Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар 1



бет2/3
Дата14.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#21093
1   2   3

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы


Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі -Қағида) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек - банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі - зардап шеккен адамдар) - Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адамдар 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күнінен бастап 10 жыл өткеннен (120 айдан) ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;

2) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым - банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

4) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) капиталдандыру кезеңі - капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;

6) капиталдандырылған төлемдер сомасы - зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома;

7) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қалалық және аудандық бөлімшелері;

8) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары - Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары.

9) Орталықтандырылған дерекқоры (бұдан әрі – ОДҚ) - ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;

10) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

11) істің электрондық макеті (бұдан әрі – ІЭМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің электрондық макеті;

12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.




  1. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі

2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

3. Өтініш қабылданған кезде «электронды үкімет» шлюз арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді сұратады (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер).

Ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

жеке басты куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) көшірмесі;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы).

Өтінішке сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшiн өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттарға мыналарды қоса береді:

1) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісі (актілері):

капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);

таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).

Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады;

2) зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде -мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан өтініш білдірушіге мүгедектік орнату туралы ақпарат сұратылады.

Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында ақпарат болмаған жағдайда өтінішке мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі қоса беріледі.

Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

5. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеру жүзеге асырылады.

Орталықтың ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге мүлтiксiз әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

6. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден тиісті төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

7. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге мүлтiксiз әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорацияның маманның ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

8. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініштер әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша Орталық бөлімшесінде тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарында тіркеледі.

9. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қолхат беріледі.

3. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
10. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі үш жұмыс күн ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің жобасын қалыптастырады.

Қалыптастырылған ІЭМ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін ІЭМ басып шығарылады.

Мемлекеттік корпорация филиалы келіп түскен құжаттарды, ЭІМ-ын ресімделу және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексереді.

11. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

12. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындаған және олардың мөлшері өзгерген кезде тиындармен есептелген барлық сома, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.

13. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандар бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті бес жұмыс күн ішінде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

14. Ұсынылған құжаттың дұрыстығына тексеруге негіз болған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтініш берушіге әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкілетті орган тексеру жүргізетіні туралы хабарлама береді.

15. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге негіз болған жағдайда уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы өтініш берушіден құжаттарды қағаз жеткізгіште сұратады.

16. Егер Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат ІЭМ-де болмаған жағдайда уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ІЭМ-ді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша хабарлама қоса оны қайтарады. Орталық бөлімшесі жетіспейтін толықтыру үшін қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. Қайта рәсімдеу үшін мерзімі отыз жұмыс күннен аспау қажет.

Егер құжаттар отыз жұмыс күні ішінде жете ресімделмесе, уәкілетті орган қолда бар құжаттар бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады.

Кейіннен қажетті барлық құжаттармен қайта жүгінген күн өтініш білдірген күн болып есептеледі.

17. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаны әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі келген кезде береді немесе оны өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

18. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруларға байланысты ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгертуді ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі дайындаған электронды шешім жобасының негізінде жүргізеді.

19. Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.



4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
20. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар не Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген алушылар ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ісіне сұрау салуға, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтініш береді. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

21. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

22. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлемдерін тағайындалған адамдардың бұрын Қазақстан Республикасында тағайындалған зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.

23. Кеткен елінде төлемдер алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және қайтып келген адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу кеткен елінің уәкілетті органдары берген төлемдерді алмағаны туралы анықтаманы ұсынған кезде төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан асырылмай қалпына келтіріледі.

Бұл ретте ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі. Егер кету кезеңінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттырулар ескеріле отырып белгіленеді.

24. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен адамның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушының ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.

25. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.

5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі
26. Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімдерінің негізінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекке бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне ұсынады.

27. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

28. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сома шегінде жүзеге асырады.

29. Төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.

30. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлеу кестесіне сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен ұстап қалуларды қалыптастырады.

31. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді Мемлекеттік корпорация:

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттарға есептеу;

«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.

Алушының банктік шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының, қорғаншының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса өтініш береді.

32. Алушыларға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі.

33. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

34. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) ақпараттық жүйеден іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің анықталғаны туралы;

3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйеден анықталғаны туралы.

35. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйеден алынатын мәліметтер;

кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

36. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандар бойынша жүргізіледі.

37. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің қызметкерлері қайтыс болу, кету фактілері туралы төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қалпына келтіру, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемдерді тоқтата тұруға байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы ОДҚ-да күн сайын жазбалар жасайды.

6. Қылмыстық-атқару мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
38. Қылмыстық-атқару мекемесiндегі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек өтiнiштің және қылмыстық-атқару мекемесі орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiне мекеме әкiмшiлiгi ұсынатын, осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың негiзiнде тағайындалады.

39. Егер адам қылмыстық-атқару мекемесiне орналастырылған сәтте ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы болып табылса, қылмыстық-атқару мекемесi орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесi Қылмыстық-атқару мекемесінің мекемесiнiң әкiмшiлiгi әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен ұсынған, көрсетiлген адамның өтiнiшi негiзiнде төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

40. Қылмыстық-атқару мекемесі орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ісін алғаннан кейін ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті аудару үшін қылмыстық-атқару мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының деректемелерін көрсете отырып оны есепке қояды.



Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет