Танымал ресейлік кәсіпқой боксшы Костя Цзю боксқа келуіне басты себепші болған, әрі өмірін өзгертуге үлес қосқан қазақты атады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tofight.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Сhampionat.com 

Даңқты қазақ боксшысы Серік Қонақбаев экс-кәсіпқой боксшы Костя Цзюдің боксқа келуіне басты себепкер болған. Цзюдің анасы Қонақбаевтың жекпе-жегін теледидардан көріп, баласын бокс үйірмесіне беруді ұйғарған.

“Ата-анамның мені боксқа беруіне басты себепкер болған адамды айтайын. Ол – Серік Қонақбаев. Қонақбаев біздің қазақстандық былғары қолғап шебері. Сол кісінің жекпе-жегінен кейнін анам мені боксқа бергісі келген”– деді абсолютті әлем чемпионы болған боксшы. 

Айта кетейік, Серік Қонақбаев Мәскеу олимпиадасының және 1982 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 1981 жылдың ең үздік боксшысы деп танылған еді.  


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.