Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ



жүктеу 162.69 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі162.69 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

28-қосымша
 

«Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі

салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. "Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:

1) мыналарды өзгерту туралы:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салық және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін – өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;

импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу мерзімін – импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС және (немесе) өсiмпұлдардан басқа, салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін өзгерту салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік 36 (отыз алты) айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі;

2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мыналарды:

салық төлеушімен келісілген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін өзгерту туралы;

салық төлеушімен келісілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;

бас тарту негіздерін көрсете отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;

импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді беру;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағазда.

Портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге келіп жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышында ресімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.

3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін:

1) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімдерін ауыстыру себептері қамтылған салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш – банк кепілі шарты немесе кепіл шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей.

Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті берушіге (Министрлікке) беріледі.

Жергілікті бюджетке толық көлемде түсетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебіне алу орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;

2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін банк кепілдігі арқылы өзгерту үшін – кепілдік беруші банк пен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған банк кепілдігі шарты мен банк кепілдігі;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін – кепіл шарты мен кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген дара кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растауы;

импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту үшін:

1) көрсетілетін қызметті берушіге (Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына) – үш айдан аспайтын мерзімге импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы көрсетілетін қызметті берушінің қортындысы.

Осы тармақшаның ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға таратылмайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге (Министрлікке) – өнеркәсіптік өңдеу үшін импорт бойынша тауарларды ұдайы алып тұратын ҚҚС төлеушілерге күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын импортқа ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы мемлекеттік кірістер органының қортындысы.

Осы тармақшаның ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға таратылмайды;

көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚС төлеушінің орналасқан орны бойынша өндірістік қуаты мен үй-жайларының бар екені туралы қортындысы.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, құжаттар топтамасын қабылдау туралы белгісі бар талон алады.

порталға:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесінің электронды көшірмесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігінің жазбаша растауының электронды көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде, жеке куәлігн көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жолдайды.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәлімет жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының ережелерін сақтамауы және (немесе) мына шарттарға сәйкес келмеген жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады:

банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

мүліктік кепіл шарты бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса, салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалады;

бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күнге дейінгі күнтізбелік он бес күннен ерте жасалмауға тиіс.

Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:

кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;

кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын көрсетілетін қызметті берушіге кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді;

кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төлеуге жататын салықтардың және өсімпұлдың сомасынан кем болмауға тиіс.

Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;

мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорациясының www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

Шағымның қабылданғанын растау, оны Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8–800–080–7777, 1414.

«Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша






Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Тегі, аты, әкесінің аты бар болған кезде (бұдан әрі – Т.А.Ә.), не қызмет алушы ұйымның атауы

_____________________________

(қызмет алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекен-жайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________;

ұсынбаудан көрінетін «Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (корпорациясының қызметшісі) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефоны _____________

Алды: Т.А.Ә. / қызметті алушының қолы

20__ жыл «___» ___________





Каталог: sites -> default -> files -> gosuslugi -> standarty
standarty -> Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ
standarty -> Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ
standarty -> Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ
standarty -> Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ
standarty -> Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ
standarty -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
standarty -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
standarty -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару»
standarty -> «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет