Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар 1


Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi



бет3/3
Дата14.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#21093
1   2   3

7. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi

41. Қамқоршы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз (қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін не қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты растайтын құжатты ұсынады.

Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеме орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорация бөлiмшесi ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi осы Қағидалардың 20 және 24-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тіркелген күнінен бастап жүзеге асырылады.

42. Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі және қамқорлыққа мұқтаж, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын олардың банктік шоттарына аударылады.


8. Қорытынды ережелер

43. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:

Алушының өтiнiшi бойынша;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша Мемлекеттік корпорация хатының негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (ақпараттық жүйеден алынған алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы мәліметтерді және (немесе) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы тұруға кеткен елдегі уәкілетті органнан ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ісіне сұрау салуды) қоса бере отырып ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;

соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

44. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің сомалары қате аударылған жағдайларда Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға Мемлекеттік корпорация және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартта белгіленген нысан бойынша және тәсілмен төлем тапсырмасын кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпарат жолдайды.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате аударым не кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде ақшаны Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтата тұрады.

45. Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық есептелген (төленген) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек сомаларын есептен шығару үшін Мемлекеттік корпорация борышкердің қайда екені белгісіз болуына немесе мұрагері болмауына байланысты соманы қайтару мүмкін еместігі туралы ұйғарым шығару үшін сот органдарына жүгінеді.

Мемлекеттік корпорация артық есептелген (төленген) сомаларды есептен шығаруды сот қаулыларының негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.

46. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу жүзеге асырылатын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері (қолданыстағы істер) қолданыстағы істер мұрағатында сақталады.

47. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлеу тоқтатыла тұрған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері алушының өзi немесе отбасының мүшелерi жүгінгенге дейiн «Бақылауда» деген белгiмен қолданыстағы iстерден бөлек сақталады.

Алты ай өткеннен кейiн iс соңғы төлемнiң күнi мен сомасы көрсетiле отырып есептен алынады және Мемлекеттік корпорация мұрағатына өткiзiледi. Алты айдан артық мерзiмге тоқтатыла тұрған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері бойынша Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi Мемлекеттік корпорация уәкiлеттi органның Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешiмi бойынша қалпына келтіреді.

48. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы ісінің телнұсқасын қалпына келтіру уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылар iстерiнiң қалпына келтiрiлген телнұсқасының мұқабасында оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.

________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 

2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 865 қаулысымен
бекiтiлген


Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі


Жұмыстардың атауы

 Лауазымы

Республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюролар, денсаулық сақтау ұйымдарының орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелері және патологиялық-анатомиялық бөлімшелері

Мәйiттердi патологиялық-анатомиялық ашу және операция мен биопсиялар кезiнде алынған мәйiттiк материалды, органдар мен тіндерді гистологиялық зерттеу

Патологоанатом дәрігерлер

Патологиялық-анатомиялық ашуларды жүргiзуге қатысу
Мәйiттiк, операциялық және биопсиялық материалды өңдеу

Орта медициналық персонал
Кіші медициналық персонал

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, аумақтық филиалдары, аудандық және ауданаралық бөлімшелері

Мәйiттерге мен мәйiттiк материалға сот-медициналық сараптамалар 

Дәрігерлер және мамандар, сот-медициналық сарапшылар

Мәйіттердің сот-медициналық сараптамасын жүргізуге, мәйiт материалын өңдеуге қатысу 

Орта медициналық персонал
Кiшi медициналық персонал

_____________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

3-қосымша

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) мен аудару

және олар бойынша өндіріп алу  


қағидалары мен мерзімдеріне 
1-қосымша           

Қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы
туралы анықтама-растама


      Мемлекеттік корпорация қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы туралы хабарлайды.

Р/с


Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болса)

Туған күні
ЖЖЖЖААКК

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Қызметкерде міндетті зейнетақы жеке зейнетақы шотының болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

М.О. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшесінің басшысы ___________________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

                          Берілген күні 20__ жылғы «___» ____________

__________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

4-қосымша

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) мен аудару  
және олар бойынша өндіріп алу

қағидалары мен мерзімдеріне 


4-қосымша           

Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақы
сомасын қайтаруға арналған өтініші

1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы


жарналарын және (немесе) өсімақылар төлеушінің (агенттің)
деректемелері атауы

______________________________________________________________


__________________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ________________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) ________________________
БСК ________________________ ЖСК ________________________________
   2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № ________
___________________________________ күні «___» _____________ 20__ жыл
төлем тапсырмасының жалпы сомасы__________________________________
      3. Салымшының деректемелері ___________________________________
                                         (Т.А.Ә., туған күні)
ӘЖК ____________________________________________________________
салымшы жарнасының сомасы

___________________________________________


қайтарылуға тиісті сома _____________________________________________
      4. ____________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, ТТК қате көрсетілген, кезең дұрыс көрсетілмеген, агенттің
банктік деректемелері қате көрсетілген, салымшының деректемелері қате
көрсетілген, резидент емес және т.б.) келесі төлемдермен түзету
мүмкін емес.

Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз


__________________________________________________________________
     (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер
                              көрсетіледі)

____________________                         ________________________


  (басшының қолы)                            (бас бухгалтердің қолы)
                                         _______________________
                                                      (күні)

_____________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

5-қосымша
Әлеуметтiк аударымдарды  
есептеу және аудару ережесіне

1-қосымша  


«Мемлекеттік әлеуметтiк  
сақтандыру қоры» акционерлік
қоғамының басшысы
____________________________
Өтiнiш

__________________________________________________________________

(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)

«___» _______________ № _________________________ төлем тапсырмасымен _______________________________________________ атына

(олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә., ЖСН, әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасы және қайтаруға жататын сомасы көрсетiлсiн)

қате (артық) аударылған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қайтаруыңызды сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы __________.

Кейiннен төлемдермен түзету енгізу келесі себептен мүмкін
емес (қажеттісін көрсету керек):

1) төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет қате аударған;

2) алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген;

3) «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

4) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

5) МТ-102 төлем тапсырмасы форматындағы, оның тізімдік бөлігіндегі төлем кезеңінде қате жіберілген;

6) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

7) әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған;

8) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар артық (қате) аударылған.

Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:

__________________________________________________________________

(төлеушінің толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi)

Қосымшалар: төлем құжаттың көшiрмесi.

Қажет болған жағдайда: олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе құжаттың көшiрмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, өтініште және төлеушінің қаржылық құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда –дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Қолдары:
Басшы


Бас бухгалтер

_____________


Ескертпе.

өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді)

_________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

6-қосымша

Әлеуметтiк аударымдарды
есептеу және аудару ережесіне

4-қосымша 



Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алуға өтінім


Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының сомасы

банк операциясының референсі

Төлеушінің ЖСН/ БСН

Төлеушінің атауы

1

2

3

4

5

6

     Қолдары:


      Басшы __________________________________________ Т.А.Ә.
      Бас бухгалтер __________________________________ Т.А.Ә.

____________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларға

7-қосымша

 Әлеуметтiк аударымдарды 


есептеу және аудару ережесіне

5-қосымша 


Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат


Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының сомасы

Банк операциясының референсі

Төлеушінің ЖСН/ БСН

Төлеушінің атауы

Dbf. файл

1

2

3

4

5

6

7

      Қолдары:


Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы _________________ Т.А.Ә.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бас маманы _____________________ Т.А.Ә.

___________________________________




Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет