Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі



бет2/30
Дата07.03.2018
өлшемі5.19 Mb.
#20426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2014 жылы еліміздің электр энергиясын жалпы тұтынуы 75 242 856,0 мың. кВт сағ. құрады. 1-кестенің көрсеткіші бойынша өнеркәсіп секторы энергияның негізгі электр тұтынушысы болып табылады.

кесте 1




Атауы

Электр энергияны тұтынуы

2012 ж.

Электр энергияны тұтынуы

2013 ж.

Электр энергияны тұтынуы

2014ж.




Жалпы тұтынылды

мың кВт.сағ.

82 990 093,3

79 091 712,5

75 242 856,0

%

100

100

100

1

Өнеркәсіп

мың кВт.сағ.

57 656 162,3

54 466 817,9

57 740 298,6

%

69,5

68,8

67,7

2

Тұрғандар

мың кВт.сағ.

10 085 385,0

10 549 649,9

11 360 477,7

%

12,1

13,3

15,4

3

Қалған салалар (құрылыс, сауда, транспортжәнет.б.)

мың кВт.сағ.

15 248 546

14 075244,7

16 204 082

%

18,6

17,8

16,4

Өнеркәсіптік секторларда электр энергияны тұтыну үлесі 68,8 %-ды, алайда Еуропалық одақелдерінің бұл көсеткіші орташа 25,1%-ды құрайды(мысалы, Халықаралық энергетикалық агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2013 жылы электр энергияны өнеркәсіпте тұтынудың үлесі Ұлыбританияда - 30,9 %-ды, Грецияда - 23,2 %-ды және Эстонияда - 31,5%-ды құрады).

Энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру саласында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы қабылданды, нормативтік-құқықтық база құрылды, «Энергия үнемдеу – 2020» Бағдарламасы қабылданып іске асырылуда.

Кешендік жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған 16 өңірлік, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» бағдарламасы және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының энергия үнемдеу жоспарлары іске асырылуда.

Энергия үнемдеуді дамыту институты, энергия тиімділігінің
3 демонстрациялық орталықтары - институтционалдық негіз құрылды. Еліміздің бес жоғары оқу орындарындаэнергия тиімділігі бойынша мамандықтар ашылды. Дүниежүзілік банкімен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкімен бірігіп энергия тиімділігі бойынша жобалардың іске асыруы бастады, сондай-ақ 2015 жылдың басында БҰҰДБ-ның жобаларын дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

Еліміздіңірі энергия тұтынушыларының Мемлекеттік энергетикалық тізілімін құру «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының негізгі нормасы болып табылады. Тізілімнің негізін еліміздің 70%-дан астамэлектр энергиясын тұтынатын өнеркәсіп секторы құрайды.(мысалы, тұрғындар – 12%, көлік секторы – 5%). 62 ірі өндірістік кәсіпорындарыеліміздің жалпы энергия тұтынудың 36%-ын тұтынады («ENRC»корпорациясы, «Казахмыс» ЖШС, «Казцинк» АҚ және «АрселорМиттал»АҚ тұтас алғанда жалпы тұтынудан 26 млрд. кВт*сағ. электр энергиясын тұтынады. Бұл еліміздегі тұтынудың 22%-ын құрайды).

Заңнамаға сәйкес бүгінгі күнде 2266-дан астам заңды тұлғалар энергия аудитін жүргізуде және қорытындылары бойынша бес жылдық энергия үнемдеу жоспарын әзірлеп іске асыруға тиісті.

Жалпы, индустрияландырудың бірінші бесжылдығының кезеңінде елдің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын іске асыру 18,6%-ға төмендеді.

Негізгі проблемаларды талдау

Республиканың өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының көншілігіескірген технологияларды және тозу дәрежесі елеулі жабдықты пайдаланатыны, энергия шығынының көздерінің бірі болып табылатын елеулі тозу дәрежесімен жабдықтарды (жабдықтардың физикалық тозуы – 45-60%) пайдалануы өнеркәсіп секторы электр энергияны тұтынудың жоғары көрсеткішінің маңызды себебі болып табылады.Осылайша ісжүзінде барлық өнеркәсіптік салалардағы жабдықтарды жаңғыртуда жоғары тапшылық энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларын дамытудағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

Электрлік және жылу энергиясындағы экономиканың тапшылығының өсуі экономиканың барлық секторларында энергия үнемдеуді насихаттау және дәріптеудіңжеткіліксіздеңгейінен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріненжеткіліксіз хабардарболуы салдарынан тұрғындардың электрмен жылу энергиясын тиімсіз және ұтымсыз пайдалануы, сондай-ақ Қазақстанның энергияны тұтынуының өсуіне әкеп соқтырады.

Жоғарыда көрсетілген проблемалар еліміздің жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы көрсеткішіне әсер етеді. Қазақстан Республикасы осы көрсеткіш бойынша әлемнің дамыған елдерінен ғана емес, сонымен қатар экономикаларының құрылымы Қазақстанға өте жақын Ресей, Белоруссия сияқты елдерден айтарлықтай артта қалуда (тиісінше 1,3 және 1,5 есе). Осы көрсеткіш энергия тиімділігін арттыруына кедергі келтіреді, елдің энергетикалық қауіпсіздігінің төмендеуіне және экономикалық өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін. Сонымен Халықаралық энергетикалық агенттігінің статистикалық деректеріне сәйкес 2012 жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссияның жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығыкөрсеткіші сәйкесінше 2005 жылғы бағалардағы АҚШ-тың мың долл. 0,86, 0,77 және 0,66 т.н.э. құрады (мұнай баламасының тоннасы.) Бұл көрсеткіш энергия тиімділігін арттыруға кедергі жасаумен қатар елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өсу мазмұнын төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Осы проблеманы шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасыменжалпы ішкі энергияны көп қажет ететін өнімді 2015 жылға қарай кем дегенде 10%-ға және 2020 жылға қарай 25%-ғатөмендету жөнінде міндет қойылған.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Көмірсутекті шикізаттың, ішкі экономикалық факторлардың бағаларының ауытқуы, жалпы әлемдік экономиканың жағдайы сияқты елдің экономикасының энергия тиімділігінің көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Осылайша, 2009 жылы әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергияны көп қажет етуі 2008 жылға қарағанда 8%-ға төмендеді, яғни энергияны көп қажет ететін өнімдердің өндірісітөмендеді, бұл тиісінше бастапқы энергетикалық ресурстарды тұтынуға елеулі әсер етті.

Еліміздегі көмірсутекті шикізаттарға арналған бағалар, еліміздің өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының ескірген энергия тиімсіз жабдықтарын пайдалануы, өнімділікті ұлғайту осы салаларды дамытуға әсер ететін ішкі факторларға жатады.
Өнеркәсіп салаларын дамыту

Тау-кен металлургия кешенін дамыту

Тау-кен металлургия кешені (бұдан әрі – ТМК) еліміз экономикасының басты салаларының бірі және инвестициялаудың тартымды объектісі болып қала береді. ТМК дамытудың айқын әлеуметтік сипаты бар. Қазақстанның өнеркәсіп секторында 300 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2012 жылы 1 935 млрд. теңгені, 2013 жылы 1 772,1 млрд. теңгені, 2014 жылы 1 915,2 млрд. теңгені құрады.

Метал кенін өндіру көлемі 2012 жылы 691,8 млрд. теңгені, 2013 жылы 786,1 млрд. теңгені ал 2014 жылы 882,3 млрд. теңгені құрады.

Дайын металл өнімдерін өндіру көлемі 2012 жылы 127,4 млрд. теңгені, 2013 жылы 169,9 млрд. теңгені, 2014 жылы 150,16 млрд. теңгені құраған.

Металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2012 жылы 18 304 мың АҚШ долларын, 2013 жылы 15 556 мың АҚШ долларын, 2014 жылы 16 971 мың АҚШ долларын құрады.

Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылы 118 АҚШ доллары/адамға, 2013 жылы 105,2 АҚШ доллары/адамға, 2014 жылы 84,2 АҚШ доллары/адамға құраған.

Экономикалық көрсеткіштердің өсу тұрақтылығын Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны 2010 жылдан бастап жүзеге асыра бастағаннан және индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды іске қосудан көруге болады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде энергетикалық және көліктік инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету, кәсіби мамандарды даярлау бойынша шаралар, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мен инвестиция тарту бойынша жағдай жасау және техникалық реттеу саласын жетілдіру арқылы саланы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар көзделген.

Министрлік тұрақты негізде саланың жүйе құраушы кәсіпорындарының ағымдағы қызметтері және жаңғырту жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оның шеңберінде қаржы, салық салу, кедендік баж, көлік, логистика, теміржол тарифтері, экология, еңбек қатынастары, жер қойнауын пайдалану, энергетика мен энергия тиімділігі мәселелері көзделген.

Негізгі проблемаларды талдау

Бүгінгі күні ТМК-де саланы баяулататын машиналардың, тетіктердің, жабдықтардың үлкен көлемде импортталуы, дайын өнімге деген сұраныстың болмауы, тұтынушылар сұранысының төмендеуі, ТМК өнімдерін тасымалдауда МЖС қызметтерін реттейтін теміржол тарифінің жоғары болуы, минералдық-шикізат базасының тозуы, сондай-ақ бірінші кезекте орта техникалық буын мамандары бойынша білікті мамандар тапшылығы тәрізді бірқатар проблемалық мәселелер бар, бұл металдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушылары – машина жасау, жабдықтар жасау және құрылыс индустриясы салаларының дамуын тежейді.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Саланың дамуына негізінен ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: ел ішіндегі және шетелдегі саяси және экономикалық жағдайлар.

Иран бағытындағы күрделі жағдайдың сақталуы өнім өндіру көлемін ұлғайтуда қиындық тудырады.

Халықаралық нарықтағы күрделілік өнімді экспорттаудан көрініс тапты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «АЛЗ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС сияқты қара металлугия кәсіпорындарында өндіріс қуатының төмендегені байқалады.

ТМК дамуына әсер ететін ішкі факторларға өнімді ішкі нарықта өткізу, сауда үйлері мен өкілдіктер арқылы өнімді сату желілерін ұлғайту жатады, орта және шағын бизнес саласында жұмыс істейтін компанияларды дамыту үшін металл өңдеуге және металл илектеріне қажеттілікке бағытталған қосалқы аймақты ұйымдастыру бойынша база құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сондай-ақ, саланың дамуына ішкі факторлар әсер етеді, оларға кадрлық саясатты жатқызуға болады, ол кадрларды даярлау мен қайта даярлау, біліктілікті арттыру, сәйкестікті растау.

Бүгінгі күні тау-кен металлургия саласы үшін мамандарды дайындауды техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 11 мамандық пен 20 астам біліктілік бойынша 5 жоғарғы оқу орны мен 18 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.
Машина жасау саласының дамуы

Соңғы жылдары машина жасау елімізде серпінді дамып келе жатқан салаға айналды. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырған жылдары машина жасау өндірісінің көлемі 2012 жылы 657,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 853,9 млрд. теңгеге ұлғайды, 2014 жылы өндіріс көлемі 869,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2012 жылы саланың еңбек өнімділігі бір адамға 22,7 мың АҚШ долларын, 2013 жылы – 24,3 мың АҚШ долларын, 2014 жылы – 17,0 мың АҚШ долларын құрады.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің республикалық көлемінде машина жасау үлесі 2012 жылы 14,9%-ды, 2013 жылы – 18,8%-ды, 2014 жылы – 18,6%-ды құрады.

Машина жасау саласында өнімнің мынадай жаңа түпкілікті түрлері игерілді: ұтқыр бұрғылау кешендері, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары, бидай тасығыштар, контейнер тасығыштар, бульдозерлер, тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар.

Министрлік тұрақты негізде Индустрияландыру картасының жобаларының және машина жасау кәсіпорындарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады, проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді.

Негізгі проблемаларды талдау

Отандық машина жасау саласын дамыту мынадай жүйелік сипаттағы бірқатар проблемалармен үйлеседі:



  • өнімнің қазақстандық кәсіпорындардың жоғары емес технологиялық және инновациялық әлеуетіне байланысты бағасы мен сапасы бойынша төмен бәсекеге қабілеттілігі,

  • жеткізушілердің экожүйесі мен меншікті компонентті базасының дамымағандығына байланысты өндірістік өнімнің оқшаулау және қосылған құн деңгейінің төмендігі,

  • саланың баяу өсуіне әкелетін кәсіпорындарды дамыту үшін жеткілікті қаржыландырудың жетіспеушілігі,

  • техникалық реттеу жүйесінің жеткіліксіз дамуы,

  • қолда бар және жаңа құрылған кәсіпорындардың өсуі үшін білікті кадрлардың тапшылығы.

Сала дамуының негізгі шектеулерден өту үшін ЕЭО және Орталық Азия елдерінде машина жасау өнімдерінің экспортын ынталандыру, өндірістерді оқшаулауға ірі шетелдік инвесторларды белсенді тарту, қаржыландыру қол жетімділігін қамтамасыз ету, сала кәсіпорындарының технологиялық жаңғыртуды және бәсекеге қабілеттілікті арттыруды жүргізу, саланы қажетт кадрлармен қамтамасыз ету қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қазақстанда қазіргі кездегі машина жасау өнімдеріне деген сұраныс негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады. Сондықтан отандық машина жасау саласының дамуына ықпал ететін негізгі фактор алыс және жақын шет елдер (Қытай, Ресей, Беларусь) тарапынан бәсекелестік болып табылады. Саланың дәстүрлі әлемдік көшбасшыларын (АҚШ, Германия, Жапония) Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Бразилиядан келген жаңа ойыншылар шегіндіре бастады.

Әлемдегі тұрақсыз саяси және экономикалық жағдай қазақстан экономикасының өсу қарқынын баяулатуға және машина жасау өсімінің болжамдарын нашарлатуға басты фактор болуы мүмкін. Бұдан басқа, ДСҰ-ға кіру отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін шектейді.

Ішкі факторларға ел ішіндегі сұраныстың төмен деңгейін, инвестициялық белсенділіктің төменгі қарқынын, Қазақстан мен басқа елдердегі кәсіпорындар арасында пайдаланылатын технологиялардағы шикізат пен электр энергиясына кідірістердің өсуінен алға озуларды, қазақстандық өндірушілердің бағалық артықшылығын төмендететін алшақтықтың ұлғаюын, отандық оқу орындарындағы дайындықтың нашар деңгейін жатқызуға болады.

Проблемалық мәселелерді шешу жолдары: мемлекеттік ден қоюдың жедел шараларын қабылдау үшін саланың және әлемдік үрдістердің тұрақты мониторингі; өндірістік қуаттарды құру және/немесе кеңейту үшін басым тауарларды айқындау; қарқынды өсіп жатқан нарықтардағы (АӨК-ге арналған жабдықтар және электрлік-техникалық жабдықтар) салалық сегменттердің озық дамуы; машина жасау өнімдерінің экспортын қолдау және дамыту, машина жасаудағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мамандарды оқытудың кәсіби стандарттарын енгізу, ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, ірі құйма өндірісі және жалпы Қазақстан Республикасында дайындау өндірісі үшін қуаттар құру.


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының дамуы

2012-2014 жылдар арлығында өзге де металл емес минералдық өнімдердің өндіріс көлемі 45,8% дейін өсті. (2012 жылы - 310,0; 2013 жылы – 402,1; 2014 жылы – 452,1 млрд. теңгені құрады).

2012-2014 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінде жалпы қосылу құны (келесе – ВДС) нақты түрінде 39,5% дейін өсті. (2012 жылы - 257,2, 2013 жылы – 313,9, 2014 жылы – 358,7 млрд. теңгені құрады).

2012-2014 жылдар арлығында жалпы ресурс көлемінде отандық өндірістің көлемі 68,3% дан 71,9% дейін жоғарылады. (2012 жылы - 68,3, 2013 жылы – 72,0, 2014 жылы – 71,9 пайызбен құрады).

2012-2014 жылдар арлығында өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігі нақты түрінде 6,3% дейін өсті. (2012 жылы - 30,3, 2013 жылы – 33,3, 2014 жылы – 31,9 мың. АҚШ долл. Құрады).

2012-2014 жылдар үшін карта индустриализация шеңберінде эксплуатацияға 115 жоба енгізілді.

Негізгі мәселелердің талдауы

Ағымдағы күнде сала дамуының баяулататын сұрақтары мәселелерінің қатары құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары саласында бар.

1. Кәсіпорында, сондай-ақ индусриализация Карта жобасының іске асырылуы арқылы құрылыс индустриясында кәсіпорын жұмыстарына жағымсыз әсер көрсететін қаржы мәселелері кездеседі.

2. Саланың жалпы дамуына кері әсері, сұраныстың төмендеуі, құрылыс материалдары өндірісінің маусымдағы күз-қыз мезгілдерінде кәсіпорындардың жүктемесіне кері әсерін тигізуі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

3. Технологиялық құрал-саймандардың тозуы нәтижесінде өндірістердің технологиялық құралдандыруының және жаңартуының қажеттілігі.

Бұл мәселелердің шешілуі мақсаты индустриализация Карта шеңберінде модернизация өндірістерінің бағыты бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуы жасалуда. 2010-2014 жылдар мерзімінің эксплуатация кезінде 1 513 жұмыс орындарының шығарылуымен жалпы соммасы 1 364 млн теңге жиһаз өнімі және кірпіштің, темірбетон бұйым өндірісінің модернизациясы бойынша 6 жоба эксплуатацияға енгізілді және іске асырылған болатын.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 12 300 млн теңгеге «Карцемент» АҚ «құрғақ әдіспен» цемент өндірісі бойынша №5 технологиялық линияның шығарылуы іске асырылды.

Негізгі сыртқы және ішкі факторлар бойынша бағалау

Ішкі факторлар болып құрылыс материалдар өндірісіне әсер ететін жоғары көлік шығындары болып табылады, сондай-ақ СЭЗ аумағына үшінші елдерден баж салынбайтын әкелім, бәсекеге жарамдылығына әсер ететін салық және кеден бажынан босатылған.

Сол уақытта құрылыс материалдар өндірісі көлеміне келесі факторлар жағымсыз әсер көрсетеді: 2014 жылы ресейлік рубль девальвациясы өткеннен кейін Ресейден құрылыс материалдар импортының өсуі (цемент, ғаныш картон, шыны ыдыс, отқа төзімді бұйым, жылу изоляциялық материалдар, керамикалық кірпіштер); Орталық Азия елдерінде және Ресейде сатып алушылардың қабілеттілігінің төмендеуі, қазақстандық өнімдер экспортталған кезінде; Орталық Азия елдерінде ғаныш картон және жаңа цемент өндірісінің ашылуы.

Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібін дамуы

2012-2014 жылдар аралығында өру үшін материалдар және сабаннан жасалған өндіріс бұйымы, жиһаздан басқа тоз және ағаш бұйымдар өндірісінің көлемі 32,8% дейін өсті. (2012 жылы - 14,9, 2013 жылы – 15,7, 2014 жылы – 19,8 млрд. теңге құрады).

2012-2014 жылдар аралығында жиһаз өндірісінің көлемі 32,5% дейін өсті. (2012 жылы - 25,5, 2013 жылы – 35,0, 2014 жылы – 33,8 млрд. теңге құрады).

Негізгі мәселелердің талдауы

Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінде сексеуіл отырғызуға және қылқанды отырғызуға тыйым салу, шикізат тапшылығы, шетел алыстарынан ұқсас тауарлармен бағалары бойынша бәсекелесу отандық өнімнің қабілетсіздігі, кадр біліктілігінің тапшылығы, ең арзан және кейде сапасыз өнімге тендер өткізу арқылы мемлекеттік сатылым бойынша бағдарлау іске асырылады, ескі құрал-жабдықтар, сыртқы қаражат тапшылығы сияқты сала дамуының сұрақтар мәселелерінің қатары бар.

Импорт өнімінен ағаш өңдеу және жиһаз саласының тәуелділігін толығымен ЛДСП және ДСП шикізатының тапшылығы істейді.

2012-2014 жылдар мерзімі үшін ағаш өңдеу өнеркісібінің белсенді әрекеттегі кәсіпорындарының жалпы саны 15 данаға дейін төмендеді. (2012 жылы - кәсіпорындардың саны 310, 2013 жылы – 291, 2014 жылы – 295 құрады). Төмендеуі сыртқы қаражаттың тапшылығымен, шикізат тапшылығымен, ескі құрал-жабдықтармен, ағаш өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық жағымдылықтың жоқ болуымен байланысты.

2012-2014 жылдар мерзімі үшін жиһаз өнеркәсібінің белсенді әрекеттегі кәсіпорындарының жалпы саны 14 данаға дейін өсті. (2012 жылы - кәсіпорындардың саны 523, 2013 жылы – 515, 2014 жылы – 537 құрады).

Негізгі сыртқы және ішкі факторлар бойынша бағалау

Ішкі және сыртқы факторлар сияқты ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуы табысты және бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізеді.

Біріншіден толымдаушы және шикізат нарығынан Қазақстандық кәсіпорындардың алыстау қатары, талдау барысында сыртқы факторларды ескеру қажет. ОК елдерінен (Ресей, Белоруссия), Батыс және Шығыс Азиядан (Қытай, Түркия), Еуропадан (Украина, Латвия, Польша, Чехия, Германия, Литва, Австрия) тақта материалдары және жиһаз ұсақ-түйектері қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы уақытта теміржол көлігінің материалдары және шикізат тасымалдауының сұрағы қайралып тұр, т/ж тасымалдауына тарифтар 2013 жылдан бері 2 реттен жоғарыға дейін өсті. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін көлік логистикасынан отандық өндірушілерді тәуелді етеді.

Сондай-ақ, сыртқы факторлардың депингілік бағалары бойынша Украина және ОК елдерінен ҚР – да жиһаз өнімінің жеткізілімі болып табылады (шетелдік өндірушілер Белорусия және Украина СЭЗ аумағында әрекеттерін іске асырады және оларға салық жеңілдіктері ұсынылады).

Ішкі факторларға ағаш өңдеу технологиясы облыстарында білікті мамандардың тапшылығы, сала дамуына әсер етуін көрсететінін төмен инвестициялық белсенділікке апаруға болады.

Ағымдағы уақытта Алматыда ағаш өңдеу саласында мамандар дайындайтын Архитектура-құрылыс академиясында бір факультет және екі техникум бар.
Химия өнеркәсібін дамыту

Әлемдік химия өнеркәсібі соңғы жылдары анағұрлым құлдырауда және таяудағы 5-10 жыл ішінде оны біртіндеп қалпына келтіру болжанып отыр. ЭБДҚ-ның 2020 жылға болжамды деректері бойынша дамыған елдерде әлемдік өндіру және тұтыну үлесі ұлғаяды. Базалық химикаттың үлкен көлемінің өндірісі ЭБДҚ елдерінен анағұрлым ілгерілеуде, бұл ретте дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда өндіріс әлемдік химикат өндірісінен 31%-ды және әлемдік тұтынудан 33%-ды құрайды.

Қазақстандық химия өнеркәсiбiнiң құрылымы негiзгi химикаттар, тыңайтқыштар мен азот қосылыстары, пластмассалар және бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук, лактармен бояулар, тазартқыш және жуғыш құралдар, пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісінен тұрады. Негiзгi үлесі базалық химияға тиесілі – 67,9 %, оған хромнан, фосфордан, аммиактан, этил спиртiнен және т.б. жасалған өнімдер жатады; минералдық тыңайтқыштар – 7,3%, полимерлер, лактар және бояулар өндiрiсі, агрохимиялық өнiмдер және жуу құралдарын қоса алғанда тек қана 3,5 %-ды құрайды.

Химия өнiмінің өндірісі номиналды көріністе 2012 жылы 178,9 млрд. теңгеден 2013 жылы 184,9 млрд. теңгеге, ал 2014 жылы 230,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды және жоғары бөлiністерде химия өнеркәсібі өнімінің экспорты 2012-2014 жылдарда 8%-ға азайды (2012 жылы – 1 203,08 млн. АҚШ долл., 2013 жылы. – 1 059,1 млн. АҚШ долл., 2014 жылы. – 1 106,7 млн. АҚШ долл.).

ҮИИДМБ шеңберiнде жалпы сомасы 114,18 млрд. теңегеге 45 инвестициялық жоба іске қосылды.

Отандық химия өнiмінің ассортиментінде жаңа қажеттi химия өнімдерінің түрлері пайда болды, бұл – каустик содасы, натрий гипохлориді, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнімдер, бұл синтетикалық жуғыш заттар, жарылғыш заттар, агрохимиялық өнiмдер және т.б.

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Министрлік химия өнімдерін тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 208 химиялық өнім тіркелген.

КО шеңберінде химиялық өнімнің қауіпсіздігін КО қатысушы елдермен бірлесіп қамтамасыз ету мақсатында «Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» және «Лактау-сырлау материалдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің жобаларын әзірлеу және келісу жұмыстары жалғасуда.

Негiзгi проблемаларды талдау

Бүгiнгi күні химия саласында бірқатар жүйелi проблемалар бар:



  1. электр энергиясына тарифтің жыл сайын өсуі;

  2. тауар өнiмдерін тиеу үшiн темiржол вагондарының (жабық және жартылай вагондар) тапшылығы;

  3. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» АҚ) қызметтеріне тарифтердің тұрақты өсуі;

  4. отандық фосфорлы өнiмді экспорттау кезінде Қытай және ЕО-ның кедендiк баждары;

  5. өнiмдерді iшкi нарыққа өткiзу;

  6. Ресей Федерациясының есепке алу және тіркеуге рұқсат беру түрінде химиялық өнімді растауға бағалау жүргізу жөніндегі ұсынысы Кеден одағы Комиссиясының шешіміне қайшы келеді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті және табысты дамуына сыртқы және ішкі факторлар әсерін етеді. Сыртқы факторларды талдау кезінде Қазақстанның ЕО-дан алшақтығын, логистиканың жоғары құнын, экономикалық белсенділік төмендеген кезде әлемдік нарықта қатаң бәсекелестікті және т.б. ескерген жөн. Мысалға, ірі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» ЖШС өз өнімдерін өткізген кезде ЕО және Қытай тарапынан кедендік баждарға кезігеді, бұл отандық өнімді бәсекеге қабілетсіз етеді.

Еуропалық Парламенттің және ЕО Кеңесінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 978/2012 қаулысымен бекітілген «Преференциялардың басты жүйесі» атты жаңа бағдарламаның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуіне байланысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО Қазақстандық сары фосфорға 5,5 % мөлшерінде импорттық бажды белгілейді.

Жаңа бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы сауда преференцияларының бенефициарлары болып табылатын елдер тізбесінен шығарылды, себебі Қазақстан жаңа бағдарламаның 4-тармағында көрсетілген талаптарға жауап бермейді (Дүниежүзілік Банк жіктеуішіне сәйкес табыс деңгейі жоғары немесе орташадан жоғары елдер деңгейіне жетті). Қазақстанның сауда преференциялары бенефициарларының тізбесінен шығарылуы барлық Қазақстаннан келетін импортқа үшінші елдерге қолданылатын жалпы импорттық баж салынатынын білдіреді.

Қытай тек Қазақстаннан шығарылған фосфорлы тыңайтқыштарға ғана


1 % импорттық баж салығын және 13% ҚСҚ-ны белгілейді, бұл ретте басқа елдерде, мысалға АҚШ-та ҚСҚ төлемінен босатылды.

Бұл 2009 жылы өнімдердің көп түрі бойынша, оның ішінде тыңайтқыштар бойынша Қытайдың экспортты-импорттық саясатын қайта қарастыруына байланысты.

Саланың дамуына әсер ететін ішкі факторларға жыл сайын көтерілетін электр энергиясы тарифтерінің өсуін, тауар өнімдерін тиеу үшін теміржол вагондарының (жабық және жартылай вагондар) тапшылығын, «ҚТЖ» АҚ қызметтеріне тарифтердің үнемі өсуін, өнімнің ішкі нарықта сатылуын және т.б. жатқызуға болады. Көрсетілген проблеманы шешу үшін тау-кен, атом және көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен: ENRC, Қазақстан алюминийі, Қазхром, Қазақмыс, Шұбаркөл Көмір және т.б. отандық өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қою қажет.

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін ірі кәсіпорындарды («Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» ЖШС) жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша стратегиялық жобасы іске асырылуда, Жамбыл, Павлодар және Атырау облыстарында арнайы экономикалық аймақтар құрылуда.

Бұл шаралар озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге қабілетті химия өндірісін құруға, ішкі нарықты жоғары қосылған құны бар отандық өніммен толықтыруға, химия өнімінің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға бағытталған.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
pages -> № исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
pages -> Қазақстан республикасының
pages -> Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны
pages -> 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды
pages -> «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет