Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 5.19 Mb.
бет4/30
Дата07.03.2018
өлшемі5.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

4-стратегиялық бағыт

Туристік сала қызметін дамыту

Ағымдағы жағдайды талдау

Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша туризм дүниежүзілік ЖІӨ 9% (тікелей және жанама әсерін ескергенде), тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортының 6% иеленеді. Бұл салада шамамен 100,9 млн. адам жұмыс істеп келеді, сонымен қатар әлемдегі әрбір 11-ші жұмыс орны туризм саласында ашылады. Туризм, коммуникациялар және көлік, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты аралас салаларға әсерін тигізіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту және экономикалық диверсификациялаудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстанның туризм индустриясы белгіленген туристік кластерлерде бәсекелеске қабілетті туристік бизнеспен дамитын болады, онымен ішкі және халықаралық туризм нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын туризмнің кәсіби қызметкерлері айналысады.



Халықаралық тәжірібиеге сәйкес, әр мемлекет туристік ағындарды анықтау кезінде кіру және ішкі туризмді басымдыққа алады, бұл ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде ұлттық экономика теңгерімін жақсартуға үлесін қосады. Ішкі туризм сондай-ақ жалпы мүдделерді ұғынуды күшейтеді және жалпы елдің экономикасына жағымды ықпалын тигізетін қызмет түрлерінің дамуына әсерін тигізеді. Республика бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсу динамикасының оң ықпалы байқалады, егер 2012 жылы орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер барлығы 3 026 277 адамды құраса (олардан ішкі туризм бойынша 2 507 005 адам, кіру туризмі бойынша 519 222 адам), онда 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 307 752 адамды құрады немесе 109,3% (олардан 2012 жылғы ішкі туризмге 108,6%, 2012 жылғы кіру туризмге 112,9%), 2014 жылы осы көрсеткіш 3 808 894 адамды құрады немесе өткен жылға 115,1% % (олардан 2013 жылғы ішкі туризмге 115,0%, 2013 жылғы кіру туризмге 115,9%).

Сонымен қатар Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі (тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер ғана есептеледі) шамамен 0,9%-ды құрайды. 2014 жылы орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 72,6 млрд. теңгені құрады, немесе 2013 жылға (59,7 млрд. теңге) 121,6%, 2012 жылға (53,5 млрд. теңге) 135,7%. Орналастыру орындарындағы төсек-орын (біржолғы сыйымдылық) саны 2014 жылы 109094 төсек-орынды құрады немесе 2013 жылға (92 053 төсек-орын) 118,5% және 2012 жылға (83103 төсек-орын) 131,3%.

Республикаға келушілердің негізгі үлесі жеке және транзиттік саяхатшыларға келеді, туристік мақсаттағы келушілер серпіні ең аз үлесті қамтиды және тұрақсыз болып табылады.


Мақсаттары бойынша келу туризмі бойынша келушілер саны.

(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің деректері (шетелге қатынайтын көлік құралдарына қызмет көрсететін персонал есебінсіз).

Келушілердің мақсаттары

Келу туризмы бойынша келушілер саны

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы

6 163 204

6 841 085

6 332 734

одан: қызметтік

275 798

1 095 635

1 178 900

туризм

91 845

56 617

56 333

жеке

4 676 073

4 714 694

4 439 556

транзит

1 119 488

974 139

657 945

Өз кезегінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы қызмет бойынша жүрулердің тұрақты өсуіне жағдай жасайды.

Ішкі туризмнің және Қазақстанға бизнес-себептермен келген келушілердің сұранысын қанағаттандыру, сондай-ақ келу туризмін тартымды ету үшін, мемлекетке орналастыру орындарының санын, орналастыру орындарындағы төсек-орындар санын және көрсетілген қызметтер көлемін арттыру қажет. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде туристік және көліктік инфрақұрылымын, мемлекеттің автомагистральдарында жол бойы инфрақұрылымын дамытуда және туристік салаға инвестиция тартуда, туристік салада білікті қызметкерлер санының өсуінде көрінісін табады.

Негізгі мәселелерді талдау:

Қазақстан Республикасында туризм дамуының негізгі кедергілері келесілер болып табылады:

- туристік инфрақұрылымының нашар дамуының деңгейі (туристік тапты орналастыру орындарының және демалыс объектілерінің жетіспеушілігі, көптеген туристік объектілерің қанағаттандырылмағандық жағдайы, барлық дерлік автомагистральдардағы сапалы жол инфрақұрылымының жоқтығы);

- инвесторларға қол жетімді ұзақ мерзімді кредиттік инструменттердіңтуристік-рекрациялық кешен объектілеріне инвестициялардыинвесторлар үшін қолайлы мерзімде қайтаруға мүмкіндік беретін пайыздық мөлшерлеменің жоқ болуы;

- білікті кадрлардың жетіспеушілік салдарынан туристік индустрияның барлық секторларында қызмет көрсету сапасы жоғары емес (кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілік деңгейлерін көтерудің деңгейінің нашарлығы және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы, туристік сала үшін кадрларды даярлау сапасының төмендігі);

- шекарадан тыс Қазақстан имиджін көтеру стратегиясының біріңғай ойластырылған маркетингісінің жоқ болуы.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Келу туризмін дамытуда негізінен мемлекеттің ішіндегі сондай-ақ шекарадан тыс экономикалық және саяси жағдайы сияқты сыртқы факторлары әсерін тигізеді. Осы факторлардан көбіне туристік дестинациясы ретінде елдің туристік имиджінің көтерілуі немесе төмендеуі тәуелді, бұл өз кезегінде туристік объектілерінің құралыс қарқындарының төмендеуіне (тоқтатылуына) әкелуі мүмкін.

Туристік саланың дамуына әсерін тигізетін ішкі факторларға елдің экономикалық жағдайы, форс-мажорлық жағдайының пайда болуы, кадрлық саясат, отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингі және құқықтық реттеулер жататы.
5-стратегиялық бағыт

Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын және транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Ағымдағы жағдайды талдау

Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2015 жылдың қаңтар-қазанына 2 850,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-қазаны көлемінен 8,7% артық. 2013 жылы 3 277,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың көлемінен 8,7% артық.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушыларды тасымалдау 2015 жылдың қаңтар-қазанына 2 850,8 млн. адам құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-қазаны көлемінен 1,03% артық. 2013 жылы 20 001,5 млн. адамды құрады.
Теміржол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың қашықтығының алыс болуы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.

2013-2015 жылдары Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 14,8 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34 %), электрлендірілген желілер –
4,2 мың км (28 %), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк тасымалдылығы – 21,8 млн. тонна-км құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тасымалданған жүктер

млн. тонна

267,7

(+8%)


279,6

(+4,4%)


294,7 (+5,4%)

293,6

(-0,4%)


275,2

(-6,3%)


Жүк айналымы

млрд. ткм

213,2

(+8%)


223,6

(+4,9%)


235,8

(+5,4)


231,2

(-2%)


216,5

(-6,4%)


Жолаушылар жөнелтілді

млн. жолаушы

15

(+7,1%)


16,5

(+10%)


19,5

(+18,1%)


20,4

(+4,6%)


20,1

(-1,5%)


Жолаушылар айналымы

млрд. жкм

13,9

(+8,3%)


14,6

(+4,7%)


16,7

(+14%)


16,96

(+1,5%)


16,4

(-3,3%)


Кірістер

млрд. теңге

518,6

(+19%)


712,1

(+37,3%)


819,3

(+15%)


893,7

(+9%)


936,1

(+4,7%)

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60%-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20% құрайды.

Теміржол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:

магистральдық теміржол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда, теміржол көлігін нарыққа бейімдеу;

тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен теміржол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;

теміржол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының теміржол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:

шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінді және жергілікті билік органдарына берілді;

жөндеу кәсіпорындары бәсекелі секторға бөлінді;

жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша локомотивтер паркінде
1 874 локомотив, оның ішінде 449 бірлік электровоз, 1 425 бірлік тепловоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 67,5 %-ға жететін жоғары тозумен сипатталады.

2013 жылдың қорытындылары бойынша локомотивтер паркінде


1 892 локомотив, оның ішінде 556 бірлік электровоз, 1 336 бірлік тепловоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 66,7 %-ға жететін жоғары тозумен сипатталады.

2014 жылдың қорытындылары бойынша локомотивтер паркінде


1 800 локомотив, оның ішінде 554 бірлік электровоз, 1 246 бірлік тепловоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 64,4 %-ға жететін жоғары тозумен сипатталады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 127 045 бірлікті құрайды, оның ішінде 66 914 бірлік немесе 52,6 % – мүкәммалдық, ал 60 131 бірлік немесе 47,4 % жеке меншік болып табылады. Жүк вагондарының мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы оның 48,3 %-ға жететін әбден тозуы болып табылады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 128 250 бірлікті құрайды, оның ішінде 64 786 бірлік немесе 50,5 % – мүкәммалдық, ал 63 464 бірлік немесе 49,5 % жеке меншік болып табылады. Жүк вагондарының мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы оның 47,7 %-ға жететін әбден тозуы болып табылады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 128 250 бірлікті құрайды, оның ішінде 61 356 бірлік немесе 50,5 % – мүкәммалдық, ал 63 464 бірлік немесе 49,5 % жеке меншік болып табылады. Жүк вагондарының мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы оның 47,7 %-ға жететін әбден тозуы болып табылады.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен:

2011 жылы – 34 жолаушылар вагоны;

2012 жылы – 49 жолаушылар вагоны;

2013 жылы – 49 жолаушылар вагоны;

2014 жылы – 163 жолаушылар вагоны сатып алынды.

2015 жылдың 1 қаңтарының жай-күйі бойынша жолаушылау паркінің тозу деңгейі 54% құрайды.

Қазіргі уақытта республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Саланың бәсекелестік моделінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық бақылау және тасымалдау процесіне тартылған активтердің, атап айтқанда, вагондар мен локомотивтердің жаңартылуы үшін жауапкершілік қажет.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

Көрсетілген тасымалдар сегменттерінен үш топты бөліп атауға болады.

1) кірісі төмен тасымалдар: таскөмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);

2) кірісі жоғары тасымалдар: мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералдық тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);

3) өз шығынын өтейтін тасымалдар: тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да теміржол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.
Қатынастар бойынша мынадай жүктер тасымалданды:


Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Республикаішілік

млн. тонна

140,9

(+7,1 %)


148,7

(+5,5%)


158,8 (+6,8%)

156,3

(-1,6%)


154,2

(-1,4%)


экспорт

96,1

(+12%)


97,9

(+2%)


100,9 (+3,1%)

101,6

(+0,7%)


88,6

(-12,8%)


импорт

16,9

(+6,9%)


17,9

(+5,9%)


18,8 (+4,7%)

19,7

(+4,8%)


16,4

(-16,8%)


транзит

14,0

(-5,4%)


15,1

(+7,9%)


16,3 (+7,8%)

16

(-1,8%)


16

2018 жылға дейін 4 мың км магистральдық желіні сауықтыру, 564 бірлік локомотив және 19 369 бірлік жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.

Негізгі инфрақұрылымдық жобалар:


Р/с №

Жобалар

Өлшем бірлігі

Құны

млрд. тг.

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

Теміржол желілерін салу

1

Бейнеу –Жезқазған

1036 км

561

РБ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншікті қаражаты,

қарыз қаражаты



2012 – 2016

2

Арқалық – Шұбаркөл

214

133

РБ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншікті қаражаты,

қарыз қаражаты



2012 – 2015

3

Жетіген- Қазыбек-Бек

74 км

71,8

Концессия

2015 – 2017

Басқа жобалар

4

Астана қаласында вокзал кешенін салу

1

102

РБ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншікті қаражаты,

қарыз қаражаты



2014-2017



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет