Қазақстан Республикасы


Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик



жүктеу 2.66 Mb.
бет10/17
Дата22.09.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

107. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі монтажды құрастыру және жалпы кинематикалық және электрлік схемалы, өзара әрекетте болатын бірнеше құрастыратын бірліктерден, механизмдерден тұратын сымды байланыс радиоэлектрондық аппаратура мен аппаратураның күрделі тораптарын, блоктарын, аспаптарын, құрылғыларын электрлік және механикалық реттеу, жетілдіру әрі 7 квалитет (2-класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды жетілдіру. Экцентрлік механизмдері, электрмагниттері бар күрделі кинематикалық схемалар бойынша құрылғыларды құрастыру. Аппаратураның озық және эксперименталды үлгілерін механикалық реттеп, жетілдіріп және келтіріп құрастыру. Конустық, цилиндрлік және бұрамдық тісті доңғалақтары бар ерекше күрделі іліністерді құрастыру, тегістеу және құрастыру. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды бүрумен байланысты қажетті есептеулерді орындау. Қажетті параметрлерді алдын ала түсіріп, қоректендіру жүйесіне жекелеген құрылғылар мен кешендерді қосу. Әр түрлі өткізгіштер, кабельдер мен шиналардан ерекше күрделі жүйелерді жасау. Сымдарды шаблондарға төсеу үлгісі мен кестелері бойынша ерекше күрделі монтаждау схемасын құру және схемалық кабельді байламдау. Кабельдер мен жгуттарды байланыстыруға арналған ерекше күрделі шаблондар жасау.

Білуге тиіс: жөнделетін радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың және сымды байланыс аппаратураның: ерекше күрделі электрлік, кинематикалық, принциптік және монтаждық схемалардың құрылғысы және жұмыс істеу принциптері, реттеу әдісі мен тәсілдері және радиоэлектрондық аппаратураны, аспаптар мен құрылғыларды дәлдікке тексеру; аппаратура мен аспаптарды теңшеу және бақылау сынақтар жүргізу жөніндегі нұсқаулық; күрделі радио құрылғылардың жекелеген каскадтарын экрандау ережесі; ӨТУ және өндірістік оқу жүйесіндегі оқу бағдарламасы көлемінде электр және радио техника туралы жалпы мәліметтер.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Автотрансформаторлар – щетканың (осьті) байланыстырғыш қысымын реттеп, толық құрастыру.

2. Дәлдік класы 0,1 - 0,2 амперметрлер, вольтметрлер – жөндеу.

3. Антенналар, антенналық құрылғылар – таратқыштармен және қабылдағыштармен жұмыстарды келісу, диаграммаларды түсіру, кернеулік сипаттамасы, толқынжол трактымен келісу, "қума толқындардың" коэффициентін айқындау.

4. Доңғалақ және жазық ірі габаритті антенналар – тораптарды құрастыру және жалпы бүрмелеу.

5. Ерекше күрделі аппаратуралар мен бақылау-өлшеу аспаптары – механикалық реттеу.

6. Көп арналы дыбыс жазушы аппаратура – принциптік схема бойынша монтаждау, механикалық және электрлік реттеу.

7. Тіркейтін және әріп басатын аппаратура – құрастыру, баптау, реттеу.

8. Арнайы аппаратура – ерекше күрделі тораптарды, блоктарды, құрылғыларды монтаждау.

9. Көп каналды телефондау станциясының аппаратурасы – механикалық және электрондық реттеу.

10. Стационарлық және жартылай өткізгіштерде қоректендіру көзін тұрақтандыратын аппаратура – ерекше күрделі тораптар мен блоктарды, құрылғыларды монтаждау.

11.Электронды-механикалық телеграфты аппаратура – толық реттеу және теңшеу.

12. Телеграфты аппаратура (ерекше күрделі) – толық құрастыру.

13. Фототелеграфты аппаратура – реттеу.

14. Барабандар және магнитті қалпақшалар – құрастыру.

15. Микросхемалардағы генератордың, индикаторлардың блоктары – принциптік схемалар бойынша монтаждау.

16. Кварцты тұрақтандырғышқа және автотуралау жиілігіне бергіш генераторлардың блоктары – реттеу.

17. Сүйемелдеу және кезеу индикаторлы жүйелердің блоктары – теңшеу, реттеу.

18. Кварц фильтрлерінің блоктары, көбейткіш және бөлгіш жиіліктер –теңшеу, реттеу, сынақ жүргізу хаттамаларын толтырып, сипаттамаларды түсіру.

19. Магнетрондар мен клистрондардың блоктары – сынақ жүргізу хаттамаларын толтырып, ГТУ және ОТУ толық көлемде сынау әрі жаттықтыру.

20. Модуляторлардың, және сигнал манипуляторларының, таратқыштардың қуатын күшейткіш блоктары – теңшеу, реттеу.

21. Блоктар және СВЧ қосынды блоктары - сынақ жүргізу хаттамаларын толтырып, реттеу, теңшеу және сипаттарын түсіру.

22 P-400 типтік радиорелейлік станциялар блоктарының осциллографтары мен магнитті желі блоктары – жөндеу, теңшеу, реттеу.

23. Ерекше күрделі, СВЧ тораптары бар, тура механика мен оптикасы радиоэлектрондық аппаратура блоктары – принциптік схема бойынша монтаждау.

24. Командаларды автоматты шифрлайтын және дешифрлайтын басқару блоктары – реттеу.

25. ЭЕМ блоктары және жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды микросхемалардағы құрылғылар – ТШ сәйкес электрлік параметрлерді реттеу.

26. Электрондық-механикалық автоматтандырылған орама, телеграфты аппараттарға арналған электроника блоктары – прициптік схема бойынша монтаждау.

27. Электр магнитті, эксцентрикті және сағатты механизмдердің блоктары – реттеу.

28. Бейнеимпульстардың генераторлары – теңшеу.

29. Бергіш генераторлар – құрастыру.

30. Кристаллды триодтағы тербеліс генераторлары – принциптік схема бойынша монтаждау.

31. ГУ-6 стандартты сигналдарының генераторлары – қоректендіру блогының электр блогын, шықпа кернеуі деңгейінің индикаторларын теңшеу, реттеу.

32. ВЧ қалпақшалары, жиілікті бөлгіштер – реттеу.

33. Графа салғыштар – принциптік схема бойынша монтаждау.

34. Тура бұрышты бергіштер – бөлшектер мен тораптарды келтіріп толық құрастыру, оқшаулау кедергілерін тексеру.

35. Жиіліктің дискретті спектрінің фазалық детекторлары, қоздырғыш – реттеу.

36. Индуктивтік өлшегіштер, көпірлі сыйымдылық – реттеу, тексеру.

37. СС-1 сызықты емес бұрмалауларды өлшеу – электр бөлігінің кінәраттарын жою.

38. СЗ-1 жиілік модуляциясын өлшеу – электр бөлігін теңшеу және реттеу.

39. Қабылдағыш-қадағалаушы құрылғылардың осциллографты индикаторлары – электрлік реттеу.

40. КИ типтік индикаторлар – жөндеу, реттеу.

41. Кабина - өткізгіштердің таблицасы және монтаждық жүйе бойынша монтаждау.

42. Телефонды және халықаралық станциялардың, диспетчерлік және өрт қауіпсіздігі станцияларының коммутаторлар – толық реттеу және жаттықтыру.

43. П-320, П-321 радио өлшегіш жинақтары – жөндеу, теңшеу, реттеу.

44. 1 және жоғары класс магнитофондары – электрлік реттеу.

45. Гироскоп маятнигі – тербеліс амплитудасын реттеу.

46. Бейнемагнитафондарға арналған лента тартқыш механизмдер – бөлшектерді келтіріп құрастыру және реттеу.

47. Есептеу механизмдері, кодты ауыстырып-қосқыштар, резонаторлар – құрастыру, реттеу.

48. Баспа механизмдері – принциптік немесе электр монтаждау схемалары бойынша монтаждау.

49. Синхронды және бақылау-қадағалау құрылғылар механизмдері – құрастыру, реттеу.

50. Эксцентрикті механизмдер - құрастыру.

51. Басқару пульттарының панельдері – монтаждау.

52. СРМиКРМ типтік радиомаяктардың таратқыштары – жөндеу, реттеу, монтаждау, теңшеу.

53. Қуаты үлкен радиостанциялардың таратқыштары – көбейткіш жиіліктің контурларын теңшеу.

54. Жоғары жиілікті телефондау бір арналы жүйенің қабылдау-шақыру құрылғыларының сигнал беру платалары – монтаждау.

55. Құрастырғыштар, негізгі есептеу механизмдер – бөлшектерді құрастыру және жетілдіру, кареткалардың қалыпты жүрісін реттеу, "бос" жірістер мен сәттерді тексеру.

56. Жартылай автоматты потенциометрлер (электрөлшеу аспаптарын тексеру үшін) – реттеу.

57. ВЧ аспаптары – бөлшектерді механикалық жетілдіру тәсілімен және құрастырғыш құрылғылармен реттеу.

58. Түзеткіш аспаптар мен бағдарламалық құрылғылар – реттеу.

59. Аса күрделі аспаптар - өткізгіштердің таблицасын жасап және жгуттарды байлап, принциптік схема бойынша монтаждау.

60. Электр магнитті, эксцентрикті және сағатты механизмдері бар дәлдік аспаптар – келтіріп құрастыру, механикалық және электрлік реттеу.

61. Орталық және перифериялы, фрикционды және электр магнитті механизмдері бар аспаптар, цилиндрлік және дифференциалды іліністер - бөлшектердің іліністерін келтіріп және қиюластырып құрастыру және реттеу.

62. Радио өлшегіш аспаптар: метрлік толқындар сигналдарының генераторы (МТГ), импульсті аспаптар (25 И, 26 И, 40-4), жиілікті өлшегіштер (ИЧ-6), радиолампаларды сынаушы (ИЛ-12, ИЛ-13, ИЛ-14), үлкен қуатты өлшегіштер (ҮҚӨ), импульсті қуатты өлшегіш (ИҚӨ-1), лампалы вольтметрлер (АВ-9, ВКС-78, ВЛУ-2) – паспортты толтырып жөндеу, теңшеу, сипаттарын түсіру.

63. Қабылдағыштар, телевизорлар, арнайы аппаратура – толық климаттық сынақтар жүргізу.

64. 2-класс қабылдағыштары – кешенді реттеу және ТББ тапсыру.

65. Жиіліктің дискретті спектрінің қабылдағыштары – гетеродинді теңшеу.

66. Радиотехникалық станцияның қабылдағыштары және таратқыштары – құрастыру, монтаждау, реттеу.

67. Жиілікті екі есе түрлендіргіштері бар қабылдағыштары – толық реттеу.

68. Радиостанцияның тасымалдағыш УКВ қабылдағыш-таратқыштары – қабылдағыштар мен таратқыштардың жиілігін түйістіру.

69. Ерекше күрделі конструкциялы арнайы мақсаттағы пульттар, блоктар, тіреулер - құрастыру.

70. Көп секциялы пульттар – монтаждық схемалар жасау және монтаждау.

71. Басқару пульттары (ерекше күрделі) – басқару панельдерін орнатып құрастыру және тораптарды реттеу.

72. Арнайы радиоаппаратурлар – бөлшектерді келтіріп, реттеп және сынап озық үлгілерін құрастыру.

72а. PПН, АРП кеме типтік радиопеленгаторлар – кешенді реттеу, теңшеу және ТББ тапсыру.

73. Шағын қуатты радиостанциялар – КВ бақылау автоматтық жүйесін реттеу.

74. Көлбеу (азимут) редукторлары – механикалық параметрлер бойынша құрастыру және тексеру.

75. Механикалық және электрлік ауыстырып қосқыштары бар уақыт релесі – құрастыру және реттеу.

76. Телефонды көп серіппелі, шағын габаритті реле – озық үлгілерді құрастыру.

77. Импульсті синхронизаторлар - теңшеу.

78. Негізгі есептеу аспаптарының жүйесі – реттеу.

79. Радиоаппаратура – реттелетін саңылауларын орнатып клавиатураны механикалық құрастыру.

80. Ерекше күрделі монтажды радиолокациялық станция – сынау және монтаждау сапасын тексеру.

81. Радиорелейлік станция – жиілік сипаттамалар арналарында номиналды деңгейлердің және таратқыш девиациялардың шу деңгейін ТШ талаптарының сәйкестілігіне тексеру.

82. Әріп басатын телеграфты аппаратураның радиолелейлік соңғы және аралық станциясы – теңшеу және тексеру.

83. Радиотехникалық станциялар – ИТР басшылығымен қабылдау-тарату сынақтары.

84. Логикалық платалары бар стендтер – жекелеген үлгілерді реттеу.

85. Кез келген күрделіліктегі қашықты байланыс аппаратурасының тіреулері – құрастыру.

86. Телефонды қалааралық станциялардың уақыт есептеуіштері – реттеу.

87. Ерекше күрделі арнайы ТЭЗтер – ТШ сәйкес параметрлерді электрлік реттеу.

88. Функционалдық тораптар: дециметрлік диапазон арналардың селекторлары, келісуші құрылғылар – принциптік схемасы бойынша монтаждау.

89. Қуатты күшейткіштер – құрастыру.

90. Әр түрлі типті күшейткіштер, күрделі, көп каскадты (УКВ, СВЧ) - теңшеу, реттеу.

91. Жоғары және төмен жиілікті күшейткіштер (көп каскадты) – құрастыру, теңшеу, келтіру, реттеу және амплитудалы жиілік сипаттарын сызу.

92. Жартылай өткізгіш аспаптарын тексеруге арналған қондырғылар – принциптік схема бойынша монтаждау.

93. Бақылау-өлшеу, теледидар қондырғысы – теңшеу.

94. Потенциометрлері, бергіштері, редукторлары, моторлары бар антенна құрылғылары – құрастыру.

95. Жад кубының құрылғылары – электр монтаждау схемасы бойынша монтаждау.

96. Жоғары жиілікті құрылғылар, жартылай өткізгішті қосқыш аспаптар мен интегралды схемалар – ТШ сәйкес тексеру, тапсыру.

97. Гироскопиялық құрылғылар – бөлшектерді, тораптар мен аспаптаржы құрастыру, статикалық және динамикалық теңгеру – механикалық реттеу, сынау және тапсыру.

98. Есте сақтау құрылғылары (күрделі) – ТШ сәйкес тексеру, тапсыру.

99. Бейнемагнитафонға арналған кассеталық құрылғы – құрастыру және реттеу.

100. Баспа құрылғылары (реперформаторлар, трансмистерлер, клавиатура) – бөлшектерді келтіріп құрастыру, тегістеу.

101. Есту пеленгаторларының қабылдағыш-гониометрлік құрылғылары –кешенді реттеу және ТББ тапсыру.

102. Электрондық-индикаторлы блоктарды жазу құрылғылары – электрлік реттеу.

103. Интегралдық схемадағы цифрлық (күрделі) құрылғылар – ТШ сәйкес тексеру.

104. ЭЕМ құрылғылары - өткізгіш таблица бойынша монтаждау (10000 артық өткізгіштер).

105. Кварцты, жіңішке жазықты фильтрлер – электрлік реттеу, сипаттарды түсіру.

106. Аралық, жазық және детекторлы фильтрлер, 5 үзбелі - өшу сипаттамасын, шықпа кедергілері мен ассиметрияларын өлшеу.

107. 400-ден 600 дейін өткізгіштер бар шкафтар – принциптік схемасы бойынша монтаждау.

108. Арнайы бұйымдар шкафтары және ерекше күрделі ірі габаритті ЭЕМ аппаратурасы – калибр блоктары, байланыстырғыш ажыратқыштары бойынша және бағыттағыштарды орнатып құрастыру; есіктерді, басқару панельдерін орнату.


108. Радиоэлектрондықаппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен электрлік сипаттар мен параметрлерін түсіріп, техникалық шарттар, бағдарламалар және арнайы нұсқаулық бойынша ерекше күрделі электр механикалық, радио техникалық, электрлік есептеуіш құрылғыларды, механизмдерді, аспаптарды, кешендер мен жүйелерді электрлік және механикалық реттеу, теңшеу, толық тексеру, сынау және тапсыру. Ерекше күрделі өлшеу схемаларын құрастыру және оларды кешенді тексеру үшін теңшеу әрі аппаратураны сынау.

Кешенді теңшеу кезінде аппаратура мен аспаптар жұмысының оңтайлы режимін іріктеу.

Аппаратураны кешенді теңшеу және реттеу кезінде анықталған кінәраттарды жою. 5-6 квалиттер (1-класс дәлдігі) шегінде бөлшектерді келтіріп, кез келген күрделіліктегі іліністерді құрастыру, реттеу және сынау. Электронды аппаратуралардың озықты және эксперименталды үлгідегі құрылғыларын, аспаптар мен механизмдерді құрастыру, монтаждау, реттеу.

Білуге тиіс: реттелетін аппаратураның конструкциясы, міндеті; әр түрлі мақсатқа арналған радиоэлектрондық аппаратураның құрылғыларын және бұйымдардың озық үлгілерін электрлік, механикалық және кешенді реттеу әрі теңшеу тәсілдері мен әдістері; жалпы құрылғылар мен станциялардың жұмыс істеу режимін белгілеу принциптері; реттелетін аппаратураның ерекше күрделі схемалары мен элементтерін есептеу әдісі; реттелетін аппаратурадағы кінәраттардың түрлері және оларды жою тәсілдері; әр түрлі жағдайда аппаратураны, аспаптар мен станцияларды сынау тәртібі және сынауға қойылатын техникалық талаптар.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Дециметрлік антенналар - құрастыру.

2. Әр түрлі мақсаттағы ерекше күрделі радиоэлектрондық аппаратура – радиолелейлік жүйелерді реттеп, келістіріп, сынақ хаттамасын толтырып сынақ жүргізіп құрастыру.

3. Ерекше күрделі тіркеуші, әріп басатын аппаратура – механикалық бөлігін реттеу, электрлік және механикалық параметрлерді өлшеу.

4. Телеграфты электронды, фототелеграфты аппаратура – электрлік реттеу, теңшеу және сынау.

5. Кез келген күрделіктегі жоғары жиілікті телефондау аппараты – толық электрлік тексеру, қабылдаушыға тапсыру.

6. Элемент коды 5, 7 телеграфты аппараттар – баптау, механикалық бөлігін реттеу.

7. Ерекше күрделі телеграфты, фототелеграфты аппараттар – механикалық және электрлік реттеу, теңшеу және сынау.

8. Амплитуда мен фазаны автоматтық реттеуші блоктар – электрлік реттеу.

9. Толқынжол блоктары – антенна бағытының диаграммаларын түсіру.

10. Радиорелейлік станция таратқыштарының блоктары – қуаттылықты ТШ сәйкес тексеру.

11. Тұрақты қоректендіру блоктары – схемаларды есептеу, принциптік схемалар бойынша монтаждау.

12. Баспа және тығыздығы үлкен аралас монтажы бар арнайы аппаратура блоктары – принциптік схема бойынша монтаждау.

13. Жиіліктің дискретті спектрінің қоздырғышы – блоктарды түйістіру.

14. Жоғары және төмен жиілікті генераторлар, ерекше күрделі – теңшеу, электрлік реттеу.

15. Барлық типтегі өздік туралау қалпақшалары – параметрлердің ТШ талаптарына сәйкестілігін тексеру, реттеу және сынау.

16. Автоматтық цифрлық кедергілердің индуктивтілік сыйымдылығын өлшегіштер – тексеру, реттеу.

17. КИП типті кеме, қабылдағыш индикаторлар – толық реттеу, тексеру және тапсыру.

18. Қадамдық телемеханикалық іздегіштер – жөндеу, реттеу, теңшеу.

19. Қабылдағыш-индикатор құрылғыларын күшейту арналары – фазалар мен амплитуда бойынша түйістіру.

20. Қалааралық станциялардың сынақ-өлшегіш, телефонды коммутаторлар – электрлік реттеу.

21. КА-204 типті теледидар кешендері – кешенді теңшеу және реттеу.

22. ЭЕМ кешендері – теңшеу, сынақ жүргізу.

23. П-320 типті радио өлшегіш жинақтар – электрлік тораптарды теңшеу және реттеу.

24. Есептеуіш машиналар – функционалдық тораптарды реттеу және теңшеу.

25. Математикалық машиналар – арифметикалық есте сақтағыш құрылғылардың принциптік схемасы бойынша монтаждау.

26. УМИВ-1 мина іздегіштер - теңшеу.

27. Моторлар – механикалық реттеп және келтіріп құрастыру.

28. Басқару пультінің панелдері – электр бөлшектерді орнатып толық электр монтаждау және машинаға қосу.

29. Қуаты үлкен радиостанциялардың таратқыштары – толық реттеу және каскадтағы зиянды заттарды жою.

30. КЭН-3 типтік жиналатын элементтерді бақылау аспабы – теңшеу.

31. Радио өлшеу аспаптары: стандартты сигналдар генераторы (ГСС-6, ГСС-8), жоғары дәлдікті толқын өлшегіштер (ВВТ-Д, ГЧ-1М), шағын қуатты өлшегіштер (ИММ-25, ИММ-10) – хаттаманы толтырып теңшеу, сипаттарды түсіру.

32. Өзара әрекет ететін механизмдері бар аспаптар – схемаларды байламдап монтаждау.

33. КПФ типтік кеме қабылдағыштары – толық реттеу, тексеру және тапсыру.

34. СРМ, КРМ типтік радио маяктар – толық реттеу, тексеру және тапсыру.

35. Радиостанциялар (ерекше күрделі) – жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру, кешенді реттеу және таратқыш бөлікті қолданыстағы антенналар бойынша өңдеу.

36. Апаттық синхронизаторлар, апаттық импульсті бергіштер мен радиолелейлік станция автоматикасының блоктары – реттеу және теңшеу.

37. Автоматика мен жетектердің жүйесі (ерекше күрделі) – сынақ жүргізіп толық реттеу.

38. Бортты аппаратура жүйелері – тексеру, реттеу, бұйым құрамын сынау.

39. Радионавигациялы жүйелер мен бұйымдар – кемелерде іске қосу және тапсыру, швартты және бас жүрістер сынақтарында тексеру.

40. Бірнеше блоктардан құрылған жүйелер (АСФ, ССМ, индикаторлық, радиотехникалық станциялардың бергіштері, автоматикасы мен қорғаншылары) – сынақ жүргізу хаттамасын толтырып теңшеу, сипаттарды түсіру.

41. Оптика-телевизиялық ілеспе мен туралау жүйелері – теңшеу және реттеу.

42. "Алтай", "Нева", "Волхов" типтік функционалдық, автономдық радиолокациялық және радиотехникалық кешендер – сынақ жүргізу хаттамасын толтырып теңшеу, сипаттарды түсіру.

43. Ерекше күрделі станциялар – толық монтаждау.

44. Әр түрлі типті және жүйедегі тез әрекет ететін, телефонды аппаратура станциялары – толық монтаждау, механикалық әрі электрлік реттеу және жаттықтыру.

45. Гидроакустикалық станция – толық реттеу.

46. Радиорелейлік көп арналы станциялар – кешенді реттеу және номиналды бұрмалану коэффициентін тексеріп және қабылдағыштардың сезімталдығын теңшеу.

47. Р-400 типтік радиолелейлік станциялар – тексеру және жиілік сипаттамасын реттеу.

48. Қуаты үлкен радиотехникалық станциялар және барлық типтегі сұраулар – кешенді теңшеу, формулярларды толтырып, қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу.

49. Эталонды-өлшегіш стендтер – теңшеу және баптау.

50. Жоғары жиілікті құрылғылар –ТШ сәйкес теңшеу және реттеу.

51. Пеленгаторлардың қабылдағыш-индикаторлардың құрылғылары – кешенді реттеу.

52. Есте сақтағыш құрылғылар (ерекше күрделі) – ТШ сәйкес теңшеу және реттеу.

53. Интегралдық схемаларда сандық және ұқсас цифрлық құрылғылар (ерекше күрделі) – ТШ сәйкес теңшеу және реттеу.

54. Көп арналы электрокардиографтар – теңшеу, реттеу, сипаттарды түсіру.
109. Химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарын жөндеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Противогаз сөмкелерін, теріні қорғау құралдары мен басқа да бұйымдарды ағымдағы жөндеу. Химияға қарсы қорғаныш құралдарының коррозиялары мен металл бөліктерін кетіру. Противогаздың оң жағын дезинсекциялау және опалау. Теріні қорғау құралдарының ішкі және сыртқы бетін кірден тазарту; дымқыл заттарды кептіру. Противогаздар мен сөмкелерді тараға жинау.

Білуге тиіс: қолданылатын противогаздар туралы қарапайым мәліметтер; жөндеу жәшіктерінің міндеті; химияға қарсы қорғаныш құралдарының металл бөлшектерінен коррозияны кетіру тәсілі.

Жұмыс үлгілері

1. Қорғаныш киім және противогаздың оң жағы – жуу.

2. Противогаздар – бөлшектеу.

3. Түймелер - ауыстыру.

4. Противогаз сөмкелері – жыртылған және кесілген жерлерге жамаулар жабыстыру.
110. Химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарын жөндеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химияға қарсы қорғаныш құралдары санттары бойынша сұрыптау. Химияға қарсы қорғаныш құралдарын орташа және күрделі жөндеу. Оларды сырлау, лактау және таңбалау. Жөндеу жәшіктерін жинақтау.

Білуге тиіс: қолданылатын противогаздың және теріні қорғау құралдарының конструкциясы; противогаз қораптарының герметикалығын және тыныс алу кедергілерін тексеру тәсілдері; химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарының ақауларын айқындау тәсілдері, резеңке бұйымдарды жабыстыру технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. ИП-46 – металл бөлшектердегі жапырылғандарды түзеу және коррозияға қарсы жабындар едәуір бұзылған кезде толық сырлау.

2. Фильтрлі противогаздардың қораптары – бояу.

3. Противогаз сөмкелерінің металл бөлшектері – ауыстыру.

4. Теріні қорғағыш құралдар – мойнақты клапандарды, белдіктерді, белдікше, бау, шлевкаларды, планкалар және т.б.

5. Шлем-маскалар – резеңкенің тесіктеріне жамау жабыстыру.


111. Химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарын жөндеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық типтегі противогаздар мен оның жекелеген тораптарын (противогаз қораптарын, беткі бөлігін, регенераторлы патрондарды, клапандарды) тыныс алу кедергілеріне, герметикалығына және жарық түсіруге сынау.

Білуге тиіс: оқшаулағыш противогаздардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; химияға қарсы қорғаныш құралдарды жабдықтау; барлық типтегі противогаздарды сынауға қойылатын технолгиялық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. ИПС аппараттар – құрастыру және сынау.

2. ИП-46 оқшаулағыш противогаздар – тексеру және реттеу.

3. РДП – дұрыстығын және герметикалығын тексеру.

4. Сорғыш фильтрлер – ауа кедергісіне, герметикалығына және май бұлдырына сынау.
112. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды шешу, дайындау және тараға, тростар мен кабель бұйымдарын ағаш барабандарға буып-түю. Кабель бұйымдары мен резеңке бөлшектерді опалау. Кендір тростарды тасымалдау. Жоғары білікті жұмысшының басшылығымен қарапайым такелажды жұмыстарды орындау. Кірді, коррозияны, ескі бояуды кетіру және трал, желі және белгі элементтерін сылау.

Білуге тиіс: қарапайым такелажды құрал мен аспаптың атауы, міндеті және ережесі; тралда қолданылатын кендір тростардың, бұрама қапсырмаларының, аспалар мен үзбелердің негізгі түрлері; бұйымдарды цех ішінде тасымалдау, таңбалау және буып-түю ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Салмағы 50 кг дейін таралар мен буып-түйгіштер – жұмыс орнынан тасу, тазалау.

2. Буып-түйгіштер – трос элементтерінен ескі таңбалар мен байлағыштарды түсіру.

3. Буып-түйгіштер – таңбаларды трафарет бойынша жағу.

4. Тара типтік жәшіктер – буып-түюге дайындау (кірден және ескі сырдан тазарту, қағазбен жабу).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет