Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 2.47 Mb.
бет13/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
инновациялық даму (Алматы қаласындағы «Алатау» АТП, Астана қаласындағы Nazarbayev university);
жалпыұлттық және перспективада орталықазиялық дистрибуция (сауда және қызметтер);
перспективада Орталық Азиядағы аса ірі сауда-логистикалық орталықтар (Сингапур, Гонконг үлгісінде), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көліктік-логистика және логистика-процессингтік қызметтер;
туристік-рекреациялық мамандану - Алматы және Ақмола облысының аумақтарына іргелес рекреациялық ресурстардың ірі шоғырларының, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының негізінде (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск - Бурабай аймағында ойын бизнесі орталықтарын құру);
спорттық мамандану (Алматы қаласын қысқы спорт түрлерінің халықаралық орталығына айналдыру);
медициналық және білім беруде мамандану (Алматы және Астана қалаларында ұлттық, кейіннен өңірлік деңгейдегі орталықтар қалыптастыру);
бизнесті ұйымдастыру және жүргізу (Алматы және Астана қалаларына халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, аса ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын көшіруді ынталандыру);
азық-түліктік мамандану (мегаполистердің азық-түлік белдеуі).
Перспективада Алматы агломерациясы өсу орталығы ретінде өзіне Қапшағай бағытындағы серіктес қалаларды қамтитын болады.
Астана қаласын өсу полюсі ретінде дамыту даму дәліздерін қалыптастыру және перспективада кейіннен оған Қарағанды агломерацияларының қалаларын және Щучинск - Бурабай курорттық аймағының тарту негізінде өсудің желілік аймақтарын қалыптастыруға айналуы тиіс.

Негізінен сервистік функциялардың шоғырланыумен қамтамасыз етілген Астана және Алматы қалаларын жеделдете дамыту ішкі сұранысқа бағдарланған секторлар үшін мультипликативтік әсер етеді.


Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мақсатында Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау экономикалық белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

4. Экономиканың басым секторларын дамытуда мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету


Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттің рөлі экономиканың басым секторларын қолдау институттарының, құралдарының, тетіктерінің және бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл жасаудың жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның республикалық деңгейде іске асырылуын үйлестіруді Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) және Премьер-Министр басшылық ететін Республикалық үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі басқару орталығы - жалпы үйлестіруді; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - ШИК) - шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі - отандық инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) және оның жанынан құрылған экономиканың басым салаларын дамыту жөніндегі салалық жұмыс топтары (бұдан әрі - салалық жұмыс топтары) - индустриялық саясатты тікелей іске асыру мәселелерін, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы экспорттаушылар кеңесі (бұдан әрі - Экспорттаушылар кеңесі) - отандық экспорттаушылармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның іске асырылуын өңірлік деңгейде үйлестіруді тиісті өңірлердің әкімдері басшылық ететін өңірлік Үйлестіру кеңестері және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік басқару орталықтары жүзеге асыратын болады.
Бизнестің мүддесін республикалық деңгейде де және өңірлік деңгейде де ескеруді бизнес-ұйымдардың, кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдіктері және аталған консультативтік-кеңесші органдардың құрамындағы тәуелсіз сарапшылар жүзеге асыратын болады.
Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар болады.
Бағдарламаны іске асыру үшін басым салаларды (кіші салалар, сегменттер) қолдаудың секторлық жүйелі және селекторлық шаралары нақтыланатын салалық бағдарламалар мен мастер-жоспарлар, ал аумақтарды дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - өңірлік бағдарламалар) әзірлеу шеңберінде - өңірлік қолдау шаралары әзірленетін болады.
Салалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды көздейтін нақты жобаларды қолдау тұрақты жаңартылып отыратын индустрияландыру картасын іске асыру шеңберінде қаржылық және қаржылық емес қолдаудың селективті шараларының біріктірілген пакетін ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған жиынтық картасы белгіленген қаржыландыру көздерімен, кестелерімен және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларымен индустрияландырудың республикалық және өңірлік карталарынан тұратын болады.
Инфрақұрылымдық қолдау шаралары жобалардың инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз етілуін, минералдық-шикізат және еңбек ресурстарын, өткізу нарықтарын ұтымды бөлу мәселелерін шешудің тұрақты түрде өзектілендірілетін құралы болып табылатын Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың схемасы арқылы іске асырылатын болады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, өңірлік деңгейде - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-ақ мамандандырылған сервистік ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі операторлары болады.

4.1 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асырудың схемасы мен құралдары



4.1.1 Жүйе құраушы ірі жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Бағдарламаны іске асырудағы рөлі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, экономиканың отын-энергетика және металлургия салаларындағы ірі жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашылары болады, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерді мультипликациялаудағы олардың рөлі күшейеді.
Бағдарлама шеңберінде ірі жүйе құраушы жеке меншік компаниялар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мыналарды көздейді:
жекелеген салалық саясаттарды іске асыру жөніндегі «операторлар» рөлін Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның орындауы;
ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту;
қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына қатысу;
шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өндірістерді ұйымдастыруы мақсатында өнімдердің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізу;
жағадан құрылып жатқан ірі өндірістер төңірегінде шағын және орта бизнестің кластерлік-желілік құрылымдарын қалыптастыру;
шағын және орта бизнеске негізгі емес бизнес-функциялардың бір бөлігін беру;
бейінді емес активтерді шығару жөніндегі саясатты ынталандыру.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының рөліне сәйкес индустрияландыру саясатын іске асыруда оның активтері өздерінің салалық тиістілігі мен функционалдық сипаттамаларына сәйкес қайта топтастырылады және шоғырландырылатын болады:
Өнеркәсіптік топ:
Қазақстан экономикасының кен өндірісі секторын қолдау әрі дамыту және өңдеуді дамыту мен өңдеуші ілеспе секторды ынталандыра отырып, шикізаттық өндірістердің жоғары бөлініске өтуі.
Инфрақұрылымдық топ:
Индустрияландыру процесін қамтамасыз ететін стратегиялық көлік, коммуникация және энергетика инфрақұрылымын дамыту.
Қаржы тобы:
Экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. Экономикаға ішкі көздерден және шетелдік инвестициялардан жеке меншік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ қаржыландыру жеңілдіктерін ұсынуы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының жобаларға үлестік қатысуы ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың негізгі құралы болып табылады.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның рөлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын кеңейту жолымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға сайып келеді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ үшін экономикаға инвестиция тарту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты, олардың қаржы ресурстарын тартуы және бөлуі индустрияландыру саясатымен үйлестірілетін болады.
Осы мақсатта тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет өлшемдерін ескере отырып, ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтердің және мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларының жобалары мен бюджеттерінің болжамды өлшемдерін Республикалық бюджет комиссиясының қарауы және мақұлдауы көзделіп отыр.
Бұл ретте квазимемлекеттік секторда тәуекелдердің шоғырлануын және борыш жүктемелерінен «қызып кетуін», оның ішінде олардың қарыз алу деңгейлерін шектеу жолымен болдырмау үшін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар берешектерінің ашық есептілігі енгізіледі.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуында қазақстандық қамтудың өтінім берілген көрсеткіштерінің сақталуын бақылаудың тиімділігін жақсарту, сондай-ақ осы көрсеткіштерді жоғарылатуды ынталандыру үшін ай сайынғы негізде сатып алудағы қазақстандық қамту үлесінің есептерін тексеру жүзеге асырылады.
Мұндай тексерістердің негізінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың жыл қорытындысы бойынша сатып алудағы қазақстандық қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуі жөніндегі тиімділіктің маңызды көрсеткіштері (KPI) шығарылады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың іс-қимылы мыналарға шоғырландырылады:
бизнес-белсендікті ықпалдастыру, кооперацияны қолдау және экспортты ілгерілету;
технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, кәсіпорындарды сервистік қолдау.
Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді инфрақұрылымының қайталануын және қалыптасуын болдырмау мақсатында бизнестің қажеттілігіне назар аудара отырып, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның, «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ның, «Экспортты дамыту және қолдау корпорациясы» АҚ-ның, «ДАМУ КДҚ» АҚ-ның, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның, «Қазақстан келісім - шарт корпорациясы» АҚ-ның, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ жанындағы «Технологиялар трансферті және коммерцияландыру орталығы» АҚ-ның мамандандырылған сервистік ұйымдарының қызметтері құрылымданатын болады.

4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асыру тетіктері


Секторлық қолдау шаралары: салалық бағдарламалар және мастер-жоспарлар
Бағдарламаны іске асыру және Бағдарламаға барлық қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіру мақсатында салаларды дамытуды ғылыми-технологиялық сүйемелдеу, білікті еңбек ресурстарын даярлау және осы саладағы нақты жобаларды қолдау жөніндегі шаралар айқындалатын басқа мәселелерді қоса алғанда, салаларды негізгі дамытуды, мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын айқындайтын 13 салалық бағдарлама әзірленетін болады.
Салалық бағдарламалар Мемлекеттік комиссияның отырыстарында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін болады.
46 басым кіші саланың арасынан неғұрлым мұқият талдауды қажет ететін 23-і бойынша институционалдық, инфрақұрылымдық және инвестициялық аспектілер бойынша іске асырудың нақты тетіктері көзделетін, осы кіші салалар және осы кіші саладағы нақты жобалар бойынша қолдау шаралары нақтыланатын мастер-жоспарлар әзірленетін болады.
Жобалық қолдау шаралары:
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді үдемелі жаңғырту және жаңаларын құру бағдарламасы - «Өнімділік - 2020»
Бағдарламаның мақсаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру құралдары:
негізгі қорларды сатып алу үшін лизинг пен кредит бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
инновациялық гранттар;
конструкторлық бюролардың өндіріске жаңа өнімдерді енгізуі;
өндірістік үдерістерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқару технологияларын енгізу.
Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін және өз қаражатымен қатысатын, қызметі:
өнімділікті ұлғайтуға;
экспортқа бағдарлануға;
негізгі капиталға инвестициялардың өсіміне;
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін өсіруге бағытталған кәсіпорындар Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар Бағдарлама операторлары бола алады.
Субсидиялау жаңа және бұрын алынған кредиттер (лизингтік қаржыландыру) бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жобаға өтінім берушінің өзінің қатысуы жалпы инвестиция көлемінің кемінде 20 %-ын құрауы тиіс.
Кредиттер бойынша сыйақының тиімді ставкасы ЭБЖМ жылына 2 рет айқындайтын сыйақының шекті нарықтық ставкасынан жоғары болмайды.
Еңбек өнімділігінің артуына байланысты кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялаудың прогрессивті шәкілі көзделіп отыр.
Іске асыру тетігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
Кредиттер бойынша проценттік ставканы субсидиялауды қаржылық сүйемелдеуді, субсидиялауды алу үшін қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруды және қаражатты мақсатты тиімді әрі уақтылы пайдалану мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенттері жүргізеді.
Агенттік қызметтердің құны бюджеттен өтеледі.
Сыйақы ставкаларын субсидиялау тетігін, тәртібі мен шарттарын Үкімет айқындайды.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Операторлар және қаржы агенттері арасында Субсидиялау туралы келісім жасалады.
Инновациялық гранттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпте экономикада қолданылатын технологиялық және өзге де процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру үшін инноватор, нақты алғанда кәсіпорын, өнертапқыш, ұтымды етуші, ғалым және ғылыми ұйымдар, технологиялық даму саласындағы мамандандырылған ұйым беретін болады.
Конструкторлық бюро қызметтері техникалық және конструкторлық құжаттамаларды сатып алуға, кәсіпорындарға технологияларды бейімдеуге және енгізуге, олардың нарықта қажет болатын жаңа бұйымдар өндірісін игеруге негізделетін болады.
Өндірістік үдерістерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқару технологияларын енгізуді жобаға өтінім беруші тарапынан кемінде 50 % қаржыландыру шартымен және конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Оператор компаниялардың қызметтері бюджеттен өтелетін болады.


Экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасы - «Экспорт 2020»
Бұл бағдарлама отандық компанияларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталатын болады, оны іске асырудың негізгі бағыттары: экспорттаушыларға гранттар; саудалық қаржыландыру және сақтандыру; экспорты сервистік қолдау.
Саудалық қаржыландыру және экспорттық сауда операцияларын сақтандыру, сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторының шағын және орта кәсіпкерлігінің бірқатар ілеспе қызметтері құрылған экспорттық-кредит агенттігі арқылы жүзеге асырылады.
Экспортты сервистік қолдау мыналарға сай келеді:
ақпараттық, сарапшылық қызметтер көрсету;
өндірушілерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік-талдамалық ақпарат беру;
экспорттаушыларға көмек ретінде нұсқаушылық материалдар жариялау;
нақты өнімдердің тауар белгілерін ілгерілету;
шет елдерде Қазақстанның сауда миссияларын ұйымдастыру;
Оператордың шетелдік өкілдіктері желісін құру.
Экспортаушыларға гранттар:
сыртқы нарықта нақты өнімді (қызметті) жылжытуды (брендинг) және айналдыруды;
тауар белгілерін шет елдерде тіркеу мен сертификаттауды;
экспортты басқару саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлерін оқытуды;
қызметтің алғашқы үш жылы ішіндегі шет елдегі өкілдікті/өкілді/шоу-бөлмені/кеңсені;
саланың экспорттық өнімдерінің, нарық, өңір сегменттерінің каталогтарын;
франшиза тартуды;
экспорттаушы веб-сайтын ағылшын тілінде құруды және іске қосуды;
өнімнің (қызметтің) нақты түрімен нақты нарыққа кіру жөніндегі маркетингтік зерттеулерді қоса алғанда, өздерінің өнімдерін экспортқа жылжытуға байланысты іс-шаралар бойынша экспорттаушыларға шығындарының 50 %-ын қайтаруды көздейді.
Экспортты сервистік қолдау және экспорттаушыларға гранттар беру Үкімет айқындаған сервистік институт арқылы экономиканың басым шикізат емес секторларының әлеуетті және қазіргі экспорттаушыларына көрсетілетін болады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағдарламаның әкімшісі болады.
Үкімет айқындайтын заңды тұлғалар Бағдарламаның операторы болып табылады.
Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру.
Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаның өңірлік деңгейдегі әкімшісі болады, олар осы бағдарламаны іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттерде тиісті қаражат көздейді.
Экспорттаушыларды сервистік қолдау жөніндегі іс-шаралар Үкімет айқындаған сервистік институтпен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру кезінде жүзеге асырылады.
Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистік қолдау көрсету және экспорттаушыларға гранттар беру жөніндегі базалық шарттарды, қаражат бөлу тетіктерін, экспорттың өсуі және шикізат емес секторлардағы өнімділік жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді Үкімет айқындайды.
«Инвестор - 2020» тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру бағдарламасы
Бұл бағдарлама:
инвестициялық келісімдер;
инвестицияларды сервистік қолдау;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру құралдарын қолдана отырып, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасауға бағытталатын болады.
Бағдарламаның басым секторлары шеңберінде инвестициялауды жүзеге асыратын инвесторлармен инвестициялық келісімдер мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жетекшілік ететін Шетелдік инвестициялар жөніндегі комиссияның ұсыныстары бойынша Үкімет шешімдерінің негізінде жасалады.
Шетелдік инвесторлар мен қазақстандық бизнес өкілдеріне сервистік қызметтер көрсету мынадай құралдарды қолдана отырып, Үкімет айқындайтын мамандандырылған сервистік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шаралары (бизнес-форумдар, роуд-шоу, баспа өнімдері, халықаралық БАҚ-тардағы ақпараттық хабарлар);
ақпараттық-талдамалық іс-шаралар (есепке қою функциясы, дерекқор, зерттеулер);
шетелдік инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар;
ұлттық инвестициялық веб-сайтты және Елдің инвестициялық атласын әзірлеу және сүйемелдеу.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- салық жеңілдіктері;
- шетелдік жұмыс күшін әкелудің жеңілдетілген тетігі;
- «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету;
- АЭА аумағындағы еркін кеден аймағының режимі.
АЭА және ИА үшін жобаларды іріктеу бағдарламаның басымдықтарын, жоғары бөліністі өнімдерді шығару, экспортқа бағдарлану, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының санын ескере отырып жүзеге асырылады.
Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Бағдарлама операторы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті болып табылады.
Экономиканың басым секторларына инвестицияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Бағдарламаға қатысушылар бола алады.
Республикалық индустрияландыру картасы
Республикалық индустрияландыру картасы салалық бағдарламалар мен мастер-жоспарларда көзделген инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі құралы болып табылады.
Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жобаларды іріктеу процесі итерациялық болып табылады, яғни, Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесі өтінімдердің түсуіне және тиісінше олардың мақұлдануына қарай тоқсан сайын жаңа жобалармен толықтырылуы мүмкін.
Республикалық маңызы бар жобаларды іріктеу мынадай сипатта жүзеге асырылатын болады:
1. Инвестициялық жобаларға өтінім берушілердің Салалық жұмыс топтарына өтінім беруі.
2. Жұмыс топтарының салалық талдау және мынадай өлшемдерге сәйкес бастапқы іріктеу жүргізуі:
1) жобаның стратегиялық мәні;
2) салалық тиістілігі - жобаның Бағдарламаның басым бағыттарына сәйкестігі;
4) инновациялылығы, яғни бұл жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруды көздейтін жобалар;
5) экспортқа бағдарлануы - бұл өнімдерді әртараптандыру және технологиялық тізбекті жалғастыра отырып, дәстүрлі экспорттық секторларды дамыту;
6) экономикалық көрсеткіштері: қосылған құнның, еңбек өнімділігінің, қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің (IRR, EBITDA) деңгейі орташа салалық әлемдік көрсеткіштерден жоғары болуы тиіс.
3. Проблемалы мәселелерді жинау және талап етілетін қолдау шараларын айқындау:
1) мемлекеттік қолдау (сауда, инвестициялық преференциялар, мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелер беру, даму институттарының кепілдіктері);
2) ресурстық қолдау (еңбек ресурстарымен, электрмен, минералдық шикізатпен, көліктік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету);
3) қаржылық қолдау (даму институттарының, екінші деңгейдегі банктердің, республикалық бюджеттің қаражаты, ұлттық компаниялардың қатысуы, ставкаларды субсидиялау).
4. Үйлестіру кеңесінің отырысында дайындық дәрежесі бойынша үш топқа бөле отырып мақұлдау:
бірінші топқа іске асырылуында проблемалары жоқ жобалар жатқызылатын болады (ЖСҚ бар, қаржыландыру, инфрақұрылым және өткізу мәселелері шешілген);
екінші топқа кейінге қалдырылған шарттары бар жобалар жатқызылады - ЖСҚ (ТЭН) бар жеке проблемалар, өткізу мәселелері пысықталған, қаржыландыру мәселелері пысықталуда;
үшінші топ - әзірлеу сатысындағы жобалар (ЖСҚ/ТЭН әзірлеу сатысында, жобаны іске асырудың түйінді мәселелері шешілмеген).
5. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жобаны мақұлдау.
6. Базалық Индустрияландыру картасын тиісті санатқа енгізу және жобаларды іске асырудың кестесі мен іс-шаралар жоспарын бекіту.
Жобаларды іске асыру кестесі жобаны іске асыру кезеңдерін сипаттауға арналған және жауапты орындаушыларды, іске асыру мерзімдерін және қажетті ресурстарды көрсетуді көздейтін болады.
Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жауапты орындаушыларды, іске асыру мерзімдерін және болжамды шығындарды қамтитын, бизнестің жобалары мен міндеттемелері бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталады.
Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемалы мәселелерді шешу мақсатында тиісінше Премьер-Министр және өңірлер әкімдері басқаратын үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі республикалық және өңірлік басқару орталықтары құралатын болады.
Бағдарламаны іске асырудың осы құралдарын пайдалану мемлекеттің жобаларға қолдау көрсетуі және бизнес-қоғамдастықтардың өздері қабылдаған міндеттемелерді орындауы арқылы жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнес мемлекет пен ірі инвесторлардың экономиканың секторларын және инфрақұрылымды ұзақ мерзімді дамыту жөніндегі ниеті туралы ақпарат негізінде төлемге қабілетті сұранысты бағалап, инвестицияларды жоспарлай алады.
Маңызы бар жобалардың мониторингін Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі базасында Үйлестіру кеңесімен бірлесіп, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ай сайынғы негізде жүзеге асыратын болады.

Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> doc
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
doc -> Жылдарға арналған азаматтық бюджет
doc -> Аппарат акима
sand.akmo.gov.kz -> Сандықтау ауданы әкімдігінің
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
sand.akmo.gov.kz -> 4-ші деңгейлі бюджетке қатысты Қазақстан Республикасының Бюджетінде қолданылатын негізгі түсініктер
sand.akmo.gov.kz -> Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары
sand.akmo.gov.kz -> Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет