Ќазаќстан республикасы премьер-министрініѕ кеѕсесі



жүктеу 29.22 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі29.22 Kb.

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ




ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН




201___ жылғы ________________

Астана, Үкімет Үйі

«____» _______________201___ года

№ _______________

№ ___________

_____ данасы экз. № ______

24.11.2018-ғы № 11-9/2690 дз шығыс хаты

26.11.2018-ғы № 3494//11-9/2690дз кіріс хаты





Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының

депутаттарына

(тізім бойынша)


2018 жылғы 9 қарашадағы № 15-13-339д/с хатқа

Құрметті депутаттар!
Жамбыл облысында газ тарату желілерін қаржыландыруға және Тараз қаласының орамаралық жылу желілерін жаңғыртуға қатысты Сіздердің сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Жамбыл облысы Жуалы, Шу және Жамбыл аудандарының елді мекендерін газдандыруға қатысты

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 003 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысын одан әрі газдандыру мақсатында 8 456 338 мың теңге көзделген, соның ішінде:

2019 жылға – 3 875 599 мың теңге;

2020 жылға – 2 711 400 мың теңге;

2021 жылға – 1 869 339 мың теңге.

Оның ішінде жобалар бойынша:



  • «Жамбыл облысы Талас ауданының 5 елді мекеніне (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) тартылатын газ құбырын салу» жобасының аяқталуына 2019 жылға 198 756 мың теңге сомасында;

  • «Жаңатас қаласындағы «Еврохим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары газ құбырының құрылысы» жобасына 2019 жылға 3 000 000 мың теңге және 2020 жылға 2 711 400 мың теңге сомасында;

  • «Жамбыл облысының Мерке ауданындағы «Нововоскресеновка» ГТС реконструкциялау» жобасына 2019 жылға 676 843 мың теңге сомасында;

  • «Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Тараз ГТС-1 салу» жобасына 2021 жылға 1 869 339 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің бюджеттік өтінімді белгіленген мерзімнен кейін ұсынуына байланысты (Бюджет кодексіне сәйкес 2018 жылдың 15 мамырына дейін), Сіздердің сауалыңызда көрсетілген Жамбыл облысының Жуалы, Шу және Жамбыл аудандары елді мекендерінде газ тарату желілерін салуға 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жобасында көзделмеген.

Бұл ретте, аталған мәселені 2019 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастыру

мүмкін деп санаймыз.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласының орамаралық жылу желілерін жаңғыртуға қатысты

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде Инвестициялар және даму министрлігі қосымша мәлімдеген 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 469 308 мың теңге сомасындағы шығыстар, сенім білдірілген агенттің («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) теріс қорытындысына және бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған ТКШ саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешу шеңберінде инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобы шешімінің болмауына байланысты қолдау таппады.




Б. Сағынтаев

Орынд: О. Мәдиев

тел. +7 (7172) 74 50 39

madiyev_oh@ukimet.kz



06.04.2019 23:02:48 00000000




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет