Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 0.93 Mb.
бет1/6
Дата26.10.2017
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)

2014-2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Астана, 2014 жыл




Мазмұны

1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) ағымдағы ахуалын талдау және дамыту беталысы

3-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері

4-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының функционалдық мүмкіндіктерін дамыту

5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6-бөлім. Тәуекелдерді басқару

7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014-2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1-БӨЛІМ. Миссиясы мен пайымдауы
МИССИЯСЫ:

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУМЕН ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП, АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН, БОСТАНДЫҚТАРЫН, ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН СОТ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


ПАЙЫМДАУЫ:

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТТАРЫН ЖАҢҒЫРТУҒА, ҚОҒАМДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ ТИІМДІ СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖҮЙЕСІ



2-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)

ағымдағы ахуалын талдау және дамыту беталысы
1-стратегиялық бағыт: Қазіргі заманғы талаптарға сай келетін тиімді, әділ, жедел және халыққа қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру.

Елімізде қазіргі заманғы демократияның базалық қағидасы іске асырылып, мемлекеттік билік заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлінді.

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін іске асырудың заңдылығына азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бейтараптығы, сот ісін жүргізуді жеңілдету және тым артық регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осының нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіліп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады. Сот төрелігін іске асыру кезінде сот құрылымының барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.
1.1) Сот жүйесінің ағымдағы даму параметрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикада сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазақстанда үш буыннан тұратын сот жүйесі құрылған: бірінші буын - аудандық (қалалық) және мамандандырылған соттар, оларда қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілері қабылданады (бірінші сатыдағы соттар); екінші буын - облыстық және оған теңестірілген соттар, олар аудандық және оған теңестірілген соттардың шығарған сот актілеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шығарған сот актілеріне кассациялық шағымдар немесе наразылықтар бойынша істерді қарайды; үшінші буын - Жоғарғы Сот. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

Қазіргі таңда республикада 378 сот жұмыс істеуде, соның ішінде 1 Жоғарғы Сот, 17 облыстық және оған теңестірілген соттар, 360 аудандық және оған теңестірілген соттар.

Аудандық және оған теңестірілген соттар 266 аудандық және қалалық соттарды, гарнизондардың 10 әскери сотын, 16 мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарды, 32 мамандандырылған әкімшілік соттарды, 18 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, 17 қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, соның ішінде әскери сотты, 1 Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құрайды.

Республика соттарында Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі - БААТЖ) жұмыс істейді, ол сот құжаттарын сапалы ресімдеуге және жедел жинақтауға көмектесіп, статистикалық деректерді өңдеуге және құжат айналымын жүргізуге ықпал етеді.

Ресми статистикаға сәйкес, 2012 жылы республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 986 457 арыз бен іс, соның ішінде 600 379 азаматтық, 342 858 әкімшілік және 43 220 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 68 146 іске немесе 7,4%-ға артық (918 311 арыз бен іс, соның ішінде 582 486 азаматтық, 286 639 әкімшілік және 49 186 қылмыстық іс). Статистика сот істерінің анағұрлым көбейгенін көрсетті. 2013 жылдың 9 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға барлығы 827 076 арыз бен іс, соның ішінде 475 350 азаматтық, 315 289 әкімшілік және 36 437 қылмыстық іс келіп түсті.

2012 жылы 860 867 істі жүргізу аяқталды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп (791 951). Бұл ретте 2011 жылмен салыстырғанда қаралған азаматтық және әкiмшiлiк iстердiң саны көбейді, сонымен қатар қаралған қылмыстық iстердiң саны азайды.

Атап айтқанда, 2012 жылы соттар 505 997 азаматтық істі қарауды аяқтады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық (484 425). Шешім шығарылып 310 403 іс қаралды (2011 ж. - 297 678). Соттар 381 949 азаматтық істі қарауды аяқтады, оның ішінде шешім шығарылып 244 692 іс қаралды.

Балама әдістермен (бітімгершілік келісім жасауға бағытталған татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы) шешілген азаматтық істердің саны 9 730 іс, соның ішінде 122 іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды. 2013 жылдың 9 айында 858 іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Есепті кезеңде 43 695 қылмыстық iс аяқталды, бұл 2011 жылдың көрсеткiшiнен 10,2%-ға төмен (48 638). 23 322 адамға қатысты 18 230 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 400 адам ақталды (2011 ж. – 27 862 адамға қатысты 22 012 үкім шығарылды, соның ішінде 482 адам ақталды). 35 396 қылмыстық iс аяқталды. 20 235 адамға қатысты 18 230 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 380 адам ақталды.

Сотталған кәмелетке толмаған адамдардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға азайды (2011 ж. – 1 165, 2012 ж. – 1 478). Осы ретте заңды күшіне енген үкімдер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған адамдардың үлесі 0,4%-ға азайды (15,9%-дан 15,5%-ға дейін).

Соттар қараған әкiмшiлiк iстердiң саны 2011 жылмен салыстырғанда 20,2%-ға көбейді және 311 175 iстi құрады (258 888). 2013 жылдың 9 айында соттар 292 824 әкiмшiлiк iстердi қарады.

Соттардың 2012 жылғы және 2013 жылдың 9 айындағы қызметiн талдау елдегi сот төрелiгiн жүзеге асырудың сапасы тұрақты екенін көрсетті.

Осылайша республика бойынша қабылданған сот актілерінің 98,6%-ы заңды әрі негізді деп танылып отыр.

Ақпараттық құралдарды пайдалану сот төрелігін жүзеге асыру мен сот ісін ашық жүргізудің басты перспективалық бағыттарының бірі болып табылады.

Сот ақпаратына, соның ішінде іс жүргізушілік актілерге қол жеткізу деңгейі сот төрелігі транспаренттілігінің маңызды өлшемі болып табылады. Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсында «Сот істері жөнінде анықтама» іздестіру жүйесіне баннер орналастырылған. Оның көмегімен он-лайн режимінде істердің қозғалысы туралы деректерге, сот актілеріне және сот отырыстарының хаттамаларына қол жеткізу ұйымдастырылған.

2013 жылдың 9 айында «Сот істері жөнінде анықтама» іздестіру жүйесімен орындалған сауалдардың саны 2 878 033 бірлікті құрайды.

Сот процестерін оңтайландырумен қатар, сот актілерін жариялау істердің уақытында қаралуын және сот құжаттарының әзірленуін бақылаудың қосымша құралы болып табылады.

Барлық облыстық және оған теңестірілген соттарда Интернет-ресурстар жұмыс істейді.

Сот отырысы залдарын сот процесін техникалық жазу жүйелерімен (аудио жазу және аудио-бейнежазу жүйесі) жарақтандыру 58,7 %-ды құрайды.

Ақпараттық киоскілермен қамтылған Қазақстан Республикасы соттарының үлесі 91%.

Республика соттарының барлығында электрондық сот ісін жүргізу (е-сот) енгізілген. Атап айтқанда, Жоғарғы Сот Төрағасының 2012 жылғы 11 қаңтардағы өкімімен Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздар мен басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілген.

Электрондық Үкімет порталы (е-сот) арқылы келіп түскен электрондық талап арыздардың, сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы арыздардың, хаттамаға ескертулердің ішінен 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша тіркелгені – 3 015.

2013 жылдың 9 айында электрондық Үкімет порталына (е-сот) 10 325 электрондық талап арыз, сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы арыз, хаттамаға ескерту және т.б. келіп түсті. Соның ішінде соттар 6609 арызды БААТЖ-да тіркеді.

Соттардың қызметін ақпараттандыру мәселелерін кешенді және кезең-кезеңімен шешу мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасының 2012 жылғы 4 маусымдағы № 194 өкімімен Сот органдарын ақпараттандыру тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру қазақстандық соттарды сот төрелігін жүзеге асырудың халықаралық стандарттарына барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

2012 жылғы қыркүйектің 1-і мен 30-ы аралығындағы кезеңде республика соттарында «Қазақтелеком» АҚ-ның қолдауымен сот процесіне қатысушыларды ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жіберілетін электрондық хабарламалар арқылы хабардар ету жүйесін енгізу жөнінде пилоттық жоба іске асырылды. Бұдан басқа, 2012 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы сот органдарының байланыс орталығы жұмыс істейді.

Жоғарғы Соттың қызметінде бейнеконференцбайланыс мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады. Облыстық соттардың қатысуымен жалпы отырыстар, кеңестер және судьяларды қашықтан оқыту жүргізіледі. Бейнеконференцбайланыс Қазақстанның басқа өңірлерінде тұратын көптеген куәлерді тыңдай отырып, сот істерін қарау кезінде пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде 2013 жылы соттарда процеске қатысушыларды электрондық мекенжай бойынша хабардар етуді енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды.

Соттардың қызметін бағалаудың негізгі құралдарының бірі әлеуметтік сауалнама жүргізу болып табылады.

2012 жылы процеске қатысушылардың арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындылары соттардың қызметіне оң бағаның басым екендігін куәландырды. Мәселен, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша респонденттердің 82,4%-ы судьяларға сенеді, 80 %-дан астам қазақстандықтар судьяның істі қарау кезіндегі әділдігіне және турашылдығына сенімді.

Судьялар тәуелсіздігінің стандарттарын қамтамасыз етудегі халықаралық тәжірибені қысқаша талдау

Бәсекеге қабілеттілік стандарттарына қол жеткізуге ұмтылатын кез-келген мемлекет дамуының маңызды индикаторы соттардың тәуелсіздігі болып табылады, қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынасы бойынша оның негізгі принциптерін жетінші БҰҰ Конгресі қабылдаған (Милан қ., 1985 ж.), 1985 жылғы 29 қарашадағы 40/32 және 1985 жылғы 13 желтоқсандағы 40/146 БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюцияларымен, сондай-ақ судьялардың мәртебесі туралы заң туралы Еуропалық хартиямен (Лиссабон, 1998 жылғы 10 шілде) мақұлдаған.

Судьялар тәуелсіздігінің басты принциптерінде тәуелсіздік – судьялардың артықшылығы емес, қоғам мен азамат алдындағы жауапкершілігі екені айрықша атап көрсетіледі. Бұл құжатта аталған принциптер Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда жарияланған және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте бекітілген әділ сот төрелігіне барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қабылданатыны туралы назар аударылады. Осылайша, шынайы судьялар тәуелсіздігіне ұмтылу – ол азаматтар құқықтарын қамтамасыз етуге ұмтылу.

Франция

Францияда судьялар мәртебесі Магистратураның жоғары кеңесі және магистратура мәртебесі туралы заңдарымен реттеледі. Судьяларды республика Президенті мерзімсіз тағайындайды. Магистратураның жоғары кеңесі Президентке қарау үшін кандидатураларды енгізеді немесе әділет министрі ұсынған кандидатуралар бойынша қорытынды береді.

Францияның Конституциясына сәйкес Президент сот билігі тәуелсіздігінің кепілі болып табылады. Францияның судьялар корпусына магистраттар – Кассациялық сот жанындағы соттар және прокуратураның, бірінші сатыдағы соттар және трибуналдардың мүшелері және орталық әкімшіліктің кадр қызметкерлері, сондай-ақ әділет аудиторлары енген. Оның біртұтастығына қарамастан, сот корпусы екі санатқа бөлінеді: магистраттар – сот мүшелері және магистраттар – прокуратура қызметкерлері. Судьялар корпусы мүшелерінің бір санаттан екінші санатқа ауысуына құқығы бар. Ауыспаушылық принципі тек соттар мүшелеріне ғана таралады. Магистраттың сот лауазымдарына тағайындау үкімет үшін міндетті қорытынды негізінде республика Президенті декретімен немесе Магистратура жоғары кеңесінің ұсынуымен жүзеге асырылады.

Магистратураның жоғары кеңесі әріптестері сайлайтын 6 магистраттан, бір мемлекеттік кеңесшіден, республика Президентімен тағайындалатын үш тұлғадан, сенат және Ұлттық жиналас төрағасынан құралады. Магистратураның жоғары кеңесін мемлекет басшысы басқарады, оның орынбасары әділет министрі болып табылады. Кеңес екі дербес бөлімнен құралады, оның біреуі соттар магистраттарына қатысты өкілеттіктерге, ал екіншісі прокуратура магистраттарына қатысты өкілеттіктерге ие. Судьялар-магистраттарға қатысты құзыретті Кеңес бөлімі – біруақытта тәртіптік орган болып табылады.



Германия

Германияда судья лауазымының төрт құқықтық мәртебесі бар: судья лауазымға өмір бойы, уақытша, сынақ мерзіміне немесе оған судья міндеттерін тапсыруына байланысты тағайындалуы мүмкін (Судьялар туралы заңның §8). Конституция да, Судьялар туралы заң да судьялардың өмір бойы мәртебесіне бағытталады. Судья егер ол судья лауазымында болу үшін үміт ету құқығына ие болғаннан кейін судья қызметінде үш жылдан кем емес болса, өмірбойы тағайындалуы мүмкін.

Негізгі заңмен, Судьялар туралы заңмен кепілденген судья тәуелсіздігі тек заңға ғана бағынумен сипатталады. Судья тәуелсіздігінің екі аспектін бөледі: судьяның қызметтік және жеке тәуелсіздігі. Судьяның қызметтік тәуелсіздігі сот ісін жүргізуді жүзеге асырғанда сот төрелігі органдарының әр түрлі мүмкін нұсқауларынан және ықпалынан судьяны босатуды білдіреді. Судьяның қызметтік тәуелсіздігі қызметтік міндеттерді тиісінше орындауды тексеру мақсатында оған қатысты қызметтік қадағалаумен шектелуі мүмкін. Судьялар туралы неміс заңнамасына сәйкес, судьяға қатысты қызметтік қадағалау егер ол судья тәуелсіздігін бұзбаса рұқсат етіледі.

Судьяның жеке тәуелсіздігі оны өзге қызметке аударудан, ауыстырудан немесе қызметтен шеттеуден қорғау болып табылады. Өмір бойы судья мәртебесіндегі немесе уақытша судья мәртебесіндегі судья оның жазбаша келісімінсіз тек келесі жағдайларда ғана өзге қызметке аударылуы немесе қызметтен шеттетілуі мүмкін: 1) судьяға айып тағылған шешім негізінде (ГФР Негізгі заңның 98-б. 2 және 5 абз.); 2) ресми тәртіптік өндіріс ретінде; 3) сот әділдігі мүддесінде; 4) соттар құрылысының өзгеруінде.



АҚШ

Америка Құрама Штаттарының Конституциясына сәйкес сот билігі Жоғарғы Сотқа және қажеттілікке байланысты құрылатын, Конгресспен бекітілетін төменгі сатыдағы соттарға таралады (Конституцияның 1 бөлімі, ІІІ б.). Төменгі сатыдағы соттар – АҚШ Апелляциялық соты, АҚШ округтік соттары, әр штаттың соттары (оның ішінде Жоғарғы соттар) және штаттар округінің соттары. АҚШ Жоғарғы Сотының Төрағасы және мүшелері, барлық апелляциялық және округтік (аудандық) соттардың судьялары «кеңеспен сенаттың келісуімен» Президентпен белгісіз мерзімге тағайындалады (Конституцияның 2 бөлімі, ІІ б.).

АҚШ судьясының конституциялық қорғауын сот билігі тәуелсіздігінің бес компоненті қамтамасыз етеді: судья лауазымына өмірбойы тағайындау; сот билігінің әкімшілік тәуелсіздігі; бұзушылықтарды жіберген судьяларға тәртіптік жауаптылық; мүдделер қақтығысын болдыртпау үшін өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру және сот шешімдерінің ұтымдылығын қамтамасыз ету.

АҚШ сот билігі тәуелсіздігінің басты негізі Конституцияның ІІІ бабына сәйкес судьяларға кепілдендірілген қорғау болып табылады. ІІІ бапта федералды судьялар «өздері мінсіз болғанша, өз лауазымдарына ие» және олар «өз қызметі үшін, қызмет атқарған уақытта азаюы мүмкін емес сый ақы алады» деп көрсетілген. Аталған ережелер Конгресс және Президент соттың істі қарау нәтижелеріне судьяларды жұмыстан шығару немесе олардың жалақысын төмендету деп қорқыту арқылы әсер ете алмайды.

Қызметтен босатудан қорғау биліктің өзге де федералды органдардың лауазымды тұлғаларына қолданылатын «мінсіз мінез-құлық» ережесімен шектеледі. Конституцияның ІІ бабы «АҚШ лауазымды тұлғалары» - судьялар да осы санатқа кіреді – «лауазымнан мемлекеттік опасыздық жасағаны, парақорлық немесе өзге маңызды қылмыстар мен құқықбұзушылықтар үшін импичмент тәртібімен айыпталғанда босатылады» деп көздейді.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік саясат бағыттарын талдау

Сот жүйесі – мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатысы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара үйлесімді байланыстың қағидатты кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

Соттардың дауларды тәуелсіз әрі бейтарап шешуі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында судьялар корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қайта қарау, апелляциялық сатының төмен тұрған соттарға істерді қайта қарауға қайтару туралы негізсіз шешімдерін заңнамалық тұрғыдан шектеу, төрелік және аралық соттардың жүйесін күшейтудің қажеттілігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру құқықтық саясаттың маңызды мәселелері ретінде белгіленген. Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту қажеттігі атап көрсетілген. Судьялардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттан тыс реттеу, соның ішінде болмашы мәселелер бойынша дауларды соттардан тыс тәртіппен шешуді көздейтін институттарды дамыту туралы белгіленген. Президент сот жүйесін жаңғырту мен нығайту, сот билігінің беделін арттыру, оған қоғамның сенімін одан әрі арттыру қажеттілігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) көрсетілген сот-құқық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі соттарды одан әрі мамандандыру, соның ішінде салық сотын құру мүмкіндігі жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті республика судьяларының VI съезінде берген тапсырмалардың шеңберінде:

- сот қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру;

- даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу;

- азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- судьялар корпусының біліктілігін, судьялар қызметінің әлеуметтік және материалдық жағдайларын арттыру жұмыстағы басымды бағыттар болып табылады.
1.2) Басты мәселелерді талдау

Қазіргі кезде сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың жеткіліксіз хабардар болуы, сот жүйесіне сенімінің жеткіліксіз деңгейіне, сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажет жағдайдың жоқтығына байланысты бірқатар мәселелер бар.

Атап айқанда, 2013 жылғы 9 айдың қортындысы бойынша, қылмыстық істердің 4,6%, азаматтық істердің 2,4% және әкімшілік істердің 0,2% түзетуге жатқызылды.

Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру мақсатында Жоғарғы Сот 2013 жылы тұтынушылардың құқығын қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы істер бойынша, шарттық міндеттемелерін орындамауға байланысты даулар бойынша, еңбек даулары және сақтандыру саласындағы құқықтық карым-қатынастар туралы сот практикасына бірқатар қорытулар жасалды. Салықтық заңнама және қылмыстық құқық саласында нормативтік қаулылар қабылданды.

Жоспарланған мерзімде нормативтік қаулыларды қабылдау арқылы неғұрлым өзекті істер бойынша сот практикасын зерттеу және құқықтың жекелеген нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жалғасады.

Сот төрелігін жүзеге асыру деңгейіне едәуір ықпал ететін маңызды факторлар судьялардың, соттар аппаратының қызметкерлері мен сот орындаушылырының кәсіптік қайта даярлануы және біліктілігін арттыру болып табылады.

Қазіргі заманғы жағдайларда, сот қызметінің тиімділігі көбінесе судьяның тұрақты негізде біліктілігін арттыру мүмкіндігіне тәуелді болады. Осыған байланысты судьяларды және сот жүйесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Сот қызметінің ашықтық пен айқындық деңгейі одан әрі дамытуды талап етеді. Солай, 2012 жылы БҰҰДБ-ның өткізген социологиялық сауалнамасының қортындысының нәтижесінде респонденттердің 10,7% сот жұмысымен қанағаттанбау себептерінің бірі болып қолжетімді және қажетті ақпараттың болмауы болып табылады. Осыған орай, сот жүйесін ақпараттандыруды одан әрі дамыту қажет, ол соттардың құқық қолдану қызметіне жедел ақпараттық-құқықтық қолдауды, барлық сот жүйесі жұмысының ашықтығын, сот процесіне дайындық және тыңдау кезінде сот құжаттарын ресімдеуді жеделдетуді арттырады және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан басқа, мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде сот талқылауы хаттамасының толықтығы мен сапасын қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процесіне жаппай электрондық тіркеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

2014-2018 жылдары электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, сот отырысы залдарын дыбыс және бейне тіркеумен жабдықтау, соттарды электрондық мұрағатпен қамту жөніндегі орнату жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Сот төрелігінің сапасына ықпал ететін факторларының бірі болып, әсіресе аудандық (қалалық) және облыс орталықтарында орналасқан соттарда судьялардың жоғары жүктемесі болып табылады. 2012 жылы судьялардың тиімді штат санын анықтау үшін, Жоғарғы Сот республика судьялары жүктемесінің ғылыми негізделген нормативін анықтауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.

Судьялардың жүктемесін анықтау үшін еңбекті ғылыми ұйымдастыру саласындағы есептеу әдіснамасын және зерттеу жүргізуге мамандалған тәуелсіз зерттеу ұйымы тартылған. Ол әзірлеген судьялар жүктемелерінің нормативтері еңбек бойынша уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіліп, Жоғарғы Сот Төрағасының 2013 жылғы 4 наурыздағы № 55 өкімімен бекітілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілген және Жоғарғы Сот 2013 жылы бекіткен судьялар жүктемелерінің нормативтеріне сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялардың қосымша санындағы қажеттілігі 677 бірлікті, оның ішінде облыс орталықтарындағы соттар бойынша – 450 бірлікті құрайды.

Судьялардың жүктемесін төмендетудің шараларының бірі медиация институтын одан әрі дамыту, дауларды сотқа дейін және соттан тыс шешу нысанын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Судьялардың жүктемесінің жоғарлауы судья кадрларының тұрақтамауына байланысты. Судья кадрларының белгілі бір мерзіммен салыстырғанда қызметінен ауысуының коэффициенті 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 3,5%-дан 5,6%-ға дейін өскен. Бұл ретте, судьялардың басқа жұмысқа ауысуы, басқа жұмысқа тағайындалуы, өз еркімен босатылуы 40-ты құраған, (2011 жылы - 34), 2013 жылдың 9 айы бойынша - 38. Судьялардың басқа жұмысқа ауысуы және өз еркімен кету себептерінің бірі, олардың сот төрелігін атқарудағы төмен көрсеткіштері болып табылады. Атап айтқанда, 2012 жылы жоғарыдағы себептермен босатылған 40 судьяның 5-еуі 2011-2012 жылдары сот мониторингіне түскендіктен болып табылады.

Осыған байланысты сот мониторингінің тетігі қайта қаралып, әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. 2014 – 2016 жылдары БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып, соттар және судьялар жұмысының сапасын зерттеу саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеуге арналған бірнеше іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Қызмет сапасын бағалаумен барлық судьялар және соттар қамтылатын болады. Сондай-ақ, азаматтардың сот жұмысына қанағаттану және сенім білдіру деңгейін анықтау мақсатында тәуелсіз және үкіметтік емес ұйымдарды тартып әлеуметтік зерттеу жүргізу жұмыстары жалғасады.

Азаматтардың сот жүйесіне сенім білдіру дәрежесін артыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Осыған орай ақпараттық сипаттағы теледидар бағдарламаларын жүргізуді қоса алғанда сот жүйесінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар республика судьяларының VI съезінде бұқаралық ақпараттар құралдарымен өзара іс-қимыл нысандарын кеңейту, ұзақ уақыттың ынтымақтастықтың бағдарламалық бағыттарын бекіту қарастырылған.

Сапалы сот төрелігін жүзеге асыру, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға тиісінше жағдайлар жасаумен байланысты, ол үшін соттардың типтік ғимараттарын салу, әкімшілік сот ғимараттарына қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет. Соттың типтік ғимараттарының жобалауға қойылатын талаптар сот алдында тұрған ашық сот талқылауға құқықты қамтамасыз ету міндетіне байланысты. Сот отырысы залдарында қатысушыларға және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдіктеріне арналған тиісті орын болуы қажет.

Қазіргі таңда жергілікті соттардың бір бөлігі сот төрелігін жүзеге асыруға бейімделген ғимараттарда орналасқан және белгіленген талаптарға толық сай келмейді. Бұл ретте алаң нормаларына және белгіленген стандарттарға сай сот ғимараттарға қажеттілік 29 % құрайды.

Аталған мәселені шешу мақсатында Қазастан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитеті Жоғарғы сот жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету департаментінің өтінімінің негізінде 3, 5, 7, 10 құрамды соттар ғимараттарының типтік жобаларын бекіткен. Аталған жобалардың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Көрсетілген міндеттердің барлығы оларды шешуге кешенді тәсіл мен елеулі материалдық шығындарды талап етеді. Сот жүйесін жетілдіруге бағытталған басымды жобаларға қажетті қаржылық қаражаттарды салу жалпы Қазақстан Республикасының экономикалық қатынастарын дамытуға оң ықпалын тигізеді, сондай-ақ әрбір азаматтың өз конститутциялық құқығын іске асыру үшін нақты мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.


Каталог: sites -> default -> files -> page docs
page docs -> Салтанат ЖҰбаниязова
page docs -> zha_adan_ta_ayyndal_an_sot_t_ra_alary.doc [Айдарбек би]
page docs -> Пленарное заседание
page docs -> Жумабеков О
page docs -> Об отправлении правосудия судами Республики
page docs -> 2001 жылєы бірінші жартыжылдыќтыѕ ќорытындысы бойынша
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> 1-жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
page docs -> Халықаралық құқық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет