Семейде Павлова көшесіндегі балабақшада өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ТЖД-дан

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 17:37-де 101 пультіне Павлова көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Өрт сөндіру бөлімшелеріне №2-шақыру бойынша дабыл түсіп, дереу шақырту орнына жөнелтілді. Келген бойда балабақшаның 2-ші қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18:05-те оқшауланды. Өрттің алдын ала аймағы мен себебі анықталуда. Қазір оқиға орнында жеке құрамның 37 адамы мен 9 техникасы жұмыс істеуде", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Желідегі деректерге сай, демалыс күндері болғандықтан балабақша ішінде балалар жоқ. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.