Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар 1



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата14.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне

енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар



  1. 1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 Қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы»;


1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы осы өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы


№ 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
№ 49, 684-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларында:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да
соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер
(бұдан әрі - агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) жүгінеді.»;

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін бере отырып, қалыптастырады.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.

6. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.

7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің судьяларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».

3. «Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
27 тамыздағы № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 705-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы»;

1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi.

2) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiнде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесi осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
18 қыркүйектегі № 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

7, 8, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою жолымен жүзеге асырылады және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

8. «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы БЖЗҚ электронды хабарламаны алған күнінен бастап салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»;

«11. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою жолымен жүзеге асырылады және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

12. Мемлекеттік корпорациядан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы БЖЗҚ электронды хабарламаны алған күннен бастап салымшы (алушы) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістерге


2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) шеңберінде немесе веб-сервис арқылы Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан (бұдан әрі – МОДҚ) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленгені туралы мәліметтерді сұратады.»;

20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.».

6. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

3-тармақтың жетінші, оныншы және он үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) сәйкес «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады»;

«Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама алуға құқығы бар.»;

«Мемлекеттік корпорация агенттен қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.»;

5-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;»;

6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;

2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10)13)26)26-1), 48) , тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;»;

9-тармақтың бірінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ұсталған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:»;

«6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аударады.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Мемлекеттік корпорацияға жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.

11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электронды тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлемнің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.

Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.

Мемлекеттік корпорация күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Агент Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.»;

13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.

14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде аудару қолма-қол ақшалар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Банктердің Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

Саны елу адамнан асатын қызметкерлері бар агент Қағидалардың 


13-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.

15. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателерді анықтағаны және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік корпорацияға кез келген уақыттағы аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұл туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімінің көшірмелерін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.

16. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған құжаттардың расталған төлем көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

17. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы Мемлекеттік корпорацияға қатені түзеу туралы нотариатта куәландырылған өтініш береді. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агент беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.

Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде анықтама-растаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.

Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесін қоса отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды өтінім ресімдейді.»;

18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтініші қоса беріледі.»;

20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік корпорация қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған құжаттардың негізінде зейнетақы төлемдерінің түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде қалыптастырады.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.»;

22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Банктің кінәсі бойынша қате жіберілген жағдайда банк Мемлекеттік корпорацияға қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хатты жібереді.»;

23, 24, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Мемлекеттік корпорацияның филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация филиалы) және Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұл сомаларын электронды түрде Мемлекеттік корпорацияның өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.»;

«26. Мемлекеттік корпорация қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) өсiмпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.

27. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұл сомалары Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агентті хабардар етеді.»;

28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұсталмаған (есебіне жазылмаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.»;

29, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актілерімен бекітілген экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлем тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен Мемлекеттік корпорацияның салымшының (алушының) шарты қолданылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін Орталықтың банк шотына төлейді.»;

«33. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде агенттер жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.

34. Мемлекеттік корпорация ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.

Мемлекеттік корпорация өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімдері үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелері бар «жарна сомасы» бағанын алып тастай отырып, жеке тұлғалардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.»;

38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама):»;

42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.»;

47-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.»;

«Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Мемлекеттік корпорация мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 4-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

7. «Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтары көрсетіле отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жүргізіледі.»;

«13. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуды Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.».

8. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларында:

2-тармақтың 5) және 10)тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі – «Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қалалық, аудандық бөлімшелері;»;

«10) Мемлекеттік корпорация– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

3-тармақтың 3) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.»;

5-тармақтың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтініш береді.»;

«Егер айырма төлеміне зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы жүгінген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша істер макетіне қосылады.»;

10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік корпорация айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.

11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электрондық форматта ұсынады.

12. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерін тиісті кезеңге инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жүргізеді.»;

13-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаларға сәйкес жүргізеді:»;

14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:»;

15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айырма төлемін тағайындаудан бас тарту себебін көрсете отырып, тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

16. Орталық екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген алушының (өтініш берушінің) ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

Орталық sms-хабарламаларда өтініш берушінің деректерінен (тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабарлама берілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) тұратын sms-хабарламалар журналында әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша тіркейді.

17. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ төлем кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігін қалыптастырады және төлем айының алдындағы айдың 25-күніне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;

19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есептік кезеңге көзделген сома шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражаттарын аударуды жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының жерінде ашылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады.».

9. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы


№ 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,
№ 25, 323-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнде:

1-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жүргiзетiн заңды тұлға»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31), 34), 41) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 32), 46), 47) тармақшаларында және
357-бабы 2-тармағының  4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді»;

7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса беріп, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.

Төлеушiлердiң банктерге мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банк) әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.»;

10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12.Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорациясының шотына осы сомалар төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.

13. Мемлекеттік корпорациясының шотына түскен әлеуметтік аударымдар сомалары үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

Мемлекеттік корпорация:

1) ЖСН-і жоқ және (немесе)деректемелерінде қателер жіберілген;

2) Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;

3) әлеуметтік аударымдар сомасы бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүргізеді.»;

14-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.»;

«Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.»;

16-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Мемлекеттік кірістер органының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.»;

22-тармақ алынып тасталсын;

23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға бередi;

олар үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;

мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;

Мемлекеттік корпорация бес банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса беріп, Қорға жiберіледi;

Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн ақшаны Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жеті банктік күн iшiнде аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Мемлекеттік корпорацияға жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Мемлекеттік корпорацияға жiбередi;

Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;

төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады;

Мемлекеттік корпорация олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;

Мемлекеттік корпорация артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етедi;

Мемлекеттік корпорация пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмпұлды, сондай-ақ Қордан аударылған әлеуметтік аударымдар және өсiмпұл бойынша қайтарымдарды салыстырып тексеру жүргiзіледi.»;

27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептер ұсынады.

28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл тiзiлiмдерiн ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

«5. Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және оны ұсыну тәртібі

30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің Мемлекеттік корпорациясынан әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.

31. Төлеуші әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты алу үшін осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді толтырады және оны Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

32. Мемлекеттік корпорация төлеуші өтініш берген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы төлеушіге жібереді.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК» сөздері «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» сөздерімен ауыстырылсын;

осы өзгерістер мен толықтыруларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес
4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

10. «Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «____» ________ № ____ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы.....):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан
50 пайызын қайтару қағидаларында:

2-тармақтың 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

«7) электрондық хабарлама – салымшы (алушы) және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылуға тиіс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Мемлекеттік корпорацияның электрондық құжаты.»;

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорацияға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін қағаз және электрондық түрде:»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. БЖЗҚ және Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілетін Жоспар-кестені әзірлейді және қол қояды.»;

9-тармақтың 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация және уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатарынан жауапты адамдарды көрсете отырып, БЖЗҚ-дан қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері;

2) БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару үшін БЖЗҚ-ға қажетті ақпаратты қамтитын Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының форматы;

3) Мемлекеттік корпорацияның БЖЗҚ-ға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін ұсыну тәртібі, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару тәртібі;»;

«5) жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды жүзеге асыру процесінде Мемлекеттік корпорация пен БЗЖҚ арасындағы ақпарат алмасудың электрондық құралы (-дары) (арнасы);

6) БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ кастодиан-банкімен өзара әрекеттерге бағытталған іс-шаралары көзделеді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуды жүзеге асыратын уәкілетті органның дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру деректемелердің (жеке сәйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні) толық сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.»;

12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша мемлекет кепілдіктерін есептеу үшін қажетті зейнетақы төлемдеріне құқықты иелену күніне міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының міндетті зейнетақы жарналары алушыларға инфляцияның деңгейін ескерген нақты мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын сақтау жөніндегі мәліметтерді ұсынбайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік корпорация Жоспар-кестеде айқындалған мерзімдерде электрондық хабарламаларды қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.»;

14-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығарады;

2) БЖЗҚ-ның кастодиан шотынан Мемлекеттік корпорацияның шотына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға өкімді кастодиан-банкке жібереді.»;

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Бұл ретте БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) сәйкестендіру Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген деректемелерге толық сәйкестік бойынша жүзеге асырылады.

16. Жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруды БЗЖҚ Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасы негізінде қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасынан, осы Қағидалардың 17-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырады.»;

17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) егер қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы қайтару күніне Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса;»;

17-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«электрондық хабарламаны Мемлекеттік корпорация қалыптастырғанда;»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды электрондық хабарламаны алған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.

19. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасы банкілік және бюджеттік заңнамасының нормаларын сақтай отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомалары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде электрондық төлем тапсырмаларымен оларды республикалық бюджетке аударуды жүргізеді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жоспар-Кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін құрастырады, ол:

1) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

2) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

3) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын республикалық бюджетке Мемлекеттік корпорацияның аударуы бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.»;

21, 22, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Жоспар-Кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін БЖЗҚ қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін құрастырады, ол:

1) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

2) Тиісті себептерін көрсете отырып, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды жүзеге асырмаған Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.

22. БЖЗҚ қайтарған және қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілеріне БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қол қояды, көрсетілген ұйымдардың мөрлерімен расталады.»;

«25. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып, сомаларды қайтару туралы өтініштер берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін құрастырады және оны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

26. Мемлекеттік корпорация тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарына сәйкес осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) Мемлекеттік корпорацияның және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында сәйкестендіруді жүзеге асырады.

27. Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларды қалыптастыруы және оларды БЖЗҚ-ға жіберуі, жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын БЗЖҚ-ның есептен шығаруы, оларды Мемлекеттік корпорацияға қайтару және кейін республикалық бюджетке аударуы осы Қағидалардың 13, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.».

__________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы

№ 571 қаулысымен

бекітілген





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет