Ќазаќстан республикасы оќу жєне білім министрлігі



жүктеу 2.33 Mb.
бет11/16
Дата19.09.2017
өлшемі2.33 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сүдігер жырту. Келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілетін топырақты негізгі өңдеу сүдігер жырту делінеді. Топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін артыруда сүдігер жыртудың үлкен өндірісітік маңызы бар.

Қазақстанда атмосфералық жауын-шашын мөлшері тапшы, сондықтан сүдігер жырту топыраққа күзгі, қысқы және көктемгі жауын-шашын мен қар суларының жақсы сіңуін, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сүдігер жырту топырақта микробиологиялық процестің жақсы жүруіне, жырту алдында танапқа берілген органикалық, минералдық тыңайтқыштар мен топыраққа сіңірілетін өсімдік қалдықтарының және жасыл тыңайтқыштардың тез ыдырауына, сөйтіп танапта коректік заттар қорының мол жиналуына қолайлы жағдай жасайды.

Күзде сүдігер жырту танаптардағы арамшөптерді, олардың тұқымдары мен вегетативтік көбеюі мүшелерін, ауылшауашылық дақылдарының зиянды жәндіктері мен ауру қоздырғыштарын жоюға, көктемгі егістік жұмыстарды жүргізу кезінде қарбаластық тудырмауға толық мүмкіндік береді. Сүдігер жырту шаруашылықта техникалар мен аулшаруашылық машиналарын және құралдарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің, оның ішінде бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институты мен Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының жүргізген көпжылдық тәжірибелері күзде сүдігер неғұрлым ерте жыртылса, соғұрлым оның тиімділігі арта түсетіндігін көрсетті. Десекте, кейінгі жылдары құрылған жеке шаруашылықтар, шаруа қожалықтары және басқа кішігірім шаруашылықтарда қаржы тапшылығына байланысты техникалардың, жанар-жағар майлардың жетіспеушілігінен күзде көбінесе сүдігер жыртылмайды, немесе өте кеш және сапасыз жүргізіледі. Сондықтан сүдігер жыртудың тиімділігі онша болмайды.



Дәнді дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу.

Дәнді дақылдарға жаздық және күздік бидайлар, арпа, қарабидай, сұлы, күріш, тары, қарақұмық және басқалары жатады. Олар көбінесе жай қатарлы, тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен себіледі.

Осы дақылдардың тұқым себу науқанын сапалы өткізуге, оның жылдам және біркелкі көктеп шығуы мен өсімдіктің кейін қарқынды өсіп-дамуына күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне тікелей байланысты.

Егер, сүдігер жырту сапалы жүргізілсе, онда кейінгі орындалатын басқа агротехникалық шаралар тиімді өткізіледі.

Отамалы дақылдармен салыстырғанда дәнді дақылдардан кейін топырақ онша нығыздалмайды, сондықтан одан ылғал көп буланып ұшады. Топырақ үстінде қалған аңыздар мен өсімдік қалдықтары, қыста қардың танаптарда мол жиналуына зор әсер етеді. Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының деректері бойынша жерді соқамен аударып жыртқан жерлерде қыста танаптағы қардың қалыңдығы 19,2 см, ал жазықтабан сыдыратілгіш культиватормен терең қопсытқанда 24,3 см болған.

Жел эрозиясы болатын жерлерде танаптың бетінде аңызды және басқада өсімдік қалдықтарын сақтау үшін жазықтабан сыдыражыртқыштармен өңдеу дәнді масақты дақылдардың түсімін арттырады. Аталған институттың деректері бойынша сүдігерді соқамен жыртқан танаптарда жаздық бидай өнімі әр гктардан 10,9 центер, ал жазықтабан сыдыражыртқышпен өңдегенде 14,7 центнер болған, яғни екінші тәсіл әр гектардан 3,8 центнер өнімді артық алуға мүмкіндік берген.

Қазақстанның басқада қуаңшыл аймақтарында да осыған ұқсас нәтижелер алынды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының тәлімі жерлері қуаңшыл ашық далалы аймақта орналасқан. Бұл өңірде ылғал тапшы, жел күшті, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл, сондықтан жерді қайырмалы соқамен аударып жырту жел эрозиясына әкеліп соқтырады. Сол себепті жерді жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлармен өңдеген тиімді. Мұны Алматы облысының Іле ауданында орналасқан шаруашылықтардың деректері толық дәлелдеп берді. Дәлірек айтқанда, аталған ауданда сүдігерді соқамен жыртқанда орта есептпен 5 жыл ішінде дәнді масақты дақылдардың әр гектардан түсімі 5,4 центнер, ал жерді жазықтабан сыдыратілгішпен өңдегенде 9,4 центнерге жетті.

Отамалы дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі

Отамалы дақылдарға қатараралығы кең тәсілмен себілетін жүгері, мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша және тағы басқа дақылдар жатады. Аталған дақылдардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Жоғары өнімді дақылдар болғандықтан оларға органикалық және минералдық тыңайтқыштар беріледі. Жаз бойы дақылдардың қатараралығы 2-3 рет культивацияланды. Осы себепті отамалы дақылдардан кейін танап арамшөптерден біршама таза, топырағында ылғал мен коректік заттары әжептәуір сақталған, топырағы нығыздалмаған, яғни танаптың фитосанитарлық жағдайы дәнді масақты дақылдардан босаған танаппен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Егер танаптағы аталған дақылдарды уақытында сапалы түрде күтіп баптаса, яғни дер кезінде қатарарлықты өңдесе онда осы көрсеткіштері жағынан отамалы дақылдар себілген танап таза парға жақындайды. Сондықтан кейде отамалы дақылдардан кейін танапты терең өңдемей, оның беткі қабатын культивациялау жеткілікті екенін ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық тәжірибе көрсетті.

Әрине, топырақ өңдеу тәсілі мен тереңдігі танаптың жағдайына, оның арамшөптерден тазалығна, ылғал мөлшеріне, себілетін дақылдарға байланысты. Егер, танапта атпатамырлы, немесе тамырсабақты көпжылдық арамшөптер басым, топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр болса, ондай жерлерді міндетті түрде қайырмалы соқамен аударып тереңге жырту керек.

Келер жылы танапқа отамалы дақылдардан кейін отамалы дақылдар қайталанып себілсе, онда да жерді, әсіресе қант қызылшасы, себілетін танапты, терең жырту керек, себебі жер таяз жыртылатын болса, онда аталған дақылдың тамыр-жемісі қысылып өспей қалады. Картоп отырғызатын жерлердің терең жыртылуы керек.

Отамалы дақылдардың ішінде күнбағыс және жүгеріден кейін жерді соқамен жырту керек. Сөйтіп, отамалы дақылдардан кейін топырақты өңдеу тәсілдері мен олардың тереңдігін дұрыс таңдай білудің өндірістік маңызы зор.

Дәнді дақылдар себілетін жағдайда танапты онша терең өңдеудің қажеті шамалы.



Көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеу жүйесі

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлерде көптеген дақылдардың жақсы алғы егісі ретінде жоңышқа, ал солтүстік өңірінде еркекшөп егіледі. Көпжылдық шөптер бір орында 3-4 жыл тұрғандықтан олардан кейін танапта шым-қыртыс пайда болады, сондықтан топырақ түйіршіктері бірі мен бірі тығыз байланысқан. Көпжылдық шөптерден кейін топырақтың физикалық қасиеттері жақсарады, танап арамшөптерден тазаланады. Біржылдық дақылдармен салыстырғанда көпжылдық шөптерден кейін танаптың технологиялық қасиеттері жақсарады, бірақ көпжылдық шөптер, әсіресе жоңышқа топырақтағы ылғалды көп пайдаланғандықтан оны құрғатып жібереді. Осыған орай, көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеудің алдына мынандай талаптар қойылады:

- топырақ өңдеу арқылы көпжылдық шөптің жер бетіндегі және жер астындағы органдарының тіршілік қабілетін жою;

- өсімдік қалдықтарының тез ыдырауына қолайлы жағдай жасау;

- топырақтың ылғал, ауа, коректік заттар режимдерінің жақсаруына қолайлы жағдайлар тудыру.

Жергілікті жердің топырақ-климаттық жағдайына, шымның сапасына, көпжылдық шөптерден кейін себілетін ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне және олардың қоятын талаптарына байланысты топырақ өңдеу жүйесі анықталады. Мысалы, көпжылдық шөптерден кейін себілетін дақылдар үшін жер өңдеудің ең жақсы тәсілі оны шолақ түренмен жабдықталған соқамен 25-30 см тереңдікке мәдени жырту. Жер өңдеудің сапасы жақсы болу үшін ең алдымен көпжылдық шөптердің қыртысын қарама-қарсы бағытта екі рет дискілі құралдармен өңдеу керек. Бұл ретте көпжылдық шөптердің жер асытндағы тамыр жүйелері мен танап бетіндегі органдары қырқылады, соның нәтижесінде олардың тіршілік қабілеті жойылып, келер жылы көктеп-дамуын тежейді. Соңғы дискілеуден 1,5-2 апта өткен соң жерді мәдени соқамен жыртады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтарда, жел эрозиясына аз ұшырайтын аймақтарда, көпжылдық шөптерді пішенге жинап алғаннан кейін ,жердің қыртысын бірден шолақ түренді соқамен 25-27 см тереңдікке жырту жүргізіледі. Жыртылған қыртысты дискілі сыдыражыртқышпен немесе шанышпалы тырмамен өңдейді және бұдырлы сақиналы катокпен нығыздайды.

Ерте пісетін дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты дискілі сыдыра жырқышпен 8-10 см тереңдікте, осыдан 2 апта өткен соң екінші рет 12-14 см тереңдікте сыдыра өңдейді. Сыдыра жыртып өңдеудің саны, тереңдігі және пайдаланылатын құралдарының түрі, арамшөптер мен танап топырағының ерекшелігіне байланысты шешілуі тиіс.

Суармалы егіншілік жағдайында көпжылдық арамшөп өскен аңызды екі, кейде үш рет өңдеу тәуір нәтиже береді.

Егер атпатамырлы арамшөптер егістікте шамалы немесе орташа мөлшерде болса, онда ерте пісетін дақылдарды жинап алған соң топырақ 28-30 см тереңдікке шолақ түренді соқамен бірден жыртылады, ал одан кейін танапта арамшөптер қайталап өсіп шықса, онда 12-14 см тереңдікке дискімен өңдейді.

Егер егістікте тамыры терең орналасқан көгентамырлы арамшөптер (құмай, қияқ, қырықбуын) басым болса, онда топырақты 10-12 см тереңдікте лемешті сыдыражыртқышпен өңдеген кезде көгентамырлары 5-20 см ұзындықта қиылады, әйтседе жерге терең бойлаған тамырлар қиылмай қалып қояды. Бұл жағдайда лемешті сыдыра жырқыштарды 14-16 см тереңдікке түсіріп өңдесе, онда аталған арамшөпердің тамырлары қиылады, әрі олар топырақ бетіне шығарылып тасталады.

Көпжылдық шөптердің қыртысын жырту мерзімінің үлкен маңызы бар. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына, ылғалдық дәрежесіне, қыртыстың тығыздылығына байланысты. Көптеген аймақтарда көпжылдық шөптердің қыртысын ерте өңдеу жақсы нәтиже береді. Мысалы, күзі ерте түсетін және салқын болатын Солтүстік Қазақстан облыстары жағдайында көпжылдық шөптердің қыртысын ерте жырту маңызды рөл атқарады. Мұның себебі осы өңірдің қуаңшыл және күзі салқын келетін жағдайында ерте жыртылған жердегі өсімдік қалдықтары баяу ыдырап, көктемге дейін танапта жеткілікті мөлшерде коректік заттар мен ылғал қоры жиналады, яғни жаздық бидай өсімдігінің өсіп-дамуы қолайлы жағдай жасалады.

Республиканың оңтүстік-шығыс өңірінің тәлімі жерлерінде көпжылдық шөптердің қыртысын ерте өңдеу жақсы нәтиже береді. Аталған аймақта жаз-айында жыртылған көпжылдық шөптер қыртысына себілген жаздық арпаның өнімі күзде жырту мерзімімен салыстырғанда әр гектарда 2,1-2,6 центнер артық болған.

Гранулометриялық құрамы жеңіл (құмдық, құмдауыт) топырақтарда органикалық қалдықтар тез ыдырайды, сондықтан мұндай жерлерде көпжылдық шөптерден кейін топырақты кешірек өңдеген оң нәтиже береді.

Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі.

Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-дамуына топырақты негізгі өңдеу жеткіліксіз. Себебі, күзде топырақты негізгі өңдегеннен келер дақылды сепкенге дейін қардың, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлардың салмағынан топырақ тығыздалады, сондықтан оны егін себер алдында өңдеп, қопысыту қажет.

Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына мынандай талаптар қойылады:

- танапты өсімдік қалдықтарынан, арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту;

- себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы жағдай жасау.

Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі көптеген жағдайларға, оның ішінде топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына, негізгі өңдеу тәсіліне, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Осылардың ішінен көбіне-көп топырақты негізгі өңдеу тәсілі мен себілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктері маңызды орын алады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жерді соқамен жыртқандықтан ерте көктемде жер өңдеу топырақты тырмалаудан басталады. Ол топырақ физикалық «пісіп-жетілген» кезде тісті тырмалар арқылы жүгезе асырылады. Тырмалаудан кейінгі егін себер алдағы топырақ өңдеу жүйесі келер дақылдардың себілу мерзіміне байланысты. Ерте себілетін дақылдарға ылғал жапқаннан кейін топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялайды. Оның негізгі мақсаты – қыстап және көктемде өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақтың беткі тұқым сіңірілетін қабатын қопсыту. Культивациямен бір мезгілде танап тырмаланады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтарда және арамшөптер басым жерлерде культивациялау тереңірек жүргізіледі.

Ал жылусүйгіш (жүгері, қант, қызылшасы, мақта, көкөністер) кеш себілетін дақылдар үшін ылғал жабылғаннан және арамшөптер көктеп шыққаннан соң танап 8-10 см тереңдікке екінші рет культивацияланады. Топырақтың беті тегіс болмаса, оны катокпен нығыздайды. Егер көктем кеш шығып және салқын болғанда дақылдардың себу мерзімі кешігеді, сондықтан арамшөптер қайта өседі, осы жағдайда топырақты дәл егін себер алдында үшінші рет культивациялау керек.

Қазақстанның далалық ашық солтүстік аймақтарында топырақты негізгі өңдеу жазықтабан сыдыратілгіш култиваторлармен жүргізілгендіктен танап бетінде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталады да мұндай жерде ылғал жабуға тісті тырма жарамайды. Сондықтан, танапта ылғал жабу үшін инелі БИГ-3А, БМШ-15 немесе жазық дискілі сыдыражыртқыштар қолданылады.

Аталған өңірде тұқым СЗС-2,1 А дәнсепкішімен себіледі. Ол бір жүріп өткенде 4 операция жасайды, яғни арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті тыңайтқыштарды шашады және топырақты жеңіл нығыздайды. Сондықтан, тырмалаудан кейін топыраққа жеке культивациялау жүргізбейді. Дегенмен, тұқым кәдімгі дискілі дәнсепкіштермен (СЗП-24) себілсе, онда әрине дәл егін себер алдында топырақты КПШ-9,КПШ-11 және басқа құралдармен тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялау керек.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы эрозия болу қаупі бар тәлімі егіншіліктегі егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі дәл осындай.

Дәндері өте майда дақылдар себілетін танапты егін себер алдында катоктармен нығыздайды, себебі ол аталған дақылдардың тұқымын біркелкі тереңдікке сіңіруге, сөйтіп егіннің толық және тез көктеп шығуына мүмкіндік туғызады.



Пар және оны өңдеу жүйесі

Белгілі бір уақыт ауылшауашылық дақылдарынан бос болатын және арамшөптерден таза күйінде ұсталатын танаптар пар деп аталады. Ол күздік және жаздық дәнді масақты дақылдар үшін өте жақсы алғы егіс. Пардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- танапта ылғал қорын жинау, сақтау және оны үнемді пайдалану;

- топырақ қабатындағы микроорганизмдердің белсенділігін арттыру;

- топырақтағы коректік заттар қорын молайту;

- танапты арамшөптерден, өсімдік зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан тазарту

Пар таза (қара пар, ерте таза пар), ықтырмалы, екпелі (жаппай, отамалы) болып бөлінеді.

Таз пар деп ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруден бос және вегетация бойына өңделетін танапты айтады. Таза пар Қазақстанның құрғақшыл суарылмайтын аймақтарында маңызды рөл атқарады. Мұнда пардың және оның келесі жылғы әсерінен әр гектардан 3-4 ц қосымша өнім алуға болатыны анықталып отыр.

Қара пар таза пардың бір түріне жатады. Оны өңдеу жаздың екінші жартысынан басталып күздің аяғына дейін және келер жылғы дақылдарды сепкенге дейін жүргізіледі. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін танап 22-25 см тереңдікке соқамен жыртылады. Содан кейін күзде, көктемде және келер жаз бойы әр түрлі тереңдікке өңделеді.

Қара таза парда жиналатын пайдалы ылғал қоры туралы көп жылғы зерттеу жұмысы мынаны көрсетті. Кейбір жылдары күздік бидай себу мезгіліне қарай танаптағы ылғал көктемгі мөлшерімен салыстырғанда азаяды. Әйтседе парға жиналған көктемгі ылғалдың қорының күздік бидай сепкенге дейін 50-60 пайызы сақталады. Сондықтан, ылғалы мүлде жеткіліксіз және онымен жартылай ғана қамтамасыз етілетін аймақтардағы тәлімі егіс жағдайында ең жоғарғы да тұрақты өнім сапалы дайындалған таза қара пардан ғана алынады. Қара таза пар көбінесе Қазақсанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарының тәлімі жерлерінде қолданылып күздік бидайға өте жақсы алғы егіс болады.



Ерте пар да - таза пардың бір түрі, оның айырмашылығы қара пардай күзде өңделіп дайындалмайды. Парды өңдеу ерте көктемнен басталып күзде аяқталады, ал келер көктемде оған жаздық бидай егіледі. Ерте таза пар републиканың астықты солтүстік өңірінде қолданылады. Бұл аймақта жел эрозиясы егіншілікке орасан нұсқан келтіреді, сондқтан парды өңдеу тәсілінің үлкен өндірістік маңызы бар. Аталған аймақта орналасқан ғылыми-зерртеу мекемелерінің көпжылдық зерттеу жұмыстары парды жазықтабанды сыдыратілгіштермен өңдегенде жел эрозиясына топырақтың ұшырамайтындығын көрсетті. Оған дәлел ретінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәжірибесін келтіруге болады (4 кесте).

4 кесте Пар өңдеу тәсілінің топырақтың беткі қабатының желге төзімділігіне әсері (орташа 1993-1997 жылдар ішінде)




Топырақ өңдеу тәсілдері

Аңыздың сақталуы, %

Парлаудан кейінгі аңыз саны,

дана /м2



0-5 см қабаттағы топырақ түйіртпектілігі, %

1.Жаздықтабан сыдыра тілгішпен өңделген пар

2.Қыртысы аудар-ылып өңделген пар

3.Гербицид – жазық-табан сыдыра тілгішпен өңделген гербицид қолданылған пар

4. Гербицид-жазықта-ан сыдыратілгіш өңделген +гербицид қолданылған пар

5.Гербицид қолданылған пар


17,0

2,9
58,3

63,9

79,0


64,0

11,0
264,0

241,0

290,0


52,7

61,0
44,8

47,5

40,0



Осы 4-ші кесте келтірілген мәліметтерден гербицид қолдану арқылы парды өңдеу санын азайтқанда танаптың әр шршы метр жерінде ең көп аыңз қалып, ол топырақты жел-эрозиясынан жақсы қорғайтындығын көреміз. Жаз бойы арамшөптер көктеп шыққан сайын КПШ-9, КПШ-11 культиваторлар мен 3-4 рет әр түрлі тереңдікке өңделеді, сондықтан осы кезде танап арамшөперден тазарады, топырақ қабатында коректік заттар мен ылғал қоры жиналады. Мысалы, Ақмола облысында орналасқан Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылғы институтының көпжылыдқ деректері бойынша ерте таза парда 170 мм пайдалы ылғал қоры жиналса, ал сүдігерге жыртылған танапта оның мөлшері 123 мм-ден аспайды.

Ерте таза парды негізгі өңдеу тамыз айының соңында 25-27 см тереңдікке жазықтабан сыдыратілігш КПГ-250 типтес культиваторлармен жүзеге асырылады.



Ықтырмалы пар - таза пардың ерекше түрі. Ол астықты өңір солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың ең жақсы алғы егісі. Қысы қатты, ылғалы тапшы бұл аймақтарда қарды егістік алқаптан жел айдап әкететін ашық далалық аймақтарда қолданылады. Ол үшін пар табанына биік сабақты өсімдіктер (жүгері, қыша, қонақ жүгері, күнбағыс) егіледі. Ықтырмалы парда тоқтатылған қардың қалыңдығының әсерінен топырақ тереңге тоңданбайды. Соңғы жылары ықтырма ретінде ең қолайлы дақыл қыша екені анықталды. Қыша жаздың ортасында, яғни пар танабы екі-үш рет өңделіп, арамшөптер жойылғаннан кейін себілсе, оның сабақтары күзгі суыққа дейін қатайып өседі де, қарды жақсы ұстайды. Қыша тұқымын 2-3 қатарлы әдіспен шілденің ортасы кезінде С3С-2,1А сеялкасымен себеді. Осылай себепкенде әр қатардың аралығы 22,3 см, ал ықтырма аралығы 6-8 метр болады. Топырақ қабатында ылғал жеткілікті болса, қыша тұқымын 1-2 сантимертрдей тереңдікке себеді, ал егер топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп кеткен жағдайда оны 3-4 см тереңдікке, яғни топырақтың ылғалды қабатына сіңіреді.

Ықтырмалы пардың қатараралығы әр бір 2-3 апта сайын культивацияланады. Культивациялау тереңдігі топырақтың беткі 0-10 см қабатының ылғалдылығына байланысты. Егер ауа райы жауын-шашынды болса пар 8-10 см-ге, ал құрғақ жағдайда 10-12 см тереңдікке өңделеді. Ықтырма себер алдында парды 8-10 см тереңдікке культивациялайды.

Кей жылдары солтүстік өңірде шілде мен тамызда жаңбыр көп жауғанда пар танабында қарасұлы қаптап кетеді. Бұл жағдайда парды 8-10 см тереңдікке культивациялаған жөн болады. Керісінше, құрғақшылық жылдары екінші және үшінші культивациялағаннан кейін пар табанында атпатамырлы арамшөптер (егістік қалуен, егістік шырмауық, кәдімгі сурепка) қаулап өседі. Осыладың ішіндегі ең қауіптісі егістік шырмауық. Ол бірнеше рет культивациялағанның өзінде толық жойылмайды, сондықтан топырақ өңдеумен қатар 2,4-Д тобындағы эфирлерді әр гектарға әсер етуші затымен 1,4 кг бергенде жақсы нәтижеге жетуге болады.

Парды терең (25-27см) тамыздың екінші жарысында КПГ-250 жазықтабан сыдыражырқышпен өңдейді.

Ақтөбе облысының қызылқоңыр топырақты өңірінде пардың негізгі өңдеуін 25-27 см тереңдікке жүргізгенде жаздық бидайдан ең жоғарғы өнім алынған, ал жеңіл топырақтарда 20-22 см өңдегенде өнім жоғарылаған.

Гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда (құмдақ, құмдауыт, жеңіл сазбалшықты) негізгі өңдеуді 14-16 см тереңдікке жүргізу керек.

Тамырсабақты жатаған бидайық, жауқияқ өскен пар танабын аталған арамшөптердің тамыр жүйесінен 1-2 см тереңдеу өңдеу жақсы нәтиже береді.

Жатаған бидайық пар танабында ойдым-ойдым кездесетін болса, онда топырақты 14-16 см тереңдікке культивациялайды.

Азжылдық және атпатамырлы арамшөптер өскен пар танабын өңдеу алғы егісті жинап алғаннан кейін 10-14 см тереңдікке КПШ-9 жазықтабан сыдыратілгіштерімен өңдеу аталған арамшөпердің тұқымдарын топыраққа сіңіреді, ал өсіп тұрған арамшөперді қырқады, көктемгі қар суының топыраққа жақсы сіңуін қамтамасыз етеді. Ал қарасұлы көп өскен танаптарда оны қосымша БИГ-3А тырмасымен 4-6 см тереңдікке аңызға кесе-көлденең бағытта тырмалайды.

Ықтырмалы парды бірінші культивациялау КПШ-9 культиваторларымен 8-10см тереңдікке арамшөптер көктеп шыққанда жүргізеді, ал қарасұлы басым танаптарды өңдеу мамырдың бірінші жартысында басталады. Парды келесі культивациялау атпатамырлары арамшөптер сабақтағаннан бастап, жаз бойы 3-4 рет 10-12 см тереңдікке өңдейді.



Екпелі пар дегеніміз вегеациялық кезеңнің біршама уақытында, яғни жаздың бірінші жартысында, мәдени өсімдіктер өсірілген, ал қалған уақытта (жаздың екіншісі жартысы-күз айлары) өңделетін танап. Онда вегетациялық кезеңі қысқа, яғни ерте пісіп, танапты ерте босататын ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі. Ондай дақылдар ерте жиналып алынады да, топырақ, қара таза пар тәрізді өңделеді. Ол танапқа осы жылы күздік бидай немесе келер жылғы көктемде басқа дәнді дақылдар себіледі.

Ылғалы жеткілікті тәлімі аймақта және суармалы егістікке таза пардың тиімділігі шамалы болады. Сондықтан, ондай жерлерде таза парды екпелі пармен алмастырады. Екпелі пардың оған себілген дақыл түсіміне бірінші және одан кейінгі жылдардағы әсері таза пармен салыстырғанда біршама төмен болады. Қара таза пармен салыстырғанда, екпелі пардың артықшылығымен қатар кемістігі де байқалады. Егіншілік мәдениелігі жоғары шаруашылықтарда екпелі пар тиімді, ал егіншілік мәдениелігі төмен шаруашылықтарда таза қара пар тиімді.

Екпелі пар жаппай және отамалы болып екі түрге бөлінеді. Жаппай екпелі парға ерте пісетін біржылдық жай қатарлы әдіспен егілетін дақылдар себіледі, олардың ішінен қара бидайды, сұлы мен ас бұршақтың қоспасын, біржылдық шөптерді атауға болады.

Жаппай екпелі пардағы дақылдардың вегетациясы кезінде ешөқандай топырақ өңдеу жүргізілмейді. Бұл дақылдар ерте жиналады да, қалған мезгілде танапты күзге дейін пар түрінде өңдейді, сөйтіп өзінен кейінгі өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болады, себебі топыраққа органикалық заттар қоры көп жиналады, сондықтан күздік дақыдардың өнімін едәуір арттырады.



Отамалы екпелі парға көбінесе көкөністің ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері, тағы басқа дақылдар егіледі. Отамалы дақылдар себілген екпелі пардың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, отамалы дақылдар егілген танаптың топырағын олар көктеп шыққанға және көктеп шыққаннан кейін тырмалайды. Екіншіден, екпелі пардағы отамалы дақылдардың қатараралықтары қосымша өңделеді,сондықтан ол маңызы жағынан таза парға жақын болады.

Отамалы екпелі пардың бір кемістігі оған себуге жарайтын вегетациялық кезеңі қысқа отамалы дақылдар саны өте аз. Көпшілік отамалы дақылдардың өніп-өсу мерзімі ұзақ, оны жинап алу күзге дейін созылады да, пар танабын баптап сапалы өңдеуге уақыт жетпейді. Мұндай жағдайда топырақты өңдеуді отамалы дақылдың жиналуына қаратады да, екпелі пардың топырағы негізгі себілетін дәнді дақылдар үшін дайын болмайды. Екпелі парда отамалы дақылдардың өніп-өсу мерзімі мүмкіндігінше қысқа, өнімі ертерек жиналатындай, қалған уақыт пар танабын өңдеуге жетерліктей болу керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыратын тек қана кең қатарлап себілетін бұршақ, көкөніс, картоптың ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері дақылдары қанағаттандырады. Отамалы парды өңдеу алғы егісті жинап алғаннан кейін жерді жыртудан басталады, яғни танап 22-25 см тереңдікке бір мезгілде тырма тіркелген соқамен жыртылады. Ерте көктемде танапта ылғал жабылады, дақылдарды сепкенше топырақ бір-екі рет 6-8 см-ге тереңдікке культивацияланады, содан кейін дақылдар себіледі. Олардың вегетация кезінде қатараралығында арамшөптердің пайда болуына қарай 2-3 рет культивациялайды. Дақылдарды жинағаннан кейін пар өңдеу жүйесі басталады. Ол аймақтың топырақ ерекшелігіне, себілген дақылдарды өсіру технологиясына байланысты болады.

Парда отамалы дақылдар себілгендіктен, танап арамшөптерден таза, топырағы босатылып қопсытылған, келесі дақылды себуге жақсы дайындалған. Сондықтан, оны күздік бидай сепкенше 2-3 рет культивацияласа жетеді. Соңғы культивациялау күздік бидай тұқымының сіңірілу тереңдігіне, яғни 6-8 см-ге жүргізілуі керек.

Жасыл пар – екпе пардың бір түрі. Жасыл пар немесе сидерат деп жасыл тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңірілу үшін бұршақ тұқымдас біржылдық дақылдар себілетін танапты айтады. Жасыл парға егілген дақылдарды жинап алмай, оларды гүлдену фазасында жыртып, топыраққа тыңайтқыш ретінде сіңіреді. Жасыл парға жаздық сиыр жоңышқа, шабдар, бөрібұршақ, сераделла, екпе ноғатық, түйе жоңышқа сияқты бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіреді де, үлкен вегетативтік масса құрғанда және тамыр жүйелері әбден жетілген шағында көктей күйінде жыртып топыраққа сіңіреді. Жасыл пар құмдақ, құмдауыт, құнарлылығы төмен жерлерде қолданылады. Ол органикалық заттарды көбейтіп, топырақ құнарлылығын жақсарта түседі.

Жасыл пардың өңдеу жүйесі аймақтың жағдайына және жасыл тыңайтқыш ретінде себілетін дақылдардың биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жасыл парды өңдеу алғы дақылды жинап алғаннан кейін сүдігер жыртудан басталады. Ерте көктемде танап тырмаланады, культивацияланады, содан кейін жасыл тыңайтқыш ретінде таңдап алынған дақыл себіледі, күтіп-бапталады. Ол дақыл гүлдеген кезде соқа жіберіліп, жер жыртылады, ал оған күзге дейін егер күздік бидай себілсе, не көктемге дейін, жаздық дәнді дақылдар себілетін болса, танап бірнеше рет культивацияланады.

Жасыл парға егілетін өсімдік тамырлары топырақ қабатында тереңге тарайды. Сөйтіп, тереңде жатқан минералдық коректік заттарды пайдаланады. Топырақтың төменгі қабатындағы басқа өсімдіктердің тамырлары пайдалана алмайтын заттарды сіңіреді. Жасыл пардағы себілген өсімдіктер құрамына кірген осы коректік заттар қайтадан топырақтың беткі таяз қабатына жиналып, олармен дәнді масақты дақылдар коректене алады. Топырақтың төменгі терең қабатындағы коректік заттарды оның жоғарғы қабатына көтеру процесінің суды жылдам өткізген құмды топырақта маңызы өте үлкен.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет