Ќазаќстан республикасы оќу жєне білім министрлігі


Празитті арамшөптермен күрес шаралары. Жоңышқа, беде дақылдарының тұқымынан жөргемшөп тұқымын арнайы тазартқыш машинасы арқылы тазалау керек



жүктеу 2.33 Mb.
бет5/16
Дата19.09.2017
өлшемі2.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Празитті арамшөптермен күрес шаралары. Жоңышқа, беде дақылдарының тұқымынан жөргемшөп тұқымын арнайы тазартқыш машинасы арқылы тазалау керек.

Егістіктердегі, жол жағасында өсіп тұрған жөргемшөпті оның тұқымы пісіп-жетілгенше толық жою оң нәтиже береді. Арамсояудың тұқымы топырақтың беткі қабатын ластайтын болғандықтан, жерді терең етіп сүдігерге жырту керек. Содан кейін ерте көктемде жөргемшөп өскен танапты тырмалау, культивациялау сияқты агротехникалық шараларды жүзеге асыру қажет.

Арамсояуды биологиялық әдіс арқылы да құртуға болады. Ол үшін оған қарсы арамсояу бізтұмсығын, немория және басқа көбелектерді қолданады.

Күнбағыс сұңғыласымен күрестің агротехникалық шаралардың ішіндегі ең бастысы – ауыспалы егіс жүйесін енгізу, былайша айтқанда сұғыладан зиян шегетін дақылдарды өз орнына 6-8 жылдан кейін ғана себу керек. Өңдіріске күнбағыстың және басқа дақылдардың сұңғылаға төзімді сорттарын енгізу. Сұңғыла көп өскен танапқа сүрлемдік жүгері және басқа дақылдарды себу, оларды жинап алғаннан кейін жерді терең етіп сүдігерге жырту. Өсіп шыққан сұңғыланы отап алып өртеу және басқа жұмыстар жүзеге асырылуы керек.

Паразитті емес жасыл арамшөптер және осы топтың өкілдеріне сипаттама.

Паразитті емес арамшөптер өздерінің тіршілік ұзақтығы бойынша азжылдық және көпжылдық болып екі топқа бөлінеді.

Азжылдық арамшөптер деп тұқымы арқылы көбейетін, өмір сүру ұзақтығы 1-2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады. Олардың ішіндегі көп тарағандары жаздық, қыстап шығатын, күздік және екі жылдық арамшөптер.

Жаздық арамшөптер деп көктемде шығып күзде ұрық беріп өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз. Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте және кеш пісетін жаздық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді.

Ерте пісетін жаздық арамшөптерге тұқымдары топырақ шамалы қызғанда, яғни ерте көктейтін, сондықтан ерте пісіп жетлетін өсімдіктерді жатқызады. Олардың негізгі өкілдеріне алабота, қарасұлы, егістік қыша және басқалары жатады.

Алабота (Марь белая, Chenopodіum album). Ол өзі аттас тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздық арамшөп. Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабатпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Алаботаның тұқымының сыртында қатты қауашығы бар, сондықтан оларды алдын ала буландырмаса малдардың асқазанында қортылмай, қиымен бірге түседі. Көңді органикалық тыңайтқыш ретінде қолданғанда танаптарды ластайды.

Топырақта алаботаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 10 және одан да көп жыл бойы сақталады. Алабота негізінен дәнді дақылдар (күріштен басқа), бұршақ тұқымдастар, жүгері, мақта, зығыр, қант, қызылшасы, картоп егістерін латайды.



Егістік қыша (Горчица полевая, Sіnapіs arvensіs). Айқышгүлділер тұқымдасына жатады. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100см-ге дейін жетеді. Тұқымы бұршаққында өсіп-жетіліп, жерге шашылып төгіледі. Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді. Олар топырақты және дақылдардың дәндерін ластайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады. Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өсіп шығу қабілеті күшейеді. Бұл арамшөп бейтарап, тіпті сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Егер егістік қыша жем-шөпке араласып кетсе, онда сүттің сапасын төмендетеді. Ал арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса, онда шошқаларды уландырады.

Кеш пісетін жаздық арамшөптер деп тұқымдары топырақ әбден қызғанда (14-160С) көктейтін, әрі кеш пісіп жетілетін арамшөптерді айтады. Кейде оларды аңыздық арамшөптер деп те атайды. Олардың көп тараған өкілдеріне қурай, қызылқұйрық гүлтәжі, итқонақ, тауықтары және басқалары жатады.

Қурай (Қаңбақ, Salsola ruthenіca) алаботалар тұқымдасына жататын, біржылдық кеш пісіп-жетілетін арамшөп. Сабағы тармақты, түксіз. Оның биіктігі 10 см-ден 100 см-ге дейін болады. Қурай тұқыммен көбейеді. Бір өсімдік 200 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымы ұсақ, ені 1,5-2,5 мм шамасында, өзінің өнгіштік қабілетін топырақта екі жыл бойы сақтай алады. Қурайдың тұқымы көктемде кеш, яғни топырақ әбден қызғанда өніп шығады, сондықтан да ол кеш пісетін жаздық арамшөп деп аталады. Бұл арамшөп алғашқы кезде баяу өседі, ал жаздың екінші жартысында күшті қарқынмен дамиды. Қурайды басқаша қаңбақ дейді. Ол желдің күшімен домалап отырып өзінің піскен тұқымын шашып танаптарды жылдам ластайды.

Қызылқұйрық гүлтәжі (Amaranthus retreflexus) қызылқұйрықтар тұқымдасына жататын, кеш пісетін арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 15-120см-ге дейін жетеді. Бұл өте өсімтал арамшөп. Негізінен тұқыммен көбейеді. Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді. Тұқымы өте ұсақ, диаметрі 0,9-1,5 мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте ұсақ болғандықтан топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 12-150С температура қажет. Көктеп шыққанда түрі қызғылт болып қант қызылшасының исі шығып тұрады, сондықтан кейде оны қант қызылшасы қызылқұйрығы деп те атайды. Бұл арамшөпті малдар жақсы жейді, сондықтан бағалы сүрлемдік өсімдік болып есептеледі. Қызылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды. Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі. Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде кездеседі.

Мысыққұйрық (Итқонақ, мышей сизый, Setarіa glauca). Кеш пісіп жетілетін, астық тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы жеке дара немесе шоқ-шоқ болып өседі. Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. Сабағының басында масақ тәрізді гүлшоғы болады. Бұл өсімдіктің тұқым көлемі тарының тұқымымен бірдей, сондықтан оны бөліп алу өте қиын. Піскеннен кейін төгіліп қалған тұқымы сол жылы шықпайды. Ол үш-төрт ай тыныштықтан кейін, келер жылғы көктемде, топырақ 15-200-қа қызғанда 12 см-ге дейінгі тереңдіктен көктеп шығады. Алғашқы кезде баяу өседі, ал танаптағы дақылдарды жинап алғаннан кейін, яғни жаздың аяқ кезіне қарай қаулап өседі. Сондықтан кеш пісетін жаздық арамшөптерді, оның ішінде мысыққұйрықты, аңыздық арамшөптер деп те атайды. Мысыққұйрықтың тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 15-20 жылға дейін сақтай алады. Аталған бұл арамшөп барлық егістіктерді, әсіресе тары мен судан шөбі дақылдарының егістіктерін ластайды.

Тауық тары (Просо куриное, петушиное, Echіnochloa grus gallі). Астық тұқымдасына жататын, кеш пісетін, арамшөп. Сабағының биіктігі 100-200-ға дейін жетеді. Тауық тарының тұқымы ұсақ, көлемі 3-3,5 мм шамасында, өзінің өнгіштік қабілетін топырақта алты жылдан астам уақыт сақтайды. Қыстап шықаннан кейін көктемде жер әбден қызған кезде 1 см-ге дейінгі тереңдіктен жақсы көктеп шығады, алғашқы кезде баяу, ал кейін жылдам өседі, жақсы түптенеді. Отамалы дақылдарды, әсіресе жүгеріні, картопты, күнбағысты, қант қызылшасын ластайды.

Күздік арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

Қарабидай арпабасы (Костер ржаной, Bromus secalіnus). Астық тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 50-120 см шамасында. Бұл өсімдік тұқымымен көбейді, оның ұзындығы 7-8 мм, ал көлденеңі 1,7 мм. Бір түп қарабидай арпасы 800 ден 5000-ға жуық дейін дән береді. Ол топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 7-8 жылға дейін жоғалтпайды. Бұл арамшөптің тұқымы күзде пісіп –жетілгеннен кейін топырақтың беткі қабатынан (1-5см тереңдіктен) 100 пайыз көктеп шығады. Негізінен күздік дақылдарды, оның ішінде күздік бидай мен қарабидай егістігін ластайды.

Қыстап шығатын арамшөптердің негізгі өкілдері егістік қанатжеміс, жұмыршақ және басқалары.
Егістік қанатжеміс (Тhlaspі anvense). Айқышгүлділер тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағы тік болып 20-50 см биіктікке дейін өседі. Бұл тұқыммен көбейетін өсімдік. Бір өсімдігі он мыңнан астам тұқым береді. Оның түсі қарақоңыр, көлемі кішкентай (мөлшері 1,2-2,0х1,5мм). Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 3-5 жыл аралығында сақтайды. Малдардың асқорыту жүйесі арқылы өткенде оның өнгіштік қабілеті 40 пайызға дейін сақталады. Пісіп-төгілген жылы топырақтың 4-5 см тередігінен жақсы өнім шыға алды. Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Негізінен топырақты ластайды. Өсімдіктің сарымсақ тәріздес исі болады, сондықтан сиырларға жеуге болмайды, себебі сүттің дәмін бүлдіреді.

Жұмыршақ (Пастушья сумка, Capsella bursa pastorіs) айқышгүлдер тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп. Сабақтары жеке де, бұтақты да болып әр түрлі биіктікте өседі, биіктігі 50 см дейін жетеді. Бұл өсімдікте басқа азжылдық арамшөптердей тұқымымен көбейеді. Тұқымы бұршаққын тектес, түсі қоңыр немесе қара, қоңыр, сары. Бір өсімдік 70 мыңға дейін тұқым береді. Қолайлы жылдары екі-үш рет ұрпақ беруі мүмкін. Пісіп-жетілген жылы толық қаулап шықпайды, ал қыстап шықаннан соң ерте көктемде топырақтың 22-23 см тереңдігінен тез және біркелкі қаулап өседі. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 7-11 жыл бойы жоғалтпайды. Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Қыстап шығатын түрлері күзге қарай тамыр жағасын құрайды. Жұмыршақ негізінен барлық дақылдарды, оның ішінде сирек өскен күздік және жаздық дәнді дақылдарды ластайды. Сонымен қатар ол жолдың жиегін, бау- бақшаны және басқа жерлерді де ластауы мүмкін.

Екіжылдық арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs) Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1,5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 1,8-мм, ал көлденеңі-1,25-1,50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Көптеген ғылыми-зерттеулердің мәліметі бойынша дәрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін, ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады. Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, жүгері, күнбағыс, асбұршақ егістіктерін ластайды.

Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары

Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды.

Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады.

Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2,5-3.0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді.



Көпжылдық арамшөптер, өкілдері және оларға қысқаша сипаттама

Көпжылдық арамшөптерге 2 жылдан артық өмір сүріп, бірнеше рет ұрпақ беретін өсімдіктер жатады. Олар негізінен вегетивтік жолмен, сонымен қатар тұқымы арқылы көбейеді. Көпжылдық арамшөптер тамыр жүйесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың ішінде Қазақстанда көп тарағандары тамырсабақты (көгентамырлы), атпатамырлы, кіндіктамырлы және басқа топтары. Көгентамырлы арамшөптердің ең зияндылары кәдімгі қамыс, қараажырық, жатаған бидайық, құмай және басқалары.



Кіндік тамырлы арамшөптер. Кіндік тамырлы арамшөптердің топырақта қысайтын бір ғана жуан кіндік тамыры болады. Көктемде тамыр мойнының бүршігінен жаңа өркен өсіп шығады. Негізгі өкілдері: ащы жусан, қышқыл қымыздық және басқалары.

Ащы жусан (Полынь горькая Artemіsіa absіnthіum). Күделі гүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді, оның ұзындығы 0,8 мм, топырақтың беткі қабатынан жақсы өніп шығады.

Вегетативтік көбеюі тамыр мойнында орналасқан бүршіктері арқылы жүзеге асады. Бұл бүршіктерден бірінші жылы сабақ түзбейтін өркендер пайда болса, ал екінші жылы жеміс беріп, содан кейін қурап қалады.

Ащы жусан үйлердің ауласында, жолдардың жиектерінде, бос жатқан басқа жерлерде кездеседі. Әсіресе, күздік дақылдар мен көпжылдық шөптері ластайды. Өсімдіктерінің ащы исі болады, сондықтан малдар жемейді, ал егер сиырлардың жеміне араласып кетсе, онда сүтке кермек ащы дәм береді.

Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы. Бұл топтың арамшөптері тұқымынан және түрі өзгерген жер астындағы тамырсабағының көмегімен өніп-өседі. Бұлар өте зиянды арамшөптер. Қазақстанда суармалы егіншілігінде кәдімгі қамыс, қараажырық, құмай, ал республиканың солтүстік суарылмайтын жерлерінде жатаған бидайық кең етек алған.

Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі бір метрдей. Бұл арамшөп тұқымы және вегетативтік мүшесі (тамырсабағы) арқылы көбейеді. Бір түп өсімдік 300-ге дейін, ал барлық тамыр сабағымен қоса есептегенде 10 мыңға дейін дән береді. Дәнінің ұзындығы 4 мм, ені-1,25 мм. Ол топырақ 20-30 градусқа қызғанда көктеп шыға алады. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта үш жылдан астам уақыт сақтайды. Жатаған бидайық негізінен тамырсабағы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бір гектардағы тамырсабақтың ұзындығы 900 шақырымға, ал ондағы бүршіктер саны 50-60 млн-ге жетеді. Тамырсабақтың топыраққа бойлау тереңдігі оның типі мен гранулометриялық құрамына байланысты. Ол саздақ және сазды қара топырақтарда (Ақмола облысы) 5-10 см, кәдімгі орташа қарашірікті қара топырақта (Солтүстік Қазақстан облысы) 10-12 см, ал жеңіл топырақтарда 15-18 см тереңдікте жатады. Жатаған бидайық республиканың солтүстік облыстарында дәнді дақылдарды ластаса, ал оңтүстік аймағында ылғалы мол танаптарда тараған.

Кәдімгі қамыс. (Тростник обыкновенный, Phragmіtes communіs). Астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп. Сабағы биік, 3 метрден асады, жуандығы 1,2-1,5 см, іші қуыс. Бұл өсімдіктің шашақгүлінде 5 мыңнан 50 мыңға дейін дән болады. Оның ұзындығы 2 мм шамасында, жердің беткі қабатынан жақсы өніп шығады.

Кәдімгі қамыс тамырсабақтары арқылы жақсы көбейеді. Олар топырақтың 40-60 см тереңдігіне бойлай өседі. Көп жағдайда бір шаршы метр жердегі тамырсабақтың ұзындығы 27 метрге жетіп, ондағы бүршік саны 600-ден асады. Кәдімгі қамыстың тамырсабағы екі-үш метр тереңдікте көлбеу, содан кейін майысып жоғары қарай өседі. Майысқан тұсында күшті тамырланып тік бағытта өсетін тамырсабағын құрайды. Олардан келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады.

Кәдімгі қамыстың бір ерекшелігі – ол тек ылғалы мол жерлерде ғана өседі. Сондықтан, бұл өсімдік республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңіріндегі суармалы егістіктерінде кең тараған.

Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 40-80 см. Бір өсімдік 2 мыңға дейін тұқым береді. Ол жердің беткі (2-3 см) қабатынан топырақ 25-30 градусқа қызған мезгілде көктеп шығады. Бірақ, қараажырықтың тұқым арқылы көбею мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұл арамшөп негізінен вегетативтік мүшесі-тамырсабағы арқылы көбейеді. Ол топырақтың 15-20 см қабатында орналасқан. Тамыр сабағының ұзындығы 2 метр шамасында. Өсуіне қолайлы жағдай туған кезде бір жаздың ішінде 18-40 есе көбейіп, бір гектар жердегі тамырының ұзындығы 800 шақырым, салмағы 4,5 тонна , ал бүршік саны 4,5 млн-ға жетеді. Тамырсабағының басым көпшілігі суармалы жерлерде 15-17 см, ал тәлімі егістіктерде 0-5 см тереңдікте орналасқан.

Қараажырық орман көшеттерінде, бау-бақшаларда, жүзімдіктерде және басқа егістіктерде кездеседі. Ол республиканың суармалы жерлерінде, әсіресе Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында себілетін мақта, көкөніс, малазығы дақылдарының егісінде өседі.



Құмайшөп (Гумай, Sorghіum halepense). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағының биіктігі 2 метр, ал жуандығы 1 см-ге жетеді. Бір өсімдікте 72-ге дейін сабақ пайда болып, аумағы 3-4 шаршы метр жерді алып жатады. Жақсы дамыған бір түп құмай 2 мыңнан 10 мыңға дейін дән береді, оның түсі қоңыр, ұзындығы 3,6 мм, ені 1,7 мм және қалыңдығы 1,07 мм. Тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 3-4 жылға дейін жоғалтпайды. Құмайшөп негізінен тамырсабақтары арқылы көбейеді. Оның екі түрі болады. Бірі жердің бетіне шығып сабақ құрайды, ал екіншісі төмен қарай топырақты бойлай өседі. Күзге қарай жердің бетіндегі сабақтары қурап қалады, ал жердің астындағы тамырсабақтарда бүршік пайда болып, келер жылы жаңа өсімдік көктеп шығады. Қазақстанда құмайшөп суармалы жерлерде, әсіресе мақта, жүгері егістерінде кең тараған.

Тамырсабақты арамшөптермен күрес шаралары. Жатаған бидайықтың топырақтағы тұқымын жою үшін, оның өсіп шығуына толық жағдай жасап, көктеп шыққаннан кейін топырақты өңдеу арқылы жояды. Жатаған бидайықтың тамырсабағын “тұншықтыру” тәсілі арқылы құртады. Ол үшін Қазақсанның оңтүстік аймағында дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін танапты тоғыспалы бағытта дискілі сыдыра жыртқышпен 8-12 см тереңдікке екі рет өңдейді. Содан 2-3 апта өткен соң, яғни арамшөп көктей бастаған кезде, жерді 25-27 см тереңдікке түренді соқамен сүдігерге жыртады. Қарықтың (борозданың) түбіне аударылған тамырсабақтың ұсақ бөлшектері оттегі мен коректік заттардың жеткіліксіздігінен өнуіне қарамастан жердің бетіне көктеп шыға алмайды.

Республиканың солтүстік облыстарында танапты алдын ала сыдыра жыртқыштармен өңдемей-ақ бірден жерді терең етіп - сүдігерге жыртады.

Жатаған бидайық басым өскен танаптарды парға қалдырады. Мұнда оның тамырсабақтарын бірнеше рет ұсақ бөлшектерге бөлу және оларды тереңге аударып сіңіру арамшөптің күшін жойып, яғни әлсіретіп, оның құруына әкеліп соқтырады.

Құмайшөп өскен танапты дақылдарды жинап алғаннан кейін 10-12 см тереңдікке, содан кейін оның жаңа өскіні пайда болған соң осы тереңдікке екінші рет сыдыра жыртқыштармен өңдейді. Арамшөп қайтадан көктеп шыққаннан кейін жерді сүдігерге түренді соқамен 25-30 см тереңдікке жыртады.

Отамалы дақылдар егісінде олардың қатараралығын құмайшөп көктеп шыққан сайын дүркін-дүркін культивациялағанда жоюға болады.

Кәдімгі қамыс көп өскен танаптарда жерді терең етіп (30см-ге дейін) жырту жақсы нәтиже береді, себебі бұл ретте оның тамырсабақтары топырақтың бетіне аударылып тасталады, содан кейін оны тамыр сабақтарымен қоса жинап алуға мүмкіндік туады.

Кәдімгі қамыс күріш егістігінде көп өсетін болғандықтан, тұқымды сепкеннен 2-3 күннен кейін атыздарға су жібереді, ол кәдімгі қамыстың көк өскінін жояды. Күріш алқабын кәдімгі қамыстан тазартуда ауыспалы егістің, маңызы зор. Тәлімі жерлерде өсетін кәдімгі қамысты жою үшін танапты таза парға қалдырады.

Қараажырықпен агротехникалық күресудің басты тәсілі – ауыспалы егіс. Осы арамшөп басып кеткен танаптарды таза немесе екпелі парға қалдырып, әлсірету тәсілі арқылы құрыту жақсы нәтиже береді. Дәнді дақылдар егісіндегі қараажырықты жою үшін, оларды жинап алғаннан кейін танапты 8-12 см тереңдікке сыдыра жыртқышпен өңдейді, 3-4 аптадан кейін жерді 25-27 см тереңдікке сүдігерге жырту керек.



Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары

Олар негізінен атпатамырлары, яғни тамыр бұтақшаларының көмегімен өніп өседі, әйткенмен тұқымымен де көбейе алады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең орналасуына байланысты құрту қиын, сондықтан да олар егістікке көп зиян келтіреді. Атпатамырлы арамшөптердің негізгі тамырынан өніп-өсу тамыры деп аталатын жіп тәріздес тамырлар шығады. Бұларда бүршіктер болады. Мысалы, бір шаршы метр жерде егістік қалуеннің мұндай бүршіктерінің саны 1609-ға дейін жетеді. Міне, осы бүршіктерден жерасты тармақшалар-атпатамырлар өрбіп өседі. Бүйір-бүйірге тараған тамырлар өз алдына бұтақ жаядыда, жаңа сабақтар мен бұтақтар пайда болады.

Бұл биологиялық топтың негізгі өкілдеріне егістік (сары) қалуен, қызғылт қалуен, көкшіл қалуен (татар ақсүттігені), егістік шырмауық, қызғылт укекіре және басқалары жатады.

Егістік қалуен (Осот полевой, Sonchus arvensіs). Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 120 см-ге дейін жетеді. Жапырағы ұзынша, жоғарғы жағы жылтыр, ал төменгі жағы күңгірт, яғни көмекскі болып келеді. Гүлдері-себет, түрі сары. Маусым айынан күзге дейін гүлдейді. Бір егістік қалуен өсімдігі 9000 -ға дейін тұқым береді. Тұқымдары ақ түсті, үлпілдекпен жабдықталған, әбден пісіп-жетілгенде үлпілдектері түсіп қалады. Топырақтың 0,5 см қабатынан жақсы өніп шығады, ал 3 см тереңдіктен өніп шыға алмайды. Тұқымның өніп шығуы үшін жеткілікті ылғал және 20 градус шамасында температура қажет. Топырақта өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Басқа атпатамырлары арамшөптерге қарағанда егістік қалуеннің тік бойлап өсетін негізгі тамыры нашар дамыған, сондықтан топырақта 50-60 см тереңдікке ғана тарайды.

Топырақтың ылғалды 8-16 см тереңдігінде көлбеу өскен тамырлар орналасады, ал құрғақшылық жылдары бұл тамырлар 12-18 см тереңдікке дейін ғана өседі. Олардың ұзындықтары кейде 100 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамырдың бойында бүршіктер орналасады, ал келер жылы олардан бұтақшалар пайда болады. Олардың саны 350-400-ге жетеді.

Атпатамырлы бұл арамшөптер әсіресе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдар егісінде кеңінен таралған. Егістік қалуен топырақтан коректік заттарды көп пайдаланып, оның құнарлылығын төмендетеді. Мысалы, ол 1 гектар жерден 67 кг азот, 28 кг фосфор және 159 кг калийді сіңіріп алады. Бұл коректік заттар әр гектардан 20 центнер күздік бидай өнімін алуға жетер еді. Өйткені, күздік бидай әр гектардан 10 центнер өнім беру үшін 37 кг азот, 13 кг фосфор және 18-20 калийді керек етеді.

Міне, осындай топырақтан коректік заттарды көп мөлшерде алғандықтан, егістік қалуен қаулап өскен құнарлы топырақтың өзінде мәдени өсімдіктер коректік заттардың жетіспеушілігінен зардап шегеді.



Егістік шырмауық (Вьюнок полевой, Convolvulus arvensіs) Шырмауық тұқымдасына жататын арамшөп. Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті. Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық. Әрбір өсімдік 100-1000-ға дейін тұқым береді.Оның ұзындығы 2-4 мм және 2-12 тереңдіктен 25-30 градус жылықта көктеп шығады. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Бұл арамшөптің тұқымы ұзақ биологиялық тыныштық кезеңінде болады. Өсуге барлық жағдай (ылғал, жылу және тағы басқа) болып тұрғанның өзінде тұқымның 5-10 пайызы ғана көктеп шығады. Егістік шырауықтың тамыр жүйесі топырақта 3-4 м тереңдікке дейін кетеді, ең негізгі тамыры 7 метр тереңдікке дейін бойлайды. Негізгі тамырдан 25-40 см тереңдікте жуандығы 0,7-2,5 мм, ұзындығы 0,7-1,4 м жанама тамырлар тарайды. Республикада егістік шырмауық барлық жерлерде таралған. Ол әсіресе, отамалы және техникалық дақылдар егісінде көп өседі. Ауылшаруашылық дақылдарының сабағын шырмап, оларды жатып қалуға мәжбүр етеді. Мұның өзі егіннің шағымдылығын күрт төмендетуге әкеліп соқтырады. Әсіресе жауын-шашынды жылдары егістік шырмауық көп зиян келтіреді. Бұл арамшөптің тұқымында уландыратын заттар бар. Сондықтан да астықты тазарту керек. Мұның өзі қосыша қаражатты керек етеді. Егістік шырмауық ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестерінің таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, егістік шырмауыққа күздік көблек пен шалғын көбелегі өздерінің жұмыртқаларын салады, ал одан шыққан жұлдыз құрттары егісті қатты зақымдайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет