Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 2.47 Mb.
бет4/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Осы саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндірістің техникасын жеңілдік шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.
Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселесі пысықталады.
Сауда саясаты
Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету.
Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын ілгерілету үшін қаржылық ынталандыру жасау.

Фармацевтика өнеркәсібі

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығының жалпы көлемінде отандық өндіріс үлесі нақты мәнде 30 %-дан және ақшалай мәнде 10 %-дан аспайды.
Соңғы онжылдықта фармацевтика өнімінің қазақстандық нарығының көлемі едәуір өсті, ол 1999 жылдан бастап жыл сайын 10%-ға ұлғайды. 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімдерін өндіру 84,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өнеркәсіп өндірісі көлемінің кемінде 0,13 %-ын және өңдеу өнеркәсібі көлемінің 0,4 %-ын құрайды.
2009 жыл бойы Қазақстанда дәрі-дәрмек заттары импортының көлемі шамамен 816,9 млн. АҚШ долларын, ал өнімді экспорттау - 17,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Саланы дамытудың проблемаларына мыналарды жатқызуға болады: GMP стандарттарына сәйкес жұмыс істеуге дайындалған білікті кадрлардың тапшылығы; секторға түсетін инвестициялардың шектелген көлемі; кепілдендірілген өткізу нарықтарының болмауы; GMP стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін өндірістік қуаттардың, отандық субстанцияларды өндірудің болмауы.
Дәрі-дәрмек шығаруды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: түпнұсқалық (патентпен қорғалған) дәрілер, дженерик препараттары, субстанцияларды жасау.
Қазіргі уақытта дженерик нарығы Қазақстанда дәрі-дәрмекті тұтынудың негізгі үлесінің шамамен 85 %-ын құрайды, ал түпнұсқалық препараттар 15 %-дан аспайды. 2010 - 2014 жылдары елдегі фармацевтика өнеркәсібі дамуының анағұрлым перспективалы бағыттары дженерик препараттары өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ GMP халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес қолданыстағы және жаңадан енгізілген қуаттарды жаңғырту болады.
Негізгі міндет
Жоғары сапалы дәрілік заттар шығарудың отандық өндірісін ұлғайту есебінен ұлт денсаулығы мен елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар


2014 жылдың аяғына қарай отандық дәрі-дәрмек құралдарының үлесін ішкі нарықта нақты мәнде 30 %-дан 50 %-ға дейін жеткізу.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Саланы дамыту шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу жүзеге асырылады.
Жылына қуаты 18 млрд. бірліктен астам қатты дәрілік нысандар (таблеткалар, капсула, драже), инфузиялық ерітінділер - жылына 16 млн. бірлік; ампулалар - жылына 285 млн. дана, жұмсақ дәрі түрлері - жылына 30 тонна; бір рет пайдаланылатын медициналық киім - жылына 4,9 млн., субстанциялар мен химиялық шикізат - жылына 60 тонна, шприцтер - жылына 408 млн. бірлік, қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер - жылына 698 мың. бірлік; жаңа рентген техникасы - жылына 350 бірлік, сондай-ақ құю, вакцина, инсулин және қан препараттары, басқа өнім үшін бір рет пайдаланылатын жүйелерді шығаратын жаңа өндірістер құрылады.
Отандық синтетикалық субстанцияларды шығаратын өндірістерді құру жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
Астана қаласында қатты дәрі түріндегі (таблеткалар, капсула, драже) мен ұнтақ антибиотиктер шығаратын фармацевтика зауытын салу;
Шымкент қаласындағы ампулалық-инфузиялық ерітінділерді шығару жөніндегі қолданыстағы өндірістерді GMP стандарттарына сәйкес кеңейту және жаңғырту.
Медициналық препараттар зауытының (Павлодар қаласы) өндірістік базасын GMP стандарттарына сәйкестендіру, сондай-ақ ампула, биоөнімдер, вакциналар, сарысу мен антибиотиктер шығару жөніндегі жаңа желілерді іске қосу.
GMP стандарттарын енгізу, Павлодар облысында кремдер мен белсенді ингредиенттердің жаңа өндірісін іске қосу.
Медициналық бұйымдар зауытында шприцтер шығаруды арттыру, инфузиялық жүйелер мен медициналық қалдықтар үшін контейнерлер өндірісін қалпына келтіру.
Стандарттарға сәйкес қолданыстағы кәсіпорында таблетка түріндегі антибиотиктер шығарылымын ұлғайту.
Алматы облысында инъекциялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, «жұмсақ» дәрі түрлері мен сироптар шығаратын GMP стандарттарына сай жаңа зауыт салу.
Алматы облысында таблеткалар, капсулалар және флакондар шығаратын GMP стандарттарына сай зауыт салу.
Талап етілетін стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында қолда бар өндірістік базаны жаңғырту және кеңейту, сондай-ақ персоналды GE Healthcare өндірісінің жабдығымен жұмыс жасауға үйрету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Қажетті стандарттармен сәйкестендіру үшін қолда бар өндірістік базаны жетілдіру және кеңейту, сонымен қатар персоналды GE Healthcare өндірісінің жабдығымен жұмыс жасауға үйрету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Инфузиялық ерітінділерді құю үшін бір рет пайдаланылатын жүйелерді шығару зауытын салу.
Көрсетілген тізілім түпкілікті емес. Келесі кезеңде саланың даму басымдықтарына сәйкес жобалардың қосымша портфелі қалыптастырылады.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру отандық өндірісті 600 атауға дейін (1200-дің ішінде) кеңейту міндетін шешуге мүмкіндік жасайды, бұл заттай мәнде дәрілердің түр-түрін 50 %-ға жабуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу
Бірыңғай дистрибьютор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «СК Фармация» ЖШС арқылы отандық фармацевтика өнімін өндірушілерден дәрілік заттарды ұзақ мерзімді мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылатын болады, ол осы саладағы өткізу мәселесін ішінара шешеді. Бұл ретте фармацевтика өнімінің ішкі нарығы құрылымындағы мемлекеттік сатып алу үлесі 45 - 50 %-ға дейін ұлғаяды.
Кәсіпорын инвестицияларды міндетті түрде өндірісті жаңғыртуға және өнімділікті арттыруға салу шартымен мемлекеттік сатып алуға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасатын болады.
Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін:
GMP стандарттарына сәйкес 2011 - 2014 жылдары фармацевтика өнеркәсібінде кем дегенде 400 маман;
еуропалық стандарттарға сәйкес ИСО 13485 сапа стандарттарна сәйкес 2011 жылы медицина өнеркәсібіне шамамен 80 маман даярланатын болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының фармацевтика және медициналық өнеркәсібіне жетекшілік жасайтын қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік кедергілерді алып тастау
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек формулярларының басымдықтарын қайта қарау: пациенттердің шектеулі тобын қымбат тұратын емдеудің орнына дәлелді медицина деректерінің болмауынан дәрілік құралдарды сатып алуды азайту арқылы жалпыға бірдей және тиімді емдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ препараттарды баламалы алмастыру және отандық дженериктерге ауысу жүйесін енгізу.
Техникалық регламенттерді енгізу
2014 жылдың аяғына дейін республиканың ірі және орта фармацевтика және медицина өнеркәсібі кәсіпорындарында халықаралық GMP «Тиісті өндірістік практика» ИСО 13485 сапа стандарттары және өндіріс пен медициналық жабдықтауды пайдалануға арналған еуропалық медициналық стандарттар енгізілетін болады.
Тікелей инвестицияларға тартымды жағдай жасау
Кәсіпорындардың халықаралық стандарттарды (GMP) және 93/42/ЕЕС директивасына сәйкес еуропалық медициналық стандарттарды енгізу бойынша жұмсалған шығындарды КПС бойынша салық салынатын базадан шығару коэффициентін 150 %-ға арттыру бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі.
Дәрілік заттарды, медициналық жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды отандық өндірушілерден мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор арқылы ұзақ мерзімді шарттар жасау жолымен жүргізіледі.
Сауда саясаты
Кеден одағы шеңберінде:
Қазақстан Республикасында өндірілетін дәрілік құралдарға, медициналық жабдықтарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған және медициналық жабдықтау, қосалқы станциялар, сондай-ақ дәрілік құралдарды жасауға арналған басқа да қосалқы заттарды шығаратын өндірушілер үшін жабдықтаушы бөлшектерді әкелу жөніндегі заңнамалық базаны Еуропалық Одақпен ұқсас үйлестіру жүргізіледі;
тиісті өндірістік практика (GMP) және 93/42/ЕЕС еуропалық медициналық стандарттарға сәйкес келетін отандық өндірушілердің дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеу куәліктерін өзара тану қамтамасыз етілетін болады.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазақстандағы құрылыс көлемі 2005 және 2006 жылдары 60 % деңгейіне жетіп, 2000 жылдан бастап шапшаң қарқынмен өсті. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері құрылыстың өсу қарқынының күрт баяулауына алып келді.
2000 жылдан бастап құрылыс материалдары бағасының өсуі құрылыс материалдарына өсе түскен тапшылыққа негізделеді, ол импорттың өсуіне алып келді. 2008 жылы құрылыс материалдары нарығындағы импорттың үлесі 46,7 %-ды құрады.
Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісінің өсуін бірқатар проблемалар тежеді: Қазақстанда негізінен қайта бөлінуі төмен өнім өндіріледі; өнімнің көптеген түрлері өндірілмейді; негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары; еңбек өнімділігі төмен; құрылыс материалдарының өндірісі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған (өндіріс көлемінің 60%-дан астамы олардың үлесіне келеді).
Саланың дамуына қажетті шикізат базасының болуына қарамастан, Қазақстанда негізінен цемент пен кірпіш өндірісі дамыды. 2006 - 2007 жылдары пайдаланатын цементтің 30%-ына дейін импортталды, бірақ отандық зауыттар қуатының өсуі цемент импортынан бас тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шыңдалған шыны өндірісі мүлдем жоқ, ал шыныдан жасалған дайын бұйымдардың көпшілігі импортталады. Қыш өндірісі бай шикізат базасының болуына қарамастан, жақында ғана дами бастады (қолдануға жарамды бетонитті саздың 29 кен орны). Өнімнің басым бөлігі Түркиядан, Қытайдан және Италиядан импортталады.
Қазақстандағы өңдеу материалдарының нарығында импорт өнімі басым болып келеді:
соңғы уақытта импортты линолеум нарықта толығымен басымдыққа ие болды (99%-дан астам);
орман ресурстарының шектеулігі мен қазіргі заманғы өндірістердің болмауы фанера мен ағаш талшықты тақталардан бұйымдар жасау нарығындағы импорттың басымдығына алып келді;
тұсқағаз нарығында импорт өнімі 73%-ды құрайды, бұл ретте елдегі тұсқағаздар өндірісі белсенді дамуда. Отандық өндірушілер нарығының үлесі тұсқағаздар импортына салынатын кедендік баждарға тікелей тәуелді.
Қазақстандағы құрылыс материалдары саласының дамуын тежейтін түйінді мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
техникалық реттеу және мемлекеттік нормалау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі және баға белгілеу принциптерінің ескіруі;
өндірістің технологиялық деңгейінің төмендігі және еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігі.

Негізгі міндет


Отандық құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өндірісін ұлғайту және қосылған құны жоғары өнімді шығару есебінен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру
Нысаналы индикаторлар
Құрылыс индустриясындағы жалпы қосылған құнды кемінде 76%-ға ұлғайту және ішкі нарықтың құрылыс материалдарына қажеттілігін 80%-дан артық қанағаттандыру.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Құрылыс индустриясын дамытудағы мемлекеттік саясат бәсекеге қабілетті, энергияны үнемдейтін құрылыс материалдары, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялар өндірісін инновациялық негізде дамытуға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, құрылыс өнімі сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталатын болады.
Саланы дамыту шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіру және жаңа өндірістерді салу жүзеге асырылады:
цемент өндірісінде 2014 жылға қарай 5 жұмыс істеп тұрған және 4 жаңа кәсіпорында цемент шығару жылына 13,5 млн. тоннаға дейін жететін болады (Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында), Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жалпы қуаты жылына 2,1 млн. тонна 5 клинкерлік цемент терминалы салынады, жұмыс істеп тұрған цемент зауытына техникалық қайта жарақтандыру жүргізіліп, негізгі құралдардың тозу деңгейі 30%-ға дейін қысқартылады;
қыш өндірісінде 2014 жылға қарай қыш тақтайшалар шығару жылына 13 млн. м2 дейін жеткізіледі, Ақтөбе, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жылына 1 млн. данаға дейін сантехникалық қыш өндіру қамтамасыз етіледі, жылына қуаты 200 мың тонна саз өңдейтін байыту комбинаты салынады.
Шыны өндірісінде жылына қуаты 140 мың тоннаға дейін өнім шығаратын шыңдалған шыны зауытының құрылысы басталатын болады;
индустриялық құрылыста 2014 жылға қарай Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жалпы қуаты жылына 3 млн. м2 13 тұрғын үй индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болады. Индустриялық құрылыс комбинаты олардан энергияны енжар тұтынатын үйлер салу ұйымдастырылатын бұйымдар мен конструкциялар жасау жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынады.
Индустриялық құрылыс комбинаттарының төңірегінде құрылыс материалдарын (терезелер мен есіктер, ламинат, линолеум және басқалары) өндіретін және қызмет көрсететін (жобалау-іздестіру, дизайнерлік, әрлеу және басқалары) кемінде 130 шағын және орта кәсіпорынды дамыту үшін жағдай жасалатын болады.
Мынадай түйінді жобаларды іске асыру және олардың төңірегінде өнім берушілердің желісін қалыптастыру жоспарланып отыр:
Жамбыл облысы - цемент зауытын салу - жылына 1100 мың тонна.
Ақмола облысы - цемент зауытын салу - жылына 552 мың тонна.
Шығыс Қазақстан облысы - «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу - жылына 1000 мың тонна.
Маңғыстау облысы - «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу - жылына 2000 мың тонна.

Мемлекеттік қолдаудың секторлық және жобалық шаралары


Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, орта және жоғары кәсіптік оқу орындары түлектерінің 3 ай мерзімге өндіріс кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту жүйесі енгізілетін болады.
10 мамандық бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және 139 ТжКБ оқу орнында мамандар даярлау есебінен қанағаттандырылатын болады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оқу орындарында құрылыс индустриясы үшін жаңа мамандықтар ашылатын болады.
Техникалық реттеуді жетілдіру
Мынадай бөліктерде техникалық реттеу саласына өзгерістер енгізілетін болады:
төмендегі бағыттар бойынша 405 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізіледі: құрылыс материалдары - 242; бетон, темір-бетон, ағаш конструкциясы - 51; құрылыс жабдығы - 19; электрмен жабдықтау және электр құрылғылары - 48; жол құрылысы - 8; менеджмент жүйесі - 6; ғимараттар мен құрылыстарды жобалау - 31;
жылу өткізгіштік пен температуралық шамалардың мемлекеттік эталондарын техникалық регламенттерге сәйкес жаңғырту, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде стандарттар мен техникалық регламенттерді 80 %-ға дейін үйлестіру.
Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау жүзеге асырылатын болады.
Жаңа сметалық-нормативтік база әзірленеді.
Республикалық деңгейде Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жасалады.
Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы ғылыми құрылымдар айқындалатын және күшейтілетін болады.
Қауіпсіздікті және олардың пайдалану мерзімін арттыру, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін азайту мақсатында құрылыс саласындағы (оның ішінде өнеркәсіп, жол құрылысы және басқа да инфрақұрылым құрылысы) жауапкершілікті күшейту және стандарттар мен техникалық регламенттерді сақтау жөніндегі заңнамалық актілер қайта қаралатын және оларға өзгерістер енгізілетін болады.
Осы мақсатта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесі нығайтылатын болады.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін:
негізгі қорларды жаңғырту үшін даму институттарына жеңілдікті шарттар бойынша қаржы лизингін беруге қаражат бөлінетін болады;
басым бағыттар бойынша инновацияларды енгізу үшін жыл сайын гранттар бөлінеді (энергия үнемдеу материалдары, құрылыс материалдарын өндіруде сабақтас салалар қалдықтарын пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, тез салынатын, «жасыл» және «энергияға енжар» үйлер технологияларының трансферті).
Саланың ғылыми-техникалық дамуы мақсатында тұрғын үй құрылысы саласында жаңа технологияларды әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулердің дамуы қамтамасыз етілетін болады.
Тікелей инвестицияларға тартымды жағдай жасау
Ресурс үнемдейтін және энергия жағынан тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірушілер үшін, сондай-ақ индустриялы құрылыс комбинаттарының жанынан құрылған шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту үшін оларға жеңілдетілген жағдайда кредит беру ұсынылатын болады.
Отандық құрылыс материалдары мен тұрғын үй құрылысын дамытуға сұранысты қолдау мақсатында мыналар қамтамасыз етіледі:
тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ тұрғын үйді кредиттік және мемлекеттік жалға беруді бюджеттен қаржыландырудың жалғасуы;
энергия жағынан тиімді материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, көпқабатты және азқабатты тұрғын үй құрылысы үшін үлгі жобалардың топтамасын әзірлеу;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында сертификатталған құрылыс материалдарына кредит беру жүйесін әзірлеу.
Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды негізсіз (бағасы, сапасы) қолдануға жол бермеу және мемлекеттік қабылдау комиссияларының құрамына кәсіптік құрылысшы қоғамдық ұйымдарының (өздігінен реттелетін ұйымдар) өкілдерін енгізу арқылы техникалық регламенттерді сақтау жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау жүйесіне өзгерістер енгізілетін болады. Қызметтің лицензияланатын түрлері қысқартылатын және оңтайландырылатын болады, лицензиялау жүйесіне мемлекеттік органдардың құрылыс нарығы субъектілерінің қызметіне араласуын қысқартуға мүмкіндік беретін тәуелсіз аудит енгізілетін болады. Берілетін лицензиялар құрылыс объектісінің техникалық күрделілігіне, лицензиаттың жұмыс тәжірибесі мен жеке капиталының болуына байланысты санаттарға бөлінетін болады.
Ресурстық қамтамасыз ету
Құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдаланылатын пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау есебінен құрылыс индустриясының минералдық шикізат базасы кеңейтілетін болады.

1.3 Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау

Агроөнеркәсіптік кешен

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау


Қазіргі кезеңде мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында экономиканың аграрлық секторы тұрақты дамып отыр.
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 13,8 %-ды құрады. Іс жүзінде ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша өсуге қол жеткізілді. Жете өңделгеннен кейінгі салмағымен алғанда 20,8 млн. тонна көлемінде астық дақылдарының рекордтық өнімі алынды.
Республикада мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері саланың тұрақтылығын, мал басы мен құстың және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің жыл сайын ұлғайып келе жатқанын растап отыр. Соңғы жылдары мал басы мен құс жыл сайын орташа алғанда 3,8 %-ға, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 3,5 %-ға ұлғаюда.
Елдің әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын, оны негізгі тамақ өнімдерімен кепілді толтыруды және экологиялық таза өнімдермен сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз жасалған.

Негізгі міндет


Сыртқы нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорт ресурстарын қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде өндірудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Экономиканың су секторы мен су шаруашылығы саясатын дамыту.

Нысаналы индикаторлар


1. Ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
2. АӨК-тің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға ұлғайту.
3. Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге арттыру.
4. Экспорттың жалпы көлеміндегі саланың экспорттық әлеуетін 8 %-ға дейін өсіру.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Ауыл шаруашылығы саласын дамыту саланы әртараптандыру, егіншілік мәдениетін арттыру, өндіріске қазіргі заманғы ылғал, ресурс үнемдейтін технологиялар енгізу, кең ауқымды химиялау, жаңа және қазір пайдаланылмайтын суармалы жерлерді айналымға енгізу арқылы өткізу нарығы бар ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруға бағытталады.
Мал шаруашылығында саланы өнеркәсіптік негізге көшіру, асыл тұқымды базаны дамыту, малдың тұқымдық әлеуетін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы өндіріс көлемін ұлғайтуға салмақ түсіру көзделіп отыр және ғылыми негізде ірі ауқымды селекцияны жүзеге асырумен қатар жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, сапаның халықаралық стандарттарына ауысу және осы негізде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру өзектілігін сақтап отыр.
Біртұтас экспорттық астық саясатын қалыптастыру, нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен толтыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кооперативтендіру арқылы дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі жұмыс жанданады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің индустриялық-инновациялық дамуына жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын интеграциялық басқару принциптерін енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.
Агроөнеркәсіптік кешенде кем дегенде 20 ірі жобаны іске асыру, оның ішінде 8 мал шаруашылығы кешенін, 2 құс фабрикасын, 3 жылыжай, 3 тауарлы сүт фермасын, 1 ет комбинатын, 1 нан-тоқаш өнімдерін өндіру, 1 мақтаның сортты тұқымдық материалын өндіру зауыттарын салу көзделіп отыр.
Аграрлық секторға ірі ауқымды инвестициялар тарту үшін жағдай жасау және мемлекеттің қаржы институттарымен өзара іс-қимылын жалғастыру көзделіп отыр.
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлер, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін АӨК-тің басым бағыттары бойынша мастер-жоспарлар, оның ішінде астық және оны тереңдете қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер, ет және ет өнімдері, майлы дақылдар, жеміс-көкөніс өнімдері, сүт және сүт өнімдері , жүн және оны тереңдете қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер өндірісі мен экспортын дамыту, құс өсіруді, қант қызылшасынан ақ қант өндірісін дамыту нақты бағдарға айналады.
Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, ветеринариялық препараттар, диагностикумдар, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін қоса алғанда, экономиканың аралас салаларын дамыту қажет.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын отандық өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тетігі іске асырылатын болады.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> doc
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
doc -> Жылдарға арналған азаматтық бюджет
doc -> Аппарат акима
sand.akmo.gov.kz -> Сандықтау ауданы әкімдігінің
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
sand.akmo.gov.kz -> 4-ші деңгейлі бюджетке қатысты Қазақстан Республикасының Бюджетінде қолданылатын негізгі түсініктер
sand.akmo.gov.kz -> Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары
sand.akmo.gov.kz -> Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет