Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 1.17 Mb.
бет1/4
Дата09.04.2019
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4



Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
Астана, 2013 жыл


Мазмұны

1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) ағымдағы ахуалын талдау және дамыту беталысы

3-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері

4-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының функционалдық мүмкіндіктерін дамыту

5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6-бөлім. Тәуекелдерді басқару

7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1-БӨЛІМ. Миссиясы мен пайымдауы
МИССИЯСЫ:

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУМЕН ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП, АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН, БОСТАНДЫҚТАРЫН, ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН СОТ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


ПАЙЫМДАУЫ:

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТТАРЫН ЖАҢҒЫРТУҒА, ҚОҒАМДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ ТИІМДІ СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖҮЙЕСІ



2-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)

ағымдағы ахуалын талдау және дамыту беталысы
1-стратегиялық бағыт: Қазіргі заман талаптарына жауап беретін, тиімді, әділ, тез және халыққа қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру.

Елімізде қазіргі заманғы демократияның базалық қағидасы іске асырылып, мемлекеттік билік заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлінді.

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін іске асырудың заңдылығына азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бейтараптығы, сот ісін жүргізуді жеңілдету және тым артық регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осының нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіліп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады. Сот төрелігін іске асыру кезінде сот құрылымының барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.
2.1. Сот жүйесінің ағымдағы даму параметрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикада сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазақстанда үш буыннан тұратын сот жүйесі құрылған: бірінші буын - аудандық (қалалық) және мамандандырылған соттар, оларда қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілері қабылданады (бірінші сатыдағы соттар); екінші буын - облыстық және оған теңестірілген соттар, олар аудандық және оған теңестірілген соттардың шығарған сот актілеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шығарған сот актілеріне кассациялық шағымдар немесе наразылықтар бойынша істерді қарайды; үшінші буын - Жоғарғы Сот. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

Қазіргі таңда республикада 378 сот жұмыс істеуде, соның ішінде 1 Жоғарғы Сот, 17 облыстық және оған теңестірілген соттар, 360 аудандық және оған теңестірілген соттар.

Аудандық және оған теңестірілген соттар 266 аудандық және қалалық соттарды, гарнизондардың 10 әскери сотын, 16 мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарды, 32 мамандандырылған әкімшілік соттарды, 18 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, 17 қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, соның ішінде әскери сотты, 1 Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құрайды.

Республика соттарында Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесі (бұдан әрі - БААТЖ) жұмыс істейді, ол сот құжаттарын сапалы ресімдеуге және жедел жинақтауға көмектесіп, статистикалық деректерді өңдеуге және құжат айналымын жүргізуге ықпал етеді.

Ресми статистикаға сәйкес, 2012 жылы республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 986 457 арыз бен іс, соның ішінде 600 379 азаматтық, 342 858 әкімшілік және 43 220 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 68 146 іске немесе 7,4%-ға артық (918 311 арыз бен іс, соның ішінде 582 486 азаматтық, 286 639 әкімшілік және 49 186 қылмыстық іс). Статистика сот істерінің анағұрлым көбейгенін көрсетті.

2012 жылы 860 867 істі жүргізу аяқталды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп (791 951).

Бұл ретте 2011 жылмен салыстырғанда қаралған азаматтық және әкiмшiлiк iстердiң саны көбейді, сонымен қатар қаралған қылмыстық iстердiң саны азайды.

Атап айтқанда, 2012 жылы соттар 505 997 азаматтық істі қарауды аяқтады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық (484 425). Шешім шығарылып 310 403 іс қаралды (2011 ж. - 297 678).

Балама әдістермен (бітімгершілік келісім жасауға бағытталған татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы) шешілген азаматтық істердің саны 9 730 іс, соның ішінде 122 іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Есепті кезеңде 43 695 қылмыстық iс аяқталды, бұл 2011 жылдың көрсеткiшiнен 10,2%-ға төмен (48 638). 23 322 адамға қатысты 18 230 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 400 адам ақталды (2011 ж. – 27 862 адамға қатысты 22 012 үкім шығарылды, соның ішінде 482 адам ақталды).

Сотталған кәмелетке толмаған адамдардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға азайды (2011 ж. – 1 165, 2012 ж. – 1 478). Осы ретте заңды күшіне енген үкімдер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған адамдардың үлесі 0,4%-ға азайды (15,9%-дан 15,5%-ға дейін).

Соттар қараған әкiмшiлiк iстердiң саны 2011 жылмен салыстырғанда 20,2%-ға көбейді және 311 175 iстi құрады (258 888).

Соттардың 2012 жылғы қызметiн талдау елдегi сот төрелiгiн жүзеге асырудың сапасы тұрақты екенін көрсетті.

Осылайша республика бойынша қабылданған сот актілерінің 98,6%-ы заңды әрі негізді деп танылып отыр.

Ақпараттық құралдарды пайдалану сот төрелігін жүзеге асыру мен сот ісін ашық жүргізудің басты перспективалық бағыттарының бірі болып табылады.

Сот ақпаратына, соның ішінде іс жүргізушілік актілерге қол жеткізу деңгейі сот төрелігі транспаренттілігінің маңызды өлшемі болып табылады. Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсында «Сот істері жөнінде анықтама» іздестіру жүйесіне баннер орналастырылған. Оның көмегімен он-лайн режимінде істердің қозғалысы туралы деректерге, сот актілеріне және сот отырыстарының хаттамаларына қол жеткізу ұйымдастырылған.

Сот процестерін оңтайландырумен қатар, сот актілерін жариялау істердің уақытында қаралуын және сот құжаттарының әзірленуін бақылаудың қосымша құралы болып табылады.

Барлық облыстық және оған теңестірілген соттарда Интернет-ресурстар жұмыс істейді.

Сот отырысы залдарын сот процесін техникалық жазу жүйелерімен (аудио жазу және аудио-бейнежазу жүйесі) жарақтандыру 47,8 %-ды құрайды.

Ақпараттық киоскілермен қамтылған Қазақстан Республикасы соттарының үлесі 91%.

Республика соттарының барлығында электрондық сот ісін жүргізу (е-сот) енгізілген. Атап айтқанда, Жоғарғы Сот Төрағасының 2012 жылғы 11 қаңтардағы өкімімен Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздар мен басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілген.

Электрондық Үкімет порталы (е-сот) арқылы келіп түскен электрондық талап арыздардың, сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы арыздардың, хаттамаға ескертулердің ішінен 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша тіркелгені – 3 015.

Соттардың қызметін ақпараттандыру мәселелерін кешенді және кезең-кезеңімен шешу мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасының 2012 жылғы 4 маусымдағы № 194 өкімімен Сот органдарын ақпараттандыру тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру қазақстандық соттарды сот төрелігін жүзеге асырудың халықаралық стандарттарына барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

2012 жылғы қыркүйектің 1-і мен 30-ы аралығындағы кезеңде республика соттарында «Қазақтелеком» АҚ-ның қолдауымен сот процесіне қатысушыларды ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жіберілетін электрондық хабарламалар арқылы хабардар ету жүйесін енгізу жөнінде пилоттық жоба іске асырылды. Бұдан басқа, 2012 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы сот органдарының байланыс орталығы жұмыс істейді.

Жоғарғы Соттың қызметінде бейнеконференцбайланыс мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады. Облыстық соттардың қатысуымен жалпы отырыстар, кеңестер және судьяларды қашықтан оқыту жүргізіледі. Бейнеконференцбайланыс Қазақстанның басқа өңірлерінде тұратын көптеген куәлерді тыңдай отырып, сот істерін қарау кезінде пайдаланылады. Бейнеконференцбайланысты трансшекаралық ынтымақтастық шеңберінде пайдалану мәселелері қарастырылуда. 2012 жылдың тамыз-қыркүйегінде Беларуссия Жоғары шаруашылық сотының қашықтан сот процесі өтті. Бұл қазақстандық ЖШС-ға сот ісін шетелге шықпай-ақ қарауға қатысуына мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Қазақстан азаматтарының соңғы үш жылдың ішінде өз облыстарынан тыс жерге шықпай-ақ Жоғары Сот Төрағасының жеке on-line қабылдауында болуына мүмкіндігі бар. Осы іс-шара әсіресе астанадан шалғай өңірде тұратын азаматтар үшін тиімді болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Соттың іс-шаралар жоспарында 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында соттарда процеске қатысушыларды электрондық мекенжай бойынша хабардар етуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру көзделген.

Соттардың қызметін бағалаудың негізгі құралдарының бірі әлеуметтік сауалнама жүргізу болып табылады.

2012 жылы процеске қатысушылардың арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындылары соттардың қызметіне оң бағаның басым екендігін куәландырды. Мәселен, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша респонденттердің 82,4%-ы судьяларға сенеді, 80 %-дан астам қазақстандықтар судьяның істі қарау кезіндегі әділдігіне және турашылдығына сенімді.

Тиімді, әділ және тез әрі қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдірудің өзекті беталыстарының бірі соттарды мамандандыру бағыты болып табылады. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген, онда «оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру...» деп атап көрсетілген.

Соттарға келіп түсетін істердің басым көпшілігі аудандық және оларға теңестірілген соттарда сот актісі шығарылып, мәні бойынша шешіледі. Аудандық соттардың істерді шешуі азаматтық-құқықтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек және өзге де құқық қатынастарын реттейтін құқықтың түрлі салаларын, сондай-ақ қылмыстық жазаланатын немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамдарын айқындайтын және оларды жасағаны үшін жауапкершілік белгілейтін материалдық заңдардың нормаларын қолдану негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде аудандық соттармен қатар заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар тараптар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылып, толыққанды жұмыс істеуде. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді, органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау туралы істерді қарайды.

Әскери соттар Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің, әскери жиыннан өтетін азаматтардың лауазымды адамдары мен әскери басқарма органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқарма органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңнамасына сәйкес баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы, ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы, кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына немесе ерекше ұстау режиміндегі ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша, кәмелетке толмағандарға қамқоршылық пен қамқорлықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.

Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы, сондай-ақ мамандандырылған сотта соттауға жатқызылатын өзге де азаматтық істерді қарайды.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер арасындағы, қаржы, салық және кеден заңнамасы саласындағы, монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнамадағы дауларды қарауына жатқыза отырып, мамандандырылған қаржы-салық соттарын құру туралы мәселе қосымша зерделенді. Жаңа мамандандырылған соттарды құрудың мақсатқа сәйкестігі туралы мәселені шешу кезінде шетелдік тәжірибе зерделенуде. Арнайы салық соттары тек АҚШ-та, Канадада және Жапонияда қолданылатынын атап өткен жөн. Басқа елдерде (мысалы, Швецияда) салық даулары әкімшілік соттарда қаралады. Басқа елдердің көпшілігінде салық салумен байланысты дауларды қарау экономикалық (шаруашылық) соттардың құзыретіне жатқызылған. Мұндай жағдайда осындай дауларды қарау рәсімдерінің, әдетте, басқа экономикалық дауларды қарау кезінде қолданылатындармен салыстырғанда қандай да бір елеулі ерекшеліктері жоқ.


Сот жүйесіндегі халықаралық тәжірибеге қысқаша талдау

Германия

Германияның сот жүйесі Конституцияға сәйкес былайша құрылған. ГФР Конституциясының 92-бабында: «Сот билігі судьяларға сеніп тапсырылады, билікті Федералдық конституциялық соты және осы Негізгі Заңда көрсетілген Федералдық соттар мен Жер соттары жүзеге асырады» деп жазылған. Конституцияның 97-бабына сәйкес «Соттар тәуелсіз және тек Заңға ғана бағынады». ГФР сот ісін жүргізу шеңберінде сот билігі конституциялық сот ісін жүргізуге және бес дербес сот ісін жүргізу саласына бөлінеді. Оларды тиісінше Федерацияның жоғары соттары басқарады. Федералды конституциялық сот Негізгі Заңның, Конституциямен көзделген адам құқықтарының бұзылуына, Конституцияға қайшы келетін бсқа да іс-әрекеттерге қатысты істерді қарайды.

Сот ісін жүргізудің өз алдына бөлек салаларының соттарына кәдімгі сот ісін жүргізетін соттар жатады. Мұңдай істерді қарауды төменгі сатыдағы соттар жүзеге асырады. Олар шарттарға, неке қию істері мен қылмыстық істерге, жерді меншіктенуге, қорғаншылық пен қамқоршылыққа, мұрагерлік құқыққа байланысты істерді қарайды.

Әкімшілік соттар құқық саласындағы істерді, яғни азаматтардың әкімшілік органдармен және ведомстволармен арадағы жария дауларын шешеді. Сонымен қатар қаржы, еңбек дауларын, әлеуметтік мәселелерді қарайтын соттар жұмыс істейді.



АҚШ

Америка Құрама Штаттарында соттардың федералық жүйесімен қатар елу штаттағы тәуелсіз соттар мен төрт федералдық аумақтық және Колумбия округінің соттары жүмыс істейді.

АҚШ федералдық сот жүйесі Жоғарғы соттан, апелляциялық және округтік соттардан тұрады, сондай-ақ оған арнайы соттар енеді. Федералдық сот жүйесін АҚШ Жоғарғы соты басқарады. Ол АҚШ президентімен және Конгреспен қатар мемлекеттің маңызды билік органдары мен мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құрылымында маңызды орын алады. Америка Құрама Штаттарының Жоғарғы соты елдің конституциясында көрсетілген бірден бір сот органы болып табылады. Ол 9 судьядан тұрады, олардың бірі АҚШ президентінің қалауымен төрағалық қызметті иеленеді. Сонымен қатар Жоғарғы соттың әрбір судьясын президент тағайындайды, ал оларды қызметке Сенат бекітеді. Елдің жоғарғы сот органында шешім алты дауыстан тұратын кворум арқылы қабылданады. Бірінші саты ретінде АҚШ Жоғарғы сотының юрисдикциясына екі не одан да көп штаттар арасындағы дауларға, шетел мемлекеттерінің елшілеріне қатысты және тағы басқа да істер жатады. АҚШ Жоғарғы Сотында қаралуға тағайындалған істердің саны іс жүзінде өте аз болады. Жоғарғы Соттың негізгі функциясына федералдық деңгейдегі төмен тұрған сот органдарының және штаттар соттарының шешімдеріне берілген шағымдар жатады. Мұңдай істерде федералдық маңызы бар мәселелер қамтылуы керек. Сонымен қатар, Жоғарғы сот АҚШ Конституциясына қайшы келетін кез келген заңдарға негізделген қаулылардың күшін жою туралы өтініштерді қарайды.

Қытай

ҚХР-да КСРО-ның ықпалымен құрылған сот төрелігі жүйесі жұмыс істейді. Соттармен қатар прокуратура да осы жүйенің құрамына кіреді.

Қытай елінде биліктер нақтылы бөлінбеген. Сот органдары құқық нормаларын қабылдап, соттарды қадағалауды жүзеге асырады.

Құқықтық органдар - халық өкілдерінің жиналыстары судьяларды, сот төрағаларын сайлайды және тағайындайды, сонымен қатар олардың сотттардың жұмысын қадағалау құқықтары бар. Сот төрағалары тиісті деңгейдегі халық өкілдері жиналыстарының алдында есеп береді. Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыруға араласпау принципі де бар. Соттар мынадай 4 мақсатты атқарады: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарауды жүзеге асырады, сот шешімдерін орындауға мәжбүрлейді.

Әкімшілік істер деп халықтың шенеуніктердің іс-әрекеттерімен келіспеу жағдайлары түсініледі. Сот нақты бір азаматтың шенеуніктің іс-әрекеттерінің заңға қайшы екені туралы келтірген шағымын қарау барысында нақты бір іс бойынша қабылданған шешімнің күшін жоя алады.

Қытай елінің сот жүйесі мынадай 4 деңгейдегі соттардан тұрады: ҚХР Жоғарғы Халық Соты, Жоғары (немесе Биік) халық соты (жергілікті сот) (32), орта деңгейдегі соттар - қалалардағы соттар (300 шамасында), төмен сатыдағы соттар – қаладағы аудандық немесе селолық соттар (3000-ға жуық).



Сот жүйесіндегі мемлекеттік саясат бағыттарын талдау

Сот жүйесі - мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатысы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара үйлесімді байланыстың қағидатты кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

Соттардың дауларды тәуелсіз әрі бейтарап шешуі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси жүйені жетілдіру және экономикалық жоспарларды нығайту жұмысы жалғастырылатыны атап көрсетілген. Оны іске асыруда сот реформасы маңызды рөл атқаратын болады. Осы тұрғыда сот төрелігіне қолжетімділікті, оның тиімділігін арттыруды және сот арқылы қорғалу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын барынша қорғауды қамтамасыз ететін рәсімдерді реформалау көзделеді.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту бағыттары нақтыланған, осылайша сот төрелігі қағидаттарын нығайту, судьялардың жауапкершілігін және біліктілігін арттыру қажеттілігі белгіленген. Судьялар корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қайта қарау, апелляциялық сатының төмен тұрған соттарға істерді қайта қарауға қайтару туралы негізсіз шешімдерін заңнамалық тұрғыдан шектеу, төрелік және аралық соттардың жүйесін күшейтудің қажеттілігі белгіленген.

Сот-құқық реформасы сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі түйткілдерді шешуді көздейді, бұл мемлекеттің де, қоғамның да бірінші кезекте назар аударатын нысанасы болуға тиіс. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың судьялардың V съезінде сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей, әдiл және сатылмайтын сот - демократиялық және құқықтық мемлекеттiң аса маңызды негiзi.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру құқықтық саясаттың маңызды мәселелері ретінде белгіленген. Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту қажеттігі атап көрсетілген. Судьялардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттан тыс реттеу, соның ішінде болмашы мәселелер бойынша дауларды соттардан тыс тәртіппен шешуді көздейтін институттарды дамыту туралы белгіленген. Президент сот жүйесін жаңғырту мен нығайту, сот билігінің беделін арттыру, оған қоғамның сенімін одан әрі арттыру қажеттілігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) көрсетілген сот-құқық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі соттарды одан әрі мамандандыру, соның ішінде салық сотын құру мүмкіндігі жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті VI съезін өткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырманың шеңберінде:

- азаматтық және қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің сапалы қаралуын қамтамасыз ету;

- судьялардың сот істері бойынша сотқа дейін дайындықты аса мұқият қамтамасыз ету, материалдық және іс жүргізушілік, сот практикасын зерделеу, процеске қатысушыларды тиісінше хабардар етуді қамтамасыз ету;

- өндірістегі істерді қарау мерзімін барынша қысқарту;

- істердің сот өндірісінде болу уақытын және сараптамалық зерттеу жүргізу тағайындалуына орай тоқтатылған істерді ұдайы бақылауды қамтамасыз ету;

- сот отырысының өткізілмеу және кейінге қалдырылуын себептеріне талдау жасау іс-шараларын қабылдау;

- істерді қарау кезінде жіберілген қателіктерге талдау жасап, сот практикасын зерделеу және ай сайын сабақтар өткізу жөніндегі жұмыстарды жалғасыру;

- сот істерін тиісінше ресімдеу;

- белгіленген мәселелерді орындау және сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында істің арыз сотқа түсіп, өндіріске қабылданған сәтінен бастап дәлелді шешім шығарылып, іс сот кеңсесіне өткізілгенге дейінгі қозғалысын бақылау жұмыстағы басым іс-шаралар болып қала береді.


Негізгі түйткілдерді талдау

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сот органдарының негізгі жұмыс бағыттарын анықтап берді.

Мемлекеттің стратегиялық бағдарларына сәйкес, сот жүйесін одан әрі жаңғырту соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін іске асырудың заңдылығын азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бейтараптылығы, сот ісін жүргізуді жеңілдету және тым артық регламенттеуді алып тастау принциптері бойынша жүргізіледі. Реформалар қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіп, соттардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталады.

Қазіргі уақытта сот жүйесіндегі мына негізгі жұмыс бағыттарын атап көрсетуге болады:



Каталог: sites -> default -> files -> page docs
page docs -> Салтанат ЖҰбаниязова
page docs -> zha_adan_ta_ayyndal_an_sot_t_ra_alary.doc [Айдарбек би]
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> Пленарное заседание
page docs -> Жумабеков О
page docs -> Об отправлении правосудия судами Республики
page docs -> 2001 жылєы бірінші жартыжылдыќтыѕ ќорытындысы бойынша
page docs -> 1-жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
page docs -> Халықаралық құқық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет