Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 2.47 Mb.
бет3/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Саланы дамытудың проблемаларына мыналар жатады: шикізатты өңдеу деңгейінің төмендігі; өнімнің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі; саланың технологиялық және техникалық артта қалуы; негізгі қорлардың тозуы (80%-дан жоғары); негізгі қорларды жаңарту коэффициентінің төмендігі (жылына 1-1,5%); одан әрі бөлу өнімдерін өндіру үшін бірқатар базалық өндірістердің болмауы; білікті кадрлар тапшылығы.
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті химия өндірістерін жобалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің (талдамалық зерттеулер, жобаалды, жобалық құжаттама, жабдықтарды, технологияларды жобалау, құрылысты бақылау, қызметті сүйемелдеу) толық кешенін жүзеге асыруға қабілетті инжинирингтік компаниялар жоқ екені рас.

Негізгі міндет


Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басым өндірістерін дамыту.

Нысаналы индикаторлар


1. Химия өнімін өндіру көлемін 2 есеге ұлғайту.
2. Жоғары бөліністі химия өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Жоғары бөліністі химия өнімін өндіру мақсатында шикізатты кешенді өңдеуді мынадай бағыттар бойынша ұйымдастыру:
органикалық химия өнімдері: Атырау облысында жылына қуаты 800 мың тонна полиэтилен және жылына қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіруді, сондай-ақ жоғары бөліністі өндірістерді ұйымдастыру («Мұнай химиясы» бөлімінде көзделген);
органикалық емес химия өнімдері: минералдық, оның ішінде: азот-фосфорлы тыңайтқыштар - жылына кемінде 1 млн. тонна, калий тыңайтқыштарын (оның ішінде хлорсыз) - жылына кемінде 250 мың тонна, кешенді тыңайтқыштар - жылына 200 мың тонна, мембраналық әдіс бойынша каустикалық сода - жылына кемінде 30 мың тонна шығару жөніндегі өндірісті, күкірт қышқылының өндірісін ұйымдастыру;
арнайы химикаттар мен тұтыну химиясы: жарылғыш заттар - жылына кемінде 15 мың тонна, синтетикалық жуу заттары - жылына кемінде 60 мың тонна, биопрепараттар мен гуматтар - жылына кемінде 600 тонна, қышқылсыз технология бойынша құрамында фосфоры бар туктер - жылына кемінде 100 мың тонна шығаратын өндірістер ұйымдастыру.
Сол сияқты полимерлі конструкциялық материалдар, агрохимия заттары, антипирен, флотороагент, тұрмыстық химия, отынға арналған телімдер және құрылыс, химия, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, машина жасау мен экономиканың басқа салалары үшін басқа да шағын және орта тонналы жоғары технологиялық өнімдер өндірісі ұйымдастырылатын болады.
Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
мембраналық әдіс бойынша жылына 30 мың тонна каустикалық сода және өзге де өнімдер - хлор, натрий гипохлоритін өндіру (Павлодар облысы);
күкірт қышқылын өндіру (Ақмола облысы)
жылына кемінде 1 млн. тонна азот-фосфорлы тыңайтқыштар өндіру, Үшбас және Герес кен орындары (Оңтүстік Қазақстан облысы);
жылына қуаты 650 мың тонна болатын кен байыту фабрикасын және күкірт қышқылы цехын салу (Жамбыл облысы).
Жобалардың көрсетілген тізбесі түпкілікті емес. Келесі кезекте саланы дамыту басымдықтарына сәйкес жобалардың қосымша портфелі қалыптастырылады.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өнімдер өндіруін ұйымдастыру үшін мүмкіндік ашады, саланың ғылымды қажетсінуін ұлғайтуға, қолда бар ғылыми ізденістерді пайдалануға және сыртқы және ішкі нарықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауыты құрылысының жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Химия өнеркәсібінің 12 мамандығы және «Фармация» мамандығы бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және 13 ТжКБ оқу орындарында дайындау есебінен өтелетін болады.
Ақмола, Павлодар облыстарының оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылатын болады.
Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, 3 ай мерзімде өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі. Осы жүйенің шеңберінде оқу орындарының кем дегенде 1000 маман-түлегі дайындалады.
Отандық химия кәсіпорындарының технологиялары, өткізу, жабдықтау бойынша менеджерлерін жетекші шетелдік химия компанияларында тағылымдамадан өткізу жөніндегі бағдарлама іске асырылады. Осы бағдарламаның шеңберінде кем дегенде 200 кадр дайындалады.
Әкімшілік кедергілерді алып тастау
Өндірісті реттеу мен прекурсорлар айналымының химия өнімінің құнын қалыптастыруға және қажетті рұқсаттар алу уақытын үнемдеуге әсерін азайту мақсатында осы саладағы рәсімдер жеңілдетілетін болады.
Шетелдік инвесторлар - ірі жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде көмірсутек шикізаты мен мұнай өңдеу өнімдерін одан әрі қайта бөлудің отандық химия өндірістерінде пайдалану мақсатында оларды экономикалық қолайлы баға бойынша ішкі нарыққа сату мәселесі пысықталатын болады.
Техникалық регламенттерді енгізу
Халықаралық талаптарға сәйкес 9 техникалық регламент енгізіледі, 225 мемлекеттік стандарт әзірленіп, енгізіледі; қазіргі заманғы әдістермен физика-химиялық, оптикалық-физикалық және микробиологиялық өлшемдер жүргізу үшін хроматография мен спектрометрияның үлесті электр өткізгіштігінің рН-метриясы жөніндегі мемлекеттік эталондар жаңғыртылады.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Еңбек өнімділігі мен өндірістің энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді әзірлеу мен енгізуге гранттар бөлінеді.
Жаңа химия өнімдерін жасау, химия кәсіпорындарының технологиялық проблемаларын шешу, басқа сала кәсіпорындарында химия өнеркәсібін пайдалану бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары іске асырылады.
Қызметі қазақстандық мамандар арасынан кемінде 30 білікті инженер даярлауға, өндірістерді жобалау жөніндегі қазіргі заманғы әдістемелер мен халықаралық стандарттар енгізуге, саланың инжинирингтік қызметтеріндегі қазақстандық қамтуды кемінде 40 %-ға дейін ұлғайтуға, сала кәсіпорындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыруға бағытталатын мамандандырылған инжинирингтік компания құрылатын болады.
Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау
«Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «Біріккен химиялық компания» ЖШС химия өнеркәсібіндегі Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы болады және жер қойнауын пайдалануға арналған иеліктен айырылатын құқықтарды алу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен әзірлеуге қатысу, халықаралық қаржы нарығында қажетті қарыз капиталын тартумен және стратегиялық инвесторларды іздеумен айналысу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді.
Республикалық инвестициялық жобаларды, жоғары бөліністі өнімдер өндіру мақсатында отандық химия өндірістерінің өнімін тұтынатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады («ҚДБ» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер - Бағдарламаның әріптестері арқылы):
Отандық өндірушілердің минералды тыңайтқыштарын тұтынуды ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау көлемдері ұлғайтылады; жаңа химия өндірісі өнімін қоса отырып мемлекет мұқтаждығы үшін отандық әлеуетті жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) номенклатурасын кеңейту бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Сауда саясаты
Мемлекеттік тапсырыс нысанында қазақстандық химия өнімінің танымал имиджін қалыптастыру мақсатында химия кәсіпорындарына (жоғары бөліністі өнім экспорттаушыларға) мамандандырылған көрмелерге, отандық өнімдер брендингіне қатысу, интернет-ресурсты жасау және шетелдерде тарату үшін баспа өнімдерін дайындау жөніндегі іс-шараларға арналған шығындарын лимитті өтеу көзделетін болады.
Химия өнімдерін экспорттауға лицензия алу рәсімі жеңілдетіледі, әрбір министрлікте келісімдер беру мерзімі азайтылатын болады.
2011 - 2018 жылдар кезеңінде ЕО елдері аумағында сары фосфор тасымалдау үшін цистерналардың жүрісіне арнайы рұқсаттар алу мәселесі (2011 жылдан бастап ЕО елдерінде оларға тыйым салынуына байланысты) шешілетін болады.
Ресурстық қамтамасыз ету
Химия өнеркәсібі үшін шикізат кен орындары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Атом өнеркәсібі

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазақстанда әлемдегі экспортқа бағдарланған және бәсекеге қабілетті атом саласын дамыту үшін барлық алғышарттар бар.
Оларға:
барланған уран запастарының едәуір санының және уранды өндіретін және уран өңдейтін дамыған өнеркәсіптің болуы;
«Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҮМЗ» АҚ) отын құрамдауыштарын өндіру кәсіпорындарының және ядролық энергетикалық реакторлар үшін конструкциялық материалдардың болуы;
елде ядролық реакторларды пайдалану тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардың болуы;
ядролық физика, физика және ядролық реакторлар техникасы, ядролық энергетикалық құрылғылар қауіпсіздігі саласында зерттеу жүргізетін зерттеу реакторларымен және бірегей электрофизикалық құрылғылар мен стендтермен жарақтандырылған ғылыми кәсіпорындардың болуы.

Негізгі міндет


Әлемдік нарықта қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу үшін толық ядролық отын тізбегі бар тігінен интеграцияланған кешен құру.

Нысаналы индикаторлар


1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уран өндіру көлемін ұлғайту.
2. Ядролық отын тізбегінің жаңа өндірістерін құру - қуаты 12 000 мың тонна уранның гексафторидін (UF6) өндіретін конверсиялық зауыт салу, Үлбі металлургия зауытында жылу бөлетін құрастырмалар шығару жөніндегі қуаты 400 тонна ядролық отын болатын зауыт салу.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Қазақстан Республикасы уранының минералды шикізат базасын тиімді пайдалану және ядролық отын тізбегінің кейінгі кезеңдерін дамыту мақсатында мыналар көзделеді:
1. Уран минералды шикізат базасын қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа кеніштерді іске қосу мен көптеген елдер жоспарланып отырған жаңа АЭС ауқымды құрылысын жүргізу аясында өнімді өсіру мақсатында Шу-Сарысу және Сырдария уран кендері провинцияларының шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу.
2010 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған кеніштерде өндірістік қуаттарды кеңейту және жиынтық жобалық қуаты жылына шамамен 6 000 тонна уран болатын жаңа өндіру кешендерін пайдалануға беру жұмыстары жалғасады.
Уран өндіру көлемі уран нарығындағы жағдайға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
Бұл ретте уран өндіру есептері Қазақстанда ядролық отын өндірудің кейінгі тізбектерінің дамуына байланысты болады.
2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран конверсиясы бойынша қызмет көрсетуге қатысуы және озық конверсиялық технологияларға қол жеткізу арқылы ядролық отын тізбегінің осы кезеңіндегі өз тауашасын алуы.
Осы мақсатта Үлбі металлургия зауытының базасында Cameco канадалық компаниясымен біріге отырып өндірістік қуаты жылына 12 000 тонна уран гексофторидін (UF6) шығаратын конверсиондық зауыт құрылысының жобасын іске асыру көзделуде (шамамен конверсия бойынша әлемдік қуаттардың 17%).
3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның байыту қызметтерін көрсетуге қатысуы.
Байыту қуаттарына қол жеткізу міндетін шешу үшін Ресей Федерациясының аумағында Ангарск қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Техснабэкспорт» ААҚ (Ресей Федерациясы) паритеттік негізде «Уран байыту орталығы» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны құрылды. «УБО» ЖАҚ қызметі жылына 5 млн. ЕРР қуаты бар уран байыту зауытын салу мен пайдалануға беруге бағытталады.
4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық отынды дайындау бойынша қызмет көрсетуге қатысуы.
Жылу бөлетін құрастырмалар өндірісін құру және нарықтарда ядролық отын мен жылу бөлетін құрастырмаларды ілгерілету үшін 2008 жылы AREVA компаниясымен Үлбі металлургия зауытында жылу бөлетін құрастырмалар шығару жөніндегі қуаты 400 тонна ядролық отын болатын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды. Осы өндірісте француз дизайнындағы және басқа өндірушілер дизайнындағы реакторлар үшін негізінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарықтарына және өзіндік атом энергетикасының отынға қажеттілігін қамтамасыз ету арналған құрастырмалар шығарылады.
5. Жоғары технологиялық жаңа жобаларды іске асыру.
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында ядролық технологиялар саласында жоғары технологиялық әзірлемелердің нарыққа ілгерілеуін және олардың өнеркәсіп өндірісіне енгізілуін, сондай-ақ жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістердің дамуын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы инфрақұрылым қалыптастырылады.
ЭЛВ-4 электрондарды өнеркәсіптік жеделдеткіш базасында көбікті полиэтилен және судан қорғағыш шатыр материалын өндіру бойынша технологиялық желілерді іске қосу жүзеге асырылды, радиациялық технологиялар кешеніне кіретін және медициналық бұйымдар мен препараттарды стерилдеуге, дәрілік препараттарды синтездеуге арналған ИЛУ-10 өнеркәсіптік жеделдеткіш базасында радиациялық стерилдеу корпусының құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр: мұнай және газ құбырлары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған жылу сақтау манжеттері мен желілер өндіру, мұнай-газ жабдығын радиобелсенді ластанудан тазалау және белсенді етпеу жөніндегі ұтқыр кешен, темір жол көлігіне арналған автокөлік жабдығының өндірісі, тұрпатты сорғы қондырғыларын енгізу.
Тігінен интеграцияланған атом-өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруға бағытталған жобалардан басқа, энергетиканың балама және аралас бағыттарын және салаларын дамытуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

1.2 Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту

Экономиканы «дәстүрлі индустрияларда» қарқынды дамыту, қазақстандық қамтуды дамыту экономиканың жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларын, ең алдымен машина жасауды, құрылыс индустриясын және фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін ынталандыру шарасы болады.
Бұл ретте ішкі сұранысты қамтамасыз етуден отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі, инновациялық технологиялар енгізу есебінен олардың экспорттық әлеуетін өсіруге кезең-кезеңімен көшу осы салаларды дамыту стратегиясы болады.

Машина жасау

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Машина жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау кешені өнімінің үлесі 1990 жылы 15,9%-дан 2008 жылы 2,9%-ға төмендеді. 2008 жылы нарық сыйымдылығы 16 663 млн. долларды құрады, оның ішінде негізгі үлесті 15 475 млн. доллар импорт құрайды, бұл тауар импортының жалпы құрылымында 41% құрайды.
Саланы дамытудың негізгі проблемалары: кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы; өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; әлемдік өндірушілермен байланыстың болмауы; конструкторлық құжаттамаға қолжетімділік; инвестиция көлемінің аз болуы; зауытаралық кооперацияның болмауы; жабдықтың тозу деңгейінің жоғары болуы (43-80 %); білікті кадрлардың тапшылығы; машина жасау өнімінің сатудан кейінгі сервисі деңгейінің төмен болуы.
Мұнай-газдағы, кен шахтасындағы және металлургия машиналарын жасаудағы проблемалар: машина жасау кәсіпорындарының жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының перспективалы жоспарлары, техникалық қайта жарақтану жоспарлары, кен орындары, өңірлер бөлінісінде мұнай-газ машиналарын жасау өнімдерінде қажеттілік, өнім импорты бойынша жоспарлар туралы хабардар болмауы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасаудағы проблемалар: импортталатын құрамдас бөліктер мен материалдарды пайдалану; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлем қабілеттілік сұранысының төмендігі; кредиттік ресурстарға қол жеткізудің қиындығы; отандық машина жасау өнімін өндіруді лизингтік компаниялардың қаржыландыру мүмкіндігінің заңнамалық шектелуі болып табылады.
Көлік машинасын жасаудағы проблемалар: ірі габаритті құймалардың болмауы, импортталатын құрамдас бөліктер мен материалдарды пайдалану болып табылады.
Мыналар қорғаныс өнеркәсібіндегі проблемалар болып табылады: ғылыми зерттеулердің мүлдем болмауы; өндірістің толық циклінің жоқтығы (негізінен жинақтауыштары шығарылады); басты тұтынушылар - Қазақстанның Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құрылымдарымен тиімді өзара қарым-қатынастың жоқтығы; әлеуетті тұтынушылар (негізінен Қазақстанның әскери өнімдері ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерді ғана қызықтыра алады) санының шектеулі болуы; өндіріс рентабельдігінің төмендігі, мемлекеттің жеткіліксіз қаржыландыруы.

Негізгі міндет


Ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен экспортты кеңейту.

Нысаналы индикаторлар


1. Жалпы қосылған құнды 74%-ға өсіру;
2. Саладағы еңбек өнімділігін бір адамға шаққанда жылына 52 мың долларға дейін ұлғайту.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы жергіліктендіру деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.
Қосылған құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
Көлік машинасын жасауда 2014 жылға қарай жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді құрастырып өндіру ұйымдастырылады. Жылына 200 бірлік көлемінде жол-құрылыс техникасын өндіру жолға қойылады. Темір жол машинасын жасауда локомотивтер, жүк вагондарын жасау ұлғаяды. Қуаты жылына 1200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 5000 бірлік темір жол арбасын, жылына 4000 бірлік хоппер-вагон өндіру игеріледі. Темір жол машинасын жасаудың мұқтажы үшін жылдық шығару көлемі 30 мың тонна болатын ірі габаритті құйма өндіру ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 2 есеге, оның ішінде комбайн жасау жылына 800 бірлікке дейін ұлғаятын болады, жылына 1 мың бірлік көлемінде трактор құрастырып шығару және аспалы жабдық жасау ұйымдастырылады. Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады.
Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнім үлесін 22%-ға арттырып өнім шығару 2,5 есеге артады. Құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр бұрғылау қондырғылары өндірісі дамиды, жылына 8 бірлік газ айдайтын агрегат және жылына 6 бірлік газ-турбина электр станциясын өндіру игеріледі. Газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету жөніндегі зауыт іске қосылады.
Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару көлемі прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробағандар, гидрожылжытқыштар өндірісін дамыта отырып, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығын игере отырып, 2,7 есе артады.
Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 1,7 есеге артады. Аккумулятор, трансформатор және оқшаулағышпен оралған сым жасау артып, қуаты 220 вольт және одан да жоғары трансформаторлар шығару игеріледі.
Мынандай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
Локомотив құрастыру зауыты, Астана қ. - жылына 100 локомотив және Астана қаласының АЭА аумағында бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндіру.
Автомобиль құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан облысы - жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі технопарк.
Комбайн құрастырып шығару - жылына 800 бірлік, жол-құрылыс техникасы - жылына 200 бірлік және автобус - жылына 300 бірлік, Қостанай облысында, бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару.
Магистральды электровоздар құрастырып шығару, Ақмола облысы - жылына 50 электровоз және бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту.
Қорғаныс өнеркәсібінде 2014 жылға қарай қазіргі бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесін барынша ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады.
Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің Әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттіліктермен айқындалатын болады.
Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету
Өскемен қаласының сол жақ жағалауында автозауыт құрылысын және автоқұрамдауыштар өндіру жөніндегі технопаркті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету


Машина жасау саласы үшін 16 мамандық бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады.
2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталық салу басталады.
Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, 3 ай мерзімге өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізілетін болады.
Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқару кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасын бірлесіп қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
Өз қызметін ел аумағында жүзеге асыратын шетелдік инжинирингтік компаниялар үшін (жылына персонал санының кемінде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөніндегі міндетті талаптар енгізіледі.

Техникалық регламентерді енгізу


Автокөлік құралдарының; объектілерді қорғау үшін өрт техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелері мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізілетін болады (оның ішінде сынақ әдістеріне - 98, өнімге - 80 және менеджмент жүйесіне - 7).
Машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жетілдіріледі.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Сегменттер бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық - ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру.
Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ бойынша нәтижелерді енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау
Лизингтік компанияларға өндірісті қаржыландыру кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімдерді болмаса да, лизингке одан әрі беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> doc
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
doc -> Жылдарға арналған азаматтық бюджет
doc -> Аппарат акима
sand.akmo.gov.kz -> Сандықтау ауданы әкімдігінің
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
sand.akmo.gov.kz -> 4-ші деңгейлі бюджетке қатысты Қазақстан Республикасының Бюджетінде қолданылатын негізгі түсініктер
sand.akmo.gov.kz -> Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары
sand.akmo.gov.kz -> Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет