Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



бет5/30
Дата07.03.2018
өлшемі5.19 Mb.
#20426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Өткен жылда жолаушылар тасымалында қызмет сапасын жоғарылату мақсатында вокзалдарда және поездарда жолаушыларға қызмет көрсетудің Ұлттық стандарты қабылданды.

2013 жылдан бастап барлық вокзалдар мен поездарды көрсетілген стандартқа сәйкестендіру жұмыстары басталды.

Айталық, 2013 жылы стандарт талаптарын ескере отырып 81 вокзалда күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.

2014 жылы стандарт талаптарын ескере отырып 10 вокзалда күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. 2015 жылы Қостанай вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталды аяқталу мерзімі 2016 жыл.

Бұдан басқа, стандарттарға сәйкес 2015 жылдың жай-күйі бойынша


4 пойызға «Фирмалық» санаты берілді: «Астана – Атырау», «Астана – Алматы», «Маңғышлақ – Астана» және «Алматы – Шымкент».

Көрсетілген поездар жоғары деңгейдегі жайлы вагондармен жаңартылған (тоңазытқыш, қысқа толқынды пештердің, бейнеойнатқыштардың болуы) және мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған вагондармен жабдықталған.

Сервисті жақсарту жөніндегі іс-шаралардың тағы біреуі – электронды билет сатуды дамыту болып табылады.

2012-2015 жылдарда электронды жол құжаттарды (билеттер) өзіне-өзі қызмет көрсететін, адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған төлеу терминалдары арқылы («Касса-24» және «КИВИ» сауда таңбалары) сату ұйымдастырылды (17 мыңнан астам бірлік).

Жолаушылыр тасымалдауда өткізу арналарын кеңейту бойынша бірқатар жобалар енгізілді, оның ішінде:

- 2008 жылдан бастап Интернет арқылы билет сататын электронды портал жұмыс істейді;

- 2011 жылы облыс орталықтарының ірі т/ж вокзалдарында (Астана, Алматы-1,2, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Защита, Семей, Атырау) орнатылған 25 бірлік өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминал желісі арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қызметі енгізілді;

- 2012 жылы төлем терминалдарының желісі арқылы қолма-қол ақшаға билет сатудың жаңа қызметі енгізілді.

2014 жылғы наурызда Астана қаласының теміржол вокзалының ғимаратында жол жүру билеттерін электронды сату орталығы құрылды, онда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілмен билеттерді сатып алу бойынша терминалдар шоғырландырылған.

Осы қызметтің артып келе жатқан танымалдылығы электрондық сатудың қарқынымен дәлелденеді.

2013 жылы электронды тәсілмен 2,5 млн. билет сатылған, ол 2012 жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.

Айталық, 2015 жылдың 10 айында электронды тәсілмен 5,3 млн. билет сатылған, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 62,7%-ға артық (2014 жылдың 10 айында – 1,97 млн.)

Қозғалыс қауіпсіздігі проблемасы - бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша құрамдас бөліктердің бірі болып табылады.

Көлік инфрақұрылымының жай-күйі сыни деңгейге жақындап қалды. Оның айтарлықтай бөлігі нормативтік мерзімнен асып пайдаланылуда, басқа бөлігі осы мерзімге жақындап қалды. Нәтижесінде, көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай айтарлықтай нашарлап барады.

Жылжымалы құрам мен теміржол жолдарының тозу деңгейінің жоғары болуы, сондай-ақ олардың сапасыз жөнделуі көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдайды өте төмендетіп жіберді.

Соңғы үш жылдағы көлік оқиғалары бойынша статистикалық деректер:






Бұзушылықтар түрлері

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Қирау

0

4

2

2

Авария

1

2

0

3

Ақаулықтың ерекше жағдайы

47

56

76

4

Жұмыстағы ақау

196

198

165

5

Жұмыстағы қиыншылық

194

216

233

6

Өзге де бұзушылықтар

403

310

295

Барлығы

841

786

771

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
pages -> № исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
pages -> Қазақстан республикасының
pages -> Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны
pages -> 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды
pages -> «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет