Ќазаќстан республикасы оќу жєне білім министрлігі


Егіншіліктің интенсивті озық жүйесі



жүктеу 2.33 Mb.
бет16/16
Дата19.09.2017
өлшемі2.33 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Егіншіліктің интенсивті озық жүйесі. Бұл жүйе 18 ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі-жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылды. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілді, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылды. Бұл жүйеде пар жоқ, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізілді.

Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Осы күнгі интенсивтік егіншілік жүйесіне тұқым алмастыру, жақсартылған дәнді-парлы, дәнді-отамалы, дәнді-парлы-отамалы, дәнді-шөпті түрлері жатады.

Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық ауылшаруашылық өнімдерін жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана ауыл шаруашылығына енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қарақоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-парлы егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 2/3 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза пар болмайды. Жердің құнарлылығы көпжылдық және біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады.

Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік, оңтүстік–шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін, егіншіліктің арнайы жүйесі-топырақты қорғау шарасы қолданылды.

Егіншіліктің жүйесін ғылыми негізде құру үшін біраз шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын нақтылы есептеу, ауыспалы егіс нобайларын құру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен, зиянкестермен күрес шараларын құру, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозияларынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналары және құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету. Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін, ал жауын-шашын аз түсетін жерлерде суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор.

Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай тауына дейін 2000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалық Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1695 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында мұхиттардан өте қашық орнасқандықтан климаты құрғақ және күрт континентальды болып келеді. Жерінің үлкенділігіне байланысты және территориясында биік таулар болғандықан Қазақстанның климаты, топырағы, жер бедері алуан түрлі болады. Жазық далалары, жалпақ жоталары, биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты, республика территориясы әртүрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар.

Қазақстан Республикасының территориясы төрт егіншілік жүйесіне бөлінген:

1.Негізінен, жаздық бидай өсірілетін Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданылатын топырақ қорғау егіншілік жүйесі.

Бұл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм, күшті жел жиі соғып тұрады, соның әсерінен топырақ эрозияға ұшырайды. Сондықтан, аймақтың егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға, мүмкіндігінше көбірек ылғал жиануға бағытталған. Сонымен қатар, тұзы мол, сортаң топырақтардың құнарлылығын көтеруге, арамшөптерді жоюға арналған шараларда жүргізіледі. Бұл өңірде көбінесе қысқа айналымда дәнді-парлы ауыспалы және дәнді-парлы–отамалы ауыспалы егістері қолданылады.

Жауын-шашыны молырақ далалық, орманды-далалық аймақтарда төрт-бес танапты дәнді-парлы ауыспалы егіс қолданылады, онда пардан кейін дәнді масақты дақылдар екі-үш рет егіледі. Кейде алты танапты дәнді-парлы-отамалы ауыспалы егістер қолданылады, онда пар-бір танапты, дәнді масақты дақылдар төрт танапты, сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады.

Топырағы жеңіл, құмдауыт болып келетін алқаптарға оны эрозиядан қорғау үшін арнаулы топырақ қорғау ауыспалы егістері қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі-танаптар ені 50-100 м болып келетін жолақтарға бөлінеді. Сол жолақтарға парлар мен дәнді дақылдар, отамалы дақылдар мен дәнді дақылдар немесе көпжылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп егіледі. Бұл жағдайда, егістік жердің 50 пайызы көпжылдық шөптердің, 40 пайызы дәнді масақты дақылдардың, 10 пайызы пардың үлесіне тиеді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан тәлімі жерлерінде күздік бидай, көпжылдық шөптер егілетін топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі қолданылады. Бұл жерлерде де жауын-шашын өте тапшы болып келеді (жылына 200-250 мм). Сондықтан, дәнді-парлы үш-төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады. Пардан кейін күздік бидай, сосын бір-екі жыл арпа егіледі. Топырағы құмдауыт болып келетін алқаптарда арнаулы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер қолданылады. Аймақтағы көптеген шаруашылықтардың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте тиімді екенін көрсетті.

Суармалы жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі қолданылады. Техникалық, көкөністік, малазықтық дақылдар өсіретін Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан суармалы егіншілік жүйесінде мақта, қант қызылшасы, темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі. Мақта тек Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облысында , темекі Алматы облысында өсіріледі. Аталған құнды техникалық дақылдарды арнайы мамандандырылған ауыспалы егісте өсіреді, оның құрамында міндетті түрде бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп-жоңышқа болады. Жоңышқа жердің құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, жазда бірнеше рет орылып, мал сүйсініп жейтін құнарлы протеинге бай пішен береді.

Көкөніс дақылдары ірі қалаларға жақын орналасқан арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі.

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының суарылмалы жерлерінде жоғары өнім беретін дақыл дәндік жүгері өсіріледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған егіншілік жүйесі қалыптасқан.

Егіншілік жүйесінің бірнеше буындардан тұрады. Олардың осы күнгі буындары:


  1. Шаруашылықтың және ауыспалы егістердің территориясын ұйымдастыру буыны. Оған шаруашылықтағы жер түрлері, яғни егістік жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және басқалары, олардың шекараларын, көлемдерін анықтау жатады. Осы аталған жерлердің құнарлылығын арттыру, олардан жоғары өнім алу үшін агротехникалық, мелоиративтік және басқа шараларды жүзеге асыру керек.

  2. Топырақ өңдеу буыны. Шаруашылқтағы топырақтың құнарлылығын кеңейтіп ұдайы ұлғайтып арттыру үшін оны мезгілінде жергілікті климат ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып өңдеу, эрозиядан қорғау үшін топырақ өңдеуге осы күнгі техникаларды қолдану жатады.

  3. Тыңайтқыш қолдану буынына әр дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ типтеріне, ондағы коректік заттар қорына сүйене отырып органикалық, минералдық, микро және бактериялдық тыңайтқыштардың нормасын есептеу, оны өсімдіктер талабына сай топыраққа сіңіру шаралары жатады.

  4. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары, зиянкестері және танаптағы армашөптермен күрес шаралары егіншілік жүйесінің келесі буыны болып есептеледі. Оларды жою үшін пестицидтерді қолдану, жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына сәйкес агротехникалық шараларды жүзеге асыру керек.

  5. Топырақты эрозиядан қорғау буыны. Егіншілік жүйесінің бұл буыны жел эрозиясы кеңінен тараған республиканың гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарында, желі күшті далалық ашық аймағында және су эрозиясы болатын суармалы егіншілік пен тау және тау бөктері өңірлерінде кеңінен қолдануды қажет етеді.

  6. Егіс қорғайтын орман алқабы буыны. Қуаңшыл далалық аймақта құрғақшылық пен аңызаққа қарсы, танаптарда қарды мол ұстауға, топырақты жел эрозиясынан қорғауға арналады.

  7. Тұқым шаршуашылғы буыны. Халықта жаман тұқымнан жақсы өнім күтпе деген нақыл сөз бар. Сондықтан, әр шаруашылық өздері өсіретін дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін олардың жақсы сорттары мен тұқымдарын пайдалану керек. Кері жағдайда барлық жүргізілген агротехникалық шаралардың әсері жоққа шығуы мүмкін.

  8. Мелиоративтік шаралар буыны шаруашылықтағы жерлердің сапасын жақсартуға бағыталған. Тұзды жерлерді жуу, қышқылды топырақтарды және сілтілі топырақтарды әктеу, гипстеу. Қуаңшылық аудандарда егінді суару топырақтың физика-химиялық қасиеттерін жақсартып, ол жерлерден мол өнім жинауға мүмкіндік туғызады.

Бұл бөлімде егіншілік жүйесінің әр буынына қысқаша ғана сипаттама берілді, себебі олар туралы толығырақ оқулықтың соларға сәйкес тарауларында толық айтылған.

Қазақстан егіншілігінің қысқаша даму тарихы

Алдыңғы тарауда жазылған егіншілік жүйесінің даму тарихы дүние жүзінегі егіншілік жүйесіне ортақ. Әр жердің, аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына, әдет-ғұрпына, салтына байланысты егіншілік жүйесінің дамуы әр түрлі болды.

Қазақстанда егіншілік ереден дамып келе жатқан ауыл шаруашылығының саласы. Ол ертеректе Сырдария, Ангрен, Чирчик, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау мен Талас жазықтықтарында, Торғай, Атбасар, далаларында, Ертіс өзені, Зайсан жазықтығында, шоғырланған болатын. Аталған аймақтарда негізінен суармалы егіншілік дамыған. Бұған дәлел Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында табылған жерді суаруға қолданған каналдардың қалдықтары. Десекте, атақы ғалым Шоқан Уәлихановтың зерттеулері бойынша қазақтар тәлімі егіншілікпенде шұғылданған.

Қазақтардың егіншілікпен шұғылдануына жұт апатының кесірінен малдардың түгелдей қырылып қалуы себеп болған. Ол әсіресе 1879 және 1891 жылдар “қоянды жылы” деген атпен тарихта қалған. Екінші себеп, 1723 жылғы қалмақтармен соғыс салдарынан туған “Ақабан-Шұбырынды” уақиғасы, өйткені мұнда мал басы түгел қырылып, қазақтардың Сары-Арқаға көшуі.

Қазақтың ұлан-байтақ жерінде егіншілік әр түрлі бағытта дамыды. Бүгінде тың және тыңайған жерлердің игерілінуе, техникалық құнды дақылдардың себілуіне байланысты Қазақстан егіншілігі мүлдем өзгерді. Оның кең байтақ өлкелерінде дәнді-парлы, отамалы, ұрық алмастырушы және басқада интенсивті егіншілік жүйелері қолданылады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде адамдар суармалы егіншілікпен шұғылданды, мұнда олар көрші Өзбекстаннан көп нәрсені үйренді.

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына ХІІІ және ХІV ғасырларда дәуірлеп, кейін жойылып кеткен егіншілік саласы ХІХ ғасырдың орта кезінде қайтадан дамыды. Осы кезде, дәлірек айтқанда, 1883-1884 жылдары қазақтар аз күшпен Шиелі каналын қайта қалпына келтірді.

Қазалы уезінде ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында егіншілік қайта дамып, онда тары және арпа өсіріле бастады.

Талас, Шу және Іле өзендерінің аймағы кеңістіктерінде қазақар егіншілікпен осыдан 200-300 жыл бұрын айналысқан.

Егіншілікпен шұғылданған шаруашылықтар Іле өзенінің жағалуынан және Қаратал жазықтығынан 1885 жылы бұрынғы Верный (Алматы) қаласына бидай, сұлы жеткізіліп тұрған.

Дегенмен, егіншілікпен бүкіл қазақтар шұғылданды деуге болмайды, олардың ішінен тек кедей-дихандар ғана егіншілікті жүргізді.

Солтүстік Қазақстанда егіншіліктің дамуы 1723 жылы болған “Ақтабан-Шұбырынды” оқиғасымен байланысты. Мысалы, Қазақтар, Көкшетау және Қарқаралы уездерінде ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында, Ақмола уезінде осы ғасырдың басында егіншілікпен шұғылдана бастады.

Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде егіншілік басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда ерте дамыды. Әсіресе, Торғай уезінде ХVІІІ ғасырдың аяғында және ХІХ ғасырдың басы егіншілік жақсы дамыды. Бұл өңірде қазақтар жер өңдеуді көрші орыстардан үйренді.

Солтүстік Қазақстанда егіншілік ХХ ғасырдың басында қарқынды өркендеді. Мысалы, Ақмола уезінде 1906 жылдан 1916 жылға дейін егіс көлемі 33 мың тақтадан (десятина немесе 36,1 мың гектар) 45 мың тақтаға (49,2 мың гектар) дейін ұлғайды. Егіс көлемінің көпшілік бөлігіне бидай себілді, өйткені оның өнімі басқа дақылдарға қарағанда жоғары боды. Мысалы, Қостанай уезінде кей жылдары жаздық бидайдың әр гектарынан 38 центнерге дейін өнім алынды. Оңтүстік Қазақстанда егіншіліктің дамуына жыртуға жарамды жерлер көлемінің молдығы әсер етті. Бұл өңірде егіншілік әсіресе Әулие-Ата уезінде жақсы дамыды. Самара және Орынбор губернияларымен көршілес жатқан Орал, Актөбе уездерінде егіншіліктің өркендеуіне аталған жерлердің ықпалы тиді. Қазақтардың негізінен мал шаруашылығымен айналасуына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында олар егіншіліктен алған өнімді тек ішкі пайдаланысқа жұмсады, өйткені одан түскен өнім мөлшері шамалы болатын. Егіншілікте бидаймен қатар арпа, тары дақылдары өсірілді. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты Қазақстанда негізінен астықты-парлы үш танапты ауыспалы егіс, яғни дәнді-парлы егістік жүйесі дамыды.

Бақылау сұрақары



  1. Егіншілік жүйесі және оның буындары

  2. Егіншілік жүйесінің даму тарихы

  3. Қазақстанның егіншілік жүйесінің дамуы

  4. Осы күнгі иненсивтік (озық) егіншілік жүйесі, оның буындары

  5. Қарапайым егіншілік жүйесінің түрлерін атаңыз, оларға қысқаша сипаттама беріңіз

  6. Экстенсивті егіншілік жүйесінің түрлері, олардың сипаттамасы

Әдебиеттер

1. Әрінов Қ.Қ, Өсімдік шаруашылығы практикумы, Ақмола ,1996

2. Бараев А.И., Почвозащитная система земледелия, Алма-Ата, 1985

3.Богарное земледение (коллектив авторов), Алматы, 1976


  1. Дояренко А.Г. Факторы жизни растений, М:, 1966

  2. Дюсенбеков З.Д. Агроэкологический потенциал горного земледелия северного Тянь-Шаня,Алматы,1980

  3. Дурасов А.М.,Тазабеков Т.Т. Почвы Казахстана, Алма-Ата 1981

  4. Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі, (жалпы редакциясын басқарған А.И.Бараев), Алматы , 1997

  5. Жаңабаев Қ.Ш Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Алматы, 1994

  6. Жаңабаев Қ.Ш Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес, Алматы, 1994

  7. Жаңабаев Қ.Ш Жаздық бидай “Егіншілікте өнім сапасын арттыру кітабында, Алматы 1980

  8. Зенкова Е.М. Севооброты и плодародие почв, Алма-Ата, 1979

  9. Ковалев Н.Д. Основы агрономии, М:,1968

Артюшенко М.Д. и диругие

  1. Можаев Н.И., Өсімдік шаруашылығы (оқулық), Ақмола, 1993

Әрінов К.К. және басқалар

  1. Основы земледелия под общей редакцией В.Н.Прокошева,М:,1975

  2. Почвоведение под редакцией И.С.Каурчиева, М:,1989

  3. Румянцев В.М. Земледелие с основами почвоведения ,М:, 1979

Колтева З.Ф. Сурков Н.Н.

  1. Сдобников С.С. Вопросы земледелия в целинной крае ,М:,1964

  2. Сейтов І, Суармалы егіншілік өнімін арттыру, Алматы 1981

Өрісбаев Қ

  1. Тазабеков Т.Т. Топырақ және қоршаған орта, Алматы 2001

Апушев А.К.

Тазабекова Е.Т



  1. Тұрарбеков А.Т. Солтүстік Қазақстан егіншілігі, Алматы 1990

Иванников А.В.

  1. Тілемісов Х, Ауыл шаруашылығы сөздігі, Алматы 1991

Рамазанов Е

22. Экономическая эффективность почвозащитной технологии и комплекса противоэрозионной техники, Целиноград, 1974
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет