Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны бүкіл қазақстандықтарды бір кісідей біріктірді. Табиғи апатпен төтеншеліктер ғана емес, қарапайым халық пен басқаның қайғысына бей-жай қарай алмайтын барша қазақстандық азамат күресуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен жөнелтіліп жатқан гуманитарлық көмек те аз емес. Желіде жергілікті тұрғындардың бір-біріне рух беріп, ауызбіршілік көрсете білгені көпшіліктің көңілін босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Күн, түн демей кәсібіне адалдық танытып, жанқиярлықпен жергілікті тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялаған құтқарушылардің ерлігі де ескерілді. Төтеншеліктер етігімен су, толарсақтан саз кешіп жүріп тасқыннан аман қалған төрт түлік мал мен ит-мысықты қауіпсіз жерге шығарды. Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желіде құтқарушылардың ешбір тіршілік иесін елеусіз қалдырмай, эвакуациялаған сәтін жариялады. 

Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

@aqtobe_tjd #ақтөбе #мчс #тжм #паводки #құтқарушылар #актобе #спасатели #тжм👩🏻‍🚒 #өртсөндірушілер👨‍🚒 ♬ оригинальный звук — ДЧС Актюбинской области

@aqtobe_tjd Кіші бауырларымызды ұмытпайық!🙏 #актобе #мчс #тжм #паводки #құтқарушылар ♬ оригинальный звук — ДЧС Актюбинской области

@yassinakhmed #kazakhstan #атырау06 #втоп #врек #реки #кулсары ♬ оригинальный звук — Retro tarona

Елге қызмет етемін деп, отбасынан жырақта жүрген құтқарушының телефон арқылы жақындарымен сөйлесіп отырып “келемін ғой, жақсы, сау болыңдар” деп қоштасқаны да көпшілікті бей-жай қалдырмады. Жергілікті тұрғындардың бірі 27 наурыздан бері 60-қа жуық адамды қауіпсіз жерге шығарған құтқарушының ерлік жасаған қаһарман екенін айтып, оған шексіз алғысын білдірді.

@aqtobe_tjd Ақтөбелік құтқарушылар қызметте… #ақтөбе #мчс #тжм #паводки #құтқарушылар #актобе #спасатели #тжм👩🏻‍🚒 ♬ Грустные ноты (feat. Stas) — GAREY

@aqtobe_tjd 🙏 #ақтөбе #мчс #тжм #паводки #құтқарушылар #актобе #өртсөндірушілер👨‍🚒 #спасатели #огнеборцы ♬ оригинальный звук — ДЧС Актюбинской области

Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың бірі қордағы 700 бас қойдың су астында қалып, бір ешкінің аман қалғанын айтады. 

@janbibab Ответ пользователю @ддд ♬ оригинальный звук — dd__dias

 

“Кемедегінің жаны бір” демекші, батыс қазақстандықтар қиын сәтте бір-біріне демеу болған жандар басқа түскен бұл сынақты да бірлесе жүріп өткеретінін, бірақ қандай жағдай болмасын туған жерде тастап кетпейтінін айтады. Тұрғындар елі мен жеріне деген махаббатын әнге қосып, шырқады.

“Қанша үй шаңырақсыз қалып қойып жатыр?! Бұл – мылтықсыз майдан болды. Біз елді мекенімізді тастамаймыз. Ауыстыратын киімі де болмай жатыр. Киім ауыстырмағалы 10 күндей болып қалыпты. Дәрі сұрап жатыр екен. Бөгет халықтың арқасында көтерілді. Мұнымен өмір тоқтап қалмайды. Бірінші Құдайдан көмек күтеміз. Қанша жыласақ та, суға кетсек те, біз шаңырағынан айырылған жандармен біргеміз. Ұрпағымыз бар, ұрпағымыз үшін өмір сүреміз, күресеміз. Өмір деген күрес. Сабыр түбі сары алтын. Ешқашан үмітімізді үзбейміз. Қазақстандықтар, мықты болыңыздар! Бұл – ата-бабаларымыздың бізге қалдырған жері”, – дейді тұрғындардың бірі. 

Ауылдастар бір-біріне алғысын айтып, соңында “Айналайын, Торғайым” деп туған жерін әнге қосты.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram0

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Zhanserik Kadyrbayev (@kadyrbayev_)

Желіде атыраулық 80 жастағы әженің бөгет салу үшін құм салатын қаптарды ашып, дайындап, еріктілерге көмектесіп жатқан видеосы тарады. Ауылын табиғи апаттан аман алып қалу үшін үлкен-кіші демей ат салысып жүр.

Табиғи апаттан зардап шеккен ақтөбелік тұрғынның әлеуметтік желіде тараған аудиожазбасы да көпшіліктің көңілін босатты. 

“Ауыл түгел кетті, үйдің құлағанын көзіммен көрдім. Балабақшаның төбесіне шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үй құлады. Қойлар Ойылда, сиыр мен жылқылар Барқында. Тікұшақпен барып көрдім. Аман екен. Бірақ үй опырылып құлады, түгі қалған жоқ. Су шатырға дейін жетті. Аман болайық, деніміз сау болсын”, – дейді баласына аудиожазба жіберген азамат. 

@kenesovt01 #aktobe #kazakhstan #актобе #бірігейік_бірболайық #акиматактобе ♬ suara asli — Perjaka Tangguh CC — Perjaka Tangguh || TEMPLAT

Үйлері су астында қалса да, өз көңілін өздері аулап, “көлдегі аққудан қай жеріміз кем” деген ерлі-зайыптының қол ұстасқан видеосы да желі қолданушыларын ерекше сезімге бөледі. 

“Аққудан неміз кем? Үйленген кезде “Қос аққудай көлде қатар жүзіңдер” деп тілек айтылып еді. 34 жылдан кейін сол тілек қабыл болып, қос аққудай құшақтасып екеуіміз бір-бірімізді жетектеп көлде жүзіп жүрміз. Біздің жағдай осы. Тілектер қабыл болады екен”, – дейді видеодағы азамат.

@bakosssyaa Әр қазақ жалғызым❤️ Аман болыңыздаршы халқым🤲🏻 #кульсары #кулсары #топансу #рекомендации ♬ Мойылкөз — Амангелді Ахметжанов

Әлеуметтік желіде несиеге алған үй мен көлігі су батқан жандардың тастап кетуге қимай тұрған сәтінде түсірілген суреттері тарады.

“Орал, 8 сәуір 2024 жыл. Жас жігіт түнде су басқан үйінің алдында отыр. Осы үйді банктен несие алып тұрғызған. Әйелі мен төрт баласы Оралдағы эвакуациялау пунктінде”, – деп жазба қалдырды журналист Лұқпан Ахмедьяров. 

Фото: instagram.com/lukpan_akhmedyarov

Фото: Ашық дерекөзден

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.