Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.88 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ

Жедел-тактикалық пәндер

кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедра бастығының м.а

өртке қарсы қызмет подполковнигі

______________Р.С . Баймағанбетов

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Интергазцентралазия» өндірістік газ құбырларында өрт сөндіру тактикасының ерекшеліктері.

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»



Орындаған ______________________ Н.Н.Тоқбай

Ғылыми жетекші_________________ С.Ә.Карденов

Көкшетау 2015ж

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің

Төтенше жағдайлар комитетінің

Көкшетау техникалық институты

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломлық жұмысты (жоба) дайындау.




ТАПСЫРМА



Жоба тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Интергазцентралазия» өндірістік газ құбырларында өрт сөндіру тактикасының ерекшеліктері.

1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № « » 2015 ж.


2. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі « » 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер өндірстік газ құбырларының жобасы

4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:







п/п

Тарау атауы


Орындау мерзімі

1

Кіріспе .


20.02.2015 ж.

2

Аналитикалық қарастыру

10.03.2015ж.

3

Таңдалған бағытты түсіндіру

15.03.2015 ж.

4

Өрт сөндіру бойынша ұымдастырылған сұрақтар

25.03.2015 ж.

5

Жедел – тактикалық сипаттама

10.04.2015 ж.

6

Статистикалық анализ және даму параметрлеріне әсер ететін негізінде өртті сипаттау бойынша өрт бөлімдерінің жауынгерлік әрекеттерін бағалау және өрт сөндіру

20.04.2015 ж.

7

Өндіріс нысанында өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімдерінің жауынгерлік әрекеттерімен басқару ерекшеліктері

25.04.2015 ж.

8

Дипломдық жобалаудың тақырыбының мақсаты мен тапсырмаларын түсіндіру

02.05.2015 ж.

9

Конструктивті-жоспарлы шешімдері

03.05.2015 ж.

10

Өрттің даму параметрлерін жобалау (I-нұсқа)

10.05.2015 ж.

11

Өрттің даму параметрлерін жобалау (I-нұсқа)

21.05.2015 ж.

12

Өрт сөндіру нұсқаларын экономикалық түсіндіру

30.05.2015 ж.

13

Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

02.06.2015 ж.

14

Қорытынды

03.06.2015 ж.

15

әдебиеттер тізімі

04.06.2015 ж.

16


Графикалық бөлім

08.06.2015 ж.

17


Диплом алдындағы қорғау

09.06.2015 ж

5. Консультанттар: _________________________________________________________

6. Бекітемін: ЖТП кафедрасының бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет подполковнигі ______________________________________________ Р.С . Баймағанбетов

7. Жетекші: ЖТПИЖж/еТ кафедра профессоры өртке қарсы қызмет подполковнигі_____________________________С.Ә.Кәрденов

8. Тапсырманы орындауға қабылдадым______________Н.Н.Тоқбай

9. Тапсыру мерзімі « » 2015 жыл.

МАЗМҰНЫ


1.

Кіріспе

6

2.

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

7

3.

Таңдалған материалдың қажеттілігі, дипломдық

жобалаудағы тапсырмалары мен мақсаты



8

4.

Тарау 1- Мұнай, газ өндіруші өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі

11

5.

1.1.Жалпы ережелер

11

6.

1.2.Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртібі

12

7.

1.2.1. Ұңғымаларды игеру тәртібі

12

8.

1.3. Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі

14

9.

1.4. Мұнай және газ өндіруді қарқындату тәртібі

15

10.

1.5. Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі

18

11.

Нысанның жедел тактикалық сипаттамасы.

23

12.

Тарау 2 - Өрт жағдайының анализі

25

13.

2.1. Өндіріс ғимараттарында өрт сөндіру

бойынша жалпы жағдайлар.



25

14.

2.2. Өрт жағдайын жобалау және бағалау

25

15.

2.3. Өрт сөндіру құралдары және әдістері.

27

16.

2.4 Құбырлардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

30

17.

Тарау 3 -Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі

32

18.

3.1.Жалпы ережелер

32

19.

3.2 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі

34

20.

3.3. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі

35

21.

3.4. Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі

36

22.

3.5. Алау шаруашылығын пайдалану тәртібі

37

23.

3.6. Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі

37

24.

3.6.1. Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі

38

25.

­Өрт сөндiру кезiнде ӨСБ міндеті

39

26.

Тарау 4 - Қозғалмалы өрт техникасымен өртсөндіруді ұйымдастыру

40

27.

4.1. Өрт дамуының негізгі параметрлерін жобалау (1-ші нұсқа).

40

28.

4.2. Өрт сөндіруді ұйымдастыру

49

29.

Тарау 5 – Ұсынылған инженерлі-техникалық іс-шаралар

55

30.

5.1. Найзағайдан қорғаудың тексеру есебі

55

31.

5.2. Статистикалық электрден қорғау

56

32.

5.3. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

59

33.

Тарау 6 - Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

62

34.

ҚОРЫТЫНДЫ

64

35.

Әдебиеттер тізімі:

65


Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - мемлекеттің әлеуметтік-кәсіптік мәселелерін өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Өйткені, ол экономика, техника, ғылым, саясат және жалпы қоғам дамуының шешуші күшіне айналуда. Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісіне ғылыми-зерттеу қызметін енгізудің, сонымен қатар білім алушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытудың негізгі ерекшелігі оның қолданбалы бағыттылығын, пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын іздестіру болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қаурыт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезінде осы мақсат өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты деп атап көрсетілген. Осыдан келіп, курсанттардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.

Бүгінгі білім беруді модернизациялау кезінде білім алушылардың оқу қызметі көбіне зерттеушілік қызметке айналуда. Сондықтан қазіргі таңда оқу үдерісіне, курсанттардың ғылыми – зерттеушілік және эксперименталды - конструкторлық қызметін ендіру ерекше мәнге ие болып отыр. Тәжірибелі талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілетті маман зерттеушілік қызмет пен дағдыны меңгеруі тиіс. Зерттеушілік принципті қолдану курсанттардың танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму жоғары білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға болатындығы белгілі болып отыр. Осы ретте сіздердің назарларыңызға біз Өрт тактикасы және өрт автоматикасы курстарын зерделеу нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Интергазцентралазия» өндірістік газ құбырларында өрт сөндіру тактикасының ерекшеліктері» атты дипломдық жобамды ұсынғалы отырмын. Аталған жоба жұмысымыздың басты мақсаты. Нысанның өрт қауіпсіздік жағдайына байланысты сараптама жасап, мүмкін болатын өрттерді сөндіру жолдарын қарастыру мен қажетті күш құралдарын қолдану.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы Жолдауында «Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз» деп ерекше атап өткен болатын. Газ және газ өнімдерін компрессорларда және газ құбырларда өрт сөндіру ұйымдастырылады, ол өрттің өрбу және пайда болу мүмкіндігі нұсқаулары бағалауының негізінде құрылған. Құбырлардағы өрт өрбудің қиын процестерімен сипатталады, ереже бойынша, өртті жою үшін ол көп мөлшерде күштермен құралдарды қажет етеді.

Дипломдық жұмыста газ құбырлардың өрттің өрбу негіздері, үстіден берілген кезде ұнатақты сөндіргіш әрекеті, жану аймағына түрлі дисперсті өрт сөндіру комбинациясының қондырғысы (ӨСКҚ) және ұнтақты мониторын беру, қарастырылады, отандық және шет ел ұнатақты көбік түзгіш, ұнтақты беру нормативті интенсивтілігі келтірілген, сол сияқты объектідегі сөндірудің жаңа тактикасы, жоғары қысымда су және ұнтақты құбырлары, өртте шұғыл штабтық жұмысын ұйымдастыру.

Газ құбырларында өртті сөндірудің негізгі құралы орта және төмен қысқалы ұнтақ, жанғыш газдың бетіне берілетін болып табылады. Ұнтақ берудің қабат асты қолдану кіргізіледі, сол сияқты газ құбырларында өрт сөндіру басқа да әдістерімен құралдары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінен. Газ және газ өнімдерін сөндіру үшін отандық және шетел ұнтақ генераторлары «ӨСКҚ» ұнтақ мониторлар және ұнтақ өткізгіштер қолданылады. Сертификациядан өткен және ДРПС МЧС РК қолдануымен сақталуының қорытындысы рұқсатталған.

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.

Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиіс.

Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.

Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.

Таңдалған материалдың қажеттілігі, дипломдық

жобалаудағы тапсырмалары мен мақсаты

Дипломдық жоба газ өнімдерін өндіру және тасымалдаумен байланысты өндірістерде апатты-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қарастырады. Берілген дипломдық жобада нысанның химиялық қауіптілігі, тасымалдаудағы газдардың құндылықтарын және өндірісте қолданылатын газдар бойынша қысқаша сипаттама анықталған, өрттердің пайда болуы себептерінің анализі жүргізілді. Қазіргі кездегі өндіріс нысанында апатты жою және өртті сөндіру химиялық және өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді, сонымен қатар берілген нысанында апатты-құтқару жұмыстарын және өртті сөндіру апаттан және өрттен болатын материалдың шығындары төмендетеді және нысан қызметкерлерінің және жұмысшыларының өлімімен байланысты экологиялық катастрофаны төмендетеді. Бұл дипломдық жобаның тарауларында толық айтылған:

1. Жедел-техникалық сипаттама.

2. Өрт жағдайының анализі.

3. Химиялық жағдайды бағалау әдістемесі.

4. Ұсынылған шараларды экономикалық түсіндіру.

Жоғарыда айтылған тарауларды келесі сұрақтар қарастырылды:


  1. бірінші тарау бойынша өндіріс нысанының жедел-тактикалық сипаттамасы, газ өнімдерін өндірумен байланысты жалпы технологиялық схема қарастырылады.

  1. екінші тарау бойынша реагендерді қолданумен суды сүзумен байланысты нысандағы өрт сөндіру тактикасы мен ұйымдастыруды, сақталатын материалдардың қысқаша өрт қауіптілік сипаттамасы қарастырылады, компрессорлы аппараттар бөлімінде өрт сөндіруге күш пен құралдардың есебі жүргізілді.

  2. үшінші тарау бойынша КӘУЗ бойынша жіктелу берілгендері келтірілген, күшті әсер ететін заттардың лақтырылуы және оларды бейтараптандыру, тірі ағзаға улы газдардың әсері келтірілген, улау күштілігі бойынша формалары берілген, аммиак лақтырумен байланысты өндіріс апаттарының мысалы келтірілген.

  3. төртінші тарау бойынша газ құбырлар нысанының тазалау құрылыстарында химиялық жағдайды бағалау әдістемесі келтірілген, нысанның химиялық қауіптілік дәрежесі анықталды, аммиак буын бейтараптандыру үшін күш пен құралдардың есебі жүргізілді, химиялық зақымдану ошағында түзілген КӘУЗ әсер ету кезінде қорғану әдістері мен құралдары қарастырылды.

  4. бесінші тару бойынша берілген объектіде қабылданған шешімнен экономикалық эффект есептелді.

Анализ қорытындысында берілген дипломдық жобада өндіріс нысандарында өртті сөндіру нұсқалары дайындалды.

Дипломдық жобалаудың мақсаты.

1) анализді меңгеру және құрастыру, сонымен қатар өндіріс нысандарында өрт сөндіру;

2) нақты гарнизонның тактикалық мүмкіндіктерінен шыға отырып апатты-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді жүргізу әдістерін дайындау;

3) қабылданған нұсқаларда өрт сөндіру және апатты жою процессінде өрт бөлімдерінің тактикалық мүмкіндіктерін шекті пайдалану ұйымдастыру сруктурасын, өрт-техникалық және апатты-құтқару қарулану мен өрт сөндіру заттарын рационалды және дұрыс пайдалану.
Дипломдық жобалаудың тапсырмалары


  • Пәннің оқу жоспарын меңгеру кезінде алынған теориялық білімді кеңейту, бекіту және систематизация;

  • Есептік-графикалық икемдерді дамыту және бекіту;

  • Өртке қарсы қорғаныстың инженерлік тапсырмаларын және негізгі ұйымдастыру-техникалық шешімдерді өз бетімен икемдерін алу;

  • Дипломдық жобалауда таңдалған тақырыпқа сәйкес газ құбырлар нысандарында апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу және дайындық сұрақтарын меңгеруді тередету.


1 Мұнай, газ өндіруші өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі
1.1 Жалпы ережелер
Бұрғылауға, сынақ жүргізуге, ұңғымалардың күрделі жөндеуіне арналған жер үстіндегі жабдық, лақтырындыларға қарсы қондырғылардың бұрулар, бақылау станциялары, өндірістік және тұрғын үй-жайлары, қойма орындары, кіреберіс жолдары, ұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдің басым бағытын ескере отырып орналастырылады.

Орнатуға бөлінген аумақ жер үстіндегі және жер астындағы құбыр жолдарынан, кабелдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады және жоспарланады.

Жер үстіндегі құрылыстардың айналасында көліктің және өрт техникасының қозғалуы үшін ені 10-12 метр алаңша тегістеледі.

Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстіндегі құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызуды қарастырылады.

Құрылыстардың жабындылары өртенбейтін материалдардан орындаллады. Басқа жағдайларда құрылыс оттан қорғайтын құраммен өңделеді.

Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үсті үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орнатылады. Отын қондырғылары сорғыштармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгілері) бар деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кіреберіс жолы орнатылады және жанар-жағар май материалдарының сақталу мөлшері есебінен топырақ үйіп бекітіледі.

Арматураларды орнату немесе аппараттарды қосу орындарынан басқа, жарылыс, өрт қауіпі технологиялық жүйелердің құбыр жолдарында фланецті және алмалы-салмалы қосуға жол берілмейді. Жарылыс қауіпті технологиялық жүйелерде иілмелі шлангілерді қолдануға жол берілмейді.

Жанғыш өнімдерді айдап қотаратын сораптар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын қондырғыларды орнату қарастырылады.

Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнімдерінің шығуы, герметикалық еместігі, ағып кетуі байқалғанда ақаулық дереу жойылып, төгілген жер мұқият тазартылады.

Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауіпті құрылыстардың ішінде сақтауға жол берілмейді.

Өрт сөндіру құралдары (күшті және сорап блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауіпті жерлерге жақын орналасады.

Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтары ұңғыманың аузынан кемінде 15 метр, таса (негіз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негіздердің, еденнің төсенішінің астына пайдаланылған құбырларды төсеуге жол берілмейді.

Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған желілер өтетін жерлерде құбырдың үш диаметрінен кем емес тесік қалдырылады. Бұл жерде жылылықты сақтау төсемі мен өртенбейтін өңдеу орнатылады.

Пайдалану желілері ұшқыш өшіргіштермен жабдықталады.

Температуралар төмен болған жағдайда қатып қалуға тартылатын жабдықтар мен құбыр жолдары жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етіледі.

Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайларда, негіздердің астында, газ қауіпті жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнімдерін, жанғыш заттар мен реагенттерді сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекі шегуге болмайды.

Темекі шегу үшін өртке қауіпсіз аймақта арнайы жабдықталған орындар жабдықталады және жазулармен белгіленеді.

Газ қауіпті, отты және дәнекерлеу жұмыстары қолданыстағы салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Газдылық, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен ластану болған жағдайларда бұл жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

Күштік, бұрғылау және мұнай кәсібі жабдықтары, жабындылар, объекттің басы мен аумағы тұрақты өрт қауіпсіз жағдайда ұсталады, үнемі күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнімдерінің төгілуінен тазартылады.


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі істер министрлігі «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы
DIPLOMY -> Шипажай адамдардың демалу және ден саулығын емдеу мекемелеріне жатады
DIPLOMY -> Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет