Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 2.47 Mb.
бет6/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Нысаналы индикаторлар


1. 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлеміндегі саланың үлесін

1 %-ға дейін ұлғайту.

Секторды дамытудың негізгі бағыттары
Биотехнология саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:
әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномды технологияларды пайдалану негізінде жаңа отандық тест-жүйелер жасау;
гендік-инженерлік рекомбинанттық субстанциялар негізінде технологиялар әзірлеу және бірегей дәрі препараттарын өндірістік-тәжірибелік өндіру;
ағзаларды трансплантациялау, бағаналы жасушалар, ұзақ ғұмыр медицинасы саласында әзірлемелер орталығын құру және оларды регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдаланудың әдістемелік негіздерін әзірлеу;
халықаралық өндірістік тәжірибе стандарттарына (GMP) сәйкес келетін диагностикумдар мен вакциналар шығару бойынша өндірістер құру;
ашытқы, тамақ белогын, аминқышқылдарын, ферменттер, биоконсерванттар шығару үшін микроағзалар мен биотехнологиялық өндірістердің коллекцияларын жасау;
ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін өсімдіктердің өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті сұрыптарын шығару;
өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;
мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерін биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшін микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;
ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсімдіктерді пайдалану негізінде фиторемедиациялау тәсілдерін әзірлеу;
гендік инженерия әдістерін пайдалану негізінде малдың өнімділігі жоғары тұқымдарын өсіру.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Биотехнология саласы үшін ғылыми кадрларды және инженер-техникалық персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
Технологиялық корпусты салуға ТЭН және ЖСҚ әзірлеу және биотехнологиялық медициналық препараттарды, инактивизацияланған және тірі вакциналарды аз серияда өндіру үшін, сондай-ақ регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдалану үшін технологиялық корпус салу және инфрақұрылымды құру қажеттігі мәселелерін пысықтау.

Ғарыш қызметі

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Біздің елде ғарыш саласын қалыптастыру үшін объективті алғы шарттары бірегей бәсекелі басымдықтың - жұмыс істеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерімен (бұдан әрі - ҒЗК) және құру сатысында тұрған «Бәйтерек» ҒЗК әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының; ғарыш байланысын басқарудың жердегі кешенінің; үш жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) спутниктерінен ғарыш ақпаратын қабылдайтын орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (ҰҒМЖ) базалық элементтерінің; ғарыш сәулелері станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технологиялық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бар екендігі болып табылады.
2005 - 2007 жылдарға арналған бірінші ғарыш бағдарламасы шеңберінде «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін құру, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын (ҒТ АКТБ) ұйымдастыру жобалары іке асырылды, ҰҒМЖ кіші жүйелері дамытылды. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК), «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигін, Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ЖСК), ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесін, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құрудың жобалық материалдары әзірленген болатын.
Қазақстанда бүгінгі таңда түрлі ғарыш қызмет көрсетулеріне, атап айтқанда, ғарыш байланыс жүйелерінің, ЖҚЗ ғарыш жүйесінің және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) қызмет көрсетулеріне айтарлықтай сұраныс қалыптасты.
Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін толыққанды ғарыш саласын құрудың мынадай бірқатар проблемаларын шешу қажет:
отандық ғарыш қызмет көрсетулері (байланыс, ЖҚЗ, навигация, ғарыш техникасын өндіру, іске қосу қызмет көрсетулері) нарығының жеткіліксіз дамуы;
ғарыш қызметін дамыту үшін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаның жоқтығы;
ғарыш қызметін кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығы.
Осы проблемаларды шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
мақсатты ғарыш жүйелерін және жердегі ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;
ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
кәсіби кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;
ғарыш саласының шарттық және нормативтік құқықтық базасын құру.

Негізгі міндет


Республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық экономиканың секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру.

Нысаналы индикаторлар


1. ЖҚҚ 2015 жылға қарай кемінде 85,0 млрд. теңгеге өседі.
2. 2015 жылға қарай экспорт кемінде 15,0 млрд. теңгеге өседі.
3. Бекітілген спутник байланысы арналарына еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі - 80 %, дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге (Қазақстан аумағын жабу %) - 30 % .
4. Тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ҒЖ деректерінің үлесі - 50 %.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мен дамыту және олардың пайдалану мыналарды:
сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен шығумен ішкі нарықта ғарыш байланыс жүйелерінің қызмет көрсетулері үшін «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін;
ішкі және сыртқы нарықтарға ЖҚЗ деректерін беру қызмет көрсетулері үшін ЖҚЗ ғарыш жүйесін;
ғарыш ғылымын және технологиясын дамыту, жер сілкіністері жаршысын зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесін құруды көздейді.
Өңдеу мен қосылған құнының деңгейі жоғары ЖҚЗ деректеріне ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысты қанағаттандыру үшін Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесін (ҰҒМЖ) дамытуды көздейді.
Жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құру және дамыту мыналарды көздейді:
сыртқы және ішкі нарықтарда ұшыру қызмет көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық таза «Бәйтерек» ҒЗК;
мемлекеттік тапсырма және сыртқы тапсырмалар шеңберінде ҒА жобалау, әзірлеу, құрастыру және сынау бойынша қызмет көрсетулері үшін ҒА ЖСК;
спутниктік навигациялау және ішкі нарықта навигациялық жабдықты сертификаттау бойынша қызмет көрсетулері үшін дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) жердегі инфрақұрылымы;
ішкі және сыртқы нарықтар үшін тұтынушы навигациялық жабдық өндіру.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының бірте-бірте Қазақстанға өтуі мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда ұшыру қызметтерін көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ҒЗК коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу көзделеді.
Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:
«KazSat» («KazSat - 2,3», жерден басқарудың резервтік кешені) спутниктік байланыс және хабар тарату жұйесін құру;
«Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;
ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;
жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;
Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жердегі инфрақұрылымын құру;
«Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ҒЗК коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу;
«Бәйтерек» ҒЗК жобасы бойынша Ресей кәсіпорындары, ЖҚЗ ғарыш жүйесін және ЖСК құру жобасы бойынша француз кәсіпорындары жұмыстар мен қызмет көрсетулерді берушілер болып табылады.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Ғарыш саласы үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
Мамандар даярлау Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында (Байқоңыр қаласы), сондай-ақ Қазақстанның, «Болашақ» бағдарламасы бойынша таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында жүргізілетін болады.
Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шетелдік мамандар тартыла отырып ұйымдастырылады. Осы заманғы ғарыштық технологияларды игеру стратегиялық әріптестермен ЖҚЗ және ҚұСК ғарыш жүйесін құру жөніндегі келісімшартта көзделген.
700 адамға дейін ғарыштық бейіндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау көзделіп отыр.
Әкімшілік кедергілерді алып тастау
Ғарыш жүйелерін құру, пайдалану және коммерциялық пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін ғарыш қызметі туралы заң әзірленетін болады.
Техникалық регламенттерді енгізу
Саланы дамытуды техникалық реттеу саласындағы: зымыран және ғарыштық кешендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, автоматты ғарыштық аппараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, зымыран-ғарыш техникасы бұйымдарын тасымалдау құралдарының және зымыран отынының құрамдауыштарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі регламенттер әзірленетін болады.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту ғарыштық техника мен технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеуді, астрофизикалық және ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамытуды, атмосферадағы - Жердің ионосферасындағы оптикалық және электродинамикалық процестерді зерттеу, жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін құру.

Балама энергетика

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қалпына келтірілетін энергетика ресурстарын пайдалану Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда қалпына келтірілетін энергетика ресурстарының (су энергиясы, жел және күн энергиясы) елеулі әлеуеті бар.
Қазіргі уақытта Қазақстанның су энергетикасын мынадай шамамен сипаттауға болады:

Жалпы (теориялық) әлеуеті

170х109 кВтс/жыл;
Техникалық (пайдаланылуы мүмкін) әлеуеті

62х109 кВтс/жыл;


Экономикалық әлеуеті

27/30х109 кВтс/жыл.


Қазақстан аумағында су энергетикасы ресурстары біркелкі бөлінбеген, олардың көпшілігі Қазақстанның үш өңірінде шоғырланған:
Оңтүстік Шығыс аймақта, Іле Алатауы тауларынан ағатын өзендер (Қаскелең, Ақсай, Түрген, Шелек, Шарын) келіп құятын Іле өзені бассейні және шығыс Балқаш бассейні мен Жетісу Алатауынан ағатын өзендер келіп құятын Алакөл көлі тобы.
Шығыс аймақта, басты ағындармен Ертіс өзені бассейнінде.
Оңтүстік аймақта, Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бассейіндері.
Жел энергетикасы қалпына келтірілетін энергия көздерінің ең перспективалы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстанның жел атласы әзірленді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жел электр станцияларын (бұдан әрі - ЖЭС) салу үшін 10 алаң зерттелді. Бұл алаңдардың барлығын көлемі 2-3 млрд. кВтс электр энергиясын коммерциялық өндіру үшін жалпы қуаты 1000 МВт дейінгі ірі жел электр станцияларын салу үшін пайдалануға болады.
Қазақстан географиялық орналасуы бойынша солтүстік ендікте жатқанына қарамастан, елдегі күн энергиясының ресурсы ыңғайлы климаттық жағдайдың нәтижесінде тұрақты әрі қолайлы болып табылады. Зерттеулердің қорытындылары бойынша елдің оңтүстік аудандарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500 - 3000 күн сағатқа жетеді.

Негізгі міндет


Елдің энергия теңгерімінде қалпына келтірілетін энергия көздерінің (шағын су электр станциялары, күн қондырғылары) үлесін ұлғайту.

Нысаналы индикаторлар


1. Қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 2014 жылы - жылына 1 млрд. кВт.с жеткізу.
2. 2015 жылға қарай қалпына келтірілетін энергия көздерінің электр тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесін 1 %-ға жеткізу.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары


Алғашқы жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Астана қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысының Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі орналастырудың болжамды аудандары болып табылады. Өндірілетін электр энергиясының болжамды қуаты бірінші кезеңде 50-100 МВт құрауы мүмкін.
2015 жылға қарай электр энергиясы сағатына 400 млн. кВт болатын белгіленген қуаттылығы 125 МВт жел қондырғыларын салу көзделіп отыр.
2015 жылға дейін Республикада электр энергиясы сағатына 300 млн. кВт болатын жалпы белгіленген қуаттылығы 100 МВт-ден жоғары жаңа кіші ТЭС-ті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдаланатын объектілерден өндірілген электр энергиясын ескере отырып, қазіргі уақытта 2014 жылы қалпына келтірілетін энергия көздерінен электр энергиясын өндіру жылына 1 млрд. кВт.с. деңгейінде күтіліп отыр.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жиынтық қуаты 8,4 МВт болатын шағын ГЭС салудың жобаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты да жалғастыру күтіліп отыр.
Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.
Қазақстанның алғашқы жел атласын жетілдіру және кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
«Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында заңға тәуелді актілер әзірлеу және қабылдау көзделіп отыр.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


Қалпына келтірілетін энергия көздерін қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау көзделіп отыр, оның ішінде: қалпына келтірілетін энергия көздері объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру кезінде резервтеу және басымдық; энергия беретін ұйымдардың қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалана отырып өндірілген электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелері; қалпына келтірілетін энергия көздерін электр энергиясының желілері бойынша тасымалдағаны үшін ақы төлеуден босату; қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді энергия беретін ұйымдардың желісіне қосу кезінде қолдау.

Атом энергетикасы

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін барлық объективті алғышарттар бар. Оларға:
айтарлықтай барлау жасалған уран қорларының және уран өндіру және уранды қайта өңдеу өнеркәсібінің болуы;
ядролық реакторлары үшін отын және конструкциялық материалдар өндіру кәсіпорындарының болуы;
елде ядролық реакторларды пайдалану тәжірибесі бар біліктілігі жоғары мамандардың болуы;
зерттеу реакторларымен және бірегей электрлік физикалық қондырғылармен және стендтермен жарақтандырылған, ядролық физика, ядролық реакторлар физикасы мен техникасы, ядролық энергетикалық қондырғылар қауіпсіздігі саласында зерттеулер жүргізетін кәсіпорындардың болуы жатады.

Негізгі міндеттер


Атом энергетикасының инфрақұрылымын дамыту.
Атом саласы үшін жаңа жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру.

Дамудың негізгі бағыттары


Атом энергетикасын дамыту және елдің үдемелі индустриялық дамуына жағдай жасау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізу көзделіп отыр:
атом энергоблоктарды параметрлерін орналастыру және таңдау схемасын негіздеу;
Қазақстан Республикасында АЭС және атом саласының басқа да объектілерін әзірлеуді ұйымдастыру және жобалау;
ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті атом саласының стратегиялық объектілерін, нақты қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
ядролық сынақтардың мониторингі;
атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
Атом саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу үшін техникалық регламенттер мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.
Білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың


басты шаралары
Индустрияландыруды мемлекеттік қолдау макро- және секторалдық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады.
Макроэкономикалық саясаттың жүйелі шаралары индустрияландыру міндеттеріне сәйкес іске асырылатын ақша-кредит, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясаттар құралдарын теңдестіріп және келісіліп пайдалануды қамтитын болады.
Ақша-кредит және фискалдық саясаттың келісілуі Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің жыл сайын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемелерін қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.
Ақша-кредит саясаты шеңберінде отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ мыналар арқылы теңгенің тұрақты айырбас бағамы мен елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданатын болады:
Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған және ұлттық валюта бағамын қайта бағалауға жол бермеуге бағытталған бағамдық саясат. Айырбас бағамының саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, осылайша ішкі экономиканы дамытуға іргетас қалай отырып, сыртқы сауда шарттарына барабар назар аударатын болады;
Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатымен бірге кешенді түрде ұстап тұрылатын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляцияның деңгейі 2010 -2014 жылдары 5,0-8,0 % шегінде (бұған дейінгі жылдың желтоқсанына);
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Ұлттық Банк операциялары бойынша ақша нарығындағы жағдай мен инфляциясының деңгейіне байланысты ставкаларды реттеу құралдарын пайдалана отырып, оны барабар деңгейде қолдау мақсатында банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу.
Салық-бюджет саясаты индустрияландыру процестерін фискалдық ынталандыру, индустриялық инфрақұрылымды, ғылым мен инновацияларды, адами капиталды дамытуды қаржыландыру арқылы экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үшін жағдай жасауға бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджет параметрлерімен өзара байланыста мемлекеттік институттар арналары бойынша экономикаға капитал тарту мен бөлудің оңтайлы үлгісін қалыптастыру.
Ұлттық қор активтерін қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қордағы жинақтарды көбейтуге бағытталатын болады, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және елдің егемен рейтингін арттыру мен мемлекеттік және корпоративтік секторлардың сыртқы қарыздарын арзандатуға қажетті жағдайлар жасайды.

2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Әр түрлі меншік нысандарындағы өнеркәсіптік және өңірлік бағыттағы ұлттық маңызы бар 59 электр станцииясы электр энергиясын өндіруді жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты - 18 992,7 МВт, қолда бар қуаты - 14 558,0 МВт, электр станцияларының 80, %-ы көмірмен жұмыс істейді.


2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВтс құрады, тұтыну 77,9 млрд. кВтс құрады.
Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:
генерациялайтын жабдық - 70 %;
электр желілері - 65%.
Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтарының одан әрі тозуына, 2009 жылдың мамырынан салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілуде, онымен энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке тарифтерді енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың энергия жинақтайтын қуаттарды қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін орындауы көзделген.
2009 - 2015 жылдар кезеңінде жылдар бойынша бөле отырып энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына арналған шекті тарифтері бекітілді, олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, жыл сайын түзетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 84,2 млрд. теңгеден астам көлемде 2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасына инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы 36 келісімге қол қойылды.
Жаңа электр станцияларын салу сияқты ірі ауқымды инвестициялар іске асырылған жағдайда инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады.
Жаңа тариф белгілеу тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын көтеруге, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін есептеуге мүмкіндік береді.

Негізгі міндет


Экономиканы электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.

Нысаналы индикаторлар


1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс болған кезде электр энергиясын өндіруді 2014 жылы 97,9 млрд. кВтс жеткізу.
2. Көмір өндіру көлемін 2014 жылға қарай 123 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету.

Іс-қимылдар стратегиясы


Қазақстанның экономикасы мен халқын сенімді түрде электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикасы объектілерін салуға, жұмыс істеп тұрған станцияларды кеңейтуге және қайта жаңартуға, ұлттық электр желілісін жаңғыртуға, болжамдық теңгерімдерді әзірлеу негізінде қолда бар энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты болады.
Негізгі ресурстардың болжамдық теңгерімдерінің негізінде бизнестің қажеттілігін ескере отырып салаларды дамытудың және елдің инфроқұрылымдық және ресурстық әлеуетін кешенді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары үйлестірілетін болады.
Жоспарланған кезеңде, жаңа қуаттарды қосу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен елде өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі болжамды тұтыну көлемінен асып түседі.
Екібастұз бен Ақсу ГРЭС-і есебінен жаңғыртылатын Солтүстік энергетикалық аймағында электр энергиясын өндіру көлемінің көп болуы Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы және Солтүстік-Оңтүстік өңіраралық электр тарату желілері бойынша энергиясы тапшы Оңтүстік және Батыс энергетикалық аймақтарына қайта бөлінетін болады.
Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Орал ГЖЭС-ін пайдалануға беру және Атырау ЖЭО кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде - 2012 жылға Мойнақ ГЭС-ін, Ақшабұлақ ГЖЭС-ін, 2015 жылға Балқаш ЖЭС-нің екі энергоблогын, бірқатар электр желілері объектілерін салу, оның ішінде «Алма» кіші станциясын және Мойнақ ГЭС қуатын беру жөніндегі электр тарату желілерін салу болжанып отыр, жұмыс істеп тұрған электр желілері мен төмендететін кіші станцияларды қайта жаңарту жүзеге асырылатын болады.
Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді:
1) Атырау ЖЭО. Жобаны іске асыру құны - 16,4 млрд. теңге. Қуаты 75 МВт. Іске асыру мерзімі 2006 - 2010 жж.
2) Орал ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны - 9,8 млрд. теңге. Қуаты 54 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 - 2012 жж.
3) Балқаш ЖЭО. Жобаны іске асыру құны - 360,7 млрд. теңге.
1-модулінің қуаты 1320 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 - 2015 жж.
4) Мойнақ ЖЭО. Жобаны іске асыру құны - 54,1 млрд. теңге. Қуаты 300МВт. Іске асыру мерзімі 2006 - 2012 жж.
5) Ақшабұлақ кен орнындағы ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны -
17,7 млрд. теңге. Қуаты 87 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 - 2012 жж.
6) Екібастұз ГРЭС-2 (№ 3 блокты салу). Жобаны іске асыру құны - 118,3 млрд. теңге. Қуаты 525 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 - 2014 жж.
7) Екібастұз ГРЭС-1 (№ 8 блокты қалпына келтіру). Жобаны іске асыру құны - 23,4 млрд. теңге. Қуаты 500 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 - 2012 жж.
8) Ақсу ГРЭС-нің № 2 блогын қалпына келтіру. Жобаны іске асыру құны - 12,9 млрд. теңге. Қуаты 325 МВт. Іске асыру мерзімі 2009 - 2011 жж.
9) Шардара ЖЭО жаңғырту. Жобаны іске асыру құны - 13,6 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2009 - 2015 жж.

Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> doc
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
doc -> Жылдарға арналған азаматтық бюджет
doc -> Аппарат акима
sand.akmo.gov.kz -> Сандықтау ауданы әкімдігінің
doc -> 2. Ағымдағы жағдайды талдау
sand.akmo.gov.kz -> 4-ші деңгейлі бюджетке қатысты Қазақстан Республикасының Бюджетінде қолданылатын негізгі түсініктер
sand.akmo.gov.kz -> Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары
sand.akmo.gov.kz -> Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет