Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ



Дата14.03.2018
өлшемі132.26 Kb.
#20899


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы «__ » _________

№ ___ бұйрығына

28-қосымша
 

 

«Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі



салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржы министрлігі) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қаржы министрлігі және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:



  1. көрсетілетін қызметті беруші кеңсе арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мыналарды өзгерту туралы:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу бойынша, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін – көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей;

импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу мерзімін – көрсетілетін қызметті беруші импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

Төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС және (немесе) өсiмпұлдардан басқа, салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін өзгерту салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту кеден органы кедендік жүк декларациясын, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларацияны қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін импорт бойынша тұрақты түрде тауарлар алатын ҚҚС төлеушілерге импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын шешім негізінде кеден органы кеден жүк декларациясын, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларацияны қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мыналарды:

салық төлеушімен келісілген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін өзгерту туралы;

салық төлеушімен келісілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;

бас тарту негіздерін көрсете отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;

импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді беру;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша уәжделген бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырады.

Портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

1) Қаржы министрлігі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

2) Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті беруші:

салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін:

1) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімдерін ауыстыру себептері қамтылған салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш – банк кепілі шарты немесе кепіл шарты жасалған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей.

Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріледі.

Жергілікті бюджеттерге толық көлемінде келіп түсетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушыны тіркелу есебіне алу орны бойынша салық органына беріледі.

2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін банк кепілдігі арқылы өзгерту үшін – кепілдік беруші банк пен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған банк кепілдігі шарты мен банк кепілдігі.

Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін – кепіл шарты мен кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі.

Мүліктік кепіл шарты бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса, салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы арасында жасалады.

Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күнге дейінгі күнтізбелік он бес күннен бұрын жасалмауға тиіс.

Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:

кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;

кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық қызметінің органына кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді;

кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;

мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау кестесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігінің жазбаша растамасы;

импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту үшін:

1) Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына – үш айдан аспайтын мерзімге импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарлар жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы.

Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды;

2) Қаржы министрлігіне - өнеркәсіптік өңдеу үшін импорт бойынша тауарларды ұдайы алып тұратын ҚҚС төлеушілерге күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын импортқа ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарлар жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы.

Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды;

ҚҚС төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының өндірістік қуаты мен үй-жайларының бар екені туралы қорытындысы;

порталға:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш;

2) электрондық түрдегі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау кестесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігінің жазбаша растамасының электрондық көшірмесі;

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың қабылданғандығы/қабылданбағандығы туралы электрондық хабарлама/растама алады.

Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.salyk.gov.kz. интернет-ресурсында, салық органының күту залындағы стенділерде және арнайы бағандарда орналастырылған. Салықтық өтініш нысаны салық органында тегін беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының ережелерін сақтамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Қаржы министрлігінің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Қаржы министрлігінің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Қаржы министрлігінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, Қаржы министрлігінің: www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.


_______________



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
pages -> № исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
pages -> Қазақстан республикасының
pages -> Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны
pages -> 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды
pages -> «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет