Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорлардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп



жүктеу 38.89 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі38.89 Kb.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорлардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
2014 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың 513 өтініші келіп түсті, оның ішінде 378 өтініш тікелей ҚРҰБ-қа келіп түскен. Есепті айда 473 өтініш қаралды:

365 (77,17%) өтініш екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару) (75);

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау (77);

- басқа банктердің шоттарындағы ақшаға даусыз (акцептсіз) тәртіппен ақы өндіріп алу (21);

- банк қызметкерлерінің заңсыз іс-қимылдары (11);

- есептің (ай сайынғы төлем, берешек, өсімпұл, сыйақы, комиссиялар, ЖТСМ мөлшерінің) дұрыстығын тексеру (9);

- шарт талаптарының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру (6);

- сот шешімдерін орындау (6);

- банк шоттарына қызмет көрсету (5);

- шартты жасау, орындау және тоқтату тәртібін бұзу (3);

- қарыздарды беру заңдылығын тексеру (3);

- ақпаратты алмау (2);

- банк қызметін тексеру (2);

- басқа да мәселелер (145).



9 (1,90%) өтініш банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау;

- кепіл затынан босатылудан бас тарту;

- кепіл затын сату рәсімі;

- банк шоты бойынша операцияны тоқтата тұру.

33 (6,98%) өтініш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- сақтандыру төлемін жүзеге асырмау;

- сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту;

- есептің (аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру сомасының) дұрыстығын тексеру.



1 (0,21%) өтініш бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлемеу мәселесі бойынша бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты.

7 (1,48%) өтініш жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуден бас тарту;

- жинақталған зейнетақы қаражатын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-қа толық көлемде аудармау.

35 (7,40%) өтініш Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын түсіндіру және ҚРҰБ-ның және оның филиалдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер туралы.

23 (4,86%) өтініш басқа мемлекеттік органға тиесілі болғандықтан соларға қайта жіберілген.

Микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша өтініштер жоқ.

2014 жылғы мамырдағы өтініштерді және қаржы нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерінен анықталған бұзушылықтарды қарау нәтижелері:



п/п

Іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы

Қаралған өтініштер

Қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының саны


Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлесі, %

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

1

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

4

57,14%

0

2

«Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2

28,57%

0

3

Жинақтаушы зейнетақы қоры

1

14,29%

0




Жиынтығы:

7

100%

0

1,48%*

* Өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы.
2014 жылғы мамырда ҚР ҰБ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолданбады.
ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтарын бұзған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайында көрсетілген мекенжайлар бойынша www.nationalbank.kz)


2) ҚРҰБ-ға

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67



Тел. 7 (727) 2788 148, факс: 7 (727) 2729 433

Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет