінің өсуін ынталандыру үшін субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесін қоса алғанда, коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттеуін арзандату бойынша шаралар әзірленді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуды қолдау мақсатында «револьверлік» қағидаты бойынша бұрын бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен тұрғын үй жинақтарының пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылады.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын қаражат бөлу жоспарлануда отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын қолдау үшін мемлекет бөлінген жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жалғасады.

Бірыңғай электрондық деректер базасын құру арқылы жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың санын оңтайландыру жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары әзірленді және 2016 жылғы 7 сәуірде қабылданды.

Тұрғын үйге халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы аталған заңдар үлескерлердің тәуекелін азайтады.

Бұл ретте үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың барлық тетіктері міндетті түрде тұрғын үй құрылысын аяқтауды және үлескерлерге оның үлесін беруді көздейді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күні бірқатар проблемалар шешілген жоқ, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар есебінде кезекте тұрғандардың тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеуі, тізімдік түгендеу жүргізу қажеттілігі, құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жеке инвестициялардың белсенді тартылмауы.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы құнының қымбаттауы

Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде: құрылысты индустрияландыру, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнын төмендету, үлгілік жобаларды қолдану және жобаларды қайта пайдалану, жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту

Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет қатысатын компаниялардың мемлекеттік инвестицияларды мемлекеттік игеруіне және тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманы орындауына мониторинг жүргізу


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

ТКШ саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

1) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі – КТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

2) желілер мен құрылыстардан (жүйелерден) тұратын, жылумен, сумен қамтамасыз етуді және су бұруды қамтамасыз ететін коммуналдық сектор.

Тұрғын үй секторы.

Статистика комитетінің деректері бойынша 2014 жылы республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 336,9 миллион шаршы метрді құрайды, оның ішінде 328,9 миллион шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі, 2015 жылы – 340,6 миллион шаршы метрді оның ішінде 332,4 миллион шаршы метрді немесе 97,5% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.

Жаңа тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар тұрғын үй қорының тозу процесі жүруде.

Осы мақсатта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама тетігінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қайтарымдылық шартымен мемлекет қатысатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жолымен кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін жөндеу көзделген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жөндеуді талап ететін кондоминиумдар объектілерінің үлесі 2014 жылы – 27,7 %, 2015 жылы – 27,1% және 2016 жылы – 26,08% құрады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2669 тұрғын үй жөнделді, тұратын халықтың баспана жағдайлары жақсартылды.

Коммуналдық сектор.

Жылумен жабдықтау. Екі құбырмен есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзақтығы 12 мыңнан астам километрді құрайды.

2011-2015 жылдары бағдарлама шеңберінде жылумен жабдықтау бойынша 102 жоба іске асырылды, республика бойынша 330 километр салынды және реконструкцияланды.

Бұл ретте жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын төмендету, сондай-ақ жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру мәселелерін шешу үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2016-2017 жылдары жылумен қамтамасыз ету және сумен қамтамасыз ету мен су бұру желілері бойынша 120 жоба іске асырылып, олардың ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша 33 жоба іске асырылуда, 1716,8 километр салынады және реконструкцияланады, сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 87 жоба іске асырылуда, 1613 километр салынды және реконструкцияланды.

Сонымен бірге, энерго, -ресурс үнемдеу технологияларды, инновациялық жабдықтар мен материалдарды көрсету алаңы болып табылатын 2017 жылы Астана қ. Энерготиімділік орталығының құрылысы аяқталады.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-құрылымдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін бұл орталықта 4 лабораторияны құралдандыру көзделеді: сумен жабдықтау және су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және коммуналдық қалдықтар.


2. Негізгі проблемаларды талдау

Тұрғын үй секторы. Негізгі проблемалары халықтың КТҮ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша хабардарлығының төмендігі; тұрғын үй қорының тозушылығы; тұрғын үй шаруашылығы саласының мамандарының білім деңгейінің төмендігі болып табылады.

Коммуналдық сектор.



Жылумен жабдықтау. Жылумен жабдықтау саласы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатының негізгі рөлін атқарады.

Жылу желілерінің жоғары тозуы, бүкіл ұзақтығынан 57% дан 100% тозу бар. Нәтижесінде, кейбір өңірлерде 30% -ға дейін жетіп, үлкен нақты жылу жоғалту бар.

Жылумен жабдықтау жүйелерінің тозуы авариялар мен өмірлік қамтамасыз ету объектілерінің жұмысында ақауларды ұлғайтуға, кең таралған шамадан тыс материалдық техникалық ресурстарды, энергетика және судың жоғары шығындарына әкеледі.

Республика бойынша тұрғын үй қоры 48% -ға барлық есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде, тұтынылған жылу көлемін дәл есепке алу жоқ.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Желілер мен объектідегі авариялар мен тозу өсімі


Салынған, реконструкциялаланған жаңғыртылған желілер мен объектілердің көлемін ұлғайту

Ұй-жайлар пәтерлер меншік пелерінің күштерімен кондоминимум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру



Шекті дәрежеге дейін күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум обьектілері өсуінің ұлғаюы


Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде кондоминиум объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Сапасыз материалдарды қолдану, сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау


Құрылыс жобалары мен жылу жүйелерін, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын жобалау және іске асыруда бақылауды күшейту



Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – СРБМБ) бекітілді, оның шеңберінде халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету көзделген.

СРБМБ шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) (бұрын 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы) іске асыру көзделген.

Бағдарламаның іске асырылуын талдаудың нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қолжетімділіктің серпінді өсуі көрінеді. 2014-2016 жылдар аралығында сомасы 189,5 млрд тенге 522 сумен жабдықтау және су бұру жобалары іске асырылды.

Бүгінгі күні аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде қалаларда елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 86 %-дан 88%-ға, ауылдық елді мекендерде 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 50,3 %-дан 52,3 %-ға, сәйкесінше 2% және 2%-ға өсті.

2014-2016 жылдар аралығында барлығы 6 мың километрден астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және жаңғыртылды.





2014-2016 жылдары сумен жабдықтау және су бұру секторына инвестициялар көлемі (млрд.теңге)
Бұл ретте, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділіктің төмен көрсеткіштері ауылдарда: Павлодар (19,8 %), Қостанай (28,2 %), Батыс-Қазақстан облыстарында (36,3 %) және қалаларда Жамбыл (78,2 %) және Алматы облыстарында (79,3 %) байқалады.
полотно 2
2014-2016 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік (%)
Су құбыры желілерінің жалпы ұзақтығы республикада 67 856,7 километрді құрайды. Су құбыры желілерінің орташа тозуы 61 %. Сумен жабдықтау желілеріндегі шығындар 19 %-ды құрайды.

Сорғы станцияларының жалпы саны 4 364 құрайды. Республика бойынша 290 су тазалау құрылысы бар. Республика бойынша 694 пайдаланушы кәсіпорын бар. Барлығы республикада 868 – сумен жабдықтау және 311 су бұру бойынша қызмет көрсетуші мекеме бар.

Республикадағы кәріз желілерінің жалпы ұзақтығы 145 227,7 километрді құрайды. Оның ішінде 5 381,1 километр немесе 35,8 % толық ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілерінің орташа тозуы 65-70 %-ды құрайды. Ағынды сулардың нормативтік-тазартылған деңгейі 76,9 %-ды құрайды.

Кәріз-сорғы станцияларының жалпы саны 1 153 құрайды. Республика бойынша 332 кәріз-тазарту құрылысы бар.




Республикадағы желілердің жалпы ұзақтығы (км)
2015 жылғы 15 маусымда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға, осы саладағы құқықтық реттеудегі жетіспеушілікті және фрагментарлықты жоюға, сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, республиканың индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын осы салада энергия және ресурстарды үнемдеу технологияларын пайдалануға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында су арналарының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке көшу жұмысы жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін қажетті құқықтық негіздер әзірленді.

Айталық, осы секторға жеке инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы ЕҚДБ-мен Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша шарттарға қол қойылды. Жұмыстардың басталуы 2015 жылғы екінші тоқсанға жоспарланды. Сондай-ақ Семей, Петропавл қалаларының әкімдіктері сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға ЕҚДБ-мен шарттарға қол қою бойыша жұмыстар жүргізуде.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы негізгі проблемалар:

1) су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы (25 жыл нормативтік пайдалану мерзімін ескере отырып, сумен жабдықтау желісінің 36%-ы жұмыс істеп тұр, ал 64%-ы күрделі жөндеуді немесе толығымен алмастыруды қажет етеді);

2) су бұру желілеріндегі авариялылықттың жоғары деңгейі;

3) ресурстарды тұтынуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

4) саланың технологиялық артта қалуы, оның ішінде энергия және ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар мен іс-шараларды қолдану практикасының нашар болуы;

5) бюджеттен тыс көздерден желілерді және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру көлемдерінің жеткіліксіз болуы;

6) сектордың инвестициялық тартымдылығының болмауы болып табылады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Сумен жабдықтау көздерінің жеткіліксіздігі

Іздеу-барлау жұмыстарын уақтылы жүргізу.

Ашық су көздерін қолдануды бақылау бөлігінде ҚР АШМ-мен өзара іс-қимылды күшейту.

Судың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін су есептеуіш аспаптарды міндетті түрде орнатуды заңнамалық бекіту мәселесін пысықтау.


Сапасыз материалдардың қолданылуы, мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізуі

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау жобаларын жобалау және іске асыру кезінде бақылауды күшейту




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет