Ќазаќстан Республикасы Тўтынушылардыѕ



жүктеу 25.3 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі25.3 Kb.




Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың

құқықтарын қорғау агенттігі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөлу жолымен оған:

1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн (бұдан әрі – Комитет) таратсын;

2) таратылатын Комитеттің және жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың тиісті штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;

3) таратылатын Комитеттің құқықтары мен міндеттері бойынша Агенттікті құқықтық мирасқоры деп белгілесін;

4) Агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган деп белгілесін, сондай-ақ оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі функциялар берілсін;

5) 2013 жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдасын;

6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі».

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.    





Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 13 қараша



№ 691



Каталог: upload
upload -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет